8.Нейромедиаторлар мен нейромодуляторға қысқаша сипаттама беріңіз.
Нейромедиаторлар мен нейромодуляторлар – жасушадан тыс белгі беретін заттар. Нейромедиатордың пресинапстық ұштан синапстық саңылауға бөлінуі экзоцитоз жолымен жүзеге асады. Нейромедиаторлар синапстарда сигналды пресинапстық ұштан постсинапстық мембрананаға беретін заттар. Нейромодуляторлар – синапстарда сигнал беруге қабілетсіз, бірақ сигналдың медиаторлар арқылы берілуіне әсер ететін заттар (сигнал берілуін жеңілдетеді немесе қиындатады). Нейромедиаторлар рецепторларының сигнал беру механизмі бойынша екі топқа бөлінеді: ионотропты және меботропты. Кейде бір нейромедиатордың бір синапста ионотропты, ал басқасында метаботропты рецепторы болуы мүмкін.
Нейромодулятор дегеніміз - өздері тікелей сигнал өткізе алмайтын, бірақ нағыз медиаторлардың сигналды өткізу қабілетіне әсер ететін заттар болып табылады.Бұл қызметтерді негізінен бас миының нейропептидтері атқарады.Олардың жалпы саны 600-ден астам. Нейропептидтер 2-60 аминкышқылы қалдықтарынан түратын шағын пептидтер. Олардың көпшілігі сызықты тізбек күйінде болады. Нейропептидтер, медиаторлардан ерекше, қанда, цитоплазмада, жасушааралық сұйыктыкта т.б. салыстырмалы ұзак уақыт өзгеріссіз (ыдырамай) кездеседі. Бұл олардың біршама алшак орналасқан синапстарға дейін жетіп диффузияланып, ұзақ уақыт өсер етуіне мүмкіндік береді.
Нейромедиаторлардың синапстардың пресинапстық ұштарынан синаптикалық саңылауына бөлінуі экзоцитоз арқылы жүзеге асады. Нейромедиаторлар саны да көп, олардың рецепторлары сигналды әрі қарай өткізу тетіктерінің ерекшеліктеріне қарай 2 топқа бөлінеді:
1)Ионотропты (тез әрекет етуші) рецепторлар - медиатордың рецептормен байланысуынан кейін ашылатын иондык арна кызметін де коса аткарады. Иоңдык арналардың табиғатына (химиялык күрамына) карай, олардың ашылуы постсинаптикалык жасушаның козуына не тежелуіне алып келуі мүмкін.
2)Метаботропты (баяу әрекет етуші) рецепторлар-гидрофильдік гормондар сияқты бұлардың әрекет ету тетіктері (механизмі) жасушаішілік медиаторларды (цАМФ, цГМФ т.б) қамтып, белгілі бір ақуыздардың химиялык модификациялануымен (фосфорлану, фосфорсыздану) аяқталады.
Кейде бір нейромедиатордың бір синапста ионотропты, ал басқасында метаботропты рецепторы болуы мүмкін,мысалы,ацетилхолин.
Нейромедиаторлардын жалпы саны өте көп, олардын кейбіреулері: ацетилхолин, норадреналин, серотонин, гистамин, глутамин кышкылы, аспаргин кышкылы, дофамин, глицин, аденозин (АМФ), люлиберин, самотастатин т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |