21. Иммундық жүйелердің жетілуі мен қызмет атқарудағы апоптоздың рөлі.
Бұл апоптозға келесі бір мысал ретінде, иммундык жүйенін
калыптасуын жэне кызмет етуін карастыруға болады:
-Т және В-лимфоциттердің аутореактивтік клондарының жойылуы;
-антигеннің үзақ уакыт болмауы салдарынан антигенмен
стимулданган лимфоциттердін өлуі;
-гликокортикоидтардың өте көп болуы әсерінен лкмфоциттердін
өлуі.
Алдыңгы екі үдерістің физиологиялық мағынасы түсінікті, ал
гликортикоидтардың әсеріне келетін болсак, онда олардың негізгі
«стратегиялык* мақсаты-созылмалы стресс үдерісін материалдык және
энгргетикалык түрғыдан қамтамасыз ету болып табылады.
Гликокортикоидтардың көптеген эффекттерінін бәрі осы мақсатты
орыңдаута баіытгалған:
а) лимфоидтык және дәнекер үлпа акуыздарынын катаболизмін
күшейту;
б) және осы кезде босанып шыгатын аминкышқылдарды бауырда
жүретін глюконеогенез (глюкозаның жаңадан түзілуі) үдерісіне багыттау.
Апоптоздан көпгеген элементтерін Т-киллерлердің нысана жасушаға
тигізетін цитолитикалық өсерлерінен де байкауға болады. Осы
нысана жасушалардың беттерінде рецепторлык ақуыз-Ғаз болады, ал
Т-киллерлер беттерінде-Ғаs-лиганд (Fas-L ). Олардың өзара
әрекеттесулері нысана жасушада апоптоз үдерісін іске косады.
2) Тагы бір тетік-Т-лимфоциттер апоптозы. Т - лимфоциттер беттерінде
Fas-рецептор, ал аталык бездің әртүрлі жасушаларында (қантамыр
эндотелиоциттері, Сертоли жасушалары)- Fas-лиганд (Fas-L) болады.
Erep қауіпті Т-лимфоцит осы жасушаларга жақындаса Fas-Fas-L
әрекеттесуі Fas-рецептор жасушаларындағ яғни Т-лимфоциттерде,
апоптозды іске косады.
3) Апоптозға келесі мысал-қантүзуші жасушалар катарлары. Әрбір
қантүзуші қатар жасушаларының дамуы үшін белгілі бір цитокиндер,
мысалы, колониястимулдаушы фактор (КСФ), қажет.
Егер осы фактор болмаса, белгілі бір даму жолын таңдаған
жасушалар өліп калады, яғни апоптоз тетіктері іске қосылады.
Сонымен катар Т- және В - лимфоциттердің аутореактивтік клондарының жойылуы, антигендер әсер еткен лимфоцитгердің ұзак уакыт антигендер болмаган жағдайда -тіршілігін жоюы, трансформацияланган (ісікті )
жасушалардын және жыныс жасушаларының жойылуы да апоптоздың нәтижесі
Жыныс жасушаларының жойылуында апоптоз табиғи сұрыптаушы ретінде кұрылысы бұзылган, толық жетілмеген немесе кызметі тоқталған жасушаларды жоюға бағытталады.
Көбірек мәлімет оқығысы келетіндерге: https://cyberleninka.ru/article/n/apoptoz-i-immunnaya-sistema/viewer
Достарыңызбен бөлісу: |