3 деңгейлі ОӘ құжаты


Қазанақ – Богульник болотный



жүктеу 0,91 Mb.
бет4/9
Дата19.11.2018
өлшемі0,91 Mb.
#20484
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазанақ – Богульник болотный.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде өкпе түберкүлезін емдеуге, қақырық түсіру, демікпені басу үшін қолданады.

Шикізаттың 40 грамы қайнап тұрған 1 л суға салынып, 15-20 минут тұндырылады. Салқындатылған, дәке арқылы сүзілген тұнба ірі қараға -100-150 мл, бұзау мен құлынға -50-100 мл, қойға -30-70 мл, қозыға -5-15 мл мөлшерінде күніне 2-3 рет ішкізіледі.

Өсімдік улы. Сондықтан дәріні беру мөлшерін анықтаған кезде малдың жасын, тірілей салмағын, қоңдылығын, жалпы күйін ескеру керек. Емдеу барысында малдың жүріс-тұрысын, азық қабылдауын қадағалаған жөн.

Наурыз шешек – Первоцвет весенний (лекарственный).

Қолданылуы. Тамыры қақырық түсіру үшін, өкпе және тыныс жолдарының қабынуларын емдеу үшін қолданылады. Улылығы төмен, седативті, спазмолитикалық және іш өткізетін әсерлері бар.

Өсімдіктің жапырағын мал организмінде витаминдердің жеткіліксіздігінде пайдаланады. Тер шығару, зәр айдау үшін бүйректердің, қуықтың ауруларында тағайындайды.

Өсімдіктің тамыры мен тамыр сабақтарының қайнатпасын 1:20 қатынасында дайындайды. Бұзауларға қақырық түсіру үшін 1-2 шай қасықтан күніне 3-4 рет, азықтандырардың алдында береді.

Оралдық мия, қызыл мия – Солодка уральская и гладкая.

Қолданылуы. Құрамындағы глицерризин глюкозиді мен қышқылы организмдегі тұз және судың алмасуларын жөнге келтіріп реттейтіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Осыған байланысты оны өкпе ауруларын, түберкүлезді, асқазан мен ішектердегі жараларды емдеу; қақырық түсіру, зәр айдау, қан тамырларының өзегін кеңейту үшін қолданады.

Қызыл мияның тамырын халық дәрі ретінде ғасырлар бойы пайдаланып келген. Адамның, малдың көптеген ауруларын емдей білген. Керек кезінде тамаққа да пайдаланған. Қазіргі кезде шикізаттың тұнбасы бұзаудың, қозының, құлынның өкпесі, өңеші қабынғанда және жұқпалы емес тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеуге қолданады. Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтының ғалымдарының деректері бойынша орал миясының тамырының қайнатпасын кешенді түрде бұзау бронхопневмониясын емдеуге пайдаланғанда жақсы нәтижелер алынған.

Тұнбаны дайындау үшін 30-40 грамм дәрілік шикізат қайнаған 500-700 мл суға салынып, 20-30 минут тұндырылады да, дәкемен сүзіледі. Сөйтіп бұзауға -50-75 мл, құлынға -50-60 мл, қозыға -10-15 мл мөлшерінде күніне 2-3 рет ішкізіледі.

Біз өз тәжірибемізде бұзау бронхопневмониясын кешенді емдеу барысында 1:20 қатынасында дайындалған мия тамыры қайнатындысын: 2 айлық бұзауларға 300 мл, 3 айлық бұзауларға 600 мл, 4 айлық бұзауларға 1000 мл мөлшерінде күніне бір рет, 7 күндей қатарынан қолданып жақсы нәтиже алдық.



Өгей шөп – Мать-мачеха.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде өгей шөпті басқа да дәрілік шөптерге, антибиотиктер мен химиялық препараттарға қосып малдың өкпе түберкүлезін емдейді. Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының ғалымдары өгей шөптің тұнбасын кешенді түрде оттегімен байытылған ортада шашыратып, дем алдыру арқылы, бронхопневмониямен ауырған төлдерді емдеуде жақсы нәтиже алған.

Өгей шөптің дәрілік шикізаты қызыл таспа, қалақай, шайқурай, қазанақ, көкпек, киікоты өсімдіктерінің дәрілік шикізаттарымен кешенді түрде қолданылады. Ол үшін олардың әрқайсысынан 10 грамнан шикізат алынып, жарты литр суға 10-15 минут қайнатады. Суытып, дәкемен сүзеді. Осылай алынған тұнба өкпесі, өңеші қабынып, жөтеліп тұрған құлын мен бұзауға 20-30 мл, қозыға 5-10 мл мөлшерінде күніне 3рет ішкізіледі.

Жалпы мал дәрігерлерінің тәжірибесінде дәрілік шикізат малға мынандай мөлшерде беріледі: ірі қара мен жылқыларға -20-50 г, марқа қозы мен шошқаларға -5-15 г.

Субеде – Вахта трехлистная.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде түберкүлезбен ауырған төлді емдеуге, малдың тәбетін жақсартуға, ас қорыту және тыныс алу жүйелерінің жұмысын қуаттандыруға пайдаланады.

Сонымен қатар мал ішегіндегі түрлі гельминт құрттарды түсіру , өт жүргізу үшін де қолданады.

Кептірілген жапырағы ірі қараға -25-50 г, жылқыға -10-25 г, тауыққа -0,1-1 г мөлшерінде беріледі. Дәрілік тұнба 1:10 қатынасында жасалып, малға күніне 2-3 рет ішкізіледі.

Ірі қараның өкпе түберкүлезін емдеу үшін субеде жапырағының, қызыл таспа шөбінің, сирень жапырағының, қара андыз тамырының әрқайсысы 30 грамнан алынып, араластырылады да, қайнап тұрған 1,5 л суға салынып, 15-20 минут тұндырылады. Дайын тұнба тірілей салмағы 80-100 кг бұзауға -150-200 мл-ден күніне 3-4 рет ішкізіледі. Емдеу мерізімі 7-10 тәулік. Одан кейін 10 күн үзіліс жасап, қайтадан емдейді.

Мал дәрігерлерінің тәжірибесінде субеденің тұнбасымен мал денесіндегі жараларды жуып, тез жазылуына әсер етеді.

Шілде-тамыз айларында 3-4 айлық қозылардың моиезиоз ауруын субеденің жапырағымен емдеуге болады.



Тасжарған – Бедренец каменеломковый.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде қақырық түсіретін, зәр айдайтын, ас қорыту жүйесінің жұмысын реттейтін, нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде қолданады. Өсімдік тамырының суда нашар еруіне байланысты, оның көбінесе спирттік тұнбасы пайдаланылады. Оны жасау үшін 50 грамм майдаланып, туралған тамыр 70*-тық 150 мл этил спиртінде 7-10 күн ашытылады. Оны суға араластырып бұзау мен құлынға -3-8 мл, қозыға -2-3 мл, қойға -3-5 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.

Тас шөп – Чабрец, тимьян ползучий.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде қақырық түсіру, өңеш қуысын кеңейту, ішектің кебуін басу, зәр мен тер шығаруды үдету үшін қолданады.

Құрғақ дәрілік шикізаттың берілу мөлшері: ірі қара мен жылқыға -20-60 г, қой мен ешкіге -10-15 г, бұзау мен құлынға -20-30 г, қозыға -5-10 г.

Тұнба 1:10 қатынасында жасалады. Майдаланған тас шөп малдың іріңді жаралары мен сыздауығын е мдеуге де қолданылады.

Көзі ауырған малды емдеу үшін 50-60 г дәрілік шөп қайнап тұрған 1 литр суға салынып, 15-20 минут тұндырылады да, екі қайтара сүзіліп, малдың көз алмасын шаяды.



Шегіргүл – Фиалка трехцветная.

Қолданылуы. Тыныс алу жүйесінің ағзаларының ауруларында қақырық түсіретін , бронхы бездерінің секретін үдететін, қақырықты сұйылтатын, зәрдің шығуын молайтатын зат ретінде қолданады. Кілегейлі зат ретінде ас қорыту жүйесінің ағзалары қабынғанда да қолдануға болады.

Шөбі тұнба, быламық, болюс түрлерінде пайдаланылады. Құрғақ заттың беру мөлшері: жылқыға -20-40 г, ірі қараға -20-50 г, қойға -5-30 г, шошқаға -5-10 г, итке -2-5 г, тауыққа 1 г.

Тұнбасын 5-10 г шикізатты 200 мл суға салып дайындайды. Бұзауға ½ стаканнан күніне 3-4 рет ішкізеді.

Шық шөп – Росянка круглолистная.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен өкпесі, өңеші қабынып, жөтелетін малды, көбінесе төлді емдейді. Бұзау мен құлынға орташа берілу мөлшері -0,5-1 грамм. Тұнбасы 1:20 қатынасында жасалады да қозыларға 5-10 мл мөлшерінде күніне 3-4 рет ішкізіледі.

Іле құртқашашы – Касатин илийский.

Қолданылуы. Шикізаттың тұнбасымен өкпесі, өңеші қабынған бұзау, құлын, қозы емделеді.

Тұнба 1:10 қатынасында дайындалады. Берілу мөлшері: бұзау мен құлынға -10-20 г, қозыға -5-8 г күніне 3 рет ішкізіледі.

Бұл бөлімдегі айдар шөп, тауқалақай, жөтел шай, жалбыз тікен, қазанақ, субеде, тас шөп және шық шөп деректері Н.Шәріпбаевтың кітабынан алынды (1988).

9-10 Дәріс



Ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеу үшін

қолданылатын дәрілік заттар.
Айылжапырақ сүйсін және телпек сүйсін – Ятрышник широколистный и шлемовидный. Халық арасында көкектің көз жасы, қоймалжың тамыр деп те атайды.

Қолданылуы. Құрамында кілегейлі заттар көп болғандықтан малдың асқазаны, тоқішегі қабынғанда, уланғанда, ұзақ ауырып әлсірегенде қолданады. Шикізаттың тұнбасы бұзаулардың, құлындардың, қозылардың ішінен қан кетіп ауырғанда жақсы көмектеседі.

Тұнбаны дайындау үшін 100 шикізат 1,5 л ыстық суға салынып, біраз шайқалады да, қаймақ тәрізді қоймалжың болғанда бұзауға, құлынға 250-300 мл, қозыға 50-75 мл мөлшерінде ішкізіледі.

Тамыр-түйнектің таза күйінде малға бір күндік беру мөлшері: ірі қараға -40-80 г, жылқыға -25-50 г, сақа қойға -10-30 г, бұзауға -40-50 г, құлынға -30-40 г, қозыға -5-10 г, шошқаға -5-20 г.

Ақ желімбас – Дрема белая.

Қолданылуы. Тұнбасының асқазан-ішек қабынуларына қарсы әсер ететін, малды тыныштандырып, қан тоқтататын қасиеттері бар. Іші өткен бұзау, қозыларға ішкізіледі.

Тұнба жасау үшін 10 г шикізат 0,5 л суға салынып, жарты сағат тұндырылады. Сүзілген тұнба бұзауға -100-150 мл, қозыға -30-50 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.



Ақ тал – Ива белая.

Қолданылуы. Малдың іші өткенде, асқазан қабынғанда, өт, зәр айдайтын, дене қызуын төмендететін, тұтқырлағыш, қан тоқтататын дәрі ретінде қолданылады. Дене қызуын төмендететін салицил гликозиді. Ол организмде саликазы ферментінің әсерінен глюкоза мен салигенинге ыдырайды. Ал салигенин салицил қышқылының туындысы болып келеді.

Еркек сырғаларынан дайындалған қайнатпамен бүйректердің қабынуын емдейді. Оның 10 %-ды спирттегі тұнбасы жүрекке оймақгүл тәрізді әсер етеді.

Мал дәрігерлік тәжірибеде ағаштың қабығы мен сырғаларынан тұнба, қайнатпа жасау арқылы іштің өтуін тоқтату, дене қызуын төмендету, қанның аққанын тоқтату үшін қолданады. Тұнбасы 1:10, қайнатпасы 1:20 қатынасында дайындалады да, бұзауларға ауыз қуысы арқылы 10 мл мөлерінде 1 кг салмағына есептеп береді.

Алоэ ағашы – Алоэ древовидное.

Дәрілік шикізат ретінде жас жапырақтары мен одан алынған сөлі пайдаланылады. Жапырақтарын өскен кезде кесіп алып, пресстеп сөлін алады да, оны буландыру арқылы құрғақ түріне айналдырады. Осылай дайындалған препарат сабур деп аталады.

Сабур – алоэ сөлінен алынған, қоюландырылған, қатайтылған, қара-қоңыр түсті, ащы дәмі және өзіне тән иісі бар препарат.

Химиялық құрамында гликозидті қосылыстар – антрагликозидтер – алоин, наталойн, алоэ-эмодин деген заттар бар.

Қолданылуы. Препаратты ауыз қуысы арқылы қабылдағаннан кейін 12-16 сағат өткенде оның антрагликозидтері арабиноза мен алоэ-эмодинге ыдырайды. Ол заттар бүйен ішектердің рецепторларын тітіркендіреді, рефлекс арқылы олардың жирылуын және сөл бөлуін үдетеді де, ас қалдығының тік ішекке қарай жылжуын жылдамдатады. Препараттың іш өткізу әсері осылай пайда болады. Ішек қабырғаларында пайда болатын гиперемия, шажырқай қан тамырларының өзегінің кеңеюі жатырдың жирылуына әсер етеді. Сондықтан буаз малдарға, әсіресе буаздықтың екінші жартысында, беруге болмайды. Сондай-ақ, асқазан мен ішектердің қабынған кезінде де оны қолдануға болмайды. Үлкен дозасы малды өлтіріп жіберу де мүмкін.

Төменгі дозасы ащы зат ретінде малдың тәбетін жақсартады, асқазан мен ішектердің сөл бөлуін белсендендіреді, әсіресе жылқыларда ас қорыту процессін үдетеді. Күйіс қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарының рецепторларын тітіркендіру арқылы месқарынның жирылуын жиілетеді. Жараға жаққанда оның грануляциясын жақсартады.

Сабур – жылқылар үшін іш өткізетін дәрілердің ішіндегі ең қолайлысы. Ал ірі қара, ұсақ малдар мен шошқалардың оған сезімталдықтары төмен. Оны ас қорыту процессін белсендендіру, өт айдау үшін бауыр мен өт жолдарының ауруларында, месқарынның тимпания, асқа толып керілуі сияқты ауруларын емдеу үшін быламық, болюс, микстура түрлерінде қолданады.

Іш өткізу және өт айдау үшін оның дозасы: жылқыларға – 20-35 г, ірі қараға – 25-40 г, ұсақ малдарға – 10 -15 г, шошқаға – 5-10 г, итке – 0,5-3 г; ал малдың тәбетін жақсарту үшін: жылқыға – 2-5 г, ірі қараға – 5-10 г, қойға – 1-5 г, шошқаға – 1-2 г, итке - 0,1-0,5 г.

Препараттың ампулада шығарылатын экстрактісін терінің астына жіберу арқылы қолданады. Оның сұйық түрін ауыз қуысы арқылы да қолдануға болады. Құрамында 0,05 г алоэнің жапырағы бар таблеткасы биогенді стимулятор ретінде ауыз қуысы арқылы қолданылады.

Шикізаттан қою, ақшыл-қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар линимент дайындалады. Оны тері жараларына, күйіктерге жұқалап жағып, сыртынан марлімен жауып емдейді.



Андыз – Аир болотный.

Қолданылуы. Ертеден орталық нерв жүйесін тыныштандыру үшін, асқазан мен ішек қатты ауырғанда, жылқыға өлі тигенде, іш өткенде қолданған.

Қазірде оның тұнбасын малдың тәбетін ашатын ащы зат ретінде, асқазан мен ішектің қабынуын емдеу үшін, іштің өтуін тыю үшін беріледі. Ұнтағының дозасы: ірі қараға -30-50 г, бұзауға -15-20 г, сақа жылқыға -20-30 г, құлынға -10-15 г, қойға -5-10 г, қозыға -3-5 г, шошқаға -5-8 г, торайға -2-5 г ішкізіледі. Су тұнбасы 1:50 –ге қатынасында жасалады.

Осы өсімдіктің тамырының спирттік тұнбасымен мал терісіндегі іріңді жараларды емдейді. Тұнбаны дайындау үшін майдаланып туралған тамырдың 50 грамын 70* 200 мл спиртке салып бір апта ашытады. Алынған тұнбаны жараға, есекжемге жағу арқылы емдейді. Спирттік тұнбаны бұзаудың, құлынның, қозының іші өткенде де қолдануға болады. Ол үшін 6-8 мл тұнбаны қайнаған 100-150 мл суға араластырып, бұзау мен құлынға күніне 3-4 рет ішкізеді. Ал қозыға беретін мөлшері одан 2-3 есе аз болуы керек.

Андыз тамыры медицинада кеңінен қолданылатын викалин және винаир препараттарының құрамына кіреді. Ол дәрілер асқазан мен тоқ ішектегі жараларды емдеу үшін және сөл қышқылын азайту үшін қолданылады.


Асбұршақ – Горох.

Қолданылуы. Көбінесе малдың азықтың жеткіліксіздігінен болатын дистрофия ауруын емдеуге қолданады. Мал арықтап, әлсіреп қалған кезде оның тез оңалуы үшін өте қажет. Жылқыға, сиырға -1,5-3 кг; қойға - 0,5-0,8 кг мөлшерінде күніне 2 рет басқа азықтармен араластырып береді.

Жалпы асбұршақ шөбі құрамында белогы көп, малды тез күйлендіретін, өте жұғымды азық.

Оның дәні тамақ өнеркәсібінде де жиі пайдаланылады. Республикамызда бұршақ тұқымдас өсімдіктердің 600-ге жуық түрлері өседі. Солардың ішіндегі маңыздыларының бірі – осы асбұршақ.

Аскөк – Укроп огородный.

Химиялық құрамында эфир және өсімдік майлары, аскорбин қышқылы, каротин, фенхон, анетол, флавоноидтар, иверцетин деген заттар бар. Жаңа үзілген көк шөбінің құрамында С витамині, каротин, флавоноидтар болады.

Қолданылуы. Тұнбасын малдың тәбетін жақсарту үшін қолдануға болады. Онда асқазан мен ішектердің жирылуы жақсарады, ішектерде керксіз газдар түзілмейді, ал кебе қалғанда желді сыртқа шығарады.

Медицинада қан қысымын төмендету, қан тамырларының өзегін кеңейту, несеп пен өтті жүргізу, қақырық түсіру үшін қолданылады.

Мал дәрігерлік тәжірибеде асқазан мен ішек ауруларына қарсы аскөкті басқа дәрілермен қосып пайдаланса нәтижесі жақсы болады. Сақа малға аскөктің жемісі ұнтақталған түрде, ботқа, қоймалжың түрінде беріледі.

Малға беру мөлшері: жылқыға -10-25 г; қойға -5-10 г; құсқа 0,2-0,5 г; шошқаға -6-12 г. Бұзауға, қозыға тұнба жасап ішкізген жақсы нәтиже береді. Ол үшін 10 г шикізат қайнап тұрған 0,5 литр суға салынып, жарты сағат тұндырылады да, бұзауға сүт берерден 30 минут бұрын 15-30 мл, қозыға 5-10 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.



Атқұлақ немесе қымыздық – Щавель конский.

Қолданылуы. 1:20 қатынасында жасалған тұнбасын бұзауға 300-400 мл, қозыға 50-100 мл мөлшерінде күніне үш рет ішкізгенде олардың іш өтуі тиылады. Тұнба жасау үшін шикізаттың 20 грамы 1 литр қайнаған суға салынып, 30 минут тұндырылады да, дәкемен жақсылап сүзіледі.

Халық емінде атқұлақтың жапырағы малдың қатты қышитын тері қотыры мен жарасын емдеуге ертеден қолданылған. Ал медицинада өсімдік тамырының спирттегі ертіндісімен бүгінде ревматизм ауруы мен тамақтың қарлығуын емдейді.



Аюбалдырған – Дягиль лекарственный.

Қолданылуы. Дәрілік шикізаттың қақырық түсіретін, тер мен зәр шығаратын, ащу процессіне қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Олай болса, оны төлдердің диспепсия ауруында, ірі малдардың шаншу құбылысымен сипатталатын ауруларында, тыныс алу ағзаларының ауруларында қолдануға болады. Ас қорыту жүйесінің бездерінің қызметтерін үдетеді, жүрек пе қан тамырларының тонусын жоғарылатады, орталық нерв жүйесін тыныштандырады.

Мал дәрігерлік тәжірибеде оны қайнатпа, ұнтақ түрлерінде пайдаланады. Қайнатпа 1:20 қатынасында жасалып, 2 тәуліктей қараңғы жерде сақтауға болады. Ауыз қуысы арқылы берілетін дозасы: ірі малдарға – 10-25 г, ұсақ малдарға – 2-5 г



Бақ-бақ – Одуванчик обыкновенный.

Қолданылуы. Мал дәрігерлерінің тәжірибесінде шикізатының тұнбасы мал асқазанының, ішектерінің сөл шығару қабілетін жақсарту үшін қолданылады. Мадың ішін жүргізу, өт пен несіпті айдау, қақырық түсіру үшін де пайдаланады.

Адам қанындағы холестеринді азайтады, жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін жақсартады, артериялық қан қысымын төмендетеді. Мөлшері: жылқыға – 15-25 г, ірі қараға -20-50 г, қойға -5-10 г, бұзауға -4-8 г, қозыға -2-4 г, тауыққа 0,2- 1,0 г мөлшерде күніне 2-3 рет беріледі.

Тамыр тұнбасын дайындау үшін 40 грамм дәрілік шикізат 0,5 литр ыстық суға салынып, 20-25 минут тұндырылады. Ауру бұзауға күніне үш рет -100-150 мл, қозыға -20-30 мл, ірі қараға -250-300 мл, қойға  -150-200 мл мөлшерінде ішкізіледі.

Тұнбасымен мал денесіндегі күсті, тері қотырын да емдеуге болады. Ол үшін 10 г шикізат ұнтағы мен 10 г кәріқыз араластырылады да, 600 мл суық суға салып, 10-15 сағат жылы жерде тұндырылады. Оны дәкемен сүзеді. Дайындалған тұнба сақа малға күніне 3  рет 150-200 мл-ден ішкізіледі. Сонда мал денесіндегі күс бірте-бірте кетеді. Емдеу мерізімі 5 күндей.



Беде – Люцерна посевная.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде организмде белоктың жеткіліксіздігін тудыратын ауруларда қолданады: гипопротеинемия, алиментарлы дистрофия. Арықтап, әлсіреген малға беде, жоңышқа шөбін 10-15 күн қатарынан бергенде ол қоңданып, тез қатарға қосылады.

Ескеретін жағдай: жаңадан қаулап өсіп келе жатқан бедені күйіс қайыратын мал жесе олардың іші кеуіп, өлім-жітімге ұшырауы мүмкін. Сондықтан, беде жайылымы мен егістігіне ірі қара, қой, түйе жаюға болмайды. Жаңа шабылған беде ең кемінде 2-3 сағат жел қақтырылып барып көк балауса конвейеріне жіберіледі.

Бөріқарақат – Барбарис амурский.

Қолданылуы. Негізгі әсерлеріне – қан тоқтату, жатыр еттерінің жирылуын үдету, жүрек ритмін жиілету, артериялық қысымды және өт қабының тонусын төмендету әсерлері жатады.

Мал дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасын бауырдың, өт қабының қабынударында, өтте тас түзіліп ауырғанда; акушерлік және гинекологиялық тәжірибеде – туған малдың жатырынан қанның ағуын тоқтату үшін және жатырдың субинволюциясында қолданады.

Спирттегі тұнбасын дайындау үшін шикізатты 40* спиртте 1:5 қатынасында ерітеді. Итке 7-10 тамшыдан суға араластырып күніне 2-3 рет ішкізеді.

Судағы тұнбасы 1:20 қатынасында дайындалады. Ол үшін 10 г шикізатқа қайнап тұрған бір стакан су құяды да су ваннасына 15 минут қояды. Үй температурасында 45 минуттай суытып, сүзіп, жалпы мөлшерін 200 мл-ге жеткізеді. Дайын болған дәріні салқын жерде 2 күндей сақтауға болады. Бауыры және өт жолдары ауырған итке 1 десерт қасықтан күніне 3-4 рет ішкізеді.



Бұйра қасқыр шөбі – Волчен кудрявый.

Қолданылуы. Мал дәрігерлерінің тәжірибесінде тәбет ашатын ащы зат ретінде, асқазан мен ішекердің жұмыстарын жақсарту үшін пайдаланылады. Кницин гликозиді рефлекторлы түрде асқазан мен ішектердің сөл бөлуін, жирылып-созылуын жақсартады.

Малға беру мөлшері: ірі қараға – 25-50 г, жылқыға -10-25, қойға -5-10 г.

Өсімдік тұнбасы 1:10 қатынасында жасалады немесе 100 грамм дәрілік шикізат қайнап тұрған 1 литр суға салынып, 15-20 минут тұндырылады да, ірі қараға, жылқыға -250-500 мл, қойға -50-100 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.

Бұйырғын – Ежовик солончаковый.

Қолданылуы. Малдың азыққа тәбетін ашу, асқазан мен ішектердің жұмысын жақсарту үшін қолданылады. Ол қалың өсетін жайылымдарда қой, ешкі және жылқы малдары тез қоңданады. Жаздың бас кезінде бұйырғынды тек түйе ғана жейді. Ірі қара оны жемейді. Оларға дәрілік мақсатпен де беруге болмайды.

Дәрілік мақсатпен бұйырғын тұнбасы 1:10 қатынасында жасалып қойға, ешкіге -150-200 мл, жылқыға -250-300 мл, түйеге -500-700 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.

Бұйырғын өсетін жерлерде оған ұқсас күйреуік, домалатпа, сораң деп аталатын өсімдіктер өседі. Олардың азықтық құрамы бұйырғынға ұқсас болады.

Ескету. Сортаң және сұрқоңыр топырақты жерлерде, сондай-ақ тақыр жерлерде бұйырғынның бір өзі және көкпек, ит сигек, жусан араласып өскен жайылымдар болады. Жаз айларында олардың құрамында тұздың көп болуына байланысты қой нашар жейді. Ал күз, қыс айларында қой және түйе жайған өте пайдалы.

Бұрыш жалбыз – Мята перечная, шалфей лекарственный.

Қолданылуы. Мал дәрігерлерінің тәжірибесінде жалбыз жапырақтары асқазан мен ішек ауруларын емдеуге, малдың ауыз қуысын, тамағын шаюға, өңештің суықтан болатын ауруын емдеуге қолданылады.

Тұнба жасау үшін 40 грамм ұсақталған жапырақ қайнаған 1 литр суға салынып, 15-20 миут тұндырылады да, сүзіліп, іші өтіп тұрған малға беріледі. Тірі салмағы 40-50 кг құлын мен бұзауға 200-300 мл мөлшерінде күніне үш рет, қозыға 30-50 мл мөлшерінде күніне 3-4 рет ішкізіледі. Емдеу мерізімі -3-5 тәулік.

Сақа малға жапырақ ұнтағының берілу мөлшері: ірі қараға - 40-80 г, жылқыға - 25-60 г, сақа қойға - 10-15 г.

Дәрілік кровохлебка – Кровохлебка лекарственная.

Қолданылуы. Халық емінде шикізаттан жасалған тұнба асқазан мен ішек ауруларын емдеуге, жатыр мен бүйректерден аққан қанды тоқтатуға қолданған. Ауыз уылғанда оны шаюға пайдаланған.

Қазірде де мал дәрігерлік тәжірибеде малдың асқазаны мен ішектеріндегі жараны емдеуге, олардан аққан қанды тоқтатуға жән іштің өтуін тыюға қолданылады.

Дәрілік тұнба жасау үшін 50 грамм тамыр кесіндісі 1 литр суға салынып, 10-15 минут қайнатылады. Тірі салмағы 30-40 кг бұзауға 100-150 мл, қозыға 15-25 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі. Егер төлдің іш өтуі тоқтамасас тұнбаны беру мөлшерін екі есе көбейтеді.

Жалпы өсімдік тамыры ірі қара мен жылқыға -25-40 г, қой мен ешкіге -5-15 г, қозыға -1-3 г мөлшерінде күніне 3 рет беріледі.

Шикізаттың тұнбасымен малдың ауыз қуысын, тамағын, жатырын, күйген жерін, кіші-гірім жараларын жууға болады. Күйікті емдегенде дәрілік тұнбаға аздап фурациллин, риванол ертінділерін қосып жуса, емдеудің нәтижесі жақсы болады.

Дәрілік қырмызыгүл – Календула или ноготки лекарственные.

Қолданылуы. Оның тұнбасын малға ішкізгенде орталық нерв жүйесін тыныштандырады, рефлекторлық қозуды тежейді. Тікелей қанға жібергенде артериялық қан қысымын төмендетеді, жүрек қызметін жақсартады.

Мал дәрігерлік тәжірибеде тұнбасы мен дәрілік препараттары асқазан мен ішектегі жараны, бауыр мен өт ауруларын емдеуге қолданылады. Іштің өтуін тоқтатады.

Тұнба жасау үшін 50 г ұнтақталған шикізат қайнаған 750 мл суға 10-15 минут тұндырылып, дәкемен сүзіледі. Тұнба тірі салмағы 30-40 кг бұзау мен құлынға -100-150 мл, қозыға -10-15 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.

Сақа малға арнап тұнба жасау үшін 100 г дәрілік шикізат қайнаған 1 литр суға салынып, 10 минут тұндырылады. Жылқыға, ірі қараға -150-250 мл, сақа қойға -60-100 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі. Өсімдік тұнбасы қосылып жасалған майлармен малдың денесіндегі түрлі жараларды, күйікті, іріңді жараларды емдеуге болады.

Медицинада да кеңінен қолданылады. 0,25 грамм қырмызыгүлдің гүлінен және 0,1 грамм никотин қышқылынан тұратын, таблеткасы бар. Оны асқазандағы қатерлі ісікті емдеуге қолданады.

Дәрілік окопник – Окопник лекарственный.

Қолданылуы. Тұнбасы асқазан мен ішек, тыныс алу ағзаларының кілегей қабықтарын жұмсарту, малдың азыққа тәбетін арттыру үшін қолданылады.

Халық емінде малдың зәр шығаруы бұзылғанда, зәрге қан араласып шыққан кезде, жіті түрде іші түйілгенде, іш өткенде қолданған.

Өсімдік тамырының ұнтағын жылқы мен ірі қараға -30-60 г, қой мен ешкіге -15-30 г мөлшерінде жем шөпке араластырып береді. Іші өтіп тұрған бұзауға, құлынға, қозыға тамыр тұнбасы 1:5 қатынасында жасалады. 100 г тамыр ұнтағы 1,5 литр суға салынып, 30-40 минут бүлкілдетіп қайнатылады да, бұзау мен құлынға -120-180 мл, қозыға -20-30 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі. Тұнбаны таңқурай шөбінің ұнтағын қосып жасаса, емдеу нәтижесі жоғары болады.

Мал дәрігерлік тәжірибеде шикізаттың спирттік тұнбасын жасау үшін 50 грамм тамыр ұнтағы 40* 250 мл этил спиртінде тұндырылады. Сынықты, денедегі ісікті емдеу үшін сол жерге жақсылап сіңдіріліп жағылады.



жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау