2017 жыл бойынша орындалуы жөніндегі ақпарат 1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-іс-шаралары



жүктеу 0,96 Mb.
бет2/13
Дата29.12.2019
өлшемі0,96 Mb.
#25392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



Туберкулезбен ауыратын науқастарды одан әрі үздіксіз емдеуді қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық іс-қимылды қамтамасыз ету


МКҰД,

ТПҰО


Жыл бойы

Ақпарат

Орындалды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулез диагностикасын, емдеуді және оның профилактикасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүргізуде.

Қабылданатын іс-шаралардың нәтижесінде пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен күресу жөніндегі жұмыстың оң үрдісі байқалады.

Жалпы соңғы жылдары алғаш айқындалған туберкулезбен ауыратын науқастардың саны 3,1 есеге немесе 68,5%-ға (2011 жылғы 731-дан 2016 жылғы 230-ға дейін), туберкулезден болатын өлім 4,3 есеге немесе 76,7%-ға (86-дан 20-ға дейін) төмендеді, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастардың саны 2,4 есеге (2110-нан 874-ке дейін) төмендеді.

Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде 2016 жылдың ұқсас кезеңіндегі 216-ға қарағанда алғаш айқындалған туберкулезбен ауыратын 148 науқас тіркелді, 68 жағдайға немесе 31,4% төмендеді.

Тергеу изоляторларына түскен кезде, халықтың жалпы санынан жыл сайын орташа алғанда 200 науқасқа дейін айқындалады (2014ж. – 260, 2015ж. – 193, 2016ж. – 148, ағымдағы жылдың есепті кезеңінде - 104).

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті АК-159/11 туберкулезге қарсы мекемесінің жағдайында ағымдағы жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансердің торакалды хирургтарын тарта отырып, кеуде қуысы ағзаларына 38 операция жасалды.

Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын барлық науқастар туберкулезге қарсы препараттармен 100% қамтылды.

Медицина қызметкерлерінің оқудан өту күнтізбелігі жоспарына сәйкес 2017 жылы 55 дәрігер мен 129 орта медицина персоналы біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Жыл сайын ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мамандарымен бірлесіп қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізді. Оның нәтижесі бойынша айқындалған ескертулерді жою бойынша іс-шаралар жоспары жасалды.

Жаһандық Қордың жобасы шеңберінде 2 тергеу изоляторында (ОВ-156/1 Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, КА-168/1 Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ) GeneXpert, туберкулездің жедел диагностикасы аппараты, 5-IT жабдығы қойылды, туберкулезге қарсы іс-іс-шаралар мен АИТВ-инфекциясының әртүрлі аспектілері бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің 212 маманы оқытылды, Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелеріне УКС-шамдары орнатылды (140 дана).

Туберкулездің жедел диагностикасы адістеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтаудың облыстық туберкулезге қарсы диспансерлерімен ОТҚД-да қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен талдауларды тасымалдау кестесі бекітілген Меморандумдар жасалды (қазіргі уақытта, Атырау, Ақмола, ШҚО, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, ОҚО, СҚО, Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде меморандумдар жасалды, жылдың соңына дейін - қалған қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерімен меморандум жасау жоспарланып отыр).








Туберкулездің алдын алу бойынша ақпараттық науқандарды ұйымдастыру және жүргізу

МКҰД, ТПҰО


2 тоқсан

Ақпарат

Орындалды

Халықтың туберкулез бойынша профилактикалық іс-іс-шаралар, аурудың алғашқы белгілері, медициналық көмекке уақтылы жүгіну маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру мақсатында 152 баспасөз-конференциясы, 684 дөңгелек үстел мен дискуссия, 364 кең ауқымды акциялар мен флеш-мобтар, 46931 адам қатысқан 174 МСАК және ТҚҰ ұйымдарында 477 «Ашық есік күндері»; 101 332 маман оқытылған МСАК-тың медицина қызметкерлері үшін 1412 семинар-тренинг өткізілді; интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде 509 баспасөз-релиздері және жарияланымдар орналастырылды, баспа басылымдарында 375 материал жарияланды, аудио және бейне роликтер (LED –мониторларда, МСАК ұйымдарында, қоғамдық көлікте, метрода, әуежайларда, вокзалдарда, кинотеатрларда, сауда орталықтарында) 42 450 рет трансляцияланды; 1454 баннер, жүгіртпе жолдар, плакаттар орналастырылды; 151 977 ақпараттық-білім беру материалдары таратылды; телеарналар мен радиоларда 148 сөз сөйлеулер ұйымдастырылды; лекциялармен және әңгімелесулермен мектеп оқушыларын, студенттерді, пациенттерді қоса алғанда 2 685 443 адам қамтылды; 297 181 мектеп оқушысы туберкулез тақырыбына диктант пен шығарма жазды; 2215 адамға сауалнама жүргізілді. Кең ауқымды акциялардың шеңберінде адамдардың көп шоғырланатын жерлерінде жылжымалы флюроқондырғыларда 1735019 адам зерттеп-қаралды, олардың ішінде 10248-де өкпедегі өзгерістер айқындалды және одан әрі толық зерттеп-қараған кезде 1196-да белсенді туберкулез айқындалды, олардың бәрі емге алынды.








АИТВ/ЖИТС және туберкулездің таралуы мәселелері бойынша барлық тұрғындар мен контингенттердің пенитенциарлы жүйесінің ақпараттандырылуын арттыру




МКҰД, ЖИТСРО


1 тоқсан


Ақпарат


Орындалды

Халықтың туберкулез бойынша профилактикалық іс-іс-шаралар, аурудың алғашқы белгілері, медициналық көмекке уақтылы жүгіну маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру мақсатында 152 баспасөз-конференциясы, 684 дөңгелек үстел мен дискуссия, 364 кең ауқымды акциялар мен флеш-мобтар, 46931 адам қатысқан 174 МСАК және ТҚҰ ұйымдарында 477 «Ашық есік күндері»; 101 332 маман оқытылған МСАК-тың медицина қызметкерлері үшін 1412 семинар-тренинг өткізілді; интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде 509 баспасөз-релиздері және жарияланымдар орналастырылды, баспа басылымдарында 375 материал жарияланды, аудио және бейне роликтер (LED –мониторларда, МСАК ұйымдарында, қоғамдық көлікте, метрода, әуежайларда, вокзалдарда, кинотеатрларда, сауда орталықтарында) 42 450 рет трансляцияланды; 1454 баннер, жүгіртпе жолдар, плакаттар орналастырылды; 151 977 ақпараттық-білім беру материалдары таратылды; телеарналар мен радиоларда 148 сөз сөйлеулер ұйымдастырылды; лекциялармен және әңгімелесулермен мектеп оқушыларын, студенттерді, пациенттерді қоса алғанда 2 685 443 адам қамтылды; 297 181 мектеп оқушысы туберкулез тақырыбына диктант пен шығарма жазды; 2215 адамға сауалнама жүргізілді. Кең ауқымды акциялардың шеңберінде адамдардың көп шоғырланатын жерлерінде жылжымалы флюроқондырғыларда 1735019 адам зерттеп-қаралды, олардың ішінде 10248-де өкпедегі өзгерістер айқындалды және одан әрі толық зерттеп-қараған кезде 1196-да белсенді туберкулез айқындалды, олардың бәрі емге алынды.

Халықтың АИТВ-инфекциясы профилактикасы мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында ЖИТС қызметі 1836 баспасөз-релизін жариялады; 36 баспасөз-конференциясын өткізді; 291 теле және 259 радио бағдарламаларға қатысты; ақпараттық агенттіктерге 268 материал, электрондық БАҚ-қа 5591 материал орналастырылды; баспа басылымдарына 729 мақала жарияланды. ҚР ДСМ сайтына 8 материал орналастырылды. Сыртқы жарнаманың 1931 данасы орналастырылды.

Мамырда барлық өңірде ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күніне орайластырылған іс-іс-шаралар өткізілді.

2017 жылғы 15 қарашадан бастап 15 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған Науқан өткізілді. Науқан шеңберінде халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында 55 баспасөз-релизі дайындалды, 23 баспасөз-конференциясы, 60 дөңгелек үстел, кеңестер, кездесулер, халық пен жастарға арналған 281 акция, МСАК ұйымдары мен ЖИТС орталықтарында 234 ашық есік күндері, ҚАЖ-да 99 іс-іс-шара өткізілді. Барлығы әртүрлі іс-іс-шаралармен 399 051 Адам қамтылды, АИТВ-инфекциясына 11 858 адам тесттен өтті. Сауалнамамен 55 718 Адам қамтылды. 100150 АБМ таратылды. 517 баннер мен плакат орналастырылды. ТВ арналарында 107, радиода – 56 бағдарлама өтті. 472627 бейнероликтің трансляциясы өтті. 171 мақала баспа және интрнет-басылымдарында жарияланды. 99 стендт пен денсаулық бұрышы ресімделді.

Барлығы халық үшін 2017 жылы 57 872 іс-іс-шара өткізілді, 2 069 372 адам қамтылды. АИТВ-инфекциясының профилкатикасы бойынша 526 507 АБМ таратылды.








ҰБДСЖ стационарлық көмек тұтыну деңгейінің мониторингі және стационардағы төсек айналымы




МҚАК

Тоқсан сайын

Ақпарат



Орындалды.

БҰДЖ жағдайында қаржыландырылатын стационарлық емделуді тұтыну деңгейі:

1000 адамға 1059,9 күн

Ауруханаларда төсек айналымы:

1 төсекке 37,36 науқас емделді







Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы базасында аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды диагностикалау бойынша Орталық зертхананы құру

088

ҚДСК


2047 жылдың 4-ші тоқсаны (ОЖ бойынша 2016 жылдан ауыстырылды)

Мемлекеттік қабылдау актісі

Орындалды.

ҚКЗИҒО-ның 2017 жылғы 12 маусымдағы № 91 бұйрығымен аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылды. ОРЗ-ны қабылдау актісіне 2017 жылғы 29 қыркүйекте қол қойылды. Аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды диагностикалау бойынша орталық ҚКЗИҒО-ның теңгеріміне берілді, ҚР ДСМ зертханаларының және аса қауіпті патогендердің бір бөлігі ОРЗ-ға көшірілді.

Денсаулық сақтау, ауыл шаруашылы, білім және ғылым министрліктерінің басшылары үшжақты құжатқа (Өзара ынтымақтастық меморандумы және Пайдалану тұжырымдамасы) қол қойды. Одан басқа, казақстандық (денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым вице-министрлері) және амеркалық (М.Кертис – ҚР-дағы Биологиялық қауіп-қатерді азайту жөніндегі бағдарламаның басшысы, АҚШ ҚМ Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігі) тараптар ОРЗ-ны іске асыру жоспарына қол қойды.








Халықтың инфекциялық аурулармен сырқаттанушылығын мониторингілеу

001, 088

ҚДСК

жыл бойы

Ақпарат

Орындалды

Республикада жүргізілетін профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-іс-шаралардың нәтижесінде эпидемиологиялық ахуал тұрақты болып қалуда.

2017 жылы республиканың халқы арасында 14 жұқпалы нозологиядан сырқаттану жағдайы, соның ішінде оба, дифтерия, қызамық, полиомиелит тіркелген жоқ.

Іш сүзегі мен қылаудың, құтыру, сіреспе, трихинеллез, күйдіргі, туляремия аурушаңдығының бірлі-жарым жағдайлар тіркелген.

2016 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанудың 35 нозологиясы бойынша азайтуға қол жеткізілді, соның ішінде қызылша -61,5 есеге, менингококк жұқпасы 48,7 %, лептоспироз 42,7% - ға, Конго-Қырым геморрагиялық безгегімен 41,2% - ға, вирустық кене энцефалитімен 31,8% - ға, тері лейшманиозом 27,4% - ға, тұмау 17,82%, энтеробиозом 12,7% - ға, сальмонеллезбен 7,9% - ға, ротавирусты инфекциямен 6,2% - ға төмендеді.

Тырысқақ ауруының 5 әкелінген жағдайы тіркелді. Аурудың белгілері бар науқастар әуе көлігімен Үндістаннан келген. Науқастар дер кезінде оқшауланып, қажетті ем қабылдАДы, қарым-қатынаста болғандар қаралды және инкубациялық кезең бойы медициналық бақылауда болды. Дер кезінде жүргізілген эпидемияға қарсы іс-іс-шаралар Қазақстан Республикасы халқының және қарым-қатынаста болғандар арасында инфекцияның таралуына жол бермеді.










Тиісті тұрғындарды вакцинациямен қамту мониторингі

001,

088


ҚДСК

жыл бойы

Ақпарат

Орындалды

Халықты егумен қамтумен қамтамасыз етіледі, мониторингінің деректері бойынша: 1 жасқа дейінгі балалар – 364100, оның ішінде АКДС3, ИПВ3, гемофильдік инфекция типті В3 – 362340 (99,5%), ВГВ3 – 364024 (99,9%), пневмококк – 345795 (95,0%) егілді; 1 жастағы балалар – 348640, пневмококк – 342780 (98,3%), ОПВ4 – 339966 (97,5%), ККП1 – 348640 (100,0%) егілді; 6 жастағы балалар – 339387, ККП2 – 334990 (98,7%), АКДС5 – 339179 (99,9%) егілді; 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер 207791, АДС-М – 204793 (98,6%) егілді.









Жануардан алынған тамағдық шикізатты патогенді флораға мониторингтеу (сынамаларды тұрақты алу және зерттеу)

001, 088

ҚДСК

жыл бойы

Ақпарат

Орындалды

Патогендік флораға жануарлардан алынған тағамдық шикізатты зерттеу объектілерді ерекше тәртіп бойынша және мониторинг шеңберінде (өнімдерді сатып алу) зерттеу кезінде жүргізілді. 2017жылы микробиологиялық кһрсеткіштерге құс етінің 13310 сынамасы алынды, 75 сынама сәйкес келмеді, бұл 2,26 % құрады. ССО ет өнімдерінің 29448сынамасы зерттелді, 37 сынамасәйкес келмеді, бұл 0,19% құрады. Сүт және сүт өнімдерінің 16652 сынамасызерттелді, 16 сынама сәйкес келмеді (0,09%). Жыл ішінде балық өнімінің 2785 зерттелді, 7 сәйкес келмейді, бұл 0,25% құрады. Анықталған сәйкес келмейтін өнім жарамсыз деп танылып, жойылды, әкімшілік шараларқабылданды, сәйкессіздіктердің барлық жағдайлары бойынша айыппұл түрінде әкімшілік шаралары әрекеті қабылданды.








Эпидемиялық маңызды объектілерде өндірістік бақылауды ұйымдастыруды және жүргізілуін ұйымдастыру

001, 088

ҚДСК

жыл бойы

Жүргізілген талдау қорытындылары жөнінде іс-шаралар қабылдау бойынша аналитикалық есеп

Орындалды

2017 жылғы 12 айында өндірістік бақылаумен 26541 объектіні қамтыды, бұл объектілердің жалпы санынан (126715) 20,7 % құрайды. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауындағы, оның ішінде тамақтану объектілері 11446 (43,5%), білім беру 4811 (18,5%), емдеу-алдын алу ұйымдары 7228 (27,5%), коммуналдық 2013 (7,6%), өнеркәсіптік 767 (2,9%).








Мына:

1)Камералық бақылау жүргізу;

2) Өнімді іріктеу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу арқылы өнімнің қауіпсіздігіне мониторингті жүзеге асыру.


001

ҚДСК

жыл бойы

Өнімнің қауіпсіздігі мониторингінің қорытындылары бойынша аналитикалық есеп

Орындалды

2017 жылы барлығы, тамақ өнімдерінің және халық тұтынатын тауарлардың 42 540 атауынан сынама алынды, оның ішінде 4392 сынамада (10 %) талаптарға сәйкес еместік анықталды.

Тамақ өнімдерінің 34 460 астам сынамасы зерттелді, оның ішінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес еместік 2854 сынамада анықталды, бұл 8,3 %-ды құрады, оның ішінде: аспаздық өнімдер – 25,5%, нан және нан-тоқаш өнімдері - 23,5%, балық өнімдері - 25%, құс еті - 21%, ет өнімдері - 17,8%, темекі өнімдері – 15,6%, ББҚ – 80,%, кондитерлік өнімдер – 8,0 %, жеміс және көкөністер - 7,8%, сүт өнімдері - 6,9%, диеталық профилактикалық тамақтану - 5,9%, ұн және жарма өнімдері - 3,4%, шырын өнімдері – 3,1%, балалар тағамы өнімдері – 2,4%, май өнімдері – 2,1%, алкогольсіз сусындар – 1,8%, табиғи минералды су -1,4%, бөтелкеге құйылған ауыз су - 1,2%, спортшыларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған тамақ - 1,1% және басқа да тамақ өнімдері - 6,6%.

Жануарлар тіндеріне сәйкестігін айқындау бойынша тамақ өнімдерінің 145 үлгісі зерттелді, 941 зерттеу жүргізілді.

40 үлгіде өнімнің таңбалауында көрсетілмеген шошқа ДНҚ-ы анықталды. Ет өнімдері топтары бойынша шұжық бұйымдары сынамаларының 67,5%-да, жартылай фабрикаттар сынамаларының 20,0%-да және ет консервілері сынамаларының 7,5%-да сәйкес еместік анықталды.

2017 жылғы наурыз-сәуір айларында жалған фактілерді анықтау үшін сүт өнімдерін сатып алу және зерттеу жүргізілді. 108 сынама май қышқылының құрамына сәйкестігіне зерттелді, оның ішінде 19 үлгіде өсімдік майының мөлшері 17,6% құрады.

Биылғы жылы 7 тамақ өнімінде ГТО құрамының артуы анықталды.

Жалпы алғанда, тамақ өнімдерінің сәйкес еместік процентінің көпшілігі импорттық өнімдердің үлесіне тиесілі - 68%. Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін отандық өндірушілердің өнімдері 32%-ды құрайды.

Техникалық регламенттер талаптарының негізгі бұзушылықтары мыналар болып табылады: 75% - өндірушілердің таңбалау ережелерін бұзуы, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі - 23%, сондай-ақ жарияланған қасиеттерге немесе физикалық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеуі - 12%.

Сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің басым бөлігі Ресей Федерациясының өндірушілерінің үлесіне тиесілі - 52%, одан әрі Қазақстан Республикасы - 23%, Қырғызстан - 4%, Беларусь Республикасы - 3%, Украина - 2,5%, Қытай, Түркия және басқа елдер (Латвия, АҚШ , Түркия, Молдова, Грузия, Франция, Өзбекстан және т.б.) 1% -ға дейін.

Барлығы, анықталған фактілер бойынша тауарларды сатып алу қорытындысы бойынша 1203 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде 3 Адамға қатысты -61, 160 бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді, 415 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, 116 сот шешімі шығарылды, оның ішінде 109 талап-арыз қанағаттандырылды, жалпы сомасы 27 млн. теңгеден астамға айыппұл салынды. Сауда кәсіпорындарынан 20 тоннадан астам сомаға 26 тоннадан астам сәйкес келмейтін өнім сатылымнан алынып тасталды, оның ішінде 20 тонна қауіпті тамақ өнімдері.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлардың 1,2 тоннадан астамы, 3,1 тонна тұрмыстық химия және парфюмерлік-косметикалық өнім, 0,5 тонна тамақ өнімімен жанасатын материалдар сатылымнан алынып тасталды.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы елдің тұтыну нарығында сәйкес келмейтін өнімнің жалпы санын 2016 жылы 14,4 пайызға, 2017 жылы 10 пайызға төмендету болып табылады.







ЕАЭО техникалық регламенттері жобаларын әзірлеуге және Кеден одағының техникалық регламенттеріне, Еуразиялық экономикалық одақтың басқа да нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізуге қатысу

001

ҚДСК

Жыл бойы

Жұмыс топтарыны, Консультациялық комитеттер отырыстарының хаттамалыр, ЕАЭО Алқасының шешімдері, ЕАЭО Кеңесінің шешімдері, ЕАК-ға ақпарат

Орындалды

2017 жылы Комитеттің Техникалық регламенттерді бақылау комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобаларын әзірлеу және Кеден одағының техникалық регламенттеріне және Еуразиялық экономикалық одақтың басқа да нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу бойынша бетпе-бет, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс режимінде

231 отырысқа және кеңеске қатысты, соның ішінде:

1) 021/2011 КО ТР «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (ШоколАДқа, шоколад өнімдері мен какао өнімдеріне қойылатын қосымша талаптарды белгілеу бөлігінде № 3 өзгеріс) бойынша;

2) ЕАЭО ТР «Табиғи минералды ауыз суды қоса алғанда, қаптамаланған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» (2017 жылы қабылданған ЕАЭО ТР 044/2017) жобасы бойынша;

3) КО ТР «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) бойынша («оқылуы жеңіл», «түсінікті», «аясының контрастылығы» терминдерін нақтылау бөлігінде № 1 өзгеріс;

ГТО бөлігінде № 2 өзгеріс; тамақ өніміне «бағдаршамдық таңбалау» белгілеу бөлігінде өзгеріс);

4) КО ТР «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары» (КО ТР 029/2012) бойынша стандарттар тізбесін әзірлеу;

5) «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары» (КО ТР 029/2012) бойынша кедендік декларацияны беруге қатысты өнімдердің тізбесін әзірлеу сәйкестікті бағалау туралы құжат ұсынумен қоса беріледі;

6) КО ТР «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптарына» (КО ТР 029/2012) № 2 өзгерістер енгізу бойынша;

7) КО ТР «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 009/2011) бойынша № 2 өзгеріс;

8) КО ТР «Ойыншық қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 008/2011) бойынша психологиялық - педагогикалық сараптама бойынша;

9) КО ТР «Май өнімдеріне арналған техникалық регламент» (КО ТР 024/2011) бойынша («өсімдік майларын және (немесе) майларды түрлендіру» анықтамасын түзету бөлігінде № 2 өзгеріс);

10) ЕАЭО ТР «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» жобасы бойынша;

11) ЕАЭО ТР «Тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар» жобасы бойынша ;

12) ЕАЭО ТР «Құс еті және оны қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» жобасы бойынша;

13) ЕАЭО ТР «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР 040/2016 жобасы бойынша;

14) КО ТР «Астықтың қауіпсіздігі туралы» КО ТР 015/2011 бойынша (кадмийді нормалау бойынша 2-қосымшаға өзгеріс);

15) КО ТР «Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламент» (КО ТР 035/2014) бойынша, тұтынушылық қаптамада ескерту суреттерінің эскиздері бөлігінде өзгеріс;

16) КО ТР «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 034/2013 бойынша ветеринариялық препараттарды, антибиотиктерді зерделеу және қолдану бойынша;

17) ЕАЭО ТР 017/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» (№ 2 өзгерістер жобасы);

18) ЕАЭО ТР «Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар» жобасы;

19) КО ТР «Арнайы тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтану қауіпсіздігі туралы» КО ТР 027/2012 кедендік декларация беруге қатысты өнімдердің тізбесін әзірлеу сәйкестікті бағалау туралы құжат ұсынумен қоса беріледі; стандарттар тізбесін әзірлеу;

20) КО ТР «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі» КО ТР 022/2011 № 1 өзгерістер;

21) КО ТР «Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы» ( КО ТР 019/2011) өрт кезінде тұрғындарды көшіру үшін өзін-өзі құтқарушыларға қойылатын талаптар;

22) КО ТР «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» КО ТР 005/2011 бойынша, капролактамның нормаланатын көрсеткішін өзгерту бөлігінде;

23) КО ТР «Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» бойынша № 1 қосымшаға өзгеріс.







Қолданылу нәтижесінде еркін негізде техникалық регламенттер талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін Стандарттарын тізбесін және құрамында зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістері, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарын қолдану және пайдалану үшін қажетті үлгілерді алу қағидаларының жобаларын; Кедендік декларацияны беруге қатысты өнімнің Кеден одағы техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжатты ұсынумен бірге жүретін тізбесін әзірлеуге қатысу.

001

ҚДСК

ЕАО Алқасының шешімімен бекітілген КО ТР әзірлеу кестесіне сәйкес

ЕАЭО алқа шешімі

Орындалды

2017 жылы зертханалық қызметті дамыту басқармасының мамандары техникалық регламенттерді әзірлеу және Еуразиялық экономикалық одақтың шешімдеріне өзгерістер енгізу кестесіне сәйкес 27 жұмыс кеңестеріне (бейнеконференцияларды қоса) келесі бағыттар бойынша қатысты:

1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру бойынша – 3;

2) КО ТР өзгерістер енгізу шеңберінде жеңіл өнеркәсіп бойынша стандарттар қарау бойынша – 2;

3) Тағам өнімдерінде антибиотиктерді зерттеу адістері бойынша – 1;

4) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық бірыңғай талаптардың II тарау 20 бөліміне өзгерістер енгізу бойынша -5;

5) «жалғыз терезе» сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде «санитариялық іс-шаралар» саласындағы "механизмін дамытудың негізгі бағыттарын Іске асыру туралы -2;

6) КО ТР стандарттарын қарау бойынша – 4;

7) Өнімнің сәйкестігін растау типтік схемаларының жобасын қарау бойынша -1;

8) жануарлардан алынатын өнімдерде вет.препараттарды қалдық мөлшерін рұқсат етілген деңгейлерін анықтау Жобасын қарау бойынша -3;

9) өлшем бірлігін қамтамасыз ету және метрология сұрақтарын қарау бойынша - 1;

10) ЕурАЭО келісім-шартына өзгерістер енгізу сұрақтарын қарау бойынша – 1;

11) «021» КО ТР өзгерістер енгізу бойынша -1;

12) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сәйкестендіру -1;

13) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық Кеңестің 2018 жылға жұмыс Жоспарын қалыптастыру үшін сұрақтар мен ұсыныстар Енгізу туралы -1;

14) «Аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы жұмыстарды үйлестіру бойынша кіші Комитеттің жұмыс Жоспарын бекіту туралы» -









Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізу




ҚДСК

Жыл бойы

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг бойынша аналитикалық есеп

Орындалды

2017 жылы респубика бойынша инфекциялық және паразитарлық аурулар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады.

Республиканың аумағында инфекциялық аурулардың 92 нозологиялық нысандарды есепке алу және тіркеу жүргізілді.

Сонымен өткен кезеңде 41 нозологиялық нысандар бойынша төмендеуі байқалады және 13 инфекциялық ауру бойынша сырқаттанушылық және тасымалдау болған жоқ, сонымен қатар 30 инфекциялық ауру бойынша сырқатанушылықтың өсуі байқалады.



Оба, пастереллез жағдайлары, легионер, дифтерия, полиомиелит, аурулары, туа біткен қызылша, эпидемиялық бөртпе сүзек, анклиостомидоз, висцеральды лейшманиоз синдромы және іш сүзегінің қоздырғыштарын тасымалдаушылар,дифтерия,безгек паразитін тасымалдаушылар тіркелмеген. Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық 0,4пайызға төмендеді, іріңді менингитпен 32,7 пайызға, туберкулезбен 0,4 пайызға, соның ішінде тыныс алу органдары 1,3 пайызға, сальмонеллезден 8 пайызға, дизентерия 4 пайызға, ішек инфекциясы ,белгілі емес этиологиясы бар уланулардан 12,6 пайызға, белгілі этиологиямен 2 пайызға, ауыз вирусының инфекциясы 6,7 пайызға, тамақтан уланулар 8,8 пайызға төмендеуі байқалады. Гименолепидозданболған сырқаттанушылық 44 пайызға, энтербиоздан 12,7 пайызға, трихинеллезден 22,1 пайызға, лямлиоздан 14,3 пайызға төмендеді.

Эпидемиологиялық паротит және серозды менингит сырқаттанушылығының өсуі 1,6 есеге, А жіті вирустық гепатитімен 43,5 пайызға; созылмалывирусты гепатитпен 7,5 пайызға, соның ішінде В созылмалы вирусты гепатитімен, 13,7 пайызға, С созылмалы вирусты гепатитімен 2,8 пайызға, коклюшпен 36,4 пайыз, педикулезбен 23,8 пайызға өсуі тіркелген. Босанғанна кейінгі кезеңдегі басым түрде байланысқан асқынуларды есепке алу 35,2 пайызға жақсарған.

2017 жылы холераның 5 жағдайы, қызамықтың 2 жағдайы, сібір жарасының 1 жағдайы, іс сүзегінің, паратифтің және құтырманың бір жағдайы тіркелген.

Су объектілерінің, сумен жабдықтау гигиенасы.

Республика халқын орталықтандырылған сумен қамту жүйесі арқылы ауыз сумен қамтамасыз ету 2016 жылғы 91,4 пайызға қарағанда 91,5 пайызды құрады.

2016 жылмен салыстырғанда суқұбырларының саны 3179 бастап 3147-ге дейін яғни 32 ұлғайды. Жұмыс істемейтін су құбырларының үлес салмағы 1,3 пайызды құрады (2016жылы – 1,4 пайыз). Жұмыс істейтін су құбырларының ішінен зерттелген объекті – 75,9 пайыз (83,8 пайыз), соның ішінде зертханалық зерттеулер қолданылған зерттелгендердің санынан – 99,9 пайыз (96,8 пайыз). Санитариялық қағидаларға сәйкес келмейтін объектілердің үлес салмағы төмендеп, 3,8 пайызды құрады (2016 жылы – 4,5 пайыз). 3179 суқұбырының ішінен қаладағысы 233 құбырды, ауылда 286 құбырды, соның ішінде 85 топтық құбырды құрайды.

2017 жылы микробиолгиялық көрсеткіштерге су құбырының суының 30172 сынамасы зерттелді, соның ішінде 739 сәйкес келмейді, немесе 2,4 пайыз (2015 ж. – 2,0 пайыз. Республикалық көрсеткіштен жоғары көрсеткіш Ақмола облысы бойынша – 11,9 пайыз, Атырау облысы – 5,5 пайыз, Қызылорда облысы – 6,1 пайыз,Павлодар облысы – 4,2 пайыз, Оңтүстік Қазақстан – 4,1 пайыз, Ақтөбе облысы – 3,2 пайыз, Алматы облыстары – 2,9 пайызға жоғары.

Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге судың 25728 сынамасы алынды, соның ішінде гигиеналық нормаларға сәйкес келмегені 863 немесе 3,4 пайыз (2015 жылы – 3,5 пайыз. Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша орташа республикалық көрсеткіштен жоғары Ақмола облысында - 21,0 пайызды, Атырау – 12,5 пайызды, Қызылорда – 9,8 пайызды, көліктегі ҚДСК – 10,0 пайыз, Батыс Қазақстан облысы – 6,3 пайыз, Ақтөбе облысы – 5,7 пайыз, Маңғыстау облысы 5,4 пайыз жоғары.

Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы

Республика бойынша жалпы білім беру ұйымдары 2017 жылғы 6968-ден бастап 2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 6885-ке дейін қысқарған. 67 жалпы білім беру ұйымы салынды және пайдалануға берілді.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қмтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына қосымшаға сәйкес авариялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін объектілер республика бойынша 48 авариялық мектеп: Ақтөбе -2, Алматы болысы – 1, Атырау – 7, Шығыс Қазақстан – 3, Жамбыл – 5, Батыс Қазақстан – 3, Қарағанды – 1, Қостанай – 3, Қызылорда – 11, Оқтүстік Қазақстан облыстарында – 12.
2017 жыфлы облыстарда 33 жалпы білім беру ұйымдары авариялық объектілердің орнына пайдалануға берілді: Ақтөбе – 2, Атырау – 4, Шығыс Қазақстан – 3, Жамбыл – 4, Батыс Қазақстан – 1, Қызылорда- 11, Оқтүстік Қазақстан облыстарында – 8. Сонымен қатар республика бойынша 28 мектеп салынуда, атап айтқанда: Ақтөбе – 1, Алматы – 1, Атырау – 5, Шығыс Қазақстан – 1, Жамбыл – 3, Батыс Қазақстан – 1, Қарағанды – 1, Қызылорда – 6, Оңтүстік Қазақстан облыстарында – 9.

Жалпы білім беретін ұйымдарды білім алушылардың жас-бойының ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқу жиһазыменқамтамасыз ету, оның конструкциясы және оларды орналастыру күні бойы оқушылардың жұмыс қабілетін сақтауға, дұрыс дене бітімінің өсуіне ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады, сондай-ақ балаларда дене бітімінің және көруінің бұзылуын, омыртқаның сколиз деформациясының бастапқы түрлерінің өршуінің профилактикалықшаралары болып табылады.

2017 жылы жиһаздары гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін жалпы білім беретін ұйымдардың үлес салмағы 1,2 пайызды құрады. Балалардың бойына сәйкес келетін стандартты және жиынтық жиһазбен жалпы білім беру ұйымдарын жарақтандыру проблемалары Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында байқалады.

Оқушыларды республика бойынша ыстық тамақпен қамту 73,9 пайызды құрады. Астана қаласында оқушыларды ыстық тамақпен қамту 100 пайызды құрады. Ыстық тамақпен оқушыларды қамту республикалық көрспеткіштен төмен болуы Жамбыл, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында байқалады.

Республика бойынша аз қамтылған отбасынан оқушыларды ыстық тамақпен 11,2 пайызды құрады.

Оқушылардың тамағының рационына дәрумендермен байытылған сүт және сүт өнімдері 5022 мектепте қосылған, 1427282 оқушы (48,4 пайыз) қамтылған.

Еңбек гигенасы және кәсіби сырқаттанушылық.

2017 жылы 5280 объектінің ерекше тәртіп бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылаумен 2738 немесе 51,9 пайызы (2016 жылы – 13,3 пайыз) қамтылды.

Есепті жылы халықты санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар ерекше тәртіппен зерттелген кәсіпорындардан зертханалық-аспаптық әдісті қолданумен 1916 немесе 70,0 пайыз (2016 жылы – 67,4) зерттелді.

Бұл ретте 212 немесе 7,7, пайыз объектіде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен гигиеналық нормативтердің бұзушылығы анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзушылығы орташа республикалық көрсеткіштен жоғары бұзушылық Атырау (24,6 пайыз), Қарағанды (20,0 пайыз), Ақмола (15,7 пайыз), Павлодар облыстарында (12,6 пайыз).

Ұлттық сараптау орталығының аумақтық филиалдары 2017 жылы зертханалық әдіспен бу және газға жұмыс аймақтарының ауасынан 23789 сынама (2016 жылы - 30469), соның ішінде қауіптілігі 1және 2 класты заттарға - 5669 (2016 жылы - 6667) сынама зерттелді. Соның ішінде ШРК жоғары 269 немесе 1,1 пайыз сынамасы, (2016 жылы – 1,5 пайыз), соның ішінде қаупі 1 және 2 кластағы зат – 66 немесе 1,2 пайызды (2016 жылы – 2,1 пайыз) құрайды.

Шаң және аэрозольға жұмыс аймағының ауасынан 22153 сынама (2016 жылы - 25315), соның ішінде қаупі 1 және 2 кластағы зат – 6786 (2016 жылы - 7253), соның ішінде ШРК жоғары – 946 немесе 4,3 пайыз (2016 жылы – 5,4 пайыз), соның ішінде ШРК жоғары қаупі 1-2 кластағы затқа – 271 немесе 4,0 пайыз (2016 жылы – 7,0 пайыз).

Жұмыс орындарында ЭМӨ-нің деңгейінің 3004 өлшем орындалды (2016 жылы - 3220), соның ішінде шекті жол берілетін деңгейінен асатын 107 немесе 3,6 пайыз (2016 жылы – 3,7 пайыз).

Шу факторына жұмыс орындарының 7598 тексерілді (2016 жылы - 8185), соның ішінде 785 немесе 10,3 пайыз (2016 жылы – 8,6 пайыз) ШРК асады.

Діріл деңгейінің жұмыс орнында 3720 өлшеу орындалды, (2016 жылы - 3618), соның ішінде ШРК-ден жоғары 43 немесе 1,2 пайыз (2016 жылы-0,8 пайыз).

Микроклимат көрсеткішінің 24261 өлшеу жүргізді (2016 жылы - 27568), соның ішінде ШРК-ден жоғары 883 немесе 3,6 пайыз (2016 ж. – 5,1 пайыз).

Жұмыс орындарының жарықпен жарақтандырылу деңгейіне 24005 өлшеу орындалды (2016 жылы - 27024), соның ішінде ШРК-денжоғары 1830 немесе 7,6 пайыз (2016 ж. – 9,9 пайыз).

Есепті жылы республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындарында барлығы 1146743 адам жұмыс істеді, соның ішінде зиянды еңбек жағдайында 670715, соның ішінде 135129 әйел жұмыс істеген.

2017 жылы республикада профилактикалық кезеңдік медициналық қарап-тексеруге 678653 адам жатады (2016 жылы - 710015), соның ішінде – 140976 (2016 жылы - 142617). Соның ішінде қарап-тексерілгендер 655152 немесе 96,5 пайыз (2016 жылы – 98,1 пайыз), соның ішінде әйелдер – 132844 немесе 94,2 пайыз (2016 жылы – 96,1 пайыз).

Республиканың 2017 жылға арналған жұмыс өнеркәсіптік кәсіпорындарында еңбекке уақытша жарамсыздықпен сырқаттанушылық жағдайының талдауы 2016 жылмен салыстырғанда еңбекке жарамсыздық көрсеткіші 100 жұмыскерге шаққанда 24,5-тен 27,1-ге ұлғайды. Орташа республикалық көрсеткіштен жоғары – Шығыс Қазақстанда (39,1), Қарағанды (67,5), Павлодар (40,0) облыстарында, Алматы қаласында (47,8) және көлік объектілерінде (77,6).

Сонымен қатар республика бойынша жұмыс өнеркәсіптік кәсіпорындарында еңбекке уақытша жарамсыздықпен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 жқмыскерге шаққанда күніне 2016 жылы 237,0-ден 2017 жылы 264,8-ге дейін ұлғайғанын атап өтеміз. Орташа республикалық көрсеткіштен жоғары Қарағанды (842,9), Павлодар (521,0), Шығыс Қазақстан (399,0), Маңғыстау (267,4) облыстарында, Алматы қаласында (368,7) және көліктегі объектілерде (687,5).

Республика бойынша әртүрлі салаларда барлығы кәсіби аурулар мен уланулардың 515 жағдайы тіркелді (2016 жылы – 425 жағдай), соның ішінде аурулар – 499 жағдай және уланулар – 16 жағдай. 2016 жылмен салыстырғанда кәсіби аурулардың саны 1,2 есеге ұлғайды.

Кәсіби сырқаттанушылық көрсеткіші 10000 жұмыскерге шаққанда 7,7 құрады (2016 жылы – 6,0).

Кәсіби аурулар саласы бөлінісінде (кәсіби улануларды қоспағанда) Қарағанды облысында (337 жағдай), Шығыс Қазақстан облысында (139 жағдай), Жамбыл облысында (19 жағдай), Павлодар облысында (2 жағдай), Ақмола облысында (1 жағдай) және Оңтүстік Қазақстан облысында (1 жағдай).

Кәсіби уланулар Шығыс Қазақстан облысында (7 жағдай), Ақмола облысында (4 жағдай), Қостанай облысында (3 жағдай), Қызылорда облысында (1 жағдай) және Алматы қаласында (1 жағдай).

Радиациялық қауіпсіздік

Есепті кезеңінде радиациялық-қауіпті объектілерде 17907 персонал жұмыс істеді, соның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда 5925 адам, медициналық ұйымдарда – 5719 адам, кен орындарында, краьерде және полигондарда – 3603, ғылыми- зерттеу ұйымдарында – 488, орта және жоғары оқу ұйымдарында – 15, теміржол, әуе және теңіз көліктерінде – 1617, басқа да ұйымдарда – 539.

2017 жыл ішінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін 108 объект анықталды, соның ішінде бұзушылықтарымен 82 объект медициналық ұйымдарға жатады, соның ішінде 37-сі Шығыс Қазақстан облысында, Алматы қаласында – 24, Ақтөбе облысында – 23, көлікте – 7 және бір-бір объектіден – Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында анықталды.




1.2. мақсат. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін жақсарту






Пилоттық өңірлерде Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу мониторингі және республика бойынша Ауруларды басқару бағдарламасын кеңейту




МКҰД

Тоқсан сайын

Ақпарат

Орындалды

2017 жылдың басында Бағдарлама 7 өңірдің 23 медициналық ұйымында жүзеге асырылды (бірінші кезеңде 2013 жылдан бастап 7 емханада Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, 2016 жыдан бастап Астана, Алматы ққ., Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының 16 медициналық ұйымында,).

2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның барлық 16 өңірінің 53 медициналық ұйымында АББ енгізілуде.

АББ бағдарламасын жүзеге асыру үшін 6991пациентпен келісімге қол қойылды, оның: 3103 – артериалды гипертензиямен (АГ), 1051 – созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігімен (СЖЖ), 2837 – 2 типті қант диабетімен (ҚД).

АББ пациент қатысушыларының 100% өзіндік менеджментке үйретумен қамтылды, артериялық қысымды бақылау және гипертензиялық препараттарды қабылдау жүйелілігі дағдыларын меңгерген.







5 нозология бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген моделін енгізу мониторингі (инсульт, жіті миокарда инфаркті, балалар және босандыру, жарақат, онкоогиялық аурулар)




МКҰД, АГПҰО

АБҰҒО


ҚазОжРҒЗИ

ТжОҒЗИ


ХҰҒО

ҰҒКХО


КІАҒЗИ

Жыл бойы

Ақпарат

Орындалды

Халықтың демографиясына айтарлықтай әсер ететін негізгі әлеуметтік мәні бар инфекциялық емес аурулар мен жағдайлардан (миокард инфаркті, инсульт, жарақаттар, тууға көмек және балалық шақ) өлім-жітімді төмендету мақсатында бес бағыттар бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізуі жалғастыруда.

2016 жылғы 9 ақпандағы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрімен бекітілген медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша Жол картасын, сондай-ақ 2017 жылға бес нозологиялар бойынша Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын іске асыру денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік берді.

Осылайша, 2017 жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша (2016 жылдың 11 айымен салыстырғанда) негізгі көрсеткіштер төмендеді: нәресте өлімі 6,4%-ға және 1000 тірі туғандардың 8,05 құрайды (2016 ж. 11 ай -8,60); ана өлім-жітімі 5,5 % төмендеді және 100 мың тірі туғандарға 12,0 құрайды (2016 жылдың 12 айы бойынша -12,7); қатерлі ісіктерден өлім-жітім - 5,2%-ға және 84,65 құрайды (2016 жылдың 11 айы бойынша – 89,27), өлім жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттан - 8,7%-ға және 70,78 құрайды (2016 жылдың 11 айы бойынша - 77,52); жіті миокард инфарктінен өлім-жітім -7,2%-ға және 11,28 құрды (2016 жылдың 11 айы бойынша – 12,16).

Есепті кезеңге өңірлерге шығу жүзеге асырылды, өңірлерде қызметтерді жақсарту және инсульттік орталықтардың ашылуы бойынша ұсыныстар берілді (Маңғыстау облысының Жанаөзен қаласында Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы базасында инсульт орталығы ашылды).

Онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында алғашқы медициналық-санитариялық көмекті (бұдан әрі – МСАК) онкологиялық қызметпен біріктіру жүргізілуде. 2016 жылджан бастап Қазақстан Ренспубликасында 2016-2019 жылдарға арналған онкологиялық ауруларды басқарудың біріктірілген моделін енгізу бойынша жол картасы» іске асырылуда (бұдан әрі – Жол картасы) . Республикада қатерлі ісіктермен 32 365 пациент тіркелді, 100мың халыққа шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 196,0 құрады (2016 жылдың 11 айы бойынша – 34 260 жағдай, көрсеткіш – 210,6). Қатерлі ісіктерден болған өлім-жітім көрсеткіші (бұдан әрі – ҚІ), 100 мың халыққа шаққанда төмендеп, 80,4 құрады немесе 13 280 науқас (2016 жылдың 11 айы бойынша – 13 770 жағдай, көрсеткіш – 84,7). ҚІ науқастарды 0-1 дәрежесімен ерте диагностикалау деңгейі ұлғайды және 22,7 пайызды құрды (2016 жылы – 22,4 пайыз). 5 және одан да көп өмір сүретін ҚІ науқастардың үлес салмағы 0,8 пайыздан 48,3 пайызға ұлғайды (2016 жылы – 47,5 пайыз). Пациенттердің кезең-кезеңмен және олардың бағытын жетілдіру үшін онкологиялық көмек көрсету республикада үш деңгейге бөлінді, онкологиялық көмектің І деңгейін - 1405 қарап-тексеру кабинеті ( 421 ерелер мен 984 әйел) ашылған МСАК ұйымдары көрсетеді. 2017 жылы Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында және Алматы қаласында 48 қарап-тексеру кабинеті ашылды. Онкологиялық көмектің ІІ деңгейін -13 облыстық, 2 өңірлік онкологиялық диспансер, және 2 онкологиялық бөлімше көрсетеді. 2017жылы онкологиялық науқастарды мамандандырылған емдеумен қамту 86 пайызды құрады, ол 2016 жылдың деңгейімен бірдей. Стационарлық және амбулаториялық деңгейлерде дәрілік терапияны оңтайландыру жалғасуда, дәрілік заттардың шығыстарының ай сайынғы монитроингі жүргізілуде, онкологиялық бейіннің клиникалық-шығынды топтарын толыққанды қалыптастыру үшін емделіп шыққан шығындар үшін нақты шығындар бойынша деректерді өзектендіру аяқталуда.

Онкологиялық көмектің ІІІ деңгейін радиациялық онкологияның жоғары технологиялы орталықтары мен (бұдан әрі - РОЖТО) (Алматы, Астана қалаларында, Ақтөбе, Семей, Қарағанды қалаларында) ҚазОжРҒЗИ ұсынады. ҚазОжРҒЗИ мен РОЖТО дамуда және қашықтықтан сәулелі терапияны (томотерапия, стереотаксис, IMRT, IGRT), интраоперациялық сәулелі терапия, ағзалар мен тіндердің биотрансплантациясы, кіші инвазивті хирургияны ұсынады. «TrueBeam» аппаратын енгізудің арқасында 2014 жылдан бастап шетелге шықпай-ақ сапалы радиологиялық емді толық көлемде ала алатын емдеудің жоғары технологиялы әдісіне Қазақстан азаматтарының қолжетімділігін ұлғайды (2017 жылдың 11 айында 1001 пациент емделіп шықты, (2016 жылдың 11 айында 872 пациент емделіп шықты).

2017 жылдың есепті кезеңінде ҚазОжРҒЗИ базасында онкологиялық аурулардың басым бағыттары бойынша 118 маман және МСАК 926 маманы (Бас және мойын обырының ерте диагностикасы бойынша Еуропа апталығы шеңберінде 45 көшпелі цикл, 2017 жылы 24 ақпанда Атырау қаласында «Онкологиядағы инновациялық технологиялар» халықаралық конференциясы, 2017 жылы 8 маусымда Шымкент қаласында «Нейроэндокринді неоплазия диагностикасы және емдеу тәсілдері» семинар, Ресейден жетекші эндоскопистер шақырылған «Асқазан ішек жолы обырын ерте анықтау және емдеудің эндоскопиялық тактикасы» мастер-класс ). ҚІ ерте анықтау, скринингтік бағдарламаларды енгізу, 13 телеконференция режимінде онкологиялық науқастарды емдеу мәселелері бойынша онкодиспансерлер мен МСАК 612 маманы оқытылды (урологтар, гепатологтар, гастроэнтерологтар, цитологтар, патоморфологтар). 2016 жылдан бастап 75 резидент оқытылуда, 2017 жылы резидентураға 54 жаңа тыңдаушы түсті. 2 маман онкология және сәулелі терапия терпаия бойынша резидентураны тәмамдады, қазіргі кезде Алматы облысында аудандық онкологтар болып жұмысқа орналасты. Өңірлерде емдеу тактикасын айқындау үшін 62 теле консультация жүргізілді.

Онкологиялық көмекті көрсету сапасын мониторингтеу және бақылау тиімділігін арттыру мақсатында онкологиялық қызметті одан әрі ақпараттандыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде: Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі (ОНЭТ) өзектендірілуде, TNM (7-нұсқа) жүйесі бойынша халықаралық сарапшылардың ұсыныстарына АХЖ (3-нұсқа) және балалар онкологиясы бойынша ОНЭТ АЖ-де фукционалды басқа да ақпараттық жүйелермен біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде («Емхана» ААЖ, Диспансерлік науқастардың тіркелімі және т.б.).








Қазақстан Республикасында босандыру және балалар, жіті миокард инсульті және жарақат кезінде медициналық көмек көрсету, жіті инсульт және онкологиялық ауруларды басқарудың қызметтерінің біріктірілген моделін енгізу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жұмысы бойынша кеңестер өткізу




МКҰД, АГПҰО

АБҰҒО


ҚазОжРҒЗИ

ТОҒЗИ


КХҰҒО

КІАҒЗИ


тоқсан сайын


Хаттама



Орындалды

5 бағыт бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі). 5 бағыттың әрбіреуі бойынша Үйлестіру кеңесі – медициналық көмекті ұйымдастыру, кадрмен қамтамасыз ету, материлдық-техникалық жарақтандыру қызметтеріне талдау жүргізді, сондай-ақ қызметтердің жай-күйінде анықталған проблемаларды шешу жолдары әзірленді.

Медициналық ұйымдарды өңірлендіру деңгейлеріне сәйкес келтіру мақсатында өңірлендіру өлшемшарттары жетілдірілді, кадрларда және медицина кадрларында тапшылық айқындалды, өңірлерге шығумен әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі, 5 бағыт бойынша медициналық көмек көрсету сапасын бағалау индикаторлары әзірленді. Өлім-жітімді төмендету мақсатында барлық деңгейлерде медициналық көмек көрсету тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, үйлестіру, мониторингтеу бөлігінде бейінді медициналық ұйымдардың ролі мен жауапкершілігі күшейтілді.

Босандыру мен балаларға көмек

Перинаталдық көмек көрсетудің 3 деңгейін көздейтін өңірлендіру қағидаты табысты қолданылуда. Созылмалы аурулары асқынған және жүктілігі асқынған жүкті және босанатын әйелдер қалалық және облыстық перинаталдық орталықтарға өңірлендіру деңгейі анағұрлым жоғары босандыру ұйымдарына ауыстырылады.

Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық көмекті ұйымдастыру стандарты әзірленді.

Акушерия және педиатрия бойынша клиникалық хаттамалар жетілдірілді.

Босандыру қызметінде оқытудың 11 басым бағыты айқындалды. 2017 жылы «акушерия және гинекология», «неонатология», «анестезиология және реанимация», «функционалдықдиагностика», «клиникалық зертханалық диагностика» мамандықтары бойынша 672 маман даярланды және оқытылды, 18 біліктілігін арттыру крустары жүргізілді.

9 өңірде «Акушерия және гинекологиядағы қиын жағдайлар» тақырыбында ана шығыны жағдайларын жедел талдай отырып 12 көшпелі мастер-клас ұйымдастырылды, 102 маман сертификат алды.

30 медицина қызметкерін оқытумен Батыс Қазақстан облысында облыстық перинаталдық орталықта Вильнюс медицина университетінің халықаралық сарапшыларының тренингі ұйымдастырылды. 14-15 сәуірде Медицина университетінің (Вена қаласы, Аустрия) мамандарының қатысуымен ғылыми-практикалық колнференция өткізілді. 26 сәуірде ана мен бала денсаулығын сақтау ауруханасымен (Үрімші қаласы, Қытай) өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. 1-2маусымда пренаталдық генетикалық скрининг мәселелері бойынша (Тараз қаласы) ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, өткізілді, әртүрлі мамандықтар бойынша 856 маман даярланды және оқытылды.

2017 жылғы мамырда АБҰҒО «UMC» КҚ базасында АҚШ пластикалық хирургтерінің қатысуымен және «Асыл бала» республикалық қауымдастығының қолдауымен реконструктивті- пластикалық хирургия бойынша мастер-класс өткізді. ҚР барлық өңірінен 70 балаға операция жасалды, өңірлерге 5 мониторингтік сапар жасалды, 8 балалар үйі медициналық қарап-тексерілді.ЭКҰ дәрігерлері бедеу ерлі-зайыптылар жұбына ВТКМҚ көрсету үшін көрсетілімдер мен тәртібін айқындау мақсатында республиканың 13 қаласына шықты. 2017 жылғы 17 сәуірнден бастап 31 мамырға дейін жақын орналасқан өңірлерде «Жоғары технологиялар күні» жобасы іске асырылды.

Күн сайын жүкті, босанатын және босанған әйелдердің қиын жағдайларының мониторингі және кешенді медициналық көмек көрсетуді үйлестіру, телемедицина бойынша консультация жүргізу, облыстық және республикалық деңгейге уақтылы ауыстыруды бақылау жүргізіледі.

2017 жылы қиын жағдайлар кезінде жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде 1795 әйелге, сондай-ақ 2243 жаңа туған нәрестеге медициналық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар санитариялық авиация желісінде медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында 2017 жылы ҚР-да әуе санитариялық көлік 2210 ұшты, 379 жүкті, босанатын және босанған әйелдерге көмек көрсетілді, 455 жаңа туған нәрестеге, 28 күнге дейінгі жас шамасындағы 534 балаға көмек көрсетілді.

Ана өлімінің әрбір жағдайы бойынша Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің және құпия аудит комиссиясы жоспардантыс сараптама жүргізеді. Уақтылы басқару шешімдерін қабылдау үшін өлімнің шынайы себептерін анықтауға мүмкіндік беретін (денсаулық сақтау жүйесіне байланысты ғана емес) перинаталдық өлімнің құпия аудиті енгізілді.



Онкология

ҚР барлық өңірінде облыстардың және қалалардың ДСБ жанында Онкологиялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген моделін енгізу жөніндегі Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді (бұдан әрі - ҮК). Халыққа онкологиялық аурудан көмек көрсетудің проблемалық мәселелері бойынша талдау жасамен және оны шешумен ҮК отырысы ай сайын өткізіледі.

Онкологиямен ауыратын науқастарға медициналыө көмек көрсетуді жақсарту мақсатында және Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған онкологиялық ауруларды басқарудың біріктірілген моделін енгізу бойныша жол картасына сәйкес алғашқы медициналық-санитраиялық көмекпен интеграция жүргізілді (бұдан әрі – МСАК).

Онкологиялыө көмек республика бойынша 3 деңгейде көрсетіледі.

Қатерлі ісіктерді (ASCO, ESMO және т.б.) диагностикалау мен емдеудің халықаралық стандарттарына сәйкес республика халқына онкологиялық көмек көрсетуді жақсартуға мүмкіндік беретін онкологиялық қызметтің мониторингі үшін индикаторларды жетілдіру бөлігінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірленуде.


жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау