Тақырыптың өзектілігі. Ақтөбе облысы Қазақстандағы ең үлкен индустриялды облыстардың бірі. Облыс аумағында мұнай-газ саласындағы, химиялық және тау-кен саласындағы көптеген үлкен өнеркәсіптер орналасқан. Ақтөбе облысы бойынша 9923 табиғат пайдаланушы кәсіпорындар тіркелген оның ішінде 96 объект стратегиялық, 59-экологиялық қауіпті, 4-транс шекаралық облыс бойынша, 170 кәсіпорын қауіптілік дәрежесі бойынша 1-ші қауіптілік класына жатады.
2007 жылы облыстың экологиялық жағдайы былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ. Өндіріс объектілерін экологизациялау іс-шараларын қолдануға қарамастан облыстық экологиялық жағдайы күрделенуде. «АХҚЗ» АҚ еліміздегі негізгі химиялық кәсіпорындардың бірі өз жұмысын 1958 жылдан бері жалғастырып келеді.«АХҚЗ» АҚ іс-әрекеті нәтижесінде атмосфералық ауа, гидросфера және литосфера ластанады. «АХҚЗ» АҚ гидросфера тигізетін зиянды әсеріне дәлел ретінде Орал өзенінің саласы трансшекаралық Елек өзенінің алтывалентті хроммен ластануын атап көрсетуге болады. 2007 жылдан бастап Бестамақ с. Бордың мөлшері нормадан 40,0 есе асты. Елек өзенінің суының сапасы 6-шы сыныпқа яғни өте ластанған суға жатады. Георгиевка с. алтывалентті хром 7,65 ШРК құрады. Судың сапасы 4 класқа жатады. Бестамақ селосындағы Елек өзенінің су сапасы 7 класқа жатады яғни төтенше ластану дәрежесіне жатады.
«АХҚЗ» АҚ өндірістік процесс нәтижесінде түзілген шлам қалдықтары шлам жинақтағыш – тоғандардан сүзіліп немесе желмен ұшуы салдарынан гидросфера және литосфера ластанады. Жалпы облыс аумағында үлкен кәсіпорынның айналасында миллиондаған тонна өндірістік қалдықтар жинақталған, «АХҚЗ» АҚ (12,3 млн.тн. монохромат, натрий сульфаты, күкіртті натрий шламдары жинақталған). «АХҚЗ» АҚ – (11,0 млн.тн. феррохром шланктары), ДКБК-(752 млн.тн. ашылған жыныстар, 13,0 млн.тн. байыту шламдары) Ақтөбе ЖЭО-(2,26млн.тн. күлдішлак түріндегі қалдық).Осы жинақталған қалдықтардың әсерінен қоршаған орта ластануда. Сондықтанда осы дипломдық жобаның басты мақсаты «АХҚЗ» АҚ қоршаған ортаға тасталатын өндірістік қалдықтарының мөлшерін азайту жолдарын қарастыру болып табылады. Алайда, жаңа технологиялар пайда болған сайын жетілдіріліп, таралады (аң аулау, ауылшаруашылық мәдениеті, өнеркәсіптік революция) әсерге бейімделген планетарлық экожүйе табиғи факторлар, бұрын-соңды болмаған жаңа күштің әсерін сезіне бастады әсерлердің әртүрлілігі. Оларды адамдар тудырады, сондықтан оларды антропогендік деп атайды. Астында антропогендік әсер деп экономикалық, әскери, физикалық, химиялық, биологиялық және табиғи ортадағы басқа өзгерістер.
Достарыңызбен бөлісу: |