9.Жасушааралық түйісулер. Медициналық маңызы.
Жасушааралық түйісулер — көрші жасушалар арасындағы немесе жасуша мен жасушадан тыс матрица арасындағы байланысты қамтамасыз ететін молекулалық кешендер (ЖТМ). • Жасушааралық түйісулер - көп жасушалы организмдердің тіршілігі үшін өте маңызды. Жасушааралық байланыстар тіндердегі жасушалардың жанасу нүктелерінде пайда болады және заттардың жасушааралық тасымалдануы мен сигналдардың берілуіне, сондай-ақ жасушалардың бір-біріне механикалық бекітілуіне қызмет етеді. Жасушалар арасындағы байланыстар белоктардың көмегімен пайда болады.
• Жасушааралық түйісулер жасушалар арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жасушалар бір- бірімен қашықтықта өзара байланысып, жасушааралық зат арқылы берілетін сигналдарды (негізінен сигнал беретін заттар) қолданады.
Жасушалар бір-бірімен және жасушадан тыс құрылымдармен салыстырмалы тұрақты түйісулер де (байланысулар, контакт) пайда ете алады. Мысалы, эпителий жасушалары, олар тақта күйінде бір-біріне өте тығыз, жасушааралық қуыс пайда етпей, базалдық мембранаға жабысып орналасқан. Тақтаның біртұтастығы, біріншіден, көршілес жасушалар арасындағы көптеген өзара түйісулер (контакт), екіншіден базалдық қабат жасушаларының базалдық мембранамен түйісулерді пайда етуі арқылы қалыптасады. Бұдан басқа да көптеген мысалдар келтіруге болады, бұл:
- миокард кардиомиоциттері;
- паренхималық мүшелер жасушалары (бауыр, бездер);
- нерв жасушалары (синапстар);
- дамып келе жатқан жыныс жасушаларының және оларды қоршаған дене жасушалары арасындағы байланыстар.
Осы жағдайлардың бәрінде де ұлпалар мен мүшелердің қалыптасуында шешуші, рөл жасушааралық түйісулер (контакт) үлесіне тиеді.
Әйтсе де, бұл түйісулердің тұрақтылығы абсолютті болмайды, себебі көпқабатты эпителийде жаңадан пайда болған эпителиоциттер легі арқылы бүрынғы жасушалар біртіндеп жоғары қабаттарға ығыстырылады. Бүл кезде алғаш олардың базалдық мембранамен байланысы жойылады, ал сосын өзара байланыстары да үзіледі.
Дегенмен, жасушааралық түйісулер (байланысулар) сапасы жағынан уақытша адгезивтік әрекеттесулерден әлде-қайда жоғары берік болады.
Бірақ, бүл әрекеттесулерде де шешуші рөл адгезиялық мембраналық ақуыздарға тиесілі болады.
Жасушааралық байланысулардың (түйісу-контакт) бірнеше түрлері белгілі:
1) Қарапайым типті түйісулер (байланысулар-ковтакт):
а) қарапайым жасушааралық қосылулар;
б) интердигитация (айкаса байланысу);
2) Тіркесу типті түйісулер (байланысу-контакт):
а) десмосомалар;
б) адгезивтік белдеушелер;
3) Жабыстырушы (қапсыру) типті түйісулер (байланысулар): -тығыз қосылу
4) Коммуникапиялық типті түйісулер (байланысу-контакт):
а) саңылау типті қосылу
б) синапстар.
Алғашқы екі топ түйісулері (байланысулары) жасушаларды бір-бірімен тіркестіріп байланыстыру үшін қажет.
Жабыстырушы (қапсырушы) типті түйісулер (байланысулар-контакттар) жасуша тақтасының әртүрлі беттерінің орталарын бір-бірінен толық шектеу қызметін атқарады.
Коммуникациялық типті түйісулер жасушалардың заттармен (нексустар) не сигналдармен (синапстар) алмасуына мүмкіндік береді.
1а) Қарапайым жасушааралық қосылыстар-алгезиялық әрекеттесулерге өте ұқсас. Бұл жерде ешқандай қосымша құрылымдарсыз, жасушалар бір-біріне жай 15-20нм-ге жақындап, өздерінің плазмолеммаларының адгезиялық ақуыздары арқылы әрекеттеседі. Бұл қосылуда кодгериндер маңызды рөл атқарады. Әртүрлі ұлпалар жасушаларының беттерінде түрліше кодгериндер болады: эпителиоциттерде-Е, Р-кодгериндер; нерв және бұлшықет ұлпаларында N-кодгериндер.
Кейінірек, жай типті түйісу интегриндердің қосылуы арқылы күшейе түседі.
1б) Интердигитация немесе саусақтардың айқасуы типті қосылуы - екі жасуша плазмолеммалары бір-біріне ілесіп алғаш бір типті жасуша питоплазмасына инвагинацияланады (енеді), ал сосын көршілес жасуша цитоплазмасына енеді.
Интердегитация әртүрлі ұлпаларда, мысалы, кардиоциттер арасында жиі кездеседі.
2а) Десмосома - түйісуші екі плазмолеммалардың катынасуымен түзілетін кішкентай домалақ құрылым.
Бұл жерде әрбір плазмолемманың ішкі (цитоплазмалық) бетіне десмоплакин деп аталатын ақуыз пайда ететін ерекше қабат жабысқан. Осы қабаттан цитоплазмаға қарай бір бума аралық филаменттер өтеді (басталады). Аралық филаменттер табиғаты әртүрлі жасушаларда түрліше болады: эпителийде-кератин, бүлшыкет ұлпасында-десмин, мезинхималық жасушаларда-виментин т.б. Ал плазмолемманың сыртқы бетінде, біріншшіден-десмосома аймағындағы плазмолеммалар арасындағы қуыс (қарапайым түйісуге қарағанда) біршама кеңейген.
Екіншіден - бұл қуыс тіркестіруші ақуыз-десмогленндер тесіп өтетін қалың гликокаликспен толтырылған. Десмоглеиндер-адгезивтік қызмет атқаратын интегралдық ақуыздар, олар екі жасуша плазмолеммаларын тесіп өтіп, өздерінің ұшындағы домендер арқылы бір-бірімен тығыз тіркескен.
Егер жасуша базалдық мембранада жатқан болса, онда олар арасыңдағы байланыс (жасушаның базалдық мембранасымен) жарты десмосома арқылы жүзеге асады.
Бір эпителий жасушасы бірнеше жүздеген десмосомаларды және жарты десмосомаларды пайда етуге қатынаса алады.
2б) Адгезивтік белдеуше - бұл типті түйісу екі түйісуші жасушалар арасында орналаскан қосарланған таспа күйінде болады. Мұндай түйісу-әрбір жасушалары көршілес 4 жасушалармен түйісетін бір қабатты эпителийлерде кездеседі.
Құрылымы жағынан адлгезивтік белдеушелер десмосомаларға үқсас болады, бірак оларды баска ақуыздар пайла етеді:
-плазмолемманың ішкі бетінде десмоплакин емес винкулин болады;
-одан цитоплазмаға аралық филаменттер емес, актин филаменттері кетеді;
-плазмолеммалар бір-бірімен десмоглеиндердің көмегімен емес, басқа линкерлік ақуыздар деп аталатын, интегралдық ақуыздар көмегімен тіркеседі.
3) Тығыз қосылу - бұл қосылулар да интегралдық ақуыздардың көмегімен түзіледі, бірақ олардың сыртқы бөлімдері плазмолемма бетінен шығып тұрмайды.
Сондықтан да түйісуші жасушалар плазмолеммалары бір-біріне өте тығыз жабы-сады (десмосомаларда, адгезивтік белдеушелерле плазмолеммалар арасындағы арақашықтық кейде көршілес учаскелерге қарағанда, тіпті кенейтен болады).
Тығыз қосылулар, адгезивтік белдеушелер сияқты, бір қабатты эпителийде, қантамырлар эндотелийінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |