«Соңғы автоматтар және формальдік тілдер теориясы»



жүктеу 14,81 Mb.
бет1/127
Дата21.05.2018
өлшемі14,81 Mb.
#15467
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМК құжаты

ПОӘК


ПОӘК

042.14.2.07.1.20.хх/01-2013



ПОӘК

Оқытушыға арналған

«Соңғы автоматтар және формальдік тілдер теориясы» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы


03.09.2013ж

№..... басылым




«Соңғы автоматтар және формальдік тілдер теориясы»

ПӘНІН ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В011100 - «Информатика» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013.

МАЗМҰНЫ




Глоссарий






Дәрістер






Зертханалық сабақтар






Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы






Студенттердің өздік жұмыстарының құрылымы






  1. Глоссарий


Лексикалық анализ (сканер) – бұл компилятордың бір бөлігі. Ол шығару тіліндегі программалардың литерлерін оқиды және шығару тілінде сөздер құрастырады. Лексикалық анализаторлардың енгізуіне шығарылған программаның тексті кіреді, ал шығарылған информация ары қарай синтактикалық талдау этапындағы компилятормен жұмыс істеу үшін жүзеге асырылады. Теориялық нүктеден қарасақ компилятор қажет емес бөлік болып табылады. Бірақ та барлық компиляторда оның бар екендігі анықталады.

Синтактиаклық талдау – бұл анализ этапындағы компиляторың ең маңызды бөлігі. Ол лексикалық анализбен қарастырылған шығарылған программа мәтіндегі синтактикалық құрылымдарын белгілейді. Дәл осы фазада синтаетикалық программаның дұрыстылығы тексеріледі. Синтактикалық талдау басты роль ойнайды. Бұл программадағы енгізу тексті анықтайды.



Семантикалық анализ – бұл шығу программасының дұрыстығын тексеретін компилятордың бөлігі. Тексеруден басқа семантикалық анализ мәтінді өзгертуі тиіс. Семантикалық анализдің бір бөлігі синтактикалық талдауға, бір бөлігі генерациялық код дайындық фазасына кіруі мүмкін. Генерациялық кодқа дайындық - бұл фаза компилятор арқылы жұмыстар істелінеді, ол әрине нәтижелік программа синтез мәтініне байланысты.

Жүйенің жеделдігі (Оперативность системы; system operativens) - берілген мерзімде немесе пайдаланушының жұмыс қарқынында мәліметтерді өңдеу мүмкіндігін бейнелейтін жүйе қасиеті.

Жүйенің осалдығы (Уязвисмость системы; criticality of system) – жүйенің қауіп төнген кезде қорғанысының бұзылуына себепші болатын қасиеті. Дұрыс жобаланбауының немесе толық жөнделмеуінің, кездейсоқ немесе әдейі жасалған әрекетінің салдары болуы мүмкін.

Жүйенің тиімді режимі (Продуктивный режим системы; system production mode) – программаны жөңдеу мен тестілеу құралдары ажыратылған операциялық жүйенің жұмыс режимі.

Жүйетехника (Системотехника) – күрделі жүйелерді жобалау, жасау сынау және жұмыс істету мәселелерімен шұғылданатын ғылыми-техникалық бағыт. Ж-да радиоэлектроника, ақпарат-тану және есептеу техника құралдары, модельдеу ілімдері кеңінен қолданылады. Ж жергілікті, аймақтық, ауқымдық, мемлекеттік және ғарыштық жүйелермен бірге олардың алуан түрлері мен жұмыс істеу тәсілдерін, қоршаған ортаның әсерлерін және адамдардың қатынасуын қамтиды.

Жүктейтін модуль (Загрузочный модуль) – байланыс түзету кезінде біркелкі (операциялық жүйеде қабылданған) пішімде алынған салыстырмалық адрестерде берілетін программалық модуль.

Жүктейтін модульдердің кітапханасы (Библиотека загрузочных модулей; load module library) – компьютерлердің бірыңғай жүйесінде – жүктейтін модульдерді сақтауға арналған кітапхана.

Жүктейтін сектор (Загрузочный сектор) – бірінші сектордың нөлінші бетіндегі нөлінші сызықжолы. Жүктемелеуіш (жүйелік) дискінің бұл жерінде операциялық жүйені жүктемелейтін программа орналасады.

Жүктелетін қаріп (Загружаемый шрифт; loadable font) – баспа құрылғысының немесе дисплейдің таңба генераторының жадына программамен жүктелетін бедер-белгілер кескіні (әдетте, растр матрицалары түрінде).

Жүктеме жүктеу (Загрузка; load, loading) – 1) жүктеме – жүйенің жұмыспен жүктелу сипаттамасы; 2) жүктеу – мәліметтерді сақтайтын құрылғының бірінен екіншісіне ауыстыру; 3) жалпы қызмет көрсету жүйесі жұмысының көптігінің сипаттамасы; 4) мәліметтерді мәліметтер тасуыштан негізгі жадқа немесе тікелей процессор амалдарында пайдалану үшін негізгі жадтан регистрлік жадқа жіберу.

Байланыс торабымен жүктеу (Загрузка по линии связи, downline loading) – пограммаларды немесе мәліметтерді бас компьютерден бағынышты компьютерге немесе терминалдық жабдықтарға жіберу.

Басқаруды жүктеу (Загрузка управления;control loading) – басқару мәліметтерін арнайы жадқа жазу.

Бастапқы жүктеу (Начальная загрузка;bootstrap, initial program load ) – құрылғының берілген жағдайға өздігінен өтуіне мүмкіндік беретін процедура; операциялық жүйенің бастапқы бөлігін жүктеу процедурасы. Бұдан кейін жүйе жұмысын өз басқарумен жалғастыра алады.

Блоктық жүктеу (Блочная загрузка; block loading) – жадты бөлу және мәліметтерді енгізу блоктап орындалатын жүктеудің бір түрі.

Динамикалық жүктеу (Динамичиская загрузка; dynamic program loading) – негізгі жадқа программа тұтасымен жазылмайтын програмаларды жүктеу тәсілі. Жадқа жоқ модульдер қажет болған кезде біртіндеп жүктеледі.

Жүйені жүктеу (Загрузка системы;) – жүйе модульдерін сыртқы жадтан негізгі жадқа жазу.

Мәліметтер базасын жүктеу (Загрузка базы данных;database load) – мәліметтерді мәліметтер базасына жазу.

Программаны жүктеу (Загрузка программы;program loading) – программаны сыртқы жадтан негізгі жадқа жазу.

Сұраныс бойынша бетті жүктеу (Загрузка страницы по запросу;demand paging) – дискі беттерін қажетіне қарай негізгі жадқа жіберуге арналған виртуал операциялық жүйенің механизмі.

Жүктеме коэффиценті (Коэффицент нагрузки; load factor) – желідегі ең үлкен жүктеменің белгілі бір уақыт аралығында графиканың орташа жүктемесіне қатынасы.

Жүктемеленетін қаріптер (Загружаемые шрифты; download fonts) – құжат басылар алдында немесе басу кезінде баспа құрылғысына жіберілетін қаріптер. Қаріп жүктемеленгенннен кейін ол принтер жадында қажетті уақыт бойына сақталады.

Жүктемелерді үлестіру (Распределение нагрузки; load sharing) – оңтайлы жүктеудің белгісі бойынша есептеу желісінің бөлімдерінің арасында олардың әрқайсысына жалпы жүктемелерді үлестіру. Диспетчерлік әдіс жүктемелерді үлестірудің кең тараған әдістерінің бірі болып саналады.

Жүктемелік модуль (Загрузочный модуль; load module) - берілген операцияларды жүйеде бірыңғай қабылданған пішімдегі байланыстарды редакциялау кезінде объектілік модульден алынған салыстырмалы адрестердегі программалық моодуль.

Жүктемелік сынау (Нагрузочные испытания;volume tests) – есептеуіш жүйенің қабілетін тексеру; нақты уақыт режимінде терминалдармен орындалатын алмасу санының нақты күтілген максимумға жететіні немесе одан асатыны анықталады.

Жүктемені басқару (Управление нагрузкой; wordload) – операциялық жүйеледе – мәселенің активтілігі мен жүйе жүктемесінің өзгеруін ескере отырып, ресурстарды қайта үлестіруден тұратын ресурстарды басқару программасының қызметі.

Жүктеу (Загрузка; load, loading) – мәліметтерді процессор операцияларында тікелей пайдалану мақсатымен оларды дискілерден негізгі жедел жадқа немесе негізгі жадтан регистрлерге жіберу.

Жүктеу режимі (Режим нагрузки; load mode) – машиналық сөзінің ұзындығы айнымалы компьютерлерде – мәліметтермен бірге кейбір шектеуіштері қоса берілетін мәліметтерді жеткізу режимі.

Жүктеу уақыты (Время загрузки; load time) – жүктеу программасы; байланыстарды редакциялайтын және объектілік программаны негізгі жадқа жүктейтін өңдеуіш программа; дискідегі мәліметтерді компьютердің жедел жадына жүктеу программасы.

Абсолютті жүктеуіш (Абсолютный загрузчик; absolute loader) – объектілік модульді негізгі жадқа белгіленген адрестермен орналастыратын жүктеуіш.

Байланыстырушы жүктеуіш (Компонующий загрузчик; linking loader) – сәйкес сыртқы сілтемелерді есептеп, объектілік модульдерден біртұтас жүктеуіш модульді қалыптастыратын жүктеуіш. Мұнда программаны жадтың кез-келген айӨрнек жүктеуге мүмкіндік беріледі.

Баптаушы жүктеуіш (Настраивающий загрузчик; relocating loader) – объектілік немесе жүктеуіш модульінде оны белгілі адреске орналастыруда адрестерді өзгертуге арналған жүктеуіш.

Екілік жүктеуіш (Двоичный загрузчик;;binary loader) – абсолюттік жүктеуішпен пара-пар.

Енгізуге дейінгі жүктеуіш (Загрузчик предвводa; bootstrap loader) – енгізуге дейінгі программаларын жүктеуге қолданылатын машиналық амалдарды қамтитын стандарттық программа.

Жүйелік жүктеуіш (Системный загрузчик;system loader) – бастапқы жүктеуіш программасы ұғымымен пара-пар.

Жылжытқыш жүктеуіш (Перемещающий загрузчик;relocatable loader) – программаны жүктеумен қатар компьютер жадында оны басқа орынға ауыстыруды орындайтын жүктеуіш.

Операциялық жүйені жүктеуіш (Загрузчик операционный системы; operating system loader) – системалық дискінің – секторында орналасқан операциялық жүйені жүктеу програмасы.

Семантикалық жүктеуіш (Семантический загрузчик;semantic loader) – кіру тілінің семантикасы сипаттамасын семантикалық кестеге түрлендіруге арналған гипотетикалық әмбебап компилятордың компоненты.

Синтактикалық жүктеуіш (Синтактический загрузчик;syntactic loader) – кірісте кіру тілі синтаксисінің сипаттамасын белгілі бір стандартты пішімде алып, оны синтаксистік кестеге түрлендіретін гипотетикалық әмбебап компилятордың компоненті.

Жүргізу (Ведение; maintenance) – дұрыс жұмыс істеуді сүйемелдеу. Мыс., мәліметтер қорын Ж., классификаторлары Ж., тезаурусты Ж., файлды Ж.

Жылдамдық, енгізу жылдамдығы (Скорость, скорость ввода; speed,speed of input) – уақыт бірлігінде саналған мәліметтер бірлігінің саны.

Жылжу (Смещение; displacement.offset) – базалық адреске салыстырмалы түрде компьютердің жадынжағы мәліметтің орнын нұсқайтын және нақты адресті есептеуге пайдаланатын сан.

Жылжымалы желі (Сеть мобильная) – сөзбе-сөз айтса қозғала білетін желі. Әдетте, ол ашық ортада жеткізу техникасын қолдана отырып бір-бірімен немесе орталық компьютермен әрекеттесе алатын жылжымалы станциялардан тұрады.

Жылжымалы нүктелі бөлудің ерекше жағдайы (Особый случай деления с плавабщей точкой) – жылжымалы нүктелі арифметикадағы нөлге бөлу.

Жылжымалы нүктелі регистр (Регистр с плавающей точкой; floating-point register) – программаларға қолайлы және жылжымалы нүктелермен арифметикалық операциялар орындау кезінде жылжымалы нүктесі бар сандарды сақтауға пайдаланатын регистр. Компьютерлердің бірыңғай жүйесінде мұндай регистрлер төртеу.

Жылжымалы нүктесі бар санның сипаттамсы (Характеристика числа с плавающей точкой; biased exponent ) – m мантиссасындағы нүктенің орнына тәуелді м Ер түрінде ұсынылған жылжымалы нүктесі бар р санының реті.

Жылжымалы үтірмен операция (Операция с плавающей запятой; floating-point operation) – таңбасы бар және таңбалы реттік мәнге ие тұрақты ондық сан пішімінде ұсынылған мәліметтермен арифметикалық әрекеттерді орындайтын операция. Мыс., 2147483 саны мына түрде болады. 2,147 483+Е6. Жылжымалы үтірмен есептеу жүргізу электрондық кестеде және автоматтандырылған жобалау процедураларында пайдаланады. Бұл термин сондай-ақ компьютердің өнімділігін бағалауда қолданылады. Әдетте, компьютерлер секундына жылжымалы үтірмен орындалатын миллиондаған операциялар санымен бағаланады.

Жылжыту (Подкачка; paging, swapping) – виртуалдық жадтың беттерін немесе сегменттерін ауыстыру; осы сәтте жедел жадқа қажетті ақпаратты орналастыруды жасақтайтын жедел жад пен сыртқы жад арасындағы мәселелер тіркесін ауыстыру.

Жылжыту режимі (Режим подкачки; spooling) – тапсырманың орындауымен паралелль жүзеге асырылатын және осы орындалудың үзіліссіздігі жасақталатын мәліметтерді енгізу-шығару режимі.

Жылжыту файлы (Файл подкачки; paging file) – басқа программаларға жадқа орын босату үшін қолданылатын, файл арнайы дискіде арнайы бөлінген аймақ (жадтан шығарылған виртуаль беттің ішіндегісі сақталатын жүйелік файл). Жылжыту файлы уақытша немесе тұрақты болуы мүмкін.

Жылжытып әкеліп (тышқанның көмегімен) босату (Перетащить и отпустить (с помощью мыши); drag-and-drop) – бір терезенің ішіндегі мәліметтер бөлігін, сондай-ақ терезелер арасындағы мәліметтер сөйлемін өзара орын ауыстыру немесе олардың көшірмесін алу тәсілі.

Жыпылықтау (Мигание; blinking) – бір немесе бірнеше элемент кескіннің жарықтылығын немесе түсін көзбен көру үшін мезгіл-мезгіл өзгертіп отыру.

Жіктеу (Классификация; classification) – объектілерді (заттарды, құбылыстарды, процестерді, мәліметтерді) нақты бір белгілеріне сәйкес, топтама бойынша үлестіру жүйесі.

Жіктеу белгісі (Признак классификаций; classification flag ) – оның басқа объектілермен ұқсастығын немесе олардан айырмашылыған тағайындауға мүмкіндік беретін объектіні жіктеу қасиеті немесе сипаттамасы.

Зақымдалған файл (Инфицированный файл; infected file) – компьютерлік вирус жұқтырған файл.

Зарядтық байланыстағы құрал (Прибор с зарядовой связью; capture board) – кескін кадрларын сақтау үшін цифрлық бейнеқораптарда пайдаланады.

Идентификатор (Identificator) – операциялық жүйе немесе программалау тілі элементтеріне атау ретінде қойылатын лексикалық бірлік. Ол берілген бір мәліметке не олардың тобына қойылады, ал өзі латын әріптер мен цифрлардан тұратын, бірақ міндетті түрде әріптен басталатын символдар тізбегінен құралады. Кейбір тілдерде #, &, - , тәрізді өзге символдар және ұлттық әріптер пайдалана береді.

Идеограмма (Ideogram) – қандай да бір тілдің дыбысы емес, әріптен айырмасын көрсететін жазба таңба. Программалау тілінде идеограмма цифр да, математикалық таңбасы да және т.б болуы мүмкін.

Иемдену (Захват; trap) – басқаруды беру жүргізілген ұяшықтың адресін сақтап, автоматты түрде орындалатын жадтың берілген ұяшығына программаланбаған шартты өту.

Сызықжолды иемдену (Захват дорожки; track hold) – басталған енгізу-шығару амалдарының жұмысы аяқталғанша бір жолға қайта өткізбейтін құрылғы.

Жазбаларды иемдену (Захват записей; record locking) – файлдың программа пайдаланып отырған бөлігі ғана жабылатын файлды иемденудің бір түрі. Бұл жағдайда бірнеше программаларға бір уақытта бір файлдың қиылыспайтын бөліктермен жұмыс істей алады.

Байланыс арнасын иемдену (Захват канала связей; bid) – келешекте мәліметтерді жіберу мақсатымен компьютердің немесе терминалдың байланыс торабын иемдену әрекеті.

Файлды иемдену (Захват файла; file loacking) – көп есепті жүйелерде немесе жергілікті желілерде – файлдық жүйенің беріктегін арттыру құралы. Мұндай құрал бір уақытта бірнеше есепке бір файлды қолдануға мүмкіндік бермейді.

INS (SERT) (Клавиша ) - әдетте, кірістіру режімін қосатын немесе алып тастайтын кіші цифрлық пернетақтадағы перне. Бұл режімде басылған перненің символы меңзердің орнында пайда болады, ал оң жақта тұрған символдар оңға ығысады. Алайда қосымша Ins пернесінің басқа қызметті орындауын программалауы мүмкін.

Иерархия (Hierarchy) – 1) жұмысы жағынан жоғары тұрушы байланыстардың қандай да бір жиынтығы; 2) орталықтандырылған жүйелердегі басқару принципі; 3) құрауыштары бағыныштылығына қарай сараланған, олардың арасындағы байланыс белгілі бір ережелерге сәйкес жүзеге асырылуы мақсатындағы сипаттамалы құрылым.

Иерархиялық декомпозиция (Иерархическая декомпозиция; decompose hierarchy) – жүйе «жоғарыдан төменнің стилінде бірнеше рет анықтау арқылы құрауыштар иерархиясына жіктелетін жүйенің модульдік декомпозиция типі.»

Иерархиялық мәліметтер базасы (Иерархическая база данных; hierarhiechical datebase) – мәліметтердің иерархиялық моделіне сәйкес жүзеге асырылған мәліметтер базасы.

Иерархиялық модельдеу (Иерархическое моделирование; design hierarchy ) – компьютер өнімділігін бағалау кезінде қолданылатын және компьютерлік жүйені ішкі жүйелердің өнімділік сипаттамасының сараптамасында және жалпы өнімділікті бағалау үшін осы сараптаманың нәтижелерін қолдануда ішкі жүйенің иерархиясы ретінде көрсетуге негізделген әдіс.

Иерархиялық нейрондық желі (Иерархическая нейронная сеть; hierarhiechical neural network ) - өңдеу кезіндегі қабаттар арасын жалғастыру кезең-кезең бойынша пайдаланатын мультиқабатталған желі; иерархиялық желіде кері байланысы бар немесе жоқ жалғастыру қолданылуы мүмкін; әрбір кезеңде оқытудың әр түрлі алгоритмінің комбинациясы пайдалануы мүмкін.

Иерархиялық (Тармақталатын, Тармақты, Рангілі құрылым (Иерархическая ветвящаяся, древовидная, ранговая) структура; hierarhiechical structure ) - әлементтері өзара иерархиялық принцип бойынша байланысқан, яғни бір деңгейдің элеметтері өзінен жоғары басқа деңгейдің элементтеріне бағынатын құрылым.

Изаритмдік артықтық (Изаритмическая избыточность; voted redundancy) – бұзылған құрылғы автоматты түрде табылып, әрі алыстатылатын, ал оның қызметі ұқсас резервтік құрылғыға берілетін резервтеу түрі.

Изаритмдік желі (Изаритмическая сеть; isarithmic network) – желіні басқару орталығының қатысуынсыз берілетін дестелердің мөлшері тұрақты қолдау табатын есептеу желісі.

Иллюстрациялық графикалық кірме мәліметтер (Иллюстративная графическая вставка; clip art) – авторлық шығармаларды безендіру кезінде пайдаланатын дайын көркем бейнелер (фотографиялар, диаграммалар, карталар, суреттер, схемалар және т.б) қолданбалы программаларға қосымша ретінде немесе олардан бөлек те сатып алына береді. Соңғы кезде таралып жүрген графикалық редактор құрамында CD-ROM-да жазылған көптеген кірістемелер болады.

Имейдж (бейне, сурет) (Image) – мәліметтер шығару құрылғыларында (дисплей, принтер т.б) графикалық бейнелерді кескіндеу формалары.

Иммерсия (Immersion) – кәдімгі нақтылықтан виртуальдық нақтылыққа (және электрондық делдалдықтың күңгірттік дәрежесін сипаттайтын), өтпелі процестерге кіруші ретінде виртуальдық универсумға қатысушының бастан өткеретін сезімі.

Импликция (Implication) – егер бірінші операнд «жалған» ал екіншісі «ақиқат» мәнге ие болса, онда нәтиже «жалған» мәнге ие болатын екі орынды буль операциясы.

Имплекацияны терістеу (Отрицание импликации;Implication) – тек А ақиқат, ал В жалған болғанда ғана ақиқат мәнді қабылдайтын А және В екі айнымалының логикалық функциясы.

Импорт (Import) – 1) жүйеге басқа жүйеден алынған мәліметтер; 2) электрондық поштада – хабарлар жеткізудің белгілі бір жүйесінің ішінде хабар жеткізудің кейбір делдалына сыртықы қарым-қатынастық желіден ақпараттық объекті жеткізу сатысы.

Инварианттық модуль (Инвариантный модуль;invariant module) – орындалу процесінде өзгермейтін жүктемелік модуль. Осындай модул бір мезгілде әр түрлі бірнеше тапсырмада үзілімдер орнына пайдалануы мүмкін.

Инварианттылық (мәліметтердің) (Инвариантность (данных)) – қандай да бір берілген шаманың немесе жүйенің кейбір сыртқы жағдайларға немесе түрлендірулерге қатысты өзгермей сақталуы, яғни олардың физикалық шарттардан тәуелсізділігі.

Инвертор (Invertor) – шығыс сигналы кіріс сигналына қарама-қарсы болатын қызметтік элемент.

Индекс (жоғарғы немесе төменгі) (Индекс (верхний или нижний);index) – 1) сілтеме көрсеткіш (сапалық, пәндік немесе алфавиттік) – қарастырылып отырған саланың негізгі мәліметтерінің орналасуын көрсететін түйінді сөздер жиыны; 2) объектінің жазылған орнын көрсететін индекс; құрылымдары күрделі түрде құрастырылған мәліметтерді іздеп тауып, оларды тікелей пайдалануды қамтамасыз ететін скалярлы шама, яғни – объектінің орналасу реттілігін анықтайтын көрсеткіш; жиым атауымен байланысқан оның элементінің нақты нөмірін көрсететін символ немесе өрнек; ол мәліметтер базасы кестесінде оның элементтерімен жылдам қатынас құруды орындайтын, мәлімет жазбаларымен түйінді сөз бойынша қатынас құруды атқаратын құрылым болып саналады. Программалау тілдері объектісінің өрнекетерінде мәтіндерді өңдеуде дәреже көрсеткіші (жоғарғы индекс) немесе реттік нөмірі (төменгі индекс).

Индексте іздеу (Поиск в индексе; index search) – индекс элементін іздестіру. Мәлімет іздестірудегі әдістер пайдаланады.

Индекстелген файл (Индексированный файл; indexed file) – файл жазбаларында тез қатынас құруды жасақтайтын индекстер жүйесімен жабдықталған файл. Индекс индекстік файл түрінде қалыптастырылады.

Индекстер аймағы (Область индексов; index area) – индекстік-тізбектік файлда цилиндірлердің бас индексі орналасатын аймақ.

Индекстерді жалғастыру (Соединение индесков; connection indexes) – жалғастырылған индекстер өзінің негізгі мәнін сақтап қалатын күрделі немесе құрамды индекстерді даярлау процесі.

Индекстердің тізімі (Спосок индексов; index list) – индексті айнымалының жазбасындағы индекстердің немесе индекстік өрнектердің тізбегі.

Индекстеу (Индексирование; indexing, subscripting) – 1) индексті қалыптастыру; индекстерді тағайындайтын процесс; 2) құжаттар мен сұратулардың мазмұнын ақпараттық – іздестіру тілі терминдерініде сипаттау процесі; құжаттарға оның Өрнеклық мазмұнын қамтитын түйінді сөздер жинағын тағайындау; ақпараттың жеке элементтерін іздеп табуды жеңілдету үшін мәліметтердің алдын-ала белгіленген логикалық тізбек бойынша орналастыру; 3) жиым және өрнектер нұсқауларының көмегімен жиын элементіне қатынасу мүмкіндігін жасақтайтын әдіс. Нұсқаулар осы элементтің жиындағы орнын анықтайды; 4) индекстік регистрдегі бар нәрсені команданың адрестік бөлігімен қосу арқылы ақиқат адресті автоматты түрде анықтау.

Индекстеу режимі (Режим индексаций; index mode) – индекстік адрестеуді пайдаланып, машиналық командаы орындау.

Индекстеумен қатар төте адрестеу (Адресация прямая с индексированием;) – операндтың орындалатын адресі жылыжыту мөлшері мен индекстік регистрдің мәндерінің қосындысына тең болатын адрестеу. Бұл адрестеуді берілген кестенің керек элементтерін табу үшін пайдаланған қолайлы. Мұндай жағдайда жылжыту мөлшері кестенің басын, ал индекстік регистрдің мәні оның элементін көрсетеді.

Индексті регистр (Индекстный регистр; index register) – ішіндегі барын индекстік адрестелетін командалар пайдаланатын орталық процессодың регистрі

Индекстік сөз (Индексное слово; index word) – 1) орындалатын команданы өзгертуге пайдаланылатын сөзө немесе оның бөлігі - өзгерткіш; 2) жиым элементі ұқсастыруға пайдаланылатын айнымалы.

Индектсік ұйымдастыру (Индексная организация; indexed organization) – мәліметтерді ұйымдастыру тәсілі; мәліметтерді компьютер жадында орналасу индекстер жүйеснің көмегімен анықталады.

Индекстік файл (Индекстный файл; index file) – мәліметтер базасының бір немесе бірнеше өрістерінің мәндері бойынша реттелген нұсқағыштардың тізімі, ол тізім мәліметтер базхасының жазбасында болады. Нұсқағыштар ретінде логикалық және физикалық адрестер пайдаланылады.

Индексті-тізбекті файл (Индексно-последовательный файл; indexed-sequential file) – жазбалары кілтпен жабдықталған файл. Оған тікелей қатынас құру кілтпен іздестіруді пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі, содай-ақ тізбекті қатынас құру олардың реттелгендігіне сәйкес кілт мәндері бойынша жасақталады.

Индикатор (Indicator) – 1) құрылғының қалып-күйінің немесе есептеуіш жүйенің жұмыс процесі кезіндегі мәліметтердің өзгерісін немесе жеке программаның орындалуын қамтып көрсететін мәліметтер элементі; 2) ақпаратты көзбен көруге қайта жаңғыртатын құрылғы; 3) програмалаауда-мәні процестің нәтижелеріне немесе белгілі шарттардың орындалуына тәуелді телінетін айнымалы.

Индикация (Indiciation) – жүйенің қалып күйін онымен байланысты бейнелеу құрылғысы – индикатор көмегімен белгілеу процесі.

Индуктивтік-сыйымдылықтық тор (Индуктивно-емкостная сетка; inductance-capacitor grid) – индуктивтілікпен сыйымдылық жүйесінің көмегімен физикалық өрістер модельденетін электрлік модельдеуші тор. Ол потенциалдық және кинетикалық энергияны әлсіздендіруге, сондай-ақ жинақтауға қабілетті элементтермен сипатталады.

Инкапсуляция (Буып-түю, дестелеу, дестені дайындау) (Инкапсуляция (упаковка, пакетирование, оформление пакета); encapsulation) – 1) желі арқылы жеткізілетін мәліметтер дестесіне оның жеткізілуін қамтамасыз ететін қосымша басқару ақпаратынн енгізу; 2) әртекті желілер арқылы ақпаратты жеткізуде транзиттік жеткізу желісі бойынша өтетін дестеге оған сәйкес желілік бас тақырыптардың қосымша енгізілуі. Мәлімет дестесі транзиттік желіден шықаннан кейін қосымша бас тақырыптар алынып тасталады; объектіні (мыс., программа модульі, мәліметтер типі) оны пайдаланатын модульден жасырын сипаттау. Жүйенің міндетін (немесе мәліметтер жинағы мен операцияларды) модульдің ішінде орналасқан мәліметтерден бөліп алу және модульдің өзі нақты сипаттамасынан тұратын программалық жасақтаманы құрастыру әдісі.

Инкремент (Increment) – 1) мәліметтерді инкременттік ұсынуда пайдаланатын аддитивті тұрақты; 2) инкременттік адрестеу кезінде адрес автоматты түрде ұлғаятын шама (қадам).

Инкрементор (Incrementоr) – берілген шаманың тұрақты жетілдірілуін жасақтайтын құрылғы. Компьютерде инкрементор ретінде командалар санауышы және машиналық таймер пайдаланады.

Инкрементті вектор (Инкрементный вектор; incremental vector) - әрбір сан (екіншісінен бастап) алдыңғы санға өсімшені қосу арқылы анықталатын сандар векторы.

Инскрибирлеу (Инскрибирование; inscribing) – құжатты адам да, машина да қабылдайтын нұсқауда кодтау.

Инсталляция (Орнату)(инсталляция )(установка); installation)-компьтерге жаңа құрылғыларды немесе программаларды орнату процесі.Аппаратураларды орнату деп оған кабель жалғап компьютерге қосу мен компьютер жүйелік блогына сол аппаратураға сәйкес кеңейту тақшаларын орналастыру ісін айтады.Ал программаларды орнату оның файылдарының көшірмесін қатты дискіге жазудан тұрады.Бұған қоса, сол аппаратураны немесе программаны нақты бір компьютерлік жүйеге бейімдеу үшін оны бұрынғы жұмыс ортасымен үйлестіру қызметін атқару қажет.

Инсталляцияланған мәселе (Инсталлированная задача;installed task)- жүктемелік модульдің параметрлері мен олардың орналасуы туралы ақпарат операциялық жүйе кестесіне енгізілген мәселе; инсталляцияланған мәселені шақыру каталогтардан іздестіруді қажет етпейді.

Инсталляциялық файл (Инсталляционный файл;installation file)-инсталляциялық программасы бар файл.

Интегралдық микросхема құрауыштары (Компоненты интегральной микросхемы)- сынау қабылдау және жұмыс істеуіне қойылатын талаптар тұрғысынан дербес бұйым деуге болатын кез-келген электррадиоэлементтің міндетін атқаратын интегралдық схеманың бөлігі.

Интегралдық схема (Интегральная схема; integrated circuit) - өзара байланысты элементтерден (диод, транзистор, резистор және т.б) тұратын және жартылай өткізгіштігі кристалдың ішіне немесе бетіне технологиялық топтау тәсілдерімен біріктіріліп орнатылған электрондық микросхема; түрлендіру мен сигналдар өңдеудің белгілі бір функцияларын орындайды, қабылдауға, тұтынушыға жеткізу, сынауға, жұмысқа қосуға қойылатын талаптар тұрғысынан қарағанда бір бүтін зат болып саналатын және электірлі қосылған элементтері мен кристалдарын жалғастыруда жоғары тығыздығы болатын микроэлектрондық бұйым. И.с-лар ақпаратты сақтау немесе өңдеуге байланысты операцияларды орындайды, олардың төменгі, орта деңгейде біріктірілген түрлері болды, ал қазіргі кезде өте жоғары деңгейде кішірейтіле тығыздалып біріктірілген тығыз И.с (БИС) және өте тығыз И.с (СБИС) қолданылады.

Интегратор (Integrator) – аналогтық есептеу машинасының интеграл алу операциясын жүзеге асыратын аналогтық қызметтік бөлшегі.

Intel фирмасының 80х86 процессорлар тобы (Семейство 80х86 процессоров фирмы; Intel Intel 80х86) – Intel фирмасының (Cyrix, Texas Instruments тәрізді фирмалардың да жасаған процессорлар тобы, олар 8088 – мәліметтері 8-бит шиналы, ал адресі 20-бит шиналы) (адрес кеңістігі 1 МГбайт), жұмыс жиілігі 4,77 МГц-IBM PC/XT компьютерлерінде пайдаланылады; 8086-8088 процессоры тәрізді тек мәліметтері 16-бит шиналы- PS/2 компьютерінде қойылды, жұмыс жиілігі -8-10 МГц; 80286 (286)-мәліметтері 16-бит шиналы (адрес кеңістігі 16 Мбайт) IBM PC/AT компьютерлерінде пайдаланады, оның екі режимі болды, біріншісі-нақты режим, онда 8086 процессоры тәрізді жұмыс істеді, ал екіншісі-қорғалған режим онда кеңейтілген жұмыс мүмкіндіктері болды; 80386DX (386 DX) –мәліметтері 32-бит шиналы, ал адресі де 32-бит шиналы, PS/2 компьютерлерінің жоғарғы модельдерінде пайдаланылады, жұмыс жиілігі-20-40 МГц; 80386SX (386 SX) -386 DX процессорларының қысқартылған түрі, мәліметтері 16-бит шиналы, ал адресі 24-бит шиналы, ішкі құрылымы 386 DX тәрізді ұйымдастырылады; 80486 DX (486 DX) – бұл процессор бір кристалда біріктірілген 386 DX және оның 387 математикалық сопроцессоры болатын, жұмыс жиілігі-20-50МГц. Осы процессор негізінде 486 SX – бір процессорлары, 486 SX – энергияны аз пайдаланатын түрі және т.б жасалады; Pentium – мәліметтер і64-бит шиналы, ал адресі 32-бит шиналы процессордың жаңа түрі, жұмыс жиілігі -60-200 МГц, (қ Pentium Pro);

Insert (Ins) пернесі (Клавиша Ins (Ins); Insert (Ins) key) – пернелерінде мәтін теру кезінде символдарды кірістіру (ығыстырып енгізу) режімін іске қосатын немесе алып тастайтын басқару пернесі. Бұо режим іске қосылса, терілген символ меңзер позициясына енгізіліп, оң жақтағы таңбалар әрі қарай ығыстырылады. Insert пернесін қайта басу кірістіру режимін алып, терілген символдар бұрынғы символдардың орнын алмастыратын режим орнатылады. Кейде қолданбалы программа Insert пернесін басқа мақсат үшін де пайдалануы мүмкін.

Интеллектілік ақпарат (Интеллектуальная информация; intelligent information) – жасанды интеллект жүйелерінде – семантикалық және прагматикалық қасиеттері бар ақпарат. Белгілі бір Өрнекға ие және белгілі бір мақсатты әрекетке арналған. Білім базаларында сақталады.

Интеллектілік ақпараттық жүйе (Интеллектуальная информационная система; intellectual information system) – интеллектілік интерфейспен жабдықталған автоматтандырылған ақпараттық жүйе. Интерфейс пайдаланушының мәліметтерге табиғи немесе кәсіптік-бағдарланған тілде қатынас құруына мүмкіндік береді.

Интеллектілік графикалық контроллер (Интеллектуальный графический контроллер; intelligent graphic controller) – мамандандырылған графикалық процессор негізінде жасалған контроллер.

Интеллектілік интерфейс (Интеллектуальный интерфейс; intelligent interface) – пайдаланушының компьютермен табиғи тілде әрекеттесетін құралдарының жиынтығы. Оған сұхбаттық процессор, білім базаларында сақталатын ақпараттар негізінде программадағы мәселені шешу сипаттамсын түрлендіретін жоспарлаушы және интерфейстің барлық құраушыларымен басқаруды іскеасыратын монитор жатады.

Интеллектілік мәліметтер базасы (интеллектиуальная база данных; intelligent database) – 1) сұранысқа жауап ретінде тікелей сақталатын мәліметтер, сондай-ақ, логикалық қорытумен алынатын мәліметтер пайдаланылатын мәліметтер базасы; 2) мәліметтеріне қатынас құру табиғи тілде немесе табиғи тілге жуық сұраныстар тілінде жүзеге асырылатын мәліметтербазасы



  1. ДӘРІСТЕР


Дәріс №1. ТІЛДЕР ЖӘНЕ ГРАММАТИКА

Жоспары:

  1. Алфавиттер

  2. Тізбектер

  3. Тілдер.




  1. Алфавиттер, тізбектер және тілдер.

жүктеу 14,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау