2012 жылдың 11 айы бойынша
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012 жылға арналған Операциялық жоспарының орындалуы бойынша жедел есеп
Министрліктің 2012 жылға арналған Операциялық жоспары Жауапты хатшы Т.К.Дүйсенованың 2012 жылғы 8 ақпандағы № 39-ө бұйрығымен бекітілген.
Операциялық жоспар мерзімі белгіленген 287 іс-шарадан тұрады, олар екі бөлімде көрсетілген:
- 1 бөлім. «Мемлекеттік органның іс-шаралары» - 185 іс-шара;
- 2 бөлім. «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» - 102 іс-шара.
Бүгінгі күні операциялық жоспардың 229 іс-шарасы іске асырылды немесе 80% жуық.
Министрліктің операциялық жоспары еңбекке ынталандыруды көтеруге, жұмыспен қамту тиімділігін арттыруға ықпал етуге және объективті статусы бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.
Операциялық жоспардың көзделген іс-шараларын іске асыру нәтижесінде әлеуметтік-еңбек саласында келесі нәтижелерге қол жетті.
Еңбек нарығы және жұмыспен қамту
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іске асырылу барысы туралы
2011 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыруға бағытталған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 99,8 мың адам Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша әлеуметтік келісімшартқа қол қойды. Әлеуметтік келісімшартқа қол қойған Бағдарлама қатысушыларының қатарынан 67 мың адам (67,1 %) жұмыссыз, 25,9 мың адам (26 %) өз бетінше жұмыспен айналысады, 6,2 мың адам (6,2%) табысы аз адамдар және 707 адам (0,7%) жалдамалы қызметкерлерің қатарына жатады. Бұл ретте, 29 жасқа дейінгі жастардың саны 59,1%, әйелдердің үлесі 49,5% адамды құрайды.
Бірінші бағыт бойынша кәсіптік оқытумен 63,2 мың адам қамтылды, оның ішінде 48,3 мың адам кәсіптік даярлаудан өтті, қайта даярлауға 12 мың адам жіберілді, біліктілігін арттыруға 2,8 мың адам жіберілді.
Қайта даярлаусыз, бос жұмыс орындары базасында бар бос жұмыс орындарына біліктілігіне сәйкес 16,5 мың адам жұмысқа орналастырылды.
Бағдарлама қатысушыларын әлеуметтік жұмыс орындарына өңірлерде 6 мың жұмыс берушімен келісім бойынша 27,2 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастырылған Бағдарлама қатысушыларының айлық орташа еңбекақысы 44,8 мың теңгені құрады.
7,9 мың жұмыс берушімен жастар практикасын ұйымдастыру бойынша шарт жасалып, оған сәйкес 24,4 мың адам жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан 6,0 мың адам өтті.
Ағымдағы жылы 5479 бағдарлама қатысушысы микрокредит алды және 4052 адам өз ісін құрды. Микрокредиттің орташа мөлшері 2 млн.теңге деңгейінде қалыптасқан.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша әлеуметтік – экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдық елді мекендерден 1769 отбасы көшті. Оларға Бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаражаты есебінен салынған қызметтік үйлерді жалға берілді, Отбасы құрамындағы көшіп келген жалпы адамдардың саны 6471 адамды құрайды,оның ішінде 2749-ы еңбекке жарамды жастағы адам, оның жаңа мекенжай бойынша 1995-і жұмысқа орналастырылды.
Ағымдағы жылдан бастап «Ауылдық елді мекендерді дамыту» деген жаңа төртінші бағытты іске асыру басталады, аталған бағыт әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамтуға бағытталған.
565 жобаны іске асыру қарастырылған. Бүгінгі таңда ауылды жерлерде жоба бойынша 7,3 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 7,2 мың адамды жұмысқа орналасты, олардың 4,4 мыңы Бағдарлама қатысушысы болып табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2012 жылы 57,6 млрд. теңге, оның ішінде кәсіптік оқыту мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруға – 22,0 млрд. теңге, кәсіпкерлікті іске асыруға – 13,4 млрд теңге, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру етуге 9,4 млрд.теңге, ауылдық елді мекендерді дамытуға – 9,9 млрд. теңге бөлінді.
Бағдарламаның шеңберінде өткізілетін іс-шаралар, аумақтарды дамыту өңірлік бағдарламаларының іске асырылуы еңбек нарығының жағдайына оң әсерін тигізді.
Еңбек нарығындағы жағдай туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша 2012 жылғы үшінші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ға азайды (2011 жылғы үшінші тоқсанда 5,3%). Сондай-ақ, жұмыспен қамтылғандардың саны 8443 мың адамнан 8540 мың адамға көбейді. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жұмыспен қамтылған халықтың құрамындағы үлесі 32,8%-дан 31,6%-ға азайды.
Жастар практикасы бағдарламасының іске асырылуы мен әлеуметтік жұмыс орындарын құру жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етті. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 0,7 пайыздық тармаққа азайып, 3,8%-ды құраса, 2011 жылғы тиісті кезеңде бұл көрсеткіш 4,5%-ды құраған.
Жергілікті атқарушы органдардың 2012 жылғы 1 желтоқсандағы деректері бойынша жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны 51 мың адамды құрады.
Барлығы республикамыз бойынша жұмыспен қамту органдарына еңбек делдалдығына 324,2 мың адам жүгінді, оның ішінде 187,6 мыңы жұмысқа орналастырылды.
Еңбек нарығындағы шиеленісті төмендету үшін жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.
2012 жылдың басынан 263,8 мың, оның ішінде ауылдық жерлерде – 123 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл ретте сауда саласында – 36,5 мың, өнеркәсіптерде 35,4, құрылыста – 34,7 мың, ауыл шаруашылықтарында – 22,4 мың жұмыс орны құрылды. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 74,2 – тұрақты, қалғаны –уақытша және маусымдық.
Көші-қон процестерін реттеу (Министрліктің құзыреті бойынша)
Қазақстанның экономикасына шетелдік мамандарды тарту еңбек көші-қоны саласындағы мемлекет саясатының ең маңызды мәселелерінің бірі болып қалады.
Жергілікті атқарушы органдардың есептік деректеріне сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілердің саны 2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2893 бірлікті құрады. Сондай-ақ, аталған жұмыс берушілерде 402,6 мың қазақстандық азамат және 21,8 мың немесе 5,4 % (2011 жылдың осындай мезгілінде 6,2%) шетелдік азамат жұмыс істейді.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тарту үшін квота белгілейді. 2012 жылы республиканың экономикалық тұрғыдан белсендi халқына шаққанда квота 1% пайыз мөлшерiнде белгiлендi немесе 90 мың бірлікті құрады.
Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелерінде басымдық жоғары білікті мамандарға беріледі.
2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған 21 737 рұқсат қолданыста. Жылдың басынан бері шетелден 21 647 қызметкер тартылған, оның ішінде 16 912 қызметкер I - III санаттар бойынша.
Шетелдік жұмыс күшінің жалпы санының 61,4 %-дан астамы құрылыс және тау-кен өнеркәсібі жұмыстары үшін тартылды.
Еңбекші көшіп-қонушылардың шығатын мемлекеттері негізінен Қытай (23,1% астам) және Түркия (14,9% астам) болып табылады.
Ағымдағы жылы шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындары нәтижесінде ШЖК тарту тәртібін жетілдіру, оның сапалық құрамын жақсартуға қосымша шаралар қабылдады. Қазақстандық азаматтарға 28 196 жұмыс орын құрылды, 4825 адам қайта оқудан өтті, 20705 адамдардың біліктілігі жоғарылады және 12655 Қазақстан азаматтарының кәсіптік даярлаудан өткен.
Шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық жұмыскерлермен ауыстыру саясаты жүргізілуде, 2012 жылы 1670 шетелдік маман қазақстандық кадрлармен ауыстырылды.
Кұрамының сапасын жақсартуды қоса алғанда, соңғы жылдары шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған тәртіпті реттеу шаралары іске асырылды.
Соның нәтижесінде 2011 жылы біліктілігі жоғары шетелдік қызметкерлердің үлесі (1-2 санаттар) 78 % дейін өсті (2009 жылы – 68 %, 2010 жылы - 74,8%). 2012 жылы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша біліктілігі жоғары шетелдік қызметкерлердің үлесі (1-3 санаттар) 78,1% болды.
Еңбек қатынастары
Еңбек заңнамасын жетілдіру жұмыстары шеңберінде а.ж. ақпанында «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
«Отбасылық міндеттемелері бар ер және әйел еңбекшілерге тең қарау және тең мүмкіндіктер беру туралы» ХЕҰ конвенциясы Қазақстан Республикасының Заңымен 2012 жылғы 16 қарашада № 50-V ратификацияланды.
Халықаралық еңбек ұйымының №182 Конвенциясын Қазақстан Республикасында жүзеге асыру және балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жоюға қатысты 2012-2014 жылдарға арналған Біріккен жұмыс жоспары ү.ж. 30 сәуірде бекітілді. Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жоюға қатысты Ұлттық Үйлестіру Кенесінің екі отырысы өткізілді.
Еңбек қатынастарын реттеу және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту шаралары қолданылады.
Қоғамдық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік әріптестік институты аясында белсенді ынтымақтастық жалғасуда. Барлық деңгейде үшжақты комиссия жұмыс істейді, 2012-2014 жылдарға арналған Бас келісім қабылданған, 22 салалық және 200 өңірлік келісімшарттар (облыс, қала, аудан) барлық деңгейде жұмыс істейді.
Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның биылғы жылы 2 отырысы өткізілді. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктеріне отырыс хаттамалары бойынша өңірлік және салалық деңгейлерде әлеуметтік шиеленіске жүйелі мониторинг жүргізу, жетекшілік ететін салаларын әлеуметтік әріптестік жүйесімен қамту мен дамыту жөнінде орталық атқарушы органдардың үйлестіру рөлін күшейту туралы ұсынымдар берілді.
Елбасы жариялаған «Ұжымдық шарт жасаңыздар» атты үндеуге сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдарды ұжымдық шарт жүйесімен қамтуды кеңейту және оған мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. 2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ұжымдық шарт жүйесімен 56,1 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпкерліктің 31,6% қамтылған. Бұл ретте ірі және орта кәсіпорынның 86,6%-ында ұжымдық шарт жасалған.
2008 жылдан бері Министрлік әлеуметтік жобаларды іске асыру жөніндегі меморандум бойынша мониторинг жүргізіп келеді. 2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша шамамен 70,2 млрд. теңге сомаға 13,8 мың меморандум жасалды.
Меморандумдар, келісімдер, ұжымдық шарттар қызметкерлердің мүддесі мен құқықтарын қорғаудың, әлеуметтік мәселелерді шешудің пәрменді тетігі болып табылады.
Елбасының жарлығымен бекітілген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» конкурсы бес рет өткізілді. 2008-2012 жылдары еліміздің барлық өңірінен 2186 кәсіпорын қатысуға құжаттарын тапсырды.
Өндіріс жағдайларын (тәуекелді бағалау жүйесін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттарды, кәсіпорындарды аттестациялауды енгізу) жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
2012 жылы 11 ай ішінде өндірісте 1958 адам жарақат алды (2011 жылғы осы кезеңге олардың саны – 1916 болған). Бұл ретте адам өлімімен аяқталған өндірістік жарақаттану 2012 жылы 238 адамды құрады (2011 жылдың осы кезеңінде – 288 адам).
Министрлік жалақы бойынша берешек сомасына апта сайын мониторинг жүргізеді және Бас прокуратурамен, өңірлік дағдарысқа қарсы штабтармен бірлесіп, олардың өтелуі бойынша шаралар қолданады.
Егер республика бойынша 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мерзімінен кешіктірілген (3 айдан артық) жалақының берешек сомасы – 1,5 млрд. теңге құраса, онда 2012 жылғы 1 желтоқсанында - 1,1 млрд. теңге құрады.
Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау 2010 жылдың басынан бері енгізілген қатерлерді бағалау жүйесінің (ҚБЖ) негізінде жүзеге асырылуда.
2012 жылғы 1 желтоқсандағы ахуал бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 15824 тексеріс жүргізіп, 50,2 мың еңбек заңнамасының бұзылу фактісі анықталды.
Ұйымдардың заңды тұлғалары мен лауазымды тұлғаларына қатысты анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 434,5 млн. теңгеге 11,6 мың айыппұл салды (2011 жылғы 1 желтоқсанына 399,4 млн.теңге).
Халықтың әл-ауқатын арттыру
Мемлекеттің Конституциясында бекітілген әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асыруда табыс саясаты және халықты әлеуметтік қамсыздандырудың ұйымдастырылуының ерекше мәні бар.
Мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асырудың негізі ең төменгі әлеуметтік стандарттар болып табылады.
Еңбекақы төлеу. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 17 439 теңге болып белгіленді, 2011 жылмен салыстырғанда 9 % өсті (2011 жылы –15 999 теңге).
Экономикалық қызмет түрі бойынша бір қызметкердің орташа номиналдық жалақысы 2012 жылдың қаңтар-қазан айларында республика бойынша 99 118 теңге құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,3% өсті.
Нақты жалақы индексі 2012 жылдың қаңтар-қазанда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда республика бойынша 108,9%-ды құрады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың мақсатты» Жолдауына сәйкес бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 2012 жылға қарай 2008 жылмен салыстырғанда кезең-кезеңімен екі есеге арттыру жоспарланған.
Бұл ретте жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларын ескере отырып, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 2009 және 2010 жылдары жыл сайын 25 %-ға, ал 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап 30%-ға арттырылды.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру.
Бүгінгі күні елімізде нарықтық экономика қағидаттарына сәйкес келетін және әлеуметтік қамсыздандыру жауапкершілігін мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер арасында бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі моделі қызмет етеді.
Ынтымақты зейнетақы жүйесі бойынша
2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 9 пайызға артты, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 8720 теңге құрайды. 2012 жылы базалық зейнетақы төлемдерін ескергенде Қазақстан Республикасы зейнетақы төлемдерінің ең төмен мөлшері 26211 теңге, ең жоғары мөлшері – 56047 теңге құрады. Мемлекеттік базалық зейнетақыны есепке алғанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 38668 теңге құрайды.
2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін 1 799,5 мың адам, зейнетақы төлемдерін алушылар саны - 1 770,4 мың адамды құрады. Қаңтар-қараша айларында базалық зейнетақы төлемдеріне кеткен шығындар 171,7 млрд. теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдері 577,7 млрд. теңге құрайды.
Зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру бойынша қолданылған шаралар халықаралық тәжірибеде қолданылатын жоғалтқан табысты (40%) алмастыру стандартынан асыруға мүмкіндік берді, ол базалық және ынтымақты зейнетақыны төлеу есебінен 43,0% құрады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша
Республиканың зейнетақы қызметтері нарығында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау комитетінің деректері бойынша 2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының мөлшері 3,1 трлн. теңгеге жуық.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шоттарының саны 8,4 млн. бірлікті құрады.
Таза инвестициялық табыстың сомасы 654,8 млрд. теңге құрайды.
Міндетті зейнетақы жарнасының инфляция деңгейін ескере отырып, сақталуына мемлекеттік кепілдік 2012 жылғы 1 қарашада 4,7 млрд. теңгені құрады.
Әлеуметтік қамсыздандыру
2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша №1 және №2 Тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды (бұдан әрі - МАЖ) алушылар саны 40,4 мың адам болды. Айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты жәрдемақының мөлшері жыл сайын артып отырады, осыған орай 2012 жылы №1 және №2 Тізім бойынша тиісінше 14562 теңге және 12944 теңге құрады.
А.ж. онбір айда МАЖ-ға №1 Тізім бойынша – 4,2 млрд. теңге және №2 Тізім бойынша 2,1 млрд. теңге жұмсалады.
2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының (МӘЖ) мөлшері 7% артты. 2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша МӘЖ-ді алушылар – 668,3 мың адам, оның ішінде мүгедектігі бойынша – 470,5 мың адам, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты – 175,6 мың адам, жасына байланысты - 21,3 мың адам. 2012 жылғы 1 желтоқсанда МӘЖ-дің орташа мөлшері: мүгедектігі бойынша – 17844 теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты - 18276 теңге, жасына байланысты – 8720 теңге құрады.
Әлеуметтік сақтандыру туралы
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілгеннен бастап 2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 278,0 млрд. теңге мөлшерде әлеуметтік төлем төленді.
2012 жылғы қараша айында 7 517,1 млн. теңге сомада әлеуметтік төлемдер төлемді, бұл 2011 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 23,1 % артық.
2005 жылы міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуімен ресми сектордың жұмысшылары 5 әлеуметтік қатер туындаған кезде қосымша нысанға ие болды.
Нәтижесінде, еңбек ету қабілетінен айрылуы және асыраушысынан айырылу қатері туған кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын адамдарға қарағанда жоғары.
Ана мен баланы әлеуметтік қолдау.
Заңнамаға сәйкес балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының 4 түрі төленеді.
2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бала туғанда берілетін жәрдемақы 355,8 мың адамға берілді, бұл 2011 жылдың осы кезеңінен 5,1 % азайды. Бұл ретте жәрдемақыны төлеуге жұмсалған шығындар 18,7 млрд. теңге құрады.
2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін бала күтіміне берілетін жәрдемақымен 147,7 мың адам қамтылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 % артық. Бұл орайда жәрдемақыны төлеуге жұмсалған шығындар 22,4 млрд. теңге құрады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 11 ай қорытындысы бойынша табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақымен 605,4 мың бала қамтылып, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,6 % азайды, бұл ретте тағайындалған соманың мөлшері 7,9 млрд. теңге құрады.
2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жалпы сомасы 11,7 млрд. теңге жәрдемақыны 58,6 мың адам алды.
Халықтың әлжуаз санаттарын әлеуметтік қолдау.
ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ең төмен күнкөріс деңгейі (бұдан әрі - ЕТКД) 16 554 теңге құрап, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 %-ға (15 461 теңгеге) артты. Табысы ЕТКД төмен халықтың үлесі 2012 жылдың үшінші тоқсанында 4,0 %-ды (қалалық жерде – 1,9 %-ды, ауылдық жерде – 6,5 %-ды) құрап, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,0 пайыздық тармаққа (5,0%) азайды.
Бүгінгі күні Министрлік Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп халықаралық тәжірибені және Қазақстанның мүмкіндіктерін ескере отырып, ЕТКД-ні анықтау әдістемесін жетілдіру мәселесін зерттеу жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ халыққа әлеуметтік көмек көрсету өлшемі ретінде медианды табысты қолдану мүмкіндігі бойынша зерттеу жұмыстары аяқталды.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 1289,1 мың адам қамтылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1 % артық.
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)
АӘК 2012 жылғы 1 желтоқсанда 96,6 мың табысы кедейлік шегінен төмен адамдарға тағайындалды. Тағайындалған сома қазіргі кезеңде 1,7 млрд. теңге құрайды.
АӘК алушылардың басым бөлігін, яғни 58,6% ауылдық жерлердің тұрғындары құрайды, тиісінше АӘК бөлінген жалпы шығыс сомасының 69,3%-ы астам ауыл тұрғындарына көмек көрсетуге жұмсалды.
АӘК алушылардың ішінде жұмыссыз азаматтар үлесі – 7,5%, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 0,6 пайыздық көрсеткішке төмендеді.
АӘК алушылардың қатарында басым көпшілігін, яғни 62,3 %-н балалар құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3% артық.
Тұрғын үй көмегі
2012 жылдың 3 тоқсанында тұрғын үй көмегі 105,6 мың отбасына тағайындалды, бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,7 % аз. Бұл орайда тағайындалған сома 2,1 млрд. теңге құрайды. Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 25,1 өсті және 2168,9 теңге құрады.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау жүргізіліп жатыр, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары кезең-кезеңмен енгізілуде.
Реформаның 1 кезеңіне 2009 – 2012 жылдары республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың көлемі 19,2 млрд. астам теңге құрады.
Жылдың басындағы жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде:
-стационарлық үлгідегі 103 медициналық-әлеуметтік мекемеде 20 мыңнан астам қарт пен мүгедек, оның ішінде мүгедек бала;
- жартылай стационарлық үлгідегі 37 ұйымда 7,2 мың адам;
- қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсететін 482 бөлімшеде 51 мың адам қамтамасыз етілді.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа жүйесін енгізу үкіметтік емес секторлардың белсенді қатысуымен де байланысты. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметті үкіметтік емес секторлардан сатып алуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырды.
2012 жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша әлеуметтік тапсырыс 52 ҮЕҰ ішінен 12 өңірде 2,0 адамды қамти отырып, іске асырылды.
Стандарттарды іске асыруға 2012 жылы республикалық бюджеттен 2109,3 млн. теңге бағытталды, оның ішінде:
- медициналық-әлеуметтік мекемелерге стандарттар енгізуге – 1384,8 млн теңге;
- ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 431,6 млн. теңге;
- күндізгі бөлімшелер жүйесін дамытуға – 292,9 млн. теңге.
Жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы жылғы 1-жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысы бойынша 1 млрд. теңге игерілген, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді енгізуге 704,9 млн теңге, медициналық-әлеуметтік мекемелерде күндізгі бөлімшелер жүйесін дамытуға 138,9 млн. теңге, ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 163,7 млн. теңге жұмсалды.
2012 жылғы қаңтардан бастап Алматы және Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын енгізу басталды.
Аталған стандартты іске асыру үшін 2012 жылы республикалық бюджеттен, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының бюджетінен көлемі 129,7 мың теңгені құрайтын ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылды.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстанда мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың заңнамалық негізі болып табылады. Аталған Заң бойынша оңалу мүмкіндігіне сәйкес әрбір мүгедек үшін медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінен құралған жеке оңалту бағдарламасы әзірленеді.
2011 жылы 14,3 мыңнан астам мүгедек протездік-ортопедиялық бұйымдармен және протездік-ортопедиялық көмекпен қамтылды. Мүгедектерге арналған 5,2 мыңдай кресло-арба берілді.
Есту бойынша мүгедектерге 7,9 мыңнан астам сурдотехникалық бұйым үлестірілді, 7,8 мыңнан астам мүгедекке тифлотехникалық бұйымдар, 25,8 мыңнан астам мүгедекке гигиеналық бұйымдар берілді.
Бұған қоса, жеке көмекшінің қызметімен 8,7 мың бірінші топтағы мүгедек, 3,3 мыңнан астам нашар еститін мүгедектер ымдау тілі мамандарының қызметімен қамтылды.
Көлікке, қоғамдық, тұрғын-үй және өндіріс ғимараттарына мүгедекердің кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары енгізілуде.
Объектілерге түгендеу жүргізу мониторингі 2012 жылғы 1 қаңтарда республика бойынша мүгедектерге арналған 11,4 мың жол, пандустар мен кресло-арбаларға арналған құрылғылар (32 %) салынғанын, 485 (10 %) жаяу жүргіншілердің жолдары дыбыс және жарық құрылғыларымен жабдықталғанын мүгедектерге қызмет көрсетуге арналған арнайы 879 автобус (6 %), 3,7 мың жолаушы аялдамалары жүріп-тұруы қиын мүгедектер үшін қоғамдық көлікке отырғызуға арналып ыңғайластырылғанын (30%), өңірлерде 132 инва-такси қызмет көрсететіндігін көрсетті.
Қазіргі кезде мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасын және БҰҰ конвенциясын ратификациялауға Қазақстанда жағдай жасау жұмыстары енгізілуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 қаулысымен Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі (2012 – 2013 жылдар) (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілді.
Жоғарыда аталған іс-шараны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 138-ө-м бұйрығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау үшін жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылды.
Жұмыс тобы әлеуметтік-еңбек саласындағы заңнаманы қоса алғанда 32 нормативтік құқықтық актіге түгендеу жүргізді, оның қорытындысы жұмыс тобының алты отырысында қарастырылды.
Жұмыс тобының қорытындысы бойынша Заң жобасына Салыстырма кестесі жасалды, оның құрамына қазіргі уақытта 85 норманы қамтитын 24 нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізілген.
Қазіргі уақытта Салыстырма кесте мүдделі мемлекеттік органдарға келісу үшін жолданды.
Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрдің (2012 жылғы 18 тамыздағы № 328-ө-м) және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің (2012 жылғы 17 тамыздағы № 413) бірлескен бұйрығымен бекітіліп, жұмыс барысында пайдалану үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберілді.
Достарыңызбен бөлісу: |