2016 жылдың қыркүйек жағдайына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу туралы ақпарат



жүктеу 52,5 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі52,5 Kb.
#22159
түріБағдарламасы


2016 жылдың қыркүйек жағдайына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу туралы ақпарат.
2016 жылға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жіберу жоспары: оқыту –13, әлеуметтік жұмыс орындары - 10 адам, жастар іс-тәжірибесі –10 адам, бірінші бағыт – 14 адам, шағын несие беру – 3 адам. Барлығы 50 адам, іс-жүзінде 57 адам жіберілді, бұл 114℅ құрайды. Жыл басынан жұмыспен қамту орталығының мамандарынан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 668 адам кеңес алды және қабылданды, соның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 3 адам, жолданды – 6 адам; жұмыссыздар – 44 адам, жолданды – 51 адам; аз қамтылғандар – 4 адам, жолданды – 6 адам; мүгедектер – 1 адам, жолданды – 2 адам;, 29 жасқа дейінгі жастар – 20, жолданды – 23 адам; және де әйелдер санынан – 28 адам. Қамту жоспары – 75 адам, іс-жүзінде жіберілді – 122 адам (163%).

Бірінші бағыт: Инфрақұрылым мен тұрғынүй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 2016 жылда 4 жоба іске асырылуда.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес 2016 жылы 59 486,0 мың теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат бөлінді, оның ішінде: - республикалық бюджеттен 53 537,0 мың теңге,

- жергілікті бюджеттен 5 949,0 мың теңге.

25 жұмыс орын ашылу жоспарлануда, оның 14 жұмыс орын жұмыспен қамту орталығынан. Нақты 25 жұмыс орны ашылды, оның 16 жұмыспен қамту орталығынан.

1) «Журавушка» Курчатов қаласының балабақшасы» МКҚК ғимаратының терезелерінің және есіктерінің ойықтарын күрделі жөндеу. Жалпы жобаның құны 22 320,0 мың теңге. Электронды конкурстың нәтижесінде 2016 жылдың 11 шілде күні «Сауле» ЖШС мердігер болып анықталды. Байқау нәтижесінде үнемділік 4 513,0 мың теңгені құрады, оның ішінде 4 185,0 мың теңге РБ. 2016 жылдың 27 шілдесінен жоба бойынша жұмыстар басталды. 12 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 6 жұмыс орны жұмыспен қамту орталығынан жолданды. Жоба бойынша жасалынған жұмыстар: 130 терезе мен 136 есікті ауыстыру. 15903,2 мың теңге (79,2%) игерілді.


№ 2 орта мектеп бойынша 2 жоба бар.

  1. ғимаратты жылумен қамтамасыз ету бойынша күрделі жөндеу жасау. Жобаның жалпы құны 12 578,0 мың теңге.

  2. ғимараттың акт залына күрделі жөндеу. Жобаның жалпы құны 7 537,0 мың теңге.

23 тамызда келісімшарт жасап жұмысқа кірісті. ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің түзету мекемелерінің «Енбек» ШЖҚ РМК «Енбек – Семей» филиалы мердігер болды.

«Курчатов қаласының № 3 орта мектебі» КММ ғимаратының спорт залына күрделі жөндеу жасау. Байқау бір көзден өтті. Жобаның жалпы құны 17 051,0 мың теңге: РБ – 15326,4 мың теңге және ЖБ – 1679,1 мың теңге.



Екінші бағыт: Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту.

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасының екінші бағытының жүзеге асу аясында 2011 жыл мен 2014 жыл аралығында 36 қатысушыларға 90 млн. теңге көлемінде шағын несие берілген.

1) 2011 жылы «Алтын Ғұмыр 2011» НС арқылы 10 млн. теңгеге 7 адам шағын несие алды, оның 4 соңғы қарызалушылары шағын несиені уақытында төлеп қойды, төлем уақыты 2016 жылдың тамыз айы.

«Алтын Ғұмыр 2011» НС төрағасы Шолтидан Бақытпек қазіргі уақытта жұмыс орнында жоқ. Шолтидан Бақытпектің орналасқан жерін анықтау үшін және оны қала әкімдігіне келтіру үшін сұратумен Курчатов қ. Қалалық полиция бөліміне бірнеше рет жүгіндік. Қазіргі уақытта Шолтидан Бақытпек жоқ, шағын несиені өтеу кестесін сақтамайды, әр түрлі дәлелдерге сүйенеді. Оның жоқтығынан, НС есебіне аударылған қаражат, «Ертіс» ӘКК НС АҚ аударылмайды. Соңғы қарызалушылар қаражатты аз мөлшерде қаражат жоқтығынан толық емес көлемде аударады. Қазіргі уақытта қарыз 1 827,9 мың теңге құрайды, оның ішінде негізгі қарыз 1640,4 мың теңге. Көкөніс шаруашылығымен айналысатын қарызалушылар несиені қазан айында өтейміз деп уәде береді.

«Ертіс» ӘКК НС АҚ Курчатов қ. әкімінің орынбасары Е.В. Старенковадан және Жұмыспен қамту орталығының директорынан ҚР заңына сәйкес «Алтын Ғұмыр» НС жауапкершілікке тартуға көмектесу өтінішімен бірнеше рет хат жолдады. Бірақ сұрауға жауап алмадық.

2) «Бірлестік» ЖШС НС арқылы 29 адам шағын несие алды, оның 5 соңғы қарызалушылар ашулы төлемеушілер болып табылады, оларға сотқа талап арыз берілді. Қазірде сот шешімі бар.

«Бірлестік» ЖШС НС төрағасы А. Мирзаджанова – соңғы қарызалушыларға қатысты қылмыстық іс қозғау сұрағымен сот орындаушыға жүгінді: Молдажанов Канат, Қабыш Нұржан, Қамза Өкен, Нокожанова Айсұлу. Сот орындаушынан полиция бөліміне қылмыстық істі қозғау жөнінде ұсынысты жолдады. Курчатов қаласының полиция бөлімінен жоғарыда көрсетілген тұлғаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан сотқа дейінгі тергеу амалдарының тоқтағандығы туралы қаулы ұсынылды.

Қалған соңғы 24 қарызалушылар шағын несиені шамалары келгенше өтеуде.

3) 2016 жылдың 2 тоқсанында маусым айының аударымын есепке алғанда АО НК СПК «Ертіс» қарыз мөлшері 19 954 860 теңгені құрады. Қарыздар бойынша жұмыстарды тиімді нәтижелерін алу үшін 2016 жылдың соңына дейін Несиелік серіктестік АО НК СПК «Ертіс» алдында несиені өтеу бойынша жылдық кесте жасалған болатын. Кестеге сәйкес 2016 жылдың шілде айына 2 362 888 теңге мөлшерде өтеу жоспарланған, оның ішінде жағдайға байланысты 1 тамызға 2 058 888 теңге өтелді. Қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы айда 1 562 591 теңге, қыркүйекте 2 129 172 теңге, қазанда 2 788 430 теңге, қарашада 3 671 742 теңге, желтоқсанда 3 205 910 теңге мөлшерде қарыз өтеуін күтудеміз, 01.01.2017 жылғы болжамды қарыз мөлшері 14 944 529 теңгені құрайды.

Жағдайға байланысты 01.08.2016 жылы өтелмеген қалдық сомасы 17 895 972 теңге. Оның 9 631 931 теңге сот орындаушысында. Қалған өтелмеген 8 264 041 теңге мөлшердегі сомаға күнделікті жұмыс жүргізілуде.

Қарызды өтеу бойынша жұмыс барысында әрбір соңғы қарызалушыларға қарыз және оның өтеуін сұрау бойынша хабарландыру жазылды және тұратын мекен-жайларына таратылды. Апта сайын қарыз алушылармен жұмыс бойынша сот орындаушысы мен несиелік серіктестік төрағаларымен бірлесе отырып жиналыстар өткізіледі. Жұмыс жеке және несиелік серіктестік арқылы жүргізілуде. Несиелік қаражаттарды қайтару жайындағы сұрақтар үздіксіз бақылауда.

ЖҚЖК-2020 бағдарламасымен несие алушыларға етті және көкөніс өнімдерін сатуға жеңілдікті орын ұсыну бойынша жұмыспен қамту орталығымен Семей қ. «Ақшың» базарының басшылығымен келісімге келді.

Қазіргі уақытта тікелей базарда сауда жасайтын қарызалушылар жоқ. Сауданы ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастауды жоспарлауда.



Үшінші бағыт: Жұмыс берушінің қажеттіліктері аясында оқыту және қоныс аудару арқылы жұмыспен қамтуға көмектесу.

Әлеуметтік жұмыс орны: 2 млн. 581 мың теңге бөлінді, оның ішінен 1 млн. 837 мың теңге (71℅) игерілді. Жылдың аяғына дейін қаражат толығымен игеріледі. 2016 жылы әлеуметтік жұмыс орынына 10 жұмыс берушінің өтінімдері келіп түсті. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру жоспары 10 адам, 19 адам (190℅) жолданды.

Жастар іс-тәжірибесі: 2016 жылы 10 адамға 2 млн. 291 мың теңге белінді, оның ішінен 763 мың 600 теңге (33,3℅) игерілді. Жылдың аяғына дейін қаражат толығымен игеріледі. Жастар іс-тәжірибесін құру жоспары 10 адам, 10 жас маман (100℅) жолданды.

Кадрлерді қайта даярлау: 2016 жылы қайта даярлауға 1 млн. 283 мың теңге бөлінді, оның ішінен 1 млн. 282 мың 800 теңге игерілді. Жұмыс берушілердің өтінімі бойынша 2016 жылдың 05 сәуірінен 10 адам жолданды келесі мамандықтар бойынша: сантехник-слесарь, электргазбендәнекерлеуші, жарықтандыру және жарықтандыратын желілер бойынша электрмонтаждаушы.Оқу аяқталғаннан соң, 10 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Оқу «Кәсіптік техникалық мектеп» мекемесінде өтті.

2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» өзектендіру жоспары бойынша жалдамалы жұмыскерлер кадрлерін қайта даярлауға жұмыс берушілердің өтінімі бойынша 6 адам (200℅) жолданды келесі мамандықтар бойынша: бульдозер машинисті, автомобильдік кран машинисті, жарықтандыру және жарықтандыратын желілер бойынша электрмонтаждаушы. 1 млн. 40 мың теңге бөлінді, оның ішінен 1 млн. 030 мың теңге игерілді. (100℅) Оқу «Кәсіптік техникалық мектеп» мекемесінде өтті. Оқу аяқталғаннан соң, 6 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.



2016 жылы мемлекеттің қолдауынсыз тура жұмысқа орналастыру 01 қыркүйекке 75 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламаның үшінші бағытының 2 компоненті шеңберінде Курчатов қаласында қоныс аудару жоспарланбаған, себебі қала экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерге жатпайды.
жүктеу 52,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау