2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет12/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   176

30

қызметі  бар  екені  анықталған.  Орайы  келгенде  осыған  қарай  бір  мысал 

келтірейік. Финляндияда конституцияға сай фин және швед тілдері 1919 

жылдан тең хұқықты мемлекеттік тіл болып сана лады. Демек халқының 

тек 6 проценті ғана сөйлейтін швед тілінің правосы фин тілімен теңгерілген. 

Мемлекеттік  мекемелердегі  –  ресми  қатынас  қағаздар,  банктегі  есептер, 

түрлі  документтер  жүргізу,  мектепте  және  жоғары  білім  беру  жүйесінде 

оқыту, диплом мен диссертация қорғау, әлеуметтік және мәдени орындарда 

қызмет көрсету, көше, жер атаулары хабарларының барлығы да бірін-бірі 

өгейсітпейтін, кемсітпейтін екі тілде қатар, тең атқарылады, орындалады 

екен.

Партия  мен  үкіметіміздің  арнайы  қазақ  және  орыс  тілдерін  үйрену 



туралы  қаулысы  бола  тұра,  кос  тілділік  әлі  кібіртіктеп  отыр.  Сақтық 

кассасы, почта қатынасы қағаздарын, анықтама, жарнама т.б. қазақшалауға 

толық болады ғой? Ендеше оған кедергі келтіріп отырған не?

Тоқырау  жылдарында  Алматы  облысы  бойынша  жабыла-жабыла 

200  қазақ  мектебінің  67-і  ғана  қалыпты.  Ал  250  мың  халқы  бар  Шығыс 

Қазақстан  облысында  да  үш-ақ  қазақ  мектебі  бар,  онда  417  бала  оқиды. 

Ал  қазақ  тілінің  қоғамдық  қызмет  өрісін:  көркем  әдебиет,  баспа,  радио, 

телевидение,  театр,  бала  оқыту  тілі,  өзара  қатынас  құралы  тілі  ретіндегі 

қызметтері  т.б.  деп  термелеп  айтсақ,  10-нан  аспай ды  екен.  Оның  үстіне 

балабақша тілі, мамандар дайындау тілі, ғылыми-техника тілі т.б. ретіндегі 

қызметін толыққанды дей алмаймыз.

 «Қазақ тілінде бүгінде қазақтың қаншасы сөйлейді?» – деген сұрақ 

та  еріккеннің  ермегі  емес.  Демограф  ғалымдардың  (М.  Тәтімов  т.б.) 

зерттеулеріне қарағанда қазақтардың жал пы саны 10 миллиоиға жетіпті. 

Оның республикада тұратындары казір 7 миллионға жақын. Бұдан 10 жыл 

бұрынғы мәлімет бойынша қазақ тілін ана тілім дап санаушы қазақтар 98 

проценттен  асқан  екен.  Байыптап  көрсеңіз,  98  проценттің  шамамен  тең 

жартысы  тілді  мүлде  білмейтін  «ноқайлар»,  ептеп  түсініп,  бірақ  сөйлай 

алмайтын  «төбесі  тесіктер»,  үй  ішінде,  жолдас-жорамен  жүрдім-бардым 

пікір алысатын «қара жаяу», «шалақазақтар» болып шығады. Бұл топты 

толықтыратын  аралас  некеге  тұрғандар.  Ресми  баяндамалардың  бірінде 

бүгінде шаңырақ көтеруші қазақ жастарының 20 проценті солар екендігі 

анықталған. Бұлардың ана тіліне «әсері» қандайлығын түсіну қиын емес.

Енді  ұлттық  жазу-сызу  мәселесіне,  ана  тілде  білім  алу  жүйесінің 

жалғастығына тоқталмай болмайды. Мысалы, 20-30 жылдағы бас-аяғы 15 

жылдың ішінде 3 түрлі (арабша, латынша, орысша) алфавитті ауыстырып 

үлгергенімізде  болып  отыр.  «Онда  тұрған  не  бар?»  –  деуіміз  да  мүмкін. 



31

Жоқ, олай емес! Өткен іске салауат дей отырып, мұндай «өзгерістер» жалпы 

рухани өміріміздегі қол жеткен табыстарымызды жеткен жерінен жаңаша 

жазумен бірге қиып тастап отырғанын әсте жадымыздан шығармалық.

Тіпті сауаты асығыс ашылған шала сауат кешегі біздің қарапайым ата- 

бабаларымызды  былай  қойғанда,  40  жылдан  кейінгі  сауатты  қауымның 

өзі де арабша, латынша жазылған әдеби, тарихи мұрамыздан күні бүгінге 

дейін құралақан. Революциядан бұрын шыққан жарты ғасырлық тарихы 

бар толып жатқан газет-журналдар мен кітаптарды бұрын да, бұдан кейін 

де жастардың қолынан көру қиын болар.

Осы тұрғыдан: «Республикамызға мемлекеттік тіл керек пе?» – деген 

мәселеге  қайтып  оралсақ,  жоғарыда  келтірілген  дерек-айғақтар  саналы 

азаматтардың біразын ойландыратыны анық.

Ал  ұлт  тілдерінің,  соның  ішінде  одақтас  распубликалар  өз  атымен 

аталған  халықтар  тілдерінің  мемлекеттік  статусы  жайлы  тек  кейінгі 

уақыттарда  ғана  Грузияда,  Арменияда,  Әзербайжанда,  ал  бертіңгі  кезде 

Балтық бойы республикаларында айтыла бастады. Содан бері сегіз ұлт тілі 

мемлекеттік статус алып үлгеруі де жасампаз жаңғыруды таныта түскендей.

Бұл мәселе енді Қазақстанда да күн тәртібіне қойылып отыр.

–  «Қазақ  республикасына  мемлекеттік  тіл  керек  пе,  керек  болса, 

қайсы тіл мемлекет тілі бола алады, оның мемлекеттік статусы қалай 

анықталады?»  –  деген  секілді  сұрақтардың  күн  тәртібіне  қойылуына 

мұрындық  болып  отырғандар,  шынын  айту  керек,  қазірше  ғылыми-

творчестволық  интеллигенция  өкілдері  мен  студент  қауымы  ғана.  Ал 

мемлекеттік тіл статусын нақтылы қалыптастыру үшін, тіпті дайындық 

жұмыстарымен  кемінде  2-3  жыл  уақыт  кетерін  бүкіл  әлеумет  болып, 

неліктен сезіне алмай отырмыз?! Халыққа талқылауға неге ұсынбаймыз?!

– Қазақ «тас түскен жеріне ауыр» дейді ғой. Сол сияқты ана тіліміздің 

ауыр жағдайын дұрыс түсіну үшін ең алдымен осы ұлттың шын перзенті 

болып сезіну, түйсіну қажет. Осылай дәл айтуға жүктейтін жағдайлар да 

баршылық. Ұлт мәселесін көтергенді «ұлтшыл» деп айып тағатын уақыт 

кеткен. Ұлт мәселесі мен ұлтшылдықтың парқын XIX Бүкілодақтық партия 

конференциясынан кейін біз де түсіне бастадық. 

Ұлт  өкілі  болмағанның  барлығы  бірдей  оның  жүрек  сезімін,  көңіл 

күйін  сезбейді  десек  қателесеміз.  Жалын  атып  тұрған  ақындық  жүрегін 

қолына алып, ана тілінің сырын да, жырын да ағынан жарылып ақтарған 

қайраткер-патриот ақынымыз Мұхтар Шахановты Қазақстан Компартиясы 

Орталық Комитетінің  бірінші секретары Г. В. Колбин жолдас қалай дұрыс 

түсінді!  Сондықтан  да  сарабдал  басшы  ұлт  өкілдерінің  заң  арқылы  ана 




жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау