Салыстырма кесте



жүктеу 140 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі140 Kb.
#22235


«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ


Бап, тармақ, тармақша

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

«Қазақстан Республикасы YкiметiнiңРегламентi туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысы

45-тармақтың 6), 7) азат жолдарын

 45. Қаулылардың (өкімдердің) жобаларын мемлекеттік органдарда қарау және келісу олар түскен күнінен бастап мынадай мерзімнен аспауға тиіс:

4) ресми сапарларға қатысты Премьер-Министр өкімдерінің жобалары мемлекеттік органдармен бір күн мерзімде келісіледі;

5) қарыз туралы халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы қаулылардың жобалары - 5 жұмыс күні.


 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Қаулылардың (өкімдердің) жобаларын мемлекеттік органдарда қарау және келісу олар түскен күнінен бастап мынадай мерзімнен аспауға тиіс:

1) осы Регламентте көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулылардың жобалары, оның ішінде Президенттің және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы тиісінше Президент актілерінің жобалары мен заң жобалары - 10 жұмыс күні;

2) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, Премьер-Министр өкімдерінің жобалары – 5 (бес) жұмыс күні;

3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ ізгілік көмек мәселелері бойынша қаулылар мен өкімдердің жобалары – 3 (үш) жұмыс күні;

4) Кодекс жобалары бастапқы енгізген кезде - 20 жұмыс күні ішінде, қайталама түскенде – 10 жұмыс күні ішінде қаралады;



5) ресми сапарларға қатысты Премьер-Министр өкімдерінің жобалары мемлекеттік органдармен бір күн мерзімде келісіледі;

6) қарыз туралы халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы қаулылардың жобалары - 5 жұмыс күні ішінде қаралады.».

Тармақшалардың нөмірлеуінде жіберілген техникалық қателерге байланысты.


107-тармақтың бірінші бөлігі

«107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкіметтің отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.»

«107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының жобасы Кеңсенің хатымен Президент Әкімшілігіне келісуге жолданады.

Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін қорытынды жобасы кейіннен дауыс беру үшінҮкіметтің отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.»;

Қазіргі уақытта депутаттардың үкіметтік заң жобаларына ұсынған түзетулері және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша Үкімет қорытындыларының жобаларын Президент Әкімшілігімен келісудің бірыңғай практикасы жоқ.

Президент Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 51-14.8 ПАБ тапсырмасы.



109-1 - тармақ

 «109-1. Үкімет бастамашылық еткен заң жобаларына Парламент депутаттары түзетулер енгізген жағдайда (оның ішінде мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді азайтуды көздейтін оның тұжырымдамаларының өзгеруіне байланысты) Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қорытындысының жобасын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган әзірлейді.

     Үкімет қорытындысының жобасы Президент Әкімшілігінің ұстанымын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен келісіледі (олардың басшылары бұрыштама қояды не мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған тиісті хат ұсынылады) және егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңсеге енгізіледі.

Қорытынды жобасы мемлекеттік бюджеттің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтерді, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын, заң жобасында ұсынылған нормалардың Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы мәліметтерді, оларды қабылдаудың орындылығы бойынша мәліметтерді қамтуы қажет.

      Заң жобасына қажет болған кезде әзірлеуші: мемлекеттік кірістерді ықтимал азайту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді; Үкімет, Республикалық бюджет комиссиясы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың хаттамаларын қоса тіркейді.

      Бірлесіп орындаушы ретінде айқындалған мемлекеттік органдар, өздерінің Парламент депутаттары енгізген түзетулерге ұсыныстарын немесе қарсылығын әзірлеуші мемлекеттік органға, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жібереді.

Кеңсеге енгізілген Үкімет қорытындысының жобасы Үкімет мәжілісінде қарауға жатады және шақыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары, Кеңсе Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі, Кеңсе Басшысы алдын ала бұрыштама қояды.

      Үкімет қорытындысының жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкімет отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.

      Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

      Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша құжаттарды жолдағаннан кейін 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.

      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министр Кеңсесіне өзінің пікірін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Егер көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда Үкімет мүшесі қорытынды жобасына оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүргізеді.

      Егер қорытындының жобасы бойынша оның қабылдануына Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс берсе, сырттай дауыс беру жүргізілді деп есептеледі.

      Қорытынды жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Регламентке 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

Қорытынды жобасының мазмұны және оны Үкіметке ұсыну мерзімі үшін заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.»    


«109-1. Үкімет бастамашылық еткен заң жобаларына Парламент депутаттары түзетулері енгізген жағдайда (оның ішінде мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді азайтуды көздейтін оның тұжырымдамаларының өзгеруіне байланысты) Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қорытындысының жобасын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган әзірлейді.

      Үкімет қорытындысының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және міндетті түрде әділет, ұлттық экономика, қаржы министрліктерімен келісіледі (олардың басшылары бұрыштама қояды не мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған тиісті хат ұсынылады) және, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңсеге енгізіледі.

Қорытынды жобасы мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе бюджеттен төленетін мемлекеттік шығыстарды мемлекеттік ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтерді, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын, Парламент депутаттары енгізген тузетулерді Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі, оларды қабылдаудың орындылығы туралы мәліметтерді қамтуы қажет.

      Заң жобасына қажет болған кезде әзірлеуші: мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді; Үкімет, Республикалық бюджет комиссиясы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың хаттамаларын қоса тіркейді.

      Бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалған мемлекеттік органдар, Парламент депутаттары енгізген түзетулерге өздерінің ұсыныстарын немесе қарсылықтарын әзірлеуші мемлекеттік органға, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жібереді.     

Кеңсеге енгізілгеннен кейін Үкімет қорытындысының жобасы Кеңсенің хатымен Президент Әкімшілігіне келісу үшін жіберіледі.

Үкімет қорытындысының жобасы оны Президент Әкімшілігімен келіскеннен кейін Үкімет отырысында қаралуға жатады және шақыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары, Кеңсе Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі, Кеңсе Басшысы алдын ала бұрыштама қояды.

Үкімет қорытындысының жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкімет отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.

     Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

     Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша материалдарды таратқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.

      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министр Кеңсесіне өзінің пікірін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Егер көрсетілген мерзімде жазбаша жауап түспеген жағдайда Үкімет мүшесі қорытынды жобасына оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырады.

      Егер қорытындының жобасы бойынша оның қабылдануына Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс берсе, сырттай дауыс беру жүргізілген болып есептеледі.

      Қорытынды жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Регламентке 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

Қорытынды жобасының мазмұны және оны Үкіметке ұсыну мерзімі үшін заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.».



Қазіргі уақытта депутаттардың үкіметтік заң жобаларына ұсынған түзетулер және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша Үкімет қорытындыларының жобаларын Президент Әкімшілігімен келісудің бірыңғай практикасы жоқ.

Президент Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 51-14.8 ПАБ тапсырмасы.




113-1-тармақтың 1), 2) тармақшалары

113-1. Парламент Мәжілісі заң жобасын мақұлдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай):

1) мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті заңға тәуелді актілердің (Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің) жобаларын қарау үшін;

2) Әділет министрлігіне тиісті ведомстволық актілерді, сондай-ақ «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiлерді әзірлеу туралы ақпаратты жолдайды.


«113-1. Заңға тәуелді актілерді сапалы және уақтылы әзірлеу мақсатында Парламент Мәжілісі заң жобасын мақұлдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті заңға тәуелді актілердің (Президент, Үкімет актілерін, сондай-ақ «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын қарастыру үшін жолдайды.»;


Ведомстволық норма шығармашылықтың деңгейін және сапасын жоғарылату, сондай-ақ заң ережелері жүзеге асырылуының уақытылығы мен сапасын қамтамасыз ету.

114-тармақтың бірінші бөлігі

114. Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) мыналарды:

      1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;

      2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің неғұрлым кеш мерзімдері (олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, заңнамалық акт күшіне енген күнінен бастап екі айдан аспауы тиіс нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу мен енгізудің нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкімнің жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын;

      3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.



114. Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) мыналарды:

      1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;

      2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің неғұрлым кеш мерзімдері (олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, заңнамалық акт күшіне енген күнінен бастап екі айдан аспауы тиіс нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу мен енгізудің нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкімнің жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын;

      3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.



4) осы актілерді реттейтін салаға жетекшілік ететін, нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеуге және енгізудің, сапалылығына, уақытылығына жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарларын, жауапты хатшыларын, аппарат басшыларын көрсетуді көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді».

Мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібін күшейту және жауапкершілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Е.Ж. Қошановтың 2014 жылғы 4 тамыздағы № 13-8/2015 тапсырмасын орындау аясында.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгiереженiбекiту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысы

3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары

«3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:

2) Қазақстан Республикасыныѕ Әділет министрі бекітетін кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік органдардың заң қызметтері қызметкерлерінің жыл сайынғы тағылымдамасын өткізуді қамтамасыз етсін;

 3) жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 10 қаңтардан және 10 шілдеден кешіктірмей мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жүргізілген тағылымдама нәтижелері туралы хабардар етсін;»


3-тармақта 2) және 3) тармақшалар алып тасталсын.

Заңға тәуелді актілердің нормалары арасында қарама - қайшылықтарды жою.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 718 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өту қағидаларының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өту кестесін мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейтін мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді. Тағылымдамадан өту кестелері жарты жылда бір рет бекітіледі.

Осыған байланысты тағылымдама мемлекеттік қызметшілер мен резервшілерге қатысты жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сәйкес өткізіледі.


көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ережеде:

7- тармақ

«7. Мемлекеттiк органда бөлiнген бюджет қаражатының шегiнде заң қызметтерiнiңтиiмдi және сапалы қызметiүшiн мыналарды қоса алғанда, тиiстi жағдай жасалады:

      жеке үй-жаймен, заңнамалық-анықтамалық материалдармен, құқықтық мәселелер жөнiндегiмерзiмдi баспасөз басылымдарымен, заң әдебиетiмен, сондай-ақ оқтын-оқтын жаңартылып отыратын нормативтiк құқықтық актілердiң электрондық қорымен қамтамасыз ету;

      заң қызметтерiқызметкерлерiнiңкәсiптiкдеңгейiн арттыру, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Әдiлетминистрлiгiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiѕ жанындаєы Мемлекеттiк басқару академиясында заң қызметтерiқызметкерлерiнжүйелi түрде тағылымдамадан өткiзуүшiн тұрақты негiзде iс-шаралар ұйымдастыру.»


«7. Мемлекеттiк органда бөлiнген бюджет қаражатының шегiнде заң қызметтерiнiңтиiмдi және сапалы қызметiүшiн мыналарды қоса алғанда тиiстi жағдай жасалады:

      жеке үй-жаймен, заңнамалық-анықтамалық материалдармен, құқықтық мәселелер жөнiндегiмерзiмдi баспасөз басылымдарымен, заң әдебиетiмен, сондай-ақ кезең-кезеңімен жаңартылып отыратын нормативтiк құқықтық актілердiң электрондық қорымен қамтамасыз етуді;

      заң қызметтерiқызметкерлерiнiңкәсiптiкдеңгейiн арттыру, оның iшiндеәдiлет органдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында заң қызметтерiқызметкерлерiнжүйелi түрде тағылымдамадан өткiзуүшiн тұрақты негiзде iс-шаралар ұйымдастыруды;

мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалпы штаттық санынан кемінде 5% заң қызметтері қызметкерлерінің санын қамтамасыз етуді. Мемлекеттік органдардың орталық аппаратының штаттық саны 500 және одан жоғары болған жағдайда 5 % есептеу 500 санынан жүзеге асырылады.»;


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі

№ 41-4.53 тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында (3-тармақ).

