№22 (485) Бүгінгі санда: 3 Argymak Trans



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата11.01.2020
өлшемі2,39 Mb.
#26223
1   2   3   4   5

m u n a i l y m e k e n . k z

6

бейсенбі, 27 желтоқсан 2018 ж.

Өндіріс

«Үздік рационализаторлық жобалар» байқауы

«Өзенмұнайгаз»  АҚ  Жас  мамандар  кеңесінің 

ұйымдастыруымен «Үздік рационализаторлық жоба-

лар» байқауы өтті. Байқауға 10 өнертапқыш қатысып, 

өз жобаларын қорғап шықты. 

Бас директор Жәнібек Нұғмановтың төрағалығымен 

қазылар  құрамында  Геология  және  геофизика 

департаменті директоры Ахмет Жандосов, Өндірісті 

дамыту  және  талдау  департаменті  директорының 

орынбасары Ержан Бекжанов, Аймақтық және іздеу 

геология  департаменті  директоры  Берекет  Тоқаев, 

Персоналды  басқару  және  дамыту  департаменті 

дирек торы  Ермек  Көптілеев,  Механика лық 

департаментінің  инженер-механигі  Аян  Жөкеш, 

Автоматтандыру  ақпараттық  технологиялар  және 

байланыс  департаментінің  аға  инженері  Марк  Гай-

батовтар болды. 

Жас  мамандар  кеңесі  төрағасы  Бауыржан 

Бәйімбетов «шараның мақсаты – озық ойлы жастар 

шоғырын  қалыптастыру,  өндірістік  мәселелердің 

шешімін табуға  жас мамандарды жұмылдыру және 

жас  көшбасшылардың  өз  идеяларын  іске  асыруға 

мүмкіндік беру» – дейді. 

Жобалардың ішінен өндіріске енгізіліп, тиімділігін 

дәлелдеген  Әділжан  Үсеновтің  (№4  МГӨБ)  сальник 

соққыш  құралы  бас  жүлдеге  ие  болды.  І  орынды 

Нұрасыл Оспановтың (№3 МГӨБ) «Exsel-B», ІІ орын-

ды  Ақжігіт  Түйешиевтің  (Өндірісті  дамыту  және 

талдау  департаменті)  «Ұңғыны  механикалық  таза-

лау»,  ІІІ  орынды  Қадірхан  Есімбетовтың  «Планар» 

құрылғысына өзгеріс енгізу жобалары жеңіп алды.

Бас  директор  Жәнібек  Нұғманов  жас  мамандарға 

риясыз  алғысын  білдірді.  «Елбасымыз  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  «Заманауи  әлемде  елдің  қуаты  ең  алды-

мен  азаматтарының  білімімен  өлшенеді»  дейді. 

Расында  да,  бәсекеге  қабілетті  болудың  көрсеткіші 

білім.  Бүгін  байқауға  қатысып,  компанияның  өсіп-

өркендеуі  жолында  үлес  қосқысы  келіп  отырған 

өнертапқыш  жастарға  қатты  риза  болып  отырмын. 

Өнертапқыштық  дегеніміз  –  әр  нәрсенің  сырын 

ашу.  Сырын  ашу  арқылы  оны  өз  ығымен  жүргізу. 

Сіздер  тапқан  жаңалықтардың  бағасы  өндірістегі 

тиімділігімен  өлшенеді.  Өздеріңіз  сияқты  «алтын 

басты» жастар ел мен Өзен кенорны болашағы үшін 

қызмет жасау керек» – деді бас директор.

Жүлдегерлер диплом мен қаржылай сыйлықтармен 

марапатталды. 

Арал ақиқаты адамзатқа аса таныс. Кезінде 

оның теңіз боп дәуірлегені, кейін суы тарты-

лып, табаны құрғап, күллі әлем экологтарының 

үдере назар аударғаны да белгілі. Қазіргі хәлі 

керемет деуге келмес. Дегенмен, кіші Аралды 

толтыру жұмыстары билік тарапынан қолдауға 

ие. Қала берді Арал проблемасына Орта Азия 

елдері де жіті назар аударып, түрлі форумдар 

өткізіп, бастамалар көтереді. 

Б е л г і л і   а й т ы с к е р   а қ ы н   Б е к ұ з а қ 

Тәңірбергеновтің де «Аралдың табанынан су 

кеткенмен, халқының жүрегінен жыр кеткен 

жоқ»  деп  жырлауы  да  тегін  болмаса  керек. 

Сол  айтқандай,  бұл  өңірден  талай  атпал 

азаматтар шықты. Әрқайсысы өз саласының 

үздігі.  Бүгін  Арал  қаласында  өмірге  кел-

ген  егіз  балалар  Ғалымжан,  Рахымжан 

Үргенішбаевтар  туралы  айтқымыз  келеді. 

№62  қазақ  орта  мектебінде  білім  алып, 

2002-2007  жылдар  аралығында  Қызылорда 

қаласындағы  Қорқыт  ата  Мемлекеттік 

университетінің  «Мұнай  және  газды  игеру 

Еңбекқор егіз

және  пайдалану»  мамандығын  тәмамдап 

шығады. 

Қызылорда  облысының  экономикасы-

на  елеулі  табыс  әкеліп,  әлемдік  қара  ал-

тын  нарығындағы  белсенді  «Қазгермұнай» 

компаниясы  әркез  жаңашыл,  білімді  ма-

мандарды  қатарға  қосуға  даяр.  Бұл  ретте 

өз  мамандықтарын  үздік  бітіріп,  кәсіпке 

араласуға  құлшынған  қос  ұлан  аталған 

компанияның мұнай өндіру учаскесінің опера-

торы ретінде жұмысқа орналасады. Бұл 2007 

жыл болатын. Екеуі де шаруаға белсене ара-

ласып, күні-түні тынбай еңбек етіп әріптестер 

арасындағы білікті маманға айналады. Әрине, 

пайдалы жұмыс істеудің оң нәтижесі екі ретте 

айқын көрініс берсе керек. Біріншісі – әлбетте, 

өзі  үшін.  Тәжірибесі  шыңдалады,  шеберлігі 

жетіледі,  өз-өзіне  деген  сенім  пайда  болады. 

Бұл саланы бекер таңдамағанына айқын көз 

жеткізеді. Жұмыстарын құлшына істеп, түрлі 

ой-идеяларды  өндіріске  енгізе  бастайды. 

Жұмыс  істегеннен  шаршамайды.  Керісінше, 

сол  жұмысты  шабыттана  істеу  арқылы  де-

малады.  Тынысы  кеңи  түскендей  барақат 

күй кешеді. Бұл ішкі сезімнің бәрі Ғалымжан 

мен  Рахымжанға  жақсы  таныс.  Қызметке 

араласқан  күннен  бастап  жұмыстары  жүрді, 

соған  сай  абыройлары  да  артты.  Ал,  екінші 

көрініс  –  жақсы  істелген  шаруаның  жалпы 

ұжымға  оң  әсер  тигізуі.  Сен  істеген  жұмыс 

мекеме  беделінің  жоғарылауына  септігін 

тигізсе,  жалпы  өнімнің  арта  түсуіне  көмек 

берсе,  басшылар  бетіңе  айтпаса  да  саған 

сырттай сүйсінсе, бұл – үлкен олжа. Егіз жігіт 

мұндай сүйіспеншілікті де анық аңғарды. Бірақ 

босаңсыған  жоқ.  Жауапкершіліктерін  сәт 

өткен сайын арттыра түсті. Себебі, өндірісте, 

оның ішінде мұнай компаниясында еңбек ету 

босаңдықты кешіре бермейді. Өйткені, мұнай 

– дәл қазіргі сәтте күллі әлем араласып отырған 

аса алып бизнес. 

Баланың  шаруасы  дөңгелесе,  ата-ананың 

мерейі  өседі.  Бұл  тұрғыда  егіз  жігіттің  әке-

шешесі  Абдулхамит  Ахметов  пен  Зәуре 

Боранқұлова  мақтана  алады.  Ол  кісілер  де 

экономика  мен  шаруашылық  салаларында 

тер төккен, абыройлы ардагерлер. Әкесі Арал 

ауылшаруашылығы  мекемесінде  бас  эко-

номист,  балық  шаруашылығы  мекемесінде 

бас  маман,  аң  шаруашылығында  инспектор, 

халыққа  қызмет  көрсету  орталығында  бас-

шы  қызметтерін  атқарған  жан.  Анасы  да 

ауылшаруашылығы  мекемесінде  агроном, 

шегірткемен  күрес  мекемесінде  директор 

болып  жұмыс  жасаған.  Егіз  ұлдан  кейін 

Бақытжан есімді тағы бір ұл бар. Жалпы, үйде 

үш ағайынды. 

Қазір Ғалымжан да, Рахымжан да берекелі 

отбасын құра алған салауатты отағасы. Отба-

сыларына да көңіл бөліп, шаруашылықты да 

шырқ  үйіріп,  қызметтің  де  ұңғыл-шұңғылын 

қалт  жібермей  қадағалап,  10  жылдан  астам 

уақыт  бойы  алпауыт  компанияда  абыройлы 

еңбек  етіп  келеді.  Олар  алғашқы  жұмысқа 

тұрған сәтті былай деп еске алады. 

«Алғаш жұмысқа тұрған жылдары күндізгі-

түнгі ауысымдарда қызмет істейтін едік. Мен 

күндіз  мұнайды  жинау  ыдысынан  мұнай 

таситын  цистернаға  құйып  жіберемін  де, 

түнгі ауысымды егізім Рахымжанға тапсырып 

кетемін. Ол дәл солай түнде келген мұнай та-

сушы көлікке құяды. Бір күні көлік жүргізушісі 

маған: «Осы сен демалмайсың ба? Күндіз кел-

сем де, түнде келсем де жұмыс істеп жатасың?» 

дейді таңырқап. «Иә, дем алмаймын. Күндіз де, 

түнде  де  ұйықтамай  жұмыс  істеймін»  дедім. 

Сөйтсем, әлгі кісі тіптен таңғалып, не айтарын 

білмей  абдырап  қалыпты.  «Бұл  мүмкін  бе?» 

деп  дағдарып  қалғаны  ғой.  Сосын  іле-шала 

әзіл екенін, шын мәнінде егізімнің бар екенін 

айттым» дейді Ғалымжан. 

« Ж ұ м ы с ы м ы з д ы   с ү й і с п е н ш і л і к п е н 

атқарамыз.  Сонда  ғана  нәтиже  болады. 

Бүкіл  ұжымға  жақсы  әсер  тигізесің.  Қазір 

бәсекелестік өте жоғары. Біздің мамандықты 

игеріп, өндіріске араласып жатқан жастар көп. 

Әрине,  бәсекенің  болуы  адамды  тек  жақсы 

жағына қарай шыңдайды. Өсіреді. Мен елімнің 

өндірістік, экономикалық әлеуетіне сенемін. 

Біздің  компания  алға  қойған  мақсаттарды 

орындап,  биік  белестерден  көрінеді  деп 

сенемін» дейді олар. 

Мұнай  саласында  еңбек  етіп  келе  жатқан 

әріптестерімізді  келе  жатқан  Жаңа  жыл 

мерекесімен  құттықтаймыз.  Баршамыз 

жаңа  жылмен  бірге  ізгі  жаңалықтардың 

келуін  күтеміз.  2018  жылы  қол  жеткізген 

оң  нәтижелеріңіз  жалғасын  таба  берсін, 

мерейлеріңіз  үстем,  алар  асуларыңыз  көп 

болсын!

Алтын ОҢТАЛАПҚЫЗЫ

2 018   ж ы л ғ ы   3 0   қ а р а ш а д а   « A r g y m a k   Tr a n s 

Service»  ЖШС-де  2019-2021  жылдарға  арналған 

жаңа  Ұжымдық  шартқа  қол  қойылды.  Ұжымдық 

шартқа Жұмыс беруші тарапынан Серіктестіктің 

президентінің  міндетін  атқарушы  Құлшықов 

Ш а т т ы қ ,   Ж ұ м ы с ке р л е р   а т ы н а н   Ке м е л х а н о в 

Азанбай  және  Отарбаев  Ноябрь  қол  қойды.  Өз 

кезектерінде мекеме басшылығы да, жұмыскерлер 

өкілдері  де  аталмыш  құжаттың  қазіргі  таңдағы 

экономикалық жағдайда Серіктестік жұмыскерлері 

үшін әлеуметтік кепіл болып табылатынын, барын-

ша  жетілдірілген  қазіргі  нұсқасының  әлеуметтік 

тұрақтылық  жолында  үлкен  маңызы  бар  екенін 

атап өтті. 

«Argymak Trans Service» ЖШС 

ұжымдық шартқа қол қойды



жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау