22. Апоптоз және некроздың морфологиялық көрінсі.
Морфологиялық деңгейде айқын ажыратуға болатын апоптоз морфологиясының өз динамикасы болады және оның дамуында бірнеше кезеңдерді (1-2;2-3;3-4) атауға боларды. Олар төмендегідей:
А)Хроматиннің конденсациялануы (1-2). Хроматин ядроның шетінде орналасқан тығыз және айқын байқалатын гомогендік масса күйінде болады. Цитоплазма көлемі кішірейіп, жасуша пішіні өзгереді.
Б) Ядроның және цитоплазманың фрагменттерге бөлініп, апоптоздық денешіктердің түзілуі (2-3). Бұл сатыда ядро тығыз хроматин массасынан тұратын, қабықшамен қоршалған жеке фрагменттерге ыдырайды. Жасуша формасы өзгереді, онда ішке қарай терең тартылыстар пайда болады және цитоплазманы бірнеше учаскелерге бөліп тұратын, бірте-бірте тарылған аяқшалары бар, құлақшалар пайда болады. Жасушаның бұл фрагменттері ерте ме кеш пе үзіліп, апоптоздық денешіктерге айналады. Кейбір денешіктерге ядро фрагменттері, екіншілеріне – тек цитоплазма заты жинақталады. Олардың екеулері де біршама өзгерген цитоплазмамен жинақталған.
В) Көрші жасушалардың апоптоздық денешіктерді фагоцитоздауы (3-4) Көрші жасушалар, плазмолемма беттерінде пайда болған өзгерістер арқылы, апоптоздық денешіктерді танып фагоцитоздайды. Фагоцитоздалған денешіктер фаголизосомаларда тез ыдырайды.
2. Некроз кезінде ерекше көріністер орын алады. Некроз – жасушаның өте күшті бұзылыстары не тіршілік ету жағдайларының күшті өзгеруі салдарынан дамиды, яғни бұл өзгерістер нәтижесінде апоптоз тетіктері іске қосыла алмайды, себебі:
-не апоптоз тетіктері бұзылған
-не жасушада олардың қызмет етуіне қажет энергетикалық және материалдық ресурстар болмайды.
А) Некроздың бастапқы сатыларында плазмолемма және басқа да мембраналар бұзылады. Олардың суды және басқа да заттарды өткізгіштігі жоғарылайды.
Б) Бұл, жасушаның және оның органеллаларының ісінуіне алып келеді. Сонымен некрозда жасуша көлемі үлкейеді, ал, апоптозда, керісінше, кішірейеді.
В) хроматиннің бұзылыстары үдерістің бастапқы сатыларында емес, оның ортаңғы, тіпті ақырғы сатыларында орын алады. Алғаш ол ядро мембранасының маңында конденсацияланады, бірақ апоптозбен салысьырғанда, гомогенді емес, айқын байқалмайтын күйде болады.
Содан кейін кариолиз нәтижесінде хроматин ылырап жойылады, ал апоптоз кезінде хроматин фрагменттері апоптоздық денешіктер құрамында болады.
Г) Некроз плазмолеммасының үзіліп, жасуша метаболизмі өнімдерінің жасушааралық қуысқа шығуымен аяқталады.
Бұл: біріншіден, көрші жасушалардың бұзылуына, екіншіден, қабыну үдерісінің басталуына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |