Көп елдерде қабылданған тұқымның негізгі категориясьш өндіру схемасы.
Селекциялык элита (bpeeder seed)- сортты шығарған селекциялык станция өндіреді
Б азистік тұқым (foundation seed) -селекциялык элитаның көбеюінен алынады
Сертификациялық тұқым (certified seed) - базистік тұқымның көбеюінен алынады
Тұқымды өндірістік мақсатта сату
Негізгі тұқым өндірушілер оларды екі категорияда шығарады: базистік және сертификациялық. Алғашқыда базистік пен сертафикациялық тұқым арасында аралық категория болтан, ал казір ол жойылды.
Халықаралық ереже бойынша, кез-келген тұқым партиясының сертификаты және белгілі бір түсі бар этикет қағазы болуы керек. Базистік тұқым - ақ этикет қағазы.
Сертификациялық тұқым, 1-ші арпақ – көгілдір этикет қағазы
Сертификациялық тұқым, 2-ші арпақ - қызыл этикет қағазы.
Базистік тұқымды тұқымшаруашылық мекемелер өндіреді, ал сертификациялық соққы ұрпақ тұқымды алуда фермерлерге келісімшарт жағдайында береді.
Алынған тұқым белгілі бір талапка сай, сонымен катар сорттық тазалығына да байланысты болуы керек.
Төменде бидай, арпа, сұлы және күріштк тұқымының тазалығын анықтайтын көрсеткіштер келтірілген.
Тұқым категориясы Сорттық тазалығы, %
Базистік 99, 9
Сертификациялық,
1-ші Арпақ 99, 7
2-ші немесе Арпақ келесі 99,0
Селекция (жаңа сорттарды шыгару). Тұқым өндіргіш (алғашкы тұқымшаруашылық, тұқым көбейту) Тұқымды сатуға шығару тұқымды пайдалану.
22.2 .Ауыл шаруашылығы дақылдардың тұқым сапасын анықтау әдісі мен техникасы.
Тұқым шаруашылығының ең маңызды білімікін бірі - сорттық тұқымның сапасын мемлекеттік және шаруашылығын өзінде бақылау. Мемлекеттік бақылау мынандай әдістер арқылы атқарылады:
егістік анықтау;
лабораториялық бақылау;
жер қыртысын бақылау.
Дәнді және дәнді бұршақ тұқымдас дақылдарды далалық сынаулардан өткізу өнімді жинау алдында өткізіледі.
Сынауда апробация өткізу үшін:
а) дайындық жұмысы,
ә) апробация жасайтын бума алу,
б) алынған бумаларды талдау;
в) сынаудың қорытындысы бойынша құжатарды беру.
Апробация жүргізуге арнайы дайындақтан өтуі және апробация жүргізуге бар деген куәлігі болуы кажет. Апробацияны апробатор астық оруға дейін жасап егістікті есепке алып, аңа сынақшыға қол қойғызып, шаруашылыққа сынақ құжаттарын тапсырады.
Апробация жүргізу және егістікті есепке алу үшін шаруашылықта жергілікті селекция тұқымымен және будан тұқымымен себілген деген құжаттары болуы кажет, (сынау актісі, сорттық куәлік, тұқым куәлігі, тұқым аттестаты немесе жергілікті сорт туралы куәлік, анықтама.
Есепке алу актісі себілген тұқымның құжаттары бойынша беріледі. Істелген есеп жұмыстарын арнайы журналға жазады, оған есепке жататын жер көлемі, апробацияның қорытындысы, апробация құжаттары берілген мерзімі жазылады.
Ғылыми-зерттеу орьшдарында, оку-тәжірибе шаруашылықтарында суперэлита, элита және бірінші қалыптастыру (репродукция) апробацияларын арнайы құрылған комиссия жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |