1 Зертханалық жұмыс Ұсталық-илемдеу жабдықтарының құрылымы, жұмыс істеу принципі және қажеттілігімен танысу



жүктеу 1,62 Mb.
бет11/12
Дата17.11.2017
өлшемі1,62 Mb.
#902
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
5.2 Жұмыс мазмұны

Қосиінді параққалыптағыш баспақтардың конструкциялық ерекшеліктері мен жұмыс істеу ерекшеліктерін, қалыпты бекіту бөлшектерін және баспақты жөндеуді оқып үйрену.


5.3 Материалдар, құрал-саймандар, жабдықтар

25-160 кН күші бар қосиінді параққалыптағыш баспақ, құрал – сайман жиынтығы, металл сызғыш, 300 мм дейінгі диаметрді өлшейтін штангенциркуль.


5.4 Жұмысты жүргізу барысы

    1. Қосиінді–шатунды механизмінің жұмысын талқылау, баспақтың кейбір тораптарының құрылымы мен жұмыс принциптерін қарау.

    2. Слесарь құралдары бойынша зерттелетін баспақтың атқарушы және іске қосатын маховиктің қорғағыш қаңылтырларын шешу. Арнайы тапсырма бойынша белгілі бір бөлікпен терең танысып оның сұлбасын сызу.

    3. Муфтаның қосылған түрінде маховикті айналдырып сырғыманың жүру жолын, шұңғылау тесігінің диаметрін өлшеу.

    4. Есепті баспақтың, тұрақтың, реттегіш түрінің, қалыпты бекіту, итергіштердің жұмыс жүйесін жазу мен анықтау.


5.5 Есеп мазмұны

  1. Қосиінді механизмнің кинетикалық сұлбасымен, конструктивтік схемасымен, кейбір бөліктерінің қажеттілігімен танысу.

  2. Қарастырылған баспақ түрін, тұрақ конструкциясын, қосиінді біліктің орналасуы мен түрін, шатун мен сырғыманың бір-бірімен байланысу ерекшеліктерін, қалыптау кеңістігін реттеу әдістерін анықтау.

  3. Қалыпты бекітетін орындардың сұлбасын сызу, қалыптың сырғымада итергіш барын анықтау.

  4. Екінші және үшінші баптар бойынша есеп жасау.


Бақылау сұрақтары
1 Қосиінді параққалыптағыш баспақтардың конструкциялық ерекшеліктері.

2 Параққалыптау өндірісіндегі қосиінді баспақтар.

3 Баспақ тұрағының түрлері.

4 Механикаландыру құрылғылардың орналасуы.

6 Зертханалық жұмыс Гидравликалық баспақтың негізгі өлшемдерін анықтау және құрылымымен танысу
6.1 Теориялық мәліметтер

Гидравликалық баспақтың құрылымы мен жұмыс істеуі.

Гидравликалық баспақ дегеніміз- жұмыс істеу принципі Паскаль заңына негізделген ұсталық-қалыптау машинасы. Қосиінді баспаққа қарағанда гидравликалық баспақ траверсасының айқын нықталмайды. Сонымен қатар қосиінді баспақ жабық түрдегі биіктік гидравликалық баспақтарда сырғыманынң ең жоғарғы шегі мен жұмыс үстелінің арақашықтығымен өлшенетін биікте ашық болады. «Сырғыма жүрісінің жиілігінің» орнына гидравликалық баспақтарда бос және жұмыс жүрісінің жылдамдығы деген шамалар болады. Гидравликалық баспақтардың принципиалды кескіні 8 суретте көрсетілген.

Баспақтың толық циклдық жұмыс уақытын азайту мақсатында қайтымды цилиндрлер 4 әрдайым жоғары қысымды құбырға жалғастырылған, сондықтан баспақ күші келесі түрде анықталса:


(6.1)
қайтымды жүріс күші
(6.2)
өрнегі арқылы анықталады.

1 — бас цилиндр;

2 — бас цилиндрдің плунжері;

3 —кері цилиндрдің плунжері;

4 — кері цилиндр;

5 — итеру поршень;

6 — итеру цилиндрі;

7— жоғары қысымдық құбыр.


6.1 Сурет – Гидравликалық баспақтың принципиалды схемасы
Итергіштің 5 жүрісін тездету мақсатында цилиндрдің поршень үстіндегі кеңістікті де жоғары қысымды құбырға жалғап, итергіштің күшін төмендегі формуламен анықтайды:
(6.3)
мұндағы Рн, Ро, Рв – номиналды, қайтымды жүрістің және

итергіштің күштері, кН;



р – жоғары қысымды құбырдағы қысым, МПа;

Ds, Dо – бастапқы және қайтымды цилиндрлардың

диаметрі, м;



Dв, dв – итергіштің поршенімен штогының диаметрі, м.
Баспақтың бір циклына қажетті сұйықтың көлемі, м3 төмендегідей анықталады:
(6.4)
мұндағы – баспақтың жылжымалы траверсасының

қозғалысы; м.

Өңдейтін материалдың түріне байланысты металл емес материалдарға және металл материалдарға арналған баспақтар деп екіге бөлінеді. Соңғы түрі технологиялық үрдіске қарай келесі топтарға: шыңдау, парақты қалыптау, көлемді қалыптау, түзету және құрастыру жұмыстары; ығыстыру және металл қалдықтарын өңдеу үшін деп бөлуге болады.

Негізінен гидравликалық баспақтарда жұмыстық сұйық ретінде минералды май мен эмульсия қолданылады.

Гидравликалық баспақтар негізгі жұмыс істеуі оның конструктивтік орындалуы мен технологиялық мүмкіндігіне байланысты. Бұл баспақтар аккумуляторлы сораппен, аккумуляторсыз сораппен және мультиаспапты қосқышпен болуы мүмкін.

Гидравликалық баспақтардың тұрақтары бір-екітабанды, колонналы және қаңқалы болып келеді.

Қаңқалы конструкцияда қалыптың төменгі жағы қозғалмайтын көлдемеде орналасқан баспақ столына бекітіледі де, ал жоғарғы жағы жылжымалы көлдемеге (кейбір кезде траверса деп аталуы мүмкін) бекітіледі. Баспақтың негізгі цилиндрі көп жағдайда қозғалмайтын жоғарғы көлдемеге бекітіледі.

Баспақтың өнімділігін анықтайтын сипаттамалар: жылжыманың төменге жылжығандағы жылдамдығы, м/с


(6.5)
және оның жоғарыға жылжығандағы жылдамдығы, м/с
(6.6)
мұндағы н – сораптың өнімділігі, м3/с.


жүктеу 1,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау