2017 жыл бойынша орындалуы жөніндегі ақпарат 1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-іс-шаралары



жүктеу 0,96 Mb.
бет5/13
Дата29.12.2019
өлшемі0,96 Mb.
#25392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 қыркүйекте № 15604 болып тіркелді.










«Бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасын әзірлеу




МҚАК, ЖБД,МӘМСҮД


тамыз

Бұйрық

Орындалды

«Бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 612 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 қыркүйекте № 15661 болып тіркелді

Бұдан басқа, 2017 жылғы 30 маусымда «Денсаулық сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы №80-VI Қазақстан Республикасының Заңының күшіне енуіне байланысты Премьер-Министрдің бұйрығына сәйкес мақұлдау туралы Қазақстан Республикасы 2017 жылдың тамыз айына жоспарланған.









«Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидаларын және мерзімдерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасын сүйемелдеу




МҚАК, ЖБД,

МӘМСҮД


шілде

Бұйрық

Орындалды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы №80-VI Қазақстан Республикасының Заңының күшіне енуіне байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімінің жобасына сәйкес бекіту мерзімі 2017 жылғы шілдеге көзделген.

«Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 шілдеде № 15361 болып тіркелген.








Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытудың Бірыңғай перспективалық жоспарын әзірлеу





ИСД

маусым

Ақпарат

Орындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 маусымдағы отырысында және Министрліктің 2017 жылғы 15 маусымдағы алқасында мақұлданған денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тәсілдерге сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, үкіметтік емес қауымдастықтармен, Министрліктің Қоғамдық кеңесі және стратегиялық комитетімен келісілген өзгерістер енгізілді (Министрліктің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 882 бұйрығы). Сондай-ақ, Министрлік құрамына денсаулық сақтау саласындағы ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, үкіметтік емес қауымдастықтардың және бизнес бірлестіктердің өкілдері кірген денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құрды (Министрліктің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 630 бұйрығы).

Жалпы 19 жұмыс кеңесі өткізілді, оның ішінде жұмыс тобының 5 отырысы, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен 2 кеңес, денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша дөңгелек үстел және халықаралық инвестициялық форум өткізілді.

Министрлік денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын әзірлеу кезінде өңірлерді (бұдан әрі – өңірлік перспективалық жоспар) әдіснамалық қолдаумен қамтамасыз етті.

Нәтижесінде 2018-2025 жылдарға арналған инвестициялық жоспарды қамтитын 16 өңірдің өңірлік перспективалық жоспарлары әзірленді.

Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп отырған жұмыстың қорытындылары 2018 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында қаралды.









Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуды қамтамасыз ету




ИСД

қараша

Ақпарат

Орындалды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 3 республикалық концессиялық жобаларды әзірлеуде («Қарағанды қаласындағы ҚР ДСМ «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК жанынан 300 төсектік көпбейінді клиникалық аурухана салу және пайдалануға беру», «Алматы қаласындағы ҚР ДСМ «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК жанынан 300 төсектік көпбейінді аурухана салу және пайдалануға беру», «Алматы қаласындағы Бірлескен емхана»).

Жергілікті атқарушы органдардың алдын-ала деректері бойынша 74 жергілікті МЖӘ жобаларын әзірлеу жүргізілуде, сондай-ақ 2017 жылы 35 жергілікті МЖӘ жобалары бойынша шарт жасалды (оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарын салу және пайдалануға беруге, басқару және жаңғыртуға, медициналық жабдықтармен жарақтандыруға).

Жеке инвестициялар тартуды ынталандыру үшін ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы және «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңдарға және БПЖ сәйкес, МЖӘ шеңберінде іске асырылатын денсаулық сақтау субъектілерімен 3 жылдан 5 жылға дейінгі орта мерзімді шарт жасауға құқық беру бөлігіндегі Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілді (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 шілдедегі № 591 бұйрығы).

Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Ұлттық экономика министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп (ЖАО 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 07-6/6133-И хатымен сұрату жолданған), «Бағдарламалық МЖӘ» енгізу үшін «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына қажетті түзетулер әзірлеуді жүргізуде. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы «Бағдарламалық МЖӘ» шеңберінде жеке әріптесті анықтау бойынша тиісті тәртіп пен талаптар әзірлеу жүргізілуде.







Жекеше инвесторларды ақпараттық қолдау, денсаулық сақтау саласындағы іске асыру мәселелері бойынша ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, МЖӘ жобалары және сенімгерлікпен басқаруға тапсыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары




ИСД

қараша

Ақпарат

Орындалды

16 өңірде жекеше сектор өкілдерін тартумен денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңартуда инвестициялар тарту мәселелерін талқылау бойынша, оның ішінде қымбат тұратын медициналық техниканы алу бойынша дөңгелек үстелдер жүргізілді.

Тұрақты түрде екі жақты кездесу шеңберінде жекеше секторды ақпараттандыру жүргізіледі.

Проблемалы мәселелер ҚР ДСМ және «Атамекен» ҰКП бірлескен Жұмыс тобының шеңберінде және құрамына жеке, сақтандыру, халықаралық консалтингтік компаниялардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері, ірі медициналық ұйымдар мен бірлестіктердің басшылары кіретін Бизнес кеңес форматында қаралады.

Сондай-ақ, ҚР ДСМ интернет-ресурсына денсаулық сақтау саласындағы жоспарланып отырған МЖӘ жобалары туралы ақпарат орналастырылған.

2017 жылғы 30 қарашада Министрлік Азия Даму Банкі, Дүниежүзілік Банкпен және Еуропа Қайта Құры және Даму Банкімен бірлесіп, әлеуетті инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың, консалгтингтік компаниялар мен денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ және инвестициялар мәселелері бойынша сарапшылардың, жергілікті атқарушы органдардың Денсаулық сақтау басқармаларының, 9 елдің (Австрия, Германия, Үндістан, Испания, Қытай, Польша, Оңтүстік Корея, Ресей, Түркия) отандық және шетелдік ірі инвесторлардың қатысуларымен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына инвестициялар» форумы өткізілді және денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жобалары туралы ақпарат ұсынылды.

Осы іс-шара туралы баспасөз релизі БАҚ-тарда жарияланды.





2.2-мақсат: Денсаулық сақтау саласында кадрлық әлеуетті және ғылымды дамыту






Әкімдер мен министр арасындағы Меморандумға сәйкес 2017 жылға кадр тапшылығын төмендету бойынша индикаторға қол жеткізу мониторингі (2016-2018 жж.)




ҒАРД

маусым

Ақпарат

Орындалды

Әкімдік пен Министрдің арасындағы Меморандумға сәйкес 2016 жылға дәрігер кадрлардың тапшылығын төмендету бойынша индикаторларға қол жеткізуге мониторинг жүргізілді.

Осы мәселе Министрліктің алқасында және ағымдағы жылғы 31 мамыр - 1 маусым аралғында ЮНИСЕФ, ДДҰ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ, ДҰП мен медициналық қауымдастықтардың қатысуымен өткізілген семинар-кеңесте талқыланды. Сонымен қатар меморандумдардың нәтижелері ескеріле отырып, 2016 жылы 2017-2019 жылдарға арналған индикаторларға түзету жүргізілді (СДҚДСД 30.06.2017 жылғы №06-12/1060 хаты).







Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша ұсыныстарды дайындау




ҒАРД

қыркүйек

Ақпарат

Орындалды

Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша ЭЫДҰ, ЕК, ЕАЭК елдерінің ағымдағы жағдайына, халықаралық тәжірибеге талдау жүргізді. Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту жөніндегі әдістемелік ұсыныстардың жобасы әзірленді.

Бірлескен ұсыныстарды дайындау мақсатында облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне өңірлерде медицина кадрларын бекіту бойынша әлеуметтік, қаржылық және материалдық стимулдарды енгізу бойынша сұрату жасалды (ағымдағы жылғы 21 маусымдағы №06-6/2462-И).

ҚР Үкіметіне мынадай кешенді шаралар бойынша ұсыныстар жолданды (2017 жылғы 20 қазандағы шығыс № 06-2/10328//143(70,100,113-тармақтар хатпен):

1. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін әлеуметтік қолдау көрсетудің қосымша шараларын ұсыну:

- көтерме жәрдемақыны 70 АЕК-ден 160 АЕК-ге дейін көтеру (өте тапшы мамандықтар бойынша 330 АЕК-ге дейін);

- тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұлғайту – бюджеттік кредиттің сомасын 1500 АЕК-ден 3000 АЕК-ге дейін ұлғайту (өте тапшы мамандықтар бойынша 5000 АЕК-ге дейін) ( Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мадениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер енгізу);

- балалары үшін балабақшаларда кезектен тыс орын беру және балабақшаның шығыстарының орнын толтыру;

- қызметтік тұрғын үй алу және денсаулық сақтау ұйымында он жыл жұмыс істегеннен кейін сатып алу мүмкіндігін қарастыруды қоса алғанда (кемінде 5 жыл жұмыс істеу).


жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау