m u n a i l y m e k e n . k z
2
бейсенбі, 27 желтоқсан 2018 ж.
Жолдау
1
-
бетте
2018 жыл аяқталуға жақын, сондықтан
осы мүмкіндік ті пайда лана отырып,
Сіздерге «ҚазМұнайГаз»-дағы іске шын
б е р і л г е н д і к т е р і ң і з , ж ұ м ы с қ а д е г е н
ынталарыңыз үшін, сондай-ақ қауіпсіздікті
қамтамасыз е т у мәселелеріне деген
ұстанымдарыңыз үшін алғыс айтқым келеді.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»
АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары
ретінде жұмыс істеп жүргенде, 2018 жылы
«ҚазМұнайГаз»-дың қауіпсіздік саласында
айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгеніне
өзім куә болдым. Алғаш рет Компанияның та-
рихында 12 айлық кезеңде еңбек қызметімен
байланысты өлімге алып келген жазатайым
оқиғалары бойынша НӨЛДІК көрсеткішке қол
жеткізілді. Еңбек қабілетсіздігіне әкеп соққан
(еңбек қызметіне байланысты жарақат алу
нәтижесінде бір күннен асатын кезең) жа-
затайым оқиғалардың саны 2017 жылмен
салыстырғанда 35% азайды. Мұның барлығы
Компанияда жыл өткен сайын қауіпсіздік
мәдениетінің артқанын әрі нығайғанын рас-
тайды. Сол үшін Сіздердің баршаңызға алғыс
білдіргім келеді.
Алайда, 2018 жыл жазатайым оқиғасыз
жыл болған жоқ – өндірісте әлі де бол-
са оқыс оқиғалар орын алып отыр. Біз
Компанияның және мердігер ұйымдардың
әрбір қызметкерінің әрқашанда жұмыстан
аман-есен, жарақат алмай үйіне оралу-
ына ұмтыламыз! Біз әрқашанда 100%
қауіпсіздікке қол жеткізу мақсатында үздіксіз
жұмыс істейтін боламыз!
Біздің қызметкерлердің, мердігерлердің
және жергілікті халықтың денсаулығын
қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мақсатындағы тынымсыз еңбегіміз
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнесінің ұзақ
мерзімді әрі табысты болуының басты фак-
торы болып табылады. Біз қауіпсіздік бой-
ынша негізгі құндылықтарға ортақтасатын,
өндіріс тің жоғарғы с тандарт тарына
ұмтылатын кадрлық әлеуетті тарту, дамыту
және сақтау арқылы қауіпсіздік мәдениетін
ұдайы алға жылжытатын боламыз.
Компанияда қауіпсіздік бойынша бірқатар
қағидалар, рәсімдер және стандарттар
әзірленіп енгізілді. Үлкен жұмыс атқарылды,
десе де, бұл - жеткіліксіз. Біз ұжымның барлық
деңгейлерінде, ҚМГ нысандарында жұмыс
атқарып жатқан әрбір қызметкер үшін
оның ажырымас бөлігі болып табылатын
қауіпсіздік құндылығын енгізу жұмысын
және қауіпсіздік мәдениетіне ұмтылысты ары
қарай жалғастыруымыз керек. Бұл құндылық
жұмыстан тыс уақыттың өзінде де сіздің
өміріңіздің ажырамас тұрақты бөлігі болуы
тиіс. Себебі, қауіпсіздік мәдениеті дегеніміз
– ойлану қабілетін, жұмысқа деген қарым-
қатынасты қалыптастыратын жазылмаған
нормалар мен стандарттар жиынтығы.
Қауіпсіздікке деген ұмтылыс басшылықтан
басталады. Алайда, басшылық жеке өзі
барлық жерде қауіпсіздік мәдениетін ұдайы
қамтамасыз ете алмайды.
Егер сіздердің әрқайсыңыз қауіп тудыратын
жағдайлар мен әрекеттерді байқасаңыз, әрі
бұл жайында ашық түрде айтатын болсаңыз,
ал сіз жүгінген адамдар, сізді тыңдайтын бол-
са, яғни жұмыс орындап жатқан қызметкер
болсын, не өзіңіздің басшыңыз болсын
сізді тиісті жабдықпен қамтамасыз етіп
және жұмыстардың қауіпсіз орындалуын
үйретсе,осы көрсетілген міндеттеме мені
қоса алғанда, ҚМГ-ның әрбір қызметкерінің
ұстанымы болуы қажет.
Біздің мақсатымыз – тек қауіпсіздік та-
лаптарын сақтау ғана емес, әрбір адам
қауіпсіздік техникасының жағдайын
жасқартуға ұмтылатын, қауіпсіздік үшін жеке
жауапкершілікті сезінетіндей жағдай жасау.
Қауіпсіздік мәдениетін құру дегеніміз
– аялдамасы жоқ жол. Біз ешқашанда
қол жеткен табысқа тоқмейілсіп, тоқтап
қалмауымыз керек. Бұл - заман талабы; бұл
жол бойынша ұдайы алға ұмтылу адамның
өзін-өзі тәрбиелеуіне үйретеді және бізді
үнемі қауіпсіздік техникасын сақтауға
жетелейді. Оны жетілдіру үшін орындалуға
тиіс талаптардың барлығын бізден та-
лап етеді. Қазақстан бойынша мұнай-газ
саласындағы үздік компания болайық!
Сондай-ақ, қауіпсіздік көрсеткіштерін
жақсарту бойынша үнемі алға ұмтылайық!
С і з д е р г е т а ғ ы д а і с к е д е г е н
а да лдық тарыңыз, қауіпсіздік бойын-
ша көрсеткіштерді жақсартуға қосқан
үлестеріңіз және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
қызметінің тиімділігін арттырғандарыңыз
үшін алғыс айтамын.
2 019 ж ы л С і з д е р ж ә н е с і з д е р д і ң
отбасыларыңыз үшін қауіпсіз, салауатты
әрі табысты жыл болуына тілектеспін!
А.АЙДАРБАЕВ,
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Басқарма төрағасы
Басқарма төрағасының қауіпсіздік
мәселелеріне арналған жолдауы
– Мемлекетіміздің толағай табыстарға
жетіп, көптеген әлеуметтік мәселелердің
оң шешілуіне ерекше үлес қосқан мұнай-газ
саласы ел тәуелсіздігін нығайтуда маңызды
орын алатынын баршамыз білеміз. Осы
саланың дамуына және өркендеуіне үлес
қосқан сіздердің ерен еңбектеріңізді біз
ұмытпаймыз, халық ұмытпайды. Сіздердің
қажырлы еңбектеріңіз егемен еліміздің
экономикалық-әлеуметтік дамуына қомақты
үлес қосқанын ерекше атап өткім келеді,
– деп Ұлттық компания басшысы облыс
ардагерлерін келе жатқан мерекемен
құттықтады.
Кездесуге қатысқан ардагерлер өз кезегінде
Ұлттық компанияның ел экономикасының
локомотиві саналатын мұнай-газ өндіру
саласының дамуына қосып жатқан зор үлесін
жоғары бағалады.
Сапардың екінші күні А.Айдарбаев ірі мұнай-
газ операторлары – ҚМГ ҰК еншілес және
тәуелді компаниялары басшыларымен кездесіп,
жиын өткізді.
– Ұлттық компания үшін Атырау облысында
жүзеге асып жатқан жобалар үлкен маңызға
ие. Олар – Теңіз және Қашаған жобалары.
Бұл аймақта «Ембімұнайгаз», «ҚазТрансОйл»
және «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамдары,
мемлекетіміздің үш мұнай өңдеу зауытының
бірі – Атырау мұнай өңдеу зауыты өз
жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, ҚМГ ҰК
мамандарының тікелей қатысуымен газ-химия
кешенінің құрылысы басталды. Сондықтан ел
экономикасының мұнай-газ секторын одан әрі
дамыту перспективалары осы өңірмен тығыз
байланысты, – деп атап өтті сөз сөзінде Алик
Серікұлы.
Жиын барысында ҚМГ ҰК басшысы мұнай-
газ саласындағы жағдайларға бағасын
беріп, компаниялардың қызметі мен өзекті
мәселелеріне тоқталды.
– «Ембімұнайгаз» АҚ ескі кен орында-
рын игеріп жатқанымен белсенді жүріп
жатқан геологиялық барлау жұмыстарының
нәтижесінде мұнай өндіру жоспарын тұрақты
орындап, қорларды толықтыру тапсырмасын
да сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл бағытта
ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Ком-
панияда үлкен және ұйымшыл ұжым жұмыс
жасап жатқандығын атап өткім келеді. Ілеспе
газды кешенді дайындау қондырғысының
жұмысымен танысу барысында мен бірқатар
себептер бойынша уақытылы іске
қосылмаған күкірт тен таз арту
қондырғысынан (LO-CAT) басқа жал-
пы нысанның іске қосылып, жұмыс
жасап тұрғанына көз жеткіздім.
Ал, аталған мәселе жақын арада
шешімін тауып, қондырғы іске
қосылады деген сенімдемін, – деп
атап өтті ҚМГ ҰК басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Прор-
ва кен алаңдары тобында ілеспе
мұнай газын залалсыздандыруға
арналған Ілеспе газды кешенді
дайындау қондырғысында іске қосу
мен жөндеу жұмыстары 2017 жылы
басталған еді.
Іске қосу мен жөндеу жұмыстары
барысында аталған қондырғының
негізгі элементтері кезең-кезеңімен
шығарылып, пайдалануға берілді.
А лайда, іске қосу мен жөндеу
ж ұ м ы с т а р ы к е з е ң і ж о б а н ы ң
бас мердігерінің газ күкіртін таз арту
қондырғысын (LO-CAT) бастау бағытындағы
міндеттемелерді уақытында орындамауы-
на байланысты іске қосу кезеңі кейінге
қалдырылды. Бұл жұмыстар әлі күнге дейін
жалғасуда. Қоршаған ортаға зиянды әсерді
азайту мақсатында Компания 2017 жылдың
қараша айынан бастап С.Нұржанов кен
орнында күкіртті сутектің көп мөлшері бар
ұңғымалар жұмысын тоқтату бойынша
кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Сол
арқылы жағылған газ құрамындағы күкіртті
сутек 2,5-тен астам есеге азайды. Басқосу
кезінде А.Айдарбаев газ-химия кешенінің
құрылысы жобасының жүзеге асуына ерекше
тоқталды.
– Жобаны іске асыру «Біріккен Химия кор-
порациясы» компаниясына тапсырылғанымен
компанияда қажетті мамандардың болмауына
байланысты ағымдағы жылдың басында жоба-
ны Ұлттық компанияға тапсыру туралы шешім
қабылданды. Бүгінгі таңда ел экономикасы
үшін үлкен маңызға ие аталған жоба бойынша
өсім байқалады. Өйткені, екі ірі жоба – Теңіз бен
Қашағаннан алынатын шикізаттан полипропи-
лен мен полиэтилен өндірмек. Сондықтан бұл
жоба бойынша жұмысты әрі қарай жалғастыра
береміз, – атап өтті Ұлттық компания басшысы.
Алқалы жиында «Теңізшевройл» ЖШС бас ди-
ректоры Имер Боннер, NCOC компаниясының
қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны
қорғау директоры Е.Марабаев, Атырау мұнай
өңдеу зауытының бас директоры Ғ.Амантурлин,
«KPI» компаниясының Басқарма төрағасының
міндетін атқарушы Қ.Оразбаев, «ҚазТрансОйл»
АҚ-ның Атырау мұнай құбыры басқармасының
басшысы С.Рзиевтер өз компанияларында
атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде ба-
яндады.
ҚМГ ҰК Басқарма Төрағасы жиналған
жұртшылыққа жаңадан тағайындалған Ұлттық
компанияның Сатып алу және жабдықтау
жөніндегі басқарушы директоры Е.Қайыржанды
және Адами ресурстарды басқару жөніндегі
басқарушы директоры Д.Хасановты таныс-
тырды.
Жиынды қорытындылаған ҚМГ ҰК басшысы
сатып алу рәсімдерінің сапалығын, еншілес
және тәуелді компаниялар басшыларының
жауапкершілігін арттыруды, шығындарды
оңтайландыруды, қаражатты тиімді игеруді,
Атырау қаласының экологиясын жақсарту
үшін арнайы мамандарды тартып, сараптама
жүргізуді, халықаралық операторлар үлгісінде
ұжымдық мәдениеттің жоғары стандарттарын
енгізуді тапсырды.
ҚМГ ҰК басшысы – Атырауда