Нұрсұлтан Назарбаев феномені жайлы толғаныс



жүктеу 100,99 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі100,99 Kb.
#1442

1.12.2012 жыл

Далалық мегалит және даналық

Нұрсұлтан Назарбаев феномені жайлы толғаныс
Бақуатты өмір сүргісі кел­мей­тін ел, бақытты болғысы кел­мей­тін халық жоқ. Осынау алыс жол, асыл мұратқа жету үшін бей­біт­шілік пен халықтардың бірлігі, ынтымағы ауадай қажет. Ел тіз­гінін ұстаған саясаткердің да­ныш­пандығының бір өлшемі, бәл­кім, ең басты қасиеті – хал­қына оқ-дәрінің исін сездірмей, мұңсыз, қамсыз мамыра-жай өмір сыйлауында болар. Қоғамға да, жеке адамға да керек нәрселер көп. Өте көп. Сол көп керектің ең маңыздысын бірінші кезекке қоя білген қоғам да, тұлға да ұтады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың кемел ойлы кемеңгерлерге тән кө­регендігінің жарқын бір көрінісі – Тәуелсіздіктің елең-алаңында көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын бірінші кезекке қойып, ұлттар мен ұлыстарды ұрыстырмай, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт өмір орната алғандығында.

«Мемлекетті құтқару үшін бір ғана Ұлы Адам жеткілікті», депті Вольтер. Осы тұста «Қайғысыз ұй­қы ұйықтатқан ханым-ай!» деген Бұқар жырау сөзі де ойға ора­лып тұр. Даңқты ақын мен да­нышпан жыраудың осынау ұла­ғатты сөз­де­рі Нұрсұлтанның ұлы­лығын ай­қын­дайтыны анық. Олай дейтінім, Нұрсұлтан – тәуелсіз­діктің елең-алаңында небір қиын істердің қию­ын тауып, күрмеуі қатты аса күр­делі проблемаларды кемеңгер­лік­пен шеше білген, жас қазақ мемлекетін қатал уақыттың қатыгез дү­лей дауылдары мен нө­сер жауын­дарынан аман-есен алып шыққан Ұлы Адам! Елімізде ұлтаралық келісім мен ынтымақ, бірлік орна­тып, ұлы жырау айт­қандай: «Қайғысыз ұйқы ұйық­татқан хан».

Өзгесін айтпағанның өзінде, Нұрсұлтанның осы бір ғана тарихи ерлігі Ұлы Адам, Ұлы Тұлға деуге толық татиды.

Ресей бағаны босатып, ақша реформасын жасаған кезде, көрші елге тәуелді болмағанымыз да Нұрсұлтан Назарбаевтың алдын ала, астыртын ұлттық теңге жа­сатуы арқасында ғана мүмкін бол­ды. Еліміздегі қуаты жағынан әлем­дегі төртінші ядролық арсе­нал­ды жойып, Семей полигонын жабу көптеген күрмеуі қатты проб­ле­маларды шешумен бірге, соқа жа­саған ел, тажалды ауыздықтаған ер атандырып, мемлекет мерейін асырды.

Алдағыны анық көріп, алысты қалт жібермей қапысыз болжайтын Елбасы елімізде қор­да­ланып қалған көптеген проб­ле­маларды кезек-кезегімен, тез, ең бас­тысы, тиімді шеше білді. Оның бәрін байыпты баяндай берсек, сөз ұзара береді. Ең бастыларын сана­ма­ласақ, олар: Мемлекеттік шека­ра­мызды заңмен бекіту, дербес қарулы күштерді дер кезінде құру, ескірген заңнамалық базаны жа­ңар­ту, криминогендік ахуалды ауыз­дықтап, ұйымдасқан қылмыс­тың өсуін тежеу, Ұлттық қор құру, «2020 Стратегиясын» жасау, 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге аса бастауы…

Біздің еліміз – еңбеккер, ел басқарған еріміз Нұрсұлтан ке­мең­гер. Елі еңбеккер, ері кемеңгер болса аңыздың өзі ақиқатқа ай­налады. Бар болғаны он жылда құлпынайдай құлпырған жаңа астана салып, жиырма жылда екі ғасырдың жүгін еркін көтеріп кеткен, әлемдегі ең озық елу елдің қатарына қосылуға ұмтылған Қа­зақстан аңыздың өзін ақиқатқа айналдырды. ОSCE-ге Еуропа­да­ғы қауіпсіздік және ынтымақ­тас­тық ұйымына төраға болып қана қоймай, Астана Саммитін өткіздік. Ол-ол ма?! Елу алты мемлекеттің басшыларын бір жерге – Астанаға жинап, әртүрлі көзқарастағы, әлем­дік дең­гей­дегі лидерлердің Астана декла­рациясына қол қою жеңісіне – ұлы оқиғаға қол жеткіздік.

Осы қуанышпен үзеңгі қағыса паң Парижден мән-маңызы бұдан да зор тағы бір сүйінші хабар жетті: ХКБ-ға мүше 161 мемлекеттің жасырын дауыс беруі нәтижесінде Қазақстанды 103 ел қолдап шық­ты. Соған орай, ЕХРО Халық­ара­лық көрмелер Бас Ассамблея­сы­ның әлем астанасы атанған Парижде өткен 152-сессиясында ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі Астана қала­сында өтетін болып шешілді. Бұ­дан бұрынғы іріктеулерде талай ал­пауыт мемлекеттерден оза шау­ып, Бельгия сынды байыр­ғы қуат­ты, әйгілі елмен ақтық сын­ға түс­кен Қазақстанның бақ жұлдызы тағы да биіктен жар­қы­рай жанды. Бұл – Нұрсұлтан Назарбаев фено­менінің тағы бір жар­қын көрінісі. Бұл өздігінен кез­дейсоқ келген жоқ. Оңай бақыт болмайды. Тәуел­сіз­діктің жиырма бір жылында жи­ырма бір асудан асқан елдің ерен еңбегі мен Ел­ба­сының әлем таң­ғал­ған кемел ойлы кемеңгерлігінің жемісі, Ұлт көш­басшысының ха­лық­аралық аре­надағы аса биік бе­делінің жеңісі! Бұл жеңіс Қазақ­стан­ның имиджін онан әрі көте­ру­мен бірге, ел эко­номикасына қуат­ты серпін береді.

Н.Ә.Назарбаев феномені осы­нау тарих жеңістермен тығыз бай­ланысты. Көп векторлы модельді таңдап, сыртқы саясаттағы сан түйінді салқынды сабырмен шебер тарқатқан Қазақстан, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, АӨСШК сынды бір­қатар халықаралық аса беделді ұйым­дар­ға мүше болған Қазақ­стан бүгінде АҚШ, Қытай, Жапония, Ресей, Еуроодақ, Түркия ел­дерінің страте­гиялық әріптесі. Әлемдік және дәс­түрлі діндер көш­басшыларының IV съезін табыс­ты өткізіп, олар­дың әрқилы көз­қа­растағы көшбасшыла­рын бір үс­телдің басында тоғыс­тыр­ған Ас­та­на бүгінде әлемдік проблемаларды талқылайтын алаң­ға айналды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев феноменінің тағы бір қыры – жа­һандық өткір проблема, өзекті мә­се­лелерді шешуге септесетін өмір­шең идеяларды бірінен соң бірін үздіксіз ұсынып, ұдайы әлемдік дең­гейдегі саясаткерлерден оқ бойы озық жүретіндігі. Ана бір жыл әлемге ортақ валюта жай­лы ұсы­нысы жаһан ойшылдарын жалт қа­рат­ты. Дүниежүзілік эко­номи­ка­лық форумдарда сөйлеген сөздері, айтқан ұсыныстары, эко­номика са­ласындағы біліктілігі Нобель сый­лығы лауреаттарының өзін таңғал­дырды.

Әлемнің алпауыт елдерінің өзін есеңгіретіп кеткен дағдарыс атты алапат дауылдан Қазақ­стан­ның сыр бермей шығуы да Назарбаев феноменімен тікелей бай­ла­нысты. Егер Нұрекең өзіне тән көреген­дік­пен Ұлттық қор құрма­ған­да, үлес­керлер проблемасын шеш­пек тұр­мақ жәрдемақы, зей­нетақы, жал­ақы дегендеріңіздің өзі көзден бұл­бұл ұшар еді. Грекия, Испания, Ита­лия, т.б. қуатты мемлекеттер­дің өзі де халық наразылығынан көз ашпай, дефолт алдында тұрған жоқ па?

Нұрсұлтан Назарбаев ай сайын жаңа бір идея айтудан, оны жүзеге асырудан жалыққан емес. «Жал­пы­ға Ортақ Еңбек Қоғамына қа­рай 20 қадам» атты бағдарлама­лық мақа­ла­сы, «Қазақстан білім қо­ғамы жо­лында» атты сүбелі еңбектері со­ның айқын айғағы. Елбасының «На­зарбаев Университетінде» оқы­ған дәрісін зерделеген сәтте, менің ойыма ядролық физиканың атақты теоретигі, неміс ғалымы Макс фон Лауенің: «Үйренгеніңнің бәрі ұмы­тылғанда жадыңда қалатын жалғыз байлық – білім», деген сөзі оралды. Нұр­сұлтан Әбішұлы «Нұр Отан» пар­тиясы «Жас Отан» жастар қа­наты­ның II съезінде сөйлеген сө­зін­де мәңгілік байлық – білім, ең бас­ты бақытымыз – Тәуелсіздік жай­лы тағы да «алыстан сермеп, жү­рек­тен тербеп» халықты толған­дыр­ған толымды ойлар толғады. Тәуел­сіз­­діктің алғашқы жылда­рын­дағы қиыншылықтарды аз сөзбен си­паттаған Елбасы: «Қа­зіргі күндерге жету үшін біздің буын, сендердің әкелерің, ата­ла­рың көп тер төкті. Елдің сыртын жаудан, ішін даудан аман алып қалу үшін күндіз-түні тынбай жұ­мыс істеді, – деп са­бақ­тады сөзін. – Қараңдаршы, сол ты­нымсыз еңбектің арқасында біз қа­зір кім болдық? Жан басына шақ­қандағы ішкі жалпы өніміміз 16 есеге өсіп, 12 мың долларға жетті. Бұл біздің Түркиямен, Малайзиямен, Шығыс Еуропаның мемлекеттерімен тереземіз тең болды деген сөз. Ин­дус­трияландыру карта­сы­ның аясында жалпы құны 9,6 триллион теңге бо­латын 600-ден астам жоба жүзеге асырылуда. Бұл біздің жас­та­рымыз үшін 370 мың жаңа жұ­мыс орнын береді. Қазақстанды бә­секеге ба­рынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу туралы тап­сырма бердім. Дүниежүзілік эко­но­микалық форум мәліметтеріне жү­гінсек, соңғы бір жылда Қазақ­стан 21-сатыға көтеріліп, 51-орынға шықты».

Бұдан әрі еліміздің, жастардың алдында тұрған міндеттерді сали­қа­лы ой, салмақты сөзбен сарала­ған Ұлт көшбасшысы сөздің со­ңын да тамаша түйіндеді. Ол түйін мынау:

«Барша халқымыздың ең бас­ты құндылығы – Тәуелсіздік. Біз – көшпенділердің ұрпағымыз, ат үс­тінде жүрген елміз. Ержүрек ха­лықтың жалғасымыз. Естеріңізде болсын, тарихта қазақты ешкім ешуақытта жаулап алған жоқ. Жаулап алғысы келгендер ел ішіне іріткі салады. Бүгінгі тәуелсіз елімізде қазақтың ішкі бірлігі сақта­лу­ға тиіс. Біз бір ұлтпыз, қанымыз бір, жанымыз бір. Сыртта жүрсек те, іште жүрсек те, барлық мәсе­лені бірлесіп шешуге тиіспіз. Еш­уақытта басқа ұлттың, басқа дін­нің адамдарын ренжітуге болмай­ды. Жаманшылықты өзіңе қалай тілемесең, басқаларға да сондай тілекші бол. Қазақстандықтардың барлығы бір-біріне тілеулес болға­ны жөн. Басқа ұлт болса да, оларда Қазақстанның төлқұжаты бар, осы елде туып-өсті. Бөтеніміз емес. Қо­ғамның барлық жүгін бірге көте­рісіп келеді. Зауыт, фаб­ри­каларды бірге салып жатырмыз. Бір­лігіміз болса, бір-бірімізді сый­лаймыз. Бұған дейін осылай бол­ған, бұдан кейін де солай болуға тиіс. Енді тура бір айдан соң ел тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өткелі отыр­мыз. Асылын ардақтай білетін хал­қымыз тәуелсіздіктің қадірін бір сәт те түсірген жоқ. Тұғырын ны­ғайтып, түтінін түзу ұшыруға барын салып келеді».

Барлық сөзі мен барша іс-әре­кет, халық қамы, ұлт мүддесіне қызмет ететін Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан – ұлы тұлға!

Еліміздің ай сайын, жыл сайын ғана емес, апта сайын жаңа бір биіктен қол бұлғауы да Нұрсұлтан Назарбаев фономенінің тағы бір тамаша көрінісі. Жап-жаңа бір мысал – күні кеше ғана Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ас­самблеясының 67-сессиясы шең­­бе­рінде осы Ұйымның Адам құқық­та­ры жөніндегі кеңесіне мүшелікке сайланды.

Талантсыз халық жоқ. Халық бойындағы талант пен жасам­паз­дық­ты кемел ойлы кемеңгерлер ғана ашады. Қазақстан Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.­Ә.Назар­баев жыл сайын ғана емес, ай сайын өсіп, толысқан әлемдегі ең сал­мақты санаулы саясаткер­лер­дің бірі, бірі ғана емес, бірегейі. Нұр­сұл­тан тәуелсіздік жылдары тұлғалық тұрғыдан қаншалықты биікке көте­рілсе, елін де сон­ша­лық биікке көтеріп, халықтың да, жеке аза­маттардың да бойындағы талант пен жасампаздықты ашты.

Халық бойындағы талант пен жасампаздықты кемел ойлы ке­мең­герлер ғана аша алады деген ойға өз өмірімнен нақты бір дәлел – тәуелсіздік менің қаламыма қанат бітірді. Өзгесін айтпағанның өзін­де, соңғы 20 жылда тәуел­сі­здік жай­лы жүздеген мақала, «Адас­паң­дар, Адамдар», «Жүре­гім­де жүз сәу­ле», «Кемеңгерлік құ­пиясы», «Қас қағым және мәң­гілік», «Қы­наптан суырылған қы­лыш» атты бес деректі кітап және тұтас бір ға­сырдың көркем шежіресін жасаған төрт кітаптан тұра­тын «Жиыр­ма­сыншы ғасыр» атты роман-эпопея жазып, жарыққа шы­ғардым. Назарбаев дәуірінде өмір­ге келген әзірге жалғыз эпопея әдебиет сыншы­ла­ры мен оқыр­ман­дар тарапынан өте жоғары баға алды. Көзқарақты оқыр­ман хабардар осы «Жиырма­сын­шы ғасыр» роман-эпопеясы үшін маған Президент Жарлығы­мен Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Мұны айтып отырған себебім, осы Мемлекеттік сыйлық үшін мен де, менің әріп­тестерім де Елбасыға қарыздар­мыз деп ойлаймын. Ұлт көшбас­шысының жүргізіп отырған кемел ойлы кемеңгер саясаты әлем мойындаған жемісі мен жеңісі – елде тыныштық, ұлтаралық келісім болмаса, шығармашылық зор жетістіктерге жетпек тұрмақ, ба­сы­мызбен қайғы болып кетер едік. Көрші елдерде болған қақты­ғыс­тар мен Араб елдерін қамтыған қан­төгістер бізге Елбасының дана да сара саясатының жемісі – бейбіт өмір мен басымыздағы бақыт­ты бағалай білуге міндеттейді.

Ұзын сөзді шектеулі газет кө­лемі көтермейтінін ескеріп, ойымызды өлеңмен өрнектейік:

Даналардың көзіндей,

Сөзі Бұқар сөзіндей,

Қайратына қарасам,

Абылайдың нақ өзіндей.

 

Бекзаттығы аппақ сезімдей,



Саясатта семсер сезілмей.

Нұрсұлтандай дана қайда бар,

Ойлайтын халқын көз ілмей.

 

Бір өзі бір ел туындай,



Лебізі алтын буындай,

Нұрсұлтан сынды дананың,

Тұрсыншы туы жығылмай!

 

Әр ісін қолдап демеңдер,



Артық айтты демеңдер,

Мың жылда бір-ақ туады,

Нұрсұлтан сынды кемеңгер!

Халық қамы ұлт мүддесіне қалт­­қысыз қызмет ететін Н.Ә.На­зарбаев феноменінің тағы бір тамаша бір қыры – мына дөңбек­шіген дүние, алмағайып заман, ала­сапыран уақытта елімізді ба­қыт­қа бастайтын тура жолмен адас­тырмай алып жүруінде. Қа­сиет­ті кітапта жазылғандай: «Адам­дар жүрер жолын таба алмағанда ажал құ­шады». Жүрер жолдан жаңыл­мау – Н.Ә.Назарбаев феноменінің тағы бір қыры.

Ерте, ерте күндерден бері ел есінде сақталып келе жатқан «Да­ла­лық мегалит» дейтін ұлағатты ұлы ұғым бар. Оның тарихи атауы «Мегалит мәдениеті». Бұл – энео­лит және қола дәуіріне жататын бірнеше археологиялық мәдениет­тер­дің жалпы атауы. Н.­Ә.На­зар­баев феноменін зерделегенде менің ойыма осы «Дала­лық мегалит» – «Мегалит мәде­ниеті» оралды. Бұл тегін емес, оның терең сырын даналықты «Да­лалық мегалиттің» қайнары­нан қанып ішіп, қос алтынның қос­пасы сынды Азия мен Еуро­паның, жалпы, бүкіл адамзат өрке­ниетінің інжу-маржан­дарымен көм­кере алған Нұрсұлтан сынды ғұламаның кемел ойлы кемең­герлігінде.

Түйіп айтсақ, Нұрсұлтан – Ел бағына туған Ер, кемел ойлы кемеңгер. Тіреусіз Аспан жаратқан құдіреті күшті, аса мейірімді Алла тағаланың Алаш жұртына берген ең үлкен бірінші сыйы – Азаттық, екінші сыйы – Тәуелсіздік туын қиын кезде құлатпай ұстап қалып, бүгінде берік қолда ұстап жүрген Нұрсұлтан! Сөзімді төрт жол өлеңмен түйіндейін:

Жүгің ауыр – қорғасын,

Халқың әркез қолдасын.



Қыдыр жүрсін қасыңда,

Бақыт болсын жолдасың!
жүктеу 100,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау