*Мидың нейропептидтері;Асқорыту жүйесінің эндокринді жасушалары жатады.
6.Полярлық қасиеттеріне байланысты гормондар қалай жіктеледі?
Полярлық қасиеті бойынша ажыратады:
а) полярлы немесе гидрофилді гормондар – нәруыздар, пептидтер және амин қышқылдарының туындылары (тиреоидты гормондардан басқа);
б) полярлы емес немесе гидрофобты гормондар – стероидтар, май қышқылдарының туындылары және тиреоидты гормондар.
Гормондарды гидрофилдіге және гидрофобтыға бөлу өте маңызды, олармен оның жасуша-нысанаға әсер ету механизмі байланысты. Гидрофилді гормондардың плазмолемма арқылы енетін қабілеті жоқ, осыған байланысты белгіні қабылдап, оны эффекторлық құрылымдарға беретін арнайы механизм болуы керек. Гирофобты гормондар жасуша мембранасы арқылы өтіп, тікелей реттелетін объектіге жетеді (қандай да болмасын хромосомалардың белгілі аймақтары).
7.Гистогормондардың жіктелуі.
Гистогормондардың қарапайым гормондардан айырмашылығы:
a. «қарапайым», яғни эндокринді емес жасушаларда өндіріледі;
b. қан арқылы емес, жасушааралық кеңістікте диффузия жолымен таралады; c. жақын орналасқан нысана-жасушаларға жергілікті әсер етеді.
Гистогормондар көрсетуі мүм кін:
*Паракринді (немесе гетерокринді) әсер – егер ол басқа жасушаға әсер етсе; *Аутокринді әсер – гормон шығаратын жасуша жасуша-продуцент деп аталады, жасушааралық ортаға бөлінген гистогормон жасушапродуценттің өзінің мембраналық рецепторларымен байланысып әсер көрсетеді. *Интракринді əсер: реттеуші зат сыртқы ортаға бөлінбей, «өзінің» жасушасына (өзі түзілген) әсер етеді. Бірақ бұл жағдайдағы зат –гистогормон емес, жасушаішілік медиатор (мессенджер) деп аталады.
Барлық гистогормондар цитокиндерге және өсу факторларына бөлінеді. Цитокиндер қабыну, иммунды және басқа да қорғаныс реакцияларында жасушалармен реттілікпен бөлінетін ынталандырушы ретінде қатысады. Сондықтан олар әдетте үнемі бөлініп отырмайды. Цитокиндердің келесі топтарын ажыратады: a. интерлейкиндер (ИЛ) – белсендірілген лейкоциттерден бөлінеді және аталған үдерістер кезінде жасушалардың өзара әсерлесуін қамтамасыз етеді. b. интерферондар – бұл вирустармен зақымдалған жасушаларда бөлінетін кішігірім сигналдық нәруыздар. Интерферондар жасуша - продуценттерге және көрші жасушаларға әсер етіп, нәруыздық синтезді шектейді. Жасушада жаңа вирусты бөлшектердің түзілуі тоқтайды. c. кіші цитокиндер – қабыну кезінде түзіліп, нейтрофилдерді белсендіреді. d. КЫФ (колона ынталандырушы фактормен)
• 2. Өсу факторлары – белгілі бір жасушалардың бөлінуі мен дамуын ынталандыратын (немесе ингибитрлік) нәруыздар. Аталған факторлардың арасында – ЭӨФ (эпидермалық өсу факторы), НӨФ (нейрондардың өсу факторы), ФӨФ (фибробластардың өсу факторы) және т.б. ажыратады. Сонымен: a. Гистогормондар – эндокринді емес жасушалармен өндірілетін реттеуші факторлар ретінде болады және паракринді немесе аутокринді жергілікті әсер көрсетеді. b. Гистогормондар химиялық құрамы бойынша пептидтер немесе нәруыздар болып табылады,олар плазмолемма арқылы диффузиялануға қабілетсіз, сәйкесінше, әр гистогормон үшін нысана-жасушалардың беткейінде арнайыланған рецепторлар болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |