2017 жыл бойынша орындалуы жөніндегі ақпарат 1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-іс-шаралары



жүктеу 0,96 Mb.
бет7/13
Дата29.12.2019
өлшемі0,96 Mb.
#25392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Нәтижесінде «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығына учаскелік педитрлардың жұмысын ынталандыру үшін ЖШЫК 2 қосымша индикаторы енгізілді:


1) «Перзентханадан шыққан кейін алғашқы 3 тәулікте жаңа туған нәрестені патронаждық барумен қамту»;

2) «Асқынған ЖІИ емдеуге жатқызылған 5 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы» және «Асқынған АРИ 5 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы» процестің 2 индикаторын біріктіру жолымен «Асқынған ЖІИ және ЖРИ емдеуге жатқызылған 5 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы».

Бұдан басқа 2017 жылдың қаржылық кезеңінің 9 айында барлығы МСАК ұйымдарының қызметкерлерінің қызметінің түпкі нәтижесіне қол жеткізуге жасаған үлесі үшін (6 индикатор бойынша) республикалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі – 15 871,1 млн. теңгені немесе 1 тұрғынға шаққанда айына 100 теңгені құрады.

Негізгі айлық ақысыныа ай сайынға қосымша төлемнің сомасы ҚР бойынша орташа алғанда дәрігер персоналы бойынша – 56.3 мың теңге, ОМҚ бойынша – 29.9 мың теңге, әлеуметтік қызметкерлер бойынша – 17,1 мың теңге, психологтарға – 23.1 мың теңге, акушерлерге – 19.7 мың теңгені құрады.

Учаскелік қызмет персоналына қаржыны бөлу сомасы ел бойынша ЖШЫК жалпы соамсынан 82,8% құрады, учаскеден тыс персонал үшін 10%, және біліктілігін арттыру үшін 7,2% құрады.







Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарына талапкерлерді таңдау және қабылдау тәсілдерін жетілдіру




ҒАРД

Жыл бойы

Ақпарат


Орындалды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына медицина қызметкерлерінің кәсіби маңызды жеке тұлғалық сапасын айқындау үшін арнайы емтиханын енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді және ҚР БҒМ-ге жіберілді. Осы ұсыныс қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауындағы Заң жобасына енгізілді. Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарына талапкерлерді таңдау және қабылдау тәсілдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне де ұсыныстар жіберілді ( 14.12.2017 жылғы( № 06-2/10328//143(119-т) хат).









Жетекші халықаралық университеттермен және медицина ұйымдармен, «Назарбаев Университеті» ДБҰ-мен стратегиялық әріптестікті дамыту




ҒАРД


Жыл бойы

Ақпарат

Орындалды

Барлық ЖОО-лардың деңгейінде:

  • 2017 жылға арналған стратегиялық әріптеспен бірлескен жұмыс (жол картасы) жоспар бекітілді.

  • ДБ жобасы шеңберінде стратегиялық әріптестікке техникалық тапсырсы келісілді.

Семей ММУ:

  • 2017 жылғы қаңтардан бастап стратегиялық әріптестік іс-шаралар жоспарын орындау Семей ММУ өзінің қаражаты есебінен жүзеге асырылуда (менторлық бағдарламасының бюджеті шамамен 51 709 140 теңге).

  • «Травматология және ортопедия», «Радиология», «Кезек күттірмейтін медицина» - түлектердің құзыреті, резиденттерді бағалау жүйесі резидентураның бірлескен бағдарламасын іске асыру үшін шаралар пысықталды.

  • Семей ММУ 10 оқытушысының 3 ай мерзімімен ЖОО-әріптесте тағылымдамасы жоспарлаған (110 702,7 мың теңге). Тағылымдаға баратын ПОҚ тізімі және академиялық мобильділік бағдарламасы үшін резиденттердің тізімі айқындалған.

  • Е.Т. Жүнісовтің 2017 жылғы 22-28 мамырда әріптес ЖОО-ға сапары өтті.

  • «Жедел және кезек күттірмейтін көмек» резидентура мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы әзірленді.

  • На основе опыта стратегического партнера SLU стартегиялық әріптес тәжірибесінің негізінде, сондай-ақ қазан-қараша кезеңінде университеттің 3 қызметкері Солтүстік Каролина, АҚШ Дьюк университетінде «Көшбасшылық және менеджмент» бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Оқыту қорытындысы бойынша білім беру және ғылым бойынша тректер, 22.12.2017 жылғы Ғылыми кеңесте тұжырымдама ұсынылды.

ҚазҰМУ:

  • 2017 жылғы қаңтардан бастап стратегиялық әріптестік іс-шаралар жоспарын орындау ҚазҰМУ өзінің қаражаты есебінен жүзеге асырылуда ( менторлық бағдарламасының бюджеті шамамен 40 000 000 теңге).

  • ҚазҰМУ 5 оқытушысының 2017 жылғы маусымда Дьюк Университетіне сапары дайындалуда.

  • ҚР ДСМ қаражаты есебінен 3 ай мерзімімен әріптес жоғары оқу орнына ҚазҰМУ 5 оқытушының және 5 студенттің академиялық мобильдігі жоспарланып отыр (108 000 000 теңге). Академиялық мобильділік бағдарламасы үшін ПОҚ және студенттердің тізімі айқындалуда.

  • Дьюк университетінің кәсіби медицина мектебі асс. Рональд Олсонның ҚазҰМУ-ға жұмыс сапары өтті.

  • Дьюк университетімен бірлесіп спорт медицинасы бойынша резидентураның білім беру бағдарламасы пысықталды.

  • Дьюк университетімен бірлесіп педиатр интерндерді оқытудың пилоттық жобасын іске асыру үшін интервенция жоспары әзірленді.

  • 2017 жылғы 17-28 шілде аралығында ҚазҰМУ 5 қызметкеріне Дьюк университетінің базасында көшбасшылық бойынша 1 тренинг өткізілді. ОҚМФА:

  • 2017 жылғы қаңтардан бастап стратегиялық әріптестік іс-шаралар жоспарын орындау ОҚМФА өзінің қаражаты есебінен жүзеге асырылуда ( менторлық бағдарламасының бюджеті шамамен 30 000 000 теңге).

  • СӘ бірлесіп медицина және фармацевтика факультеттерін дамыту стратегиясының жобасы әзірленді. ЖОО-ларда ғылыми зерттеулерді дамыту стратегиясы, ПОҚ құзыретінің моделі әзірленді.

  • ректор Б.Д. Сексенбаевтың 2017 жылғы 20-25 наруыз кезеңінде Гдань медицина университетіне сапары өтті.

  • СӘ өкілдерінің, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Томаш Бачектің және фарм. факультеттің деканы Михала Маркушевскойдың сапары өтті - «Ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерциялау бойынша стратегиялық әріптестіңк тәжірибесі» тернингі өтті.

  • ҚР БҒМ қаражаты есебінен Гдань медицина университетіне академиялық кезеңге 7 студент жіберілді, қаражат сомасы 4 540 278 теңге.

  • Университет стратегиялық ЖОО-дан ментор Данаил Дончев тартылды ( фармацевтикалық факультеттің қосымша деканы).

  • Стратегиялық әріптестік шеңберінде 1-мастер-класс өткізілді (ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерциялау бойынша стратегиялық әріптестің тәжірибесі).

ҚММУ:

  • 2017 жылғы қаңтардан бастап стратегиялық әріптестік іс-шаралар жоспарын орындау ҚММУ өзінің қаражаты есебінен жүзеге асырылуда ( менторлық бағдарламасының бюджеті шамамен 31 560 000 теңге).

  • Бірлескен бағдарламаларды іске асыру үшін мынадай шаралар пысықталды:

  • «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша – базалық медициналық білім беру, магистратура және докторантура студенттерінің түйінді құзыреті әзірленді;

  • Биомедицина мамандығы бойынша – жоғары оқу орынан кейінгі білім беру бағдарламасы, курстар бөлінісінде тыңдаушылардың негізгі құзыреті, олардың құзыретін бағалау механизмдері әзірленді;

  • әріптес ЖОО-да «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан 1 докторант және 12 магистрант өтеді.

  • 10-17 сәуір кезеңінде сарапшы Хуго Бражионе «Жобалық қызметті ұйымдастыру әдістемесі. Зерттеу гранттарын алуға өтінім беру» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Зерттеу гранттарын алуға өтінім берілді» (35 қызметкер оқытылды).

  • 2017 жылғы 18-24 сәуірде сарапшы Хуго Бражионе «Болон процесі шеңберінде КММУ интернационалдандыру стратегиясының әзірлемесі» тақырыбында мастер-класс жүргізді (35 қызметкер оқытылды).

  • 2017 жылғы 2 маусымнан бастап Хуго Бражионе ҚММУ Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының лауазымында жұмысқа кірісті.

  • Швецияда Лунд Университетінде PhD докторантурасының 1 студенті (15 қаңтар – 14 сәуір 2017 жыл), Швецияда Лунд Университетінде 12 магистратура студенті (18-27 сәуір, 2017), Францияда Пуатье Университетінде, PhD докторантураның 1 студенті (3 сәуір -30 маусым 2017), Португалияда Порто университетінде докторантураның 1 студенті (2016 жылғы 1 қыркүйек – 2017 жылғы 30 маусым) тағылымдамадан өтті

  • Сарапшы Хуго Бражионе 2 мастер-класс өткізді (10-17 сәуір «Жобалық қызметті ұйымдастыру әдістемесі. Зерттеу гранттарын алуға өтінім беру» ) 18-24 сәуір «Болон процесі шеңберінде ҚММУ интернационалдандыру стратегиясының әзірлемесі»

  • 2017 жылғы 11-12 мамыр аралығында «Биоинформатика, TaqDNApolymerase» молекулярлық биология және генетика кафедрасында, Поль Сеит және Бриджит Ванниер 1 мастер класс өткізді ( Пуатье Университеті, Франция), 5-30 маусымда виртуалды пациенттерді қолданумен проблемалық-бағдарланған оқытуды ұйымдастыру және жүргізу бойынша медициналық білім беру ұйымдарының жаттықтырушыларының PBL базалық курсы өткізілді Элла полтон (Сан Джордж университеті, Ұлыбритания), Элла және Терри Полтон (Сан Джордж университеті, Ұлыбритания) ғылыми-бағдарланған оқытуды қалыптастыру шеңберінде таңдау бойынша компоненттердің ғылыми-зерттеу жобаларын енгізу бойынша мастер-класс өткізді.

АМУ:

  • 2017 жылғы қаңтардан бастап 2017 жылғы қаңтардан бастап стратегиялық әріптестік іс-шаралар жоспарын орындау АМУ өзінің қаражаты есебінен (9 741 699 тенге) және шетелдік мамандарды тартуға ҚР БҒМ грантынан (13 107 139 теңге) жүзеге асырылуда.

  • Ағымдағы жылғы 26 наурзыдан бастап 2 сәуір аралығында АМУ-да стратегиялық әріптестің өкілі Филиппо Барточчонидің жұмыс сапары өтті

  • Ла Сапиенца (Филиппо Барточчони) университетінің 1 маманы басқару позициясына тартылды

  • Әріптес жоғары оқу орынмен 10 студент және 5 ПОҚ академиялық мобильділік бағдарламасы үшін таңдап алынды

  • Италиядан сарапшының қатысуымен Халықаралық жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді (мектептің тақырыбы: басқару жүйесі, бизнес-аналитика, стратегиялық жоспарлау, жобаларды енгізу және бағалау (өткізу мерзімі - 2017 жылғы 10 шілдеден бастап 4 тамыз аралығы).

  • Бөлімдер ашылды және тиісті бөлімдердің саясаты әзірленді: Стратегиялық даму бөлімі, Бизнес-аналитика бөлімі, Менеджментті бақылауды басқару бөлімі, Жобаларды бағалау бөлімі, Саясат және технологиялар бөлімі.

  • Академиялық мобильділік шеңберінде 2017 жылғы 15 қыркүйек және 23 желтоқсан кезеңінде 5 студент тағылымдамадан өтті

БҚММУ:

  • Әріптес ЖОО-лармн академиялық мобильділік бағдарламасына 5 оқытушы қатысты. Сонымен қатар стратегиялық әріптесті іздеу бойынша 2017 жылғы 29 желтоқсанға дейін шартқа қол қою туралы ақпаратты ұсыну жөнінде ҒЗИ, ҒО хат жіберді (2017 жылғы 22 маусымдағы № 06-9/2497-И). Әріптестерді іздеу және тарту үшін медициналық ҒЗИ және ҒО мен жетекші шетелдік ғылыми орталықтар мен университеттер арасында стратегиялық әріптестіктің үлгілі бағытары әзірленді (ҒЗИ, ҒО-ларға 2017 жылғы 13 шілдедегі № 06-9/2932-И хатпен жіберілді).

  • менторлық бағдарламасы іске асырылуда: ЖОО-ларда менторлық жоспары бекітілді, стратегиялық дамыту және бизнес процестер саласында саясат пен рәсімдер әзірленді (ҚММУ, ОҚМФА, АМУ)

  • СӘ жоғары оқу орындарында студенттердің академиялық мобильдігі іске асырылуда (38 адам), мамандар да тартылды (менторлар) – 6 адам.

  • Стратегиялық әріптес жоғары оқу орындарының мамандарының тартылуымен 5 жоғары оқу орнында 16 мастер-класс және тернингтер өткізілді, Стратегиялық әріптес жоғары оқу орындарының базасында 28 адам тағылымдамадан өтті, 6 бірлескен білім беру бағдарламасы әзірленді, 3 жоғары оқу орнында (ҚММУ, БҚММУ, ОҚМФА) 4 бірлескен ғылыми бағдарлама іске асырылуда.

  • 13 оқытушы стратегиялық әріптес жоғары оқу орнында тағылымдамадан өтті, Барлығы – 13:8 адам – “Modern european education in medicine”, 4 адам – “Modern diagnostics and therapy in oncology.Education in oncology in European university”, 1 адам – “Contemporary aspects in education for specialist in clinical pharmacology”

  • Басқару позициясына маман ПОҚ ретінде Р.Р. Тухватшин (патофизиология кафедрасының профессоры), М. Дворацка – стратеиялық даму жөніндегі проректор позициясына тартылды.

ҒЗИ, ҒО деңгейінде:

ҒЗИ, ҒО-ларда стратегиялық әріптестікті дамыту бойынша мониторинг жүргізілді.



  • ҒЗИ, ҒО-да стратегиялық әріптестермен шарттар жасалды (Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы).

  • ҒЗИ,ҒО шарт қол қою сатысында (Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы, «Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы , А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы, Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты).

  • 5 ҒЗИ,ҒО оқыту және бірлескен зерттеулер бойынша ынтымақтастықтың жалпы мәселелері бойынша шарттар бар ()Имеются договора по общим вопросам сотрудничества по обучению и совместным исследованиям в 5 НИИ, НЦ ( Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық, Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты, «Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы», «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы»).






Отандық медициналық ЖОО-лардан және ғылыми ұйымдардың базасында докторантурадан кейінгі бағдарламаларды енгізу үшін норматиивтік құқықтық негіздерді әзірлеу




ҒАРД, ДСДРО


Жыл бойы

Ақпарат

Орындалды.

Жетекші отандық медициналық ЖОО-лардың және ғылыми ұйымдардың базасында докторантурадан кейінгі бағдарламаларды енгізу үшін ұсыныстардың жобасы әзірленді:

1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде мынадай регламенттейтін нормаларды бекіту:

- біліктілікті арттыру және қайта даярлаумен қатар, медициналық және фармацевтикалық кадрларға қосымша білім берудің негізгі формалары ретінде пост-докторантура бағдарламаларының жүзеге асыру;

- медициналық және фармацевтикалық кадрларға арналған пост-докторантура бағдарламаларын жүзеге асыру тәртібін бекіту бойынша уәкілетті органның құзыреті.

ҚР Кодексіне жоғарыда көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды енгізуден кейін медициналық және фармацевтік кадрларға арналған пост-докторантура бағдарламасын жүзеге асыру ережесін бекіту.









Университетік клиникаларды салу және пайдалану бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды іске асыру






ИСД

ҒАРД


МКҰД

МСАД


Жыл бойында


Ақпарат


Орындалды

Алматы қаласында ҚР ДСМ «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны жанынан 300 төсектік көпбейінді аурухана салу және оны пайдалануға беру» жобасына қатысты осы жоба бойынша құжаттаманы дайындауға 2017 жылы республикалық бюджеттен 82 254,0 мың теңге бөлінді онын ішінде: конкурстық құжаттама мен концессиялық шарт жобаны әзірлеуге 2017 жылы - 76 913,0 мың теңге, 2018 жылы уәкілетті органдарда конкурстық құжаттама мен концессиялық шарт жобаның сәйкес келісімдер мен сараптама өту кезінде сүйемелдеуіне - 5 341,0 мың теңге. ҚР ДСМ мен «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС арасындағы 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 95 құжаттама әзірлеу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес, конкурстық құжаттама және концессиялық шарт жобалары әзірленді. Олар ҚР Қаржы және ұлттық экономика министрліктеріне экономикалық сарптамаға жіберілетін болады.

«Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК жанынан 300 төсектік көп бейінді клиникалық аурухана салу және оны пайдалануға беру» концессиялық жобасына қатысты

2016 жылғы 20 желтоқсанда ҚР ДСӘДМ мен ДБ арасында «Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК жанынан 300 төсектік көп бейінді клиникалық аурухана салу және оны пайдалануға беру» концессиялық жобасын (бұдан әрі – ҚММУ жанындағы жоба) консультативтік сүймелдеу қызметтері бойынша жалпы сомасы 2 050 000 АҚШ доллары сомасына, оның ішінде 400 000 – ҚР Үкіметінің қоса қаржыландыруы, 1 650 000 – ДБ қаражаты есебінен байланысты грант туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойылды.



2017 жылға 90 000 мың теңге (250 000 АҚШ доллары) сомасында қаражат концессиялық ұсыныс, конкурстық құжаттама мен концессия шартының жобасын әзірлеу мен сараптамаға бөлінді (2017 жылғы 20 сәуірдегі № 211 ҚР Үкіметінің қаулысы).

2017 жылғы 27 шілдедегі жобалық топ отырысының нәтижесі бойынша ДБ ҚММУ жанындағы жоба бойынша құжаттаманы әзірлеу мерзімін ұзарту жөніндегі ұсынысын бастамашылық етті.

Осыған байланысты, 2017 жылғы 16 қазандағы Республикалық бюджеттік комиссия отрысынла 90 000 мың теңге сомасында қаражатты қысқарту мақұлданды.

Анықтама:

ҚР Үкіметінің Келісімнің ҚММУ жанындағы жобаны әзірлеуді қоса қаржыландыру бөлігінде шарттарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында ДСМ ҰЭМ мен ҚМ-ге 2018-2020 жылдарға республикалық бюджеттен 85 000 мың теңге (250 000 АҚШ доллары, 1АҚШ доллары – 340 теңге бағамы бойынша) қаражатына бюджеттік өтінімді жолдады (2017 жылғы 14 қыркүйектегі№ 07-5/4154-И хаты).

Қазіргі уақытта ДБ ҚММУ жанындағы жоба бойынша заң, техникалық консультанттарды жалдады, қаржы консультантаттарын анықтады, сондай-ақ мемлекеттік және жекеше әріптес арасындағы тәуекелдерді бөлу жобасын ұсынды, бұл өз кезегінде ҚР ДСМ-де құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен қаралды. 2017 жылғы 11 мен 14 желтоқсан аралығында ақпарат жинау, жоба үшін бөлінген жер учаскесін қарау және ҚММУ, Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен бірқатар медициналық ұйымдардың өкілдерімен кездесу үшін ҚММУ жанындағы жоба бойынша техникалық консультанттардың миссиясы өтті.








Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті үшін 1000 орындық жатақхана құрылысы





ИСД

жыл бойы

ақпарат


Объективті себептер бойынша орындалмады.

Жатақхананың құрылысы 2014 жылдан бастап жүзеге асырылуда және қазіргі уақытқа дейін аяқталмау себебі құрылыс орнының көшірілуіне, сот талқылауларымен (мердігер «ST Стройсервис» ЖШС мен СММУ арасында), сондай-ақ, бақылаушы органдармен құрылыс-монтаждық жұмыстардың тоқталуына байланысты жобалау-сметалық құжаттаманың (бұдан әрі - ЖСҚ) негізделген түзетулеріне байланысты.

Құрылыс кезінде ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен құрылыс ( МСҚББ) жұмыстарына 5,5 айға шектеулер қойылды, оның ішінде 2016 жылғы 16 наурыздан 27 сәуірге дейін, 2016 жылғы 3 маусымнан 4 шілдеге дейін, 2017 жылғы 31 қаңтардан 4 мамырға дейін (құрылыс құрастырмаларына техникалық зерттеу жүргізілді).

Жалпы ЖСҚ сәйкес құрылыс мерзімі 12 айды құрады, бүгінгі күні шектеулерді қоспағанда нақты мерзімі 30 айды құрады.

Осылайша, жұмысты орындау динамикасының құны мынадай болды:

2014 жылы – жұмыстар жүрді, игерілгені- 371,9 млн. теңге;

2015 жылы – мердігермен жұмыс 12 ай жүргізілген жоқ (жұмыс болмауының объективті себебеі жоқ, заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізуге мумкіндік берді, қаражат қарастырылған);

2016 жылы – тоқталуға байланысты, қылмыстық іс шеңберінде МСҚББ жұмыс 2,5 ай жүргізілмеді. Жұмыс мердігермен 2016 жылғы тамыз айынд басталды, 5 айда – 50,4 млн теңге игерілді.

Жемқорлыққа қарсы қызметпен сараптама жүргізілді, оның негізінде объект апаттық жағдайда деп танылды және арқарай құрылысты жүргізуге жол берілмеді, осыған орай МСҚББ 2016 жылғы 3 маусымда мердігерге құрылысты тоқтату туралы ұйғарым беріліп, мердігермен жеке салынған конструкцияларған демонтаж жүргізілді.

2017 жылы – тоқталуға байланысты жұмыс МСҚББ-мен 3 ай жүргізілмеді. 2017 жылғы 6 айда 23 млн.теңгеге жұмыс жүргізілді, онымен қатар жұмысты орындау туралы актілері техникалық бақылаумен қабылданбады.

Осылайша мердігер компанияның объектіде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуіне 12 айдан астам уақыты болды (шектетулерді ескермегенде).

Сондай-ақ, құрылыс барысына бақылаудың әлсіреуі салдарынан СММУ-нің ректоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге, мердігердің ақпараты құрылыс мерзімдерінің кешіктірілуі 2014 жылғы ЖСҚ қарастырылған құрылыс материалдарының қымбаттауына әкеліп соқтырды, осылайша мердігер ұйым ЖСҚ және мемлкеттік сатып алу туралы шартта қарастырылған қаражатпен құрылысты аяқтау мүмкін болмай тұрғанын хабарлады.

Аталған мәселе бойынша 2017 жылғы 4 қазанда Министрлікте СММУ, мердігер ұйым және техникалық бақылаудың қатысуымен кеңес өткізілді, оның нәтижесінде СММУ-не қолданыстағы заңнама және тапсырыс берушінің функциясы шеңберінде жатақхананың құрылысын аяқтау бойынша іс-шаралар қолдану бойынша тапсырма берілді.

Қазіргі күні СММУ-мен ЖСҚ-ны қайта қарап, ведомствоаралық сараптамадан өткізу және бағдарламаның әкімшілігімен бекіту үшін шартты сот тәртібінде бұзу мәселесі қарастырылып жатыр.





I. Мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өзге де шешімдерді шешу іс-шаралары




жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау