3 деңгейлі ОӘ құжаты


У сарғалдақ – Чистотел большой



жүктеу 0,91 Mb.
бет8/9
Дата19.11.2018
өлшемі0,91 Mb.
#20484
1   2   3   4   5   6   7   8   9

У сарғалдақ – Чистотел большой.

Қолданылуы. Мал ішегіндегі гельминттік құрттарды түсіру үшін қолданады. Тұнбасы 1:50 қатынасында жасалады. Ол үшін 10 грамм ұнтақталған шикізат қайнап тұрған жарты литр суға салынып, 10-15 минут тұндырылады. Тұнба қойға – 30-50 мл, қозыға -15-20 мл, ірі қараға – 75-100 мл мөлшерінде күніне 2-3 рет ішкізіледі.

Тұнбаның берілетін мөлшерін анықтағанда малдың қоңдылығын, тірі салмағын, жасын ескеру керек.

Жас шөбінің қою тұнбасын (1:5) қойдың қотырын, бұзаудың теміреткісін емдеуге де қолданады..

Жылқы мен есек уланбайды. Ал уланған сиыр мен саулықтың сүтін емген төлі де уланады. Уланған малға сүт ішкізеді, марганцовканың әлсіз ертіндісін береді.



Шаған – Ясень высокий.

Қолданылуы. Жапырағынан жасалған тұнба мал ішегіндегі гельминт құрттарын түсіру үшін қолданылады. Тұнба 1:10 қатынасында дайындалады. Ол үшін ұнтақталған жапырақтың 30-40 грамын жарты литр суға салып, 30 минут қайнатады да, суытып, дәкемен сүзеді.

Тұнба ірі қараға – 50-100 мл, қойға – 20-35 мл, 2-3 айлық қозыға – 15-20 мл мөлшерінде күніне 2 рет ішкізіледі.

Бұл бөлімде келтіріліп отырған ақ мия, еркек у сасыр, дермене, шаған өсімдіктерінің сипаттамалары Н.Шәріпбаевтың деректері бойынша келтірілді (1988).

15 Дәріс



Малдың тері ауруларын емдеуге сырттай қолданылатын

дәрілік заттар.
Адыраспан – Гармала обыкновенная.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде малдың қышыма қотырын, түрі тері экземаларын емдейді. Тұнба 1:10 қатынасында жасалады. Ол үшін 200-300 грамм ұнтақталған шикізат қайнаған 2,5-3 литр жылы суға салынып, 1,5-2 сағат бойы тұндырылады да, 2-3 минут бәсең отта қайнатып алады. Терінің жарақатына жағып немесе оны жуып емдейді.

Медицинада радикулитті, сегізкөз нервісінің ауруын емдеуге қолданады. Ол үшін ұнтақталған шикізаттың 50 грамын шүберек дорбаға салып, сыртынан қайнап тұрған суды құяды. Біраз уақыттан соң оны сығып, дорбаны белдің ауырған жеріне таңып 30-40 минуттай ұстайды. Дәріні 4 рет пайдалануға болады.



Ақ қорғасын – Чемерица белая.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде тамыры мен тамыр сабақтарының қайнатпасы мен тұнбасы пайдаланылады. Өсімдік өте улы болатындықтан оны көбінесе инсектицидті дәрі ретінде сырттай биттерге, бүргелерге, оқыраға қарсы қолданады.

Эксперимент арқылы артериялық қан қысымын төмендететін, қабынуға қарсы әсер ететін, жүрек жұмысын күшейтетін қасиеттері дәлелденген. Ауыз қуысы арқылы қолданғанда иттер мен шошқаларда құсу, ірі қара малының месқарнының жрылуының күшеюі байқалады.

Ауыз қуысы арқылы бергендегі шикізатының мөлшері: ірі қараға – 5-12 г; ұсақ малға – 1-4 г; шошқаға – 1-2 г; итке – 0,05-2 г.

Әртүрлі жапырақты бодяк (татарник) – Бодяк разнолистый.

Қолданылуы. Ерте кезден қабынуға қарсы, қанның ағуын тоқтататын және жараларды жазатын дәрі ретінде қолданған. Шикізаттың тұнбасы көмекейдің қабынуын, тері ауруларын емдеу үшін қолданылады. Ұсақталған жас шөпті сыздауыққа, жараларға, кесіктерге басу арқылы қолданады.

Биік парангос – Парангос высокий или кормовой..

Қолданылуы. Тұнбасымен ірі малдың қышымасын, қойдың қотырын емдейді. Ол үшін 250-300 г тамырын екі литр суға салып, 25-30 минуттай бүлкілдетіп қайнатады да, суыиып, дәкемен сүзіп алады. Дайын тұнбамен спринцовка арқылы тері қышымасын жақсылап жуады.

Жазда шыбын-шіркейге, зиянды жәндіктерге қарсы киіз үйдің ішіне шашып қояды. Тұнбаны жас балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаған жөн.



Дәрілік сасыр шөп – Горчичник лекарственный или горчица сарептская.

Қолданылуы. Тұнбасын тері қышымасын және басқа да жарақатын емдеу үшін қолданады. Тұнба жасау үшін шикізаттың 100 г ұнтағы 1 литр суға салынып, 5-6 қайнатылады да, сүзіліп алынады. Дайын тұнбамен тері қышымасын жуып емдейді.

Ешкі мия – Солодка козья.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде оның қою тұнбасын (1:5) тері қышымаларын, есек жемді емдеу үшін қолданады.

Қара алқа – Паслен черный.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде түрлі тері ауруларын, есекжемді, демікпені емдейді. Тұнба жасау үшін бір литр суға 50 грамм шикізат салынып, ол орталанғанша қайнатады да, сүзіп алады. Теріге жағып емдейді. Спринцовка арқылы ептеп жууға да болады.

Сазды жердің құрғақ шөбі – Сущеница топяная.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде шикізаттан дайындалған майды жаралар мен күйіктерге жағып емдейді. Асқазан мен он екі тұтам ішектің ойық жараларын емдеуде жақсы нәтиже алынғандығы туралы деректер бар. Шеткергі қан тамырларының өзектерін кеңейтеді, артериялық қан қысымын төмендетеді, жүректің соғу ритмін бәсеңдетеді, ішектердің жирылуын үдетеді.

Тұнбасын дайындау үшін 10 г шикізат 200 мл суға салынып тұндырылады. Оны салқын жерде 2 тәуліктен артық сақтауға болмайды. Бұзауға ауыз қуысы арқылы ¼ стақан мөлшерінде күніне 2-3 рет азықтандырар алдында ішкізеді.

Азыққа қосып бергендегі шөбінің мөлшері жуықтап алғанда ірі малға 20 г, ұсақ малға – 1,5-2,5 г.

Терінің жарақаттарын, күйікті , тез жазылмайтын ойық жараларды емдеу үшін шикізаттың 1:10 және 1:20 қатынасында дайындалған тұнбасы қолданылады.


Түзу қазтабан – Лепчатка прямостоячая.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде шикзаттың тұнбасын тері қышымасын, күйікті, ауыз қуысының улануын, асқазан-ішек қабынуларын емдеуге қолданады. Ірі қара мен жылқыға 30-40 г, қойға – 5-15 г мөлшерінде күніне 3 рет бөліп-бөліп беріледі.

Тері қышымасын, күйікті емдеу үшін тұнба 1:10 қатынасында, ал асқазан-ішек ауруларын емдеу үшін 1:20 қатынасында дайындалады.



Шар тәрізді эвкалипт – Эвкалипт шариковый.

Қолданылуы. Жапырағынан 1:20 қатынасында дайындалған тұнба сырттай залалсыздандыратын дәрі ретінде қолданылады. Шикізаттан дайындалған майды сыздауық, шиқандарды емдеу үшін қолданады.

Құрғақ жапырағын дәріханаларда 100 грамнан қағаз қорабтарда немесе брикет ретінде шығарады. Дозасы: қой мен шошқаға – 1-5 г, 6-10 айлық бұзауға 1-3 г, 3-5 айлық торайға – 0,2-0,5 г.

Жапырағынан қайнатпа дайындау үшін 10 г шикізатты 200 мл суға қосып дайындайды. Спирттегі тұнбасын 70* спиртте 1:1 қатынасында дайындайды. Оны 25 мл-ден флаконда шығарады.

Шоқпарбас плаун – Плаун буловидный.

Қолданылуы. Ұнтақталған шикізатты вазелинмен, салидолмен араластырып бұзаулардың тазқотырын, құлынның әртүрлі қышмаларын емдейді. Малдың буындарына жағып, ісігін қайтарады.

Әдетте оның 20 %-ды майлы қоспасы дайындалып, дәрі ретінде пайдаланылады.

Бұл бөлімде келтіріліп отырған адыраспан, парангос, шоқпар тас плаун, түзу қазтабан өсімдіктерінің сипаттамалары Н.Шәріпбаевтың деректері бойынша берілді (1988).
Негізгі әдебиеттер:


      1. Кожанов К.Н. Ветеринариялық фармакология. Алматы 2008

      2. Айтжанов С. Фармакология Алматы 2006

      3. Кожанов К.Н. Фитотерапия. Алматы, 2008


3.Тәжірибелік-практикалық сабақтар

№ 1 Зертханалық сабақ



Тақырыбы: Студенттердің химиялық фармакологиялық зертханаларда жұмыс істеген кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Сабақтың мақсаты. Қауіпсіздік техникасын оқып үйрену және химиялық фармацептикалық заттармен жұмыс жасаумен «Малдәрігерлік медицина» кафедрасының фармакологиялық зертханасында қауіпсіздіктің жалпы талаптарымен студенттерді таныстыру.

Химиялық фармокология зертханаларында

жұмыс жүргізген кездегі техника қауіпсіздігі.

Зертханада жұмыс жүргізер алдында жетекші қауіпсіздіктің жалпы ережелерімен, жеке аспаптармен, қондырғылармен, химиялық реактивтермен және өрттен сақтандыру шараларымен таныстырады. Одан кейін студенттер сабақ өткізген оқытушының аты-жөні және уақыты жазылған арнаулы журналға қолдарын қояды.

Жұмысты жасауды аспаптар мен қондырғылар орнатылып, сабақты пайдаланылатын химиялық реактивтер мен ыдыстар тексерілгеннен кейін бастайды. Сабақ аяқталған соң жұмыс орны, аспаптар, қондырғылар, химиялық ыдыстар қайта тәртіпке келтіріліп лаборантқа өткізіледі.

Сабақ процесінде студенттер техника қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық-гигиеналық ормаларды сақтап, мына негізгі нұсқауларды орындаулары тиіс:



  • Ескерту-клиниканың зертханаларында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау институт директоры мен кафедра меңгерушісіне жүктелетіндігін;

  • Зертханаларда арнаулы киіммен (ақ халат және ақ қалпақ) шұғылданып, жұмыс жасайды;

  • Шыны ыдыстармен жұмыс істегенде өте сақ болу керек;

  • Өткір сынығы немесе сызаты бар ыдыспен жұмыс істеуге болмайды;

  • Қоршауларға (қаптауы, қорғаны) демонтаж жасауға үзілді кесілді тиым салынады;

  • Зертханалық жұмыс өткізілгеннен кейін барлық қондырғылар кешіктірілмей әуелгі орындарына қойылады;

  • Студенттер оқытушылардан алған немесе рұқсат етілген зертханалық эксперименттер ғана жасайды;

  • Зерханаларда студенттер жеке гигиеналарын қатаң сақтаулары тиіс. Сабақ кезінде тамақ, сусын ішуге, шылым шегуге, арнаулы киімді шешуге болмайды;

  • Зертханаларға арнаулы киімсіз кіруге және киінуге болмайды;

Зертханалық жануарлармен жұмыс істеудің негізгі ережелері.

Зертханалық жануарлармен жұмыстар жүргізгенде: операция жасағанда, еккенде, қан алғанда, фистул мен датгик қойғанда және сондай-ақ сойғанда барынша гуманитарлық талаптарды сақтауға тырысу керек. Жануарлар ауырсынатын барлық әрекеттер тек қана нақты бір жерін ауыртпайтын укол салу немесе жалпы наркоткалық заттар қолдану арқылы жүргізіледі.



Фиксациялау тәсілі. Зерханалық ұсақ жануарларды фиксациялау үшін размері жануардың размеріне сай келетін станок-жәшіктер пайдаланылады. Жануарды қолмен де ұстап тұруға болады. Үй қояндары мен теңіз шошқаларын үстелдің үстінде, немесе тізеге қойып қажетті ыңғайға келтіріп ұстауға болады. Иттерге тұмсыққап кигізеді. Егер тұмсыққап жоқ болса, онда жанурадың аузын бинтпен немесе жіппен байлайды: бинтті немесе жіпті тұмсығының үстінен орап иегінің астынан бір рет айқастырып, одан соң ұшын бірнеше рет бұрайды да жалғасын иттің құлағының үстінен апарып мықтап байлайды.

Бақытсыздық жағдайға ұшырағанда көрсетілетін

алғашқы көмектер.

  1. Жарақат алғанда оны анықтау үщін алдымен киімін шешіп немесе тіліп жараның айналасындағы қанды сүртеді және шеттерін йодпен майлап одан соң стерилді тампон салып бинтпен байлау керек. Қатты қан кетуді жгуттың көмегімен тоқтатады. Егер жгут болмаса белбеуді, шытты немесе байлауышты қолдануға болады. Жгутта жазда 2 сағатқа, қыста 1 сағатқа байлайды. Зардап шеккенге дәрігер келгенше толық тыныштық туғызады.

  2. Соққы алғанда мұз және суық жапсырылыммен байланады.

  3. Тарамыстар созылғанда буындардың тұсына суық компресс қойылады.

  4. Шынтақ буыны шыққанда қолды сол қалпында бұрышын өзгертпей апарып денеге бинтпен жанай байлаған жөн. Буынның шығуын дәрігерсіз орнына салуға болмайды. Зардап шегушіге дәрігер келгенше толық тыныштық туғызу керек.

  5. Сүйек сынған кезде алғашқы көмектің көрсетілуі – зардап шегушіге дамыл табуы үшін тақтайдан, бұтақтан, қатты қағаздан және т.б. ділгір жасап байлау керек. Ділгірді мақтаның немесе шүберектің қолын қабатымен көмкеріп, одан соң барып байлайды. Зардап шегушіге дәрігер келгенше толық тыныштық туғызады.

  6. Жеңіл күйген жерді маймен, вазелинмен майлайды. Қолдыраған жерді ашуға және оған жабысқан киімнің тұсын сыдырып алуға болмайды. Зардап шегушіге дәрігер келгенше толық тыныштық туғызады.

  7. Ыстық өткенде егер зардап шегуші күрт әлсіреп басы айналса, есінен ауып жүрек қызметі әлсіресе ең әуелі ыстықтың жалғастырар әсерінен аулақтатып ауасы таза салқын жерге апару, бетін желпіп, басын салқын сумен дымдау, тыныс алуы немесе дем алуы қиындаса жасанды тыныс алдыру қажет. Зардап шегушіге дәрігер келгенше толық тыныштық туғызады.

  8. Электр тогы соққан жағдайда дереу электр желісінен ажыратады (рубилникті ағытады). Егер оны істеу қиын болса зардап шегушіні электр тогының әсерінен айыру үшін жақын тұрған құрғақ ағаш таяқшасын, киімді, резеңке қолғапты пайдаланады. Бұл арада металдан жасалған немесе сулы заттарды алуға болмайды, сондай-ақ зардап шегушінің жалаңаш жеріне жанаспаған жөн. Егер зардап шегуші есінен танбаса оны қолайлы жатқызып, тыныштық беріп, киімдерін ағытып, таза ауаның келуін қамтамасыз ету керек. Есінен танған жағдайда бетіне су шашып, денесін сипап жылыту, мүсәтір спиртін иіскету керек. Тыныс алмаса, не ол қиындаса қолдан дем алғызу керек. Зардап шегушіге дәрігер келгенше толық тыныштық туғызады.

  9. Улы химикаттармен уланғанда зардап шегушіні залалды аймақтан аулаққа шығарып, былғанған жерін және қысқан киімдерін шешеді. Көзіне немесе терәсәне жабысқан улы химикаттарды мол сумен жуып, көзін 2 %-дық ас содасының ерітіндісімен немесе бор қышқылымен жуады. Улы химикаттар асқазанға түссе зардап шегушіге бірнеше стақан су немесе марганец қышқыл калийдің (мүсәтір) әлсіз қызғылт ерітіндісін ішкізеді. Өңешінің түп жағын сипалай тітіркендіріп құсу туғызады. Құсқаннан кейін 2-3 қасық активтелінген көмір араластырылған жарты стақан су ішкізеді. Босаңдатушы заттар береді. (30 %-дық көмір қышқыл магнезий немесе ащы тұз – жарты стақан суға 20 г).Зардап шегушіге дәрігер келгенше толық тыныштық туғызады.

  10. Қатты иіс тиіп уланғанда (СО ) зардап шегушіні ол жерден алып шығады. Дем алуын қиындатқанның бәрін жөндеп (жағасын, белдігін шешіп) денесін жайлы жатқызады. Аяғына грелка , горчичник басады (күйдіріп алмау керек). Есінен танып қалған жағдайда мүсәтір спиртін иіскетіп, кеудесін, бетін сумен бүркіп денесін уқалайды. Зардап шегушіні дәрігер келгенше тыныштандырып жатқызады.

Студенттерге арналған нұсқама техникақауіпсіздігін меңгергендері жөніндегі бағалары қойылады. Осының бәрі «малдәрігерлік медицина» кафедрасының химиялық фармакология зертханасының жұмысын айқындайтын бақылау беттеріне жазылады.

Бақылау парағы №__________________________


Техника қауіпсіздігі жөніндегі студенттерге нұсқама

Кафедрасы__________________________________________________________

Курсы______________________________________________________________

Нұсқама өткізушінің аты-жөні мен лауазымы_____________________________


Нұсқама өткізілген күн________________________________________________

Зертханалардағы қауіпсіздік техникасының нұсқамасы_____________________


Нұсқама өткізілді және меңгердік, сол туралы қолымызды қоямыз.




Студенттердің аты-жөні

қолдары

ескерту

1










2










3










4










5










6










7










8









Технмка қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаманы тексердім_________________________


Кафедра меңгерушісі____________________________(қолы)

1-тарау. Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар.
.Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттарды классификациялау.

  1. Орталық жүйке жүйесін әлсірететін заттар:

-Нашасы бар (наркотические) заттар: ингаляциондық наркотиктер, ингаляциондық емес наркотиктер.

-Анальгетикалық жабдықтар. Наркотикалық анальгетиктер, наркотикалық емес анальгетиктар және стеройды емес қабынуға қарсы заттар.

-Ұйқы келтіретін заттар.

-Нейролептикалық заттар.

-Транквилизаторлар.

-Седативті заттар.

-Антидепресанттар.

-Ноотропты заттар.

-Наркотикалық емес жөтелге қарсы заттар.

-Талмаға қарсы заттар

-стероидты түрге жатпайтын анальгезирлендіретін және қабынуға қарсы заттар.

-Алкоголдер.

2. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын заттар:

-Пуриннің, имидазольдің және басқа да химилық топтардың туындылары.

-Аналептиктер.

-Жұлын жүйесінің қызметін реттейтін стимуляторлар.

-Жалпы тыныштандырғыш өсімдік текті дәрмектер.

3-4 Зертханалық сабақ.

Тақырыбы: Наркозға арналған заттар. Алкоголдер.

Сабақтың мақсаты: Топтағы дәрмектерді оқып үйрену, олардың әсер ету механизмдерін және оларды қайда қолдануға болатынын және болмайтынын білу.

Наркоздың стадияларын білу.

Гведел ұсынған эфир наркозының жазылған стадиялары осы заманғы анестезиологияда классикалық болып саналады.Олар ұсынған классификацияға сәйкес IV стадияға бөледі; Олар: анальгезия (тандыру), қоздыру, хирургиялық және токсикалық (уландыру).

Наркоздық заттар ОЖЖ-сіне белгілі бір ретпен әлсіретіп әсер етеді:1.ми қабына; 2.ми қабы асты облысына; 3.жұлынға; 4.мишыққа.

Анальгезия стадиясы (І)Ішке алғаш эфир буымен дем алғаннан бастап пациент анестетикке «үйрене» бастайды. Одан соң дем алу ырғақты бола бастайды, алайда ол неғұрлым жиілейді және тереңдейді. Осы сәтте пациент анальгезияға түседі: есі азаяды, ауырсыну әсері біртіндеп азайып ақырында мүлде жоғалады. Осы кезде жануар көзін ашады, аяқтарының қозғалуы, басуы және т.б. сақталады.

Анальгезия стадияларында қарашықтар үлкейеді, жарыққа жақсы әсер етеді, көзінің шеттері суланады. Көз алмасының қозғалысы еркін болады да, стадияның ақырында «жүзгендей» болып көрінеді. Сүйек еттерінің қалпы сақталады.Пульс жиілейді. Тыныс еттерінің белсенділігі көтеріңкі болады.

Наркоздың 1 анальгезия стадиясында шағынхирургиялық операциялар және манипуляциялар (жараны немесе флегмонды жару, ауыртатын байлау жасау, тампондарды алу және т.б.) Анестазияның бұл стадиясында үлкен операциялар жасау мақсатсыз.

Қозу стадиясы (ІІ). Наркоздың бұдан ары тереңдеуі есті жоғалтумен және моторлы қозудың пайда болуымен жалғасады. Бұл стадияда сүйек еттерінің тонусы күрт артады (жақтар қысылады, қастар жымдасады), пациент күрт еріксіз қозғалыс жасайды. Тыныс алу біркелкі болмайды, әлсін-әлсін баяулап жөтелмен қосарланады. Қозудың бұл стадиясында қарашықтар үлкейеді, жарыққа әсер сақталады, көз жасаурайды. Көз алмасы жүзбелі қозғалыс жасайды, дивергенцмя байқалады. Жөтелу, жұтыну және ықылық рефлекстері күшейеді. Тыныс алу жиілейді және тереңдейді, пульс жиілейді. Тарамыс рефлекстері көтеріледі. Тереңдеген сайын жөтел және ықылық рефлестері жоғала бастап наркоздың келесі хирургиялық стадиясы туындайды.

Хирургиялық стадия.(ІІІ) Наркоздың хирургиялық стадиясының төрт деңгейі бар. Тұтас алғанда ол қозудың, қалыпты тыныс алудың жоғалуымен және сүйек еттерінің босап сылбырлануымен сипатталады.

ІІІ-стадияның бірінші деңгейде.Көз алмаларының еріксіз «жүзбелі» қозғалысы сақталады. Қарашық кішірейеді. Кірпік рефлексі сақталған. Көз жиегі суланған. Қарашықтың жарыққа рефлексі сақталған,аздап әлсізденген.Тыныс алу біркелкі.Сүйек еттерінің тонусы елеулі төмендеген,алайда іш қуысына хирургиялық жолмен араласуға әлі ертерек.

ІІІ-стадияның екінші деңгейі. Қарашық әніңішкерген,көз алмасы қозғалыссыз.Кірпіктер құрғақ,оның рефлексі нашарлаған немесе жоғалған,жөтел рефлексі азайған. Сүйек еттерінің тонусы елеулі төмендеген. Төменгі жақтары сәл-пәл салбырап, оның қозғалыстары еттерінің тонусымен шектелген. Қабырғааралық еттердің белсенділігі ептеп азайған. Тыныс алу бұзылмаған. Пульстің жиілігі өзгермеген.

ІІІ-стадияның үшінші деңгейі. Қарашықтар аздап үлкейген, жарыққа әсер ету жоғалған. Көз жиегі құрғақ, кейде былшықты. Сүйектің бұлшық еттерінің тонусы күрт төмендеген. Іштің еттері толық босаңданған. Сфинктерлердің тонусы сақталған. Қабырғааралық еттер қызметін жоғалтқан (парлизован) тыныс алуға қатыспайды. Көк еттік (диафагмальдық) тыныс алу тарылған. Өкпенің вентиляция көлемі төмендеген. Пульс жиілейді, кейде әлсіз болады. Наркоздың мұндай тереңдеуі пациент үшін қауіптіболып табылады және қысқа мерзімге ғана қажетті.

ІІІ-стадияның төртінші деңгейі. Қарашықтар үлкейген, жарыққа әсер етпейді. Көз жиегі былшықтанған, кірпік рефлексі жоғалған. Сүйектің бұлшық еттері паралич бола бастаған. Сфинктерлер босаңданған.Өкпенің вентиляциясының көлемі күрт төмендеген. Тыныс алу әлсіз, көк етті. Сфинктерлер кеңейген. Еріксіз дефекация және несеп шығару болады. Сүйектің бұлшық еттері параличке ұшыраған. Пульс жиі де әлсіз, кейде тіпті білінбейді де. Пациенттер тыныс алу және тамырлар (бульбарлы) орталықтарының паралич болғанына байланысты тыныс алу тоқталғандықтан және жүрек-тамыр коллапсынан өледі.

Сұқбаттасу үшін сұрақтар:


  1. Наркотиктердің орталық жүйке жүйесіне әсерінің мәні.

  2. Наркоздың стадиялары, олардың басталу себептері.

  3. Наркотиктердің әсерінен тыныс алудың, жүрек қызметінің, қан қысымының өзгерулері.

  4. Хлороформ мен эфирдің жергілікті әсерлері.

  5. Хлороформ мен эфирдің резорбтивті етер әсерлеріне салыстырмалы сипатамма (наркоздың басталуының уақытының жылдамдығы, оның ұзақтылығы).

  6. Ингаляциялық емес наркотиктердің әсер етер ерекшеліктері (наркоздың стадияларының байқалуы, наркоздың әсер ету жылдамдығы,оның ұзақтығы).

  7. Хлоралгидраттың жергілікті және резорбтивті әсері.

  8. Наркоз түрлерін атап шығу.

  9. Наркоздың негізгі әдістері.

  10. Наркоздың артықшылығы және кемшіліктері.

  11. Қолданылуы және препараттар.

№1 жұмыс. Топтардың дәрмектермен танысуы.

Материалдармен жабдықтау: әртүрлі емдік формадағы дәрі дәрмектер жиынтығы.

Жұмыс барысы:

Емдік дәрі дәрмектердің физика-химиялық күйлерін, агрегаттықтығы, аттарын, түсін, иісін, топтардағы дәрі дәрмектердің фармакотерапевтикалық қасиеттерін ажырату.

№2 жұмыс. Хлороформ мен эфирдің жергілікті әсері.

Иілетін иығыңның сыртқы жағына 0,5 мл эфирмен дымдалған бір үзім мақта салып, екінші қолына 0,5 хлороформ сіңірілген мақта үзімін аласың. Мақтаны жылтыр қағазбен немесе клеенкамен жабады және бинтпен байлайды. Байлау жасалған уақытты белгілейді.Хаттамада осылар байқалатын уақыт көрсетіледі. Байланған жер қатты күйдіре бастағанда шешеді. Сонсоң терінің әлгі тұсының түсінің өзгеруі мен маңындағы учаскелермен салыстырғандағы сезімталдықты анықтайды. Байқалған өзгерістерді түсіндіру керек.

№3 жұмыс.Эфирдің тыныс алуға рефлекторлық әсері.

Жұмыс барысы:

Үй қоянының тыныс алуын бақылау (ритмін, тереңдігін). Үй қоянының тұмсығына эфирмен дымдандырылған эфир тақап (тұмсығына тигізбей) тыныс алдырады. Тыныс алған кездегі өзгерісті, әсер еткен уақытты белгілейді, өзгерістің механизмін түсіндіру керек.

№4 жұмыс. Хлороформ мен эфирдің тышқандарға салыстырмалы

резорбтивті әсерлері.

Материалдармен жабдықтау: салмақтары бірдей екі тышқан, екі воронка, эфир, хлороформ.

Жұмыс барысы:

Салмақтары шамалас екі тышқнды воронкалардың астына орналастырады. Тышқандардың белсенділіктерін, тыныс алу жиіліктерін, рефлекстерін белгілейді. Бұдан соң воронканың біреуінің астына эфир, екіншісіне воронканың 300 мл көлеміне 0,1 мл келетіндей есеппен хлороформ сіңірілген мақта қояды. Наркотикалық әсердің қалай дамитынын, наркоздың стадияларына назар аударады. Егер 5-6 минут өткенше наркотикалық әсер басталмаса, онда сол мөлшерде тағы да наркотиктер қосады. Наркоз басталғаннан кейін (қозғалатын рефлекс жоғалып, бүйірінен жатса) тышқандарды шығарады және орталық жүйке жүйелерінің функцияларының қайтадан қалпына келуін бақылайды. Алынған деректердің негізінде хлороформның және эфирдің наркоздық әсерлерінің уақытын, оның ұзақтығы мен тереңдігін салыстырады.

Жұмысты тышқандардың күйлерінің барлық өзгерістері мен олардың байқалған уақыттарын көрсетіп хаттама түрінде жазады.

Тәжірибе хаттамасы

Хлороформның және эфирдің тышқандарға резорбтивті

әсер етулерінің салыстырмалылығы




эфир

хлороформ

Бақыланған уақыт және еткен әсері

Тышқандардың жалпы күйлері

Тыныс алулары

Бақыланған уақыт және еткен әсері

Тышқандардың жалпы күйлері

Тыныс алулары

Әуелгі жағдайы (уақыт көрсетіледі)

Әуелгі жағдайы (уақыт көрсетіледі)







Воронканың астына мл эфир сіңірілген мақта салынды

Воронканың астына мл эфир сіңірілген мақта салынды

№5 жұмыс. Хлороформның бақаның таңдайындағы мерцателді эпителиге әсері.

Материалмен жабдықтау: бақа, препарлық тақтай, бекітетін инелер, қабықтығын, мақта, хлороформ.

Жұмыс барысы:

Орталық жүйке жүйесі бұзылған бақаның астыңғы жақтарын кесіп тастайды. Қарнын жоғары қаратып инемен шаншып бекітеді. Таңдайының сілекей қабатын изотоникалық ерітіндімен жуып мақтамен құрғатады. Көзінің төмендегі шетіне сілекей қабатына қабық тығынның кішкентай түйірін қояды. Тығын түйірінің сілекейлі таңдайдан өңешіне дейін жылжитын уақытын белгілейді. Одан соң сілекейлі таңдайдың үстіне сілекейге тигізбей хлороформмен дымдандырылған мақта қояды (бір минуттай ұстау керек), тығынның өңешке дейін жылжу уақытын тағы да анықтайды. Бақылаулардың нәтижесі бойынша хлороформның мерцательді эпателидің жылжу белсенділігі туралы қорытынды жасауға болады.

№6 жұмыс. Хлоралгидраттың үй қоянына әсері.

Материалмен жабдықтау: үй қояны, хлоралгидрадтың 10 % -тік ерітіндісін крахмалданған сілекейдегісі.

Жұмыс барысы:

Үй қоянын өлшейді. Қоянның қылығын бақылап, пульсін, тыныс алуын өлшейді. Тоқ ішегіне хлоалгидраттың 1 кг салмаққа 0,3 г-нан келетіндей мөлшерін жібереді. Хлоралгидрадтың әсер етуінің өсуін бақылайды. Қоянның жалпы күйін, ауырсынуын, пульсін, әр 10, 20, 30,60 минут сайын хлоралгидрат енгізілгеннен кейін жалпы күйі түзелгенге дейін өлшейді

Жұмысты хаттама түрінде жазады.



Хлоралгидраттың массасы – кг үй қоянына әсерін

бақылау жөніндегі тәжірибенің хаттамасы.


Бақыланған уақыты және

әсері


Пульсы

Тыныс алуы

Ауырғанға сезімталдығы және бұлшық етінің тонусы

Жалпы күйі (жайы, қоршаған жағдайға әсері)

10 минут сайын. Әуелгі дерек 10 %-дық хлоралгидрад қоянның арт жағынан берілді.

20 минуттан кейін

30 минуттан кейін және сол сияқты

№7 Жұмыс. Этил спиртінің белокқа әсері.

Материалмен жабыдқтау: төрт пробирка, жұмыртқа белогының 30, 40, 70 және 96-тық этил спиртіндегі ерітінділері

Жұмыстардың барысы

Жұмыртқа белогының немесе қан сары суының 0,5 мл ерітіндісін төрт пробиркаға құйып оның ішкі жақтауы арқылы 10-15 тамшыдан 30, 40, 70, 96 градустық спирт жібереді. Тұнбаның көлемі мен тығыздығын белгілейді. Алынған нәтижені түсіндіріп спиртті венаның ішіне қандай концентрацияда жіберу керектігі жөнінде қорытынды жасайды.

№9 жұмыс. Рецептер жазады және оларды

қолданудың жайын негіздейді.



  1. Жылқыға базисті наркоз беру үшін хлоралгидрадты венасының ішіне жіберу.

  2. Тыныштандыру үшін хлоралгидрадты итке артқы жағынан жіберу.

  3. Сиырға наркоз беру үшін алкоголь беру.

  4. Шошқаға наркоз беру үшін натрий тиопенталын қолдану.

  5. Фенобарбиталды жылқыны тыныштандыру үшін беру.

  6. Итке ауырмас үшін морфин (ампулада) беру.

5 Зертхана сабағы.

Тақырыбы: «Наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктер, нейролептиктер және транквилизилеуші заттар»

Сабақтың мақсаты: дәрі-дәрмектердің топтарын оқып үйрену, олардың әсер ету механизмін ұғыну, қашан қолданылатынын және қолдануға болмайтындығын білу.

Сұқбаттасу үшін сұрақтар:


  1. Нейроплегиялық заттардың әсер ету механизмі.

  2. Аминазиннің әсер ету ерекшілігі, оны малдәрігерлік парктикада қолдану.

  3. Морфиннің анальгетикалық әсері, оны малдәрігерлік практикада қолдану.

  4. Ыстық қайтаратын дәрілердің әсер ету механизмі.

5-6 жұмыс. Дәрі дәрмек топтарымен танысу.

Материалмен жабдықтау: әртүрлі емдік формадағы дәрмектер топтарының жиынтығы.

Жұмыс барысы:

Препараттардың физика-химиялық қасиеттерін оқып үйрену емдік формадағы аттарын білу, формаларын, түсін, иісін біліп, дәрілердің фармакотерапевтикалық қасиеттерін ажырату.

№2 жұмыс. Аминазиннің итке жалпы әсері.

(жұмыс көрсетіле жүргізіліп, хаттама тақтаға жазылады)

Материалмен жабдықтау: ит, ине, аминазин ертіндісі, термометр, фонендоскоп.

Жұмыс барысы:

Иттің жалпы күйін анықтау: кеңістіктегі денесінің жайы, қозғалуы, қоршаған жағдайға, ауырсындыру және дыбыстық тітіркендіруге реакциясы. Пульсін және тыныс алуының санын (минут ішіндегі) есептеу, денесінің температурасын есептеу.

Тері астына денесінің әр кг-на 0,005 г-нан есептеп аминазин енгізу. Барлық көрсеткіштер бойынша итте болған өзгерістерді бақылау, бақылауды әр 10-15 минут сайын бір сағат бойы жүргізу. Жұмысты хаттама түрінде жазу.

Салмағы кг итке аминазиннің әсерін анықтау жөніндегі тәжірибенің хаттамасы.




Бақыланған уақыты және

әсері


Пульсы

Тыныс алуы

Температурасы

Ауырғанға сезімталдығы

Иттің жалпы күйі

Енгізгенге дейін

Аминазинді (уақытын көрсету)

.....Тері астына аминазиннің 2,5 %-дық ерітіндісін енгізу және т.б.

Алынған нәтижелердің негізінде аминазиннің әсері қалай жылдам пайда болады, әсердің маңызы туралы қорытынды жасау.

№3 жұмыс. Наркотиктердің әсерін аминазинмен потенцирлеу.

Материалмен жабдықтау: үш тышқан, үш воронка, аминазиннің 0,025 %-дық ерітіндісі, стерилді шприцтер, эфир, мақта.

Салмақтары 20-25 граммдық үш тышқанды көлемдері бірдей воронкалардың астына орналастырады. Тышқандардың қозғалыс белсенділігін және рефлекторлық реакцияның жылдамдығын бақылайды. Одан соң екі тышқанның сан еттерінің ішіне салмақтарының әр 10 грамына 0,2 мл-ден есептеп аминазиннің 0,025 % ерітіндісін жібереді, Әр 10, 20, 30 минуттан кейін тышқандардың күйлерін салыстырады. Аминазиннің әсерін жазып отырады.

Үшінші және төртінші тышқанға эфирмен наркоз береді. Ол үшін тышқандарды 0,5 мл эфир сіңірілген мақта қойылған воронкаға орналастырылады. Қоздану стадиясының пайда болуы мен оның ұзақтығын анықтайды. Наркоз басталғаннан кейін (тышқандар қырындап жатады) воронканы, эфирлі мақтаны алып тастап эфирдің әсер етуі тоқтатылғанға дейін бақылайды. Жұмысты хаттама түрінде жазады.

Наркотиктердің әсерін аминазинмен потенцироват

етуді анықтаудың хаттамасы.


Бақылау уақыты және етер әсеті

Тышқандардың жағдайы

1 – салмағы -

2 – салмағы -

3 – салмағы -

Аминазин салғанға дейін

10 минуттан кейін

20 минуттан кейін
30 минуттан кейін


Сан етіне мл 0,025% аминазин ерітіндісі жіберіледі.
Эфирмен наркоз берілді.

Сан етіне мл 0,025% аминазин ерітіндісі жіберіледі

Сан етіне мл 0,025% аминазин ерітіндісі жіберіледі

Екі тышқанның наркозға түскен жылдамдықтарын анықтау. Эфирдің аминазин аясындағы әсер етуінің жылдамдығын біліп қорытынды жасау. Алынған әсерлердің практикалық маңызын белгілеу.

№4 жұмыс. Ақ тышқанға морфиннің әсері.

Материалмен жабдықтау: тышқан, гидрохлорид морфиннің 1 : 10000 консентрациядағы ерітіндісі, стерильді шприц.

Жұмыс барысы:

Тышқанның терісінің астына морфинның 1 : 10000 концентрациясындағы ерітіндісінен 0,3 мл жібереді. Құйрығының қалай жатқанын байқайды, ал бұл морфиннің сфинктерлерге қалай әсер еткенін көрсетеді. Тышқанның морфинге өте сеімтал екендігін белгілейді.

№5 жұмыс. Фенисалицилат пен ацетилсалицилат қышқылының іруі.

Материалмен жабдықтау: дәріхана тазалықтары, әртүрлі таразылар, фенилсалицилаттың субстанциясы, күйдіргіш натридің 10 %-дық ерітіндісі, хлорлы сутегі қышқылы, ацетисалицилат қышқылы, пробиркалар, пробирканы бекітетін штатив, 5 мл-лік пипеткалар.

Пробиркаға 0,2 г фенилсалицилат салып оған 2 мл 10 % -дық 2 мл күйдіргіш натрий ерітіндісін қосады. Қосындыны ацетилсалицил қышқылы ерігенге дейін қыздарады. Содан кейін тұз қышқылының ерітіндісімен байытылған кезде салицилді қышқылдың ине тәрізді кристалдары түсіп, бір мезгілде сірке қышқылының иісі сезіледі. Фенилсалицилат пен ацетисалицилді қышқылдың организмде олардың фармако және токсикодинамикасының маңызын белгіле.

№6 жұмыс. Рецептер жазыңдар және олардың

қолданылуын негіздеңдер.


  1. Сиырдың жатыры түскенде ампуладағы аминазинді қолдану.

  2. Ацетилсалицилді итке ыстығын түсіру үшін қолдану.

  3. Анальгинді жылқыға асқазаны күрт ұлғайғанда венасына енгізіп қолдану.

  4. Энтерит болған итке фенилсалицилатты алты рет қолдану.

  5. Жылқыға ревматизм болғанда бутадионды 30 рет қолдану.

  6. Ішегі асқынып ауырғанда (кишечник коликах) жылқыға промедолды бір жолы енгізу.

  7. Ампуладағы гидрохлоридті морфинді итке бір рет енгізу.

7-8 Зертхана сабағы.

Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесін қоздыратын заттар

Сабақтың мақсаты: дәрі дәрмектердің топтарын оқып үйрену, олардың әсер ету механизмін түсіндіру, оларды қолдануға болатын және болмайтын жайттарды ажыратып беру.

Сұқбаттасу үшін сұрақтар:


  1. Кофейннің орталық жүйке жүйесіне әсері.

  2. Кофеиннің әсер етуінен жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің (функциясының) өзгеруі.

  3. Комфордың жергілікті әсері.

  4. Орталық жүйке жүйесі қызметінің комфордың әсерімен өзгеруі.

1 жұмыс. Дәрі дәрмектер топтарымен танысу.

Материалмен жабдықтау: үй қояны, 25 %-дық этиль спиртінің енгізетін зонд,

25 %-дық этиль спиртінің ерітіндісі, бензоат натрий кофеинінің 1 % (пайыздық) ерітіндісі.

Жұмыс барысы:

Үй қояны өлшенеді. Оның пульсін, тыныс алуын, ауыруға сезімталдығы, бұлшық еттерінің танысуы, оның жалпы күйі анықталады. Одан соң зонд арқылы асқазанына әр 1 кг массасына 16 мл-ден есептеп 25 %-дық этиль спиртін немесе әр 1 кг массасына 4 мл-ден хлоралгидрат жібереді. Алкоголдің әсер етуі басталған уақытты анықтайды (жалпы күйінің өзгеруі, тыныс алуының, пульсінің, рефлектор қозудың өзгеруі).

Алкоголь айқын әсер еткен кезде венасына салмағының әр 1 кг-на 0,5 мл-ден есетеп 1 %-дық кофеин натрий-бензоатын жібереді. Үй қоянының күйінің қайта қалпына келуін бақылайды. Жұмысты хаттамалап жазады.

Кофеиннің салмағы кг болатын үй қоянына етер әсерін

анықтауға арналған тәжірибенің хаттамасы



Зерттеу уақыты және

әсері


Пульсы

Тыныс алуы

Ауырғанға сезімталдығы жалпы күйі

Әуелгі жағдайы

................зонд арқылы мл 25 %-дық этиль спирті жіберілді және т.б.

Кофеиннің орталық жүйке жүйесіне әсері жөнінде қорытынды жасау.

3 жұмыс. Кофеиннің перифериялық тамырларға әсері.

Материалдармен жабдықтау:бақа,тесіктері бар препаровалды тақтай,5 %-дық натрий бензоатының ертіндісі.

Жұмыс барысы

Бақаны тақтайға арқасын жоғары қаратып бекітеді.Жүзетін перепонкасын тақтайдағы тесіктің үстіне келетіндей етіп бекітеді.Микроскоп арқылы перепонкадағы тамырларды және одан ағып жататын қанды көреді.Бақаның терісінің астына 1мл 5%-дық кофеин натрий бензоатының ертіндісін жібереді,микроскоп арқылы тамырлармен ағып жататын қанды қарайды.

№4-жұмыс. Кофеиннің талдырмалық әсері

Материалмен жабдқтау: бақа, тесігі бар преапроваль тақтайы, 5 % - дық натрий бензоатының ерітіндісі.

Жұмыс барысы:

Тәжірибе алдыңғының жалғасы болып табылады. 5 %-дық 1 мл натрий бензойды кофеиннің ерітіндісін енгізгеннен кейін бақаның рефлекторлы сезімталдығы көтеріледі және титаникалық селкілдеуі пайда болады. Сонымен қатар бұлшық еттерінің тонусыұлғаяды, контрактура дамиды. Бақа секіргеннен кейін аяқтарын жайлап тартады, біраз уақыттан кейін оның бұлшық еттері толық сіресіп қалады.

Жұмысты хаттама түрінде жазады және периферилық тамырларының іштеріндегі өзгерістерден қорытынды жасайды және кофеиннің уландырғыш әсерін тұжырымдайды.

5 жұмыс. Комфараның ерігіштігі.

Материалмен жабдықтау: үш пробирка, күнбағыс майы, 96 %-дық этиль спирті, камфора ұнтағы таза (дистилированный) су.

Жұмыс барысы:

Үш пробиркаға 5 мл-ден құяды: 1-сіне май. 2-сіне спирт, 3-сіне су, әрбіреуіне 0,2 грамнан камфора себеді. Камфораның ерігіштігін бақылайды. Қорытынды жасайды.



6 жұмыс. Камфораның жүректі жұмысын реттеушілік қызметі.

Материалмен жабдықтау: бақа, хлоралгидраттың 1 % - дық ерітіндісі, камфораның майдағы 20 %-дық ерітіндісі, преовалдық тақтай, бекітетін инелер, көз пипеткалары.

Жұмыс барысы:

Бақаны тіліп жалаңаштайды. Жүректің соғуының санын есептейді, соғуының күшіне және жүректің қанмен толуының жәрежесіне назар аударады. Содан кейін жүрекке хлоралгидраттың 1 % - дық ерітіндісінен 2-3 тамшы тамызады. Осыдан ейін камфораның майдағы 20 %-дық ерітіндісін тамызады және жүрек жұмысы жақсарғанын бақылайды. Жұмысты хаттама түрінде жазады және қорытынды шығарады.



6 жұмыс. Бақаға коразолдың уландырғыш әсері.

Материалмен жабдықтау: бақа, коразолдың 10 %-дық ерітіндісі, 2 мл-лік шприц.

Жұмыс барысы:

Бақаның терісінің астына 0,1-0,5 мл 10 %-дық коразолдың ерітіндісін жіберіп, қаспақтың астына орналастырады және селкілдеуінің дамуын бақылайды. Қалпақтың астына эфирмен дымдалған мақта қояды, бақаның жай күйінің өзгеруін бақылайды. Қорытынды жасайды және алынған нәтижелерді түсіндіреді.



7 жұмыс. Рецептер жазады және оларды қолдануды негіздейді.

  1. Бензоат-натрий кофеиннің ампуладағы ерітіндісін сиырға 6 рет енгізетіндей.

  2. Камфораның майдағы ерітіндісін жылқыға 6 рет жіберетіндей етіп алу.

  3. Камфораның спирттегі ертіндісін сиырға артрит болғанда қолдану.

  4. Темисалды қойға несеп айдағыш ретінде 6 рет қолдану.

  5. Камфор майын мастит болған ешкіге қолдану.

  6. Күшала (стрихнин) ертіндісін қозғалу парезіне ұшыраған итке 6 рет қолдануға алу.

  7. Стрихнин ертіндісін жылқыға ас қорытуын жақсарту үшін 6 рет қолдануға алу.Коразолды тыныс алуын жақсарту үшін сиырға 6 рет енгізетіндей ету алу.

  8. Кордиаминді жүрек қызметін жақсарту үшін итке 6 рет жіберетіндей етіп алу.

  9. Ампуладағы камфораның майдағы ертіндісін пневмония болған құлынға жіберу үшін.

жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау