204-бап. Бағалы кзғаздармен жүргізілген операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру
Бұл қылмыстың тікелей обьектісі-бағалы қағаздар рыногы саласында қалыптасқан және бағалы қағаздармен операцияларды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыс заты-бағалы қағаз. ҚР АК-нің 129-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бағалы қағаз дегеніміз-белгіленген нысан мен міндетті реквизиттері сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландіретін құжат. Бағалы қағаздарға мыналар жатады: облигация, коносамент, акция және заң актілерімен немесе олар белгілеген тәртіпке бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа құжаттар (АК-ті 130-бабы).
Бұл қылмыстың обьективтік жағы бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған деректер беру түріндегі белсенді әрекеттермен, ірі зиян түріндегі қоғамға қауіпті зардап пен және әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы себептік байланыспен сипатталады.
Бағалы қағаздармен операция дегеніміз-осы қағаздармен әр түрлі азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау.
Ірі залалдың мөлшері ҚК-тің 189-бабына берілген ескертулерде белгіленген.
Бұл қылмыстың субьективтік жағы тікелей ниетпен сипатталады. Айыпты өзінің бағалы қағаздармен жасалған операциялар жөнінде көрінеу жалған мәлеметтер беріп отырғанын түсінеді, соны жасағанды қалайды.
Сонымен қатар, қылмыстың бұл элементі белгілі бір мақсаты-мүліктік пайда табу мақсатын көздеумен сипатталады. Қылмыс субьектісі-арнаулы. айыпты адам жасы 16-ға толған, есі дұрыс, бағалы қағаздармен жасалған операциялар туралы мәліметтер беруге өкілетті мемлекеттік органның қызметкері болуға тиіс.
205-бап. Бағалы кағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу
Бағалы қағаздармен операция жүргізу ережелерін бұзудың қоғамдық қауіптілігі-мемлекет белгіленген ережелерді әдейі айналып өтуде жатыр, нәтижесінде, мемлекеттік бюджет бұл операциялардан түсуге тісті табысты алмайды, бағалы қағаздардың айналымын бақылау тәртібі және оларды тіркеу тәртібі бұзылады.
Бұл қылмыстың обьектісі-мемлекеттің экономикалық приоритеті. Қазақстан Республикасының экономикасын ұтымды дамытудағы мемлекет пен инвесторлардың экономикалық мүдделері.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың обьективтік жағы - сол жасалған әрекетте.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заң күші бар Жарлығы мемлекеттік емес бағалы қағаздарды шығаруға, олардың айналымына қатысты туындайтын қатынастарды, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын менмлекеттік реттеуді жүзеге асырудағы қатынастарды реттейді. Бұл Жарлықгың 4-бабында Қазақстан Республикасының аумағында айналымда жүрген бағалы қағаздардың түрлері анықталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы «Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы «Заңына және оған енгізілген 1997 жылғы 11 шілдедегі өзгертулерге сәйкес барлық бағалы қағаздар міндетті түрде мемлекетік комиссиядан өтеуге тиіс[13].
Қылмыстың құрамы тіркеу, есептерді бекіту, бағалы қағаздармен мәміле сол мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздарды листенгке қосу (фондылық биржа немес басқадай бағалы қағаздар рыногында мәміле жасау заты болып абылатын бағылы қағаздарға байланысты әрекеттерді қамтиды). Бұл әрекеттердің барлығын фондылық биржа орындайды, ол акционерлік қоғам нысанында жүмыс істейтін заңды тұлға болып табылады. Оның міндеті бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру, олармен жасалған мәмілелерге кепілдік беру, бағалы қағаздардың тиімді айналымын, қаржы ресурстарының қайта бөлінуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
Қылмыстық жауапкершілік болудың қажетті шарты - бағалы қағаздармен операция жүргізу ережелерінің бұзылуы, оған ірі зиянның келуі.
Қылмыстық субьективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәдан көрініс табады. Айыпты өз әрекеттерінің заңдылығын білуге тиіс, өзінің лауазымдық, қызметтік міндеттері бойынша бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін білу керек, қоғамға қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екендігін немесе қалайда болатынын алдын ала көре білуі керек және материалдық пайда көздеп сол зардапты тілеуі тиіс.
Бұл қылмыстың субьектісі-занда белгіленген жасқа толған, есі дұрыс адам. Мына жағдайда ол бағалы қағаздармен операцияны жүргізу міндеті жүктелген лауазымды адам.
Қылмыстың сараланатын түрі-бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзуды бірнеше рет, оны алдын ала сөз байласқан адамдар тобының немесе ұйымдасқан топтың жасауы.
Достарыңызбен бөлісу: |