28
тәрбиелеуге толық мүмкіншілігі бар ма? Немесе, әркімнің өз ана тілінде
оқып, қалаған мамандығы бойынша білім алуға толық мүмкіндігі бар
ма, өз республикасындағы кез келген мәдени орында, жиналыс-жиында,
өндіріс саласында өз тілінде сөйлеп кетуге хұқы бар ма?
Міне, бұл сұрақтардың бәріне бірдей бас изеп, «иә» деп шұлғып
жауап берудің реті жоқ сияқты. Өйткені ұлт тілдерінің, соның ішінде
қазақ тілінің нақтылы жағдайы да оған жар бермейді. Ана тілін болашақ
ұрпаққа аман сақтап қалу арманы талайдың ойын оятып,
санасын
сергітіп отыр. Осы бір рухани өмірдің жалғастығы үшін ішкі күрестің
шарықтау шегі, міне, қайта құру дәуірімен қабаттаса, қарбаласа келіп,
әрбір ұлт пен ұлыс өз тілін тіпті мемлекеттік тіл биігінен көруді көрсетіп
отыр!
– Енді осы талап-тілек қаншалықты орынды-орынсыз екенін
бағамдау үшін оның себеп-салдарына үңіліп көрсек болмас па?
– Себептердің ең бастысы – лениндік ұлт саясатының тамаша
принциптерінің ұзақ жылдар бойы әртүрлі жағдайларға байланысты
өрескел бұрмаланып, орталықта да, ұлт аймақтарында да деформацияға
ұшырап келуінде болып отыр.
Шынымен-ақ осындай жағдай болды ма? Ол рас. Мәселен, 1926
жылғы халық санағы бойынша елімізде өмір сүретін 194 үлкенді-
кішілі ұлт, ұлыс және этностық топтар хатталып қағазға түскен екен.
Ал енді жарты ғасырдан кейінгі, яғни 1979
жылы өткен санақтың
ресми хабарына қарасақ, 194-тің тек 101-ғана қалыпты. Сонда қалай, 93
тілде сөйлеуші халықтың із-түзсіз жоғалып кеткені ме? («Коммунист»
журналы, 1988. 16 номерін қараңыз). Осы бір айғақты бәз біреулер
жасырып-жапқысы келсе, енді біреулер «айыптың» барлығын сол кездегі
(1926 ж.) санақ жүргізушілердің тәжірибесіздігіне аудара салғысы бар.
Бірақ мұның да көп қисыны жоқ. Өйткені, 1897 жылы өткен санақта да
Патшалық Россияда «146 тіл және наречие» бар деп көрсетілген еді (Бұл
да сол журналда айтылған).
Ал Сібір, Қиыр Шығыс өлкесін мекендеп келе жатқан саха
(якут), хакас, шор, тува, тоф, алтай, сібір татарлары т. б. түркі тілдес
халықтардың көңілді алаңға бөлейтін жай-жапсарлары тіпті мүшкіл.
Осы тектес тағы бір мысал келтірейік. Мәселен, еліміздегі жүзден
астам дербес халықтар мен ұлыстардың бүгінгі таңда 78-нің ұлт жазуы,
яғни жазба әдебиеті бар екен (Профессор С.Бруктың айтуынша бүгінде
ол 75 шамалас болып шықты. «Известия», 11.01.89.). Демек, қалған
тілдік топ тар әліге шейін ұлттық жазу-сызудан мақұрым деген сөз ғой.
29
Оған да шүкіршілік! Бірақ осы жазуы бар
халықтарымыздың бұдан он
жыл бұрын тек 55-інің ғана өз балаларын ана тілінде оқытып тәрбиелеуге
мүмкіншілігі болған. Ал қазіргі жағдай одан да мүшкіл, 55 деген сан 39-
ға дейін күрт түсіп кетіп отыр. Демек біз 30-шы жылдардың басындағы
деңгейден де төмен құлдилап кеткенбіз. Сонда бұл құлдыраудың себеп-
сыры неде болғаны?!
В. И. Лениннің «Ұлттардың өзара жақындасуы және тіпті бірігуі»
деген тезисін көбіне тіл аясына ауыстырып, «ұлт тілдерінің бірігіп,
түбінде бір тілге айналуына мезгеп отыр» деп топшылап елді шатастырып
келдік. Осы орай да И. В. Сталиннің «Марксизм және тіл білімі» (М.,1951)
деген орашолақ еңбегі де есімізге түседі. Ол өзінің А.
Холоповқа берген
жауабында: «Ұлттардың экономикалық, саяси және мәдени өзара ұзақ
қарым-қатынасының нәтижесінде алдымен әбден байыған бір тұтас аймақ
тілі бөлініп шығады, одан соң олар жержүзілік жалпы бір тілге барып
саяды...» (сол еңбектің 52-бетінде) деген болатын. Жасыратыны жоқ, күні
бүгінге дейін кейбір ұлт өкілдерінің ана тіліне енжарлықпен қарап, «Ана
тіліміздің алдында
жарқырап тұрған болашағы жоқ, бас қатырып оған
балаларды үйретудің қажеті не, қазірден-ақ бір тілге ауыса берейік»,–
дегендей пиғыл танытуы соның салдары болса керек.
Бұған қосымша кейбір ғалымдардың кейінгі кезде ұлт тілдерінің
әлеуметтік жағдайын, қолданыс шеңбері мен қоғамдық қызметін анықтауға
байла нысты оларды өзара «болашағы бар», «болашағы шамалы» және
«болашағы жоқ» деп жіктеп, «көріпкелділікке» салынуын да құптарлық іс
деп қарауға болмайды. Тілдің қатыспайтын жері жоқ. Ол сайып келгенде
экономикалык, саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани
өміріміздің барлық
саласына, демо графия, миграция, урбанизация, ғылым, ағарту ісі т.с.с.
толып жатқан құбылыстардың камертоны болып саналады!
Достарыңызбен бөлісу: