2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет9/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   176

23

алмайтындарға. Әрине, бұл дүмпу Министрлер Советіне жетпей қалған 

жоқ. Қаулыға әлгіндей түзету енгізілгеннен кейін қазақ тілінің қадамы да 

қысқара бастағаны белгілі. Бұдан кейінгі уақытта сол кезде мемлекеттік 

мәні  бар  болып  есептелетін  №  51  қаулы  жарқ  ете  қалды.  Бұл  қаулыда 

барлық ресми құжаттар екі тілде жазылатын болсын делінді. Мемлекеттік 

тілді менсінбеушілікті бүркемелеу үшін тағы да бір қитұрқы тәсіл табыла 

кеткені де осы шақ. Ресми құжаттардың орысшасы бар, қазақшасы жоқ 

болғандықтан, оларды қазақшалау үшін әрбір мекемеге бір аудармашы, 

бір  машинка  басушы  тағайындап  қойса  жеткілікті.  Мұның  үстіне 

қазақша  үйрететін  бір  оқытушысы  тағы  бар.  Міне,  мемлекетгік  тілді 

дамытудың  ең  оңай  жолы  осылай  табылды.  Ал  жаңағы  үш  қызметкер 

(аудармашы,  машинка  басушы,  оқытушы)  кімдер  дейсіз  ғой.  Олардың 

көпшілігінің арнайы білімі жоқ еді. Мәселен, аудармашы өзінің алдына 

келген әлгі бір ресми  құжатты аударуға толық білімі жетік адам болса 

бір сәрі ғой, ол өзінің шамасы жеткен дәрежеде ғана аударады, көптеген 

сөздерді  тұспалдап  қана  бере  алады,  ал  машинка  басушының  не  қате 

жіберіп  жатқанын  бір  құдайдың  өзі  білсін.  Қазаққа  қазақша  оқыта 

алмайтын  мұғалімнің  орыс  тілді  адамды  қазақ  тіліне  үйретуі  де  бір 

керемет. Айтпақшы, біздің қазақ тіліне соңғы кезде келіп енген «термин 

сөздердің»  көкелерін  де  әлгі  бір  шала  сауатты  аудармашылар  әкеліп 

кіргізді. Абырой болғанда бұндай аудармашылардың біразы соңғы кезде 

қысқартылды.

Расында  да  «ресми»  деген  сөз  мәртебе  болмаса  да,  іс  жүзінде 

мемлекеттік  тілді  ығыстырып  шығаруға  айналды.  Қазір  Қазақстан 

Республикасының  Конституциясына  сәйкес  жасалған  Тіл  заңының 

жаңа  редакциясы  дайындалып  болды.  Мұны  Ұлт  саясаты  жөніндегі 

мемлекеттік  комитет  дайындады.  Бұл  заңда  тілге  деген  қамқорлықтың 

белгісі – оң ықпалды идеология, тілді уағыздау көріністері баршылық.



  Барлығы  заң  шығарумен  ғана  шектеліп  қалмайтынына  әбден 



көзіміз жеткендей болды. Бұрынғы Тіл туралы заңда жазылған сөздердің 

еш  кемшілігі  жоқ  болып  көрінетін.  Қазақ  тілін  дамытудың  алғашқы 

кездерінде ұранға сүрен қосқанымызды әлі ұмыта қойған жоқпыз.

Мемлекеттік  тілдің  қолдану  аясын  кеңейтудің  алуан-түрлі 

шараларын  да  белгілеген  едік.  Тілді  дамытудың  мемлекеттік 

багдарламасын  кадрлық,  материалдық-техникалық,  қаржылық 

жағынан толық қамтамасыз етуге уәде байласқан кездер де есімізде. 

Мәселен, ілеспе аударма аппаратымен барлық залдар жабдықталады, 

қазақша  жазу  машинкалары  болады,  байланыс  мекемелері  телеграф 


24

хабарларын  мемлекеттік  тілде  қабылдап  тұрады,  кәсіпорындар 

мен  мекемелерде  интенсивті  тәсілмен  сабақ  жүргізетін  қазақ  тілі 

мұғалімдері  арнайы  даярлықтан  өтеді,  түрлі-түрлі  сөздіктер  мен 

тілашарлар шығарылады деген сияқты бұқаралық ақпарат құралдары 

мен  үлкен  жиындарда  айтылған  уәделердің  көпшілігі  су  түбіне  кетіп 

қалған  жоқ  па?  Ең  аяғы  астанамыздағы  көше  қатынасы  көліктеріне 

орнатыла бастаған аялдама аттарын қазақ-орыс тілінде хабарлайтын 

электронды аппараттардың да үні өшкелі қашан.

 Қазақ тілінің жолы болмай тұрғанының ең басты себебі – өзіміздің 



өкімет адамдарының мемлекеттік тілге деген ықылас-ниетінің жоқтығынан 

немесе аздығынан деп білемін. Ең бірінші халыққа үлгі болатын адамдар 

– солар. Өкінішке орай, олардың көпшілігі қазақтың өзімен де қазақша 

сөйлеспейді.  Парламенттегілердің  өзі  де  арасында  бір  орыс  отырса, 

қазақшаны былай сырып қоя салуға түк арланбайды. Сылтаулары біреу 

– «бәріне түсінікті болсын» дейді, «ойымызды жеткізгіміз келеді» дейді. 

Өткен  жылы  Абайдың  150  жылдық  тойында  Президент  Н.  Назарбаев 

соншама үлкен баяндаманы қазақ тілінде-ақ жасады ғой. Қандай тамаша 

болды. Өз халқының алдында беделі өсті, жұртын қуантты. Мен өз басым 

Премьер-министріміз  Ә.  Қажыгелдиннің  бірде  бір  рет  қазақша  сөйлеп, 

баяндама  жасағанын  естіген  емеспін.  Қазақстанның  астанасы  Алматы 

қаласының әкімі бола тұрса да Ш. Құлмахановтың да жөні дұрыс қазақша 

сөйлегенін көргем жоқ.

Жалпы, біздің жоғарғы өкімет адамдары тіл мәселесін екінші кезекке 

сырыңқырап отырған сияқты.

Ал  енді  өзіміздің  ғалымдарға  не  жорық  десеңізші.  Көпшілігі 

қазақ тілін бір кісідей-ақ біле тұрып, қазақша жазуға қадам баспайды-

ау  шіркіндер.  Сенсеңіз,  біздің  ғалымдарымыздың  бүгінгі  таңда  он-

ақ  проценті  қазақ  тілінде  жазады.  Олардың  да  дені  тіл,  әдебиет 

төңірегіндегілер.  Біз,  шындығында  да  барлығын  керісінше  жасағанды 

тәуір көреміз.

Осы тұста мына бір мысалды келтіре кетейін. «Егемен Қазақстан» 

газетінің биылғы жылғы 2-ақпандағы санында «Қазақ тілі» қоғамының 

Шиелі аудандық төрағасы Қ. Әбденов менің атыма ашық хат жолдапты. 

Содан бір үзінді келтіре кетейін: «Біздің Шиелі ауданы – қазақи аудан. 

Соның  өзінде  соңғы  жылға  дейін  қыстақ  орталығындағы  жеті  орта 

мектептің үшеуі таза орыс тілінде, төртеуі аралас мектеп ретінде жұмыс 

істеді.  Орыс  кластарында  отырған  балалардың  60-70  проценті  қазақ 

балаларын құрады. Сондай-ақ қыстақтағы он екі бала бақшаның он бірі, 

ондағы  тарбиешілердің  70-80  проценті  қазақ  екеніне  қарамастан,  оқу-




жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау