Тiл-көзден сақтағай
“Барша әлемдi өрт шалып‚ көп елдерде қан төгiлiп жатқан бүгiнгi
аласапыран заманда тыныштық сақталған‚ бейбiт өмiр кешкен ел екеу
болса‚ соның бiрi‚ жалғыз болса‚ соның өзi” деп‚ сырт көз бiреулер қызыға
да қызғана бiздiң Қазақстанды мақтап-мадақтағанда‚ кейбiр ырымшыл
ақсақалдардың “тiл-аузың тасқа!” деп күбiрлейтiндерiн көрiп те‚ оның
мәнiсiне түсiнiп те жүрмiз.
Шынында да‚ басқаларды былай қойғанда‚ кешегi Совет Одағының
қаусыра‚ қысып ұстаған “ыстық құшағынан” босанып‚ егемендiктiң не
екенiн ендi ғана бiлiп‚ өзiнше ел бола бастаған ТМД мемлекеттерiнiң iшiнде
Қазақстанды “тыныштық сақталған‚ бейбiт ел” деп дәрiптеудiң себебiн
зерделеп қараған адам ғана түсiне алады. Өйткенi Қазақстанның басқа ТМД
219
елдерiнiң бiреуiне де ұқсамайтын бiр ерекшелiгi бар. Ол - өз елiнде‚ өз жерiнде
жасайтын қазақтардың басқа ұлт өкiлдерiнен‚ тағдырдың тәлкегiмен‚ сан
жағынан әлдеқайда аз болып қалуында. Кеше ғана
“Қазақстан - халықтар
достығының лабораториясы”
деп жариялап‚ жар салғанымыз есiмiзде.
Егемендi ел‚ тәуелсiз мемелекет болып‚ өз шаңырағын басына көтерiп‚
өз қазанын бауырына алып‚ марқайған Қазақстанға өткен дәуiрден мұра
болып қалған‚ басқа түркi мемлекеттерiнен бөлекше етiлiп‚ алыстан
көзге шалынатын ерекшелiгi де‚ мiне‚ оның осы ұлттық-демографиялық
жағдайында едi. Осыған байланысты‚ Жаңа Қазақстанның болашағы
туралы әр түрлi жоба-жорамал айтып‚ “жүзден астам ұлт өкiлдерi
жасайтын‚ оның басым көпшiлiгi орыстар‚ “орыс тiлдiлерден” тұратын
бұл тәрiздi “қырық құрақ” елдiң ел болып кетуi нейғабiл” деп сәуегейлiк
жасағандар да аз болған жоқ едi сол кезде. Кешегi Желтоқсан оқиғасынан
кейiн‚ жастары алаңда қанға бөгiп‚ азап шеккен‚ ұлт болып “ұлтшылдар”
деген жаманатқа ұрынған қазақтың саналы азаматтары егемендiкке ие
болған елiнiң болашағына деген көзқарасы да “құратынымыз ұлттық
мемлекет пе‚ жоқ‚ көп ұлттық мемлекет пе‚ тiлiмiз‚ дiнiмiз не болар екен ...?”
деп алаңдағандар да‚ әлiптiң артын бағып‚ байсалдылық көрсеткен де‚ оны
әртүрлi саққа жүгiртiп‚ жорамалдаушылар да‚ ұрандатушылар да арамызда
аз болған жоқ.
Бұл тарихтың өзi қалыптастырған жағдайдан шығудың‚ уыздай
ұйып отырған көп ұлт өкiлдерiнiң бейбiт өмiрiн‚ тату-тәттi қарым-
қатынасын сақтап қалудың бiр-ақ жолы бар едi. Қазақстан халқының
қалыптасқан осы тұрақтылығын‚ тұтастығын бұзып алмай‚ қайта
олардың өзара ынтымақ-бiрлiгiн арттыра түсетiн‚ татулықты сақтап‚
жаңа мемлекетiмiздiң iргесiн қалауға белсене атсалысатын‚ iс-
шараларды ұйымдастыратын ресми қоғамдық-әлеуметтiк әрекеттер
қажет болды.
Қоғамдағы осындай жаңа үрдiс толқынында дүниеге келген
ұйымдардың ең алғашқыларының бiрi -
Халықаралық “Қазақ тiлi”
қоғамы болды. Бұл қоғам республикамызда көп уақыттан берi қасаң
болып қалыптасып қалған тiл проблемасына байланысты‚ қоғамдық
өмiрден тәркiленiп‚ өз мiндетiн атқарудан қалып бара жатқан қазақ
тiлiнiң мүшкiл халiн жөндеп‚ қалпына келтiру үшiн‚ оны бұл төнген
қауiптен қорғап қалудың бiрден-бiр дұрыс жолы мемлекеттiк тiл ретiнде
тану үшiн‚ оған ресми мәртебе бергiзiп‚ қорғау үшiн қалың жұрттың
санасын оятып‚ өз тiлiне деген көзқарасын өзгерту үшiн қоғамдық күш
қажет болды.
220
Мiне‚ осындай игi мақсаттармен Халықаралық
“Қазақ тiлi”
қоғамы 1989 жылы 21 қыркүйекте дүниеге келгенде Республикада басқа
қоғамдық ұйымдардың бiрде-бiреуi жоқ едi. Қазақстанда жасайтын сан
алуан ұлт өкiлдерiнiң тiлiне‚ дiнiне‚ салт-дәстүр‚ ұлттық мәдениетiне
байланысты мәселелердiң баршасын алғашқыда осы қоғамның өзiне
тапсырып‚ оны
“Ана тiлi”
қоғамы деп атауды үкiмет мақұл көрген
болатын. Алайда қоғам құруға байланысты шақырылған бiрiншi
құрылтайды‚ күн тәртiбiне қойылған ұлттық тiл‚ салт-дәстүр т.б.
көптеген мәселелердi жан-жақты талдау үстiнде құрылтайға қатысушы
Қазақстандағы барша халықтардың өкiлдерi қызу талас нәтижесiнде
қоғамды
“Қазақ тiлi”
қоғамы деп атауды мақұлдап‚ бiрауыздан шешiм
қабылдаған едi.
Мiне‚ сол құрылтайдағы әңгiменiң соңы Қазақстанда жасайтын
басқа халықтардың рухани-мәдени дамуы туралы мәселемен жалғасып‚
олардың да жеке-дара мәдени орталықтары болуы керек деген
идея туындаған едi. Мiне осы идеяға байланысты көп ұзамай-ақ‚
республикада әр түрлi ұлттық мәдени орталықтар бiрiнен кейiн бiрi
пайда бола бастады. Сөйтiп‚ бұл көп ұлтты Қазақстан Республикасы
құзырында демократиялық дамудың алғашқы күндерiнен бастап күн
тәртiбiне қойылып‚ өзiнiң қажеттiгiн дәлелдей түскен жаңа құбылыс едi.
Қазақстан халықтарының конгресi
атты ұйымның дүниеге келуi‚
мiне‚ осы жаңа даму үрдiсiне сай жаңа да қажеттi қоғамдық құбылыс
деп танылып‚ елбасының айрықша қолдауымен барлыққа келiп‚ өткен
10 жыл iшiнде қоғамдық өмiрiмiзде өте зор саяси-әлеуметтiк‚ рухани‚
этномәдени қызмет атқарып келедi. Кезiнде халықтар конгресiнiң
құрылуына‚ мемелекеттiк қамқорлыққа алынуына байланысты әр түрлi
пiкiр айтылып‚ сан саққа жүгiртiлсе де‚ iс жүзiнде бұл ұйым мемлекет
құзырында ұлт саясатының дұрыс шешiлуiне‚ үй iшiнен үй тiгiлiп‚
қырық ру болып бөлiнiп‚ бөлшектенуден‚ ұлтаралық наразылық‚ әр
алуан бейберекет әрекеттерден сақтандырып келе жатқан халықтар
достығының бiр ғажайып ұйытқысына айналып отыр. Қазақтың кең
даласындай дарқан көңiлмен‚ даналық‚ парасаттылығымен шешiлген
бұл игiлiктi iс бүгiнде көп ұлтты Қазақстан жерiндегi тыныштық пен
бейбiт өмiрдiң бейне бiр кепiлi iспеттес. Өйткенi ұлтаралық қарым-
қатынаста болып келген‚ әлi де бола беретiн iшкi мәселелердiң
баршасы осы конгресс ауқымында шешiлiп‚ реттелiп‚ бiрлi-жарымды
айтыс-тартыстар көп жағдайда шегiнен шығарылмай осы қауымның
өз iшiнде-ақ шешiлiп жатады. Өйткенi бүгiнгi Қазақстан жағдайында
221
барлық ұлт өкiлдерiне деген өкiметтiк көзқарас‚ “ол бәйбiшенiң баласы‚
мен тоқалдың баласымын” деп‚ өзара бөле-жару‚ бақталастық жоқ. Қайта‚
ұлт өкiлдерi көп жағдайда рухани-мәдени салада‚ экономика жағынан
жергiлiктi халықтардан артық тұрмаса‚ кем тұрмайды. Оларға iстелiп
жатқан жәрдемдер де жоқ емес. Қазақстанда жасайтын үлкендi-кiшiлi
халықтардың негiзгiлерi өздерiнiң мәдени орталықтарын құрып‚ олардың
өз өкiлдерiне қажеттi iс-шараларын бүкiл республика бойынша таратып‚ өз
тамырын терең жайып‚ iргесiн нығайтып‚ қоғамдық-әлеуметтiк беделi бар
үлкен-кiшi ұйымдарға айналып отырғандары да белгiлi.
Сондықтан да‚ республика өкiметi‚ Конгрестiң төрағасы елбасы
Н.Ә.Назарбаев мырза өзiнiң iшкi де сыртқы саясатын жүргiзуде арқа
сүйейтiн сенiмдi де берiк бiр тұрағым деп осы Конгрестi санайды‚ оның
алдында есеп берiп‚ есебiн тыңдап‚ жәрдемi мен қамқорлығын жасап
келедi.
Әрине‚ Қазақстан халықтарының конгресiнiң болуын‚ оның iс-әрекетiн
жоғары бағаласақ та‚ оның ешбiр кемiстiгi жоқ деп те айта алмаймыз. Осы
орайда көңiлде жүрген бiр ойымды айта кеткендi жөн көремiн. Конгрестің‚
демек Қазақстан халықтарының қол жеткен табыстары‚ оларға iстелген‚ әлi
де iстелуге тиiстi игi-жақсы iстердiң баршасы‚ бүгiнгi елiмiздегi тыныштық
т.б. баршасы‚ сайып келгенде‚ елiмiздiң ие болған егемендiгiне ғана емес‚
сол елдiң негiзiн құраушы қазақ халқының өзiне де‚ оның сайын даламыздай
кең пейiлiне‚ дарқан көңiлiне‚ ыстық ықылас-иетiне де байланысты болса
керек. Бұл халық жерiн‚ суын‚ ауасын т.б. табиғат байлығын пайдалану
үшiн ғана емес‚ бүгiнде егемендi ел болып‚ марқайып отырған қазақ халқы
өз болмысында да басқаша қарауды‚
“Сыйға сый‚ сыраға - бал”
дегендей‚
сыйлауды‚ құрметтеудi де қалайды. Оның ең басты белгiсi қазақ халқының
ғасырлар бойы жәбiрлiк көрiп‚ аяқ асты болып келе жатқан‚ қазақ үшiн
ең қымбат‚ ең асыл дүнеисi - қазақ тiлiне деген құрмет болса керек. Бұл
“Халықты сыйлау оның тiлiн сыйлаудан басталады”
деген қарапайым
қағиданы бiле бермейтiн‚ ескермейтiн конгресмендерге құлаққағыс
қылғаным ғой. Өйткенi өткен он жылдан берi бұл ұйымның мемлекеттiк
тiл бәрiмiзге ортақ‚ Қазақстанды өз Отаным‚ Атамекенiм деп есептейтiндер
үшiн оны құрметтеу аз‚ өзiн Қазақстанның шынайы азаматы‚ патриоты
санайтын барлық халық өкiлдерiнiң оны бiлуiн “азаматтық парызым деп
түсiнгенiн” уағыздау бұл ұйымда бола қойған жоқ.
Қазақ атам “Iштен шыққан жау жаман” дейдi. Құдайға шүкiр‚ ондай
жау бiзде жоқ сияқты. Халқымыз тату-тәттi өмiр сүрiп‚ жаңа егемендi
елiмiздiң iрге тасын қалап, қабырғасын бекiтуге белсене ат салысып отыр.
222
Осы өмiрiмiзге қызығып та‚ iштей береке-бiрлiгiмiзден бiздi айырмағай‚ ол
ұзағынан болғай! Көре алмайтын көп дұшпанның тiл-көзiнен аулақ болғай
Қазақстанымыз!
Достарыңызбен бөлісу: |