1«АХҚЗ» АҚ өндірістік қалдықтарының және шығарындыларының



жүктеу 2,44 Mb.
бет6/45
Дата19.03.2022
өлшемі2,44 Mb.
#37872
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
«АХҚЗ» АҚ өндірістік қалдықтарының және шығарындыларының аймақтың қоршаған орта компоненттеріне тигізетін антропогендік әсері

Натрий хроматын өндіру. Na2CrO4 хром кенінен, кальциленген содадан, доломиттен тұратын шихтаны жоғарғы температуралық тотықтыру әдісі арқылы алады. Күйдірілген массаны сілтілейді және түзілген Na2CrO4 ерітіндісін ерімейтін тұнбадан бөледі.

1.3 суретте натрий хроматы ерітіндісін өндірудің технологиялық схемасы, ал 1.4 суретте шихта даярлау бөлімінің апаратуралы-технологиялық схемасы келтірілген. Na2CrO4 ерітіндісін өндіру кезеңі: шихтаны дайындай, шихтаны тотықтырып күйдіру, спекті шаймалау, шламды қойыртпақты фильтрлеу, монохромат сілтілерін тазарту.

Бастапқы шикізаттарға жататындар: хромит, әктас, известняк, кальциленген сода және т.б. Үгітілген ұнтақты алдын ала анықталған деңгейде араластырады, тотықтыру үшін айналмалы пеште 1000-1200ºс температурада күйдірілуге түседі. Құрамында кремний тотықтары бар хромның ерімейтін тотығын сілтімен тотықтыру арқылы еритін хроматқа айналдырады. Бір жұмыс процесі кезеңінде хром жүзгіндерден бөлінеді. Пештен шыққан хромат спекі сілтіден бөлінеді және айналмалы ылғалды үгіту диірменінде ұнтақталады. Монохроматты қойыртпақ қатты бөліктердің (қалдық) сұйықтардан бөлінуі жүретін барабанды вакум-фильтрде сүзіледі. Натрий хроматын өндіру нәтижесінде монохромат шламы түзіледі. Түзілген монохромат шламын жинақтағыштарға сақтауға жібереді.

Монохромат шламының түзілу мөлшері басқа өндірістік қалдықтармен салыстырғанда өте көп. «АХҚЗ» АҚ 2001 жылдан бастап өнеркәсіпке аз қалдықты технологияны енгізу жолға қойылды, осы аз қалдықты технологияны қолданудың нәтижесінде шлам жинақтағыштарда монохромат шламының жинақталу көлемі төрт есе азайды. Ескі технология бойынша 1тн натрий монохроматын өндіргенде шлам жинақтау тоғандарында 3тн шамасында монохромат шламы жинақталды. 2001 жылы өндіріске жаңа аз қалдықты технология енгізілгеннен бастап 1тн натрий монохроматын өндіргенде монохромат шламының жинақталуы 0,75 тн құрады. 2007жылы 283,9 мың тн монохромат шламы түзілді, 215,8 мың тн (76%) шлам өндіріске қайтарылып қайтадан қолданылды. Сулы қойыртпақ түріндегі 68,1 мың тн (24%) монохромат шламын капиталды шығындарды талап ететін және ауа сондай-ақ су көздерінің санитарлық жағдайының толықтай қауіпсіз деңгейде сақталуын қамтамасыз ете алмайтын шлам жинақтау тоғандарына орналастырылады. Na2CrO4 өндірісінде кәсіпорын алаңының ауасы құрамында СО2 және су буы бар күйдіру пешінің шығарынды газдарымен ластанады.




жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау