3 деңгейлі ОӘ құжаты


Орман мальвасы – мальва лесная, просвирник лесной



жүктеу 0,91 Mb.
бет6/9
Дата19.11.2018
өлшемі0,91 Mb.
#20484
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Орман мальвасы – мальва лесная, просвирник лесной.

Қолданылуы. Гүлі мен жапырағының тұнбасы асқазан-ішек қабынуын емдеуге, қақаырық түсіруге қолданылады.

Малға ішкізу мөлшері: жылқыға – 20-40 г, ірі қараға – 20-60 г, қойға – 5-30 г. Тұнба 1:10 қатынасында жасалады.



Ошаған – Репейник обыкновенный.

Қолданылуы. Малдың асқазан-ішек, өт жолдары мен бауыр ауруларына қарсы қолданылады.

Ошағанның тұнбасын бауыры, өті ауыратын малға ішкізсе, аузы уылған малдың аузын шайса тез жазылады.

Дәрілік шөптің ұнтақталған 70 грамы бір литр қайнап тұрған суға салынып, 15-20 минут тұндырылады. Тірідей салмағы 50-60 кг ауру бұзауға азықтандырардан 30 минут бұрын күніне 3 рет 150-200 мл, қозыға - 30-50 мл-ден ішкізіледі.

Пияз –Лук репчатый.

Қолданылуы. Малдың тәбетін көтеру, ішектердегі құрттарды түсіру, жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуын емдеу, асқазанның сөлінің бөлінуін реттеу үшін қолданылады.

Пияз тұнбасы малдың күйіс қайыруын реттейді; тақия, жалбыршақ қарыншақтардың жирылуын үдетеді; ішектегі желді, газдарды басады; ішектердің жирылуын реттейді. Мал дәрігерлік тәжірибеде тұнба, езілген түрі және сөлі суға араластырылып беріледі.

Пияздың қабығынан 5 %-дық ертінді жасап, бұзауға 150-300 мл мөлшерінде күніне 4-5 рет ішкізсе, олардың азыққа тәбеті артып, ас қорыту процессі жақсарады. Мұндай тұнба ішектегі колибактериоз, қылау ауруларын қоздыратын микробтарды өлтіреді.

Жаңадан майдаланып туралған пиязды денедегі жараны, нашар жазылып келе жатқан күйік жарасын емдеуге қолданады. Ол үшін туралған пияз 1:10 қатынасында физиологиялық ертіндіге араластырылады да, таза дәке салфеткаға құйылып, жараға жабыстырылады. Пияздың құрамындағы шипалы заттардың ұшып кетпеуі үшін полиэтиленді қабықшамен байланады.

Пияз-тұнба ірі қараға – 30-60 мл, қойға – 15-30 мл мөлшерінде күніне 2-3 рет ішкізіледі.

Сарбас қурай – Гулявник струйчатый.

Қолданылуы. Ішектердің тонусын көтереді, жирылуын үдетеді; жүректің қызметін жақсартады, артериялық қысымды жоғарылатады. Малдың ішін өткізу үшін сұйық экстрактысы ұсақ малдарға 10-20 тамшы мөлшерінде қолданылады.

Мал дәрігерлік тәжірибеде өсімдіктің жер бетіндегі бөлігінен тұнба жасап іріңді жараларды жуып, шаю үшін қолданады. Жараларға жапырағын қолданғанның да нәтижесі жақсы.



Сары володушка – Володушка золотистая.

Қолданылуы. Тұнбасы мен қайнатпасы іш айдайтын, өт жүргізетін, малдың күйін жақсартатын дәрі ретінде қолданылады. Жапырағын жаралаға таңып емдейді.

Тұнбасын дайындау үшін шикізаттың 20 грамын бір литр қайнап тұрған суға 15-20 минут тұндырады да, бұзауларға, құлыындарға күніне 3 рет 200-250 мл, қозыларға 20-40 мл-ден азықтандырардың алдында жарты сағаттай бұрын ішкізеді.



Сарыбас немесе шайқурай – Зверобой.

Қолданылуы. Асқазан-ішек ауруларын емдеуге, қан тоқтатуға, микробтарды жоюға, дезинфекция жүргізуге қолданады. Өт айдайтын, бауырдың жұмысын жақсартатын қасиеттері де бар.

Өсімдіктің құрамынан иманин және новоиманин деген фитонцидтік заттар алынады. Онымен күйікті, жараларды, желінсау, жұтқыншақтың қабынуын емдеудің нәтижесі жақсы.

Қазіргі мал дәрігерлік тәжірибеде шайқурай шөбінің 1:20 қатынасында дайындалған тұнбасы төлдің диспепсиясын, асқазан-ішек қабынуларын емдеуге, бауырдың жұмысын жақсартуға, өтті жүргізуге қолданады.

Дәрі тұнбасын жасау үшін бір литр суға 7-8 ас қасық шикізатты салады да 15-20 минут бұқтырып барып, сүзіп алады. Бұзау мен құлынға 200 мл, қозыға 50 мөлшерінде күніне үш рет ішкізіледі. Антибиотиктермен, сульфаниламидтік препараттармен бірге қолданғанның нәтижесі жақсы.


Сарымсақ – Чеснок посевной.

Қолданылуы. Ертеден тыныс алу ағзаларының, ас қорыту жүйесінің ауруларында, цинга ауруын емдеу үшін қолданып келеді. Ол асқорыту жүйесінің ағзаларының секрет бөлуін үдетеді; малдың тәбетін, ас қорыту процессін жақсартады. Шіру процессін болдырмайды, улануға қарсы әсер етеді. Ауырсынғандықты басады, зәрдің шығуын үдетеді. Жүректің қызметін реттейді. Құрамындағы фитонцидтер Грам оң, Грам теріс бактерияларды жояды. Алдыңғы қарыншақтардың жирылуын жақсартады.

Сарымсақтың тұнбасын 100 грамм шикізатты 2 литр суға езіп дайындайды. Дозасы: ірі малға – 30-60 г, қой мен ешкіге – 15-30 г.

Бұзаулардың ас қорыту процессі бұзылғанда (диспепсия) сарымсақтың спирттегі тұнбасын қолданады. Оны дайындау үшін 200 ұнтақталған сарымсақтың жуасын 1 литр этил спиртінде 12-14 сағат тұндырады. Бұзауларға уыз сүтін ішкізердің алдында 0,3-0,5 мл 1 кг салмағына есептеп береді. Берер алдында тұнбаны 1:4- 1:5 қатынасындай етіп сумен араластырады.

Шикізатты сырттай қолдану үшін оның 1:50-1:100 қатынасында быламығын пайдаланады. Оны 0,85 % ас тұзының ертіндісінде дайындайды.

Шикізаттың спирттегі тұнбасы мөлдір-сарғыш сұйық. Оның дозасы: ірі қараға - 20-30 мл, қойға – 5-15 мл, итке – 1-3 мл, торайға – 0,1-0,2 мл/кг.

Сасыр – Горичник.

Қолданылуы. Қыстан әрең шыққан және ауру малға сасырдың тамыр-жидегі туралып жемге, шөпке қосылып беріледі.

Сексеуіл – Саксаул.

Қолданылуы. Қуаңшылық жылдары малға азық ретінде шөпке, жемге араластырып береді. Ірі қара мен түйеге – 300-500 г, қойға – 150-200 г мөлшерінде күніне 3 рет беріледі. Гүлі мен жас бұтақшаларының кесінділері малдың асқазан-ішек жұмысын жақсарту үшін қолданылады.

Сопақша айва – Айва продолговатая.

Қолданылуы. Тұқымының сыртындағы ақ түсті қабығы суда жақсы ісініп, мөлдір кілегей пайда болады. Оны сырттай және ішке тұтқырлағыш, илегіш зат ретінде шаншу құбылысымен сипатталатын ауруларда, малдың іші кеуіп ауырғанда және тыныс алу ағзаларының ауруларында қақырық түсіру үшін қолданады.

Соя – Соя.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде соя шөбі арықтап, әлсіреген малдың күйін жақсарту үшін, гипопротеинемия, алиментарлы дистрофия ауруларын емдеуге қолданылады. Көбінесе жемшөпке араластырып береді. Жылқыға, ірі қараға – 2-3 кг; қойға – 0,6-1,2 кг; бұзау мен құлынға – 1,5-2 килограмнан күніне 3 рет беріледі.

Сұлы – Овес.

Қолданылуы. Сұлы жылқыға, ірі қараға, қойға өте жұғымды азық. Әсіресе жылқыға диеталық азық болып саналады. Малдың асқазан-ішек жұмыстарын жақсартады, организмдегі судың тері арқылы шығуын үдетеді.Мал дәрігерлік тәжірибеде сұының дәні, жас сабақтары мен жапырақтарынан тұнба, қоймалжың зат жасалып іші ауырған бұзауларға, қозыларға, құлындарға ішкізіледі. Ол үшін 5 литр суға 5 стакан сұлы салынып, 15-20 минут бойы бүлкілдетіп қайнатады. Одан кейін салқын жерде 35-40*- қа дейін жақсылап араластырылады да, іші өткен бұзауларға 400-500 мл мөлшерінде күніне үш рет ішкізіледі. Бұл кезде сүт беру тоқтатылады.

Сұлыны сүттің орнына да қолдануға болады. Ол үшін жас, енесі жарытпайтын қозыларға жарылған сұлыны сиыр сүтіне 1:1 қатынасында бұлғап береді. Сұлының сабанынан да тұнба жасауға болады. Қолданылуы жоғарыдағыдай. Сұлының сабағы мен жапырақтарынан жасалған бұлау тері ауруларын емдеуге қолданылады. Оны дайындау үшін 1,5 кг туралған сабанды 3 литр суға 30-40 минут қайнатады да, дәкемен сүзеді. Осы қайнатындымен терідегі қотырды жуады.



Сүйекті ақ қурай – Псоралея костянковая.

Қолданылуы. Өсімдіктің жас кезінде малды тез семіртетін азық ретінде пайдаланылады. Өзбек ғалымдарының деректері бойынша оны тері ауруларын емдеуге болатындығы дәлелденген.

Сыңғақ итшомырт – Крушина слабительная.

Қолданылуы. Малдың іші жүрмей қалғанда, ішектері түйіліп ауырғанда және тік ішектің жарақаттарында, ішектегі құрттарды түсіруге қолданады.

Дәрілік тұнба жасау үшін өімдік жемісінің бір өлшемі қайнаған судың үш өлшеміне (100:300) есепделіп жасалады немесе 150-200 мл суға 50 г жеміс салынып, тұндырылады.

Дайын болған тұнбаны малға бері мөлшері: жылқыға - 100-250 мл, ірі қараға – 200-400 мл, бұзауға – 100-250 мл, сақа қойға – 20-25 мл, 3 айға дейінгі қозыға және шошқаға – 5-15 мл.

Тау жылан шөбі – Горец змейный.

Қолданылуы. Ас қорыту жүйесінің ағзаларының қызметтері бұзылғанда, асқазан мен он екі тұтам ішектің ойық жараларында, қан аққанда тұтқырлағыш зат ретінде ауыз қуысы арқылы қолданылады. Ауыз қуысы қабынғанда оны шаюға болады.

Мал дәрігерлік тәжірибеде қайнатпасы 1:10 қатынасында дайындалады. Экстрактысы мен қайнатпасы сондай-ақ асқазан ауруын емдеу үшін қолданылатын тұтқырлағыш қоспаның құрамына кіреді. Құрамындағы галло қышқылының ішек таяқшасы мен протей микроорганизмдеріне қарсы әсері бар.

Ауыз қуысы арқылы қолданғанда жылқылар мен ірі қараға – 30-80 г, қой мен шошқаға – 10-20 г, итке – 2-5 г, түлкіге – 0,5-1,5 г, тауыққа – 0,3-1,5 г мөлшерінде күніне 3 рет береді. Өндірісте көбінесе сұйық экстрактысы шығарылады. Оныда жоғарыдағыдай жағдайларда қолданады.

Таушүмілдек – Пион уклоняющийся.

ҚОЛДАНЫЛУЫ. Ас қорыту жүйесінің ағзаларының жұмысын жақсарту, малдың тәбетін арттыру, ауырсынғандықты басу, созылмалы асқазан-ішек ауруларын емдеу үшін қолданылады.

Тамыр тұнбасы 1:100-ге жасалады немесе 10 г туралған тамыр 1 литр қайнаған суға салынып -2-3 сағат тұндырылады. Жылқы мен ірі қараға 3-4 г тамыр, бұзауға – 1-2 г, қозыға – 0,3-0,5 г тамыр беріледі.



Түйежапырақты рауағаш – Ревень татарский.

Қолданылуы. Малдың тәбетін ашу, асқазанның сөл бөлуін жақсарту, өт айдату, бауыр ауруларын емдеу үшін қолданылады. Көбінесе тұнба түрінде беріледі. Іш айдату мақсатымен жылқыға – 300-500 г, қойға – 80-100 г, бұзауға – 90-130 г, қозыға – 40-80 г; ас қорыту ағзаларының жұмысын жақсарту үшін: жылқыға – 10-25 г, ірі қараға – 20-40 г, қойға – 2-10 г.

Рауағаш тамыры тері өңдеу өнеркәсібі үшін бағалы шикізат болып саналады. Өсімдіктің тамырынан дайындалған дәрілер медицинада түрлі қатерлі ісіктерді емдеуге қоланылады. Халық емінде рауағаш түберкүлезді, қанның азайып, ақ түйіршіктерінің көбейе бастауын тоқтату және едеу үшін қолданылады. Өсімдік тұнбасын жасау үшін 1 ас қасық ұнтақталған тамырды 800-1000 мл суға салып, 5-10 минут қайнатады. Суытып, сүзеді де, малға ішкізеді.



Түйежоңышқа – Донник.

Кәдімгі түйежоңышқа бір-екі жылдық, хош иісті, үш жапырақты, шөп тектес өсімдік. Гүлдері ұсақ, күлтесі ақ, кейде сары түсті болады. Гүл тостағаншасы қоңырау тәрізді, жемісі бұршақ қап. Республикамыздың сортаңды жерлерінде жиі өседі. Оның екпе түрі топырақты азотқа байытып, құнарлылығын арттырады. Суыққа және желге төзімді келеді.

Ақ түйежоңышқа - биіктігі 50-125 см, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы тік өседі , түктері бар, Гүлі ақ түсті, майда. Мамыр-тамыз айларында гүлдейді.

Дәрілік түйежоңышқаның сабағы тік, гүлі ұсақ, сары түсті, жиналып гүл шоғырын құрайды. Жапырағы үш құлақты, сабағына жабысып өседі, пішіні жұмыртқа тәріздес, шеттері ара тісті. Маусымнан қырқүйекке дейін гүлдейді.

Сары жоңышқа – биіктігі 30-90 см, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы тік, сыртын түк басқан. Күлтесі сары, тұқымы бұршақ тәріздес, сарғыш-жасыл түсті. Мамыр-шілде айларында гүлдейді.

Қолданылуы. Кәдімгі, ақ, тісті түйежоңышқалар гипопротеинемия, алиментарлы дистрофия ауруларынан сақтандыру және емдеу үшін қолданылады. Мал азығы ретінде оның майдаланған түрі азыққа қосылып беріледі.

Дәрілік және тісті түрлері өкпесі ауырған малдың қақырығын түсіруге, тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларын емдеуге, жүйкесі бұзылған малды тыныштандыруға қолданылады.

Өсімдік тұнбасы 1:10 қатынасында жасалып, сақа малға – 100-150 мл, бұзауға – 30-60 мл, қозыға – 10-15 мл мөлшерінде күніне үш рет ішкізіледі.

Өсімдіктің дәнінің, тұқымының химиялық құрамы, дәрілік қасиеті әлі толық зерттелмеген.



Түймешетен – Пижма обыкновенная.

Қолданылуы. Өт және өт жолдары қабынғанда, асқазан сөлінің қышқылдығы төмендегенде, асқазан-ішек ауруларын емдеу үшін қолданылады. Тұнба 1:100 қатынасында дайындалады. Ол үшін 10 г дәрілік шикізат 1 литр суға салынып, 20-30 минут бүлкідетіп қайнатылады. Одан кейін суытылып, дәкемен сүзіледі. Ірі қараға 200-300 мл тұнба екі рет ішкізіледі. Жас бұзауға, қозыға берілмейді. Дәрігердің рұқсатымен ғана тағайындалады.

Мал дәрігерлік тәжірибеде шикізаттың ұнтағы ішектегі гельминтті түсіреді, өтте өсетін лямблий құрттарын да айдап шығады. Мал қораларындағы шыбын-шіркей, түрлі қоңыздарды, шаянды, қарақұртты т.б. насекомдарды жоюға да қолданылады. Малшылар жаңа жұртқа көшіп келгенде киіз үйдің сыртынан түймешетеннің ұнтағын сеуіп қойса, үйге сырттан улы жәндіктер, насекомдар кіре алмайды.



Тікенді қара өрік – Алхоры, сливаколючая или терн.

Қолданылуы. Ішектердің жирылуын реттейді, зәр айдайды. Сондықтан мал дәрігерлері оны малдың күйіс қайыруы бұзылғанда, іші жүрмей қалғанда қолданады.

Дәрілік тұнбасын жасау үшін 50 г ұнтақталған гүлі мен жапырағын қайнаған 0,5 литр суға салып, 30 минут тұндырады. Жас бұзауларға – 120-150 мл, қозыларға – 30-60 мл, ірі малға – 200-300 мл мөлшерінде күніне 2-3 рет азықтандырардан 30 минут бұрын беріледі.

Екінші бір жағдайда өсімдіктің 10 грамм (2 шай қасық) қабығы мен ұнтағын 0,5 литр суға қайнаған суға салып, 15 минут бүлкілдетіп қайнатады. Тірідей салмағы 40-50 кг бұзауға күніне 3 рет 120-140 мл суытылған тұнба ішкізіледі.

Үшжапырақты вахта – Вахта трехлистная.

Қолданылуы. Құрамындағы ащы заттар кілегей қабықтардың рецепторларын тітіркендіреді, ас қорыту жүйесінің бездерінің секрет бөлуін ұлғайтады, малдың тәбетін жақсартады, ас қорыту процессін үдетеді. Мал дәрігерлік тәжірибеде осы қасиеттерін малдың ас қорыту жүйесінің ауруларында, бауырдың және өт жолдарының қызметтері бұзылғанда, асқазан мен ішектердің қабынуларында ауыз қуысы арқылы тұнба ретінде қолданады.

Тұнбаны 1:20 қатынасында дайындайды. Оны салқын жерде екі тәуліктен артық сақтауға болмайды. Осылай дайындалған тұнбаны ірі қараға – 25-50 г, жылқыға – 10-25 г, шошқаға – 2-5 г, қойға – 5-10 г, итке – 0,5-2 г, тауыққа – 0,2-1 г мөлшерінде күніне 3 рет ішкізеді.

Жапырақтың тұнбасын немесе жапырақтың өзін сырттай тері ауруларын, жараны е мдеуге қолдануға болады.

Шай шөп – Цмин песчаный или бессмертник.

Қолданылуы. Өт, зәр айдайтын және асқазан мен ішектердің жұмыстарын жақсартатын дәрі ретінде пайдаланылады. Малдың бауыр ауруларын емдеуде алынған жақсы нәтижелер бар.

Тұнбасын жасау үшін екі ас қасық шай шөп гүлі жарты литр суға салынып, 15-20 минут бүлкілдетіп қайнатылады. Суығаннан кейін дәкемен сүзіп, тірідей салмағы 80-100 кг бұзауға 150-200 мл мөлшерінде ішкізіледі.

Өсімдіктің судағы тұнбасының дәмі ащы болады. Малға резина құмыралармен күштеп беріледі.

Шай шөпті басқа да дәрілік шөптермен қосып пайдаланғанда жақсы нәтиже береді. Ол үшін 40 г шай шөп, 30 г қызылбас жоңышқа, 20 г жалбыз, 10 г орман қазтамағы жақсылап араластырылады да, оның 30 грамы 1 литр суға қайнатылып ірі малға 200-250 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі. Сондай-ақ шыбын-шіркей, масаны үркіту, қара күйе құртын жою үшін де қолданады.

Шай шөптен фламин дәрісі жасалады. Ол өт айдайтын дәрі ретінде медицинада жиі қолданылады. Аренарин антибиотигі де осы шөптен алынады. Олда негізінен медицинада қолданылады.

Шатырша толғақ шөп – Золототысячник зонтичный или золототысячник малый.

Қолданылуы. Ас қорыту жүйесінің ауруларында, ішек түйілгенде, желденгенде, өт қабы мен өт жолдарының ауруларында, бүйрек ауруларында қолданылады.

Бұл дәрілік шөп амара тинктурасы деп аталатын ащы тұнбаның құрамына кіреді. Оны жасау үшін андыз тамырының 30 грамы, шатырша толғақ шөбінің 60 грамы, кермек жусанның 30 грамы, мандарин қабығының 15 грамы араластырылып 50 % -пайыздық 850-900 мл спиртте 6-7 күн бойы ашытылады. Бұл ащы тұнба малдың азыққа тәбетін ашу және асқазан-ішек сөлдерінің көп шығуы үшін қолданылады. Оны жылқыға – 1-3 мл, ірі қараға – 2-8 мл, қой мен ешкіге – 0,3-0,2 мл.

Малдың ішегіндегі жұмыр құрттарды түсіру үшін шай шөптің 50, түймешетеннің 50, шатырша толғақ шөптің 50 грамы араластырылып, қоспаның 50-60 грамы қайнап тұрған 1 литр суға салынып, 15-20 минут тұндырылады. Дозасы: ірі қараға 100-150 мл, қойға 30-50 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.

Малдың өт ауруларын емдеу үшін шатырша толғақ шөптің, андыздың, шайшөптің әрқайсысынан он грамнан алып, жақсылап араластырады да, бір жарым литр салқын суға салып 10-12 сағат тұндырылады. Одан кейін 1-2 минуттай қайнатылып, малға суытылып беріледі. Ірі қараға – 150-250 мл, жылқыға – 120-230 мл, қойға – 50-90 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.



Шашыратқы – Цикорин обыкновенный.

Қолданылуы. Малдың азыққа тәбетін ашу, өт жүргізу, ауырсынғандықты басу, зиянды микроорганизмдерді өлтіру үшін қолданылады. Мал дәрігерлік тәжірибеде оны ас қорыту бездерінің жұмысын реттеу, асқазан мен тоқ ішектердің қабынуын, бауыр ауруларын, мал терісіндегі іріңді бөртпелерді, экземаларды, есекжемді емдеу үшін қолданады.

Тері ауруларын емдеу үшін шикізаттың тұнбасы дайындалады. Ол үшін 40 грамм ұнтақталған тамырды қайнатылған жарты литр суға салып, 25-30 минут тұндырады да, ірі қараға – 100-120 мл, жылқыға – 90-100 мл, қойға – 20-30 мл, бұзауға -30-40 мл, қозыға – 5-10 мл мөлшерінде күніне 3-4 рет ішкізеді.

Шикізаттан спирттік тұнба жасау үшін оның тамырының 40 грамы 200 мл спиртке салынып, 8-10 күн қараңғы жерде тұндырылады. Бұзауға күніне 3 рет 150 мл суға бір ас қасық тұнба араластырылып ішкізіледі.

Шөңкіш – Калина обыкновенная.

Қолданылуы. Дұрыс дайындалған шикізаттың илегіш, қан тоқтататын, тыныштандыратын, түйілуге қарсы әсер ететін, зәр айдайтын, артериялық қысымды төмендететін, жатырдың жирылуын үдететін қасиеттері бар. Осы қасиеттеріне сүйене отырып мал дәрігерлік тәжірибеде оның қайнатпасын жөтелде, асқазан мен ішектердің, бүйректердің ауруларында, малдың іші өткенде қолданады. Сондай-ақ қақырық түсіретін және тер шығаратын дәрі ретінде де қолдануға болады. Оның сұйық экстрактасын 50 %-ды спиртте дайындайды. Мал дәрігерлік тәжірибеде ұсақ малдарға 10-20 тамшыдан күніне 3 рет береді.

Қабығынан қайнатпа дайындау үшін бір ас қасық ұнтақталған шикізат эмальды ыдысқа салынып, оған бір стакан қайнаған су құяды да, бетін жауып қайнап тұрған су ваннасына 30 минутке қояды. Содан кейін 10 минут үй температурасында суытады, сығады да, қайнаған су қосу арқылы көлемін 200 мл-ге жеткізеді. Осылай дайындалған қайнатпаны салқын жерде екі тәулікке дейін сақтауға болады. Ұсақ малдарға 20-30 мл-ден күніне 3 рет береді. Дәріханаларда қабығын 50 г мөлшерінде қорабта шығарады.

Гүлі мен жемісінен дайындалған тұнба мен қайнатпаны тыныс алу жолдары мен ауыз қуысының кілегей қабықтары қабынғанда қолдануға болады.

Шырмауық – Вьюнок полевой.

Қолданылуы. 10-50 мг/кг экстрактасы тәжірибеде мысықтардың артериялық қан қысымын төмендеткен, ал 50-100 мг/кг – жүректің жирылу амплитудасын ұлғайтқан және ритімін бәсеңдеткен. Малдарға 10 мг/кг мөлшерінде 10-12 күндей қатарынан қолданғанда олардың артериялық қан қысымын қалпына келтірген.

Құрамындағы конвульвин гликозидінің күшті іш өткізетін қасиеті бар, ал жапырағы жаралардың тез жазылуына жақсы әсер етеді.

Шикізаттан дайындалған тұнбасының ірі малдарға тағайындау мөлшері 5-6 грамм. Спирттегі тұнбасын іш өткізу және зәр айдау үшін қолдануға болады. Ол үшін шикізаттың бір бөлігін 70 %-ды спирттің бес бөлігінде дайындайды. Бұзауларға жарты шай қасық тұнбаны күніне екі немесе үш рет береді. Судағы тұнбасын дайындау үшін бір ас қасық шикізаттың ұнтағын 200 мл қайнаған сумен араластырады да тұндырады. Бұзауларға бір қасықтан күніне 2-3 рет ішкізеді.

Бұл бөлімдегі сасыр, етжапырақ бадан, зире, күреңот, қожақат, құлмақ, сары воладушка, сыңғақ итшомырт, түймешетен, итошаған, окопник, орман мальвасы, ебелек, жүзген, мойнақ қылша, беде өсімдіктерінің сипаттамасы Н.Шәріпбаевтың деректері бойынша берілді (1988).

11-12 Дәріс

Малдың зәр шығару және жыныс ағзаларының ауруларын емдеуге қолданылатын дәрілік заттар

Жалпы статистика бойынша, ауруларды клиникалық белгілері арқылы анықтағанда, барлық ішкі жұқпалы емес аурулардың ішінде 7-15 %-на дейінгісі зәр шығару және жыныс ағзаларының ауруларына жататын көрінеді. Ал сойылған малдарды тексергенде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары екендігі байқалады. Бұл мысал мал тірі кезінде ауруды анықтаудың кейбір қиыншылықтарына байланысты екенінің дәлелі.

Зат алмасу процессіндегі пайда болатын метаболиттердің қалыптан тыс шоғырлануы организмді уландырып, торшалардың тіршілігін жояды. Сондықтан да ондай заттар қалыптан тыс жинақталмай тұрғанда, уақытында организмнен шығарылып отырылуы қажет. Ондай бөлу ағзаларына бүйректер, тері бездері, өкпелер және ішектер жатады. Солардың ішінде зәр шығару ағзаларының атқаратын қызметтері ерекше. Белоктың алмасуынан пайда болатын көптеген метаболиттер, су, минералды тұздар негізінен организмнен зәр арқылы бөлінеді.

Зәр шығару және жыныс ағзаларының қызметтері орталық жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйелерінің, зат алмасу процессінің деңгейлеріне тікелей байланысты. Сондықтан оларды емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттар белгілі бір мөлшерде зәр шығару және жыныс ағзаларының ауруларына да әсер ететіні сөзсіз.

Зәр айдайтын дәрілік заттар зәрдің түзілуін үдетеді және зәрдің организмнен шығуын жылдамдату арқылы сұйықтың жинақталуын азайтады. Оларды қолданған уақытта негізгі патологиялық процесске әсерін пайдалана білу керек. Мұндай заттарға көптеген химиялық қосылыстармен қатар дәрілік өсімдіктер де жатады.

Ай балдырған – Дягиль лекарственный.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде зәр және өт айдау, қақырық түсіру, тер шығару, ішті желден босату үшін қолданады.

Өсімдіктің тұнбасы асқазан мен ішек бездерінің жұмыстарын жақсарту, орталық жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйелерінің жұмыстарын реттеу, зәр шығару ағзаларының ауруларын емдеу үшін әсері жақсы.

Тұнба жасау үшін 100 г тамыр ұнтағы 1 л суға салынып, 20 минут тұндырылады да, сақа малға – 100-150 мл, жас малға – 50-70 мл мөлшерінде күніне үш рет ішкізіледі.

Асқазан-ішек ауруларын емдеу үшін тамырдың ұнтағын пайдалануға да болады. Оның берілу мөлшері: ірі малға – 10-25 г, ұсақ малға – 5-10 г.



Арша – Можжевельник обыкновенный.

Қолданылуы. Мал дәрігерлерінің тәжірибесінде зәр айдайтын, асқазан-ішек жұмыстарын жақсартатын, өңеш бездерінің қызметін арттыратын дәрі ретінде қолданады. Эфир майлары асқазан мен ішектердің кілегей қабықтарын тітіркендіру арқылы олардың жирылуын үдетеді, зиянды газдардың шығуын жылдамдатады. Олар бүйрек және өңеш бездері арқылы бөлінетіндіктен олардың жұмыстарын жақсартады.

Тұнба, ботқа және болюс түрінде беріледі. Ауру малдарға берілу мөлшері: жылқыға – 25-50 г, ірі қараға – 50-100 г, қойға – 5-10 г, тауыққа – 0,2-0,5 г.



Аюқұлақ – Толокнянка обыкновенная.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде тұнба, болюс, быламық түрінде бүйректер мен қуықтың ауруларында, іш өткенде, ас қорыту процессі нашарлағанда, іріңді жараларда қолданылады. Әсіресе зәр айдайтын, залалсыздандыратын дәрі ретінде маңызы зор. Шикізат қоспалардың құрамында да жақсы әсер етеді. Көп мөлшері малды құстыруы, ішін өткізуі мүмкін.

Жапырағын малға азыққа қосып береді. Беру дозасы: жылқы мен ірі қараға 20-50 г, қой мен шошқаға – 5-15 г, итке – 2-5 г.

Жапырағының тұнбасын дайындау үшін 10 г шикізатты 200 мл суға салып тұндырады. Оны салқын жерде 2 тәулікке дейін сақтауға болады.

Бақташы қалта шөбі – Пастушья сумка обыкновенная.

Қолданылуы. Шикізаттан дайындалған дәрілік затты жатырдан, өкпеден, асқазан мен ішектен аққан қанды тоқтату үшін қолданады. Препарат артериялық қан қысымын төмендетеді, аяқ қан тамырларының өзегін кеңейтеді, зәрдің бөлінуін үдетеді, қабыну процессіне қарсы әсер етеді, ішектердің жирылуын жақсартады. Қан тоқтату үшін шикізаттың тұнбасын ауыз қуысы арқылы тағайындайды. Оны 1:20 қатынасында дайындап, 2 тәуліктей салқын жерде сақтауға болады. Шөптің сұйық экстрактысын 70* спиртте 1:1 қатынасында дайындайды.

Өсімдіктің шөбі дәріханаларда да босатылады. Оны 75 г мөлшерінде қорабта шығарады. Олардан тұнба, экстракт, болюс, быламық дайындап, азыққа қосып береді. Дозасы: жылқы мен ірі қараға – 15-60 г, ұсақ малға – 5-12 г, шошқаға – 3-10 г, итке – 0,5-2 г, құсқа – 0,2-0,5 г.



жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау