Қазақстан Республикасындағы медиацияның маңызы мен рөлі



жүктеу 33,9 Kb.
Дата22.01.2022
өлшемі33,9 Kb.
#34744
Медиация каз


Қазақстан Республикасындағы медиацияның маңызы мен рөлі

Сот жүйесінің бастамасымен жасалған бұл игілікті қадамдар сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз етумен бірге, соттардың тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған. Мемлекет басшысы съез де сөйлеген сөзінде: «Біз Қазақстан – 2050» стратегиясын темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет. Ол үшін заңды бес саусақтай білу жеткіліксіз.



ҚР «Медиация туралы» заңының қабылдануы 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты концепциясының және Республика Президентінің «ҚР құқық қорғау іс-әрекетін және сот жүйесінің тиімділігін көтеру шаралары» туралы заң күші бар Жарлығының іске асуын көрсетеді. Өйткені, медиация қоғамда мемлеттік маңызы бар мәселеге айналып отырған тараптар арасында пайда болған келіспеушіліктердің оң шешілуіне жол ашады. Олардың мәмілеге келу процессін, оңтайлану жолдарын қарастырып зерделейді. Нәтижесінде екі жақтың ортақ шешімге қол жеткізуіне мүмкіндік тудырады. Қазіргі уақытта соттарда қаралатын істердің ауқымдылығын ескеретін болсақ, медиация жолымен ортақ шешімге келу сот жүйесіндегі тиімділікті арттырары сөзсіз.

Егеменді Қазақстанның қоғамы мен мемлекетті нарықтық экономиканың негізі мен қағидаттарына сәйкес дамып келе жатыр.Осы кезең ішінде экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастың жүйесінде бүгінгі күнге дейін өте маңызды өзгерістер болды. Сонымен қатар біздің қоғам өркениетті және еркін нарыққа қарсы бағытта үлкен талпыныс жасады.Мұндай өзгерістердің құқықтық негізі жаңа Қазақстанның Конституциясы және оның негізінде қабылданған заңдар болып табылады.

Рухани жаңғыруға бет түзеген қоғамымыз үшін бабалар салған жол медиацияның маңызы зор! Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Ұлы қазақ даласының билігінің белгілі дара тұлғалары – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез келген дауды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға үлкен назар аударғаны баршамызға белгілі. Халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы екендігін түсінгеніміз абзал. Осы Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық бұзушылық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолданылу саласы болып табылады. Медиацияны жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады.

Ең бастысы, би адал, әділ болуы керек. Қазы – халықтың ожданы», – деген еді. Ал, Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасының негізгі мақсаты – әлемдегі ең дамыған өркениетті 30 мемлекеттің қатарына кіру. Дамудың кезекті сатысында соттардың бітімгершілік институтын жетілдіруге айрықша көңіл бөлініп отыр. Медиаторлар қызметін еліміздің қазіргі кезеңінде неғұрлым кәсіби негізде дамыта түсу керек. Себебі, медиация институтын әлемдік стандарттар бойынша дамыту қажеттігін Елбасы да бірнеше рет айтқан болатын. Сот төрелігін сапалы жүзеге асырудың, сот істерін қарауда бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастырудың маңызы зор[1].

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылы 28-қаңтарда қабылданып, бүгінгі күні елімізде тиімді жүзеге асырылуда. Елімізде «Медиация туралы» заңның қабылдануы, медиацияның дамуы, өркениет көшіне батыл бет түзеген қоғамымыздағы оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі. Еліміздің сот саласы үшін медиацияның орны бөлек болғандықтан Сот төрелігінің "7 түйіні" атанған Жоғары Сот Жоғарғы Сот төрағасының Жақып Қажыманұлының ұсынысынан да, Елбасының арнайы тапсырмасынан да медиация мәселесі бөлініп қалған емес.

Медиатор медиация барысында екі жаққа да медиацияның рөлі мен оның құқытық әсерлері жөнінде толық мәлімет беруі тиіс. Бұл ретте екі жақтыңда құқығы бірдей және олардың бір-біріне сыйластықпен қарау керектігін түсіндіруі керек. Медиатор екі жақтың да талабын тыңдап, даудың шығу себебін тыңдап, қандай сұрақтарды талқылау қажеттігін шешеді. Қорытындыға келгенде екі жақ та шешімге өз еркімен келгеніне көзі жетуі керек. Сонымен бірге медиатордың қызметі кәсіпкерлік болып санлмайды, басқа да қызмет түрлерімен айналыса алады. Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды. Келісімде медиация тарптары, даудың нысанасы, медиатор туралы деректер, сондай-ақ тараптар келісілген келісімнің шарттары, оларды орындау тәсілдері мен мерзімдері және оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдары қамтылады. Қазіргі кезде медиаторлардың қатысуымен істердің тиімді шешіліп келе жатқанын айту қажет. Сот тәртібінде қарастыруға тиіс даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілін қолдану, оның ішінде бітімгершілік рәсімдер – медиация әдісін қолдану адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі[2].

Медиатор дегеніміз, тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады.

Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптардың өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиаторлар екіге бөлінеді: олардың бірі медиация мәселесі бойынша арнайы білім алып, тәжірибе жинақтаған кәсіби медиаторлар, ал, екіншісі – кәсіби емес медиаторлар. Заңда атап көрсетілгендей, медиаторлықты таңдаған адам өз қызметін кәсіби де, кәсіби емес те негізде жүзеге асыра алады. Жоғары білімі бар, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасы Медиаторлар одағынан арнайы оқудан өткен кез келген тұлға кәсіби медиатор бола алады. Ал кәсіби емес медиаторлықпен 40 жасқа толған, халық арасында беделді, адамгершілігі жоғары, ары кіршіксіз адамдардың айналысуына толық мүмкіндік бар. Олар тұрғындар жиынының ресми хаттамасы арқылы жергілікті атқару органдарына тіркелуі тиісті және де заңгер мамандығы болуы міндетті емес. Медиаторлар өз қызметтерін тек қана жеке құқықтық қатынастар бойынша жүргізеді. Мыналар: мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген, заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиатор бола алмайды.

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі, яғни медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі, оны тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну абзал. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады.

Медиацияның мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

 Қылмысты жасалғаны үшiн ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекетжәне ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес, сондай-ақ ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет және бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жатады.

Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргiзу кезiнде тараптар қол жеткiзген дау-шарды реттеу туралы келiсiм жәбiрленушiге келтiрiлген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған адамның жәбiрленушiмен татуласуы жолымен дау-шарды реттеу туралы келiсiмдi бiлдiредi.

Соттың қарауында жатқан жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу бойынша медиация туралы шарт іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Ең бастысы, медиатордың бейтараптығы процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен ерекшеленеді. Бір-біріне талап қоюшы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да медиаторға жүгіну арқылы өзара тиімді мәмілеге келе алады. Қылмыстық істерді қарау аясында тараптар келісімге келгеннен кейін іс сотта бейбіт келісім ретінде мақұлданады.

Негізінен айтқанда бұл заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, оның тиімділігі мол деп есептесек қателеспейміз[3].

Қазіргі қоғам азаматтардан саяси және құқықтық сауаттылықты талап етеді. Азаматтар арасындағы құқық бұзушылық деректері бойынша қылмыстық істерді қарау мерзімдері мен сапасына тікелей байланысты соттың қызметіне ауыр жүктің артылатыны даусыз.

Күн өткен сайын медиация қазақ қоғамына дендеп еніп келеді. Қоғам мүшелері де оның артықшылықтары мен мүмкіндіктеріне аса көңіл бөлуде. Ұжымдық немесе тұрмыстық қақтығыстар болсын, жұмыстағы не отбасындағы шиеленіскен жағдайлар болсын, білім беру саласындағы, банк жүйесіндегі және басқа даулы мәселелер дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей шешуде азаматтар медиаторлар көмегіне жүгінуде.

Қазіргі таңда, медиация қызметін қолдану қарқын алып отыр. Кәсіби медиаторлар дауласушы тараптардың заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай, сот ісіне қатыспай-ақ келісімге келуіне себепкер болады. Бұл қызмет ертедегі қазылық етуге ұқсайды.

Артықшылығы – медиацияны жүзеге асырушы тұлға тараптарды кінәлі немесе кінәсіз деп бөліп жармай, тарап тарға жауапкершілік жүктеп, нұсқау бермейді. Медиатордың басты мақсаты тараптарды келісімге келуге шақыру.

Барлық дау-жанжалдар мен талас-тартыстар балалармен байланысты қаралатын соттағы медиацияның маңызы айрықша. Бұл жүйеде балалардың тұрғылықты мекен-жайын айқындау, әкелікті анықтап, алимент өндіру, ата-ана құқығынан айыру, баламен араласу тәртібін айқындау және т.с.с. дау-жанжалдар бойынша азаматтық істер қаралады. Әр дау-жанжалдағы тірек тұлға – ата-аналары және туыс адамдар арасындағы шиеленістің бейкүнә қатысушылары, дәрменсіз жас балалар. Осындай күрмеуі қиын дағдарысты жағдайда дұрыс жол сілтейтін кәсіпқой медиатордың көмегі керек-ақ.

Мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі мерейлі отбасы мен бақытты бала мәселесі. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде тұлғаны әлеуметтендірудің жаңа бағдарлары қалыптасуда. Бала құқығын қорғаудың нормалары мен стандарттары заңмен бекітіліп, отбасылық қатынастар мен некені нығайтуға баса назар аударылуда. Баланың отбасындағы құқығы мен заңнамалық мүддесін қадағалауды, бала құ қығының бұзылуын уақытында анықтауды, отбасына және балаға алдын ала көмек көрсетуді, өмірдің ауыр сынағына тап болған мұқтаж балалардың отбасында болуын қолдауды, қажет болған жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды азаматтардың отбасына орналастыру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалуда.

Медиация қолданылатын барлық салаларда материалдық және моральдық құраушы бөліктері қатысатынын ескерсек, еңбек және өзге тұрғыдағы дауларды қараудағы медиациямен салыстырғанда, отбасылық медиацияда эмоциялық жағы басым болады[4].

2011 жылғы 5 тамызда «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, ол медиаторға қарама-қайшы тараптарды қарау арқылы дауларды шешудің балама әдісін белгілейді.

Сотқа дейінгі тәртіпте - егер заңда немесе дау тараптарының арасында жасалған келісімде медиация рәсімін қолдану арқылы айырмашылықтарды шешу қажеттілігі туралы медиаторлық ескертулер болса.

Сот ісін жүргізу барысында - соттың кез келген сатысында процесті үзуге және медиация рәсіміне қатысуға құқығы бар. Сот тараптарға медиацияны медиацияны тоқтату туралы өтініш беру құқығын түсіндіруге, сондай-ақ тараптар медиацияны тоқтату басталғанға дейін медиация туралы шарт жасасқан жағдайда, іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.

Медиатордың құқықтық мәртебесі медиаторға, оның құқықтары мен міндеттеріне қойылатын талаптарды белгілейтін «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады. Кәсіби медиатор 25 жасқа толған, жоғары білімі бар, медиаторларды дайындауға арналған бағдарлама бойынша оқудан өтуді растайтын куәлікке ие тұлға болуы мүмкін.

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 1тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.


      Егер тараптар орындау өндірісін бітіммен немесе медиациялық келісіммен аяқтаса, сот орындаушысының орындау өндірісін қысқартатыны Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы»заңының 47 бабында бекітілген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік кодексі татуласу келісіміне қатысты мәселені реттейтін жаңа тараумен толықтырылды.

Қолданыстағы заңның 173-2, 173-4 баптарына сәйкес, татуласу келісімі іс жүргізудің кез-келген сатысында, яғни сот актісін орындау барысында да жүзеге асырылады. Бұл жағдайда егер тараптар татуласу келісіміне келген болса, ол сот актісін орындау орын алған жердегі немесе сот актісін қабылдаған соттың бекітуіне ұсынылады.

Мұндай келісімнің ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, татуласу келісімі жазбаша нысанда, соттың бекітуімен, тараптардың мүддесін көздей отырып жасалады және онда сот актісінің орындалуға жатпайтыны көрсетілуі тиіс. Алайда егер татуласу келісімі онда көрсетілген жағдайларда ерікті түрде орындалмаса, татуласу келісімі тарабының өтінішімен орындау парағы шығарылып, еріксіз орындауға жолданады.

Медиациялық келісім мен татуласу келісіміне ортақ белгілер – жазба түрде жасақталуы, соттың бекітуіне ұсынылуы, атқару өндірісі барысында да жасауға жол берілетіні, сотпен бекітілетіні, орындау өндірісі қысқартылатыны, сот орындаушының қаулысына /әрекетіне/ шағымдануға жол берілетіні. Тараптар келісіміне қол жеткізілген жағдайда сот орындаушысы орындау өндірісінің қысқартылатыны туралы бір тәулік мерзімде қаулы шығарады.

Айта кетерлігі, қоғамда қызу талқыланған азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасында айтылып отырған мәселелер жетілдіріліп, татуласу келісімі, медиативтік келісім, партисипативтік тәсіл түрінде көрініс тапты[5].


Қазіргі уақытта республиканың сот жүйесі жаңаша даму үстінде. Ол үшін ең алдымен, соттарға қолжетімділік, ашықтық, БАҚ-тармен байланысты нығайту, тіпті әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Уақыт талабын терең түсінген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов Жоғарғы Соттың сайты арқылы өз жоспарын, ой-тұжырымдарын оқырмандармен бөлісу тәсілін таңдапты.

«Ел даусыз болмас» дейді халық мақалы. Даулар - кез-келген қоғамға тән құбылыс.Бізде дауды тек сот шешеді деген көзқарас санамызда қатып қалған. Сәл дау туса, дереу сотқа жүгіреміз. Екі арадағы мәселені сот аренасына шығарып, шешкіміз келеді.

Ал, даудың барлығын сотта шешу мүмкін емес. Сот екі жақты бірдей қанағаттандыра алмайды. Оның үстіне істің ақ-қарасын айыруға келмейтін жағдайлар бар. Мысалы, отбасындағы, ағайын-бауыр, достар, көршілер арасындағы таласты сот таразысына салу қаншалықты дұрыс?

Сіз сотқа арыз бердіңіз делік. Әрі қарай не болмақ?



Біріншіден, істің қаралуы созылып кетуі мүмкін. Іске нүкте қойылғанша, әдетте, бір емес, бірнеше сот отырысы өтеді. Шағымдар облыстық, тіпті Жоғарғы Сотқа жолданып жатады. Қайта-қайта жұмыстан сұранып, кәсіпті тоқтатып, жеке тірлікті ысырып қоюға тура келеді.

Екіншіден, үлкен шығын. Мемлекеттік баж төлейсіз, сот шығынын өтейсіз, заңгерді жалдайсыз, жолға шашыласыз.

Үшіншіден. Осыншама кезеңдерден өтсеңіз де дау Сіздің пайдаңызға шешілетініне еш кепілдік жоқ.

Керісінше, екінші тарап - туысыңыз, досыңыз, қызметтесіңіз болса, екі арадағы қатынасқа, сыйластыққа, әріптестікке нұқсан келеді.

Неге десеңіз, сот – дау алаңы. Онда айтысуға, таласуға мәжбүр боласыз. Кейде тараптар ашуға беріліп, бір-біріне ауыр сөздер айтып жатады. Сол себептен кешегі туыстар бүгінгі жау, кешегі достар бүгінгі қасқа айналуы әбден мүмкін.

Сотқа жүгінбестен бұрын ақылға салып, ойланған жөн. Сіз немесе сотқа жүгінемін деген танысыңыз эмоцияға берілген жоқ па? Ашуды ақылға жеңдіріп, өзара келісімге келіп, шешуге болар еді ғой деп көбісі кейіннен өкініп жатады.Ең дұрысы – татуласу, келісу, бітімге, бір мәмілеге келу. Одан екі жақ та ұтады. Уақыт жоғалмайды. Ақша үнемделеді. Қатынас үзілмейді. Жүйке мен абырой-бедел сақталады.Ата-бабаларымыз дауды бейбіт жолмен шешіп отырған. Дамыған елдерде де солай - даулардың 70-90% сотсыз, бітіммен аяқталып жатады.Бізде болса, даулардың көптігінен судьялардың жүктемесі жылдан-жылға артуда. 2013 жылы соттарда 1,25 млн. іс қаралса, 2017 жылы – 2,6 млн., яғни екі еседен асқан.

Бұл жағдай соттардың жұмыс сапасына, істерді қарау мерзіміне әсерін тигізуде. Әр судьяның өндірісінде бір мезетте 100-ден астам азаматтық іс пен материалдар. Істерге көмілген судьядан қандай сапа, қандай нәтиже күтуге болады.Қазір әрбір азаматқа сотқа дейін де, соттың өзінде де татуласуы үшін жан-жақты жағдай жасап жатырмыз.

1. Сотқа дейінгі татуласу бойынша.

Республикалық Кәсіподақтар федерациясы және Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге өңірлерде Сотсыз татуласу орталықтарын құрудамыз. Онда кәсіби медиаторлар және басқа да мамандар жұмыс істеуде.

Олардың міндеті - келіссөз жүргізу, екі жаққа қолайлы, көңілге қонымды шешім іздеу және ұсыну. Татуласудың басты артықшылығы – ол тек дауды реттеп қана қоймай, сонымен бірге қарым-қатынасты сақтап, қалпына келтіреді. Тараптар өз еркімен, саналы түрде ортақ келісімге келеді. Медиаторды әрбір адам өзі таңдаған соң жемқорлыққа да жол берілмейді.



2. Сотта татуласу бойынша.

Екі жақ та қаласа, сот татуласу процесін бастау үшін істің қаралуын кез-келген сатыда тоқтата алады.

Аталған мәселеге қатысты сұрақтарды жергілікті соттар түсіндіріп, жол көрсетуге міндетті. Татуласу - дауды шешудің ең тиімді әдісі»[6].

Тараптардың эмоциялық түсінісуі келісім мен татулықтың кепілі бола алады. Бұл тұстағы медиатордың рөлі келісім жүргізуді ұйымдастыруда, ал соңғы шешімді тараптардың өздері қабылдайды. Ювеналдық соты аталған санаттар бойынша істерді қарағанда баланың құқығын қорғайды. Баланың мүддесі жан-жақты және мұқият қамтамасыз етіліп, баланың ата-анасының әрқайсысына, отбасы мүшелеріне деген жақындығы, ата-аналарының және баланың қарым-қатынастары мен жеке сапалық қасиеттері, баланы тәрбиелеу және рухани дамыту үшін жағдай жасау мүмкіндігі (қай жерде, қандай қызметте жұмыс жасайды, жұмыс тәртібі, материалдық және отбасылық жағдайы) тәрізді алғышарттар есепке алынады. Бұл әдіс отбасындағы шиеленісті оның пайда болу себептері мен қозғаушы күштерін анықтай отырып шешуге, отбасылық жанжалдарды тоқтатуға, балалар мен жас өспі-рімдерді қоршаған ортаның оз-бырлық әрекеттерінен, кейде тіпті оларды қабыл алмау әрекеттерінен қорғауға, шалыс басқандардың тәртібін түзетуге мүмкіндік береді.

Сол себептен дау-жанжалдар мен шиеленістерді тоқтату үшін балалармен өзара қарым-қатынасқа түсетін адамдар оның негіздерін жетік меңгеруі тиіс.Ажырасқан ерлі-зайыптылармен медиациялық жұмыс жүргізудің де маңызы зор. Тәжірибеде анық талғандай, бұрынғы жұбайлар баланы кек алу құралы немесе дүние-мүлікті бөлуге ықпал ететін құрал ретінде алға тартады. Мұндай сипаттағы дау-жанжалда ата-аналар балаларының қандай жағдайда жүргендігіне назар аудармақ түгілі, отбасындағы шиеленісті қалай қабылдайтындығы мен оның қандай әрекетке ұрынатынын да ескермейді. Медиатор ата-ананың баланың көзқарасын түсініп, жүрек үнін тыңдауына кеңес береді және дау-жанжалды медиация көмегімен реттеуіне үлес қосады.

Мәселенің екінші қыры – кәмелетке толмаған балалардың қылмыстық жауаптылыққа тартылуы. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында жас өспірімдердің заңбұзушылықтарына қатысты медиация нормалары көзделген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 83-бабы кәмелетке толмағандардың қылмыстық теріс қылығы немесе онша ауыр емес қылмыс жасауы, не болмаса алғаш рет ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмай, ҚР Қылмыстық кодексінің 84-бабында көрсетілген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл жағдайда, сот мұндай ізгілікті шараның қаншалықты мақсатты бағытталғанын жіті тексереді.

Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабының 2-тармағына сәйкес «қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар жәбірленушімен, арыз берушімен медиация тәртібімен татулас са және келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылу мүмкіндігін» сотта пайдаланудың тәрбиелік мәні зор.

Бұл тұрғыда «жаза басқан» балаларды колонияға қамап қою түріндегі қатаң жазаны қолданудың орнына оны қоғамда тәрбиелеп, өз орнын табуға жол сілтеудің тиімділігін ескерген абзал.

Ювеналдық сотта жүргізілген медиациялық рәсімдердің адамгершілік құндылықтарды сақтауға бағытталғаны қуантады. Медиаторлардың ізгі амалдары материалдық шығындардың толық өтелуіне, ал моральдық шығын дардың кешірім сұрап келісімге келумен орнын толтыруға себеп болады.

Өскелең ұрпақ санасына жағымсыз жайдың ұшқынын түсіріп, болашағына балта шабудың көрінісін танытып, сотқа сүйреп, қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ, дау-жанжалдың ушығып кетуінің алдын алып, келісімге келуге мұрындық болып жүрген медиаторлардың ізгілікті істері алдағы уақытта да жалғасын таба бермек[4, 34б].

- «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңы 2011 жылғы 28 қаңтарда қабылданып, сол жылы 5 тамызда күшіне енді. Жобаны іске асыру мақсатында елімізде медиация институтын енгізу және дамыту бағдарламасы әзірленді. Соның негізінде 300-ден астам медиатор оқытылды. Сонымен қатар, судьяларға арналған оқыту семинарлары, тұрғындар арасында медиацияны насихаттау жөнінде іс-шаралар ұйымдастырылуда. Кәсіби емес медиаторларды оқыту бағдарламасын әзірлеу, оқу бағдарламаларын жақсарту жөніндегі ұсыныстар дайындау, медиаторларды аккредитациялау және аттестациялау, дауларды соттан тыс шешудің мүмкіндіктері туралы жұртшылықты хабардар ету және медиация институтын дамыту сынды бірқатар іс-шаралардан тұратын кешенді жұмыстың бастапқы кезеңі аяқталды. Азаматтық сот өндірісіне сот медиациясын (бітімгершілік рәсімдерді) енгізу жөніндегі пилоттық жоба 2014 жылдың мамыр және желтоқсан айлары аралығында республика соттарында жүзеге асырылды. Пилоттық жобаның шеңберінде сот медиациясы қолданыла отырып, барлығы 3 939 іс аяқталды. Соның ішінде, аудандық соттарда – 3 816 іс, апелляциялық тәртіппен облыстық соттарда – 123 іс қаралды. Осы істердің жалпы санының басым бөлігі Шығыс Қазақстан (18,4%), Оңтүстік Қазақстан (18%), Батыс Қазақстан (16,1%) және Қостанай (8,8%) облыстық соттарында қаралған.

Талдау көрсеткендей, сот медиациясы, негізінен, берешекті өндіру, соның ішінде, коммуналдық төлемдер, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент өндіру және некені бұзу туралы істер бойынша қолданылған.Аталған жобаны жүзеге асыру барысында келіп түскен ұсынымдар осы институтты заңнамалық тұрғыда реттеу мәселесін шешу үшін Азаматтық процестік кодекс жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына жолданды. Пилоттық жобаның нәтижелері судьяның қатысуымен сотта татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері бойынша дәлелді заңнамалық түзетулер енгізудің қажеттілігін айқындап берді. Тұтастай алғанда, халықаралық тәжірибені ескере отырып, медиация институтын одан әрі жетілдіруге, сот әділдігін жүзеге асыруды дамытуға, соттардың жүктемелерін азайтуға, іскерлік белсенділікті арттыруға және елде қолайлы инвестициялық ахуал құруға ықпал етеді. Соңғы жылдары елімізде орын алған резонансты сотістерін бұқаралық ақпарат құралдарында дұрыс жариялау, жалпы сот жүйесінің имидждік саясатын күшейту мақсатында қандай шаралар қолға алынуда?

Құқықтық мемлекеттің ең басты көрсеткіштерінің бірі – сот қызметінің ашықтығы. Осы қағидатты басшылыққа алған Жоғарғы Сот бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатуға барынша мән беріп келеді. Сот тақырыбына арналған жарияланымдардың сапасы, кәсіби деңгейі, ақпараттардың шынайы болуы сот жүйесі үшін өте маңызды. Өйткені, сот жүйесінің қызметі туралы қоғамдық пікір бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қалыптасады. Осыған орай, соттардың жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз ету жергілікті соттар қызметін бағалау өлшемдерінің бірі ретінде енгізілді[7, 9б Қайрат Мәми «Сот əділдігінің мінсіз жүйесі – құқық үстемдігін қамтамасыз етудің негізі». Заңгер №2 (163), 2015].

Әдебиеттер тізімі:




  1. Азамат Бурамбаев Бітімгершілік іс санаттары нақтылана түсті Заңгер №5 (190), 2017.

  2. http://alashainasy.kz/kukytyk_reforma/mediatsiya-daulyi-maselelerdn-timd-sheshm-110086/.

  3. А.У.Утемисов 14.04.2014 http://trk.sud.kz/rus/ massmedia/mediaciya-turaly-makala.

  4. Нұрлыбек Ормаханов Медиация –ізгілік кепілі Қазақстан Республикасының Құқық жаршысы Заңгер №9 (194), 2017. 88б.

  5. Г.Башенова Медиацияны даму мәселелері http://qaz.infozakon.kz/courts/5500-mediaciyany-damu-mseleler.html 18.04.2018ж.

  6. Жақып Асанов «Кетісудің емес, келісудің жолын ұсынды» 12 Сәуір, 2018ж Астана Abai.kz. https://abai.kz/post/68777.

  7. Қайрат Мәми «Сот əділдігінің мінсіз жүйесі – құқық үстемдігін қамтамасыз етудің негізі». Заңгер №2 (163), 2015.

жүктеу 33,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау