№22 (485) Бүгінгі санда: 3 Argymak Trans



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет5/5
Дата11.01.2020
өлшемі2,39 Mb.
#26223
1   2   3   4   5

m u n a i l y m e k e n . k z

7

бейсенбі, 27 желтоқсан 2018 ж.

О қ у ш ы л а р   ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ   ү й і н д е 

«Өзенмұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесінің 

ұйымдастыруымен «Сәлемдесу», «Әріп әлеміне 

саяхат»,  «Үй  тапсырмасы»  атты  3  турдан 

тұратын Жайдарман ойынының «Сен күлсең, 

әлем күледі» атты тақырыпта финалы өтті.

Ойын  жүргізушісі  Арғынбек  Қалбай  шара 

шымылдығын  ашып  беру  үшін  сахнаға 

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының транс-

порт  және  әлеуметтік  сұрақтар  жөніндегі 

орынбасары Мақсат Ибағаровты шақырды. 

«Құрметті әріптестер! 10 команда қатысып 

отырған  күлкі  мерекесіне  қош  келдіңіздер! 

Жайдарманшы  жігіттер  тек  қала  көлемінде 

емес,  «Өзенмұнайгаз»  құрама  командасы 

болып  «Жайдарманның»  Жоғарғы  Лигасы-

на    қатысып,  компаниямыздың  рейтингін 

көтеріп  жүр.  Дәрігер-мамандар  адам  бала-

сы  шын  күлген  сәтте  қан  тамыры  кеңейіп, 

жұмысы  жақсара  түсетінін  айтады.  Біле 

білсеңіз, күлкі – психологиялық қару. Көңілді 

жандар – компания көркі. Әдемі қалжың мен 

астарлы  әзіл  шеберлеріне  сәттілік  тілеймін. 

Ду  қол  шапа лақ тап,  шараның  соңына 

дейін  қолпаштап  отырайық»  деді  Мақсат 

Оңғарбайұлы өз сөзінде.

Ойында  командалар  №1  МГӨБ+ХжЭБ, 

№2  МГӨБ  +  ӨЭМБ,  №3  СҚКБ+  ТТБ  , 

№3МГӨБ+№2  СҚКБ,  МӨҚжТКЖБ+АжТБ 

болып  жұптастырылды.Экс-жайдарманшы 

Мақсат  Оңайбаев,  коммерциялық  сұрақтар 

жөніндегі  атқарушы  дирек тор  А лмас 

Сәрсенбаев, Персоналды басқару және дамы-

ту департаменті директоры Ермек Көптілеев, 

Әлеуметтік әкімшілік департаменті директо-

ры  Тарас  Алеуединов,  «Жаңаөзен»  қалалық 

газетінің бас редакторы Гүлназ Бөлекбаевалар 

ойыншылардың  өнерін  тамашалап,  қазылық 

жасады. 

Жұртшылықпен байланыс департаменті ди-

ректоры Әділ Сүйебайға жастарды қоғамдық 

ортаға  тартып,  жастар  саясатын  қолдап, 

тұңғыш  рет  кәсіпорындар  арасында  жай-

дарман  лигасын  құрып,  оның  ілгерілеуіне 

атсалысқаны  үшін  «Қазақстан  КВН  Одағы» 

Республикалық  жастар  қоғамдық  бірлестігі 

президентінің  А лғыс  хаты  табысталды. 

Мақсат  Оңайбаев  тіршіліктегі  ірілі-ұсақты 

мәселелерді  түйреген  әзілкештерге  алғысын 

білдіре отырып, кей кездері ұйықтап қалатын 

сәттердің болғанын айтты. Гүлназ Бөлекбаева 

мұнайшылардың тілдік қорының жұтаңдығына 

қынжылыс  білдіре  отырып,  оларды  көркем 

әдебиет оқуға шақырды... 

Б а с   ж ү л д е н і   № 2 М Г Ө Б + Ө Э М Б ,  

І  орынды  №3  МГӨБ+№2  СҚКБ,  ІІ  орын-

ды  МӨҚжТКЖМ+АжТБ,  ІІІ  орынды  №3 

СҚКБ+ХжЭБ  командалары  жеңіп  алды. 

Ойынның «Үздік ойыншысы» болып Нұрсұлтан 

Нұрғалиев танылды. 



«Сен күлсең, әлем күледі»

Қызметкерлер

«Өзенмұнайгаз» АҚ Персоналды басқару 

және дамыту департаменті директорының 

орынбасары  Майра  Бажикова  Жаңаөзен 

қаласында  дәулетті  шаңырақта  қағу 

да  қағажу  көрмей  еркін  өсті.  Анасы 

Майраның  есінде  әкесінің  бетіне  жел 

болып  келіп  көрмеген  ақылдылығымен, 

парасаттылығымен  сақталып  қалды. 

Әкесі  мен  анасы  өте  тату  тұрды.  Оларды 

біріктіріп,  жалғап  тұратын  көзге  көріне 

бермейтін өзара сыйластық тіні болатын. 

Майраның  балалық  шағы  Жаңаөзен 

қаласында өтті. Ол әртүрлі ұлт өкілдерінің 

балаларымен балалықтың қара қазанында 

қайнап,  тай-құлындай  тебісіп  өсті.  Әке-

шешелері  оларға  адал  болуды,  істеген 

ісіне  жауапкершілікпен  қарауға  үйретті. 

Ауланың  балалары  демалыс  күндері  бір 

үйге  жиналып  «Ертегіде  қонақтамыз» 

бағдарламасын  тамашалап,  мәз  болушы 

еді.  Жазғы каникулда Өзеннің ойына  жаяу 

серуенге  шығатын.  Рақат...бар  өмір  алда. 

Қазіргі балалардай қолда ұялы телефон жоқ, 

интернет жоқ. Әйтсе де олар балдай тәтті 

балалықтың бал шырынын сіміріп өсті. 

Үнемі қасынан табылатын ең жақын дос-

тары Ботакөз, Кенжеханмен улап-шулап да-

ланы басына көтеріп жатады. «Өтіп кеткен 

жаңбырды, жамылғы алып қуар ма?» – деп 

ақын жырлағандай алыста қалған балалық 

шақтың енді оралмасы анық.  

Мектепті  бітірген  соң  Майра  арман 

арбасына  мініп,  сыныптасы  Гүлайна 

Егізғаринамен  бірге  оқуға  жол  тартады. 

Студенттік  өмірдің  қызығын  бірге  татып, 

жарты  нанды  бөліп  жеген  досымен  күні 

бүгінге дейін араласып, хабарласып тұрады. 

Оқу орнын бітірген соң мақала кейіпкері 

туған қаласына оралып, 1989 жылы еңбек 

Компания 

мақтанышы

жолын бастады.  1993 жылдан бері кадр сала-

сында жемісті еңбек етіп келеді. Компаниядағы 

аса маңызды болып саналатын кадр саласында 

25  жылдан  бері  жұмыс  жасап  келе  жатқан 

Майра Жауымбайқызы қандай марапатқа да 

лайық.  Кадр  жұмысы  өте    күрделі.  Кадр  ма-

маны тек қана персоналға қатысты жұмысты 

атқарып  қоймайды.  Әрбір  маманмен  жеке 

түрде  сұхбат  жүргізеді.  Заманауи  кадр  ма-

маны  психология  және  социология  негізін 

білуі  тиіс.  Келісімшартқа  байланысты  не-

месе  лауазымдық  нұсқаулыққа  байланысты 

сұрақтар  туындағанда  заң    аясында  жауап 

беріп,  заңдық  тұрғыда  әрекет  жасауы  керек. 

Заман  талабына  сай  персоналды  бағалау 

әдістерін  жетік меңгеруі шарт. 

Бүгінгі  жұмысы  туралы  «кадр  маманы  ең 

алдымен психолог болуы керек. Көпті білектің 

күшімен, азды тіліңнің ұшымен ұстауға тура 

келеді» – дейді Майра.

Іскер  жанның  әр  күні  есептеулі,  сағаты 

санаулы.  Жұмысы  өзіне  ұнайды.  Өз  ісіне 

деген  махаббат  оны  ұжым  арасында  сый-

лы  етті.  Ізет,  сыпайылықты  ана  сүтімен 

сіңірген Майра Жауымбайқызы жұмысына аса 

жауапкершілікпен қарайды.  

Кезінде  өзімен  жұмыстас  болып,  кадр 

мамандығының  қыр-сырын  бүге-шігесіне 

дейін  үйретіп,  өзіне  бағыт-бағдар  беріп, 

бүгінде зейнеткерлікте еңбегінің жемісін жеп 

отырған  Ақжан Қадымова, Бәтима Орынба-

ева,  Балиба  Күзенбаева,  Тамара  Ағабекова, 

Рабиға  Манасоваларды  ол  сағынышпен  еске 

алады.  Жанна  Жакупова,  Нұржамал  Баймы-

шевалар сынды жақсы жандармен сыйласып 

жұмыс істеді. 

П е р с о н а л д ы   б а с қ а р у   ж ә н е   д а м ы т у 

департаменті  директоры  Ермек  Көптілеев 

«А дамды  іс теген  ісінен  білесің.  Май-

ра  Жауымбайқызы  –  жұмысқа  ерекше 

құлшыныспен  кірісіп,  өз  жұмысынан  ләззат 

алатын жан. Таудай табыс пен мол нәтижеге 

әріптесіміз өзінің еңбегімен жетіп отыр. Биыл 

50  жылдық  мерейтойын  атап  өткен  Өзеннің 

құрдасын  бас  директордың  транспорт  және 

әлеуметтік  мәселелер  жөніндегі  орынба-

сары  Мақсат  Оңғарбайұлы  мерейтойлық 

төсбелгімен марапаттады» – деді. 

Зиялы,  ішкі  мәдениеті  мол,  ер  жүгін 

арқалаған  Майра  Жауымбайқызы  сияқты 

мамандар компания мақтанышы екені сөзсіз.



«Ембімұнайгаз» АҚ-ның HR-

мамандары қызметкерлерді 

басқару және еңбекке ақы 

төлеу мәселелері жөніндегі 

жыл сайынғы дәстүрлі 

форумда осы жылдың 

қорытындылары мен 

2019 жылға жоспарларын 

талқылады.

Жоспар айқындалды

Шараға  басқару  аппараты  мен  барлық 

өндірістік құрылымдық бөлімшелердің басшы-

лары мен қызметкерлері қатысты. 

Ата лған  форум  аясында  жыл  сайын 

кадр  саласының  мамандары  алда  тұрған 

мәселелерді  талқылап,  алдағы  жоспарларды 

айқындайды. Мұнай бағасының тағы да түсуі 

мен бас компанияның алдағы уақытта IPO-ға 

шығуы  компания  алдына  жаңа  міндеттерді 

жүктеп отыр. 

Ш а р а   б а р ы с ы н д а   2 0 1 8   ж ы л д ы ң 

қорытындылары  туралы  барлық  өндірістік 

құрылымдық  бөлімшелерін  HR-бөлімдерінің 

жетекшілері  есеп  берді.  Есептік  баяндама-

ларда  қызметкерлерді  оқыту  мен  дамыту, 

кадрлық  басқару,  жұмысшылардың  сандық 

және  сапалық  құрамы,  еңбекке  ақы  төлеу 

және реттеу мәселелері бойынша мәліметтер 

келтірілді.  Соның  ішінде,  еңбекке  ақы  төлеу 

және реттеу, дуалдық оқыту, мерзімінен бұрын 

зейнеткерлікке  шығу  қорытындылары  мен 

басқа да мәселелерге ерекше назар аударылды. 

ЕМГ қызметкерлерді басқару және еңбекке 

ақы төлеу департаментінің директоры Гүлбану 

Шарафетдинова  форумға  қатысушыларға 

ағымдағы  жылдың  сәуір  айында  10  жылдық 

мерзімге  қабылданған  ЕМГ-нің  даму 

тұжырымдамасы аясындағы «Қызметкерлерді 

басқару  және  еңбекке  ақы  төлеудің  2017-

2027  жылдарға  арналған  функционалдық 

стратегиясының»  орындалу  барысы  туралы 

баяндады. 

Форум  соңында  кадр  қызметінің  есебі 

бойынша  қорытындылар  шығарылды. 

Ал,  Компанияның  HR-бөлімдерінің  үздік 

қызметкерлеріне  Құрмет  грамоталар  табыс-

талды.  


Атап айтсақ, қызметкерлерді басқару және 

еңбекке ақы төлеу департаментінің еңбек және 

жалақы бөлімінің басшысы Гүлшат Сарекено-

ва, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ қызметкерлерді 

басқару  және  еңбекке  ақы  төлеу  бөлімі 

бастығының  орынбасары  Әлия  Талпақова, 

«Доссормұнайгаз»  МГӨБ  қызметкерлерді 

басқару  және  еңбекке  ақы  төлеу  бөлімінің 

кадрларды  даярлау  жөніндегі  инженері 

Нұргүл Нұрғалиева, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ 

қызметкерлерді  басқару  және  еңбекке  ақы 

төлеу бөлімінің кадрларды даярлау жөніндегі 

инженері Естай Мамбетов, «Ембімұнайэнерго» 

басқармасының қызметкерлерді басқару және 

еңбекке  ақы  төлеу  тобының  кадр  жөніндегі 

2-санатты  маманы  Райхан  Балғымбаева  ма-

рапатталды. 



m u n a i l y m e k e n . k z

8

бейсенбі, 27 желтоқсан 2018 ж.

Қоғамдық-мәдени өмір

Шығарылымды дайындауға қатысқандар:

Елдос Өмірзақұлы – Уе.Umirzakov@kmg.kz

Шархан Қазығұл – Sh.Kazagulov@kmg.kz

Бибігүл Бөбекбай – Psdso@umg.kmgep.kz

Лаура Сулейменова – L.Suleimenova@emg.kmgep.kz

Айгүл Ертілеуова – A.Ertleuova@emg.kmgep.kz

Жанкелді Қаржан – Z_Karzhan@kbm.kz

Жаңагүл Серікова – Zh.Serikova@kmg.kz

Диана Қалқамбекова – D.Kalkambekova@kmg.kz

МЕНШІК ИЕСІ:

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ

Газет Қазақстан Республикасы 

Мәдениет, ақпарат және спорт 

министрлігінде есепке қойылып, 

№ 6668-Г куәлігі берілген. 



Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы,  

Қабанбай батыр даңғылы, 19 үй,  

А блогы, 4 қабат, 0406 бөлме.

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі 

редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Редакция  оқырман  хаттарына  жауап 

бермейді және оны қайтармайды.

«Мұнайлы мекен» газетінде жарияланған 

материалдар көшіріліп басылса, сілтеме 

жасалуы міндетті.

Жарияланған суреттердің сапасына ре-

дакция жауап береді.

Газет айына 2 рет шығады,  

Таралымы 5 000 дана

Байланыс телефоны:



 +7 (7172) 78 91 49

«Ақжар-АБК» ЖШС

Ақтөбе қ-сы, Қобыланды көшесі, 17

тел.: +7 (7132) 21 19 30

МЕРДІГЕР: 



«Samruk invest group» ЖШС

Астана қ-сы, Сарыарқа даңғылы,  

41-үй, 476 кеңсе. Тел.: +7 (7172) 68 00 79

Ой түрткі

Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар  – 

Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге  асыру 

мақсатында  және  Қазақстан  Республикасының 

Тәуелсіздік  күніне  орай  желтоқсан  айының 

14  жұлдызы  күні  «KMG  EP-Catering»  ЖШС 

мен  дене  шынықтыру-сауықтыру  кешені 

қызметкерлері арасында интеллектуалды ойын-

дар  ұйымдастырылып,  жоғарғы  деңгейде  өтті. 

Бұл шараның басты мақсаты – қызметкерлердің 

арасындағы ұжымдық рух-

ты қалыптастыра отырып, 

ауызбіршілікті нығайту.  

Белсенді  ойыншылар 

мен  жанкүйерлер  басын 

қосқан  интеллектуалды 

шара  «KMG  EP-Catering» 

ЖШС-нің дене шынықтыру 

сауық тыру  кешенінің 

басшысы  Таумуринов 

Рзағалидың  құттықтау 

сөзімен ашылды.

С е р і к т е с т і к 

қ ы з м е т ке р л е р і   с ы н ғ а 

түскен бәсекеде бес ойын-

шыдан тұратын бес коман-

да  болып  ойын  көрсетті. 

Қатысушылар «Ән әлемі», 

«Спорт жарысы», «Мықты 

болсаң, тауып көр», «Оқы, 

оқы  және  оқы»,  «Кино», 

«Әлемге  саяхат»  ат ты 

тақырыптар  бойынша 

биле т  таңдау  арқылы 

логикалық сұрақтарға  жа-

Футзалдан «Ембімұнайгаз» АҚ коман-

дасы ҚР біріншілігі 1 лига командалары 

арасында аймақтық кезеңінің жеңімпазы 

атанды.  Аймақтық  кезең  турнирінде 

«Атырау» командасымен өткен алғашқы 

кездесу  1:0  есебімен  аяқталды.  Ойын 

тағдырын  шешкен  жалғыз  голдың  ав-

торы – Бекназар Ақмұрзиев. Келесі күні 

ембіліктер  «Құлагер»  командасымен 

кездесті.  Бұл  ойында  есеп  ашылмай, 

командалар  тең  тарқасты.  «Өмірзақ» 

командасымен өткен байрақты бәсекеде 

мұнайшылар командасы 3:2 есебімен ба-

сым түсті. Аймақтық кезеңдегі үш ойында 

бірде-бір  жеңіліс  таппаған  ембіліктер 

2019  жылдың  наурыз  айында  өтетін 

республикалық  турнирдің  ақтық  сы-

нында  Атырау  облысының  намысын 

қорғайтын  болады.  5  ұпай  еншілеген 

«Құлагер»  екінші  орынды,  3  ұпаймен 

«Атырау»  үшінші орынды иемденді. 

Сонымен  қатар  футзалдан  Атырау 

қаласының ашық біріншілігінің алғашқы 

турында ЕМГ командасы «Атырау мұнай 

өңдеу  зауыты»  ЖШС  командасын  6:0 

есебімен ойсырата ұтты. 



Шара мақсаты – 

ұжымдық рухты нығайту 

Жасыл алаңда – теңбіл доп

Ембілік мұнайшылар – 

көш басында

уап  берді.  Әділқазылар  алқасының  шешімі  бой-

ынша 1,2,3 орындар анықталып, оларға арнайы 

дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Та р т ы с т ы   ә р і   қ ы з ы қ т ы   ө т ке н   ш а р а д а 

ептілік  танытып,  бірінші  орынды  «Алатау» 

командасының ойыншылары иемденді. Ойын 

барысында спорттық шараға белсене қатысқан 

«Отпан»  командасының  ойыншылары  екінші 

орынды,  «Арлан»  командасы  үшінші  орынды 

иемденді. 

Нәрестеге ат қоярда ойланыңыз

Ата-ананың өз перзенті алдында бес парызы 

бар көрінеді. Соның бірі баласына заманға сай 

есім беру. Бұл мәселеге атүсті қарауға мүлдем 

болмайды.  Балаға  ат  қою  –  аса  маңызды 

рәсім.  Тілді  түзеу,  тіл  мәдениетін  жетілдіру 

сәбиге ат қоюдан басталады. Біз көп жағдайда 

Бақыт,  Жеңіс,  Бейбіт,  Сапар,  Ардақ  секілді 

есімдерді қыз адамдарға қоя береміз. Арнау-

лы  мамандардың  пайымдауынша,  мұндай 

есімі  күрделі  адамдардың  тағдыры  күрделі 

шиеленіскен  оқиғаларға  толы  болып  келеді 

екен. Менің қызымның сыныптасы үнемі біздің 

үйге  келіп  жүретін.  Бір  күні  әлгі  балақайдан 

есімін сұрасам Индира болып шықты. Үйіміздің 

жанында  азық-түлік  дүкені  бар.  Оның  атауы 

«Аида».  Содан  бұл  есімдер  қандай  мағына 

береді  екен  деп  орталық  кітапханаға  барып, 

кітап  ақтарайын...  Сөйтсем,  Индира  –  үнді 

әйелдерінің тәңірі, ал Аида – гректердің әйел 

тәңірінің  аты.  Бұл  –  Ислам  дінінің  шартына 

қарсы. Көршімнің сүп-сүйкімді қызының аты – 

Венера. Бұл – ежелгі Римдегі махаббат, сұлулық 

тәңірісі.  Үш  қайнаса  сорпасы  қосылмайтын 

бұл атаулардың біздің балаларымызға қатысы 

қанша?  Шаранаға  азан  шақырып  ат  қоярда, 

бұл  есім  қандай  мағына  береді  деп  неге  бас 

ауыртпаймыз?! Қазақ малға ат қоюға келген-

де,  оның  түр-түсіне,  мінезіне  ерекше  назар 

«Кез келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып 

жатқан жастардың тұрмыс-тіршілігіне қара» – деген сөз бар. 

Құрылғанына 5 жыл болған «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның Жас ма-

мандар кеңесі жиналыс өткізіп, 2018 жылды қорытындылады.

Жас мамандар «Жайдарман», «Ой-дода», «Жігіт сұлтаны», 

«Өзенмұнайгаз аруы», «Үздік рационализаторлық жобалар» 

және басқа да байқауларды өткізіп, компания жастарының 

ауызбіршілігінің нығаюына өлшеусіз үлес қосып келеді. 

Олар Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 толуына орай 

театрландырылған көріністер байқауын және Маңғыстау 

облысы  бойынша  8  команда  қатысқан  спартакиада 

ұйымдастырды.

Отпан таудың басында бірлік пен мейірім мерекесі – Амал 

мерекесіне атсалысты. Ұлыстың Ұлы күні рухани байланыс пен 

бауырластықты нығайту мақсатында Орынбор, Астрахань, 

Қорғаннан сауын айтып, қандастарымызды қонаққа шақырды. 

«Болашақ жастарда» деген Сократтың сөзі әлі өзгерген 

емес. Адамды алға жетелейтін арман екенін сол ойшыл 

айтқан... Жастың көңілі қашанда көкте болады.

Дүниенің парқын танитын, көзі ашық, көкірегі ояу жаста-

рымыз көп болса, нұр үстіне нұр болар еді!

Өзенмұнайгаздық жас мамандар ұстанатын принцип: 

«Шамаң жетсе, уақыттан оза жүр, жетпесе қатар жүр, бірақ 

еш уақытта заманыңнан қалма»!                    

Салтанатты  жиында  ЖМК  алғашқы  төрағасы  Асқар 

Ноғай мен қазіргі төрағасы Бауыржан Бәйімбетов белсенді 

жастарға бас директор Жәнібек Нұғмановтың Алғыс хатта-

рын және имидж өнімдерін табыстады.

аударады. Ал, өзі дүниеге әкелген адам бала-

сына келгенде, қалай болса, солай қарайтыны 

өкінішті.  Ат  адамның  абыройы  екенін  неге 

ұмытамыз. Психолог-мамандар  «ат қою – өте 

маңызды іс, өйткені бұл адамның тағдырына 

әсер етеді» – деп жазады.

Қазақ  –  ырымшыл  халық.  Баланың  атын 

қалай  болса,  солай  ұйпалақтап  қоя  салса, 

тіл-көзден  аулақ  болады  деп  сенеді.  Азып-

тозған  жоқшылықта  дүние  есігін  ашқан 

нәрестелерге Боқты, Битті, Құртты, Қылшық 

деген  таңбалы  есім  тағу  жарық  дүниені 

анық  көретін  қазаққа  бұйым  болмаған. 

Наурызда  туған  бала  Наурызбай,  іңірде 

туған бала Іңірбай, қауындықта туған бала 

Қауынбай боп кете береді. Ғайыптан тайып 

түйенің қомында дүниеге келсеңіз, Түйебай 

болуыңыз ғажап емес. Біздің қазақта Спар-

так,  Дияс,  Рафаэль  деген  халықаралық 

есімдер де бар. Карл, Марк, Эдик, Кармелита, 

Аделья, Арсен, Жизель деген есімдер де қазақ 

үшін таң емес.

Әдемі  есім  Сіздің  балаңыздың  «визитная 



карточкасы» екенін ұмытпаңыз.

Сарша СҮГІРӘЛІ,

«Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкері

Жас мамандар кеңесі жылды қорытындылады

жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау