13 Дәріс Тақырып. Бионанотехнологияға және медицинаға арналған материалдар



жүктеу 314,83 Kb.
бет4/6
Дата30.11.2023
өлшемі314,83 Kb.
#44517
1   2   3   4   5   6
№13 Дәріс

Нанокапсулалар. Дәрілік бөлшектерді жеткізудің альтернативті әдісі нанокапсулалар ды енгізу болып табылады. Дәл осылай біздің ағзамыз бөтен денелерді «изоляциялайды» да, май немесе гормондарды жасырып, оларды нано контейнерлерге салады. Алғашқы рет мұндай капсулалар тірі жасуша ларда 30 жыл бұрын электрондық микроскопиямен анықталды. Табиғи наноконтейнерлер қабыршағы жасушалы мембрана қабырғаларына ұқсас және капсуланы сыртқы ортадан бөліп тұратын липидті биқабаттардан тұрады. Сонымен қатар қабырғалардың мұндай құрамы заттарды капсулаға және керісінше капсуладан тасымалдауды оңай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Амфифильді заттардан түзілгендіктен капсулалар полярлы да (көптеген амин қышқылдары, ДНҚ, РНҚ, ферменттер, қанттар), полярсыз да (липидтер, май қышқылдары, стероидтер) заттарды тасымалдауға қабілетті. Наноконтейнерлердің сипатты мөлшері (25 нм - ден бірнеше микрометрге дейін жетеді) олардың жасушалы мембраналар арқылы оңай өтуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, нанокапсулалар иммунды жүйе шабуылына түспейді және ағзамен қабылданады, бұл олардың тиімді нанодәрілер жасауға колданылуына мүмкіндік береді. Және де капсула ішіндегісін ағзаның қажет жерінде, мысалы, орта pH - ның белгілі бір мәні болатын жерінде бақылай отырып түсіруге болады.
Наноконтейнерлер ретінде жасушалы органеллаларды қолдану мүмкін болды. Зерттеушілер 100 амин қышқылдарының бірізділігін ашып, липосомдар сыртқы қабыршағында ақуыз өзектерін ашатын «кілтті» таңдап алады. Наноконтейнерлерге ақуызды «кілт» молекулалары бекітілген флуоресцентті нанобөлшектерді енгізу тәжірибесінде табысты болады. Фосфолипидті везикула - липосомдар көмегімен дәрілік заттарды қан жолдарының арналарымен бағытталған түрде тасымалдау, ал оларға магнитті нанобөлшектерді енгізу жағдайында центрлеу мүмкін болды.
Бұл ісікке қарсы дәрілерді зақымдалған мүшеге жеткізуді қамтамасыз етеді. Жұмыртқалы фосфатидилхолин мен холестерин нен алынған магнитті липосомдарды қолдану арқылы жануарларға жасалған тәжірибелер құрамында кураре тәріздес диадоний, дитилин, пирокурин және дипироний препараттары магнит өрісіндегі нысана мүшеге жиналатынын көрсетті. Липосомдар мөлшері 0,01-2 мкм, ал олардың құрылымы жасушалы мембраналар арқылы кедергісіз енуіне мүмкіндік береді. Дәрілік заттардың құрамында магнитті бөлшектері жоқ магнитобасқармалы және бақылаушы липосомдардан шығу ки нетикасын зерттеу магнитті сұйықтықтың капсулалар құрылымына тұрақсыздандырушы әсер бермейтінін көрсетті. Қазіргі кезде табиғи фосфолипидті капсулалар полимерлерінен құрастырылған PHқ, сонымен қатар, кремний диоксидінен, титан диоксидінен жасалған бейорганикалық капсулалар және т.б. қосылды. Табиғи және жасанды синтезделген наноконтейнерлер ағзада медикаменттерді тасымалдау үшін өте жақсы үміткер болып табылады. Олар дәрілер ерігіштігін арттыруға, улылық пен тиімді дозаны азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл контейнерлер және жасуша күйін бейнелей алати биосенсорлар жасауған жасушалар детоксикациясымен олардан зиянды заттарды жою үшін қолданыс тапты. Мысалы, бір бірімен формасы үшбұрышқа ұқсайтын құрылымға қосылған РНҚ үш тізбегінен тұратын нанокапсулалар (13.3 - сурет) жасуша ішіне қатерлі ісік жасушасының өсуін тоқтатуға жауапты РНҚ тізбектерін енгізуге мүмкіндік береді.

13.3 – сурет. РНҚ - нанокапсулалар


Таза биологиялық қолданылуымен қатар нанокапсулалар қоршаған ортаны улы металдар мен қауіпті биологиялық молекулалардан тазарту үшін, тұрақсыз химиялық қосылыстарды тұрақтандыру үшін , нанобөлшектердің коллоидты ерітінділерін жасау үшін перспективті болып табылады. Сонымен қатар, наноконтейнерлерге салынған метал дар мен жартылай өткізгіштер негізінде электронды наноқосқыштарды жасау бойынша зерттеулер жүргізілуде. Табиғи және наноконтейнерлерді одан әрі зерттеу олардың қолданылу ауқымының кеңеюіне әкеледі.



жүктеу 314,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау