Қосиінді баспақтар қаңылтырды қалыптау өндірісіндегі барлық үрдістерде қолданылады. Қосиінді механизм айналмалы қозғалысты сырғыманың бағытты жұмысына айналдырады. Біліктің бір айналымында сырғымада екі қосар жүріс болады (5.1 сурет) . Біліктің конструктивті орындалуына байланысты иін білікті баспақ жазықтығына параллель (5.1,а сурет) немесе перпендикуляр (көлденең) (5.1, ә сурет) орналастырылады.
Жазықтыққа паралелльді білігі бар баспақтарда электроқозғағыштың 1 қозғалысы белдікті тасымалдағыш 2 арқылы еркін айналатын білік 13 арқылы дөңгелек айналмаға 3 беріледі. Пневмоцилиндр 4 іске қосылған кезде дөңгелек айналманың білікке муфта арқылы қосылуы басталады.
а – баспақ фронтына параллель білікпен;
ә – баспақ фронтына перпендикуляр білікпен;
б – үстелді көтеру механизмі.
5.1 Сурет – Ашық қосиінді баспақтардың кинематикалық схемалары
Айналып тұрған білік шатун 12 арқылы сырғыманы 6 ілгері-кері қозғалысқа келтіреді. Шатун білікке жүріс шегін реттейтін механизм 14 арқылы жалғасқан, ал шатунның ұзындығы арнайы тістеме механизм 5 көмегімен реттеледі. Сырғыманың өздігінен төмен түсіп кетпеуін пневмотеңдегіштер 11 атқарады. Баспақ тұрағының 10 көлбеулігі арнайы механизммен 8 реттеледі.
Білігі жұмыс алаңына перпендикуляр бағытта істейтін баспақта электроқозғағыш 22 қозғалысы маховикке 21 беріліп, әрі қарай муфта 20 арқылы білікке 19 тасымалданады. Шатун 17 арқылы қосиін сырғыманы 16 қозғалысқа келтіреді.
Баспақ жұмысын қосқыш немесе басқыш 15 арқылы жүргізуге болады. Бірінші конструкцияда (5.1, а. сурет) электробасқарғышы бар пневматикалық муфта сырғыманың бір айналым қозғалысынан кейін жоғарғы нүктеге орналасып тежегішті іске қосады. Ал, екінші конструкцияда (5.1, ә.сурет) білікті жүйе муфтаны іске қосады да, сырғыманы тежегіш 18 арқылы тоқтадады.
5.2 Сурет – Ашық баспақтың қосиінді білігі
Баспақтың тұрағы – басқа құрылғылар орналасқан күрделі бөлік болып табылады. Тұрақ құйма немесе дәнекерленбелі дайындалуы мүмкін. Сонымен қатар тұрақтың біртұтас немесе жиналмалы түрлері де кездеседі. Арнайы тұрақтар ашық, жабық түрінде, дара,- қостабанды да дайындалуы да мүмкін.
Ашық түрдегі тұрақ – С пішінді болғандықтан қалыпқа үш жақтанда қарауға болады. Дара табанды тұрақ бірыңғай кесінділі болса, қостабанды тұрақтар өтпелі «терезе» ретінде дайындалады, өйткені үрдістен кейін транспортер арқылы өнімді тасымалдауға ыңғайлы. Дара табанды тұрақтар көбінесе жылжымалы столы бар баспақтарға (5.1 сурет) ыңғайлы, 7 үстел 9 механизм арқылы жылжиды, ал қостабандылар қозғалмайтын үтелі бар және көлбеулейтін баспақтарға тән.
Жабық түрдегі тұрақтар 1000 кН күші бар, қаңқалы конструкция арнайы механикаландыру құрылғылар орналастыру үшін жанынан өтпелі терезелер қарастырылып жасалады.
Баспақтың жұмысын реттегіш плитаға орналасқан электроқозғағыш белдікті тасымалдағыш арқылы іске қосады. Белдіктердің қатаңдығы реттегіш плитада қарастырылған винт пен гайка арқылы тағайындалады.
Баспақтың сырғыма бөлігі (5.3 сурет) сырғыма қаңқасынан 14, шатунның ұзындығын өзгертуге арналған винт 22 және айырылмалы шатуннан 23 тұрады. Сырғыма қаңқасы тұрақтың бағыттағыштары арқылы сырғанау үшін призма пішіндес етіліп жасалады (А-А кескіндемесі).
5.3 Сурет – Сырғыма торабы
Винттің шар тәріздес басы сырғымамен тежегіш 16 пен тербелмелі астар 17 арқылы жалғасады. Винттің шар тәріздес бөлігі , тіреуіш және тарбелмелі астар шөмішке 15 орналасқан. Шөміштің ішіндегі барлық сайманды нықтайтын гайка 19 шпонкамен 16 бекітіледі. Шөміштің тіреуі болып, прессті мөлшерден тыс жүктеген кезде тайғып шығатын тілінген сақтандырғыш шайба (9) болып табылады. Кесілген шайба баспақты айқарғыштан шығаратын сыналы механизмде орналасқан.
Ашық баспақтың қосиінді білігі 6 сурет аталық білік пен оған эвольвентті байланыстағы тістер арқылы жалғасатын төлкеден 4 тұрады. Сырғыманың жүріс шегі алдын-ала біліктен байланысы гайкамен 8 ажыратылып алынған соң эксцентрлі төлкенің көмегімен реттеледі. Қажетті жүріс шегін таңдаған соң шкаламен 3 көрсеткіш 13 арқылы эксцентрлі төлке қайта білікпен байланыстырылып болтпен 12 қымталады. Егер, баспақта жүріс шегін реттейтін механизм болмаса, онда шатун мен қосиін өзара төлкесіз жалғасады.
Қалыптау кеңістігін реттеу гайка кілті немесе жүгіртпе тісі бар механизмімен (5) винтті айналдыру арқылы іске асады (5.3 сурет).
Реттелген қалыптау кеңістігі айналып кетпеуі үшін қарастырылған винт (5) және винтпен (4) қатты тартылады да (2) және (3) төлкелермен нықталады. Қалыптау кеңістігінің төменгі шегі орнықтырғышпен (1) шектеледі. Сырғыманың жылжуы тұрақта орналасқан бағыттағыш (25) және сызғышпен (24) басқарылады. 630 кН күші бар баспақ сырғымасындағы қалып плитасы гайка (12) және орнықтырғыш винт арқылы қалыптың артқы тұмсығын нықтайтын қысқыш (11) арқылы бекітіледі. Сырғыманың қуысында өлшеме тақта (18) арқылы анықталатын иінтемірдің итергіші (13) орналасқан.
Жоғары-төмен реттелетін үстел (5.1, в сурет) әртүрлі жабық күйдегі қалыптарды орналастырып баспақтардың технологиялық мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Күші 630 кН баспақтарда оның орналасуы қолмен атқарылса, ал күші едәуір көп пресстерде бұл үрдіс автономиялы электроқозғағыштардың көмегімен жүзеге асады. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген қосиінді баспақтардың бөліктері арнайы Т-пішіндес немесе басқадай дайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |