13 Дәріс Тақырып. Бионанотехнологияға және медицинаға арналған материалдар


Аурулар диагностикасына арналған наножүйелер



жүктеу 314,83 Kb.
бет5/6
Дата30.11.2023
өлшемі314,83 Kb.
#44517
1   2   3   4   5   6
№13 Дәріс

Аурулар диагностикасына арналған наножүйелер. Наножүйелердің медицинада қолданылуының маңызды ауданы олардың негізінде аурулардың бастапқы сатыларында пациент диагнозын дәл анықтауға арналған жаңа экспресс - диагностика әдістерін өңдеп шығару. Клиникалық медицина дамуының қазіргі заманғы деңгейінде лабораториялық зерттеулердің маңызы өте жоғары. Жаңа дәрілік заттарды, жаңа емдеу әдістерін, күрделі хирургиялық қолсұғушылықтар мен реанимациялық шараларды жүргізуді қолдану үздіксіз лабораториялық бақылауды қажет етеді. Соңғы онжылдықта бір стационарлы ауру адамға қатысты лабораторлық зерттеулер саны 3 есе артты. Келер жылдары бұл тенденция тек артып отырады. Қазіргі кезде колданылатын диагностика әдістерінің алуан түрлілігіне қарамастан, олардың көбісіжеткіліксіз спецификалылығымен өлшенетін концентрациялар талдауы немесе диапазонының сезімталдығына байланысты шектеулерге ие. Көптеген жалдау әдістері аналитикалық химияның автоматталмаған әдістемелеріне сүйенеді. Бұл әдетте төмен дәлдікке әкеледі, талдауды баяу әрі қымбат етеді. Сандық талдау жағдайында биомолекулалар ды анықтау күрделілігі талдау ұзақтығын арттыра түседі және оны жүргізу үшін лабораторияның болуын қажет етеді. Реанимациялық және хирургиялық практикада биохимиялық немесе иммунологиялық сынақтарды лезде жүргізу қажеттілігі туындайды . Осыған байланысты биологиялық белсенді заттарды (антигендерді, антиденелерді, ферменттерді, гормондарды, және т.б) сандық анықтаудың экспресс әдістерін дамыту мәселесі үлкен маңызға ие. 90 жылдардың ортасынан бастап вирустар, токсиндер, аллергендер мен наркотикалық препараттардың үлкен жинағына экспресс - сынақтар жүргізу мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі кезде миокард инфаркті. жүрек мүкісі, ми ишемиясы, ауыр уытты күй сияқты ауыр аурулардың панельді экспресс- диагностикасының жүйелері оңделіп шығарылды. Мұндай жүйелердің жұмыс істеу принципі кан кұрамында белгілібір аурудың селективті маркерлерін анықтап, олардың арақатынасын талдауға негізделген. Диагностика ауру адамның төсегінің қасында 15 минутта жасалады, талдауға алынатын үлгілер алдын ала дайындауды қажет етпейді. Панельді жүйелер диагностиканың басқа әдістері (электрокардиография, компютерлі және магнито - резонансты томография) шамасыз болғанда ауру дамуының алғашқы сатыларында қолданылуы мүмкін. Панельдерді қолдану сапалы, жартылай сандық, ал кейде сандық нәтижелерді бірнеше минутта алуға мүмкіндік беріп, дәрігерлер тез арада ем түрін анықтап, сәйкес терапия қолдануына мүмкіндік береді. Biosite компаниясы 1992 ж. шығарған алғашқы панельдердің бірі (Triage Drugs of Abuse Panels) зәрде иммунохроматографиялық талдау мен тоғыз түрлі наркотикалық заттың метаболиттерін анықтайтын шағын портативті панель болды. Кейінірек 1999ж . осы компания ақуызды молекулаларға алғашқы экспресс - сынакты (Triage Cardiac Panel) жасады, ал 2001ж. бір панельде 100 ақуызды бір мезгілде анықтау мүмкіндігін көрсетті. Диагностикалық панельдердің жұмыс істеу принципі компоненттердің құрамында белгілі бір химиялық реагенттер (бұлармен әрекеттесу боялған немесе флуоресцирлеуші комплекстердің түзілуінеәкеледі ) бар панельдің қатаң детерминделген аудандарына микрока пиллярларлы диффузиясына негізделеді. Реакциялық ауданда зерттеу мақсатына байланысты талданатын молекулалармен байланысатын флуоресцентті белгіленген антиденелер немесе антигендер болады Иммунофлуоресцентті талдау әдістемесін қолдану үлкен ерекшелік пен сезімталдықты қамтамасыз етеді. Дәлдіктің артуы өлшеулер санын арттыру есебінен жүзеге асады. Бірақ иммуноабсорбциялық және иммунофлуоресцентті экспресс - талдау әдістемелерінің кемшіліктері де бар: спектроскопиялық әдістер жұтылу немесе флуоресценция жолақтарының бүркелу жағдайында және ерітінділер опалесценциясы негізінде дәл емес нәтижелер береді. Бұл мәселені шешу мақсатында биомолекулаларды анықталатын ақуыздарға қатысты комплиментарлы антиденелер немесе молекулалар моноқабатымен қапталған кеуекті кремнийдің композитті үлпектері негізіндегі гибридті наноқұрылымдармен детекторлау әдісі ұсынылды. Бұл тәсіл аналитикалық тұрғыдан да , экологиялық тұрғыдан да қарапайым әрі тиімді болады Биологиялық белсенді заттардың молеку лаларын комплементарлы ақуыздар көмегімен жоғары селективті түрде сорбциялау мүмкін болғандықтан, ерітіндідегі белгілі бір компоненттің концентрациясын анықтау резонансты сенсорлар (мысалы, беті жоғары дамыған кремнийлі немесе пьезокварцты пластинкалар) бетінде хемосорбцияланатын молекулалар массасын өлшеу арқылы жүргізілуі мүмкін.
Антидененің бактерияны, вирусты немесе патоген молекуласын басып алу кант иевердiң тербелістерінің жиілігінің өзгеруіне әкеліп, бұл биологиялық белсенді заттың мөлшерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Қазірдің өзі кантилевер бетін жасаумен қатар, оны белгілі бір биомолекулалар типіне қатысты ерекшелігінің болуын , яғни белгіленген биологиялық обьектілерді басып алуға қабілетті болуын жасауға бола ды . Бірнеше кантилeвeрді матрицаға біріктіріп, ортада патогендердің түрлі типтерінің болуын бір мезгілде детекторлауға болады . Оларды анықтауға резонациялаушы нанотаразылар «келтірілген» . Мұндай кұрылғылар күрделі ауруларды тез арзан және дәл диагностикалауға мүмкіндік береді бір чип қанның бір тамшысы бойынша толық диаг ностиканы қамтамасыз ете алады Бионанотехнологиялардың қазіргі дамуы комлексті медициналық наножүйелерді құрастыруға және бно орталарды жеке молекулалар деңгейінде бақылауға мүмкіндік береді Мұндай жүйелер күрделі болғандықтан, «чиптағы зертханалар» деген атқа ие болды (13.4 - сурет).



13.4 – сурет. Чиптағы зертхана

Мысалы, белгілі бір ақуызды молекулаларды немесе ДНҚ жеке спиральдарын анықтаумен қатар, олардың концетрациясын да анықтайтын ноносенсорлар прототиптері жасалды. Бұл полимеразалы тізбекті реакцияларға (polymerase chain reaction, PCR) байланысты мүмкін болады. Полимеразалы тізбекті реакциялар - температуралы - бақыланбалы циклді реакциялар көмегімен ДНҚ концентрациясын арттыруға мүмкіндік беретін ферментативті әдіс, PCR реакцияларында ДНҚ молекулаларының саны әрбір цикл сайын еселенеді. Қазіргі кезде мұндай құрылғылар клиникалық сынақтан өтіп, қатерлі ісік аурулары кезіндегі сирек кездесетін ДНҚ мутацияларын анықтау үшін қолданылады Чиптағы зертханалар канның экстесті комплексті талдауын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, аллергендердің болуын және олардың белгілі бір препараттарға деген деңгейін немесе диабетті аурулардың қанындағы глюкоза мөлшерін анықтайды. Наноматериалдардың бионанотехнологияларды қолданылуының ең манызды аудандарының бірі ауруларды алгашкы сатыларда диагностикалау болып табылады. Ол үшін іn - vivo ауруларды (яғни тірі ағзаның ішіндегі) танып білудің арнайы жүйелері өңделіп шығарылуда.



жүктеу 314,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау