32
тіліне қажетті праволық гарантияны орнатуға ұмтылған ізгі талабын түсінуге
болады деген ақ-әділ пікірін айтты.
Әрбір ұлт республикасының өзіндік ұлттық дәстүрі, тілдік ситуациясы
бар. Қазақ тілін мемлекетттік тіл ретінде ұсынғанда біз төмендегі
принциптерді қатал сақтауымыз керек: Біріншіден, бұл статус тек республика
территориясындағы қазақ халқы үшін ғана бірізділікпен сақталуы талап
етіледі; республикадан тыс туратын қазақтар үшін, тілдің мемлекеттік
статусын қабылдау-қабылдамау, ұстану-ұстанбау ерікті; екіншіден,
республикада орыс тілі орыс тілдес халықтар үшін ұлттық әдеби тіл, басқа
ұлттар өкілі, соның ішінде жергілікті қазақтар үшін ұлтаралық қызметін тең
тіл ретінде атқара бермекші; оның бұл статусы мемлекеттік тіл статусымен
терезесі тең тұрған паритетті жағдайда қызмет атқармақ; үшіншіден, қазақ
тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі (функциясы) талғамалы-талдамалы
талапқа (избирательно-дифференцированный) сай, халықтың әлеуметтік-
демографиялық микро-макро-инфраструктурасына (яғни халықтардың аз-
көп, аралас-құралас отыруына) байланысты толық еркіндікті сақтау арқылы
жүзеге асырылады; төртіншіден, республика территориясында жасайтын
басқа халықтарға өз тілінде оқып білім алуына, қажеттігіне қарай үй; өндіріс,
мәдениет салаларында толық пайдалануына мүмкіндік жасауды мемлекеттік
тіл өз статусымен қорғауы керек; басқа ұлттардың өкілдері үшін қазақ тілінің
статусын қабылдау-қабылдамау ерікті, бірақ барлық жағдайда ол өзіне сол
халықтар өкілдерінің құрметпен қарауын талап етеді.
Осы сияқты қазақ тілінің мемлекеттік статусына байланысты ережелер,
талап-тілектер Тіл туралы заң болып, Қазақ ССР-ның Конституциясына
еніп, заңды түрде қабылдануы керек. Бұл болашақтың ісі, Қазақ ССР Ғылым
академиясының жалпы жиналысының қаулысында болашақ Тіл ту ралы
заңның жобасын жасау Тіл білімі институты мен Философия және право
ииститутына тапсырылып отыр. Әрине, ол Заңның жобасы дәстүрлі тәртіп
бойынша қалың көпшілік талқылауынан өтуі қажет.
Біздің бүгінгі әңгімеміз сол үлкен де жауапты істің бастамасы іспетті –
пікір алысу. Енді қалың көпшіліктің патиқасын күтеміз!
«Мәдениет және тұрмыс», 1989. (Сұхбаттасқан Б.Сапаралин)
Тіл тағдыры – ел тағдыры
– Әбдуәли Туғанбайұлы, бүгінде тіл мәселесі өзекті проблемаға
айналып, күн тәртібінен берік орын алды. Өйткені кең-байтақ
Отанымызды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бойында ана тілінің
ертеңіне деген алаңдаушылық сезілмей қалмайды. Бірқатар ұлттық
33
республикаларымыз жергілікті халық тілін мемлекеттік тіл деп
жариялай бастады. Ұлт мәселесін шешудегі мұндай үрдістің сыры неде?
– Өйткені, тіл – әрбір ұлттың баға жетпес байлығы, «халықтың жаны»
(В. Быков). Сондықтан да Коммунистік партияның Программалары мен
СССР Конституциясында еліміздегі ірілі-уақты ұлттар мен ұлыстардың
бәрі бірдей өз ана тілінде сөйлеуге, білім алуға, балаларын тәрбиелеуге,
сондай-ақ ана тілдерін жан-жақты дамытуға, қоғам өмірінде кеңінен
қолдануға праволы екендігі анық айтылды. Бұл – социалистік елдің
ұстанған бірден-бір гуманистік принципінің айқын айғағы болса керек.
Бірақ болмыстағы нақтылы көрініс қалай? Лениндік принцип
тұрғысынан бүгінгі ұлт тілдерінің жағдайын көңіл тоярлық деуге бола
ма? Анығырақ айтқанда, әрбір ұлт өкілі өз баласын қалаған тілінде (бала
жасынан) оқытып, тәрбиелеуге толық мүмкіншілігі бар ма? Немесе,
әркімнің өз ана тілінде оқып, қалаған мамандығы бойынша білім алуға
толық мүмкіндігі бар ма? Өз республикасындағы кез келген мәдени
орында, жиналыс-жиында, өндіріс саласында ана тілінде сөйлеуге
мүмкіндік туа бере ме? Әрине, оның түрлі объективті де субъективті
себептері бар. Тіл мәселесінің шиеленісіп, бүгінгі таңның өзекжарды,
көкейкесті проблемасына айналуы да сондықтан.
– Яғни, қайта құру дәуірінің қанат жаюымен қатар ұлттық сана-
сезімдері оянған халықтардың өз тілінің беделін көтеруге, тіпті оны
мемлекеттік тіл биігінен көруге тілек білдіруі де сол себептерден демексіз
ғой? Ал енді сол – өзіңіз айтқан объективті де субъективті себептерді
атап өтіңізші?
– Ұлт тілдерін бұл халге душар еткен себептердің ең бастысы қоғам
өмірінің күрделі мәселелерін ғылыми тұрғыдан байыптап, демократиялық
жолмен шешуді артық санаған жеке басқа табынушылық, волюнтаристік
және тоқырау жылдары лениндік ұлт саясатының бұрмалануы. Мәселен,
мына бір аса өкінішті фактіге көңіл бөлейікші: 1926 жылғы халық санағы
бойынша елімізде өмір сүрген 194 үлкенді-кішілі ұлт пен ұлыс, этностық
топтар хатталып, қағазға түскен екен. Ал енді жарты ғасырдан кейінгі,
яғни 1979 жылы өткен санақтың ресми хабарына қарасақ, 194-тің тек 101-і
ғана қалыпты. Сонда қалай, 93 тілде сөйлеуші халықтың із-түзсіз жоғалып
кеткені ме? «Мұны қалай түсінеміз?» – дейді Е. Зеймель «Коммунист»
журналының 1988 жылғы 15-санында жарияланған «Социализмдегі
халықтар және олардың тілдері» атты ғылыми мақаласында.
Тілге байланысты елге ортақ кінараттардың бірі – осы болса, екіншісі
– «жойылып кету» тәрізді жағдайға ұшырамаса да, соған жақын тұрған,
34
жалпы рухани өмір сферасындағы экологиялық сырқатқа шалдыға
бастаған аз санды халықтар тілдерінің жағдайын жатқызуға болады.
Оған біз мысал үшін ежелден Сібір, Қиыр Шығыс, Қиыр терістік өлкесін
мекендеп келе жатқан хакас, шор, тува, тоф, алтай, сібір татарлары, нивх,
эскимос, селькуй, саам, манси, ханты,эвенк, ульч, ительмен, ненец секілді
халықтардың бүгінгі ахуалын еске алсақ та жеткілікті.
Егер біздер, адамдар шын мәнінде өзіміздің гуманистік принципімізге
сүйеніп, бейбіт әлем астындағы табиғи ортамызды экологиялық апаттан
қорғауға ұмтылып, құрып бара жатқан теңіз, не жойылу қаупіне ұшыраған
жан-жануар мен өсімдіктер дүниесі үшін дабыл қағып, оларға «Қызыл
кітап» ашып, шынайы қамқорлық жасап келсек, ендігі жерде адамзат
тарихында сирек кездесетін қасиетті ескерткіш-феномен – этнос тілдерін
де түгел сақтап қалу үшін де неге сондай қамқорлық жасамаймыз?!
Біздер В. И. Лениннің ұлттардың өзара жақындасуы туралы тезисін
көбіне тіл аясына ауыстырып, «ұлт тілдерінің бірігіп, түбінде бір тілге
айналуын меңзеп отыр» деп топшылап, елді шатастырып келдік. Осы
орайда И. В. Сталиннің «Марксизм және тіл білімінің мәселелері» деген
еңбегі еске түседі. Ол өзінің А. Хлоповқа берген жауабында: «Ұлттардың
экономикалық, саяси және мәдени ұзақ қарым-қатынасының нәтижесінде
алдымен байыған біртұтас аймақ тілі бөлініп шығады, одан соң олар
жержүзілік жалпы бір тілге барып саяды...» деген болатын. Бұл долбар
қарапайым халықтың санасына өз салқынын тигізді. Күні бүгінге дейін
кейбір ұлт өкілдерінің өз тіліне енжарлықпен қарап, «ана тіліміздің
алдында жарқырап тұрған болашағы жоқ, бас қатырып оған балаларды
үйретудің қажеті не, қазірден-ақ бір тілге ауыса берейік» дегендей пиғыл
танытуы соның салдары болса керек.
– Сонда қалай, жоғарыда аталған тілге қатысты кінараттарды
біз бұрын білмей келдік пе, жоқ білсек те білмегендікке салдық па?
– Жоқ біз оны білдік те, сезіндік те. Бірақ ол туралы белгілі себептермен
бүгінгі демократия мен жариялылық заманына дейін жұмған аузымызды
ашпай келдік. Оны айтам деп кезінде аузы күйген, арамыздан «аласталған»
аға буынды көріп өстік. Оны айтқандарға қит етсе болды «халық жауы»,
«ұлтшыл», «пантүркист» деген «қоңырау» тағылуға дайын тұратын.
Сондықтан да «бітеу жараның» барлық уыты сыртқа шықпай, ішке кетті...
– Әбдуәли Туғанбайұлы, ендігі кезекте қазақ тіліне тікелей қатысты
мәселеге тоқталайық. Ана тіліміздің қадірін, көпшілік алдындағы
беделін түсірген, оның қоғам өміріндегі қолдану аясын тарылтқан
қандай-қандай басты себептерді атауға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |