№3 Аралық бақылау сұрақтары


 Канцерогенез негіздері, ортаның канцерогендік факторлары, организмге әсерлері



жүктеу 1,36 Mb.
бет23/24
Дата08.10.2022
өлшемі1,36 Mb.
#39563
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
№3 Аралы ба ылау с ра тары

23. Канцерогенез негіздері, ортаның канцерогендік факторлары, организмге әсерлері. 
Онкогенез – ісіктің пайда болу үдерісі. Ол көпшілік жағдайда адамдардың ең зілді ауруларының бірі – іск ауруының дамуына алып келеді. Қазіргі кезде, әртүрлі популяциялардағы өлім жітімнің негізгі себептерінің бірі – рак ауруы деп есептелінуде және популяция дараларының орташа өмір сүру ұзақтығы неғұрлым жоғары болса, сол ғұрлым өлім жітім себептерінің негізгісі болып онкологиялық аурулар саналады.
Рак – әртүрлі онкологиялық аурулардың басын біріктіретін құрама анықтама болып табылады. Бірақ, олардың бәріне ортақ белгі – жасушалардың бақылаусыз, шексіз өсуі. Жасушалардың мұндай өсуі ісіктің пайда болуына алып келеді. Егер ісік өсу үдерісінде оның жасушалары көршілес ұлпалар мен мүшелерге жайлып, дененің алшақ орналасқан мүшелеріне таралып (метастазданып), сол жерде жаңа ісіктердің дамуына бастама болатын болса, онда мұндай ісіктерді қатерлі ісіктер, ал басқа ұлпалармен мүшелерге жайылып таралмайтын (метастазданбайтын) болса қатерлі емес ісіктер деп атайды. Ісіктердің түрлері өте көп: эпителий ұлпасының ісіктерін – карциномалар, дәнекер ұлпа ісіктерін – саркомалар, лимфа ұлпаларының ісіктерін – лимфомалар т.б деп атайды.
Қатерлі емес ісікте – полип пайда ететін клон жасушалары ісініп жасушалар қабатынан сыртқа шығып тұрады, бірақ эпителий астындағы дәнекер ұлпаға енбейді. Қатерлі ісік (рак) клондары базальдық мембрананың астындағы дәнекер ұлпаға енеді.

  1. Ісік (рак) – мультифакторлы ауру, оның дамуына генетикалық және қоршаған орта факторлары бірлесіп әсер етеді.

  2. Ісік жасушаларында бұзылған-бұрыс геномның болатындығын, яғни олардың кейбір маңызды гендерінің модификацияланғандығын білеміз.

  3. Ісіктің тұқым қуалайтын түрлері аурудың ата тектерінің біреуінің жыныс жасушаларында алғаш пайда болған белгілі бір ген мутациясы болады.

  4. Ісіктің кездейсоқ (тұқым қуаламайтын) түрлері аурудың дене (сома) жасушаларының белгілі бір гендерінің құрылымынң өзгеруі салдарынан болады

  5. Ісіктердің дамуы бір геннің бұзылуы емес, бір топ гендердің бұзылуы салдарынан болады.

Сондықтан да ісіктің дамуы тек мутация салдары емес, көптеген генетикалық кемістіктердің ұзақ уақыт жинақталу нәтижесі. Осы кемістіктер (дефект) жиынтығы белгілі бір сындарлы межеден өткенде қалыпты жасуша ісік жасушасына айналады.

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау