Адам денсаулығына тигізетін әсері. Металдық хром және оның екі валентті қосылысы қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп келтірмейді.Үш валентті хром Cr (ІІІ) адам диетасына қажетті элемент және глюкоза метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Организм үш валентті хромды нашар сіңіреді және қиындықпен жасуша мембраналары арқылы енеді. Металлдық хром жасуша мебранасына енбес бұрын иондануды қажет етеді. Cr(VI) кейбір қосылыстары тітіркендіргіш заттегі болып табылады және адамдарға аллергиялық реакция туындатады. Жалпы барлық алты валентті хром қоршаға ортаға адамның іс - әрекеті нәтижесінде түседі. Үш валентті хром су ағындарының тұнуын және фильтірленуі салдарынан судан оңай бөлінеді. Яғни қатты қалдықтар құрамында ерімейтін күйде болады. Алты валентті хром қоршаған орта компаненттеріне қауіп төндіреді.
Cr (VI) өсімдікке зиянды әсер етеді, хромның шоғырлануы өсімдіктің жапырағына қарағанда тамырында көп жинақталады. Ауада, топырақта, суда табиғи түрдегі азайтатын агенттердің болуынан алты валентті хромның қоршаған ортаға түсуін азайтып, қауіпсіз әрі қозғалмайтын үш валентті күйге айналуын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда іс жүзінде алты валентті хромның қоршаған ортаға түсуін айтарлықтай қоршаған ортаға қауіп келтірмейтін деңгейге дейін азайтатын және қоршаған ортаға түсуін доғаратын әдістер кеңінен қолданылуда. Өнеркәсіптік ағынды суларды талты валентті хроманан тазарту маңызды мәнге ие. Хром өзен-көлдерге түсіп, өздігінен тазару процесстерін тежейді, флора мен фаунаны жояды, сондай-ақ судың органолептикалық қасиетін нашарлатады. Ағынды суларды хромнан тазартудың химиялық (реагенттік), сорбциялық, флотациялық, электрохимиялық және биологиялық әр түрлі әдістері қарастырылып, қолданысқа енгізілген. Қазіргі кезде хром өндіру кәсіпорындарының қоршаған ортаға тигізетін қолайсыз әсері мен қоршаған орта компаненттерінің жағдайы үздіксіз бақыланады. БҰҰ мәліметтері бойынша дүние жүзінде туындаған аурудың шамамен 25 проценті экологиялық жағдайдың ушығуынан туындайды. Қоршаған ортаға түскен заттектер немесе заттектер тобы табиғи ортаның экологиялық жағдайын нашарлатып түрлі аурулардың пайда болуына себепші болады.
Cr (VI) ауада және таза суда айтарлықтай тұрақты күйде болады, бірақ ол топырақта, суда және биотада органикалық заттектермен байланысқа түскенде үш валенті күйге дейін тотықсызданады. Ең улысына бірінші қауіптілік классына жататын алты валентті хром, оның абсолютті көрсеткіші бойынша сынаптың ШРК бірдей және 6 мкг/кг құрайды. Төрт валенті хром қосылысының улылығы алты валентті хроммен салыстырғанда біршама аз. Жоғарғы валентті хром қосылыстарының зиянды әсерінің зардабы көрсеткішіне бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы жатады. Сонымен қатар хромат иондарының қабілеттілігіне байланысты жасуша мембраналары арқылы өтіп, мұнда химиялық валенттіліктердің қысқаруы нәтижесінде, генетикалық зақымдынушылыққа ұшырататын концрогендік эффект пайда болады. Сонымен алты валентті хром қосындысы организмде жараның, аллергиялық реакцияның пайда болуы тері және тыныс алу мүшелері, сондай- ақ бүйректің зақымдануына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты өнеркәсіпте кәсіби гигиенаны сақтауда және хромның химиялық қосылыстарын өндіруде, қауіпсіздік техниккасын сақтауда тиімді бағдарламалар жүргізілуі қажет.
Хромның адамның денсаулығына тигізетін зиянды әсері сондай – ақ, хромның қоршаған ортаға улы әсері химиялық қосылыстардың нақты түріне байланысты үш валентті хромның ерімеген түрі Cr2O3 біршама дәрежеде инертті және хром биологиялық жинақталмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |