Тұқымның егістпік сапасы - оның тазалығы, өскіндік қуаты, ылғалдылығы, 1000 тұқымның салмағы мен аурулар мен зиянкестермен зақымдану дәрежесімен сипатталады.
21.3 Сортың сапасы
Сортың сапасы - сорттық тазалығы және сәйкестілігімен сипатталады.
Сорттық тазалығы процентпен көрсетілген, осы өсімдіктің негізгі сортының сабақсанының жаттыдамыған сабақсанына қатынасын айтады.
Тұқым өзінің тұқым қуалаушылық белгілерімен, касиетін, оның ішінде жоғарғы өнімділігін, тек кана жоғары сорттық тазалығымен қамтамасыз етеді.
Жоғары сапалы тұқымның, жоғарғы сорттық тазалығы және жақсы егістік сапасы болу керек, осыған байланысты тұқым егістік сапалығы бойынша үш класқа, ал сортың тазалығына байланысты үш категорияға бөлінеді.
Бірінші класты және бірінші категориялы тұқымның егістік және сорттық тазалығы ең жоғары көрсеткіш береді. Егістік сапалығы жағынан мемлекеттік стандартка сәйкес келетін тұқымды кондициялы деп айтады.
Тұқымдық егіске бірінші кластық тұқым, ал өндірістік егістікке - бірінші және екінші класты тұқым пайдаланылады.
Өздігінен тозанданатын деңгейі және дәнді бұршақ дақылдардың 1, 2 және 3 категориялы тұқымдарының сорттық тазалығы 99, 5, 98, 0 және 95, 0% кем болмауы керек.
Селекция тұқым өсіру қызметімен айналысатын мемлекеттік өндіріске беретін алғашқы тұқым элиталық немесе элита деп аталады. Оның сорттық тазалығы 100%, е.гістік сапасы 1 кластан темен болмауы керек, тұқым жақсы толыкқан бірыңғай, сонымен қатар 1000 тұқымдың салмағы мен өнімі жоғары болуы керек. Жыл сайын көбейтілген элитаның ұрпағы репродукция деп аталады.
Сорт жағартуда 5 және одан төменгі репродукциялық тұқым сол сорттың элитасымен немесе 1 продукциямен алмастырылады.
Сорт сапасының төмендеу себептері - тұқымның механикалык ластануы, биологиялық, мутациялық және айқас тозаңдану салдарынан ажырау болып табылады.
Механикалық, қоспа басқа сорттардың тұқымдарының қоспасы. Себу кезінде, тасымалдау немесе қырмандағы жұмысты нашар ұйымдастырудың нәтижесінде болады. Мысалы: күздік бидайда -кара бидай, жұмсақ бидайда - қатты бидай, сұлығаа - кара сұлы мен арпа, арпада - сұлы және бидай.
Биологиялық қоспа - егістіктегі сорттьщ баска сортпен немесе түрмен тозандануының әсерінен болады.
Жіктеу мутацияның пайда болуы – көбінесе буданды сорттардың гетерозиготты болуынан байқалады. өсімдіктердің аурулармен зақымдануының ұлғаюының салдарынан.
Өніп-өсу жағдайдың тұқымның өнімдік сапасына тигізетін әсері айтарлықтай. Сондықтан тұқымдық егістікте жыл сайын егістік сапасын жоғарылататын агротехникалық шараларды қолданып отыру керек.
Тұқым шаруашылығы жүйесі кез келген дақылдың жоғары сапалы тұқымын жеткілікті мөлшерде қажетті қамтамасыз етіп өндіретін бір-бірімен тығыз байланысты өндірістік бірлік.
Ауылшаруашылық өндірісінің осы маңызды саласы қазіргі нарықтық қатынастағы жағдайға дайын емес.
1976 жылғы қабылданған тұқым шаруашылығының ақырғы жүйесі, осы саланы өндірістік негізде толық көшіруді карастырған, бірақ ол өндіріске толық енгізілуге үлгермеді. Қалыптасқан тұқым шаруашылығы жүйесіндегі құрылым, бағаның және экономикалық ұйымдасқан қатынастар, материалдық, техникалық, қорлардың казіргі жағдайлары осы саланың басты міндеті - селекция жетістіктерін жедел және толығы пайдалануга толық мүмкіндік бермейді.
Сондықтан тұқым шаруашылығының осы келесі мәселесі елдегі тұқым шаруашылығының жүйесін дамытуда тек көзқарасты өзгерту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Тұқым шаруашылығы жүйесіндегі жұмыстарды ғылыми негізге жүйене отырып дұрыс ұйымдастыру керек.
Қазақстанда тұқым шаруашылығын ұйымдастыруда бірінші ғылыми-өндірістік тұр, 1996 жылы қазак егіншілік ғылыми-зерттеу институтында құрылған республикалық "Асыл-тұқым" ассоциациясы.
Асық-тұқым" ассоциациясының қызметінің арадсында ғылым мен өндірістік күштері бірігіп, нарығы жағдайға бейімделген, тұқым шаруашылығының мүлдем жаңа жүйесі іске аса бастады.
Оның айырмашылығы бұрынғы 7-8 жылмен салыстырғанда құрағанда, жаңа сортты 3 жылда өндіріске толық енгізуге болады.
Ассоциация құнды сорттардың тұққымын жедел көбейтуді келісім негізінде жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |