2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп



жүктеу 4,98 Mb.
бет1/10
Дата21.11.2018
өлшемі4,98 Mb.
#23449
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



ҚР Парламетінің

2011 ж. 20 маусымдағы

121-IV ҚРҮ қаулысымен



бекітілген

2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп

2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет


2010–2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», 2009 жылғы
6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға», 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауларына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік өлшемдерінің негізінде әзірленген болатын.

2010 жылы Қазақстан экономикасының өсуінің оң қарқыны байқалуда. Экономиканың орнықты дамуына сыртқы конъюнктураны тұрақтандыру және әлемдік экономиканың жандануы аясындағы сыртқы факторлармен қатар, ішкі сұранысты кеңейту де, сондай-ақ экономикадағы ісркелік белсенділікті Үкіметтік қолдау мен дағдарыстан кейінгі даму базасын құру ықпал етті.



Қазақстанның 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының түйінді индикаторларын сипаттайтын статистикалық деректер кестеде келтірілген.

Атауы

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

1

2

3

4

Жалпы ішкі өнім, млрд.теңге

16 052,9

17 007,6

21 647,7 1

өткен жылға нақты есептеудегi %-бен

103,3

101,2

107,0

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млрд.теңге

10 196,2

8 925,2

11 757,0

өткен жылға %-бен

102,1

101,7

110,0

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млрд.теңге

1 384,2

1 620,3

1 441,0

өткен жылға қарағанда %-бен

93,6

113,8

88,3

Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау, млн.тонна

2 188,7

2 104,3

2 430,1

өткен жылға %-бен

103,0

96,0

115,5

Байланыс қызметтерінің көлемі, млрд.теңге

415,5

441,4

477,0

өткен жылға %-бен

111,8

108,3

105,0

Тұтыну бағасының индексі

 

 

 

өткен жылдың желтоқсан айына, %-бен

109,5

106,2

101,7

өткен жылға қарағанда жылына орташа есеппен %-бен

117,0

107,3

107,1

Халық саны, мың адам

15 776,5

15 999,5

16 433,8

Орташа айлық атаулы жалақы, теңге

60 805,0

67 639,0

77 482,0

өткен жылға %-бен

115,9

111,4

114,6

Экспорт, млн. АҚШ долл.

71 183,5

43 195,7

59 216,6

өткен жылға %-бен

149,1

60,7

137,1

Импорт, млн. АҚШ долл.

37 889,0

28 408,7

29 760,0

өткен жылға %-бен

115,7

75,0

104,8

Сауда балансының сальдосы, млн. АҚШ долл.

33 294,5

14 787,0

29 456,6

АҚШ долларына шаққанда теңгенің ресми айарбас бағамы:

 

 

 

жылдың аяғына

120,8

148,4

147,4

жылына орташа алғанда

120,3

147,5

147,4

* - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері;

** - кедендік статистиканың ресми деректері бойынша
Республикалық бюджет кірістерінің атқарылуы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында қойылған барлық міндеттерді шешу үшін 2010 жылы бюджеттің кіріс бөлігін арттыру үшін шаралар кешені қабылданатын болады:

біріншіден, Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі жаңа тұжырымдама қабылданды, оған сәйкес Ұлттық қордан берілетін жыл сайынғы кепілдік берілген трансферт 8 млрд. АҚШ доллары немесе 1,2 трлн. теңге деңгейінде бекітілді.

екіншіден, салық саясаты саласында Салық кодексіне бірқатар ставкаларды сақтау жөнінде өзгерістер енгізілді (корпоративтік табыс салығы 20% деңгейінде, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық – 20%), нақты ынталандыру шаралар көзделді. Салық рәсімдері оңайлатылды, арнайы экономикалық аймақтар аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есебін беру міндетінен босату жолымен арнайы экономикалық аймақтар аумағында салық режимі жақсартылды.

Қаржы құралы ретінде алтынның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында инвестициялық алтынмен жасалатын операцияларды қосылған құн салығынан босату жөнінде түзетулер көзделді.

Осылайша республикалық бюджетке 3 729,2 млрд. теңге түсті немесе жоспар 211,4 млрд. теңгеге асыра орындалды. 2009 жылмен салыстырғанда өсім салыстырмалы жағдайларда 26,2%-ды немесе 711,1 млрд. теңгені құрады.



3 626,2 млрд. теңге сомасында кірістер түсті, оның ішінде салық түсімдері 2 083,6 млрд. теңгені немесе жоспарға 110,4%-ды құрады, 2009 жылмен салыстырғанда өсім салыстырмалы жағдайларда 23,5%-ды немесе 633,1 млрд. теңгені құрады.



Салықтардың негізгі түрлері (қосылған құн салығы, табиғи және басқа ресурстарды пайдаланған үшін резервтер, кеден төлемдері) артығымен орындалды, оған елдің экономикасын дамытудың оң серпіні, кеден одағына енуге байланысты кедендік баждарды бөлу механизмін енгізу, мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж түсімдерінің ұлғаюы, жоспарланғанға қарағанда қосылған құн салығын қайтару сомасының төмендеуі және бір жолғы жоспарланбаған түсімдер әсер етті.

Корпоративтік табыс салығы және акциздер бойынша толық игеруге қол жеткізілмеді. Мәселен, корпоративтік табыс салығы 98,7 %-ға атқарылды.

Жыл бойындағы қызмет нәтижелері бойынша 2010 жылы жекелеген салық төлеушілердің аванстық төлемдерді азайтуы есебінен резидент емес заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар атқарылған жоқ (87,9%). Төлем көзінен ұсталатын резидент емес заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша банктер тартатын инвестициялардың және сыйақы төлемдері көлемінің азаюына байланысты банк секторы бойынша («БТӘ Банкі» АҚ, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ) түсімдердің азаюынан жоспар 95,9%-ға атқарылды.

Акциздер бойынша түсімдер 66,2 %-ға атқарылды, бұл жекелеген акцизделетін тауарлар (фильтрлі темекілер, сыра және автомобильдер) оның ішінде:

сыра бойынша импорт көлемінің қысқаруына өндіріс құрылымының өзгеруіне байланысты ішкі нарыққа қайта бағдарлау әсер етті;

жеңіл автомобилдерге берілетін акциздер бойынша жоспардың атқарылмауы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап «Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған жеңiл автомобильдердi өткiзу мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 1 шiлдедегi № 682 қаулысы өз күшіне енуіне байланысты болды, оған сәйкес жеке тұлғалар кедендiк баждарды бiрыңғай ставка бойынша төлейді және «Жеке тұлғалар әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарларға кедендiк баждардың, салықтардың бiрыңғай ставкаларын қолдана отырып, салынатын кедендiк баждар, салықтар»;

фильтрлі темекілерге салынатын акциздер бойынша жоспардың орындалмауына акциз ставкасының 1000 дана үшін 750 теңгеден 950 теңгеге дейін көтерілуі нәтижесінде алыс шетелден келетін импорт көлемінің төмендеуі әсер етті.



2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салықтар мен төлемдер бойынша бересі 199,0 млрд. теңгені құрады. 2010 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда бересі 98,7 млрд. теңгеге артты. Оның 89,5 млрд. теңгесі «қолма-қол ақшаға айналдыратын» фирмалардың және жалған кәсіпорындардың қызметінің жолын кесу бойынша жүргізілген салықтық тексерулер нәтижелері бойынша түгел есептелді, салықтық тексеру актілері бойынша және жалған кәсіпорындар контрагенттерінің берген қосымша декларациялары бойынша 9,2 млрд. теңге жете есептелді


2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша бересі 3,4 млрд. теңгені құрады. 2010 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 30,0 %-ға немесе 1,0 млрд.теңгеге азайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2010 жылда 2 407,7 млрд. теңгеге толықты және 2011 жылғы 1 қаңтарға 5 704,4 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылғы түсімдер 4,8%-ға өсті. Ұлттық қорға түсетін түсімдердің негізгі үлесін (93,7 %) мұнайға бағаның тұрақты жоғары деңгейде болуының арқасында мүмкін болған мұнай секторы ұйымдарынан тікелей салықтардың түсімі құрады






жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау