«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ2016
жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат
Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: ӨСУ,
РЕФОРМАЛАР ДАМУ» атты жолдауын Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бөлімі басшылыққа ала отырып белгілі жұмыстар атқарды.
Күні бүгінге дейін бөлім Қазақстан Республикасының 2013 жылғы сәуірдегі №88-V
«Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Әлеуметтік
– еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» №279
бұйрығына сәйкес 18 қызмет және 2015 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігінің № 319 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты бойынша 1 қызмет ұсынады. Оның ішінде, 1 қызмет «Әлеуметтік жәрдем
орталығы» КММ арқылы, 8 қызмет бөлім арқылы және баламалы негізде халыққа қызмет
көрсету орталығы арқылы, 9 қызмет бөлім арқылы және 1 қызмет тек қана халыққа қызмет
көрсету орталығы арқылы ұсынылады. Сонымен қатар, 19 қызметтің 6 электронды түрде
ұсынылады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 «Мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес отбасының жан басына шаққандағы табысы
кедейлік шегінен аспайтын жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.
Мемлекеттік атаулы көмек алушылар санатына 18 жасқа дейінгі балалар, жұмыстағылар,
зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер және жеті жасқа дейінгі бала күтімінде отырғандар
жатады, яғни 2016 жылы 40 отбасынан150 адамға 1,9 млн. теңгеге тағайындалды (осы
кезеңге 2015 жылы 28 отбасы, 111 адам – 2,3 млн.тенге).
Кірісі азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын 18 жасқа дейінгі балалы 1196 (3231
бала) отбасыларға 34,9 млн. тенге сомасында жәрдемақы тағайындалды. (2015 жылдың осы
кезеңіне 1311 отбасы, 3469 балаға 39,8 млн.теңгеге тағайындалды). Барлық МАӘК
алушыларға әлеуметтік карта жасақталған, тексеру актісі жасалып, кедейлік шегінген
шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Откен жылмен салыстырғанда аз қамтылған
отбасылардың саны азаюда, себебі оларды жұмысқа орналастыру, оқыту және және қайта
оқыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қалалық маслихаттың 2010 жылғы 28 шілдесіндегі № 265 «Ақтөбе каласында аз камтамасыз
етілген отбасыларына тұрғын үй көмеген көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау
Ережесін бекіту туралы» шешіміне сәйкес 2016 жылы 440 жанұяға 6594,0мың теңге тұрғын
үй көмегі тағайындалады. Бір жанұяға берілетін тұрғын үй көмегінің орта есеппен 2100 теңге
тағайындалды.
Қала бойынша 10748 мүгедек бар (2015 ж.-11022), олармен үнемі түрлі жұмыстар
жүргізілуде. Оның ішінде 16 жасқа дейінгі мүгедек бала –1709 (2015 ж.- 1417), 1 (1011 ) және
2 (4304) – топ мүгедектері – 5315 (2015 ж. -5256); 3 топ мүгедектері –3684 (2015 ж.- 4181)
Ақтөбе қаласы бойынша жыл басынан 149 мүгедек кресло-арбалар, 592мүгедек протездік-
ортопедиялық құралдармен, 222 мүгедек есту кемістіктерін түзеуге сурдотехникалық
құралдармен, 156мүгедек көру кемістігін түзеуге тифлотехникалық
құралдармен, 904 міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді(2016 жылы 1023
адамға 140 млн.567 мың теңгеге міндетті гигиеналық құралдармен қамтамсыз ету
жоспарланған). 632 мүгедек санаторлық курортық емделуге жіберілді.
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №188 «Ақтөбе қаласында
әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес Ақтөбе
қаласының жекелеген азаматтар санатына 547 адамға 29,7 млн. теңге көлемінде әлеуметтік
көмек көрсетілді.
Әлеуметтік қолдауды қажет ететін жұмыссыздармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде
жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмысқа 3724 (2015 ж. -3653)адам орналастырылды.
Олардың 2664 (2015 ж. – 3245) тұрақты жұмысқа, 1060 (2015 ж.- 408) қоғамдық жұмысқа
орналасты. Инвестициялық жобалардың орындалуы, жұмыспен қамту іс-шараларының
жүзеге асуы тіркелген жұмыссыздар саны 2016 ж. 1 қазанынан0,4% деңгейінде ұстап тұруға
мүмкіндік берді ( 2015 ж. 9 айында 0,3 % құраған).
Қала кәсіпорындары мен мекемелерде а.ж 1 қазанына8872( 2015 ж.- 8870) жаңа жұмыс
орындары құрылды, жалпы 2016 жылда қала кәсіпорындары мен мекемелерде 9000 жаңа
жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.
2016 ж. Ақтөбе қаласы бойынша «Жұмыспен қамту қартасы 2020» бағдарламасын жүзеге
асыруға 546,7 млн. теңге бөлінді (ұлттық фондтан 191,2 млн.тг., 355,5 млн.тг. РБ),1 қазанға
201,5 млн.тг. игерілді немесе айлық жоспар бойынша 100%).
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының Бірінші бағыты
«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық дамыту арқылы
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» шеңберінде жоспар бойынша 9 жобаның
күрделі жөндеу жұмыстарына 77 адам Орталықтың жолдамасымен жұмысқа орналасатын
болады.
2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»546,7 млн.тг. бөлінді (с нац.фонда 191,2
млн.тг. РБ 355,5 млн. тенге.).
2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші
бағыты аясында І-ІІ транш - 9 жоба бойынша Орталықтың жолдамасымен 79 адам (100
%) жұмыспен қамтамасыз етілді.
ІІІ транш шеңберінде 106 жоба қарастырылып, осы мақсатта Орталық жолдама арқылы 430
азаматты жұмыспен қамту жоспарда. Сонымен қатар, қосымша ауылдық округтар бойынша
жүзеге асырылатын 7 жобаға 36 адамды жұмысқа орналастыру көзделіп отыр.
ІІ бағыт аясында 2016 жылы 35 адамға өз ісін ашуға немесе кеңейтуге 142,0 млн.тг. шағын
несие беру көзделген. Бүгінгі күнге, 41 Бағдарлама қатысушысы өз ісін ашу немесе кеңейту
мақсатында 115,2 млн.тг. көлемінде шағыннесиеге қол жеткізді. Басты бағыттары - мал
шаруашылығы мен қызмет көрсету саласы.
Кәсіпкерлік негіздері курсына жоспарға сәйкес
22 адам бағытталды.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша а.ж. 1 қазанына :
- жастар практикасына барлығы 515 түлекті бағыттау жоспарланып 566 түлек бағытталды,
осы мақсатта 116,0 млн.тг бөлініп, 79,3 млн.тг. игерілді. Жастар тәжірибесін аяқтаған
Бағдарлама қатысушыларының 63 % тұрақты жұмысқа орналастырылды.
- әлеуметтік жұмыс орындарына 160 азаматты бағыттау жоспарланып, 275 жұмыссыз
бағытталды, осы мақсатта бюджеттен 31 млн.тг. қарастырылып, 22,2 млн. тг. игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтаған қатысушыларының 54% тұрақты жұмысқа
орналастырылды.
- қайта даярлау курстарына 60 азамат бағытталып, 4,6 млн.тг. игерілді. (жоспар - 4,7 млн.тг.).
- «Гүлдене бер, туған ел!» акциясына 655 адам, соның ішінде 399 студент,
81 мектеп оқушысы, 175 жұмыссыз қатыстырылды,
Сонымен бірге, «Аумақты дамыту» бағдарламасы аясында жергілікті бюджет есебінен
қоғамдық жұмысқа - 395 адам жоспарланып, осы мақсатта 53 млн.тг бөлінді. Бүгінгі күні,
403 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа бағытталды.
Сонымен қатар, а.ж. халықтың аз қамтылған санаттарына «Өрлеу» шартты ақшалай көмек
көрсетуге пилоттық жобасына 11 отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің міндетті түрде
жұмыспен қамту шараларына қатыстыру қарастырылып, бүгінгі күні 33 адам қатысып отыр.
Ақтөбе қаласы бойынша 2016 жылға арналған халықты жұмыспен қамту Кешенді жоспары
шеңберінде мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша 127 жобаға 1101 азаматты
бағыттау қарастырылған. Қазіргі таңда, нақты 880 адам бағытталды.
Жыл басынан бері, 8 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 317 адам
тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, а.ж. 27 қазанында кезекті бос жұмыс
орындар жәрмеңкесі жоспарланып отыр. Өткізілетін жері мен уақыты туралы ақпарат қала
тұрғындарына қосымша хабарланады.
Ағымдағы жылдың басынан қала бойынша 8872 жаңа жұмыс орындары құрылды немесе
99% (жоспар 9000),
алғашқы жолығу барысында мемлекеттік қолдауды қажет етпейтін
тұрақты жұмыспен 4105 адам орналастырылу қажет болса, а.ж. 1 қазанға - 2623 адам тұрақты
жұмыспен қамтылды.
Бүгінгі күні, Ақтөбе қаласы бойынша жұмыссыздық деңгейі 0,4 % құрайды, немесе тіркеуде
тұрған жұмыссыздар саны 995 адам.
Аталған бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасуда.
Бөлім басшысы Н.Бөртебаева