Көрсетілген тапсырмаға сәйкес, норма шығармашылықпен айналысатын заң қызметтерінің санын көбейту мемлекеттік органның белгіленген штат санының лимиті шеңберінде жүзеге асыру қажет, осыған байланысты ПӘ тапсырмасын іске асыру штат санының көбеюін және республикалық бюджеттен ақша қаражатын бөлуді көздемейді.

Сондай-ақ, штат санын көбейту мәселесі ҚР ӘМ жанындағы Мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің үйлестіру кеңесінің отырысында қаралған болатын, оның қорытындылары бойынша бұл іс-шара мақсатқа сай деп танылды (ағымдағы жылғы 17 қыркүйектегі №3 хаттама).




8-тармақтың бесінші абзац

 «әзірлеушісі олардың мемлекеттік органы болып табылатын заң жобаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде өтуіне қатысады;»

«Қазақстан Республикасы Премьер – Министр Кеңсесінде және Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларының өту кезінде, сондай-ақ Үкіметтің заң жобаларына қорытындыларының жобаларын жұмыс тәртібімен, Үкіметтің Премьер – Министр Кеңсесінде Парламент депауттары бастамашылық немесе депутатардың бастамашылық жасалған заң жобаларына түзетулер, Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және Премьер - Министрінің өкімі жобаларының әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік органдар міндетті түрде қатысады;»;


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі

№ 41-4.53 тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында (3.3-тармақ).

Нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу кезінде практикада мемлекеттік органдардың салалық бөлімшелерінің өкілдері қатысады. Сонымен бірге, Үкімет Регламентінің 36-тармағына сәйкес, кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағы қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобалары Конституцияға заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министрдің актілеріне сәйкестік нысанасына заң сараптамасын жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен міндетті түрде келісуге жатады.

Осыған байланысты заң қызметтерінің қатысуы қайта пысықтауға қайтарылған заңға тәуелді актілер жобаларының сапасына және жалпы жобалардың қайтарылуының қысқартылуына оң әсерін тигізеді.

Бұдан басқа, Үкімет Регламентінің 47-тармағына сәйкес қаулы (өкімнің) жобасын қарау нәтижелері бойынша келісуші мемлекеттік орган көрсетілген бар ескертулер жойылған жағдайда жобаны келісуі мүмкін. Әзірлеуші ескертулермен келіскен кезде жобаларды пысықтау жұмыс тәртібімен жүзеге асырылады.

Заң қызметтерінің барлық актілер жобаларын сүйемелдеуі олардың санына және жүктеменің көптігіне байланысты мүмкін еместігін ескере отырып, заң қызметтерінің міндетіне жұмыс тәртібімен пысықтау кезінде ғана сүйемелдеуді енгізу ұсынылады.



8-тармақтың он бірінші абзац

«мемлекеттiк органның норма жасау қызметiн талдайды және талдау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк органның бiрiншi басшысына, сондай-ақ орталық атқарушы органың жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаға) оны жетiлдiру және анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;»

«мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының көзделген нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамалары нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін талдайды және талдаудың нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына, сондай-ақ орталық атқарушы органың жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаға) оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді және жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-ына дейін жылына екі рет жүргізілген талдау және қолданылған шаралар туралы Әділет министрлігіне ақпарат жолдайды;»;

2013 жылы Министрлік заң сараптамасы нәтижелері бойынша қайта пысықтауға қайтарылған Үкімет қаулыларының және ҚР Президенті Жарлықтарының жобалары (бұдан әрі - жобалар) бойынша ескертулерге талдау жүргізді.

Талдау жүргізу кезінде мемлекеттік органдар ұсынатын барлық жобалар бойынша біртекті, жүйелі түрде жіберілетін қателіктер бар екендігі анықталды. Бұдан басқа, редакциялық сипаттағы көптеген ескертулер бар.

Заң қызметтері туралы үлгі ереженің 10-тармағына сәйкес басқа құрылымдық бөлiмшелер әзiрлеген нормативтiк құқықтық актілердiң жобалары заң қызметтерiмен алдын ала келiсусіз мемлекеттiк органдарға келiсуге жiберiлмейдi. Осыған байланысты Әділет министрлігінің ескертулері бойынша ұсынылған талдау мемлекеттік органдар әзірлейтін жобалардың сапасына және бұдан кейін біртекті қателіктерді жіберілмеуіне әсер ететін болады.

Әділет министрлігінің заң қызметтерінің жұмысын үйлестіруші болып табылатындығын және жалпы норма шығармашылық жұмысының сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қолданатындығын ескере отырып, мемлекеттік органдардың заң қызметтері жұмысының сапасын арттыру және оларға кешенді талдау жүргізу үшін Әділет министрлігі мемлекеттік органдар ұсынған талдамалық ақпарат негізінде тиісті ұсыныстар дайындайды және қажетті шаралар қолданады.



8-тармақтың он екінші абзацы

шарттарды уақытылы жасасуды, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын үйлестіруді қамтамасыз етеді;

шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді;

Шарттарды уақытылы жасасу бюджеттік іс жүргізу элементінің бірі болып табылады. Бюджет қаражатының меңгерілуі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесінің орындалуы осы тетік бойынша қамтамасыз етіледі, ол заң қызметінің құзыретіне жатпайды. Осыған байланысты Үлгілік ереженің 8 – тармағының он екінші абзацы жаңа редакцияда ұсынылады.

8-1 және 8-2 тармақтары

Қолданыста жоқ

«8-1. 8-тармақтың 11-абзацына сәйкес ұсынылатын мемлекеттік органның ақпараты:

1) келісілуге жолданған Заңдардың Президент Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, Премьер-Министрөкімдерінің жобалары (бұдан әрі – жобалар) және мемлекеттік тіркеуге жататын қабылданған нормативтік құқықтық актілер саны (бұдан әрі- НҚА);

2) келісілген жобалар, тіркелген НҚА санын;

мынадай ескертулердің сипаттық бөлінісіне қарай

3) қайта пысықтауға қайтарылған жобалар және мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА ескертулер сипаты бөлінісіндегі саны:

Конституцияға,

жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;

бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;

редакциялық ескертулер;

заң техникасы бойынша ескертулер бар қайта пысықтауға қайтарылған жобалар және мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА санын;

4) норма шығармашылығы қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ақпаратты қамтуға тиіс.

8-2. Әділет министрлігі ұсынылған ақпаратты, жартыжылдық қорытынды бойынша талдайды және жартыжылдықтан кейінгі айдың 30-ы күнінен кешіктермей мемлекеттік органдарға жалпы ақпаратты жолдайды.

Жалпы ақпарат осы Ереженің 8-1 тармағында көзделген мәселелер бойынша қорытынды талдауды қамтуға тиіс.».


Сапалы және біркелкі ақпаратты ұсыну мақсатында оның мазмұнына талаптар белгілеу ұсынылады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметінің жағдайына кешенді талдау жүргізу, НҚА әзірлеу сапасын арттыру бойынша тиісті шаралар дайындау мақсатында Әділет министрлігіне мемлекеттік органдар ұсынатын ақпаратқа талдау жүргізуді және мемлекеттік органдарға қорытындыланған мәліметтер жолдауды жүктеу ұсынылады.

«Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органыныңүлгі регламентін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулысы



Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламенті





жоқ

«7-1 Құқықтық мониторинг жүргізгенде бөлімшелердің өзара іс-қимыл тәртібі

29-1. Мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздері әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторинг ОМО-да «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

29-2. ОМО-нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг оның жергілікті органдары мен бағыныстағы ұйымдарын қосқанда барлық бөлімшелерімен мемлекеттік орган басшысының (оның міндетін атқарушының) бұйрығымен мониторинг жүргізу Кестестіне сәйкес жүргізіледі және оның нәижелері ай сайын осы жұмысты үйлестіретін бөлімшеге жолданады.

29-3 Құқықтық мониторинг жұмысын үйлестіретін бөлімшесі алынған мәліметтерді қорытып және талдап ОМО-ның басшысына, сондай -ақ Жауапты хатшысына, аппарат жетекшісіне тұжырым және ұсынымдармен жинақталған ақпараты дайындайды.

Анықталған заңнамаға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру бойынша уақытылы шара қолдану мен құқықтық мониторинг жүргізудің сапасын қарау үшін кеңестер өткізіледі.

. 29-4. Мониторингі қорытындылары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі корпоративтік порталының «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі» кіші жүйесінде орналастырады. Құқықтық мониторинг жұмысын үйлестіретін бөлімшесі тұрақты негізде көрсетілген кіші жүйесін уақытылы толтыруға бақылау жүргізеді.

29-5 ОМО-ның қызметі және оның құрылымының ерекшелігіне байланысты мемлекеттік органдардың Регламентінде өзге де ережелер белгіленуі мүмкін.».





«Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысы

көрсетілген қаулымен бекітілген «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасы

17- тармақ

17. Құқықтық мониторинг жүргізгенде бөлімшелердің өзара іс-қимыл тәртібін орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (бекітілген тәртіпте орталық атқарушы органның жауапты хатшысы өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал олар болмаған жағдайларда - уәкілетті органның басшысы анықтайды (белгіленген талап жергілікті өкілді органдарға (мәслихаттарға) қолданылмайды).

17. Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде бөлімшелердің өзара іс-қимыл тәртібі уәкілетті органның бірінші басшысы (белгіленген талап жергілікті өкілді органдарға (мәслихаттарға) қолданылмайды) бекітетін мемлекеттік органның регламентінде айқындалады.».


Құқықтық мониторинг жүргізген кезде мемлекеттік органның барлық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл мәселелерін мемлекеттік органның Регламентіне өзгертулер енгізу арқылы регламенттеу дұрыс деп пайымдаймыз.

Құқықтық мониторинг жүргізген кезде мемлекеттік органдардың барлық бөлімшелерінің үйлестірілуін, олардың үйлестіруші – құрылымдық бөлімшеге қажетті ақпаратты ұсыну тәртібі мен кестесін, қажетті түзетулерді талқылау тетігін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша мәселелерді регламенттеуді (жиналыс, дөңгелек үстел және т.б.) қамтамасыз етеді, сонымен заң қызметінің қызмет тиімділігін ғана жоғары қоймай, құқықтық мониторинг жүргізу сапасын да жоғарылатады.



18-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы

«18. Жүргізілген жұмыстың қорытындылары бойынша уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшелері осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жеке нысандары бойынша жылына екі рет, жарты жылдықтың соңғы айының 30-күніне дейін тіркелімге сәйкес мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қоса отырып, оларды қабылдаудың хронологиялық тәртібімен талдау анықтамаларын, сондай-ақ кестенің көшірмесін Қазақстан Республикасының әділет органдарына ұсыну үшін мынадай тәртіппен:»

«18. Жүргізілген жұмыстың қорытындылары бойынша уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшелері осы Қағиданың  4-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жеке нысандары бойынша жылына екі рет, жарты жылдықтың соңғы айының 30-күніне дейін тіркелімге сәйкес мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қоса бере отырып, оларды қабылдаудың хронологиялық тәртібімен талдау анықтамаларын, сондай-ақ осы Қағиданың 11-тармағында көзделген материалдарды пайдалану туралы ақпаратты және кестенің көшірмесін Қазақстан Республикасының әділет органдарына ұсыну үшін мынадай тәртіппен:»



НҚА құқықтық мониторингін жүргізу кезеңдерінің бірі құқықтық мониторинг объектісіне қатысты алынған ақпаратты жинау, қорытындылау және талдау, сонымен қатар талдамалық анықтама дайындау болып табылады.

Бұдан басқа, Мониторинг жүргізу қағидаларының 11–тармағында құқықтық мониторинг жүргізу кезінде, жалпы алғанда, ақпарат болып табылатын заңнаманы қолдану практикасын шолу, азаматтардың өтініштерін талдау және қорытындылау нәтижелері, әлеуметтік зерттеу нәтижелері және т.б. қолдану көзделген.

Мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес НҚА құқықтық мониторингі жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіруді Әділет министрлігі жүзеге асырады, ол құқықтық мониторинг бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпаратты талдайды және қорытындылайды.

Сонымен қатар, Қағидалардың 18–тармағына сәйкес мемлекеттік органдар ұсынатын талдамалық анықтамада Мониторинг жүргізу қағидаларының 11–тармағында көзделген материалдарды пайдалану туралы мәліметтер көбінесе қамтымайды, тек сандық мәліметтермен шектеледі, осыған орай, мемлекеттік органдардың Қағидалардың 11–тармағында көзделген мәліметтерді қолдануын анықтау мүмкін емес.

Практика көрсеткендей, НҚА мониторингінің нәтижелері көбінесе формальды сипатқа ие, бұл мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметіне теріс әсері етеді.

Аталған факт Әділет министрлігінің атына ҚР Президентінің Әкімшілігі және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі тарапынан сын тудырады.

Қаулы жобасына Мониторинг жүргізу қағидаларында бұған дейін белгіленген ақпаратты ұсыну ғана көзделген және материалдарды пайдалану тәртібін қосымша реттеудің қажеттілігі жоқ.

Одан басқа аталған түзету мемлекеттік органдар жүргізетін құқықтық мониторинг сапасын арттыруға мүмкіндік береді.



21-тамақтың 1-тармақшасы

«1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері;»

«1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері(өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы, халықаралық шарттарды ратификациялау туралы және Бюджет кодексін іске асыру үшін қабылданатын актілерді есептемегенде)


Редакциялық түзету заңнамалық актілердің құқықтық мониторингі Бюджеттік кодексті іске асыруға қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялауды көздейтін заңдарды қоспағанда, тек ғана дербес заңнамалық актілерге қатысты жүргізілетіндігіне байланысты.

32-1- тармақ

«32-1. Уәкілетті органдар ай сайын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі қорытындыларын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі корпоративтік порталының «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі» кіші жүйесіне толтырады және орналастырады.

      Уәкілетті органдар ай сайын нормативтік құқықтық актілердің жүргізілген құқықтық мониторингінің қорытындылары бойынша материалдарды өзінің интернет-ресурсында орналастырады және жаңартып отырады.».



«32-1. Уәкілетті органдар ай сайын бекітілген кестеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі қорытындыларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі корпоративтік порталының «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі» кіші жүйесіне толтырады және орналастырады.

Уәкілетті органдар ай сайын нормативтік құқықтық актілердің жүргізілген құқықтық мониторингінің қорытындылары бойынша материалдарды өзінің интернет-ресурсында орналастырады және жаңартып отырады.».



«Әділет министрлігінің корпоративтік порталының « Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі» кіші жүйесінде уәкілетті органдар НҚА құқықтық мониторингі қорытындыларын Қағидалардың 13-тармағына сәйкес мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен бекітілген кестелерге сәйкес толтырылатынын және орналастыратының ескеру қажет.


Қазақстан Республикасының Б. Имашев

Әділет министрі
жүктеу 140 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау