67
1.
Жұмысты бӛлiстiру. Еңбектi мамандандыру ұйымдық
табысқа жету үшiн қажет.
2.
Билiк - бұйрық беру правосын жауапкершiлiкпен
ұштастыруы тиiс.
3.
Тәртiп, таңдау және құрметтеу жұмысты байсалды
ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi.
4.
Дара басшылық. Әрбiр жұмыскер тек бiр бастығынан ғана
бұйрық алуы тиiс.
5.
Бағыт билiгi. Ұйымдастыру негiзiнде әрбiр адамның күш
жiгерi бiр бағытта ғана үйлестiрілуі тиiс.
6.
Жеке мүддесiн жалпы мүддеге бағындыру. Басқарудағы ең
қиын жағдай - жеке мүдде мен ортақ мүдденi жалпы ұйымдық игiлiкке айналдыра бiлуде.
7.
Ақы тӛлеу.
8.
Орталықтандыру.
9.
Шендiлердiң жоғары шендiлерге бағыну тәртiбi.
10.
Материалдық заттардың реттік құндылығы болуы тиiс.
11.
Әдiлеттiлiк.
12.
Қызметшiлердiң тұрақтылығы және қызмет лауазымында
болу мерзiмi. Адамдарға ӛз жұмысын жете бiлуiне уақыт беру қажет.
13.
Ынта - ықылас. Адамдардың ең толық қанағаттануы
жастардың ӛз бетiнше ұмтылуы және ойлаған ойларына жетуі.
14.
Ерекше рух. Қызметкерлердiң күш-жiгерiн жұмылдыру
ұйымдастырудың табысты болуының кепiлi.
Файольдың функциясы мен принциптерi уақыт талғамынан ойдағыдай ӛтiп, кең кеңістікте
жаппай қолдалына бастады. Файоль былай деп атап кӛрсеттi: басқару күрделi процесс
ретiнде тәуелсiз салалар мен функцияларға бӛлiнуі мүмкiн. Оның пiкiрiнше, басқару
жоспарлардан басталып, бақылаумен аяқталатын үздiксiз процесс болып саналады. Сол
себептен де оның еңбегі күнi бүгiнге дейiн жұртшылықтан кең қолдау тауып отыр.
Адамгершiлiк қарым - қатынас мектебi.
Ғылыми басқару мектебi мен классикалық мектеп, психология жаңадан дами бастаған
кезден бастап жарық кӛрдi, сондықтан да, осы мектептiң авторлары адам факторларының
маңызын мойындай тұрса да, олардың пiкiр-таласы ақыны әдiл тӛлеу, экономикалық
ынталандыру және формальды қызмет қарым-қатынас жӛнiндегi ұйым қозғалысының
негiзгi тиiмдi элементтерi ретiнде туындаған едi. Оның ӛзі классикалық кӛзқарастағы
кемшiлiктi шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамгершiлiк қарым-қатынас мектебiн
кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды. Мари Паркер Фоскет пен Элтон Мэйо
адамгершiлiк қарым-қатынас мектебiнiң жаңа бағытта дамуының негiзiн салушылар деп
есептелiнедi. Мисс Фоскет менеджменттi тұңғыш рет ―басқа адамдардың кӛмегiмен
жұмыстың орындалуын қамтамасыз етушi‖ деп анықтама бердi.
Элтон Мэйо ―Уэстерн электрик компани‖ фирмасымен шартқа отырып, Хотторис
қаласында адам еңбегiнiң тиiмдiлiгiне психологиялық факторлардың ықпалын зерттедi. Бұл
жұмыс кезiнде бүкiл АҚШ- қа әйгiлi болған ―Хоттористiк эксперимент‖ деп аталады.
―Адамгершiлiк қарым-қатынас‖ мектебiнiң кӛрнектi ӛкiлдерi - К.Аржелист, Ф.Форцберг,
Р.Ликатт, Д.Макгрегор, Р.Блейк, тағы басқалар. Бұл ӛкiлдер басқару жүйесiнде де
жұмыскерлердiң еңбегiн жетiлдiру тәсiлдерiн iздестiруге едәуiр кӛңiл бӛлдi. Атап айтқанда,
68
олар ресми емес әлеуметтiк құрылымды ӛзгертуге ерекше кӛңiл бӛлудi немесе ұйымның
формальдi құрылымын қайта құруды ұсынды.
Олар классикалық мектеп ұсынған ―жоғарыдан тӛмен қарай ,бағыну үйлесiмдiгi‖
принципiн қатты сынға алып, билiктiк тек қана жоғарыдан тӛменге қарай жүруiн тиiмдi деп
есептемедi. Осыған орай олар ―комиссия арқылы үйлесiмдiктi‖ ұсынды, оның ӛзі идея
қатынасының тиiмдiлiгiн арттыруды, жалпы саяси ұйымның жақсы қабылдауын әрi оның
неғұрлым тиiмдi жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi деп есептеді.
Осындай қорытындыларға сүйене отырып, психологиялық мектептiң зерттеулерi былайша
топшыланды: егер басшылар ӛз жұмыскерлерi туралы кӛбiрек қамқорлық жасаса, онда
олардың қанағаттану сезiмiде, еңбек ӛнiмдiлiгi де жоғары болады. Тiкелей басшылық
ететiндердiң неғұрлым тиiмдi әрекет етуi, жұмыскермен келiсуі, қарым-қатынас жасауға
барынша толық мүмкiндiк беруi үшін адамдармен қарым-қатынас жасау амалдарын
кеңінен пайдалану ұсынылды.
Басқару ғылымы немесе сандық ықпал.
Шетелдегi басқару теориясының жаңа бағыттарының бiрi - ―бақару ғылымы‖ деп
аталатыны басқару ғылымына сандық тәсiлдермен дәл ғылыми аппараттарды енгiзуге
құштарлықпен түсіндіріледі.
―Жаңа‖ мектептiң ең кӛрнектi ӛкiлдерi қатарына Р.Ансофф, Л.Берлонфи, С.Бир,
А.Бельбергер, Н.Джорджен-Регон, Р.Калген, П.Клейн, Р.Люс, Д.Форрестер секiлдi
ғалымдар жатады. Бұл мектептiң қалыптасуы кибернетика мен операцияны зерттеу сандық
талдау әдiстерi тұтастай, оны бӛлiмдерге жiктемей дайындаумен ерекшеленді және
кейiннен операцияны зерттеу ғылымының дербес саласы ретiнде қалыптасып, негiзгi екi
бағытта дамытылды.
Бiрiншiсi, басқарудың неғұрлым жиiрек кездесетiн құбылыстың математикалық моделiн
құруға, запастарды басқаруға, ресурстарды бӛлуге, бұхаралық қызмет кӛрсету мiндеттерiне,
ескi жабдықтарды алмастыруға, жұмыс уақытын реттеуге т.б. байланысты болады.
Екiншiсi, жүйенi зерттеуге,‖жүйе техникаларын‖ құруға айрықша мән бередi.
Әрi қарай дербес ғылыми пән - басқару шешiмдерiнiң теориясы қалыптасты. Қазiргi кезде
басқару шешiмдерiнiң теориясы саласындағы зерттеулер мынадай бағыттарда жүргiзiледi:
Ұжымдарда шешiмдер шығару процестерiн математикалық модельдеу тәсiлдерi арқылы
жүзеге асыру;
Статистикалық шешiмдер теориясы, құбылыс теориясын тағы басқа қолдана отырып
қолайлы алгоритмдiк шешiмдер;
Экономикалық құбылыстардың сандық қолтаңбасы дәне абстрактiгi математикалық
модельдердi, соның қоғам мен жеке фирмалар ауқымында ұдайы ӛндiрiс модельдерi,
ғылыми техникалық және экономикалық дамуды болжау модельдерi.
Шет елдердегi басқару-басқару теориясының барлық мектептерi зерттеу тақырыптары мен
тәсiлдерiн iздестiру үстiнде. Соңғы он жыл шамасында менеджмент әр түрлi мектептердiң
жетiстiктерiн бiрiктiрдi, ол қазiргi кезде экономика ғылымының, социологияның,
психологияның, кибернетиканың жүйелерi теориясының және шешiмдер қабылдаудың
табиғи жиынтығы б/с. Тиiмдi менеджмент қазiргi ғылыми техникалық революция
ағымында ерекше бағаланады, ӛйткенi сыртқы әлемдегi үдемелi және күрделi ӛзгерiстердi
күн сайын шиеленiсiп отырған бәсекелестерге менеджменттiң ролi зор.
3 Қазақстандағы менеджменттің методологиялық негіздері
Достарыңызбен бөлісу: |