С ә б і з
Аналықтар алу үшін бірінші категорияны және бірінші класты тұқым пайдаланылады. Алғашқы жылы күтіп баптау азық түліктік мақсатты өсірілгенін күтімге алумен бірдей айырмашылығы жоқ. Өсімдікті ұйыстырмай өсірген жөн. Қатарларының алғашқысы 45см болғанда өсімдіктің бір бірінен қашықтығы 4 – 5 см болуы керек. Тұқымдық мақсат үшін өсірілген сәбізді 2 градустай суық түскенге дейін жинап алады. Сақтау үшін сол сортқа тәп түрі бар салмағы 80 –120г болатын, басы онша үлкен емес тамыр жемістерді таңдап алады. Тұқымдық сәбіздің басы үлкен болмаса өсірген кезде бұтақтары аз, оның есесіне орталық тақия басы жақсы жетіліп шығады. Жинаған кезде сағағын 1 – 1,5см етіп қалдырып жапырағын кесіп тастап отырады. Тамыржемістің мыжылып қалуына жол беруге болмайды, өйткені ол жақсы сақталмайды.
Аналық түйіндерді: подглядя, құм аралық қалындық кемінде 1см болатындай ғып сақтайды. Бастары штабелден сыртқа қарап тұруы керек. Сиымдылығы 30 – 35 кг болатын аузы ашық политинмен қапшықтарды сақтау жақсы нәтиже береді. Сәбіз саңырауқұлақ ауруларына шалдықпау үшін оны бір қалыпқа 50грам келетіндей мөлшерде бор үгітіндісін қосады. Сақтайтын орынының температурасы 0–2 градус, салыстырмалы қышқылдығы 90 – 95 процент болуы керек. Аналықтарды әр шаршы метрге 6 – 7 тамыржемістен келетіндей есеппен отырғызады.
Тиімді жол аналықтарды отырғызғанға дейін өсіре түсу болып табылады. Ол үшін отырғызылған 2 – 3 апта қалғанда оларды салқын жылыжай егеуі немесе жылыланған жүйекте ернелей бастарын сыртқа қаратып көң, шымтезек немесе топырақ араластырып жинайды. Ылғал жеткіліксіз болса үстіне су құяды. Ердененің биіктігі 70 – 80 см болуы керек. Түнге қарай және суық күндері шөп шалаңмен немесе пленкамен жауып қояды. Өсіре түсудің соңғы кезеңінде тамыршының ұзындығы 4 – 5 см – ге жетуі керек. Осындай тамыржемісті тамыршасын бүлдірмей және құрғатып алмай отырғызады және міндетті түрде су құйып суарады. Өсіре түсер алдында сабақтың ұштарының 1/5 бөлігінен кесіп боялуы түсіп және өзектің мөлшерін анықтайды.
Күзде тұқым өсірілетін участоқта көң, ал көктемде минералды тыңайтқыш сіңіреді. Сәбізді 70х70–30см жүйесі бойынша отырғызады. Түйінің басы топырақтың бетімен бірдей болуы керек, бірақ үстіне 2 – 3см көң немесе құнарлы топырақ сепкен жөн. Тұқымдықты отырғызғаннан кейін қандыра су құяды. Күтіп баптау кезінде тұқымдық өсімдікті үнемі түптеп шөптеп, қатарларын қопсытып, суарып, жатып қалмас үшін қатарладың топырағын көтеріп отыру керек. Сондай – ақ ауру өсімдіктерді алып тастайды. Тұқымдық сәбіздің сабақтарын қазыққа немесе аспалы жіпке байлап көтеріп қояды.
Сәбіздің гүлденуі оны отырғызғаннан кейін 40 – 50 күннен соң басталып 25 -60 күнге созылады. Тұқым алу үшін ортанғы тақиябасты және бірінші қатардағы тақиябастарды пайдаланылады. Бір өсімдікте олар 12 – 16 дана болады. Одан кейінгі сабақтардың тақиябастарын тамыз айының басында жинайды.
Бұл қалған тақиябастарды ұрығының толық жетіліп пісуіне қарай іріктеп кесіп жинайды. Оларды жақсы жетілген құрғақ бөлмеде бос тастап тығыздамай үйеді. Ұрықтың ысырап болуын азайту үшін тақиябастарды дән қапшықшаларға немесе қағаз пакеттерге сақтайды. Кепкеннен кейін тұқымды резіңке үгіткішті пайдаланып бастырады. Тұқымды елеуішінен елеп тазартады. Тұқымның дымқылдылығы 12 % болғанша кептіреді. 1 өсімдіктен 20 – 40г ұрық алынады.
А с х а н а л ы қ қ ы з ы л ш а
Алғашқы жылы егеуді мамыр айының екінші онкүндігінде жүргізеді, алайда ерте пісетін сорттарын кештеу де себуге болады, бірақ жазға қарай егілгенің жақсы өскенін алу үшін қанықтыра суарады. Кей аналықтың тұқымы кеш егу себебі оның қатты өсуіне және тамыржемістің жарылып кетуіне жол бермеуді ескергендіктен. Аналық тамыржеміс үшін бастары кішілеу болатын ең ортасындағысын таңдап жинап алады. Тамыржеміске жабысқан топырақтан қабығын бүлдіріп алмас үшін еппен тазартады. Егер тамыржеміс ірі болмаса кішілерінде алып сақтайды. Алайда оларды әдеттегі аналықтарға қарағанда жиірек етіп отырғызады.
Тамыржемістерді сәбіз секілді құм салынған штабелде немесе ішіне құм араластырып аузы ашық полиэтиленді қапшықтарды сақтайды.
Көктемде отырғызар алдында бүлінбеген аналықтарды іріктеп алады. Тұқымның толысып жетілуін тездету үшін оларды жылыланған жүйектерде немесе жылыжайттарда 2 – 3 аптадай өсіре түседі. Көң араластырып штабелге жинап та өсіре түсуге болады.
Аналықтарды ерте көктемде отырғызады, алайда былжырап жабысатын суық топыраққа көнбеген жөн. Аналықтарды күренен қатарлардың алшақтығын 70см, қатардағы бір – бірінен қашықтығын 40 – 50см етіп отырғызады. Шұқанақтарға 0,5 – 1,0 кг шірінді, 20 - 50г күл немесе 5 – 10г минералды тыңайтқыш қосады. Егер аналықтар өсе бастаса онда шұқанақтарға су құю керек. Тұқымдық өсімдік өсіп шыққанна кейін оны көңді 1:4 немесе сиырдың қиын 1:8 езіп құйып қосымша қоректендіреді. Бір шелек ерітіндіге 200 г күл немесе 30 – 40г азотты, фосфорлы және калилі минералды тыңайтқыштар қосады.
Жайылып өскен түптерді көтере біріктіріп қазыққа байлайды. Қосымша тозандырған да пайдалы . оны таңертеңгі сағат 8 – 9 да және кешкі 17 – 19 да жаппай гүлдеу кезеңінде түптерді сілку арқылы жүргізеді. Егер танап аумақты болып тұқымдықтар байлап көтеруге немесе оны ұзындығы 3 – 4м арқылы жіптің көмегімен тозаңдаттырады. Ол үшін оған қапшықтың 25 х 15 см қиындысын байлап іледі де екі адам жіптің екі жағынан ұстап тұқымдықтардың үстіне тигізе жүріп отырады. Пісуін жеңілдету үшін бұтақтың ұшын 2 – 3см жерден алып тастаған тиімді.
Жетіліп пісу гүлдену аяқталғаннан кейін 20 – 25 күннен кейін басталады. Жинауды түптердің 30 – 40 проценті қоңырқай тартқанда бастайды. Тұқымдықтарды күлтелей бааулап шатырдың астына немесе қалқалы жерге іліп кептіреді. Ауа райы құрғақ болса тұқымдықты сол бауланған күйінде плантацияда 8 – 10 күндей қалдырып кептіреді. Тұқымдықтар нашар жетілсе оларды тамыржемісті бірге суарып алып пісіп жетілдіреді. Пісіп толысқан түйнектер оңай шашылып түсетінін ескеру керек. Тұқымдықтарды брезенттің үстіне елек салып қағып бастырады және түрлі қосшалардан тазартады.
Бір өсімдіктен 30 – 90 г тұқым алуға болады.
П и я з
ШҚО облысының жағдайында пияз тұқымын өсірудің үш түрлі әдісі тараған. Бірінші жылы тұқымнан себетін ұсақ сарымсақ, екінші жылы одан үлкен сарымсақ, үшінші жылы аналық бадана тұқымдық өсімдік – ұрық беретін өсіреді. Тұқымнан немесе көшеттен бірінші жылында пияз алуға болады.
Ұсақ пиязды өсіру және сақтау. Ұсақ пиязды (басының диаметірі 1 – 2,5см) ұрықты қалың себу нәтижесінде алынады. Тұқымды ерте көктегенде (мамырдың бірінші онкүндігінде) қатарларының алшақтығын 10 – 15см, жүлгерінің арасын 50 – 60 см етіп себеді. Жүлгедегі қатар 8 – 12 болады. Себу нормасы әр шаршы метрге 6 – 10 грамнан. Сіңірілу тереңдігі 2 – 3см сепкеннен кейін топырақты майдалайды. Тұқымның өнім шығып тездетуі үшін, оны егер алдында бір тәулік бойы 2 – 3 рет алмастырып сулайды. Дымданған тұқымды жақсы суарылатын бороздаларға егеді.
Ұсақ пиязды тамыздың бірінші онкүндігінде жинайды. Өсімдікті жұлып алып учаскіде 10 – 15 күндей жетілдіріп шыңдайды. Кептірілген соң суық – жылы тәсілмен сақтайды. Күзде және көктемде 18 – 20 градуста, қыста 0 – 1градуста. Немесе жылы әдіспен сақтаудың барлық кезеңінде 18 -20градуста ұстайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 – 65процент болуы керек.
Аналық пиязды өсіру және сақтау. Учаскінің әр шаршысы метріне 15 – 20г аммиак селитрасын, 30 – 40 г суперфосфат және хлорлы калий немесе 150 – 200 г күл сіңіреді. Тұқымдық уақ пиязды бір қатарға қатарларын 45см, бір – бірінен 5 – 7см етіп отырғызады. Оның алдыңғы міндетті түрде 40 градус жылылықты 8 сағат бойы қыздырады. Ең жақсы аналық пиязды ұсағының диаметірі 1,6 – 2см болатын тұқымдық пиязды алуға болады. Өсіп жетілу кезеңінде қатарларын қопсытып отырады, суаруды шілденің ортасында тоқтатады.
Өнім жинауды тамыздың ортасында жүргізеді.Сабағымен қазылып алынған пиязды плантацияда немесе желдетілетін үйде 10 – 15 күндей кептіреді. Сабағы кеуіп болған соң пияз түйінінің ұшынан 4см қалдырып кеседі. Аналық үшін диаметірі 4 – 6см, салмағы 50 – 70г жақсы кепкен, мойны жіңішке пиязды таңдап алады. Пероноснорзға шалдықпас үшін пиязды 40градуста 8сағаттай қыздырып алып барып сақтаған жөн.
Аналық пиязды сәкілерде 30 – 50см етіп қабаттап салып, немесе сиымдылығы 10кг– дық арнаулы жәшіктерде 2 – 10 градус температурасында сақтайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75 – 80 процент болуы керек.
Тұқымды өсіру. Отырғызуда 10 – 12 күн қалғанда аналық пиязды шымтезек пен шірінді қосылған дымқыл субстракта немесе ағаш үгітіндісінде 8 – 10 градус температурада ұстайды. Пияздың тамыр жүйесі 3 – 4см болып өскенде оны топыраққа отырғызады.
Пияздың тұқым шаруашылығына арналған участок жақсы желдетіліп тұратындай болуы керек. Топырақ әзірлеген кезде оған минералды тыңайтқыштар енгізеді. Пиязды мамырдың басында тіпті сәуірдің аяғында егер топырақ келетін болса бороздалап 10 – 12см тереңдікке отырғызады. Қатарларының қашықтығы 70см, бір – бірінен алшақтығы 8 – 10см. Өзі де өне бастаған пиязды отырғызған соң бірден суарады. Одан кейін өсімдіктің жапырағы шығып сабағы тіктеген кезде суарудың маңызы ерекше. Суарғаннан кейін топырақты қопсытады. Суарған кезде судың жапыраққа шашырамауына ұқып болған жөн, өйткені пероноспороз өрбу тездеп, күшейе түседі. Сондықтан бороздамен аздап суарған жөн. Пероноспорозбен күресу үшін құрамында мыс бар немесе препараттар қолданылады. Алайда оларды жабысқақ заттармен іріген сүтпен қосып қолданады. Бірақ үш рет 20, 30 маусымда және 10 шілдеде жүргізіледі.
Сарымсақ сабағының биіктігі 30-40см болған кезде қауашалап, аспаларға байлап қояды.
Тұқымдықты өсімдіктің басындағы сауытшалар сызаттана бастағанда жинайды. Сабақтың ұзындығын 20 – 30 см етіп кесіп алады да 15 – 20 данадан күлтелеп байлап жақсы желдетілетін бөлмеге алып іліп қояды. Ұрықты резіңке үккіштің көмегімен бастырады. Ірі қоқыстарды торда, ұсақтарын суда бөледі. Сонда дәні жоқ ұрықты қалқып шығады. Түбінде тұнған ұрықтарды 3 – 5 минуттай сорғытып жинайды да қалыңдығын 1см етіп жайып жақсы желдетілетін бөлмеде 25 – 30 градус температурада әлсін – әлсін араластыра отырып кептіреді.
Бір өсімдіктен 10 -20 г ұрық алуға болады.
Бақылау сұрақтары: Негігі көкеніс дақылдардың ерекшеліктері, өсірі технологиясы
Ұсынылған әдебиетер
Негізгі: 1. Ващенко И.М. Основа сельского хозяства- М. Просвещение 1987г
2. Ващенко И.М. Практикум по основым сельского хозяства М. 1982
3. Жанабаев С.А. Өсімдік өнімін өндіру технологиясы. Алматы 1996ж
4. Аяпов А.С. Жеміс жидек шаруашылығы Алматы 2001ж
5. Молдағүлов М.С. Ауыл шаруашылық негіздері практикумы А. Алматы 1976.
Қосымша;Агрохимия. Под.ред.Б.А.Ягодина.М;1982.
Растениеводство.Вавилов. П.П.М;Агропромиздат.1986.
Земледелие.Воробьев.С.А.М; Агропром издат 1985г
Овощеводство Матвеев В.П. М. Колос 1978
Почвеведение Кауричев П.С. Москва Колос 1982
Дәріс №11
Тақырыбы: Жеміс жидек дақылдары
Дәрістің мақсаты: Жеміс-жидек дақылдарымен танысу
Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:
Негізгі жеміс-жидек дақылдары.
Жеміс-жидектер бөлімінің ауқымды бөлігін жемісті баққа, ал қалған жерін жидектер мен питомниктерге арнайды.Баққа діңді формалы (ауданы 6х6 м2), аласа түпті (ауданы 4х4 м2) және жатаған (арақашықтығы 3 м) алманы отырғызуға болады. Коллекция үшін шие, алмұрт, долана, шетенді отырғызады.
Жеміс-жидек бөлімін ұйымдастыруда, ересек ағаштарға бақылау жасау оқытуда, пішіндеуге мүмкіндік беретін жас ағаштарға қарағанда онша қызығушылық туғызбайтынын ескеру керек. Сол себепті мектеп учаскесінде питомниктің болғаны ұтымды, онда бір қатарға жемісті ағаштардың тұқымдарын себуге, екінші қатарды оларды сиретуге және қалғанын төртке: телінуші екпе көшеттер, телінген өсімдіктерді жетілдіру, ағаш кронасын сала бастау және қалыптастыру. Қасына жеке аудандарға қарақат, таңқурай (1х2 м2), қарлыған мен шетенді (1,5х3 м2) орналастыруға болады. Жабайы жидекті өсімдіктерді де жетілдіру, сұрыптау және будандастыру үшін отырғызуға болады. Қалемшемен көбейту үшін төртбұрышты алаң қазады (ені 1 м, тереңдігі 20 см). Бүлдіргеннің әртүрлі іріктемелері мен құлпынай және жабайы бүлдірген үшін жүйектер жасайды; жабайы бүлдіргенді мәдени түрге айналдыру, бүлдіргенді мұртшаларымен көбейту, алма тұқымдарын себу, өсімдіктерді пішінге келтіру, көшеттерді сұрыптау және алма көшеттерін жетілдіру, алма және жидек өсімдіктерінің гүлдерін жасанды тозаңдандыру, жеміс ағаштарын теру және көзсабақтау (окулировка), ағаш өсімдіктерін қалемшелері және жидектерді сұлатпа сабақтармен көбейту тәжірибелерін жүргізуге болады.
Вегетативті көбейтуге дағдыландыруға ерекше көңіл бөлу керек. Жеміс-жидек бөлімінде мал азықтық шөптерге арналған жер қорын қалдыру керек. Кейіннен осы жерлерге жеміс ағаштары питомнигін көшіреді және бүлдіргенді 5 жылдан соң, таңқурай мен басқа жидектерді 7 жылдан соң отырғызады.
Жеміс-жидек өсімдіктері
Қазақстанда жеміс ағаштарының 22 түрі өсіріледі, олардың 10—12-сі негізгілері болып табылады. Екі жеміс ағашы (алма, шие) және 4 жидек тектес (бүлдірген, таңқурай, қарақат, тұшала) дақылдар барлық жерде бірдей өсіріледі деп айтуға болады.
Қазақстанда жалпы жеміс-жидек дақылдарының 90 проценттен — астамы мына өсімдіктерден тұрады: алма, алмұрт, шие, алхоры, өрік, шабдалы. Биологиялық жағынан жеміс-жидек өсімдіктерінің 95% раушан гүлді тұқымдастарға жатады.
Академик Н. И. Вавилов теориясы бойынша екпе жеміс-жидек өсімдіктерінің негізінен осы жабайы дақылдардың көп өскен аймақтарынан таралғанын дәлелдейді. Қазіргі уақытта жер жүзінде 12 екпе жеміс-жидек өсімдіктерінің пайда болу ортасы анықталып отыр. Әрине, олардын, негізгілері: Қытай-Жапония (алма, алмұрт, өрік, шие, алхоры, құрма, грек жаңғағы, бадам), Орта Азия (алма, алмұрт, өрік, шие, алхоры, бадам, грек жаңғағы), Европа-Сібір (алма, алмұрт, шие, қызыл шие, қарақат, таңқурай, майлы жиде, орман жаңғағы), Оңтүстік Америка (бүлдірген), Солтүстік Америка (алхоры, шие, қарақат, бүлдірген, пісте) аймақтары жатады.
Жеміс-жидек дақылдары шығу тектеріне, жемісінің құрылысына, биологиялық және өндірістік ерекшеліктеріне қарай 6 топка бөлінеді. Олар: шекілдеуікті, сүйекті, жидекті, жаңғақты, субтропикалық және тропикалық.
Шекілдеуіктер топтары
Шекілдеуік тектес дақылдар (алма, алмұрт, беке, мушмула, шетен, долана, ырғай т. б.) раушан гулділер тұқымдасына жатады. Бұл өсімдіктердің ішінде негізінен ең көп тарағаны үш дақыл — алма, алмұрт, беке. Бұлар жалпы жеміс-жидек өсімдіктері көлемінің 70% құрайды.
Қазақстанда шекілдеуікті дақылдар (негізінен алма, алмұрт), жеміс-жидек өсімдіктерінің 74,6 проценті. Алманың біздің елімізде 50 түрі өседі. Оның жеміс дақылдары арасындағы үлес салмағы 63,7%. Алма Қазақстанда жеміс өсімдіктерінің арасында ең көп тараған дақыл.
Екпе алма сорттары негізінен жабайы алманың түрлерінен алынған. Олар: орман алмасы, Кавказ алмасы, Қытай алмасы, жидек алмасы, Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, аласа өсетін алма, Қырғыз алмасы т. б. Қазакстанда жоғарыда аталған алмалардың ішінде негізінен Сиверс, Недзвецкий, Қырғыз алмалары өсіріледі.
Алма жемісінің жаздық, күздік және қыстық сорттары болғандықтан жыл бойы пайдалануға мүмкіншілік бар. Телінушіге, сортына, өсіп-өнуіне байланысты алма ағашының өмір сүруі 20 жылдан 100 жылға дейін созылады. Алма ағашы орта есеппен екпе көшет телісушіде 30-дан 50 жылға дейін, ал жыныссыз өсіп өну телісушіде 15—25 жылға дейін тіршілік етеді. Өнімді орта есеппен 3—15 жыл береді. Қарқынды немесе интенсивті бақта гектарынан 300-ден 500-центнерге дейін өнім алынады. Биіктігіне қарай алма ағашы биік (8—12 м), орташа (5—8 м) және аласа (2—4 м) өсетін болып бөлінеді.
Қазақстанда алмадан өндірістік өнім беретін негізгі аудандар — оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстары (Алматы, Шымкент, Жамбыл, Талдықорған). Соңғы жылдары алма дақылдары Қазақстанның солтүстік, батыс, орталық облыстарында (Қостанай, Орал, Көкшетау, Ақмола) кеңінен таралып келеді. Қазақстанда алма дақылдарының — 40-тан астам сорты тараған.
Алмұрт
Қазақстанда кең таралған алмұрт түрлері: ол кәдімгі алмұрт пен жиде жапырақты алмұрт. Алмұрттың бұл түрлерін екпе сорттарды селекциялап шығарғанда пайдаланылады.
Алмурт ағаштары алма өсімдіктерімен салыстырғанда қысқа төзімсіз, жылылықты көбірек қажет етеді. Қазақстанда алмұрт өсімдіктері негізінен оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстарында өсіріледі. Бұл аймақтарда алмұрт ағаштары тау етегінде, белдеуінде және бауырында жақсы өседі. Жемісі алмаға қарағанда дәмділеу, бірақ сақталуы мен тасымалдауы жағынан сапасы төмендеу. Алмұрттың ағашы биік — 12—15 м, өмір сүру тіршілігі телісушіге, сортына байланысты 30—100 жыл, өнім алу кезеңі 15—30 жыл. Табиғи жағдайларға, сортына, телісушілерге және агротехникасына байланысты алмұрт отырғызылғаннан кейін 3—8 жылда өнім береді. Өнімі орта есеппен әр гектардан 10—15 т болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде алмұрттың 10 мыңға жуық сорты бар. Қазақстанның оңтүстік шығысында — 10 сорты бар.
Беке
Бекенің Қазақстанда көп түрлері өспейді. Кең таралған түрі кәдімгі беке. Жабайы түрі Солтүстік Иранда, Кіші Азияда, Молдовада және Қавказда кездеседі. Беке бұл жерлерде 4 мың жылдан бері өсіріледі. Қавказда беке бағы өте ертеде тараған. Қазақстанда бұл өсімдік Шымкент облысының оңтүстік және тау етегі аймақтарында аудандастырылған.
Беке күн сәулесін, жылу сүйетін, ыстыққа төзімді өсімдік. Оның бұта (биіктігі 1—2 м) немесе ағаш тәрізді түрлері (5—6 м) кездеседі. Жемісті ерте және жыл сайын салады. Отырғызылғанан кейін 3—5 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Өнімді келеді (150—180 ц/га). Жемісі қаттылау, сабақсыз, шикі кезінде көп сорттарының жемісі жеуге келмейді, өзіне тән жағымды иісі бар, техникалық қайта өңдеуден кейін өте бағалы.
Беке өсімдіктері 30—50 жылға дейін жеміс береді.
Қазақстанда оның үш сорты ғана аудандастырылған.
Шетен
Шетен тектестердің 80-ге тарта түрі бар. Біздің елде кеңінен тараған түрлері— сібір шетені, Тянь-Шань шетені, парсы шетені, т. б. Жабайы түрінде кіші-гірім бұта тәріздес (биіктігі 1,5-3 м) немесе үлкен ағаш тәрізді (биіктігі 10—20 м дейін) болып келеді. Отырғызғаннан кейін 6—10 жылдан кейін жеміс береді. Өиімі мол, орта есеппен бір ағаштан 80—250 кг жеміс алынады. Тіршілік ету ұзақтығы 200—300 жылға жуық, суыққа
төзімді келеді. Жемісі жаңа піскен кезінде шырын, джем, тосап жасауға және медицинада витаминдік препараттар жасауға қолданылады.
Долана
Екпе түрлерінен Алтай доланасы, ионий доланасы, Түркістан доланасы, Жоңғар доланасы, Алматы доланасы т. б кездеседі. Қазақстанда соңғы түрлері көп тараған. Жабайы түрінде көп бұталы, бұтақты келеді, долана ағашының биіктігі 3—6 м жетеді. Өмір сүру ұзақтығы 100—120 жыл.
Сүйектілер топтары
Сүйектілер тобының өсімдіктері шекілдеуіктілермен салыстырғанда өнімді ерте береді. Ұзақ тіршілік ете алмайды.
Қазақстанда негізінен шие мен алхоры, өрік, қызыл шие, шабдалы өседі. Қазіргі кезде Қазақстанда сүйектілер тобына жататын өсімдіктер 13,8 мың гектар жерді, яғни барлық жеміс-жидек дақылдары егістігінің 8,6 процентін алып жатыр.
Шие
Ботаникалық тегі бойынша 250 түрді біріктіреді. Қазақстанда шие барлық аймақта өсіріледі де, бірақ өндірістік түрі аз таралған. Шие бірыңғай өнімділігіне байланысты көп қолданылатын жеміс болғандықтан жаңа піскен күйінде де, қайта өңделген күйінде де өте бағалы.
Қазақстанда шиенің өндірістік 11 түрі өсіріледі. Шиенің сорттары бұта тәріздес (биіктігі 3—4 м) және ағаш тәріздес (биіктігі 5—7 м) болып келеді. Бұта тәріздес сорттары қоңыр қызыл түсті, қышқыл қызыл шырынды жеміс береді, оларды морель-немесе гриот деп атайды (Любская, Владимирская сорттары). Ағаш тәріздес шиелердің жемісі ақшыл қызыл түсті, шырыны боялмаған, оларды аморель деп атайды (Шпанка крупная, Анодолькний, қызғылт аморель сорттары).
Бір жылдық шыбығынан отырғызылған бұта тектес шиелер-3—4 жылдан кейін жеміс бере бастайды. 15—20 жыл тіршілік етеді. Ал ағаш тәріздес шие жемісті бұтақ шыбықтарында 4— 5 жылдан соң жеміс береді. Тіршілік етуі 20—30 жыл.
Елімізде кеңінен таралған шиенің басқа да түрлері кездеседі.
Дала шиесі аласа бойлы бұта тәріздес өсімдік (биіктігі 1—1,5 м). Қысқы суыққа, қуаңшылыққа өте төзімді. Өнімі мол, жыл сайын жеміс салады.
Жабайы түрінде Солтүстік Қазақстанда (Қостанай облысы) кездеседі.
К,ұм шиесі шыққан аймағы Солтүстік Америка, бойы аласа (биіктігі 1,5 м), бұтақшалары төсемелі болып келеді. Жемісі шырынды, негізінен қайта өндіруге пайдаланады.
Могалеб шиесі биік, бұта немесе ағаш тәріздес (биіктігі 4— 7 м, кейбірі 10—12 м) болып келеді. Берік бастары аумақты, бұтақшалары жіңішке тал сияқты. Бізде шиенің бұл түрін қызыл шие үшін телісуші ретінде пайдаланады. Оңтүстік Қазақстанда Могалеб шиесі қуаң-шылыққа шыдамды, сондықтан қызыл шие мен екпе шие сорттарына телісуші ретінде қолданылады.
Қызыл шие жылу сүйгіш, оңтүстіктің сүйекті жеміс дақылдарымен салыстырғанда қысқа төзімді. Көлемі жағынан бұрынғы Қазақстанда(Шымкент облысы) 2 сорты бар. Ағаштары отырғызылғаннан екін 4—6 жылдажеміс береді. Орта есеппен әрбір гектардан 100 -150 ц өнім алынады. Ағаштардың тіршілік етуі 50—80 жыл, биіктігі 10—15 м, бөрікбастары сирек. Жемісі ерте піседі (Шымкент облысында 15—20 мамырда).
Алхоры тегіне оның 30-ға жуық түрі кіреді. Олардың ішінде маңыздылары — кәдімгі алхоры, шомыр, алша. Канада алхорысы т. б. Алхорының Қазақстан бойынша аудандастырылған 15-тен астам сорты бар. Алхоры ағаштары (биіктігі 6—12 м) отырғызылғаннан кейін 3—5 жылда жеміс береді Әр гектардан 250—300 ц өнім алынады. Жемісті жыл сайын салады. Ағаштарының тіршілік ету ұзақтығы 20—60 жылға созылады. Қазақстанда өндірістік көлемде шабдалы Шымкент облысында, Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында және Талдықорған облысының Панфилов ауданында аудандастырырылған. Қазіргі кезде жер жүзінде шабдалының 5 мыңға жуық сорты белгілі, Қазақстанда 21 сорты бар. Шымкент облысында аудандастырылған сорттардың ішінде кең орын алып отырған Эльберг, ал басқа аймақтарда Киевский ранний, бұл сорт қысқа өте төзімді.
Шабдалы ағашы бұта тәріздес келеді немесе ағаш тәріздес болып өседі (биіктігі 3—8 м). Өнімі мол, жыл сайын және ерте бере бастайды (2—3 жастан). Өнімі аяқталатын дәуірі—12— 15 жасында. 20—30 жыл өнім береді, ал Азияның таулы аймағында 50—80 жылға дейін тіршілік етеді. Өнімі орта есеппен әрбір гектарынан 120—180 ц, ал кейбір жылдары 400—500 ц дейін жетеді.
Шабдалы өте тез пісіп, тез өсетін, жарық, жылу сүйгіш дақыл.
Өрік
Қазақстанда өрік Шымкент облысында кеңінен орын алған дақыл, басқа аймақтарда өндірістік жеміс ретінде өте аз пайдаланылады. Бізде өріктің басқа да жабайы түрлері өседі. Олар кәдімгі өріктің, Манжур өрігінің, Сібір өрігінің, Давид өрігінің, т. б. екпе сорттары селекциясы негізінде кәдімгі өріктен шығарылған.
Өрік ағаштары биік (5—8 м) немесе өте биік (10—15 м) болып өседі. Өнімді ерте, яғни отырғызылғаннан кейін 3—5 жылда бере бастайды. Өнім беру ұзақтығы — 20—30 жыл, 40—80 жыл тіршілік етеді. Орта есеппен әрбір гектардан 100—120 ц өнім береді өрік жарық пен жылу сүйгіш өсімдік және көктемде басқа жеміс ағаштарына қарағанда ерте гүлдейді. Қуаңшылыққа төзімді. Қазақстанда өріктің 6 сорты аудандастырылған, оның 3-і Европа-лық және 3-і Орта Азиялық. Жабайы өрік Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығысының таулы аймақтарында көп өседі.
Алша куаңшылыққа төзімді өсімдік. Өнімді 2—4 жылда, ерте береді. Алша ағашы бұта тәрізді келеді, биіктігі 4 м дейін жетеді. Өріктен кейін гүлдейді. Қазақстанда алша дақылы Шымкент облысында өседі. Бұл облыста алшаның екі сорты аудандастырылған. Олар Фиолетовая десертная және Малиновая. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс таулы аймағында алшаның жабайы түрлері өседі. Жабайы түрінің тұқымы алхорыға, өрікке, шабдалыға телісуші (ұластырушы) ретінде қолданады.
Алшаның өнімі аяқталатын дәуірі 15—20 жыл, ал тіршілігі 20—60 жылға созылады.
Жидек топтары
Жеміс-жидек шаруашылығында жидектер тобына көп жылдық бұта, үнемі көгеріп тұратын өсімдіктер жатады. Олардың жемісі шырынды, дәмі тәтті болып келеді, Жемістері дәрі ретінде, жас кезінде жеуге және қайта өңдеуге пайдаланылады.
Жидек өсімдіктері суыққа төзімді, сондықтан бұл дақылдың көптеген түрлері Қазақстанның орталык, батыс және солтүстік аймақтарында өсіріледі. Жеміс дақылдарына қарағанда жидек өсімдіктерінің бір сортының өзін солтүстік аймақтарда да, оңтүстік аймақтарда да өсіруге болады.
Солтүстік аймақта өсірілген жидек дақылы жемісінің сапасы жоғары және оңтүстік аймақпен салыстырғанда мол өнім береді. Елімізде жидек өсімдіктері көп тарамаған, себебі өнімін жинап алу қиын және олар жиі ауырады, зиянкестері көп болады.
Жидек дақылдарының ішінде көбірек өсірілетіндері: қарақат, бүлдірген, таңқурай (21 мың га) және тұшалат. б.
Бүлдірген көп жылдық, үнемі көгеріп тұратын өсімдік. Дүние жүзінде 30-ға жуық түрі бар. Біздің елімізде жабайы 6 түрі кездеседі. Ол жеміс-жидек өсімдіктерінің ішінде ең ерте өнім беретін дақыл. Отырғызылғаннан кейін екінші жылы жеміс береді. Тіршілік ету ұзақтығы 10—12 жыл, 3—4 жылда өнім беруі аяқталады. Бұл мерзімнен артық пайдаланылған плантациядан өнім мейлінше аз алынады. Сондықтан бұл аймақта қысқа қарай бүлдірген плантациясын сабанмен т. б. жабу қажет.
Қазақстанда бүлдіргеннің 23 сорты өседі. Екпе сорттарын шығаруға мынандай жабайы түрлері қатынасады: тасбүлдірген, вигрин бүлдіргені, чили бүлдіргені, орман бүлдіргені т. б.
Қарақат көп жылдық бұта, оның биіктігі 1,5—2,5 м болады Тамырлары жер бетіне жақын орналасқан. Өсімдіктің тіршілік ету ұзақтығы 15—20 жыл, өнім беру кезеңі 8—12 жылға созылады Қарақат отырғызылғаннан кейін 2—3 жылда жеміс береді. Олардың қазіргі кезде 112 түрі белгілі. Екпе дақыл ретінде қарақаттың қара, қызыл, ақ, алтын түсті түрлері бар. Бұлардың ішінде ,ең бағалысы— қара қарақат. Оның жидегіндегі С витаминінің мөлшері бүлдіргеннің жидегіндегіден 5 есе, лимон, апельсин, мандарин, тұшала, таңкурай жемістеріндегіден 7—8 есе, алмадағыдан—10—20 есе, жүзімдегіден 100 есе көп және биологиялық заттар қарақаттың басқа түрлерімен салыстырғанда жидегінде мол болады.
Екпе қарақат түрлері ішінде ең көп тарағаны — қара қарақат Ол суыққа төзімді келеді және топырақтың ылғалды және құнарлы болуын қажет етеді. Республикамыздың оңтүстік аудандарында таулы аймақтарында өсіріледі, ал Алматы, Жамбыл, Шымкент Қызылорда облыстарының далалық аймағында қара қарақат өсіру шаруашылықтарға тиімді емес. Себебі бұл аймақтарда ауа райы жазда ыстық, қыс пен ерте көктемде құбылмалы келеді Қара қарақат республикамыздың негізінен солтүстік және шығьк облыстарында көптеп өсіріледі.
Егер жақсы күтімді болса, қара қарақтаттың әр гектарына 60—100 ц өнім алуға болады. Қазақстанда аудандастырылға 13 сорты егіледі.
Қызыл қарақаттың қара қарақатқа қарағанда бұтақшалары жиі және биік болып келеді, жеміс салатын бұтақшалары ұзақ өмір сүреді, олар 6—7 жасқа дейін өнім береді.
Қызыл қарақат суыққа, қуаңшылыққа өте төзімді келеді. Сол себептен қарақаттың бұл екпе түрі Қазақстанның оңтүстік аймағында кең тараған.
Сары түсті қарақат өнімді өте ерте және мол береді. Бірақ өнімінің сапасы қарақаттың басқа түрлеріне қарағанда төмен. Сары түсті қарақат құрғақшылыққа төзімді келеді және топырақтың өте құнарлы болуын қажет етпейді. Қазіргі кезде республикамыздың оңтүстік аймақтарында алтын түсті қарақаттьщ екі сорты (Плотномясая және Узбекская крупноплодная) көптеп өсіріледі. Қазақстанда 16 сорты бар.
Тұшала көп жылдық бұта, биіктігі 1—1,5 м, тамырлары терең-е (1,5 м) кетеді. Бізде 4 түрі өседі. Тұшаланың бұтақшалары тікенекті болады. Олар отырғызылғаннан кейін 2 —3 жылда өнім береді. Басқа жидек өсімдіктеріне қарағанда өнімі өте мол. Орта есеппен әрбір тектардан 120—200 ц жидек алынады, ал Қазақстанның солтүстік облыстарында 140—160 ц дейін өнім береді. Жидегі жаңа піскен күйінде немесе қайта өңдеуге пайдаланылады. Тіршілік ету ұзақтығы 30—40 жыл, 15—25 жыл аралығында өнім береді. Аудандастырылған 59 сорты бар. Олар: негізінен Малахит, Мысовский 17, Мысовский 37, Смена, Финик, Хау-ГОН, Челябинский зеленый т. б.
Таңқурай — көп жылдық, кен тараған өсімдік, биіктігі. 1,5— 2 м. Жер жүзінде таңқурайдың 600-ге жуык түрі бар. Қазақстанда қара қарақаттан кейінгі мол тараған дақыл. Таңқурайдың жер бетіндегі бұтақшалары бір жылдық және екі жылдық болады, ал тамыры — көп жылдық атпа бұтақ (тамыр атпасы). Жер бетіндегі бұтақшалары екінші жылы өнім бергеннен кейін қурап қалады. Күзде немесе ерте көктемде бұл бұтақшаларды қырқып тастау қажет.
Таңқурай өнімді отырғызғаннан кейін 2—3 жылда береді. Өнімі мол, әрбір гектардан орта есеппен 60—140 ц жидек алынады, өнім беру кезеңі 8—15 жылда бітеді.
Суыққа төзімділігіне байланысты бұл дақыл Қазақстанның оңтүстік және шығыс облыстарында тараған. Оңтүстік, оңтүстік-Шығыс облыстарда таңқурай тау бөктерлерінде көптеп өседі.
Жаңғақтар тобы
Жаңғақ өсімдіктері негізінен бұталы немесе үлкен ағашты болып келеді. Бұл дақылдардың басқа жеміс-жидек өсімдіктерінен айырмашылығы — тұқымы жеуге пайдаланылады. Жаңғақтар әр түрлі — пекан грек жаңғағы — жаңғақтар, орман-қайыңдар, бадам — раушан гүлдер, атбас талшын — атбас талшындар, пісте сумахтар, талшын — шамшат тұқымдастарына жатады.
Талшыннан басқа жаңғақтар май мен белокқа өте бай. Олардың тұқымында 70% дейін май, 8—21% белок болады. Талшынның тұқымында 34% крахмал және 17% дейін қант болады. Жаңғақтардың тұқымдарында А, В, Е, Р витаминдері, сондай-ақ тұқымы піспеген жаңғақта С витамині өте көп болады. Жаңғақ өсімдіктерінің ішінде өндірістік маңызы барлары: грек жаңғағы, орман жаңғағы, бадам. Қазақстанда жаңғақ өсімдіктері аз тараған, оның себебі бұл дақылдардың қысқы суыққа төзімділігі нашар. Жаңғақ өсімдіктері негізінен ауаның температурасы 12—16 °С төмен түссе үси бастайды. Қазіргі кезде Шымкент облысының оңтүстік аудандарында грек жаңғағы аудандастырылған. Бірақ сорттары аз, негізгі кездесетіні Тонкоскорлупый сорты. Бұл сорт басқаларға қарағанда суыққа, ауруға, зиянкестерге төзімді келеді
Грек жаңғағы
Грек жаңғағы өте биік (25—30 м) өсетін ағаш, діңінің аумағы 1,5—2,0 м келеді, бөрікбастары аумақты болады. Тамырлары өте тереңге (4 м) кетеді, аумағы 10—15 м.
Грек жаңғағының екпе сорттары отырғызылғаннан кейін 4— 6 жылдан бастап, ал жабайылары 8—10 жылдан кейін өнім береді. 20—30 жыл өте жақсы, мол өнім алынады. Орта есеппен әр ағаштан 100—150 кг, ал кейбірі 300—500 кг дейін жеміс салады. Өнімді жыл сайын береді. Жаңғақ ағаштары көп жыл өмір сүреді (кейбір ағаштары 300 жылға дейін). Кең тарағандары— Бостандыкский, идеал, десертный, юбилейный, тонкоскорлупый т. б. сорі тары.
Бадам
Бұл өсімдіктің 40-қа жуық түрі бар. Қазақстанда Шымкент облысында кездеседі. Бадам бұта тәріздес немесе ағаш сияқты өсімдік, биіктігі 10 м дейін жетеді. Тамырлары аумақты терең кетеді. Қуаңшылыққа, сор топыраққа өте төзімді. Бадам ағаштары 100 жылға дейін өмір сүреді, ал өнімі аяқталатын дәуірі — 30—50 жыл. Жемісті отырғызылғаннан кейін 3—4 жылда береді. Орта есеппен әр гектардан 10—14 ц-ден 25 ц дейін өнім алынады.
Бадам өсімдігі жарықты өте қажет етеді. Бізде аудандастырылған бадамның 15 сорты белгілі, соның ішінде кеңінен таралған сорттар — десертный, ялтинский, никитинский (кеш гүлдеңтін угамский, колхозный). .
Субтропиктік өсімдіктер тобы
Бұл топқа әр түрлі ботаникалық тұқымдас өсімдіктер жатады. Олар суыққа төзімсіз келеді, жылу сүйгіш және даму кезеңі ұзақ болады (6—7 ай).
Осы топқа жататын өсімдіктер ішінде кең тарағандары — лимон, апельсин, мандарин, грейпфрут т. б. Олар цитрус тегіне, руталықтар тұқымдасына жатады. Бұлар мәңгі жасыл болып тұратын ағаш немесе бұта. Жыл бойы өседі, сол себептен бір өсімдіктің өзінде жас бұтақшалар, гүлдер, жеміс тоқтаусыз өсіп жатуы мүмкін.
Цитрус жемістерінде лимон қышқылы, пектин, А, В, С және басқа витаминдер, органикалық, минералдық заттар көп болады. Цитрус жемістерін көбінесе жаз кезінде пайдаланады. Оларда компот, цукат, сироп даярлайды және эфир майы, лимон қышқылы алынады.
Қазақстанда бұл өсімдіктерді Шымкент облысының оңтүстігінде оранжереяда өсіруге болады. Басқа субтропиктік өсімдіктерінің ішінде кең таралғандары анар, інжір, зәйтүн, құрма, унабы, шилен. Бұлар цитрус өсімдіктерімен салыстырғанда суыққа да, қуаңшылыққа да төзімді болып келеді, сол себептен Қырымда Орта Азия, Армения, Әзірбайжанда, Грузия республикаларында Краснодар өлкесінде кеңінен тараған.
Анар
Көп жылдық, ағаш немесе бұта тәрізді, биіктігі 5 м дейін жетеді. Қазақстанда Шымкент облысының оңтүстігінде кездеседі. Жемісінде 8—12% қант, 0,5—5% түрлі қышқылдар 6—10 мг/% С витамині болады. Жемісі жас кезінде және тамак дәрі өнеркәсібіне пайдаланылады.
Анар өсімдігі тұқымынан және қалемшеден өніп-өсу арқылы көбейеді. Отырғызылғаннан кейін 3—4 жылда жеміс сала бастайды, 6—7 жылдан кейін мол береді. Орта есеппен әр ағаштан 25-30 кг өнім алынады. Ағаштары өнімді 30—50 жылға дейін салады Кейбір анар өсімдігі 300 жылға дейін тіршілік етеді. Қазақстанд аудандастырылғандары қазаки, ачик-дана сорттары.
Бақылау сұрақтары:
Негізгі жеміс жидек дақылдарының өсіру ерекшеліктері
Ұсынылған әдебиетер
Негізгі: 1. Ващенко И.М. Основа сельского хозяства- М. Просвещение 1987г
2. Ващенко И.М. Практикум по основым сельского хозяства М. 1982
3. Жанабаев С.А. Өсімдік өнімін өндіру технологиясы. Алматы 1996ж
4. Аяпов А.С. Жеміс жидек шаруашылығы Алматы 2001ж
5. Молдағүлов М.С. Ауыл шаруашылық негіздері практикумы А. Алматы 1976.
Қосымша;Агрохимия. Под.ред.Б.А.Ягодина.М;1982.
Растениеводство.Вавилов. П.П.М;Агропромиздат.1986.
Земледелие.Воробьев.С.А.М; Агропром издат 1985г
Овощеводство Матвеев В.П. М. Колос 1978
Почвеведение Кауричев П.С. Москва Колос 1982
Лабораториялық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
Тақырып атауы: Топырақтаның морфологиялық белгілерімен механикалық құрамы.
Сабақтың мақсаты:
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Тапсырма:
Әдістемелік ұсыныс:
Әдебиеттер тізімі
Тақырып атауы: Ауыспалы егіс схемасын құру, ротациялық таблица жасау.
Сабақтың мақсаты:
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Тапсырма:
Әдістемелік ұсыныс:
Әдебиеттер тізімі
Тақырып атауы: Топырақты өңдеу
Сабақтың мақсаты:
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Тапсырма:
Әдістемелік ұсыныс:
Әдебиеттер тізімі
Тақырып атауы: Арамшөптер, олармен күресу жолдары
Сабақтың мақсаты:
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Тапсырма:
Әдістемелік ұсыныс:
Әдебиеттер тізімі
Тақырып атауы: Тыңайтқыштар
Сабақтың мақсаты:
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Тапсырма:
Әдістемелік ұсыныс:
Әдебиеттер тізімі
Тақырып атауы: Өсімдік шаруашылығы ауылшаруашылық өндірісінің негізгі саласы және ғылым
Сабақтың мақсаты:
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Тапсырма:
Әдістемелік ұсыныс:
Әдебиеттер тізімі
Тақырып атауы: Астық дақылдары
Сабақтың мақсаты: Дәнді дақылдардың айрықша тұқымдас белгілері
Дәнді дақылдарды ұрықтың бастапқы тамырына қарап айыру
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Дәнді дақылдардың айрықша тұқымдас белгілері
Дәнді дақылдарды ұрықтың бастапқы тамырына қарап айыру
Әдістемелік ұсыныс:
Дәнді дақылдардың айрықша тұқымдас белгілері
І-Тапсырма. Дәнге тән ерекше қасиеттерімен танысу. Дәнді астықтарды дәніне қарап анықтау
Дәнді астықтардың мәуесін жемісін әдетте дән деп айтады. Дәндерді бір-бірінен айыратын ерекше белгілері болады. Қауызсыз дәнді астықтарды ( бидай, қара бидай, қауыссыз сулы, арпа) түйген кезде масақтардан дәндері тез ажыраса, қауызды астықтардың ( тары, күріш, сұлының кей сорттары, арпа) дәндері гүл қауыздарынан ажырамайды.
Дәнді асықтардың дәні мәуелік және тұқымдық қабықтан, эндосперм мен ұрықтан тұрады. Дәннің ұрық орналасқан ұшын дәннің төменгі жағы десе, қарама-қарсы жағын ұшы деп атайды. Бидайдың, қара бидайдың және сұлының ұштарында аздаған айдарлары болады. Дәннің сайы бар жағы бауыры, ал оған қарама-қарсы жағы арқасы деп аталады. Бірінші топтағы дәнді астықтардың бидай, қара бидай, арпа, сұлы дәнінің бауырында сайы болса, екінші топтағы дәнді астықтардың жүгері, тары дәнінің бауырының сайы болмайды.
Дәндердің бет қабаты тегіс немесе біркелкі емес, ал пішіндері домалақ немесе ұзынша болуы ықтимал. Сонымен қатар олардың гүл қауыздарының түрі мен бедеріне де назар аударылады.
Жұмыс реті:
1. Дәндер қоспасын белгілі ботаникалық туыстасқа бөліңіздер;
2. Дәндерді төмендегі белгілері бойынша сипаттаңыздар: қауыздылығы, түктілігі, айдарының барлығы, пішіні, дәннің бауырында сайының барлығы, дәннің бетінің бедері және түсі. Мысалы, дән қауызсыз, түкті емес, дәннің ұшында айдары бар, ұзыншақ, дән төменгі жағынан ұшына қарай сүйірленген, бауырындағы сайы терең, бет бедері аздап жиырылған, түсі жасылтым немесе сарғыш, қоңырау, әртүсті.
Дәнді астықтарды дәніне қарап айырудың кілті
1.Дәннің бауырында сайы бар бірінші топтағы дәнді астық . . . . . . . . . .....................2
0. Дәннің бауырында сайы жоқ екінші топтағы дәнді астық . . ........................................8
2. Дәні қауызсыз . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .....................3
0. Дәні қауызды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ........................6
3. Дәннің беті ұзын, жіңішке , бір-біріне тығыз орналасқан және оңай сүртілетін шашшалармен жабылған......................................................................................Қауызсыз сұлы.
0. Дәннің беті шалшалармен жабылмаған немесе шалшалар тек ұшында ғана айдары бар . . . ....................................................................................................................................4
4. Дәннің ұшында айдары бар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .......................5
0.Дәнінің ұшында айдары жоқ...............................................................Қауызсыз арпа.
5. Дәндері ұзыншақ, төменгі жағына қарай сүйірленген және ұшталған, бауырындағы сайы терең, бет бедері ұсақ-ұсақ болып жиырылған , негізінен жасылтым, кейде сарғыш, қоңырлау немесе әртүсті………………………………………….....Қара бидай.
0. Дәндері толықтау, төменгі жағына қарай онша сүйірленбеген, бауырындағы сайы кең, бедері тегіс, ақ, сарғыш немесе қызғылтым................................................. ..............Бидай.
6.Қауызы дәнге жабысқан, ұзыншақ, эллипс тәріздес, бауыр жағынан аздап басылған. ...................................................................................................................Қауызды арпа.
0. Қауызы дәнге жабыспаған оңай алынады . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . …………….7
7. Дәндері қауызды, ұзыншақ, төменгі жағынан ұшына қарай сүйірленген. Қауыздың беті тегіс................................................................................................Қауызды сұлы.
0. Дәндері бұзылмаған қауызда масақ және гүл қауыздарымен бірге. Қауызы қырналған немесе қауыз беті төстенген ( құстанған)………………………………….. Полба.
8. Дәндері қауызсыз . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . ......................9
0. Дәндері қауызды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .........................10
9. Дәндері ірі ұзыны 6 мм артық , домалақ немесе айқын қырланған, кейде ұшына қарай сүйірленген . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ...................................................Жүгері.
0. Дәндері ұсақ ұзыны 6 мм кем, домалақ, шарға тақау...........................................................................................................Қауызсыз қонақ жүгері.
10. Дәндері ұзыншақ овал, ұзыны 6 мм артық. Дәннің қауызы ұзын бойына қырланған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ...................................Күріш.
0. Дәндері домалақ немесе сәл ұзыншақтау және ұштарында сүйірленген, ұзындығы 6 мм кем. Қауызы біртегіс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ........................................11
11.Дәндерінің ұзындығы 4-6 мм. Қауызы тығыз, қалың және жылтырауық . . . . ......................................................................................................................Қауызды қонақ жүгері.
0. Дәндерінің ұзындығы 4 мм кем. Қауызы нәзік, шыңырдай жылтырауық . . . . . ....................................................................................................................................................Тары.
2- Тапсырма. Дәнді дақылдарды ұрықтың бастапқы тамырына қарап айыру
Қажетті құралдар мен заттар: Дәнді дақылдардың ыдыстардағы өскіні, пинцет, үлкейткіш шыны.
Тапсырмаға түсінік: Дән өнген кезде ең алғаш өсетіні бастапқы немесе ұрықтық тамырлары. Іле бұл тамырлар шашақтанған соң, қосалқы немесе үстеме тамырлар пайда болады. Әртүрлі дәнді дақылдардың бастапқы тамырлар саны әрқилы: жаздық бидайда-5, күздік бидайда-1, қара бидайда -4, сұлыда-3, арпада 5-8 болса, екінші топтағы дәнді дақылдарда тары, күріш, қонақ жүгері, жүгері біреу болады.
Дәнді дақылдардың өскіндері
( бастапқы тамырлары) (Н.Мырзаханов бойынша).
1-бидай;2-сұлы; 3-қара бидай; 4-арпа; 5-тары;6-жүгері
Бастапқы тамырлардан соң тегершікпен ( колеонтиле) жабылған жапырақтар ұрығы бар сабақшалар өседі. Дәннің қауызын жанап өтіп сабақшалар сыртқа, топырақтың бетіне қарай дамиды. Қауызсыз дәнді дақылдарда сабақшалар ұрықтың бастапқы тамырлары өскен ұшынан өнсе,
қауызды дәнді дақылдарда сабақшалар ұрықтың бастапқы тамырлары өскен ұшынан өнсе, қауызды дәнді дақылдарда сабақша әуелі қауыз бойымен дәннің бастапқы тамырлар өнген ұшынан қарама-қарсы ұшына
дейін өседі де, қауашықты жарған соң топырақ-
тың бетіне шығады.
Жұмыс реті:
1. Өскіндерді саралап, бастапқы тамырлардың санына қарай дақылдардың түрін анықтаңыздар.
2. Әр дақылдың өскіндерінің суретін салыңыздар
және сипаттаңыздар.
Әдебиеттер:
Н.Мырзаханов «Ауылшаруашылық негіздеріне арналған тәжирибе құралы» Алматы 1994 Республикалық баспа кабинеті
Тақырып атауы: Дәнді бұршақ дақылдар
Сабақтың мақсаты: Дәндік бұршақ дақылдарды дәніне қарап анықтау
Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Дәндік бұршақ дақылдарды дәніне қарап анықтау
Әдістемелік ұсыныс:
Дәнді-бұршақ дақылдардың айрықша тұқымдас белгілері
Дәндік бұршақ дақылдарды дәніне қарап анықтау
Қажетті құралдар мен заттар: Дәнді бұршақ дақылдардың дәндері, бөлшектенетін тақтайшалар, қалақ, үлкейткіш шыны, пинцет.
Тапсырмаға түсінік: Дәнді бұршақ дақылдардың дәнінде эндосперм болмайды. Сондықтан дәннің қабақшасын аршыған соң қосжарнақты ұрық көрінеді. Ұрық жарнақтарының аралығында ұрықтың тамыр мен бастапқы нағыз жапырақтың екі ұрығынан тұратын бүршік орналасқан.
Дәннің пішіні, түрі және мөлшері дәнді бұршақ дақылдардың айрықша белгілері болып табылады.
Дәннің сыртында дәннің жеміске бекитін тұсы – дәннің кіндігі жақсы байқалады. Кіндіктің пішіні, түсі және мөлшері мен орналасу орны да дәнді дақылдардың айрықша белгілеріне жатады. Бұршақтың, үрме бұршақ, чина және сояның кіндігі домалақ немесе овал тәріздес болса, бұршақ пен жасымықтікі сопақша элипс тәріздес немесе сызықша тәріздес болады. Түсіне қарай кіндік ашық екпе сиыр жоңышқа, түйе жоңышқа, қараңғылау, сабалақ сиыр жоңышқа, қоңыр немесе қара дала бұршақ болады да, кейде кіндіктің түсі мен дәннің түрі бірыңғай болмауы ықтимал. Мысалы, екпе сиыр жоңышқаның дәннің түсі сарғыш қоңыр қараға дейін болса, оның кіндігі ашық түсті болып келеді.
Мөлшеріне байланысты кіндік қысқа (дәннің 1/8-1/10-дай) және ұзын (дәннің шеңберінің 1/5-1/6-тең) болады. Жасымықтың дәнінің кіндігі дәннің қырында; түйе жоңышқанікі – ұшында, бұршақтардікі – сайында, нүтта – дәннің тұмсығының төмен жағында , үрме бұршақпен сояның – ұзын жағының ортасында орналасқан.
Жұмыс реті:
1.Берілген дәндерді ботаникалық туыстас пен түрлерге белгілеңіздер.
2.Дәннің сыртқы белгілерімен танысыңыздар.
3.Төмендегі «кілт» бойынша дәнді бұршақ дақылдарды дәніне қарай анықтаңыздар (81-сурет).
Дәнді бұршақ дақылдарды дәніне қарап анықтау
1.Дәннің кіндігі дәннің қырында немесе бір жақ ұшында орналасқан................................................................................................................. ........................2
0.Дәннің кіндігі дәннің ұзын бойының ортасында орналасқан...........................................................................................................................................8
00.Дәннің кіндігі дәннің тұмсығының төмен жағында орналасқан.........................................................................................................................................11
000.Дәннің кіндігі дәннің шетіне тақау сайында орналасқан.........................................................................................................................................12
2. Кіндігі сызықша тәріздес, ашық немесе дәннің түсіндей. Дән ашық жасыл, сарғылт-қоңыр, тіпті қара, бір түсті немесе өрнектелген.........................................................................................................................................3
0. Кіндігі жіңішке, сызықша тәріздес, ұзын, ашық. Дән шар тәріздес, кейде овал, аздап басылған, сарғылт-қоңырдан қара түске дейін болады, көбінесе өрнектелген, дәннің диаметрі 2-5 мм.................................................................................................................... Екпе сжоңышқа.
00. Кіндік шенмен қоршалған..............................................................................................4
000.Кіндіктің шені жоқ, овал тәріздес, ашық немесе қара..................................................................7
3. Дәнді домалақ, жалпаққа тақау, шеттері қырлы, дәнінің диаметрі 5-9 мм.......................................................................................................................Ірі дәнді жасымық.
0. Дәні сәл дөмпиген, шеттері жұмыр, диаметрі 2-5мм ...............Ұсақ дәнді жасымық.
4. Шені барбиып тұрады, дөңкиген ашық немесе ақ түсті.....................................................................................................................................................5
0. Шені үлкен емес, дөмпиген, ашық түсті .............................................................................................................................................................6
5. Дәнді домалақ, аздап бұрышталған, қатты жаншылған, күрең немесе қызғылт-күрең, диаметрі 10-14 мм.......................................................................................Ақ бөрі бұршақ.
0. Дәні овал тәріздес, аздап бүйрек іспетті, сұрғылт немесе қара, шұбар өрнекті, диаметрі 3-5 мм ...................................................................................Көп жылдық бөрібұршақ.
6. Дәні домаланған, бүйрек тәріздес, сұрғылт-бу тәріздес, мрамор түсті өрнегі бар, диаметрі 8-12мм.........................................................................Сопақ жапырақты бөрі бұршақ
0. Дәні домаланған, бүйрек тәріздес, аздап жаншылған, ашық түсті, қара дақтармен өрнектелген, диаметрі 7-10 мм.... ..................................................................Сары бөрі бұршақ.
7. Дәні домалақ немесе бұрышталған, бір тегіс немесе бұжыр, ақ, сары, қызғылт, жасыл, диаметрі 4-9мм...............................................................................................Екпе бұршақ.
0. Дән сәл бұрышталған немесе домалақ, көбінесе жаншылған, сұрғылт, күл тәріздес, қоңыр, қара, көбінесе өрнектелген, диаметрі 4-7мм ..........................................Егістік бұршақ.
8. Кіндігі овал тәріздес, қос жұмыршағы бар ....................................................................9
0. Кіндігі ұзынша овал тәріздес, жұмыршағы жоқ............................................................10
9. Дәні бүйрек тәріздес, эллипс тәріздес, шарға тақау, цилиндр тәріздес, ақ, сары, жасылтым, қызғылт, қоңыр, қара, бір түсті немесе алапес, диаметрі 8-15мм................ Кәдімгі үрме бұршақ.
0. Дәні домаланған, цилиндртәріздес, сары, жасыл, қараға тақау, кейде шұбар, диаметрі 3-5мм ................................ ...........................................................Алтын сары бұршақ.
10. Дәні овал, бүйрек тәріздес, шар түрлі, әртүсті сары, жасыл, қоңыр, қара бір түсті немесе алапес, мөлшері 6-13 мм ..............................................................................Май бұршақ.
11. Кіндігі қысқа, жұмыртқа тәріздес. Дәні шар тәріздес, бұрыс – шаланған домалақ, тұмсығы бар, әртүсті ақ, сары, қызылдау, қара диаметрі 7-12 мм................................................................Нут
12. Кіндігі ұзынша эллипс тәріздес, дәннің шетіне қарай сайында орналасқан.........................................................................................................................................13
0. Кіндігі қысқа, овал тәріздес, дәннің жалпақ ұшында орналасқан...................
13. Дәні жалпақ, дөңгеленген жалпақ, қоңыр немесе қара, дәннің ұзындығы 7-30 мм ..................................................................................................................Мал азығындық бұршақ.
14. Дәні сына тәріздес, бұрыштай дөңгеленген, ақ сирекірек сұрғылт, қоңыр, алапес, мөлшері 6-14мм...........................................................................................................Екпе бүршақ
Дәнді бұршақ дақылдарының дәні.(Н.Мырзаханов бойынша)
1-бұршақ; 2-мал азықтық бұршақ; 6-нұт; 3-үрме бұршақ; 4-жасымық;5- және 8 бөрі бұршақ; 7-чина
Дәнді бұршақ дақылдардың дәнінің айрықша айырмашылықтары
Түрі
|
Дәндері
|
Кіндігі
|
Мөлшері, мм
|
Пішіні
|
түсі
|
Мөлшері пішіні, мм
|
түсі
|
Орналасқан орны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Әдебиеттер:
Н.Мырзаханов «Ауылшаруашылық негіздеріне арналған тәжирибе құралы» Алматы 1994 Республикалық баспа кабинеті
Тақырып атауы: Майлы және талшықты дақылдар
Сабақтың мақсаты: Талшықты дақылдардың айрықша белгілерімен танысу
Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Талшықты дақылдардың айрықша белгілері
Әдістемелік ұсыныс:
Талшықты дақылдардың айрықша белгілері
Талшықты дақылдар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың өкілдері талшықты тоқыма өсімдіктер өз сабақтарында ұзын жіпшелердің тобын түзеді. Екінші топқа негізгі тоқыма өсімдік мақта жатады. Оның жіпшелері дәннің қауызының сыртқы эпидермисінің клеткаларының талшықтары болып табылады.
І – тапсырма. Талшықты өсімдіктердің түрлерін анықтау және сипаттау.
Қажетті құралдар мен заттар: сұрыптайтын тақтайшалар, инелер, үлкейткіш шыны, жеміс пен тұқымның үлгілері, өсімдіктер гербарийі.
Тапсырмаға түсінік: талшықты дақылдар өздерінің вегетативтік және генеративтік жыныстық мүшелері, жемісі және тұқымдары арқылы ажыратылады.
Талшықты дақылдардың жемісі және тұқым ерекшеліктері
Белгілері
|
Сор
|
Зығыр
|
Мақта
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Жемісі
|
қорапша
|
жаңғақ
|
қорапша
|
Түрі пішіні
|
Қорапша домалақша
|
Жаңғақ дөңгелекше овал
|
Дөңгелекше жұмыртқа тәріздес
|
Мөлшері, мм
|
6 – 10
|
2 – 4
|
40 – 50
|
Түсі
|
Сары
|
Сұрғылт – жасыл
|
Қоңыр
|
Тұқым:
пішіні
|
Овал, жалпақ
|
Шар тәріздес
|
Дөңгелекше, жұмыртқа тәріздес
|
Ұзыны, мм
|
3 – 5
|
2 – 4
|
8 – 9
|
Бет бедері
|
Тегіс, жылтырауық
|
Тегіс
|
Күлтеленген
|
Түсі
|
Қоңыр
|
Сұрғылтың
|
Қара қоңыр
|
Талшықты дақылдарды сипаттағанда олардың төмендегі ерекшеліктерін айыру шарт:
Мәдени сордың екі негізгі түрлері өздерінің биіктігі, сабағының бұтақтылығы және қорабшаларының саны жағынан айырылады: ұзыншақ сор және бұйыра сор бұлардың түрше аралық түрі де бар..
Сордың түрлерінің негізгі айырмашылығы
Белгілері
|
Ұзыншақ сор
|
Бұйыра сор
|
Өсімдіктің биіктігі, см
|
70 – 125
|
30 – 50
|
Сабағының бұтақтылығы
|
Бұтақтанбайды
|
Қатты бұтақтанады
|
Қорабшалары, дана
|
8 – 12
|
30 – 50
|
Өндірістік қажеттілігі
|
Тоқыма дақыл
|
Майлық дақыл
|
2.Зығыр – екі үйлі өсімдік. Еркек гүлі бар өсімдіктер посконь деп аталса, әйел жыныстысы, аналық (аналықша) деп аталады. Қазірде де зығырдың қос жынысты түрлері сұрыпталған.
3.Республикада мақтаның екі түрлі – кәдімгі немесе мексикалық (орташа талшықты) және перуалдық немесе египеттік (жіңішке талшықты) мақталар өсіріледі. (42 – кесте).
4 – кесте.
Мақтаның түрлерінің айырмашылығы
Белгілері
|
Кәдімгі мақта
|
Перуандық мақта
|
Өсімдіктің биіктігі, м
|
1 – 1,5
|
1 – 3
|
Сабағы
|
Шашты
|
Жалаң
|
Жапырақ бөліктері
|
Қысқарған үшбұрышты
|
Ұзарған үшбұрышты
|
Күлте табанындағы дақтар
|
Жоқ
|
Бар, таңқурай түсті қызыл
|
Гүлдерінің мөлшері
|
Орташа
|
Ірі
|
Жұмыс реті:
1.Талшықты дақылдардың гербарий арқылы олардың сабағы, жапырағы және гүлдері мен танысыңыздар.
2.Жеміс және тұқымның сипаттамасы арқылы өсімдіктердің түрлерін анықтаңыздар.
3.Талшықты дақылдарды төмендегі үлгі бойынша сипаттаңыздар:
Белгілері
|
Сор
|
Зығыр
|
Мақта
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Сабағы
|
|
|
|
Жапырағы
|
|
|
|
Гүлі
|
|
|
|
Жемісі:
|
|
|
|
Түрі – пішіні
|
|
|
|
Мөлшері,мм
|
|
|
|
Түсі
|
|
|
|
Тұқымы:
|
|
|
|
Пішіні
|
|
|
|
Ұзыны,мм
|
|
|
|
Бет – бедері
|
|
|
|
Түсі
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Жемісінің суреті
|
|
|
|
Тұқымының суреті
|
|
|
|
Түрлерді сипаттағанда сор мен мақтаның түршелерін ажыратып өтіңіздер
Әдебиеттер:
Н.Мырзаханов «Ауылшаруашылық негіздеріне арналған тәжирибе құралы» Алматы 1994 Республикалық баспа кабинеті
Тақырып атауы: Көкөніс дақылдар
Сабақтың мақсаты: Көкеніс дақылдарын айрықша белгілері бойынша анықтау
Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Көкеніс дақылдарын айрықша белгілері бойынша анықтау
Әдістемелік ұсыныс:
Көкеніс дақылдарын айрықша белгілері бойынша анықтау
Көкөніс дақылдарына піскен бетінде немесе белгілі бір өңдеуден өткен соң, тамақтануға қолданатын бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер жатады.
Көкөністің түрлері олардың туыстасына (ботаникалық топтастыру), тамаққа пайдаланылатын органдары мен бөліктеріне (шаруашылық қасиеттері бойынша топтастыру) және биологиялық – өндірістік ерекшеліктеріне (агробиологиялық топтастыру) қалай топтастырылады.
Тапсырма. Көкөніс өсімдіктерді тұқымына қарап анықтау.
Көкөністерді тұқымына қарап ажыратудың мәні өте зор. . Тек қана капуста туыстасына жататын түрлердің тұқымдарын айыру қиыншылық тудырады .
. . Алқа бұқымдас көкеністер тұқымдары. (И.М.Вашенко бойынша)
1- қызан; 2-бұрыш;3-баклажан
.
Қажетті құралдар мен заттар: негізгі көкөніс дақылдарының тұқымдарының суреті салынған кесте, көкөніс тұқымдарының коллекциясы, туыстарға бөлінген дақылдардың тұқымдарының қоспасы, 3 – 5 есе үлкейткіш шыны, сұрыптайтын тақтайшалар, ине, 4 – 5 см, миллиметрлік қағаздың кесіндісі
Жұмыс реті: көкөністердің тұқымдарымен танысып төмендегі морфологиялық белгілері: мөлшері, көлемі, бет – бедері, пішіні және түсі бойынша сипаттаңыздар.
.Асқабақ тұқымдастарының тұқымдары. (И.М.Вашенко бойынша)
1- асханалық және ірі жемісті асқабақ; 2-қияр; 3- қауын; 4-қарбыз
Тұқымдар. (И.М.Вашенко бойынша)
1-салат; 2-пияз; 3-шпинат
Шатырша гүлділер тұқымдары. (И.М.Вашенко бойынша)
1-пастернак; 2-укроп; 3-сәбіз; 4-петрушка; 5-сельдерей
Достарыңызбен бөлісу: |