2. Пән туралы деректер



жүктеу 9,69 Mb.
бет4/8
Дата26.05.2018
өлшемі9,69 Mb.
#17997
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәнді бұршақ дақылдары

Көптеген мал азықтық дақылдар ішінде дәнді бұршақ дақылдары құрамы жағынан аса бағалыларға жатады. Дәнді бұршақ дақылдарының құрамына енетін белоктың басым көпшілігі ауадағы азотты сіңіру арқылы құралады. Олар тамырындағы түйнек бактерия жинақтары арқылы ауа азотын топыраққа сіңіреді де, оны азотпен байытады. Бұл топырақтың құнарлылығын арттырып, келесі себілетін дақылдардың өнімін, құрамындағы белок сапасын жақсартуға жағдай туғызады.

Осы топқа жататын дақылдар тұқымындағы өсімдік белогы дәнді дақылдармен салыстырғанда 2-3 есе көп болады. Бұршақ дақылдарының дәні ет орнына жүретін бірден-бір бағалы тағам. Қытай, Үндістан және басқа да Азия елдерінде оларды дән және ұн, консервілер ретінде көптеп пайдалануда.

Дәнді бұршақ дақылдарының тұқымында белоктармен қатар сутегі қосылыстары, бірқатарында майлар көптеп кездеседі. Бұршақ дақылдары дәнінде А1, В1, Д1, Е, С витаминдерінің молдығына орай мал азықтық және тағамдық бағалылығы арта түседі, сонымен қатар тамақ және қайта өңдеу өнер-кәсібі үшін теңдесі жоқ шикізат.

Көптеген бұршақ дақылдарынан дән өндірумен бірге бағалы шөп, малға қоректік ұн, көк шөп, сабақ және басқа қалдықтар алынады. Құрғатылған шөбінде 8-15% белок болады, осыған қарай оның сапалылығы дәнді дақылдардан 3-5 есе асып түседі. Жүгеріге қарағанда дәнді бұршақ дақылда-рындағы белоктың 2,5-3 есе артық болуына байланысты, азықтық құрамын жақсарту мақсатында, оны жүгері дәнімен, сүрлемімен қоса пайдаланады.

Егістіктің әр гектарында дәнді бұршақ дақылдары 100- 400 кг дейін ауа азотын жинақтайды, осы азоттың біршамасы олардың өнімінен алынғанмен, 25-40% топырақта, сабақ, тамыр қалдықтарында қалып, ауаға қайта шығады.

Топырақ қосындысы құрамына енетін ауа азотының мөлшері егіліп отырған дақылға, оны баптап-күтуге, қоректік заттарға, жарыққа және топырақтың сапасына, органикалық заттарға бай болуына тікелей байланысты. Қолайсыз жағдайда өсірілгенде өсімдіктің азотқа деген талабы, түйнек бактерияларының ауа азотын нашар ұстауына қарай, азоттың топырақтағы қорымен ғана қанағаттандырылады.

Егіншілік мәдениетін көтеруде және көп танапты егістік құрамындағы дақылдардың өнімін жоғарылатуда бұршақ дәнді дақылдары тиімді әсер етеді. Топыраққа жиналған органикалық қосылыстар азот мөлшерін ғана жақсартып қоймай, топырақтың ерімейтін қосылыстарын пайдалануға жағдай туғызады.



Ботаникалық сипаттамалары. Дәнді бұршақ өсімдіктері бұршақ тұкымдасына (Ғаbaceae) және көбелек туыс тармағына (Рарiliona) жатады. Бұршақ өсімдіктерінің тамыр жүйесі кіндік тамырларға жатады. Топыраққа терең кеткен кіндік тамырдан тараған жіңішке тамыршалардың басым көпшілігі топырақтың қопсытылып, өңделетін 20-25 см қабатына орналасады.

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің, әсіресе, салалы жұп қатар жапырақтыларының сабағы жерге жатып өседі, ал салалы дара қатар жапырақты (ноқат), үш бөлікті (соя, фасоль) және саусақ салалы жапырақтылары (бөрі бұршақ түрлері) мықты, тік өседі.

Жоғарыда көрсетілгендей бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырақтары күрделі бірнеше жапырақшалардан тұрады. Олар жапырақшаларының санына, тұқымының топырақ бетіне көктеп шығуына қарап үш топқа бөлінеді:

1. Қатар салалы жапырақтыға және тұқымы сіңірілген тереңдікте қалатындарға - бұршақ, чина, жасымық, атбас бұршақ, сиыр жоңышқа және ноқат жатады. Дара қатар салалы жапырақты ноқатта оралма қылқан болмайды, ал қалған дақылдарда дара қатар жапырақшаның орнында оралма қылқандар болады. Сондықтан мал азығына арнап еккенде оларды сабағы тік, берік дәнді дақылдармен қоса, немесе бір сабаққа екіншісі тірек болу үшін қалыңдау себеді.

2. Үш бөлікті жапырақты соя мен фасольдың кейбір түрлері тұқым жарнағын топырақ бетіне ала өседі. Сондықтан бұл дақылдарды сепкенде ұсынылған тұқым сіңіру тереңдігі сақталуы қажет.

3. Саусақ салалы жапырақты бөрі бұршақ түрлері де тұқым жарнағын топырақ бетіне шығарады.

Бұршақ дәнді өсімдіктердің гүл жапырақшалары күрделі болып, қос қанаттан, желкемнен, кайықшадан, он аталық, бір аналықтан тұрады. Күлтелерінің түсі ақ түстен шымқай қызыл, күлгін түске дейін өзгеріп отырады.

Жемісі бұршақ тәріздес, бір немесе көп дәнді, сабақты бұршақ, піскен кезде бұралу арқылы дәнін шашатын, жоғарыдан төмен ашылатын құрғақ жемістілерге жатады. Дәндері қысқа, сабағы арқылы, жеміс жармаларына бекиді.



Ас бұршақ

Елімізде егіс көлемі жағынан және шаруашылықта жан-жақты пайдалануына байланысты ас бұршақ (горох) -дәнді бұршақ дақылдарының бастысы болып саналады. Ас бұршақ дәнінде 28% белок, 62,45% көміртегі қосылыстары және қоректік манызы бар витаминдер, минералдық тұздар молынан кездеседі, ал белогы сапасы жағынан тек жануарлар белогынан ғана кемдеу.

Толық піскен дәні тағам дайындауға, ал пісіп жетілмеген дәндері мен бұршақтары консерві жасауға пайдаланылады. Мал азығы ретінде көктей шабылған, ұнтақталған ұн күйінде жұмсалады. Көктей шабылғанда құрамында 2,9%, дәні сүттеніп піскен кезінде орғанда 4,3% шамасында, шөпке шабылған-да кәдімгі бұршақ құрамында 17%, астыққа егілген бұршақта 17-24% протеин болады.

Бұршақтың түр тармақтары. Себіліп жүрген ас бұршақ Ріsum Sativum түріне жатады. Бұл түрге екі түр тармағы кіреді: 1) кәдімгі егістік ас бұршақ—Р. Sativum және 2) дала бұршағы —Р. аrvence.

Дала бұршағы аз тараған, егістік бұршақ арасында арамшөп ретінде кездеседі. Өсетін орта жағдайын талғамайтындығын және қысқа мерзімде пісетіндігін ескеріп оны жеңіл құмды топырақты жерлерде мал азығы үшін өсіреді.

Бұршақтың осы екі тармағын оңай ажыратуға болады. Кәдімгі егістік бұршақтың гүлі ақшыл, дәні ақ, сары немесе жасыл, дөңгелектеу келеді, ірілігімен оқшауланып тұратын жанама жапырақтарының қолтығында қызыл дақ кездеспейді.

Дала бұршағының гүлі қызыл-күлгін сұр, қоңыр немесе қара түсті, дәні төрт бұрыштылау.



Ас бұршақты өсіру ерекшеліктері. Алғы дақыл. Ас бұршақтық жас өркені арамшөптерден көп зардап шегеді. Сондықтан оны егетін жерді арамшөптен тазарту үшін алғы дақыл ретінде отамалы дақылдарды (жүгері, қант қызылшасы, картоп) және күздік дәнді дақылдарды пайдаланады.

Топырақты өңдеу тәртібі ерте егілетін жаздық дақылдар танабын өңдеумен бірдей. Топырақ шайылып, бұзылмауы үшін біткейлерге егілген бұршақ егістігінде негізгі жырту көлденеңінен жүргізілсе, топырақ жайылмай әр гектар жерде 300-500 м3 қосымша судың жиналуын қамтамасыз етеді де, 2-4 центнерге дейін қосымша өнім береді.

Бұршақ танабын тыңайту. Бұршақ дақылының әр гектарына 4-5 ц күл, 45-60 кг Р2О5 және 45-50 кг К2О минералды тыңайткыштары топырақты негізгі өңдеу алдында енгізіледі.

Тұқымды себуге әзірлеу. Себуге жақсы тазаланған, ірі тұқымды пайдаланады. Бұршақ дәнінің зақымданғандарын бөлектеу үшін себуге арналған тұқымды, 10 литр суға 4 кг ас тұзы қосылған ерітіндіге батырғанда су бетіне қалқып шыққан дәндер себуге жарамайды. Бұршақтың аскохитоз, фузариоз ауруларға қарсы себілетін тұқымнын әр тоннасын 4-6 кг фентиурам-молибдатпен тозаңдатып дәрілейді. Бұршақтың басқа зиянкестері мен ауруларына қарсы, тұқымды себуге 3-6 ай қалғанда, әр тонна тұқымды 3-4 кг ТМТД препаратымен дәрілейді.

Бұршақ жақсы өніп, ерте пісуі үшін әсіресе солтүстік аудандарда себілетін тұқымды 4-5 күн бойы ыстық ауамен желдетіп, ал себер алдында молибден ерітіндісімен және интрагинмен өндейді.

Тұқымды нитрагинмен өңдеудің маңызы бұршақты жаңа жерге еккенде арта түседі.

Көктем жауын-шашынсыз болғанда бұршақтың қолайлы себу мерзімі майдың екінші онкүндігінің аяқ кезі, ылғалы жеткілікті жағдайда топырақты өңдеудің алғашқы мүмкіншілігі туған кезде ерте сепкен дұрыс.

Тұқым себу көп жерлерде жай немесе тар қатарлы әдістермен жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан жағдайында тұқымды себу мелшерін көбейтсе тар қатарлы әдіспен себілген егістіктен көп өнім алынады. Екі жолды 15X45 см немесе кең қатарлы 45 см себілген бұршақ, жай қатарлы әдіспен салыстырғанда әр гектардан алынатын өнімді 2-3,4 ц аз береді.

Тұқымды себу мөлшерін орталық аудандарда әр гектарға 1,2-1,3 млн дана немесе 120-200 кг дейін жеткізуге болады.

Механикалық құрамы орташа, ылғалы мол топырақта бұршақ тұқымын сіңіру тереңдігі 6-7 см, ал жеңіл топырақта 8-10, жауын-шашыны аз көктемде 10-12 см жеткізіледі.

Арамшөптерге қарсы бұршақ егістігі танабын тырмалау топырақ беті қабыршағын болдырмайды, оның ауа және қоректену режимдерін жақсарта түседі. Алғашқы тырмалауды көктегенге дейін тұқымды сепкеннен 4-6 күннен соң, екіншісін бұршақ сабағы 5-6 см биіктікке жеткенде, құрғақшылық жағ-дайында түс мезгілінде жүргізеді.

Бұршақ көктеп шыққанға дейін арамшөпке қарсы әр гектарға 3-4 кг прометрин немесе 1,5-2 кг линодрон, ал үш жапырағы пайда болған кезде 2,5-3,8 кг 2М —4ХМ гербицидін қолданады.

Піскен бұршақ өнімін жинаудың да өз ерекшеліктері бар. Бұршақтың төменгі дәндері ерте, жоғарылары кеш піседі. Пісіп кеткен бұршақ қабығы тез ашылады, тұқымның төгілуіне байланысты орып, жинау қиындай түседі. Піскен тұқымның шығынын азайту мақсатында, барлық дәннің пісуін күтпестен-ақ, бұршақтардың 50-60% сарғайып, дәндері қамырлана бастаған кезден бастап бөлектеп жинау әдісімен ЖРБ-4,2 жаткасымен дестеге салады, одан 2-3 күн өткесін кәдімгі дән жинағыш комбайндармен бастырады. Бірақ бұршақ дәнінің уатылмауы үшін, бастырғыш барабанды көтеріп, оның бір минуттағы айналу жылдамдығын 450-500 ретке дейін азайтады.

Бұршақ бір уақытта піссе оны жинауды оңтүстік аудандар да тікелей ору әдісімен де жүргізеді. Өнім жинау кезінде дән ысырабына жол бермеу үшін, оны 3-4 күнде бітірген жөн, ал жиналған дәнді тез тазалап, 13-14% ылғалдылыққа дейін кептіріп қоймаға құяды.
Бақылау сұрақтары:

1.Дәнді бұршақ дақылдарының ботаникалық сипаттамалары..

2.Ас бұршақтың ботаникалық, биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиясы..

3.Үрме бұшақ, май бұршақ, ноқатттың иботаникалық, биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиясы


Ұсынылған әдебиетер:

Ұсынылған әдебиетер

Негізгі: 1. Ващенко И.М. Основа сельского хозяства- М. Просвещение 1987г

2. Ващенко И.М. Практикум по основым сельского хозяства М. 1982


  1. 3. Жанабаев С.А. Өсімдік өнімін өндіру технологиясы. Алматы 1996ж

  2. 4. Аяпов А.С. Жеміс жидек шаруашылығы Алматы 2001ж

5. Молдағүлов М.С. Ауыл шаруашылық негіздері практикумы А. Алматы 1976.
Қосымша;Агрохимия. Под.ред.Б.А.Ягодина.М;1982.

Растениеводство.Вавилов. П.П.М;Агропромиздат.1986.

Земледелие.Воробьев.С.А.М; Агропром издат 1985г

Овощеводство Матвеев В.П. М. Колос 1978

Почвеведение Кауричев П.С. Москва Колос 1982

Дәріс №8
Тақырыбы: Тамыр түйнек жемістер

Дәрістің мақсаты:Негізгі тамыр түйнек жнмістерімен танысу

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

1.Картоптың морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы

2.Қант қызылшасының морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы

Түйнек жемістілер тобына төмендегі мәдени өсімдіктер: картоп, жер алмұрты, салат, маниока, ямс жатады. Картоп көп жылдық шөптектес өсімдік. Мәдени түрі бір жылдық дақыл ретінде пайдаланылады. Түйнекті еккеннен жаңа түйнектер түзгенге дейінгі өмір циклі бір вегетациялық кезеңде өтеді. Картоптың жапырағы үзілмелі, қос-қостанбаған жүйкелі, бөлшектенгіш болып келеді. Гүлі әр түсті, жемісі шар тәріздес, шырынды жидек. Жер асты сабақтарының қалтарыс бүршіктерінен жер асты сабағы – столон дамиды да, олардың ұштарында түйнектер түзіледі.



Картоптың морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы

Халық шаруашылықтық маңызы. Картоп — аса маңызды, «екінші нан» атанған адам тағамы, мал азығы және өнеркәсіптік шикі зат ретінде кеңінен қолданылатын екпе дақыл. Оның түйнегінде 14—22% крахмал, 2% шамасындай белок, С1 В1 В2 және басқа витаминдер болады. Крахмал, спирт, декстрин және басқа заттар алуға пайдаланылады.

Мал азықтық құндылығы жөнінен ол көптеген дақылдарданг соның ішінде қант қызылшасынан да асып түседі. Картоп сабағы мен жапырағын мал онша сүйсініп жемейтіндіктен оны басқа дақылдарға қосып сүрлем жасайды. Қартоптын, 100 кг түйнегінде 30 кг, сабағы мен жапырағында 12 кг мал азық өлшемі және 2 кг белок бар. Картоп түйнегінде, әсіресе, қабығында соланин улы заты кездеседі. Тамаққа пайдаланылатын картоп құрамында ол 0,02% аспауы қажет, ал түйнек өсіп,. жарықта көгерсе оның мөлшері өте көп болады. Ондай түйнектерді тек мал азығы ретінде қайнатып беру арқылы пайдаланады.



Шығу тегі және есіретін аудандары. Қартоп Орталық және Оқтүстік Америкада бұдан 2 мын, жыл бұрын екпе дақыл ретінде өсірілген, ол жерлерде қазірдің өзінде де оның жабайы туыстары кездеседі.

Европаға картоп XVI ғасырда, Россияға XVIII ғасырдың басында әкелінген. Картоптьщ негізгі егіс көлемі Ресей, Украина, Белоруссия және Балтық бойы республикаларында орналасқан.



Өнімділігі. ТМД-елдерінде картоптьщ әр гектарынан орташа 112ц„ әлемде 134 центнерден өнім алады. Ал Европа елдеріндегі көрсеткіш одан да жоғары—300.ц мөлшері, Солтүстік Америка-да —224 ц.

Ботаникалық сипаттамасы. Картоптын, (Solanum tuberosum) 200 түрі бар, алқалылар тұқымдасына жататын өсімдіктердің ішіндегі көп тараған екпе дақыл. Жер үстіндегі сабағы мен жапырағы жыл сайын өлетін көп жылдық өсімдікке жатады. Бірақ қоныр салқын аймақтарда, қыстың қаттылығынан өсетін түйнек бүршіктері өлетін болғандықтан, бір жылдық өсімдік ретінде өсіріледі.

Картоптың тамыр жүйесі көбінесе топырақтың жыртылатын қабатында орналасады. Өсе бастаған сабақ түйнегінде көп кідірмей-ақ екінші және негізгі тамыр жүйелері пайда болады да, артынан жыланбұтақ тамырлар өседі.

Сабағы тік бұтақтанған, 3—4 қырлы, орташа биіктігі 0,5— 1 м, кейде қызғылт антацион түсті. Әр түптегі сабақ саны 4— 8 жетеді. Сабақтың жер астындағы бөлігінде түрі өзгешелеу, ұзындығы 5—40 см жететін сабақ бұтақтар — столондар пайда болады. Әр түптегі мұндай бұтақ саны 4—5, оның бәрі де түйнекпен аяқталады.

Картоп түйнегі — өте өзгеріп қысқарған сабақтың бұтағы. Картоп түйнегінің сабаққа жалғанатын жері ойықтау, оны кіндік бөлімі деп, оған қарама-қарсы көздері көп, өнуге ете икем жағын түйнектің ұшы деп атайды. Түйнектің төменгі және жоғарғы жағы деп бөледі. Төменгі жағының көздері тегістеу болса, жоғарғы жағы көп көзді дөңестеу келеді. Ең тез өнетін бүрлер түйнектің ұшы — жоғарғы жағындағы көздерден шығады.

Картоп түйнегі дөңгелек, сопақ, ұзынша, түсі ақ, қызыл, көк, сары болады. Түйнекті көлденеңінен немесе ұзыннан кесіп қарағанда тығынды қабықтан, түйнек қабығынан, өткізуші сақиналардан, орталық ұлпалар қабығынан тұратынын көреміз. Түйнек қабығы және өткізуші сақина арасында камбий қабаты орналасады. Тығынды қабық түйнекті кеуіп қалудан және түрлі ауру қоздырғыштардан сақтайды.

Картоп жапырақтары күрделі сабақты, ұшында дара тұрған және төменінде 4—5 жұп жапырақшалардан, олардың ортасында орналасқан жапырақ бөлікшелерінен тұрады.

Гүл шоғыры 2—3—4 жапырақшасы біріккен тостағаншадан құралады. Жеке гүлі бес немесе алты жапырақты күлтесі ақ және көк түсті болады. Картоп өздігінен тозаңданатын өсімдіктерге жатады.

Тұқымы екі ұялы, көп дәнді, шырынды, көк түсін жоймайтын, дөңгелек немесе сопақтау, помидорға үқсас жеміс. Тұқымы үсақ, сары немесе қоңыр, 1000 тұқымының салмағы 0,5—1,0 г.

Картоптың өсу ерекшеліктері, ауыспалы егістегі орны. Картоптың жақсы алғы дақылдарына — күздік дәнді және дәнді бұршақ дақылдары, көп жылдық шөптер және жүгері жатады. Егер егістік танабында картоп аурулары мен зиянкестері болмаса және топырақ жақсы тыңайтылса картопты сол жерге қайта отырғызуға да болады. Қазақстан жағдайында картоптың ең жақсы алғы дақылдарына — көп жылдық шөп егілген жерді тыңайтып алып жыртылған танап, тыңайтқыштар ендірілген көкөніс дақылдары мен ас бұршақ егілген жер жатады.

Картоп егістігін өңдеу. Картоп егетін танап топырағын өңдеу жүйесі ауа мен су жақсы сіңетін, қопсытылған қалың топырақ қабатын жасауға бағытталған. Картоп ерте және терең айдалған сүдігерді ұнатады. Сондықтан жырту қабаты тайыз топырақтарда, тереңдеткіштер қолданып, жырту тереңдігін 22—25 см жеткізеді.

Орманды дала және далалық аудандарда күздік дақылдардан кейін картоп отырғызса егістікті жартылай пар ретінде өңдеп 27—30 см тереңдікке жырту жақсы нәтиже береді.

Ылғалдылығы аз аудандарда топырақты қайырмай терең қопсыту, оны жел ұшыруынан сақтап, ылғалды көп жинауға мүмкіндік береді. Бұл аймақтарда қыста қар тоқтату ұйым-дастырылады. Ерте көктемде егістік 1—2 ізбен тырмаланады. Ылғалдылығы жеткілікті жерді тырмалап, органикалық тыңайқыштар бергеннен кейін, бұрынғы тереңдіктен 5—7 см тайыздатып қайта жыртады. Тыңайтқыш күзде берілген болса, қайта жыртпай, 14—16 см қопсытады.

Тыңайтқыштар. Дәнді дақылдарға қарағанда картоптың өсіп, дамуына қоректік заттар анағұрлым көп керек. Әр гектардан картоп түйнегінің 300 ц өнімін алғанда, топырақтан 120—150 кг азот, 60—75 кг Р2О5, 240—300 кг К2О, 40 кг Са, 15 кг артық Мg шығын болады. Қартоп тамыр жүйесінің қиын еритін калий қосындыларын да сіңіре алатын қабілеті бар.

Топырақтың түріне, өсетін ауданына байланысты картоптың әр гектар егістігіне 20 т көң және N60-120, Р 60-120, К90-120 кг мөлшерінде берілетін болса, оның 2/з бөлігі органикалық тыңайтқыштармен бірге күзде, жер жырту алдында, ал қалғанын топырақтан жуылып кетпес үшін, көп жағдайда көктемде енгізеді.



Түйнекті отырғызуға әзірлеу. Отырғызуға арналған түйнек залалданып ауырмаған, жақсы жетілген, сорттық белгісі анық, көлемі орташа және ірі, жоғары өнімді егістіктерден таңдап алынады. Алғашқы сұрыптау жұмысы күзде, қысқа сақтауға дайындау алдында, екіншісін көктемде отырғызардан бұрын жүргізеді.

Күздегі сұрыптауды КСП-15Б сорттау пунктінде түйнек айырғыш РКС-10М машинасымен жүргізеді. Салмағына қарап түйнекті 30—50 г және 50—90 г екі топқа бөледі. Отырғызылатын картоп тұқымын жақсы әзірлейтін тәсіл — оларды күн жарығында өсіру болып табылады. Күнде өсірілген тұқым түйнегі топырақта жақсы жетіліп өседі, мол өнім береді, сонымен бірге тұқым жазда егуге өте тиімді. Ондай түйнектер өркенді 5—11 күн бүрын беріп, 12—15 күн ерте піседі. Ол үшін жарығы мол, желдетіліп тұратын орынға, еденге, себетке, жәшікке 2— 3 қатар етіп жайып тастайды. Сосын 25—30 күн бойы 12—15° жылылықта ұстайды. Өсірудін, аяғында жарық жеткілікті болса 5—7 мм ұзарған, толық, берік, тамыр түйнектері көрінген көктер пайда болады. Жарық жетіспесе олар созылған, жіңішке, әлсіз болады және отырғызғанда тез сынады.



Түйнекті отырғызу мерзімі. Картоп түйнегін ерте егілетін дәнді дақылдармен қатар, топырақтың жылылығы 6—8°С жеткенде отырғызады. Тым ерте отырғызылса түйнектері шіріп, ризоктони ауруына ұшырайды, ал кеш отырғызылса солтүстік аудандарда піспей қалып, оңтүстік аудандарда түйнек пайда болуы ыстыққа тап келіп, түйін азуына ұшырауы мүмкін.

Картоп тұқымын отырғызғанда көп жағдайда танаптағы қатарлардың аралықтарын 70 см, түйнек араларын 20—25 см етіп орналастырады. Таңдалған, іріктелген түйнектерді СКМ-6, СН-4 Б-2 картоп отырғызғыштарымен немесе кең шанақты (бункерлі) КСМ-6, КСМ-4 және жылдам жүретін СКС-4 машиналарымен егеді. Ал қолда өсірілген түйнектерге САЯ-4 картоп отырғызғышты пайдаланады.

Қаратопырақсыз аймақта картопты бұрын тілінген жалға отырғызу қолданылады. Ол үшін трактор ізі бороздамен, ал картоп отырғызғыштың түйнек себер тетігі тілінген жалмен жүреді. Артынан топырақ жинағышпен жал тегістеліп қалпына келтіріледі. Ертеден әзірленген жалдың жылуы 2—4°С көтеріліп, жас өркен 4—6 күн бұрын пайда болады да, түйнек өнімі көбейеді.

Картопты отырғызу мөлшері оның егілетін жеріне және тұқым түйнегінің ірілігіне байланысты. Отырғызылатын түйнектін, салмағы 50—60 г болғанда, әр гектарға 2—3 т картоп шығады.

Отырғызу тереңдігі 8—12 см. Ылғалдылығы мол аймақтарда тайыздау отырғызылған түйнектер тез қызып, өркендері тегіс және ерте есіп шығады.

Егістікті күтіп-баптау. Картоптың өте баяу 15—20 күн ішінде өнуіне байланысты, арамшөптермен күресудін. маңызы ерекше. Түйнекті отырғызу мен қатарларды қопсыту кезінде ылғалды сақтап, бір жылдық арамшөптерді құрту үшін тісті немесе алшақ тісті тырмалармен 2—3 рет тырмалайды. Алғашқы тырмалауды отырғызғаннан кейін 5—6 күннен соң, екіншісін осы тырмалаудан 7—8 күн өткесін, ал үшіншісін картоп кектеп шыққаннан кейін жүргізеді.

Бірінші қатараралық қопсытуды картоп жас өркендерінін қатары анық көрінгенде, екіншісін өсімдік 20—30 см биіктегенде, үшіншісін қатараралықтары жапырақтармен жабыла бастағанда жүргізеді. 1—2 рет қатараралықтары жабылғанша ҚОН-2,8 ПМ, ҚРН-4,2 Г және БСО-4 А сирек тырмалар арқылы түптеу жүргізіледі. Арамшөптерге қарсы, картоп көктеп шығуына 3—4 күн қалғанда, гербицидтер қолдануға болады. Ауру және зиянкестерімен күреседі.

Ылғалдық жетіспейтін аудандарға егілген картопты суару мол және тұрақты өнім алудың басты кепілі. Ол топырақтағы су режимін ғана жақсартып қоймай, булану арқылы топырақтың қызуын төмендетеді. Ал ол түйнек ауруын болдырмайтын шара болып саналады.

Суармалы жерлерде әр гектарға 600—800 текше метрден 10—12 рет суарады. Күздегі ылғал жеткіліксіз болғанда, әр гектарға 800—1000 текше метр су беру арқылы ылғал жинау суаруын жүргізеді.

Алғашқы суару өсімдіктің биіктігі 12—15 см болғанда, екінші және келесі суарулар көктеген кезінен басталады.

Жазда отырғызудың ерекшеліктері. Аса ыстық, ылғал жетіспейтін жерде картоп нашар өседі. Түйнек пайда болар кездегі қолайсыз жағдайлардың әсері өте күшті болады. Оңтүстік аудандарда көктемде отырғызылған түйнек жаз кезінде пайда болады, ал жаңа пайда болған картоп түйнектері сусыз азғындауға ұшырайды.

Түйнектің азғындау ауруы қоршап түрған ортаның қолайсыз жағдайлары мен вирус аурулары қоса әсер еткенде күшейе түседі. Түйнек азғыны көбінесе картоптыц X, 3, Ү және басқа вирустармен ауруынан болады. Себілетін тұқымды азғын ауруынан тазарту өте қиын. Ол үшін жаңа вирус ауруларына және басқа азғынға ұшырататын себептерге төзімді сорттар шығарып, ауруға ұшырамаған элита түйнегін өсіріп, оның жылдан-жылға көбеюін қадағалап отыру керек.

Оқтүстік аудандарда картоп түйнек азғынына ұшырамас үшін жазда отырғызады. Отырғызу мерзімін түйнек пайда болуынан кешірек, топырақ қызуы басылғанда, топырақ ылғалының көбейген сәтін ескеріп белгілейді. Жазда отырғызу көбіне тұқымға арналған картоптың көлемін үлкейту үшін пайдаланылады. Ол үшін топыракқа органикалық және минералды тыңайтқыштар жеткілікті сіңіріледі.

Қазақстан облыстарында картопты жазда отырғызу мерзімінің өз ерекшеліктері бар. Алматы, Атырау облыстарында 25 маусымнан 5 шілдеге дейін, Жамбыл облысында 10—20 шілде аралығында, ал Шымкент облысында 15—20 маусым ішінде жүргізілуі тиіс. Жазда отырғызылған тұқымдық картопты күзде жинап, желдетілетін жерде, қабығы қатайғанша ұстайды.



Картопты жинау. Қартоптың сабақ жапырақтары қурап, түйнек жылан тамырларынан тез бөлініп, қабығы қоңырланып, қатайғаны биологиялық піскеннің белгісі. Қабығы сәл көтеріліп тұрса, ол түйнектің әлі пісіп жетілмегендігі. Сабақ жапырағы қурамай пісетін жағдайда, оларды КИР-1,5Б машинасымен түйнекті жинауға 1—2 күн қалғанда шауып алады.

Картопты екі қатарлы ККУ-2А, Е-668/7 комбайндарымен қазып тиегіш Е-684-пен жинайды. Кейде төрт қатарлы, өздігінен жүретін картоп жинағыш КСК-4/1 комбайны қолданылады.

Қазылған картопты сол сәтте жинап алған жөн, себебі түнгі салқынға қалған түйнек ұзақ сақтауға жарамайды. Шығыны көп болады. Дұрыс қазылмаған жерлерді тырма, қопсытқыш, кейде картоп қазғышпен қосымша жинау ұйымдастырылады.

Картоп жинауды қысқа мерзімде алдымен тұқымға арналған егістікті қазудан бастаған жөн. Ауа райы бұзылмай тұрғанда тұқымдық картопты іріктеп сақтауға қояды.



Картопты сақтау. Жиналған картопты қоймаға алып келгеннен кейін, КПС-15Б картоп іріктеу пунктінде өңдейді. Зақымданған, шіріген және ауру түйнектер бөлініп шығарылады. Сақтау орнына бірнеше тасымалдағыштан тұратын СТХ-30 және тасымалдағыш-тиегіш ТЗК-30 арқылы жеткізіледі. Дұрыс жағдайда (1—3°С жылылық) 85—93% ауа ылғалдылығында сақталған картоп бұзылмайды. Ал жылылық жоғарылаған сайын түйнектер өне бастайды, бұл жағдайда оның шығыны 2—3 есе, одан да көп ұлғаяды.

Азықтық картоп түйнектерінің қоймаларда жиналу биіктігі 1,5—2,0 м тұқымдық картоптікі еліміздің орталык, аймағында 1,2—1,5 м, онтүстікте 0,8—1,0 м болуы тиіс. Түұымдық картопты салқындаткыш қондырғысы бар орында ұстаған жөн. Қазіргі кезде тұқымдық және азықтық картопты контейнерлі КЛ-450, К-450М және контейнерсіз үймелі әдіспен жинап, сақтау нәтижелі.

Көптеген шаруашылықтарда картопты ұзындығы 15—20 м, тереңдігі 20—30 см, ені 2,0—22 м, кейде биіктігі 85—100 см көмбелерде сақтайды. Әрбір 3—5 м аралығына желдеткіш кояды. Көмбелерді жапқанда қалыңдығы картоп үсімейтіндей болуы керек. Ескертетін жай 1 см құрғақ сабан қабаты жылу өткізгіштігі жөнінен 4 см топыраққа тең. Сабанды жел ұшырып алып кетпес үшін топырақтың қалыңдығы 25—30 см кем болмауы керек.

Кейбір шаруашылықтарда картопты ені 1 м, тереңдігі 0,0— 1,0 м қалаған ұзындықта қазылған көмбелерде де сақтайды.


жүктеу 9,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау