1«АХҚЗ» АҚ өндірістік қалдықтарының және шығарындыларының


Ақтөбе хром қосындылар зауытының негізгі мәліметтері



жүктеу 2,44 Mb.
бет4/45
Дата19.03.2022
өлшемі2,44 Mb.
#37872
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
«АХҚЗ» АҚ өндірістік қалдықтарының және шығарындыларының аймақтың қоршаған орта компоненттеріне тигізетін антропогендік әсері

1.1 Ақтөбе хром қосындылар зауытының негізгі мәліметтері

1.1.1 Кәсіпорын орналасқан аймақтың физико-географиялық сипаттамасы

Ақтөбе хром қосындылар зауыты Ақтөбе қаласының солтүстік-шығысында, тұрғылықты жерден 1000м арақашықтықта орналасқан. Содан 700 м арақашықтықта қала тұрғындарының саяжайлары қоныстанған. Кәсіпорын тереториясының жалпы ауданы 630 га. АХҚЗ АҚ шығыс жағынан Елек өзені және оның сол жақ саласы жағынан Жіңішке өзені ағып жатыр. АХҚЗ АҚ іргелес 300 м ара қашықтықта еліміздегі ең үлкен металлургиялық кешендердің бірі «Казхром» транс ұлттық компаниясының бөлімшесі «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты», сондай – ақ осы кәсіпорынның шығысында ЖЭО орналасқан. Сонымен қатар өнеркәсіптік аумақта тағы да басқа көптеген кәсіпорындар шоғырланған (1.1сурет).



1.1-сурет кәсіпорынның орналасу аймағы.

Ақтөбе облысының климаты құбылмалы, тез континентальды болып келеді. «Казгидромет» метеорологиялық бақылауларының мәліметтері бойынша қыс айларында максимальды минустық температура 47-52,5ºС, ал жаз айларындағы максимальды қалыпты температура +32,9ºС көрсеткішті көрсетеді. Ең салқын айлардағы орташа айлық температура -18,2 ºС, тең жылы айлардағы орташа айлық температура +24,9ºС жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 95 мм-ден 500 мм аралығында болады. Жылына орта есеппен 420 мм жауын-шашын жауады.

Геологиялық барлау жұмыстарының бақылаулары бойынша облыс аумағында топырақтың қату тереңдігі 250 мм. Ал, жер асты сулары 8-17 м тереңдікте орналасқан. Ақтөбе облысында қыс айларында қатты бұрқасын боран соғуы ықтимал, ал жаз айларында дауыл тұрып желдің жылдамдығы 75-85км/сағ жетеді. Желдің соғу бағыты шеңберлі, яғни жел бағыты барлық румбалар үшін біркелкі. Бірақта ең көп соғатын жел бағытын жылдық қайталанудың 16%-дық үлесін құрайтын оңтүстік-шығыстан соғатын жел құрайды. Желдің жылдамдығы 75-83 км/сағ аралығында болады. Қар жамылғысының биіктігі 20-35 см, желдің тұрақты түрде соғуына байланысты Елек өзенінің маңайында қардың биіктігі 100-150 см жетеді. Су таситын уақытта Елек өзені арнасынан асып жан-жаққа жайылып, жағалаулық топырақ сүзіледі.


1.1.2 АХҚЗ АҚ негізгі атқаратын қызметі және хром қосылыстарын өндіруде қолданатын негізгі технологиялары

АХҚЗ АҚ химиялық хром қосылыстарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын өз қызметін 40 жылдам астам уақыт бойы жалғастырып келеді. АХҚЗ АҚ Ресей, Италия, Германия және т.б. дамыған мемлекеттердің кәсіпорындарымен нарықтық бәсекелестікке түсіп өзінің өнімін дүниежүзінің 28 мемлекетіне экспорттайды. Хромды металлургия, мұнай және газ өнеркәсібінде, тамақ өнеркәсібінің салқындатқыш қондырғыларына кеңінен қолданады. Хромды болаттар қатты берік, коррозияға төзімді болады. Барлық тотықпайтын болаттың құрамында хром болады. Әр түрлі металлдардан жасалған автомобиль бөлшектерін, аспап-саймандарды коррозиядан сақтау үшін хроммен қаптайды. Хроматтар мен дихроматтар күшті тотықтырғыштар бұларды машина майларын, балауыздарды ағартуға, қопарғаш заттар жасау үшін пиротехника өнеркәсібінде сондай-ақ жол құрылысында қолданады. Хром тұздары жүннен жасалған заттарды бояудың алдында басытқы ретінде қолданылады. Хром сульфаты илегіштерін (Cr2(SO4)3∙18H2O) тері өңдеуге және т.б. өнеркәсіптерге қолданады. Хром илегіші ерітіндісімен өңделген тері су сіңірмейді. Қатты әрі төзімді келеді. Хром пигменттерін бояу шығаратын кәсіпорындар көп мөлшерде тұтынады. Қазіргі кезеңде хром қосылыстарын тұтыну қарқыны жылдан-жылға артуда.

Жалпы 630 га ауданды алып жатқан кәсіпорынның өнеркәсіптік аумағында 6 цех және қосалқы өнеркәсіптік обьектілер: қазандық, жөндеу-механикалық цехы, жанар-жағар май қоймасы, дәнекерлеу цехы және т.б. обьектілер орналасқан


жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау