10
– Бізге дейін 12 одақтас республикада Тіл туралы Заң қабылданды.
Солармен салыстырып қарағанда, біздің заңның интернационалистік
сипаты басым. «Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы» негізінен үш
топтағы
тілдердің статусын белгіледі: қазақ тілі – мемлекеттік, орыс тілі – ұлтаралық
қатынас құралы ретіндегі статусқа ие болды, ал белгілі бір ұлт өкілдерінің
топтары жинақы тұратын жерлерде олардың тіліне Халық депутаттары
Советтерінің шешімімен белгіленген тәртіп бойынша жергілікті ресми тіл
статусын беру мүмкіндігі атап көрсетілді.
– Жергілікті ресми тіл статусын беру Қазақстаннан басқа
республикалардың заңдарында кездесе ме?
– Кейбір одақтас республикалардың заңдарында сол республика
территориясында тұратын халықтардың тілдерін дамытуға мүмкіндік
жасалатыны айтылған. Алайда мұндай жалпылама сөздер еліміздің
Конституциялары мен партия Программаларында айтылып келді ғой.
Бірақ, іске аспағаны белгілі. Біздің заңымызда бұл мәселе нақтылана түсті.
Мәселен, Ұйғыр ауданындағы халықтың 70–80 проценті – ұйғырлар. Енді
олар сол аудан көлеміндегі іс кағаздар мен жиын, мәжілістерді өз тілінде
жүргізуге хақылы деген сөз. Міне, нақ осындай нақтылық басқа одақтас
республикалардың заңдарында жоқ. Тіпті,
Молдавия мен Прибалтика
республикаларының Тіл туралы заңдарында орыс тіліне ұлтаралық қарым-
қатынас құралы ретінде жеке-дара статус берілмеген.
– Заң жобасын талқылау кезінде «біздің республикада да қазақ және
орыс тілдері ұлтаралық, қарым-қатынас құралы болып танылсын» деген
пікірлер айтылды. Егер олай етпеген жағдайда онсыз да орыс тілі барлық
жерде қазақ тілімен бірдей қолданылатыны баса көрсетілген бұл заңның
мазмұны айна лып келгенде баяғы екі тілдің мемлекеттік тіл статусына
ие болуы болып шығады. Бұл пікірге қалай қарайсыз?
– Ие, «аузы күйген үріп ішеді» дегендей-ақ біздің қазақ жұрты екі
тілдің мемлекеттік тіл болуына үрке қарайтыны рас. Өйткені мұндай декрет
біздің республикада 1923 жылы қабылданған. Одан кейінгі жылдары да
мемлекеттік қостілділікті дамыту жөнінде қаулылар болған. Бірақ өкінішке
орай, соның бәрі де іс жүзіне аспай қалды. Керісінше, қазақ тілі қоғамдық
өмірден ысырылып, шын мәнінде ғылым, техника және өндіріс тілі болудан
қала бастады. Ұрпақ арасындағы рухани байланыстың жалғастығы үзілуге
айналды.
Ана тіліміздің қолдану аясының тарылуына, ең алдымен, Сталиннің
болашақта барлық тілдердің бір тілге айналып кетуі туралы солақай
тұжырымы кінәлі. Содан барып,
халықта ұлттардың жақындасуы,
11
тілдердің жақындасуы деген сыңаржақ түсінік орнықты. Бұл қоғамдық
пікірді Хрущев өзінің Белоруссия мемлекеттік университетінде сөйлеген
сөзінде: «Біз неғұрлым орысша сөйлеуге тезірек көшсек, коммунизмге
соғұрлым ертерек жетеміз» деп «жетілдіріп» толықтыра түсті. Оны
әкімшіл-әміршілдік система қанын жерге тигізбей қағып алып, дереу сол
бағытта жұмыс істеуге кірісіп кетті. Лениндік ұлт саясатының осылайша
бұрмалануының нәтижесінде 1926 жылғы
халық санағында көрсетілген
елімізде өмір сүрген 194 үлкенді-кішілі ұлт пен ұлыс, этностық топтардың
жарты ғасырдың ішінде 93-і «із-түзсіз» жоғалып кетті. Бұғанасы өсіп,
буыны қатпаған қазақ тілін сол 20-жылдардың өзінде орыс тілімен қатар
қою дұрыс емес еді. Өйткені, барлық жерде іс қағаздарын орыс тілінде
жүргізу міндетті болды. Сөйтіп, орыс тілінің басымдығы қазақ тілінің
дамуына кері әсер етті.
Қазақ тілінің қазіргі жағдайына қарасақ,
тұлға жағынан бәрі бар
сияқты. 12 томдық энциклопедия, 10 томдық түсіндірме сөздік жаздық,
В.И.Лениннің 55 томдығы аударылды. Қаншама көркем кітаптар шықты.
Бірақ, тіліміздің қолданылу аясы тар. Партия, совет, кәсіподақ, комсомол
және ғылым қызметкерлері қазақ тілін біле бермейді. Өйткені, бұған дейін
қазақ тілін білудің қажеттілігі шамалы деген теріс тұжырым бас бермей
келді.
Революциядан кейінгі 70 жыл ішінде 84 түрлі терминологиялық
сөздіктер шығарыппыз. Бірақ олар қажетімізге асып отыр ма? Оларды іске
қосуға тиіс ғалымдарымыз қазақ тіліне шорқақ. Неге дейсіз ғой, өйткені,
қажеттілік жоқ. Осы орайда кезінде орыс тілін барлық жерде міндетті
түрде қолдануға мәжбүр ететіндей қажеттілік бар ма еді деген сұрақ туады.
Меніңше, ол қолдан жасалған жасанды қажеттілік еді.
Мәселен, Қазақ ССР Ғылым академиясынан 1989 жылы шығарылған
150-дей кітаптың 10 шақтысы ғана қазақ тілінде жарық көрді. Оның өзін
Тіл білімі институты мен Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері
жазған. Осындай өкінішті фактілердің бәрі
республикада тіл білімінің
құнын түсіруге әкеп соғуда.
Республикада орын алған осындай көпе-көрнеу бұрмалаудан және қазақ
тілінің мүмкіндігі туралы ескі көзқарастың салқыны болса керек, Қазақ
ССР-інің халық депутаттары қазақ тілін де орыс тілімен қатар ұлтаралық
қарым-қатынас құралы деп жариялауға дайын болмай шықты.
Әйтпесе, кең байтақ республикамызды мекендейтін бір миллионнан
астам түркі тілдес халықтардың өкілдеріне қазақ тілі әзір де жат емес еді
ғой. Ал, енді бұл заңның мәні айналып кел генде екі тілдің мемлекеттік
12
тіл болуына келіп саяды деген пікірмен келісу қиын. Себебі, қазақ тілі
мемлекеттік тіл деп тайға таңба басқандай көрсетілді. Енді оны іс жүзіне
асыру халықтың өзіне байланысты. Заң қабылданды деп іс біттіге
санасақ, немесе өз тілін ұмытқан, шала-шарпы
білетін қазақтарымыз
ана тілді үйренуге енжарлық танытса, онда өз тілін қадірлемеген
халықтың тілін өзге жұрт та үйреніп жарытпас.
Достарыңызбен бөлісу: