Тыңайтқыштар. Ол үшін азотты фосфор тыңайтқыштарын N40-60 P60-90 мөлшерінде берген жөн.
Тұқымды себуге әзірлеу. Себуге іріктелген, жақсы толысқан, 1000 дәнінің салмағы 50-60 г кем болмайтын тұқым қажет. Мұқият іріктелген тұқым себілген танаптар әр гектарынан 4-5 ц қосымша өнім алуға болады.
Тұқым себу. Себілген тұқым аралықтары бірдей болуымен қатар, олар 5-6 см тереңдікке сіңіріліп, топырақтың ылғалды қабатында жатқаны дұрыс.
Егістікті күтіп-баптау. Күнбағыстың өсуі кезіндегі қатар аралығын бір рет қопсыту, 6-8 см тереңдікте өсімдік биіктігі 40-50 см жеткенде түптеумен бір мезгілде жүргізіледі.
Егістікте жапырақ жегіш зиянкестер болса, әр гектарға 1,5 кг мөлшерінде 20% жабысқақ метафос ерітіндісімен немесе 30% жабысқақ метафос ұнтағымен өндейді. Көк шеп көбелегі құрттарына қарсы әр гектарға 1,5 кг мөлшерінде суда ерігіш 80% хлорофос ұнтағын шашады.
Тамырында тұрып тез құрғаған, піскен және кепкен дән алу үшін күнбағыс егістігінің әр гектарына 2-3 л реглон немесе 20-30 кг магний хлоратын, гүлдегеннен 40-45 күн кейін дәнінің дымқылдылығы 30-35% жеткенде самолет арқылы бүркеді. Ауаның тәуліктік орташа жылуы 13-14° С жоғары болғанда бүркілген дәрілердің әсері жақсы болады.
Тыңайтқыштар. Әр гектардан 20 ц тұқым, соған сәйкес сабағы бар майбұршақ өнімін алғанда, топырақтан 142 кг азот, 35 кг фосфор және 35 кг калий пайдаланылады. Тынайтқыштарды РУМ-8 және ІРМГ-4 машиналарымен енгізеді. Қышқылды күлгін топырақты жерлерде берілген молибден тыңайт-қышы түйнектік бактериялардың ауа азотын ұстауын күшейтіп, фотосинтездің екпінді жүруіне жағдай жасайды. Ол үшін 40-50 г молибден 1,0-1,5 л ыстық суда ерітіледі. Себуге әзірленген тұқымды дәрілегенде нитрагинмен бірге ПС-10 аппаратымен молибден де беріледі.
Тұқымды егуге әзірлеу және егу. Тұқымды себілгенше ұқыпты сорттайды, ірілерін біркелкі іріктеп себілуге тиісті стандарттың класына жеткізеді. Тұқымды себуден бір ай бұрын ауруға қарсы әрбір тонна тұқымға 3-4 кг 80% жабысқақ ТМТД, зиянкестерге қарсы әр тонна тұқымға 4-5 кг 65% жабысқақ фентиурам әзірлейді. Бұрын майбұршақ өсірілмеген жерде себетін тұқым нитрагинмен еңделеді. Тұқымды 12-14°С жылыған топыраққа 4-5 см тереңдікте себеді.Суармалы жерлерде топырақтың жоғарғы қабаты кебіңкірегенде ылғал жинау суаруын күні бұрын жүргізеді, ал суарылмайтын жерлерде тұкымды тереңірек сіңіреді.
Майбұршақты кең қатарлы әдіспен шаруашылықтағы машиналардың мүмкіндігіне және тұқымның сортына қарай қатар аралықтарын 45, 60, 70 см етіп себеді. Аласа, тез пісетін сорттардың қатар аралықтары 45 см, ертерек және орташа пісетіндер 60, биік өсетіндер мен кешірек және кеш пісетіндер 70 см тереңдікке отырғызылады.
Егістікті күтіп баптау. Суармалы және ауыр топырақты жерде, топырақтың су, ауа айналымын жақсартып және арамшептерді жою мақсатында 1-2 рет қатараралық қопсыту жүргізеді.Жапырақ жегіш зиянкестерге қарсы әр гектарға 1,0-1,5кг мөлшерінде 30% карбофос қолданылады. Ол үшін ОВТ-ІВ, ОН-400-3 бүріккіштерін немесе ОШУ-50А тозаңдатқышын қолданады.
Бақылау сұрақтары:
1.Майлы және техникалық дақылдар
2.Күнбағыстың ботаникалық, биологиялық ерекшеліктерімен өсіру технологиясы
3.Мақта, зығырдың ботаникалық, биологиялық ерекшеліктерімен өсіру технологиясы
Ұсынылған әдебиетер
Негізгі: 1. Ващенко И.М. Основа сельского хозяства- М. Просвещение 1987г
2. Ващенко И.М. Практикум по основым сельского хозяства М. 1982
3. Жанабаев С.А. Өсімдік өнімін өндіру технологиясы. Алматы 1996ж
4. Аяпов А.С. Жеміс жидек шаруашылығы Алматы 2001ж
5. Молдағүлов М.С. Ауыл шаруашылық негіздері практикумы А. Алматы 1976.
Қосымша;Агрохимия. Под.ред.Б.А.Ягодина.М;1982.
Растениеводство.Вавилов. П.П.М;Агропромиздат.1986.
Земледелие.Воробьев.С.А.М; Агропром издат 1985г
Овощеводство Матвеев В.П. М. Колос 1978
Почвеведение Кауричев П.С. Москва Колос 1982
Дәріс №10
Тақырыбы: Көкөніс дақылдар
Дәрістің мақсаты: Негізгі көкөніс дақылдармен танысу
Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:
1.Көкөніс дақылдары биологиялық негіздері, өсіру технологиясы
2.Е к і ж ы л д ы қ к ө к ө н і с д а қ ы л д а р ы
Көкөніс дақылдары тұқым шаруашылығының биологиялық негіздері
Тұқым шаруашылығындағы маңызды міндеттердің бірі шаруашылықтың құндылық белгілерінің өзгергіштік нормаларын сақтай отырып сорттың генетикалық ерекшеліктерін жетілдіре түсу болып табылады. Алайда, бұл міндетті орындауды тұқымның алуан сапада болуы қиындата түседі. Оның үш түрі бар.
Г е н е т и к а л ы қ а л у а н с а п а л ы л ы қ мутацияның немеес сорттар мен дақылдардың қайта тозаңдануының салдарынан болады. Оны азайту үшін сортты тазалауды жүргізеді және қайта тозаңдауға жол бермейтіндей тұқымдық өсімдік алыстан-ақ будандаса алатын басқа да сорттар мен түрлерін егіп орналастырады. Бұл орайда айқас тозаңданатын дақылдардың алыс қашықтықта, ал (томат, асбұршақ, үрме бұршақ) жақын қашықтыққа өздігінен тозаңданатын өсімдіктер егіледі. Бұрыш, баклажан, физалис талғап тозаңданатын өсімдіктерге жатады. Ауа райы құрғақ болғанда бұларда, әсіресе ащы бұрышта қиылысып тозаңдану байқалады
Сортты тазарту кезінде осы сортқа ұқсамайтын өсімдіктерді де, арамшөп болып ластайтын басқа өсімдіктерді де алып тастайды, немесе отайды. Биологиялық ластану туғызатын жабайы өсімдіктерді олар гүлденгенге дейін отап тастау керек.
М а т р и к а л д ы (а н а л ы қ) а л у а н с а п а л ы л ы қ әр бұтақтың әртүрлі мерзімде гулденуіне, ұрықтың өсімдіктің әр жерінде орналасуына, гүлшоғырына, дәнденуіне қарай болады да сонан барып қоректік заттармен біркелкі жабдықталмауына соқтырады.
Мысалы сәбіз бен көкорамның (капуста) сапасы жақсы тұқымдары әдетте бірінші және екінші қатардағы сабақтарында пайда болып қалыптасады және қатары жоғарылаған сайын нашарлай түседі. Сондықтан мұндай дақылдардың жаздың екінші жартысында шыққан бұтақша-жапырақтарын алып тастаған жөн.
Орталық бойбұтағы жақсы жетілмеген өсімдіктің ұрығы орталық бойбұтағы жақсы жетілгендіктен нашар болады.
Қызылшаның төменгі гүлшоғырындағы ұрықтар жақсы жетілетіндігі белгілі.
Қызанның (томат) жоғары біткен жағынан алынған ұрықтар төменгі жағынан алынған ұрықтарға қарағанда өсу энергиясы мол болады да тез пісетін өнім береді.
Э к о л о г и я л ы қ а л у а н с а п а л ы л ы қ тұқымдық өсімдік өсірілетін жердің топырақ және климате ерекшеліктерімен анықталады. Қызанның Новосибирде өсірген репродукциясынақарағанда Барнауылда өсіріліп алынған тұқымы неғұрлым шыдамды әрі өнімді.
Қ и я р
Қияр отырғызу үшін әдетте сорттау тазалығы кемінде ІІ категориялы элита және бірінші репродукциядағы тұқым пайдаланылады. Тұқымдық участкені суық жел өтінен қорғайтын жерден таңдап алудың маңызы үлкен, ал шағын алаңға отырғызған жағдайда тұқымды жарық өтетін жабудың астына отырғызса ол тіпті сенімді болады. Қиярдың көшеттері қайтадан отырғызуды көп көтере бермейді, сондықтан оны шымтезек салуға арналғаныдыстарда өсіріп барып отырғызу керек.
Тұқымдық учаскелерге тыңайтқыш сіңірудің нормасы қиярды азық-түліктік мақсаттарға өсіргендегідей. Ал фосфор және калий тыңайтқыштарының нормасы біршама жоғары болғаны жөн, өйткені бұлар ұрықтың біркелкі жетілуіне, өскіштік энергиясын көтеруге және ұрықтың салмақтылау болуына әсер етеді.
Егу мерзімі барынша ерте болуы керек. Жабу бар жерге ұрықты 1-5 маусымда, ашық топыраққа 15 маусымнан кейін егеді. Ұрықты қабық пайда болатын заттармен өңдесе 1-5 маусымда да отырғызуға болады. Егі нормасы көбейтілгені жөн, өйткені қатары ұйыса өскен қиярда тұқым тез қалыптасып жетіледі. Өнгіштігі жақсы ең ірі ұрық өсімдіктің қатарлары 70 см, тез пісетін сабағының ұзындығы орташа болатын сорттар үшін бір-бірінен 10-15 см қашықтықта болғаны дұрыс.
Қиярдың жоғары сапалы ұрығын алу үшін тазартудан сұйылтудан өткізудің маңызы үлкен. Бірінші сұйылтуды сабақтанып жапырақтана бастағанда гүл атқанға дейін, сондай-ақ өсімдіктің қалай өсіп келе жатқанына қарай жүргізеді. (Әлсізін жұлып тастайды). Екінші сұйылтуды жаппай көк жапырақ пайда болғанда, үшіншіні жаппай түйін тастарда жүргізеді. Ауру және өсімдікке қасиеті ұқсас еместерін, сондай-ақ кейбір өскіндерді олар пайда бола бастағанда-ақ жұлып тастайды.
Тұқымдық түйін өсімдікте 45-50 тіпті одан да көп күн болатындықтан оны түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғау керек, бұл қазір переноспороздың көп таралып отырған кезінде әсіресе қажет. Қорғауға агротехникалық және химиялық шаралар жатады, ол азық түлік үшін өсірілген көкөніс танаптарында да жүргізіледі, өңдеуді жиі қайталауға болады.
Тұқымдық қиярды тамыздың аяғында, қыркүйектің басында олар сортына тән түске айнала бастағанда жинайды. Алғашқы аздаған суық, шық жапырақты үсіткенмен тұқымдық түйінге зиян келтірмейді. Алайда тұқымдық қиярдф жинауды күшті үсік (минус 3-5 град.) жүргенге дейін созуға болмайды. Тұқымдық қиярды бір жолы бір-ақ жинап алып, ұрығы жетіле түсуі үшін босап қалған жылыжайда, қорада, кез-келген тұрғын үйде үсімейтіндей жерде сақтайды. Ұрық жылы жерде 15-20 күннен кейін әбден жетіледі, брамақпен басқанда жұмсақ көрінеді, дәмі қышқылдау болады. Енді оны бөлек алады.
Ұрықты осылайша жетілдіру әсіресе ШҚО облысының жағдайында оның сапалық қасиетін көтере түсудің өте тиімді тәсілі. Тұқымдық қиярдан алынған ұрық қатты болғанымен оны әлгіндей әдіспен жетілдіре түссе тіпті сарғаюы жаңа бастаған кезде жұлып алғанның өзінде де оның өнгіштігі 64-73 тен 95-98 пайызға дейін артатынын тәжірибе көрсетіп отыр, ал 1000 ұрықтың салмағы 11-21 грамнан 14-23 грамға дейін болады. Алынатын жарамды ұрық саны түйіннің түсі сырттай қарағанда жетілген, бірақ әлі де тығыз болған жағдайда көп болады.
Ұрықтың жақсы жуылуы үшін қиярдың ол бар өзегін 23-25 градуста 3-4 күн бойы ашытады. Одан ұзақ уақыт ашытса ұрықтың өніп кетуі мүмкін. Ашыту егер өзекті қолға алып сыққан кезде тек таза ұрық қалса аяқталды деп есептейді. Емен, көктерек, металдан жасалған ыдыстар ашытуға келмейді, өйткені бұларда ашытылған ұрық қарайып кетеді. Жуылған ұрықты қағазға немесе жұқа матаға салып жаяды. Құрғатқышта 35-40 град. температурада 10% -тік кондициялық дымқылдылыққа дейін кептіруге болады.
Шағын учаскеден таза сортты ұрық алу үшін (қайта тозаңдандыруға болатын жерде) ұрғашы гүлдерді қолмен тозаңдандыру керек. Бұл үшін еркек және ұрғашы гүлдерді олар ашылғанға дейін мақтамен бүркіп бөлектейді (күлтесі сары түсті болуы керек). Тозаңдандыруды таңертең сағат 7-ден 11-ге дейін жүргізеді. Алдын-ала еркек гүлдерді жұлып олардың күлтесін сабағынан бөліп алып ұрғашы гүлдерді (үш еркек гүлдікін бір ұрғашы гүлге) тозаңдандырады. Ұрғашы гүлдерді тозаңдандырғаннан кейін оларды тағы да бөлектеп белгі салады.
Тұқымдық түйінде ұрық 1 ден 3 пайызға дейін болады.
Қ ы з а н (томат, помидор)
Тұқымдық түйінді сол товарлы өнім үшін өсірілген өсімдіктен алады. Агротехникасының ерекшелігі мынада: көшет өте төзімді болуы керек, ал ол үшін гүл атқанға дейін азотты тыңайтқыш бермеген жөн, түйіннің ерте жетіліп пісуі үшін суперфосфат және калий тұздарына 10 л суға тиісінше 50 және 20 г қосып екі шаршы метр жердегі көшеттерге құяды (9). Тұқымдық түйін өсіру үшін ыдыста (горшокта) өсірілген көшетті 30 мамырдан кешіктірмей отырғызады.
Сорты және егілу сапасы бойынша жақсы тұқым өсімдіктің екінші-үшінші бұтақ ұштарында пайда болған піскен түйіндерден алынады. Түсімі аз, өзінің көлемі және формасы жағынан сорттың ерекшеліктеріне сай келмейтін жемістер тұқымға жарамайды. Тұқымдық жеміс беретін өсімдікті гүлденгенге дейін белгілейдә және түйін пайда бола бастағанда түпкілікті таңдап алады. Тұқым үшін піскенін бір жолы жинап алғаннан кейін қалғаны қайта толық піскен түйіндерді де пайдалануға болады.
Тұқымдық жемісті жұмсарып кеткенге дейін көлденең ортасынанкесіп ұрығын қасықпен алады да, шыны, жмаль немесе ағаш ыдысқа салады. Егер тұқымдық түйінде кілегейлі масса аз болса онда жемісті сығып оның шырынынұрық салынған ыдысқа қосады (су қосуға болмайды). Осындай күйдегі ұрық 2-3күнде ашиды. Ыдыстағы сұйық мөлдір болған кеззде ұрық түбіне шөгеді де, бетінде ақ қабыршық пайда болады, бұл процестің аяқталғанының белгісі. Ұрықты дәкеге салып таза судың ағынымен шаяды. Тазаланған ұрықты орамалға немесе сүзгіш қағазға жұқалап жайып кептіреді. Ол ауа жақсы келіп тұратын жылы да құрғақ бөлмеде жүргізіледі. Қыздырғыштарда пайдаланғанда температура 50 градустан аспауы керек. Құрғатылған ұрықты төгіліп тұруы үшін, түйіршіктеліп қалмас үшін алақанға салып үгітеді.
Бөліктері аз тез пісетін сорттардан алынатын ұрық жеміс түйіні салмағының 0,5-1 пайызындай, түйіні ірі бөлігі көп жемістің салмағының 0,15-0,5 процентіндей болады.
Т ә т т і б ұ р ы ш
Тәтті бұрыш өсімдігі жылуды қажет етеді. Ұрығы 8-13 градуста өне бастайды. Өсімдіктің қалыпты өсіп жетілуі үшін 18-25 градус жылылық керек. Ауаның және топырақтың ылғалы жетіспесе өсімдік солып гүлі түсіп қалады. Температура 13 градустан төмендесе өсімдік өсуін тоқтатады (9).
ШҚО облысының жағдайында бұрыштың сапалы ұрығын алу үшін жабуы бар жылыжай немесе жабудың өзі пайдаланылады.
Ыдыста өсірілгеніне55-65 күн болған көшетті жабуы бар жерге маусымның екінші онкүндігінде, ал ашық жерге мамырдың 25-30-ында отырғызады. Отырғызар алдында шұқынаққа көң және минералды тыңайтқыш салып, суды мол құяды. Өсімдікті 60-70 см х 25-30 см жүйесі бойынша орналастырады.
Өсіп өну кезеңінде міндетті түрде үнемі суарып, катарларын қопсытып отыру керек.
Тұқымдық өсімдікте сортқа тән сипаты бар 2-4 жетілген түйін қалдырады. Қалғанын техникалық пісуге жеткенде жинап алады. Жемісте жақсы ұрық 5-10 қыркүйекке дейін жинап алса жақсы қалыптасады. Өнген соң ұрық жетілгенге дейінгі кезең 120-160 күндей болады.
Жемісті биологиялық пісу фазасында, түйіннің түсі сортқа тән қызыл немесе апельсин сияқты сарғыш тартқан кезде жинайды. Жеміс түйіндерін күн сәулесі тура түспейтін бөлмеде сақтайды. Түйіннен ұрық алу үшін ұрық жинағышты жеміс сабағымен қоса қиып алады. Одан соң ұрық жинағыштап ұрықты алып кептіреді. Бұзылмаған түйінді ұрығын алған соң тамаққа қосып пайдаланады.
10 кг тұқымдық жемістен 80-100 г ұрық алуға болады, 1 өсімдіктен 6-10 г ұрық жиналады.
К ө к ө н і с т і к а с б ұ р ш а қ
Асбұршақ суыққа неғұрлым төзімді дақылдардың бірі. Тұқымы 4-6 градуста өне бастайды. Суыққа аса төзімді болғандықтан асбұршақты өте ерте себуге болады (5).
Минералды тыңайтқыштарды (әр шаршы метрге 30-40 г фосфорлы, 20-30 г калийлы) күзде сіңірген тиімді. Қышқыл топырақты әктендіру және әр шаршы метрге 40 грамнан есептеп ағаш күлімен тыңайту керек.
Тұқымды ерте көктемде қатарараларын 25-30 см етіп екі жолақ түрінде (50+20 см) себеді. Дән бір-бірінен 3-4 см аралығында түсіп, 4-6 см тереңдікке сіңіріледі. Гүлдеу кезеңінде өсімдіктің бүршігі бар алқызыл түсті гүлдерін алып тастайды. Дән толысу фазасында атбас бұршақтың белгілері білінгенөсімдіктерді жұлып тастайды, оның өзегінде қатты пергаментті қабат болады. (8)
Қантты бұршақпен араласқан сорттар жатып қалады, сондықтан ондай өсімдікті көтеріп байлап қою керек.
Өнім жинауды дән сарғая бастағанда қолға алады. Өсімдікті баулап байлап, қалқалы жерде 8-10 күндей кептіреді. Тұқымды жақсартуға арналған сорттарды ыстық күндері жинамайды, өйткені бұршақтың қабығы жарылып дәне жерге шашылып қалады.
Бастыруды қапшыққа салыптүйгіштеу арқылы жүргізеді, бірақ ұрықты жарып алмау үшін сақтықпен, байқапқимылдаған жөн. Бір өсімдіктен 10-20 г ұрық алуға болады.
Ш а л ғ а м (р е д и с)
Шалғам тұқымын өсірудің екі жолы бар, олар аналық ұрықты топыраққа ауыстырып салу және ауыстырмай салу. Мұның бірінші әдісін қолданған тиімді, өйткені ол тамыр түйнекті формасына, мөлшеріне, бояу түсіне қарай іріктеп алуға мүмкіндік береді. (8)
Аналық тамыр түйнекті мөлдір пленка немесе шынымен жабылған жылыжайларда өсіреді. Тұқымды аналық көшетті негізгі учаскеге еккеннен 30-35 күн бұрын, сәуірдің 1-10 аралығында себеді. Түйіні домалақша келетін ерте пісетін сорттарды араларын 5х5 см, түйіні сопақша болатын кеш пісетін сорттарды 7х7 см етіп себеді. Әр шаршы метр жерге 3-4 грамм ұрық кетеді. Элита тұқымды пайдаланған дұрыс. Түйін пайда болғанға дейін температураны 10-12 градуста ұстайды. Қалыптасу кезеңінде жылылық 15-18 градус болуы керек. Ерте пісетін сорттардың түйіндерінің диаметрі 1,5-2 см, кеш пісетіндерінікі 2,5-3 см болған кезде оларды қазып алып сағағын 4-5 см-дей етіп жапырағын кесіп тастайды және ортадағы екі сағақты қалдырады. Аналыққа түйінінің іші тығыз сорттарды іріктеп алады. Осы түйіндерді қайта отырғызғанға дейін жақсы сақталуы үшін топырақ,сиырдың қиы, су қосылғанбыламыққа салып қояды және салқын жердегі жәшіктерде сақатайды. Шалғамның түйіні домалақша келген сорттарының аналыған арнаулы ыдыстарда (6х6 немесе 7х7 см горшоктар) өсіруге болады. Әр ыдысқа 2 ұрықтан егеді. Өніп шыққаннан кейін біреуін алып тастайды. Түйін ыдыстағы топырақтың бет жағында қалыптасады, жарамсыз болса алып тастау керек. Жалпы ыдыстарда өсірілген аналықтар әрі тез өсіп жетіледі.
Аналықтарды егістікке отырғызуды 5-15 мамырда жүргізеді. Қатарларының алшақтығы 60 см, бір-бірінен қашықтығы 30 см болуы керек. Шұқанаққа көң, минералды тыңайтқыш немесе күл төгіп (1- қосымша) қанықтыра суарады. Аналық түйінді топырақпен жоғары бетін 1,5-2 см қалыңдықта тығыздай бүркей жабады.
Тұқымдық өсімдікті жетіліп пісу кезеңінде құстардың зиянкес жәндіктердің зақымдануынан қорғау керек.
Тұқымды өсімдіктің сабағы ақшыл сары, ал ұрық қызыл түске айналғанда жинайды. Жалпы тұқым еккеннен кейін 160-170 күннен соң жиналады.
Өсімдіктің бас жағын кесіп алып жақтап баулайды да көленкелі қалқаға ығыспаға іліп қояды. Кепкенен кейін қапшыққа салып бастырады. Бір өсімдіктен 20-30 грам ұрық алуға болады.
Қайдан ауыстырылып егілмеген шалғамнан ұрық алу бұдан едәуір оңай. Бұл әдіс үшін тек қана элита немесе бірінші сортты бірінші репродукцияның тұқымы пайдаланылады. Бірақ бұлар бұрын ауыстырылып егілген аналықтардан алынуы тиіс. Бұл тәсілдің кемшілігі мынада: өсімдіктің қажетті сортын іріктеп алу қиын, ал бұл сорт тазалығын төмендете түседі.
Ұрығы ірі тұқымдық сортты (екшелген) әр 10 шаршы метрге 4-5 грамнан қатараларын 60-70 см етіп ерте 5-10 маусымда егеді.
Араларын қатарда 5-6 см етіп бірінші жолы қопсытып сұйылтуды өсімдік жаппай каулап өскенде, екінші жолы қатардағы өсімдіктің арақашықтығын 25-35 см етіп тамыр түйнектері пайда бола бастағанда жүргізеді. Осылармен бір мезгілде арамшөптерден арылта жүргізіледі. Тамыр түйнектер қалыптасу кезінде жерді жеңіл тырмалайды, бұл түйнектердің бет жағының ашылып оларды мөлшері мен бояуының түсіне қарай іріктеп қалдыруды жеңілдетіге мүмкіндік береді. Екінші жолы тазарту гүлденудің алдында жүргізіледі, онда шанақтарының бояуының түсі сортқа сай келмейтін, сондай-ақ шатысып шыққан дүбара будандары (гибрид) өсімдіктерді жұлып тастайды. Оларды күшті жетіліп жапырағы жайылып түскеніне қарап оңай ажыратуға болады.
С а л а т (түрлі бақша өсімдіктері)
Тез пісетін көкөніс дақыладарының бірі, 5-14 градус температурада-ақ өніп шығады. Алайда тұқымының жетіліп пісуі үшін өніп шыққаннан кейін 100-160 күн керек. ШҚО жағдайларында ашық жерде көшетін отырғызбай-ақ ерте пісетін жапырақты сорттарын өсіруге болады. Көкорамды сорттарының тұқымын алуды көшетін өсіріп, отырғызу әдісімен жүргізуге болады.
Көшет 30-40 күн өсіріледі. Тұқымын көшет үшін наурыздың аяғында, сәуірдің басында егеді. Оны арнаулы жәшіктерде өніп шыққаннан кейін 10-12 градус температурада өсіреді. Өскінді 2 аптадан соң мөлшері 5х5 немесе 6х6 см болатын арнаулы ыдыстарда көшіреді. Көшетті бұнсыз да өсіруге болады. Ол үшін ұрықты арасын 5 см етіп себеді. Сұйылту өніп шыққан соң 4-5 см-ден жүргізіледі.
Көшетті ашық топыраққа 10-15 мамырда отырғызады. Алшақтық қатараларында 60-70 см, қатарда 30 см болуы керек. Шұқанақты жақсылап суарады. Дақылды көшетсіз өсіргенде тұқымды маусымның бірінші онкүндігінде әр 10 шаршы метрге 2-3 грамнан есептеп араларын 60-70 см етіп себеді және жапырақтары дегелек түзей бастап фазасында араларын 10 см етіп қалдырып сұйылтады.
Орамкөк басы пайда болған кезде ал жапырақты сорттарында дегелектің айқындалу фазасында өзіне тән емес, ауру, әр жаққа тарамдалып шыққан өсімдіктерді жұлып тастайды. Орамкөк тығыз және дегелегінің жапырағы ұйысып өскендерін қалдырады. Гүлді сабақтар пайда болғаннан кейін ауруларын және ұрығы нашар өскендерін шығыстап жұлып тастайды.
Орамкөк тығыз болып өскен өсімдіктің сабағы тез шығуы үшін көкорамның жоғарғы жағын крест секілді етіп кесіп қояды.
Гүл өсетін сабақтардың төменгі жағындағы ауыру, боз жапырақтарын алып тастайды. Сабақты аспа ағашқа байлап қояды.
Ұрықтың пісіп жетілуін гүлшоғырының күнгірт тартып, онда ақ мамық (ұлпа) пайда болуына қарап біледі. Тұқымдықты таңертең ерте кеседі, 5-10 данадан күлтелеп баулап жақсы желдетілетін қалқаның астына іліп қояды. Жинауды дер кезінде жүргізу керек, өйткені пісіп кеткен ұрық төгіледі және жеңіл болғандықтан желмен ұшып кетеді. Салат ұрығының түсімділігі 1 шаршы метрден – 30-40 г, бір өсімдіктен – 5-10 г.
Е к і ж ы л д ы қ к ө к ө н і с д а қ ы л д а р ы
Екіжылдық дақылдардан (ақбасты, қызылбасты, савой, брюссель, кольраби орамкөктері (капуста), сәбіз, қызылша, шалқан, пияз) тұқым алу үш буыннан: аналықтарды өсіру, оларды сақтау және тұқым өсіруден тұрады.
А қ б а с т ы о р а м жапырақ (белокачанная капуста)
Тұқымдық орамжапырақтың аналығын азықтүліктік мақсаттағы орамжапырақтікіндей әдіспен өсіреді. Алайда басы өте пісіп және жарылып кетпес үшін орташа мерзімде және орташа мерзімнен кеш пісетін сорттарын 5-10 күн кеш отырғызады. Өте пісіп кеткен аналықтар нашар сақталады. (1,5) Ерте пісетін сорттарын (нөмір бірінші Грибовский 147 және басқасын) маусымның басында отырғызады. Аналықтарды қыркүйектің аяғында жинайды. Олар 4 градус одан да төмен суыққа ұрынбауы керек. Үси бастаған орамжапырақ ұрығы сақтаған кезде бұзылып кетеді немесе келесі жылы жылбысқа бактериозбен ауырады.
Тұқымдық мақсатта сол сортқа тән орамжапырақтың басы алынады. Оны түбірі, тамырымен қазып алуға ауыруға шалдықпағанына көз жеткізеді. Іріктеп алынған өсімдіктің орамжапыраққа тиіп тұрған 2-4 жапырағынан басқасын 1,5-2 см түп жағынан қалдырып қырқып тастайды. Аналықтарды планкаларының арасы 10-15 см болатын торлы төсеніштерге басы мен өзегін төмен қаратып қояды. Егер аналықтар көп болса, оларды қос-қостап байлап қояды. Төсегіш тік сәкілер жеткіліксіз ал орамкөк басы көп болған жағдайда оларды торкөзге өзегін іш жаққа қаратып текшелеп үйеді. Оның биіктігі жақсы сақталатын сорттар үшін 1,7 м, әлсіздері үшін 1 м болады. Сақтайтын орынның температурасы 0-1 градус, ауаның салыстырмалы дымқылдығы 90-95 процент болуы керек. Осындай режимде қаудырлағыш жапырақтар кебе түсіп қарашіріктің болуын тежейді. Орамжапырақ басын ауруға шалдығудан сақтау үшін сәкінің астына әк салынған жәшік қояды.
Сәуірдің ортасында орамжапырақтың бастарын шіріген жапырақтардан шіріген ұсақ түбіршектерін кесіп тастайды және ұшындағы бүршікті бүлдіріп алмайтындайеппен өзегін тіледі. Содан кейін осы өзектерді тамыр жағын ішке қаратып көң араластырып отырып отырғызады. Бір орамжапырақ өзегіне 1 килограмм субстрат (қорек қоры) керек. Осылайша орналастыру жарық түсіп тұратын жерде жасалады. Орамжапырақ өзегінің жетіліп өсуі үшін температтура 7 градустан аспауы керек. Егер өзегі сыртта болса оны суық болған кезде пленкамен немесе шөп шалаңмен жауып қояды. Өсіретін орамжапырақ өзегі аз болса, далаға отырғызардан 2-3 апта бұрын оны жылу жақсы келіп тұратын жерге топырақ салып өнбойының 1/3 бөлігіне дейін қатарлап отырғызады.
Алғашында оны сабанмен қалыңдап жауып, соңынан қабатын біртіндеп азайта түседі, ал отырғызуға 5-6 күн қалғанда бәрін қайта алып, түнде үсімеуі үшін ғана жауып отырады.
Тұқымдық орамжапыраққа құнарлы суармалы жер бөлінеді, әр ол участке самалдың өтінде, қар мен еріген қар суы тез ағып кететіндей оңтүстік-шығыс немесе оңтүстік-батыс жаққа қарай ойпаңдау болғаны жөн
Алғашында оны сабақпен қалындап жауып, соңынан қабатын біртіндеп азайта түсу, ал отырғызғанда 5 – 6 күн қалғанда бәрін қайта алып, түнде үсімеуі үшін ғана жауып отырады.
Тұқымдық орамкөкке құнарлы суармалы жер бөлінеді, әрі ол учаскеге самалдың өтінде, қар мен еріген қар суы тез ағып кететіндей оңтүстік – шығыс немесе оңтүстік – батыс жаққа қарай ойжаңдау болғаны жөн. Тұқымдық орамкөкті ешқандай жағдайда сол топқа жататын сорттармен бірге орналастыруға болмайды.
Күзде тоырақты өңдеу алдында көң ( әр шаршы метрге 5 кг – дан ) төгіп, ал көктемде минералды тыңайтқыштар сеуіп жаяды. Орамкөк өзегін сәуірдің ортасында отырғызады тамырын алып, көң, топырақ, сиырдың қиы араласқан быламықпен әктеседі. Отырғызу жүйесі 70х50х60 см өзекті тереңге өнбойы топыраққа қоршалуы керек. Отырғыза салысымен өсімдікті қанағаттанатындай мол суғару қажет.
Отырғызылған тұқымдықтарды сабын араласқан көңмен немесе сабанмен үсіктен және күн сәулесінен күйюден сақтау үшін бүркей жабады. Екі аптадан кейін ескі жапырақтардың түбіршектерін бактериоздан сақтау үшін алып тастайды.
Гүлдер алдында өсімдіктің арасына қазық қағып, оларды бір – бірін жалғастыратын сымтемірмен немесе шпагат жіппен байлап тартып қояды. Гүлатқыштың өсуіне қарай тағыда қосымша биіктеу етіп жіп тартады. Орамкөк 30 күндей гүлдейді. Ұрықтың жетіліп қалыптасуы тағы да 40 – 50 күнге созылады. Олардың түсіуі тежелмес үшін гүлдейтін бойбұтақшаларын алып тастап отырады. Тұқымды өсімдікті тұтас кесіп алу арқылы немесе кей бұтақтарын кесіп алу арқылы жинайды. Мұны таңертең ерте немесе кешке жақын істейді. Сабақтарды 2 – 4 данадан біріктіріп баулап байлайды да тұқым жақсы жетіле түсуі үшін 2 аптадан қылқанның астына бір біріне тығыз тұрмайтындай етіп іліп қояды. Жерге, еденге төгіліп түскен ұрықты жинап алу үшін брезент немесе пленка төсейді. Кептіргеннен кейін ұрықтың қышқылдығы 13 проценттен аспауы керек.
Тұқымды қолмен бастыруды резеңке кілемшелермен жасалған үккішпен істейді. Бастырылып алынған тұқымды елеуішпен елеп өсімдіктің қалдықтарынан және көң қоқыстан тазартады. Сондай – ақ диаметірі 1мм – ден аз өнімділігі жоқ тұқымды сорттап бөледі. Тұқымды түпкілікті жақсы кептіріп алу үшін оны температурасы 25 – 30 градус бөлмеде қалыңдығын 1 – 2см етіп жаяды. Бір өсімдіктен 40 – 50 г. тұқым алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |