15. Студенттің білімін бағалау жүйесі
Ағымдағы үлгерімді бағалау ағымдағы бақылау және рубеждік (аралық) бақылау бағаларынан тұрады.
Үлгерімді ағымдық бақылау – оқу сабағын жүргізуші оқытушының пәннің әр оқу тақырыптары бойынша студенттің жетістіктерін жүйелі түрде тексеруі.
Рубеждік бақылау оқу пәнінің ірі бөлімдерін (модульдерін) аяқтаған соң жүргізілетін бақылау.
Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім бағасы мен қорытынды бақылаудың бағасынан тұрады. Ағымдағы үлгерімді бағалау (жіберу рейтингі) пән бойынша қорытынды бағаның 60% құрайды. Емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40% құрайды.
Студенттің білімін бағалау балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы жүзеге асады.
15.1 Студенттің рейтингін қою шкаласы
№
|
Бақылау түрі
|
1-рейтингті бағалау критерийі (Р1), %
|
Апта
|
1-рейтинга қорытындысы, (Р1)
|
2-рейтингті бағалау критерийі (Р1), %
|
Апта
|
2-рейтинга қорытындысы, (Р1)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
Сабаққа қатысу (лекция)
|
8
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
|
7
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
|
|
Лекцияны конспектілеу
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
|
10
|
|
|
|
|
|
|
10
|
|
|
СОӨЖ тапсырмаларын орындау
|
15
|
|
3
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
|
15
|
|
4
|
2
|
2
|
2
|
2
|
3
|
|
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау (курстық жұмыс)
|
20
|
|
|
5
|
5
|
|
5
|
5
|
|
|
20
|
|
5
|
|
5
|
|
5
|
5
|
|
|
Рубеждік бақылау тапсырмаларын орындау
|
12
|
|
|
|
|
|
|
|
12
|
|
13
|
|
|
|
|
|
|
13
|
|
|
Тәжірибелік сабақ тапсырманы орындау
|
35
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
2
|
3
|
|
35
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
|
Барлығы
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды бағадағы үлесі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
30%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
30%
|
*Ескерту - жұлдызшалардың орнына баллдарды көрсету керек
15.2 Қорытынды бағаны есептеу
Пән бойынша қорытынды баға пайыздық мазмұнда келесі формула бойынша есептеледі:
И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4
2
мұндағы:
Р1 –1- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;
Р2 – 2- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;
Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны (тест-емтихан).
15.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару
-
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдардың сандық баламасы
|
Оқу пәнін меңгерудің %-қ мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
A
|
4,0
|
95-100
|
үздік
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
15.4 Академиялық тәртіп саясаты
-
№
|
Тәртіпті бағалау критерийлері
|
Баллдар саны*
|
1.
|
Сабақтан кешігу
|
|
2.
|
Сабақ кезінде ұялы телефонмен сөйлесу
|
|
3.
|
Практика (семинар) сабақтарына белсене қатысу
|
|
4.
|
Басқа да критерийлер
|
|
Алматы экономика және статистика академиясы
«Есеп және аудит» кафедрасы
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
«Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру» пәні бойнша
5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы
Алматы, 2012ж.
1 Тақырып. Банктегі бухгалтерлік есептің маңызы және банктің бухгалтерлік есеп саясаты. Банктегі бухгалтерлік есеп қызметін ұйымдастыру. Құжаттар, құжат айналым және банктегі бақылау
Банктегі бухгалтерлік есепті үйымдастыру негізі.
Банк құжаттамасының мәні және банктік операциялар бойынша қүжат
айналымын үйымдастыру.
Банк бақылауының маңызы және оның негізгі түрлері.
Банктегі бухгалтерлік есепті үйымдастыру негізі.
Жеделдету, клиенттерді тарту мең қызмет көрсету сапасын жақсарту, нарықты басып алу, өзінің нарықтық позициясын күшейту, банк операцияларын тиімді нарықтық позициясын күшейту, банк операцияларын тиімді басқару сияқты стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін банк үдерістерінің реинжиниринг бизнесін қолдану керек, бұл банк үдерісін банк үшін де, клиент үшін де тиімді үдерістермен ауыстыруға әкеледі. Клиент үшін оң өзгеріс - операциялардың орындалу мерзімінің қысқаруы, ал банктер үшін операцияларды жүргізуге кететін шығындардың азаюы.
Үдерістердің реинжиниринг бизнесі - бұл банк қызметі нәтижелерінің түбегейлі жақсарту шаралары. Ол шешуші бизнес үдерістерді және онымен байланысты ұйымдастырушылық құрылымдарды, технологияларды, жұмыс әдістерін, физикалық инфрақұрылымдарды және корпоративті мәдениетті қайта бағдарлауды түбегейлі өзгертуді білдіреді.
Банктерде, бәріміз білетіндей, ақша қаржылары - тауар болып табылады. Ақша қаржыларының өзгерісін тіркеп отыратындықтан, осы құндылықтарға жүргізілетін барлық бақылау, бухгалтерия арқылы өтеді.
Шығынның, ұрлықтың, сенімді теріс пайдаланушылықтан болатын тәуекелділіктердің алдын алу үшін, банктерде тиісті ішкі банк құрылымын енгізу қажет. Оның негізгі принципі бір адам немесе адамдар тобы барлық операцияны басынан аяғына дейін толық орындай алмайтындай етіп қызметтерді бөлуден тұрады. Сол сияқты бухгалтер де, құндылықтарға манипуляция жасайтын материалдық жауапты қызметкерлер де бухгалтерлік есепке кіріспеуі керек.
Осындай және басқа себептерден, Қазақстанның көптеген банктерінде (ТұранӘлембанк, Қазкоммерцбанк және тағы басқа) банктің ішкі құрылымы шартты түрде екі негізгі бөлімдерге жіктелген: Фронт-офис және Бэк-офис (1,2 сызба).
Екі бөлімше де өзара тығыз байланыста қызмет атқарады. Мысалы, қызмет барысында фронт-офисте, ары қарай өңдеп, талдау жасау үшін бэк-офиске жіберілетін мәліметтер жинақталады. Олар өз кезегінде банктердің клиенттеріне ұсынатын қызмет көрсетушілерінің мазмұнына немесе өзгерісіне және сәйкесінше, фронт-офистің қызметіне түзету енгізуге негіз бола алады. Фронт-офистің мақсаты - банкілік өнімдер мен қызметтерді сата отырып барынша көп пайда табу. Бэк-офистің мақсаты — жасалған мәмілелерді есепке алу, бақылау жасау, басшыларға мәліметтер беру.
Фронт-офистің қызметіне кіретіндер:
- банктің клиенттерімен, серіктестерімен, жабдықтаушыларымен мәміле жасау;
- жасалған мәміле мәліметтерін өзгерту және тіркеу;
- келісімшарттарды дайындау, ұзарту, бұзу;
- несиелер бойынша банктік қызмет үшін қаржыларды қамтамасыз ету;
- қаржыларды нарықта орналастыру;
- қаржыларды тарту мен орналастыру арасындағы арбитраж;
- талдамалық есептілік және тағы басқа;
Бэк-офистің қызметіне кіретіндер:
- тіркелген мәмілелердің мәліметтерін тексеру және толықтыру;
- мәмілелердің расталуына бақылау жасау;
- төлемдерді дайындау және нұсқауға сәйкес жүргізу;
- бухгалтерлік жазбаларды жүргізу;
- есептемелерді растау;
- пайыздарды есептеу;
- пайыздарды капиталдандыру;
- түзетпе жасау (сторнирование);
- есептеме және ұсталымдар;
- шетел валютасын қайта бағалау;
- есептен шығару;
- есептілікті дайындау;
- оперативті талдау жүргізу.
Оңтайландыру мен тәуекелділіктерді азайту принциптері фронт-офис пен бэк-офис қызметкерлерінің арасындағы қызметті белгілеп алуды талап етеді. Мысалы, дилингтік рәсімдер жүргізілген кезде фронт-офис дилингтік тикет (бастапқы құжат) толтырып қол қояды, уақыты мен реттік нөмірі қойылады. Құжаттың түпнұсқасы дилингтік бөлімде қалады да, көшірмесі бэк-офиске жіберіледі.
Тикетте қорытынды жасау күні, валюталандыру күні, контрагент аты, оның құралы мен типі, сомасы, валютасы, брокері және трансакцияның барлық стандартты шарттары көрсетіледі. Егерде осы айтылғандардан қандай да бір ақпарат болмайтын болса, онда оны бэк-офис қадағалау керек. Дилер өткізген әрбір мәміле, контрагенттік жазбаша растама алуы керек және операцияларды салыстырып тексеру үшін растамалар тікелей бэк-офиске жіберіледі. Сәйкес келмеушілік анықталған жағдайда фронт-офиске хабарлап, тиісті шаралар қабылдауы керек.
Фронт-офис пен бэк-офис бөлімшелерінің міндеттерін бөлуді әрбір банк өзі атқарады. Егерде банк кішігірім болатын болса, операциялар аз болғандықтан, кейбір операциялар бойынша фронт-офис пен бэк-офисті біріктіруге болады. Яғни бір қызметкер екі қызметті де орындайды.
Банк құжаттамасының мәні және банктік операциялар бойынша қүжат айналымын үйымдастыру.
Өздерінің қызметтерін бөлуге және құжаттауды жүргізуге байланысты бухгалтерлік есеп және есептілік Департаменті, өз кезегінде шартты түрде Бас бухгалтерияға және көмекші бухгалтерияға бөлінеді. Бухгалтерлік бөлім банктің ресми есептілігін жүргізеді, банктің басқа бөлімдері өздерінің жазбаларын өзін-өзі бақылау мақсатында жүргізуі мүмкін.
Есептерге жауапты бөлім, Бас кітапты жүргізуші Бас бухгалтерия болып табылады. Есептің көмекші орталықтар қызметін орындаушы, яғни бөлшектенген, аналитикалық есепті орындайтын банктің басқа бөлімдері көмекші бухгалтерия болып
табылады және көмекші бухгалтерлік кітаптар мен журналдарды жүргізеді.
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына өту дегеніміз, банк жұмысының технологиясын батыстық үлгіде ұйымдастыру дегенді білдіреді.
Батыстың банкілік жүйесінің (оның ішінде бухгалтерлік есептің) стандарттық құрылымы әрбір модуль тиісті кітаптарды автоматтандыратын модульдік принцип бойынша орындалған.
Кітап ұғымында бухгалтерияның атқарымдық болімі алынған, мысалы, дебиторлар кітабы, кредиторлар кітабы, негізгі құралдар кітабы, әрбір кітап оның есеп объектісімен байланысты барлық операцияларды біріктіреді. Әр түрлі модульдерге енгізілген барлық ақпараттар, ары қарай Бас кітапқа топтастырылады. Бас кітап пен көмекші кітаптарды ұйымдастыру технологиясына қатысты халықаралық стандарттар мен нормалар жоқ, алайда халықаралық банктік тәжірибе бар.
Бухгалтерлік есеп бөлімшелері, көмекші кітаптардан алынып Бас кітапта бейнеленген операциялардың күнделікті есебін жүргізулері керек. Осылайша, бухгалтерлік есеп болімшелері олардың баланстарын тұрақты түрде тексеріп, салыстыру әдісі арқылы көмекші бухгалтерия жүзеге асыратын есепке қадағалау жасап отырады. Бухгалтерлік есеп болімшелері алынған ақпараттардың негізінде түзетулер енгізіп, басқа да бухгалтерлік жазбаларды орындай алады.
Көмекші бухгалтерлік кітаптар бухгалтерлік есеп жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл кітаптар қызметтің тиісті салаларына қатысты жан-жақты ақпараттарды сақтауга арналып, мәліметтерді біріктіре отырып, оны тұрақты түрде пайдалану мақсатына қызмет етеді.
Көмекші кітаптың бірнеше сипаттамалары болады:
- топтастырылған банкілік жүйенің бір тармағын білдіреді;
- бизнес-операциялардан шыға отырып (толық атқарымдық көмекші кітап) банкілік өнімдер (немесе операциялар түрі) бойынша фронт-офис пен бэк-офистің барлық функцияларын автоматтандыруды бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылады;
- банктік және банкішілік операцияларды операциялар түрлері бойынша тіркеуге және ұсынуға арналған есеп тіркелімі ретінде қолданылады, аналитикалық және бухгалтерлік мәліметтер болады;
- есептілік пен басқару талдауын алу үшін қолданылады.
Банктер өздерінің құжаттарында «көмекші журналдар» сияқты «көмекші кітаптар» деген де ұғымдарды пайдаланады. «Көмекші кітаптар» ұғымдары есептің көмекші жүйесін анықтау үшін қолданылады, ал «көмекші журналдар» осы жүйенің есептері сияқты қолданылады.
Көмекші бухгалтерлік кітапта негізгі орынды құралдар жөніндегі жазбалар немесе клиенттер жөніндегі жазбалар алады. Көмекші бухгалтерлік кітапта сақталатын ақпараттардың сипаты кітаптың түріне байланысты, әдетте келесі ақпараттар талап етіледі:
- банкілік өнімнің типі жөніндегі ақпарат (несие, депозит, бағалы қағаз, қымбат металдар, аккредитивтер);
- операцияның коды;
- операцияның атауы;
- бас бухгалтерлік кітаптың операциялар жүргізілетін шоттарының нөмірі;
- операциялар жүргізілетін шоттар нөмірі;
- клиент нөмірі (сәйкестендірме);
- клиенттің жазуға арналған сипаттамаларын немесе операциялардың жазуға арналған жолы;
- клиент немесе операция жөніндегі жан-жақты әкімшілік ақпараттар.
Көмекші кітаптарға бастапқы кіруші ақпарат ретінде осы ақпараттарға қатысты фронт-офисте бағдарламаға енгізілген барлық аналитикалық ақпараттар саналады.
Нақты операциялар бойынша бастапқы кіруші акпарат есеп мәліметтерімен бэк-офисте толықтырылуға жатады (екінші кіруші ақпарат).
Шығушы ақпарат болып табылатындар:
- көмекші кітаптарда қалыптастырылып, Бас кітапқа берілетін бухгалтерлік жазбалар;
- көмекші журнал-ордерлер.
Көмекші кітаптардың бірнеше түрі болады:
- несиелік операциялар бойынша көмекші кітаптар;
- аккредитивтер бойынша көмекші кітаптар;
- кепілдіктер бойынша көмекші кітаптар;
- Лоро-Ностро шоттарының көмекші кітаптары;
- Заңды тұлғалардың депозиттік шоттары бойынша комекші кітаптар;
- Банкаралық депозиттер мен несиелер бойынша көмекші кітаптар;
- бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар бойынша көмекші кітаптар;
- банкілік бухгалтерияның ішіндегі көмекші кітаптар немесе басқалар.
Көмекші бухгалтерлік журналдардың нысандарының саны мен мазмұны қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктеріне байланысты анықталады. Есептер бір есепке топтастырылуы мүмкін. Бұл есептіліктерді оқу мен талдаудың ыңғайлылығына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |