3 Тарау Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық сипаттама



жүктеу 0,71 Mb.
бет12/26
Дата29.04.2020
өлшемі0,71 Mb.
#30104
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Экон.кылм Word

198-бап. Көрінеу жалған жарнама беру

Бұл қылмыстың тікелей обьектісі-кәсіпкерлік қызмет саласында, атап айтақанда, жарнама шығару саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.

Қосымша обьект-тауарларды, жұмысты және қызметті тұтынушылардың, өндірушілердің, орыңдаушылардың немесе сатушылардың мүліктік мүдделері.

Зат-жарнама, яғни тауар, қызмет жайында ашық хабарлау, ол әр түрлі құралдарды: жеке басылымдарды (проспектілер, каталогтар, плакаттар, парақшалар), мерзімді баспасөзді (мақалалар, хабарландырулар), киноны, теледидарды, радионы, сыртқы, тікелей почта жарнамасын, т.б. пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Бұл қылмыстың субьективтік жағы-жарнама берушінің тауарларға, жұмысқа және қызметке, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты жалған ақпаратты пайдалануы түріндегі әрекеті.

Шындыққа жанаспайтын және тұтынушыны шатастыратын ақпарат-жалған ақпарат деп танылады.

Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 5 маусымдағы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңының 11-бабына сәйкес сатушы (жасаушы, орындаушы) тұтынушыға оған керекті тауардың бағасы, тұтынушылық қасиеті, оны алудың заңды тәсілдері немесе оны бөлудің сол жерде қабылданған формасы, кепілдік міндеттемелер және талап қою тәртібі, сондай-ақ өнімді пайдалану тәсілі және ережесі, оны сақтау және қауіпсіз пайдалану жөнінде қажетті де шын ақпарат беруге тиіс[8].

Жалған ақпарат тауар, жұмыс немесе қызмет жайында да, сондай-ақ оларды өндірушілер, орындаушылар немесе сатушылар болуы мүмкін.

Өндіруші (жасаушы) дегеніміз-сату үшін тауар шығарушы кәсіпорын, мекеме, ұйым немесе азамат (аталған заңның 2-бабының 3-бөлігі).

Орындаушы дегеніміз-жұмыс орындайтын немесе қызмет көрсететін кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе азамат (аталған заңның 2-бабының 4-бөлігі).

Сатушы дегеніміз - сатып алу-сату шарты бойынша тауарларды сататын кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе азамат (аталған заңның 2-бабының 2-бөлігі).

Бұл қылмыстың құрамы-материалдық. Бұл қылмыс көрсетілген әрекеттер нәтижесінде ірі зиян келген кезден бастап аяқталған болып саналады, зиянның мөлшері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабына ескертуде белгіленген.

Бұл қылмыстың субьективтік жағы-тіке ниет түріндегі кінә. Кінәлі адам өзінің жарнамада тауарға, жұмысқа және қызметке қатысты, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты жалған, яғни шындыққа жанаспайтын ақпарат пайдаланып отырғанын, одан ірі зиян келуі мүмкін екенін немесе қалайда келетінін біледі, сол зардаптардың болғанын қалайды.

Бұл қылмыстың субьективтік жағының міндетті нышаны-бас пайданы ойлау.

Қылмыс субьектісі-арнаулы-жарнама беруші болып табылатын, жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.

199-бап. Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану

Адам ниетті бәсекеліктің бір формасы-бөтеннің тауарлық белгісін заңсыз пайдалану.

Қылмыстың тікелей обьектісі-әділ бәсекелік құқығын және тауарлық белгіні п пайдалану құқығын жүзеге асырумен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар.

Тұтынушы құқығын қорғау-бұл барлық өркениетті елдердегі маңызды мәселе, өнеркәсіп меншік құқығының қорғау, яғни ойлап табуға, тауарлық белгіге және өнеркәсіптік үлгіге құқықты қорғау тұтынушы мен кәсіпкерді материалдық және моральдық залалдан сақтайды. Бұл бәрінен бұрын, тауарлық белгіні, қызмет көртесту белгісін, фирмалық атауды сақтауға қатысты.

Өнеркәсіптік меншік сақтау жөніндегі 1988 жылғы 20 наурыздағы Париж Конвенциясы халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жағдайында бір елде ойлап табылған нәрсенің басқа елдерде қорғалуына мүмкіндік тудырады.

Өкілетті органдардың рұқсатынсыз тауарлық белгі ретінде немесе осы белгілердің элементі ретінде елтаңбаларды, жалауларды немесе басқа да мемлекеттік рәміздерді, ресми белгілерді және бақылау мен кепілдік клеймасын пайдалануға, сондай-ақ геральдика тұрғысынан бұларға еліктеуге болмайды.

Тауарлық белгіні беру заңды деп есептелінуі үшін сол белгі арналған өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорындары қоса белнгілеуге тиіс. Мұндай беруді заңды деп тану үшін осы орналасқан өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорындарының бір бөлігі соны алушыға берілген белгімен жабдықталған өнімдері сонда дайындау немесе сату құқығымен қоса берілсе болғаны.

Мына жағдайларда тауарлық белгі заңсыз деп танылады:

-егер белгі қорғау талап ететін елде үшінші адам иемдеген құқыққа нүқсан келтірсе;

-егер белгіде қандай да бір өзгешелік болмаса немесе ол өнімнің түрін, сапасын, неге арналғандыған, құқығын, шыққан жерін немесе дайындалған уақытын білдіру үшін сауда қолданылуы мүмкін белгілерден немесе нұқсаулардан ғана, немесе көпшілік күнделікті қолданылатын тілде не қорғау талап етілетін елдің қалыптасқан, дәстүрлі сауда салтына жасалған болса;

-егер белгі өнегелікке, қоғамдық тәртіпке қайшы келсе, әсіресе ол көпшілікке шатастыратын болса.

Таурлық белгімен немесе фирмалық атаумен заңсыз жабдықгалған кез келген өнімді сол белгі мен фирмалық атуды заң бойынша қорғайтын елге апарған кезде немесе сол заңсыз маркировка жүзеге асырылған елде сол өнім түтқындалады.

Өнімнің шыққан орны ретінде жалған көрсетілген жерде, не сол жер орналасқан аудан, не-жалған көрсетілген елде немесе шыққан тегі туралы жалған сілтеме қолданылатын елде орын тепкен осы өнімді өндірумен, дайындаумен немесе сатушы айналысатын барлық өндіруші, дайындаушы не сатушы жәбір шеккен мүдделі жақ (жеке немесе заңды тұлға) деп таныяады. Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенциясына сәйкес, басқа белгіні қайталаған, оған еліктеген немесе ұқсас басқа белгіден көшірілген тауарлық белгіні тіркеу заңсыз деп танылады, оған тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 18 қаңтарындағы «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шыққан орнының атаулары туралы» Заңындаада жауапкершіліктің әрқилы түрі көзделген.

ҚК-тің 199- бабының 1-бөлімі бойынша мыналар қылмыс заты болып табылады:

Бір кәсіпорынның өнімін екінші кәсіпорынның өнімінен ажырату


үшін қолданылатын тауарлық белгі. Тауарлық белгінің иесі, әдетте, сол белгіні немесе оның вариантарын белгілі бір тауарлар үшін, сондай-ақ оларға ұқсас өнімдер үшін пайдалануға құқылы.

Қызмет көрсету белгісі-қандай да бір кәсіпорьшның көрсеткен


қызметін басқа барлық кәсіпорындардың қызметінен ажырату үшін
пайдаланыталын белгі.

Фирмалық атау-бұған әр елдің заңы әр түрлі түсініктеме береді.


Әдетте, бұл белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаның кәсіпорынын анықтауға мүмкіндік беретін ат немесе белгі. Фирмалық атау үшінші адамдардың кейбір заңсыз іс-әрекеттерінен қорғалады.

Шыққан орынның атауы-бұл елгілі бір өнімнің (немесе қызметтің)


белгілі бір елде немесе бірнеше елде, нақты ауданда немесе басқа бір жерде
шығарылғандығын көрсету үшін пайдаланыталын барлық сөздер немесе
барлық белгілер. Жалған немесе қате сілтемелерді пайдалануға барлық жерде бірдей тыйым салынған. Шыққан орнының атуын өндірілген тауардың қайдан екендігін білдіретін, сол елдің, ауданның немесе жердің географиялық атауы деп табылады, өнімнің апасы мен ерекшелігін сол географиялық ауданнан табиғи және әлеуметтік факторларымен байланыстырады.

Қылмыстың обьективтік жағы-бөтеннің белгісін заңсыз (иесінің келісімінсіз) пайдалану әрекетімен сипатталады.



Бұл әрекеттер бірнеше рет (екі және одан көп) жасалған кезден бастап, не ірі зиян келтірген кезден бастап қылмыс аяқталған деп танылады, ірі зиян түсінігі ҚР ҚК-тің 198-бабында берілген. Бұл жағдайда, бөтеннің тауарлық белгісін және ҚК-тің 199-бабында көрсетілген басқа да қылмыс заттарын заңсыз пайдалану осы ірі зиянға соқтырғаны анықталуы тиіс.

ҚР ҚК-тің 199-бабының 2-бөлігі Қазақстан Республикасында тіркелмеген тауарлық белгіге немесе тауардың шыққан орнынығ атауына қатысты сақтық маркировкасын заңсыз пайдаланғандық үшін қылмыстық жауаптылықты қарастырады, егер бұл іс-әрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі зиян келтірсе. ҚР ҚК-тің 199-бабында көзделген бөтеннің тауарлық белгісін заңсыз пайдалануды алаяқтық (ҚР ҚК-тің 177-бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 182-бабы), интеллектуальдық меншік құқықтарын бүзу (ҚР ҚК-тің 184-бабы), көрінеу жалған жарнама беру (ҚК-тің 198-бабы), акциздік алым маркаларын қолдан жасау және пайдалану (ҚР ҚК-тің 208-бабы), тұтынушыларды алдау (ҚК-тің 223-бабы), өкілеттіктерді теріс пайдалану (ҚК-тің 228-бабы), міндеттеріне адал қарамау (ҚК-тің 232-бабы), қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындауын қызмет көрсету (ҚК-тің 269-бабы) сияқты қылмыстардан ажырата білген жөн[9].

Субьективтік жағын кінәнің қасақана формасы ғана сипаттайды.

Қылмыс субьектісі жалпы жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.

Еркін кәсіпкерлікпен айналысу құқығы экономикалық бостандықтардың маңызды түрлерінің бірі. Қазақстан Республикасының заңдары және оларды қолдану практикасы экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіге, өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж Конвенциясына, тауар және сауда белгілерін халықаралық жазу туралы Мадрид Конвенциясына, тацуардың шығу тегі туралы жалған және алдамшы мәліметтерге тыйым салу жөніндегі Мадрид Конвенциясына және экономикалық бостандықты қорғауға бағытталған көпшілік таныған халықаралық-құқықтық басқа да құжаттарға сәйкес келуі тиіс.




жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау