13 Дәріс Тақырып. Бионанотехнологияға және медицинаға арналған материалдар


Медицинадағы магнитті наноматериалдар



жүктеу 314,83 Kb.
бет3/6
Дата30.11.2023
өлшемі314,83 Kb.
#44517
1   2   3   4   5   6
№13 Дәріс

Медицинадағы магнитті наноматериалдар. Соңғы кезде медик - ғалымдар аурулар диагностикасы мен оларды ем деу үдерістері барысында пайда болатын түрлі мәселелерді шешу үшін магнитті бөлшектерді сыртқы магнит өрісі көмегімен басқаруға бола тынымен түсіндіріледі: мұндай қол сұғу кезінде ауру мүшеге инвазивті ену қажет емес. Басқа молекулалар белгісі ретінде қолданылатын магнитті нанобөлшектер ірі магнитті кедергі эффектісінде жұмыс істейтін сезімталдығы жоғары магниторезистивті сенсорлар көмегімен анықталуы мүмкін. Екінші жағынан, магнитті тасымалдаушыларға биологиялық белсенді молекулаларды «бекітсе», оларды ағзаның белгілі бір бөлігінде сыртқы магнит өрісімен басқару мен концентрлеу мүмкіндігі пайда болады. Бұл тәсіл дәріні адамның белгілі бір мүшесіне жеткізу үшін де, оны осы мүшеде ұстап тұру үшін де қолданылуы мүмкін. Анизатропты магнитті қасиеттерге ие биологиялық инертті не месе биоүйлесімді магнитті наноматериалдарды алу әдістерін іздеу мен өңдеп шығару үлкен маңызға ие. Бұл мәселенің шешімін табиғаттың өзі айтады. Жақында ғана хиральді және фрустрирленген магнетизмді нанодеңгейде индукциялау мүмкіндігі анықталды. Ал табиғат Жердің магнитті өрісін «сезетін» және магнетотактикалық бактериялар үлгісін баяғыда жасаған. Бұл бактериялар жасушаішілік ферромагнитті нанокристалдар - магнето сомдарды синтезтейді. Мұндай бактериялар дәрілік препараттарды зақымдалған мүшеге бағытталған түрде жеткізуге қабілетті жүйенің үлгісі болып табылады, ал магнитті тасымалдаушы агент ретінде қандай магнитті затты қолдану керектігін табиғаттың өзі айтады. Клиникалық зерттеулерге сай, FeО магнетиті наноқұрылымдандырылған күйде адамның да, жануарлардың да (тышқан немесе шошқа) ағзасына қауіпсіз болады. Магнетиттің жоғары магнитті моменті мен жоғары магнитокристалды анизотропия сы оны резонансты әдістермен визуализациялау үшін де, бөлшектерді қан тамырлары бойынша тасымалдау үшін де қолданылуына мүмкіндік береді. Сәйкесінше, жалғыз шешілмеген мәселе жасанды түрде синтезделген нанобөлшектерді олардың қан арнасында ұйықтардың түзілуіне әкелетін агрегатталуын болдырмау үшін беттік белсенді заттармен тұрақтандыру болып табылады. Протекциялаушы қабыршық магнетит нанобөлшектерін гидрофильді инертті затпен: кремний диоксидімен, декстриндермен, канттармен немесе ақуыздармен тікелей қаптау арқылы түзілуі мүмкін. Бұл жерде сыртқы қабыршықта ауру және сау жасушалардың танып білу үдерісісінің селективтілігін қамтамасыз ететін антиденелерді ұрластыру үшін қолданылуы мүмкін кейбір функционалды топтардың болуы қажет. Сонымен қатар қан арнасында тұрақты магнитті бақыланатын дәрілік жүйелерді алу үшін жылулық денатурация әдісі ұсынылды. К. Виддер мен А. Сеньей өсімдік майында 110-150 °С - қа дейін қыздырылған магнетит нанобөлшектерінің қатысында ақуыз (адам альбумині) бен донсорубицин гидрохлоридінің (адриамицин қатерлі түзілістерді жоюға мүмкіндік беретін зат) бірлескен денатурациясын жүргізді. Бұл сатыда түзілетін коллоидты микросфераларды тұрақтандыру үшін ерітіндіге формальдегид немесе 2,3 -бутадион қосылды. Алынған микросфералардың (орташа мөлшері 1-2 мкм) көбісінің құрамында магнетит (21 % масс.), альбумин (73 % масс.) және адриалейцин (5 % масс.) болды . Алынған микросфералар жасанды түрде жасалған ісігі бар тәжірибелік жануарларға ( тышқандарға ) күре тамырына (артерия) енгізіліп, содан кейін ісікте магнит өрісімен локализацияланды. Нәтижесінде ісік мөлшерлері азайып, он екі жануарлардың тоғызы тірі қалды. Мұндай микросфераларды алу әдістері таңдалып алынды, олардың тәжірибелік жануарлар мүшелерімен ұлпаларында таралуы мен ағзадан шығарылуы динамикасы зерттелді. Дәрілік препараттар тасымалдағыштары ретінде қан жүйесінің кез келген ауданы арқылы оңай әрі тез өту қабілетіне ие қызыл қан жасушаларын қолдану әрекеттері жасалды. И. Моримото, К. Сугибаяси және Д. Вишневский құрамында магнетиттің коллоидты бөлшектері бар эритроциттердің магнит өрісіндегі әрекетін зерттеді. Қатерлі жасушалар өзінің бетінде Fe, О, бөлшектерін сорбциялауға қабілетті екені және сөйтіп магнитті белгіге ие болатыны тәжірибелік түрде анықталды.

жүктеу 314,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау