450
Еуразия елдерінің бел ортасындағы түркі халықтарының қатарында қазақ
жұрты да компьютердің ғажайып табыстарын пайдаланбай тұра алмайды.
Осындай мақсаттармен кезінде Ресей де, Қытай да латын жазуына көшуге
талпыныс жасаған болатын. Бүкіл славян халықтарының көпшілігі осы
латын жазуын пайдаланады. Сондықтан өркениетті елдерге тән осынау
үрдістен біз қашпауымыз керек.
– Жаңа әліпбиге мына уақытта көше аламыз деп шамамен айта
аламыз ба? Нақты іс-шаралар бар ма, болса қандай? Біз осы ортақ
әліпбиге көшуде нендей кедергілерге кездесіп отырмыз?
– Жоқ, айта алмаймыз.
Бұдан екі жыл бұрын Елбасымыз Н.Назарбаевтың атына жаңа
алфавитке көшу жөніндегі пікірімді білдіріп, 28
әріптен тұратын
жобамды көрсетіп ашық хат жазғанмын. Елбасы хатымды оқып
шығып, сол уақыттағы лауазымды үкімет адамдары Ә.Кекілбаев пен
Қ.Сұлтановтарға мәселені қарауды тапсырған екен. Осы арада олардың
қызметтері ауысып кетті де, әліпби өз жайына қалып қойды. Сонымен,
күні бүгінге шейін оған қозғау салынбады.
Латын жазуы туралы әңгіме болғанда кейбіреулер Орхан-Енисейді
алайық дейді, кейбіреулер арабтың өзі жақсы еді десе, енді бірі
кириллицаны жақтайды. Әрине,латынға көшейік деген пікір басымырақ
болды. Әлі күнге шейін Үкімет тарапынан ресми қаулы шыққан жок.
Елба сымыз Нұрсұлтан Әбішұлына Тұркияға барған бір сапарында осы
ортақ әліпби жөнінде сауал қойылып, «қазақтар латын жазуына көшсе
дұрыс болар еді, өйткені ортақ әліпбисіз қазақ дүниесін оқи алмаймыз»
дегенде Нұрекең: «Егер халық қолдап, ғалымдар оны дәлелдеп жатса,
мен оған қарсы болмаймын» деген болатын. Тіл заңы жөнінде кейінгі
кезде өткізген мәжілістерінің бірінде
Рес публика бас министрінің
орынбасары И.Тасмағамбетовтің латыншаға көшу мәселесін қарау
үшін ҚР Ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетке арнайы
комиссия құру туралы тапсырма бергенінің куәгері болдық. Жаңа
әліпбиге жоғарыдан жарлықпен бір жылда, бір күнде өту, дегенді қою
керек. Оған ең аз дегенде 5 жыл қажет бо лады. Өйткені үлкен қаражат,
экономикалық жағдай ке рек. Ең бастысы тіліміздің табиғатына
сай етіп әліпбидің жобасын дайындап,
емле-ережесін де қатар
шығаруымыз қажет. Көшкенде бірден көшуге болмайды, біртіндеп
көзді үйретіп барып, оқулықтарымызды жазып дайындықпен көшуіміз
ләзім. Газет-журналдардың кейбір материалдарын латын қарпімен
жариялап беру керек. Мақаланы ашынып жазуымның себебі қазақ
451
интеллигенциясы сөз жүзінде әңгімені көп айтамыз. Жаңа әліпбиге
көшетін
болсақ көшейік, ол үшін алдымен комиссияны құруымыз
қажет. Және сол комиссия құрамына кімдер кіреді, соны да ойластыру
керек. Жалпы тәртіп бойынша құрамда қойшы, жұмысшы болу керек
емес, оған жаны ашитын көзі қарақты, азаматтық позицияда тұратын
жұрт болу керек. Латын жазуы қазаққа керек пе, жоқ па деп ашынып
жазуымның себебі сол еді. Латыншаға көшу айналасы бір жылдың
емес, 4-5 жылда шешілетін мәселе. Ең бастысы – әрбір тіл өзінің
тілдік ерекшелігін ескере отырып, басқа туыс тілдермен санасу керек.
Кириллицаны қолданысқа енгізгенде әрқайсысы әріпті, таңбаны
өздерінше жасады. Қысқасы, бірімізді біріміз түсінбейтін
дәрежеге
жеткізді. Бұл туысқан халықтарды бір-біріне жақындастырмаудың
тәсілі сияқты болып көрінеді маған.
Достарыңызбен бөлісу: