Қысқа мерізімді жоспарлау.
Пән
|
Дүниетану
|
Сыныбы
|
3 «а»
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қаңқа дененің тірегі.
|
Күні
|
10.09.13
|
Сабақтың
көрнекілігі
|
Интерактифті тақта, Суреттер,Флтпчарт,маркерлер
|
Сабақтың мақсаты:
|
білімділік
|
дамытушылық
|
тәрбиелік
|
Оқушыларға қаңқа дегеніміз не екенін түсіндіре отырып, олардың атқаратын рөлі жайлы мағұлмат беру.
|
Оқушылардың білім дәрежелерін жетілдіре отырып, сабаққа деген ынтасын,шығармашылық компетенциясын дамыту.Ынтымақтастық атмасферасын қалыптастыру.
|
Жазу мен сөйлеуге қатысты құзіреттілігін дамыта отырып,өз ойларын еркін айта алуға,өз беттерінше жұмыс жасауға баулу ынталандыру.
|
Оқушыға не жайында мағұлмат береміз.
|
Адам қаңқасы қандай қызмет атақарады.
Қаңқаның бөліктерін ата.
Қаңқаның қозғалмалы бөліктерін ата.
Бас сүйекте және омыртқа жотасында не бар?
|
Тапсырмалар
|
Адам дене бөліктерімен танысу.
|
Ойын түрлері:
Кім шапшаң , І.Кане ойланып көр,артығын тап ,сергіту сәті,Кім жылдам,Алтын қақпа
|
7-Модуль бойынша әдістермен тәсілдер.
|
СТО технологиясы , топпен жұмыс ,өзара бір –бірін бағалау.
|
Талантты дарынды оқушыларға берілетін тапсырмалар
|
Интернет желісі бойынша адам ішкі мүшелері жайында қызықты материалдар жинақтай отырып,олардың қызметімен және қалай күту керек екені туралы жазып келу.
|
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар ортадағы суреттерді құрастыру арқылы өз топтарын тауып екі топқа бөлініп отырады.Әр топта 1спикер.
1 ақпаратшы.
1 топ басшысы болу керек.
1 эксперт (глоссарий құрастырушы)
2- мазмұндаушы,көркемдеуші.
Топ басшылар жауап бергендерге жетон беріп отырады.
Мұғалімнің функциясы
|
Бағдарлаушы
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Кеңес беруші
|
Оқушының іс әрекеті.
|
Флипчарттарды толықтыру.
|
Үй тапсырмасын сұрау: Адам ағзасы .
«Кім жылдам » ойыны
-Адам денесі қандай бөліктерден тұрады?
-Адамның ішкі мүшелерін ата ?
-Адамға ,жануарға,өсімдікке не қажет?
-Ішкі дене мүшелерінің ең негізгісі не?
-Адам денсаулығын сақтау үшін не істеу керек?
-Ағзаның қорғаныс мүшесі?
Қызығушылықты ояту.
-Біз адам –табиғаттың бір бөлшегі екенін білеміз.Ол еңбек етеді,ойлайды және жануарлардан осынысымен ерекшеленеді.
-Адамның барлық дене мүшелері бір-бірімен мықты байланыста екен.
Адам организімі бір тұтас дүние деуге болама ? неліктен?
І топ ІІ топ
ІІ Жаңа сабақ:
Оқушылар басын,маңдайын ,жекесін,шынтағын,тізесі мен қол саусақтарын ұстап көреді.
-Сендер нені ұстап көрдіңдер? Сүйектерді.
Олар қандай екен? Қатты ,мығым.
Сүйектер бір-бірімен мықты байланысып тұр.солардан қаңқа құралады.
«Қаңқа » плакаты бойынша жұмыс істеу.
Оқушыларға жаңа сабақ жайында қысқаша түсінік бере отырып алдарына қаңқа жайында қосымша деректер беріледі.
Оқушылармен жұмыс:
І –топ Қаңқа бөліктері
ІІ-топ Сүйек түрлері.
Сергіту сәті:
Ой толғаныс .
Самат далада фотбол ойнап жүріп,аяғын оқыс басып қалды. Аяғының қатты ауырғанын сезіп,ойыннан шықты.Ол үйге келген соң ,ауырған жерінің ісіп,көгергенін көрді. Саматтың аяғына не болды?
Шығармашылық тапсырма
Сынған сүйекке алғашқы көмек көрсету.
ІІІ.Сабақты қорытындылау:
«Алтын қақпа » ойыны
Әр қақпа сұрақтарын деңгейлеп бердім.
«Темір қақпа» А деңгейі сұрақтары
1Тірек –қимыл жүйесін қандай мүшелер құрайды?
2 Қаңқа қандай қызмет атқарады ?
«Күміс қақпа» Ә деңгейі сұрақтары
1 Қаңқа қандай бөлімдерден тұрады?
2Қол сүйектеріне қандай сүйектер жатады?
«Алтын қақпа» Б деңгейі сұрақтары
1Аяқ қаңқасы бөлімдерін атаңыз?
2Адамдағы омыртқа санына және олардың түрлерін атаңыз?
Сабақты бекіту
Кесте толтыру
Ұзын сүйектер
|
Қысқа сүйектер
|
Жалпақ сүйектер
|
|
|
|
ортан жілік,асық жілік, кәрі жілік,тоқпан жілік, омыртқа, жауырын,белдеме, жамбас.
Берілген жілік түрлерін өз ұяшығына жазу
Үйге тапсырма беру: Қаңқа бөліктері жайында қызықты материалдар жинақтап келу.
Бағалау: Әр топтағы топ басшылары әр оқушыға қойған бағаларын мұғалімге айтып береді.Кімге қандай баға не үшін қойылды сол жайында да түсінік беріп кетеді.
Қысқа мерізімді жоспарлау.
Пән
|
Дүниетану
|
Сыныбы
|
3«а»
|
Сабақтың тақырыбы
|
Бұлшық ет.
|
Күні
|
14.09.13
|
Сабақтың
көрнекілігі
|
Интерактифті тақта, Суреттер,Флипчарт, маркерлер.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Білімділік
|
дамытушылық
|
тәрбиелік
|
|
Оқушылардың білім дәрежелерін жетілдіру алдыңғы сабақта алған білімдерін жетілдіре отырып, бұлшық еттің атқаратын қызметін түсіндіру
|
Оқушылардың белсенділіктерін қалыптастыра отырып,топпен жұмыс жасау белсенділіктерін дамыту.
|
Оқушылардың топпен жұмыс жасау барысында өз өздерін ұстауға,еркін сөйлей алуға тәрбиелеу,өз беттерінше жұмыс жасай алуға баулу.
|
Оқушыға не жайында мағұлмат береміз
|
Бұлшық ет не үшін қажет?
Дененің қай бөлігінде бұлшықет бар?
Бұлшықет қалай жұмыс істейді?
Бұлшықетті қалай шынықтырады?
|
Тапсырмалар.
|
Оқушыларды топқа бөлу арқылы әр топқа тақырыпқа сай тапсырмалар берілді..
|
Ойын түрлері:
|
І.Шыңға шығу ,бес шумақ өлең,,сергіту сәті ,Кім жылдам
|
7-Модуль бойынша әдістермен тәсілдер.
|
. СТО технологиясы. Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру.
|
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (1-2мин)Оқушылармен амандасу жоқ оқушыларды түгендеу, сынып тазалығына көңіл аударуоқушылар назарын сабаққа аудару.Оқушыларды топқа бөлу.Оқушылар үш топқа бөлінеді.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
.Кубизм әдісі «Шыңға шығу » ойыны.1 Адам денесінің тірегі не?
2 Аяқ жіліктерін ата ?
3 Қаңқадағы жалпақ сүйектерді ата ?
4 Қысқа сүйектерге не жатады?
5 Бас сүйек қаңқасы қандай екі бөліктен тұрады?
6 Кеуде қуысында неше омыртқа бар?
7 Бұғана мен жауырын қандай белдеу құрайды?
8 бала неше жасқа келгенде сүйектері қатая бастайды?
9 Адам мүшесінде неше қабырға бар?
I. Қызығушылықты ояту.
- Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
Ерте-ерте ертеде бір патшаның қызы - Алтын бұрымды сұлу өмір сүріпті. Оның жүрісі аққудың жүзгеніндей әдемі еді, бойы - оқтай түзу, денесі - сымбатты еді. (Орыс халқының Алтын бұрымды Василиса
туралы ертегісі)
«Оқтай түзу» және «денесі сымбатты» деген сөздерді қалай түсінеміз?
Адам өзінің жүріс-тұрысын өзі қалыптастыра ала ма?
II. Ақпараттық блок.
(Балаларға жаднама беріледі, оны ата-аналарына көрсетуі керек).
III Жаңа сабақ
Адам денесіндегі сүйектер өздігінен қозғала ала ма?
- неге?
Тәжірибе жасау
Балалар қолы мен аяғын ұстап көреді. Сол қолымен оң қолының
шынтақтан жоғары қатты бұлшықетін ұстап көреді. Қолды бүккенде бұлшықет қатая түседі. Балалар жұптасып, бір-бірінің қолының бұлшықетін сантиметрлік таспамен өлшейді: алдымен бұлшықеттің қол бос тұрғандағы қалпы, содан соң бүгілген кездегі қалпы өлшенеді. Нәтижесі дәптерге немесе тақтаға жазылады. Бұлшықет қысқарды, жиырылды, жазылды.
Топтастыру
қысқарды жиырылды бас мойын
Бұлшықет қол бұлшықет аяқ
жазылды арқа көкірек
Оқулықтағы мәтінді оқу.
Топпен жұмыс
1 -топ Бас пен мойын бұлшықеті
2 -топ қолдың бұлшықеті
3 -топ аяқ бұлшықеті
Сарамандық жұмыс
І топ
Адам қай кезде шаршайды, жүкті қолмен жоғары ұстан тұрғанда ма,әлде жүгі бар қолды көтеріп,түсіргенде ме?
ІІ -топ
Оқушы жүгі бар қолды бірде түсіріп ,бірде түсіріп бірде көтеруді ұсынады. Оқушы шаршамай көпке дейін бұл қозғалыстарды жасайды.30 сек .кейін тәжірбие тоқтатылады.
Неліктен ?
ІІІ топ
Саусақтарды бүгетін бұлшық еттердің қайда екенін анықтау.
Дені сау адамды сипаттайтын сөздерді таңдап алыңдар:
Әдемі
|
Ширақ
|
оқтай түзу
|
мықты
|
Еңкіш
|
Сылбыр
|
сымдай түзу
|
ебедейсіз
|
Күшті
|
қызылшырайлы
|
Семіз
|
сыптай
|
- Дені сау адам болуға не көмектеседі?
- Біз қандай құпияларды білеміз?
Бірінші құпия - жақсы мінез.
Екінші құпия - шыныққан дене.
Үшінші құпия — дұрыс тамақтану.
Төртіпші құпия - күн тәртібін сақтау.
Бесінші құпия - күн сайын дене еңбегімен айналысу.
- Сендер қалай ойлайсыңдар, осының бәрін күн сайын жасауға бола ма?
Қорытынды. Әр адам өз денсаулығын күтуі қажет.
IV. Қорытынды блок.
1.Бес жол шумақ өлең . Бұл ойында қазақ тілі сабағымен сабақтастыру оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Зат есім не? бұлшықет
Сын есім қандай? жұмсақ, қатты
Етістік не істейді? қысқарды, жиырылды, жазылды
Сөйлем Адамның бұлшықеті жақсы дамыған.
« Менің болашағым » тақырыбында бес минуттық эссе жазу
Үйге тапсырма беру: «Бұлшықет» мәтінін оқу, ата-аналарымен бірге жаднаманы пысықтау.
Бағалау: Әр топтағы топ басшылары әр оқушыға қойған бағаларын мұғалімге айтып береді.Кімге қандай баға не үшін қойылды сол жайында да түсінік беріп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |