1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 4,26 Mb.
бет14/15
Дата22.05.2018
өлшемі4,26 Mb.
#16265
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Бақылау сұрақтары:

1.Банктің кірістері мен шығыстары жіктелінуі.

2.Банктің кірістері түсінігі.

3.Банктің шығыстарытүсінігі.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Закон Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года N 234

2. Инструкция по ведению бухгалтерского учета доверительных операций и кастодиальной деятельности банками второго уровня Утверждена постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 ноября 2007 года № 134


  1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Алматы: Экономика, 2007



14 Тақырып. Банк салық салу есебі

1. Салық мәні және салық салудың жалпы ережесі.

2. Мүлік салығын есептеу және бюджетке төлеу тәртібі.


  1. Пайдаға салынатын салықты төлеу үшін салық салынатын базаны аудару
    тәртібі.

  2. Қосымша қүн салығын аудару және бюджетке төлеу тәртібі.




  1. Салық мәні және салық салудың жалпы ережесі.

Банктер 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Респуб-ликасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №210-11 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес салық саясатын жүргізеді.

Осы Кодексті іске қосумен байланысты Қазақстанда бухгалтерлік есептің салық салу жүйесінен заң негізінде бөлінуі жүзеге асты, осыған байланысты, бір уақытта екі есеп түрін бірге жүргізу қажеттілігі туындады: бухгалтерлік және салықтық. Салық есебі салық міндеттемелерінің пайда болуын және шамасын дұрыс анықтау, табыстар мен шегерімдерді есепті кезеңдерге жатқызу және ақырында заңмен бекітілген мерзімде бюджетке төленуі тиіс салық сомасын алу мақсатында туындайды.

Қазақстан Республикасының салық заңы салық салу принциптеріне негізделеді:

- міндеттілік (салық төлеуші салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындайтын салық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті);

- анықтаушылық (салық заңдылықтарына салық төлеушінің салық міндеттемелерінің барлық негіздері мен туындау тәртіптерін, орындалу мен тоқтатылуын белгілеу мүмкіндігі);

- әділдік (жеке сипаттағы жеңілдіктер беруге тыйым салынады, Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей болып табылады);

- біртұтастық (Қазақстан Республикасының салық жүйесі республиканың бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады);

- жариялылық (салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануы тиіс).

Банк салық салу мақсатында табыстар мен шығыстарды Қазақстан Республикасының салық заңымен белгіленген тәртіпте және жағдайларда есептеу әдісі бойынша анықтайды. Салық салу базасын анықтау бойынша салық есебі мемлекеттің қазыналық саясатына негізделіп жүргізіледі және салық әкімшілігінің құралы болып табылады. Бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының бірі өнімнің (жұмыс және қызмет) өзіндік құнын және банктің нақты қаржылық нәтижесін (табысын немесе шығынын) анықтау болып табылады, ал салық есебі салық салынатын базаны есептеуге арналған. Соңғысы бухгалтерлік есеп мәліметтерінен алынған банктің қаржылық нәтижесіне байланыссыз анықталады.

Осы айырмашылықтарға қарамастан, есептің бұл екі түрі өзара тығыз байланысты, себебі, салық есебінде қолданылатын ақпараттар бухгалтерлік есеп мәліметтерінен алынып, содан кейін салық заңының талаптарына сәйкес түзетулер жүргізіледі.

Салық есебі және есептілік ережелері салық салу мақсатында шетел валютасында операцияны жүргізген күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып ұлттық валюта теңгеде есептелуін қадағалап отырады. Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы: Қазақстанның қор биржасының негізгі сессиясында қарастырылған және ҚР Ұлттық банкпен бірге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бекітілетін тәртіппен анықталған шетел валютасының теңгедегі өлшенген орташа биржалық бағамы. Қазақстанның қор биржасында сауда-саттық жасалмайтын шетел валютасына шаққандағы теңге бағамы кросс-бағамын қолдану арқылы есептелінеді.

Жаңа кодекспен салық салудың ерекше жағдайлары қарастырылған:

- қаржы лизингі лизинг алушының негізгі құралдарды сатып алуы ретінде қарастырылады. Бұл жерде лизинг алушы негізгі құралдардың иесі, ал лизингтік төлемдер лизинг алушыға берілген несие бойынша төлемдер ретінде қарастырылады;

- кәсіпкерлік қызметті бірлесіп жүргізу уағдаластық не занды тұлга құрмай, екі және одан да көп иеленуші болуын көздейтін өзге уағдаластық болған жағдайда, әрқайсысына салық салынады;

- есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған кезде салық қызметі органдары салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негізінде анықтайды.

Салық есептілігі дегеніміз салық төлеуші салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжаттама:

- салықтың әрбір түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті төлемдер бойынша салық төлеуші жасайтын салық декларациясы, есеп айырысу;

- арнаулы салық режимін қолдануға патент алуға өтініштер;

- салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды тіркеу карточкаларын алуға өтініштер;

- қосылған құн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтініштер;

- қосарланған салық салуды болғызбау туралы келісімдер нормаларын қолдануға берілген өтініштер;

- осы кодекске сәйкес электрондық мониторингке жататын, салық төлеушілер табыс ететін құжаттама.

Қазақстан Республикасыңда колданылып жүрген салықтар, жиындар және міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңымен анықталған тәртіпке сәйкес тиісті бюджеттерге түсіп отырады.

Салықтар тура және жанама салықтарға бөлінеді. Жанама салықтарға ҚҚС және акциздер жатады. Басқалары тура салықтарға жатады.


  1. Мүлік салығын есептеу және бюджетке төлеу тәртібі.

Банк мүлік салығының төлеушісі болып табылады. Салық салу объектісі болып негізгі құралдар және материалдық емес активтер болып табылады.

Заңды тұлғалар, соның ішінде банктер бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша есептелінген салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 1 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді. Жаңадан құрылған құрылыстар, ғимараттар, мекемелер бойынша салық олардың құрылу жылынан кейінгі салық жылында жүргізіледі. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары берілген жағдайда, салық сомасы бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншік кұқығын берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы, одан кейінгі төлеушіге оның меншік құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең ішінде есептелген салық сомасы көрсетіледі.

Банктердің салық салу объектілері бойынша салык базасы бух-галтерлік есеп мәліметтері бойынша есептелінген орташа жылдық қалдық құны болып табылады.

Бухгалтерлік есеп негізінде банктің негізгі қаражаттарының келіп түсуін және есептен шығуын анықтау үшін тізімдеме толтырылады. Жыл соңында мүлік салығын есептеу үшін салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдығын анықтау қажет, ол ағымдағы салық жылының әр айының 1-іңдегі және одан кейінгі айдың 1-індегі салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құндарын қосу нәтижесінде алынған соманың он үштен бір бөлігі ретінде анықталады.

31 желтоқсандағы жағдайы бойынша банктің негізгі құралдарының кұны 26 млн. теңгені (20+14-8) құрады, соның ішінде салық кезеңі аралығындағы әр ай басындағы негізгі қүралдардың құны:

Негізгі құралдардың орта жылдық құны салықты есептеу үшін қолданылып, келесі тәртіпке сәйкес анықтальшады: (20 + 21 + 20 + 22 + 25 + 23 + 26 + 24 + 24 + 29 + 26) : 13 = 23,5 млн. теңге. Орташа жылдық құнды анықтағаннан кейін оны белгіленген 1% мөлшерлемесіне көбейтіп, есепті жылдағы салық сомасын анықтаймыз (23.5. млн тенге х 1% = 0,235 млн. тенге).Банк жер салығы, көлік құралдарына салынатын салықты және 700.00 нысандағы мүлік салығы бойынша Декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық органдарына табыс етеді. Декларация екі нысанада толтырылады, біріншісі орындалған күні және жауапты инспектордың қолы қойылып, Салық комитетіне беріледі, екінші күні және жауапты инспектордың қолы нысанасы банкте қалады. Сонымен қатар 700.03 нысандағы Декларацияға мүлік салығы бойынша қосымша толтырылады. Есепті кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша есептелінетін нақты тиесілі салықты төлеу немесе артық төленген соманы қайтарып алу есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуіріне жасалады.701.00 нысандағы мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер-дің есебін банк есепті жылдың 20 ақпанына дейін ұсынуы қажет.Мүлік құнының 1 пайызы мөлшері бойынша есептелінген ағымдағы салық


сомасын төлеу бірдей үлестермен салық жылының, 20 ақпанда, 20 мамырда, 20 тамызда және 20 қарашада жүргізіледі.

Белгіленген мерзімдерде төленуге тиісті салықтың ағымдағы сомасын анықтау, салық сомасын 4 ке бөлу арқылы табылады.

Мүліктің табыс әкелетіндігіне немесе әкелмейтіндігіне байланыссыз осы салықты төлеуден босатылмайды. Салық салу объектілері басқа облыстарда (аудандарда) орналасқан, тармақталынған филиалдар желісі немесе өкілдіктері (заңды тұлға құрмай) бар банктер төленуге тиісті салықтар сомасын объектілердің орналасу жері бойынша төлейді.
3. Пайдаға салынатын салықты төлеу үшін салық салынатын базаны аудару
тәртібі.

Корпорациялық табыс салығының объектісі жылдық жиынтық табыс пен белгіленген шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелінген салық салынатын табыс болып табылады.

Корпорациялық табыс салығын төлеушілер Қазақстан Рес-публикасының ¥лттық банкі мен мемлекеттік мекемелерден басқа Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын бейрезидент заңды тұлғалар.

Банктің жылдық жиынтық табысы (ЖЖТ) Кодекстің 122-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер есебімен Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерден алынуға тиіс табыстардан тұрады.

Бухгалтерлік есепте есептелген және алынған табыстар 4000-4999 баланстық шоттарда көрініс табады және банктің ағымдағы жылдағы жалпы жылдық табысын құрайды. Бұның құрамына енгізілмеген табыстар арнайы дербес шоттарда көрсетіледі және салық салу мақсатында ЖЖТ-қа түзетулер жүргізіледі.

Салық кодексінің 92-бабына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табысты алумен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуі тиіс.

Шегерімдерді жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады. Болашақтағы кезеңдердің шығыстары қай салық кезеңінде болса, сол кезеңде шегерілуі тиіс.

Егер шығыстардың бірнеше баптарында белгілі бір шығындар көзделсе, салық салынатын кірісті есептеу кезінде көрсетілген шығындар тек бір рет шегеріледі.

Жылдық жиынтық табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы мемлекеттік бюджетке енгізілуіне тиістілерінен басқасы шегеріліп тасталуға тиіс.

Өкілдік шыгыстарға салық төлеушінің өзара ынтымақтастық орнату немесе оны қолдау мақсатында адамдарды, акционерлер жиналысын өткізуге, сондай-ақ директорлар кеңесінің, тексеру комиссиясының отырысына келген қатысушыларды қабылдауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығыстарға жатады. Аталған адамдарды ресми қабылдауды өткізу, оларды көлікпен қамтамасыз ету, келіссөз кезінде дәмхана (фуршет) қызметін көрсету, ұйым штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар, банкеттер, бос уақытта ойын-сауық немесе демалыстар ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар жатады. Өкілдік шығыстар Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілеген нормалар шегінде шегерімге жатқызылады.

Сыйақы бойынша шегерімдерге мына сыйақылар жатқызылады:

- құрылысқа алынған және құрылыс кезінде несиелер (қарыздар) бойынша сыйақыдан басқа, алынған несиелер (қарыздар) бойынша, оның ішінде қаржы лизингі түріндегі сыйақы;

- салымдар бойынша сыйақы;

- борыштық бағалы қағаздар иесіне оларды шығару және орналастыру шарттарына сәйкес эмитент төлейтін дисконт немесе купон (дисконтты немесе сыйақыларды есепке ала отырып

Сыйақы бойынша шегерімдер жасау осы баптар бекітілген мөлшерде жүргізіледі.

Сыйақылар бойынша шегерімдер келесідей жолмен анықталған сома шегінде жүргізіледі:

- салық салу кезіндегі салық төлеушінің резидентке төлеген сыйақысы (+) орташа жылдық меншікті капитал сомасының орташа жылдық міндеттемелер сомасына қатынасы түрінде анықталған шектік коэфициенті және салық кезеңінде салық төлеушінің резидент еместерге төлеген сыйақы сомасы. Осы баптың екі бапшасының мақсаты үшін:

1. Меншікті капиталдық орташа жылдық сомасы, жыл соңындағы меншікті капиталының орташа аривметикалық қосындысына тең.

Салық төлеушілербұрын табыс ретінде таныған күмәнді мін-деттемелерді кредиторларға төлеген кезде, төлем жүргізілген салық кезеңінде төленген сома шегерімге жатқызылады.

Күмәнді талаптар — Қазақстан Республикасының заңды тұлға-лары (резидент және бейрезидент) мен жеке кәсіпкерлеріне тауарлар өткізу, жұмысты орындау, қызмет көрсету нәтижесінде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар. Күмәнді болып сонымен қатар өткізілген тауарлар, орындалған жүмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да танылады.

Күмәнді талаптар келесі шарттарды сақтағанда жылдық жиынтық табыстан шегеріледі:

- шегерімге жатқызған кезде олар бухгалтерлік есепте көрсетілген жагдайда;

- белгіленген тәртіппен рәсімделген мына құжаттар: фактура-шоттар салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының осы шығыстарды шегерімге жатқызу туралы жазбаша хабарламасы болған жағдайда.

Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешімі мен оны мемлекеттік тіркелімнен шығару туралы әділет органдарының шешімін қосымша тапсыру қажет. Салық төлеушімен жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде дебитор банкрот деп танылған салық кезеңінің қорытындылары бойынша күмәнді талаптың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.

Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төмендегі күмәнді және үмітсіз активтерге


шартты міндеттемелерге: басқа банктерге орналастырылған корреспонденттік шоттарды қалдықтарды қоса депозиттерге; басқа банктер мен клиенттерге берген несиелерге (каржы лизингін қоспағанда); құжаттамалық есептермен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке; шығарылған немесе кепілдіктермен расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы мәжбүрлі шығындар (резервтер) жасау жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу тәртібін уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі анықтайды.

Ғылыми зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар - негізгі құралдарды, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстарды және күрделі сипаттағы басқа да нышандарды қоспағанда, табыс алуға байланысты шығыстар шегерімге жатады. Жобалау-сметалық құжаттама, орындалатын жұмыстар актісі және тиісті ғылыми-зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жұмыстары жүргізілгенін растайтын басқа да құжаттар осындай шығыстарды шегерімге жатқызу үшін негіз болып табылады.

Сақтандыру сыйақылары бойыішіа шығыстарды шегеру. Жинақ-таушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиісті (төленген) сақтандыру сыйақылары сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, белгіленген шектерде сақтандыру сыныптары бойынша шегерілуі тиіс.

Жеке тұлғалардын салымдарын (депозиттерін) ұжымдық кепіл-дендіру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы банктер жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендіруге (сактандыруға) байланысты аударылған міндетгі күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналардың сомаларын шегерімге жатқызуға құқылы.



Әлеуметтік төлемдерге жұмсалған, шығыстар яғни салық төлеуші қызметкерлердің уақытша еңбекке қабілетсіздігіне, жүктілігіне және босануына байланысты демалысына ақы төлеу бойынша есептелген шығыстары шегерімге жатады. Шегерімге сондай-ақ өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезінде мертігуіне не денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге келтірілген зиянның өтемін төлеуге жұмсалған шығыстар да Қазақстан Республикасының зандарында белгілеген мөлшерде шегерімге жатады.
Есептелген шектерде мемлскеттік бюджетке төленген салықтар шегерімге жатады, оларға: жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейін есептен шығарылған салықтар, Қазақстан Республикасының аумағы мен басқа мемлекеттерде төленген корпорациялық табыс салығы мен табыс салығы, үстеме пайдаға салынатын салық жатпайды.

Салықтар төлем жүргізілген салық кезеңіңде шегерілуге жатады.



Тіркелген активтер бойынша шегерімдерге ішкі топтың барлық активтері шығып қалғаннан кейін осы ішкі топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансы, ішкі топтың құн балансының сомасы салық кезеңінің соңында 300 айлық есептік көрсеткіштен кем болмаған жағдайдағы ішкі топтың құн балансының көлемі. Салық төлеуші тіркелген активтер бойынша қосымша шегерімдер жасауға құқылы.

Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар есептеу амортизациялық ішкі топтар бойынша жүргізіледі. Амортизациялауға жатпайтын тіркелген активтерге мыналар жатады:

• жер;

• өнім беретін мал;



• мұражай құндылықтары;

• сәулет және өнер ескерткіштері;

• жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары,

жаға-жолдар, бульварлар, саябақтар;

• аяқталмаған күрделі құрылыс;

• фильм қорына жататын объектілер;

• Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін салық зандарына сәйкес бұрын құны толығымен шегеруге жатқызылған негізгі құралдар;

• инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдар.

Әрбір ішкі топ бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында ішкі топтың құн балансына амортизация нормаларын, бірақ осы Кодекстің 110-бабында белгіленген шектен асырмай, қолдану жолымен есептеледі.

Салық төлеуші тартылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне сәйкес түзетіледі. Үйлер, құрылыстар мен ғимараттар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке-жеке белгіленеді.

Амортизацияға жататын тіркелген активтер амортизацияның шекті нормаларымен мынадай 5 топқа бөлінеді
1. Амортизацияға жататын тіркелген активтер


Топ



Тіркелген активтер атауы

Амортизацияның шекті нормасы, %

I

Беріліс құралдары, мұнай және газ ұңғымаларынан басқа ғимараттар мен құрылғылар

10

II

Мұнай және газ өндіруші машиналар мен құрылғылардан басқа машиналар мен кұрылғылар

25

IV

Кеңселік машиналар және компьютерлер

40

V

Басқа топтарға қосылмаған тіркелген активтер

15

Салық төлеуші пайдалануға алғаш берілген активтер бойынша, осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда, пайдаланудың алғашқы салық кезінде амортизациялық аударымдарды, екі есе нормасы бойынша есептеуге құқылы.

Ішкі топтың барлық тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін осы ішкі топтың құн балансы салық кезеңінің соңында шегерімге жатады. Сонымен қатар, ішкі топтың құн балансының сомасы салық кезеңінің соңында 100 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, салық төлеуші ішкі топтың құн балансының көлемін шегерімге жатқызуға болады.

Қаржы лизингіне берілген немесе алынған активтердің құны лизинг алушының ішкі тобының құн балансында ескеріледі, ал егер активтер оларды қаржы лизингіне бергенге дейін ішкі топтың кұн балансына енгізілген болса, лизинг берушідегі тиісті ішкі топтың кұн балансы қаржы лизингіне берген тіркелген активтердің құнына азайтылуға тиіс.

Әрбір топ бойынша негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған нақты шығыстар сомасы келесідей көлемде шегерімге жатқызылады:

1 топ - құндық баланстың 15 пайызы;

2 топ - құндық баланстың 25 пайызы;

3 топ - құндық баланстың 15 пайызы;

4 топ - құңдық баланстың 15 пайызы.

Көрсетілген шектен асып кеткен сома топтың құн балансын ұлғайтады.

Егер, салық төлеуші жаңа ондіріс құруға, кеңейтуге жаңа істеп тұрған өндірісті жаңарту мақсатында негізгі қорларға инвестиция жасайтын болса, онда оған заңға сәйкес корпорациялық табыс бойынша, мүлік салығы бойынша салық жеңілдіктері, яғни ЖЖТ-тан қосымша шегерімдер жасауға құқық беріледі.

Корпорациялық табыс салығы бойынша жеңілдіктер салық төлеушіге ЖЖТ-тан жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар құнын инвестицияның көлеміне және мерзіміне байланысты (бірақ, ол бес жылдан аспауы қажет) анықталатын жеңілдіктерінің жүзеге асуы мерзіміне байланысты бірдей бөліктермен шегерімге жатқызуға құқық береді.

Банктің жылдық жиынтық табысы, жүргізілген шегерімдер және каржылық есептілігінің құрылуы жайында Декларацияны толтыру кезінде бухгалтерлік және салық есебінде бірдей табыстың (шығынның) болуы өте сирек болады. Бұл салық заңының бухгалтерлік есеп талаптарынан ерекшелінуімен байланысты. Осынын нәтижесінде банктің бухгалтерлік табысы мен салық салынатын табысы арасында айырма пайда болады, ол салық әсері деп аталады.

Салық есебі, мемлекеттің фискалдық функциясын атқара отырып, бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша алынған қаржылық нәтижеге байланыссыз салық салу базасын анықтайды. Нәтижесінде, табыстар мен шығыстарды бағалау кезінде тұрақты және уақытша айырмалар пайда болады.

Тұрақты айырмашылық - салық кезеңінде есепті пайда мен салықтың пайда арасында ағымындағы есепті кезеңде пайда болып, одан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын айырмашылық.



Тұрақты айырмалардың пайда болуының себебі, бухгалтерлік табысты анықтау кезінде есепке алынатын қаражаттардың бір бөлігі салық салынатын табысты анықтау кезінде есепке алынбайды.

Тұрақты айырмаларға мыналар жатады:

- мемлекетгік облигациялар бойынша пайыз (есептелінетін табыстың бір бөлігі ретіндегі);

- гудвил амортизациясы (есептілікте негізгі қызметтен түскен табыс болып табылатын, бірақ салық салынатын кезде табыстан шегерілмейтін);

- бухгалтерлік есептегі несиелер (қарыздар) бойынша пайыздарды төлеу бойынша шығыстар толық көлемде шығыстарға жатады, ал салық заңдылықтарына сәйкес ҚР ҰБ белгілеген қайта каржыландырудың екі еселенген ресми мөлшерлемесін пайдаланумен есептелген сома шегінде және т.б.

Олардың мәні банктің жылдық қаржылық есебінің түсініктеме хаттамасында ашылады.

ҚР Ұлттык Банкі 2005 жылы шығарған «Банктегі бухгалтерлік есеп ХҚЕС» оқу құралыңца тұрақты айырмашылықтардың пайда болуына келесідей мысалдар келтірілген.

Мысалы Банктің, ҚР Қаржы министрлігінің еврооблигацияларын сату-дан түскен табысы 26654 мың теңге, сату бойынша шығындар 5562 мың тенге. Салық кодекснің 124 бабының 2 пунктіне сәйкес құнды қағаздарды сату бойынша пайда болатын зияңдар, оларды сату кезінде алынатын


табыс есебімен орны толтырылады, салық салынатын табысты есептеген кезде жеңілдік берілетін сома 21092 мың тенге ( 26654-5562), уақытша айырмашылық болып табылады.

Салық кодекснің 82 бабының 1 пунктіне сәйкес, құн есімінен алынатын табыстар (зияндар), ғимараттарды, кұрылғыларды, құры-лыстарды сол сияқты амортизацияға жатпайтын активтер сатып өткізуден алынады. Бухгалтерлік есепте құн өсімінен алынған табыс (зиян) бағалау жүргізген сәтте табылады. Сатылған кезде құн өсімі, сатып өткізу құнымен сатып өткізудің қалдық құны және бухгалтерлік есепте анықталған қалдық құн арасындағы айырма ретінде анықталады.

Салық есебінде, салық кодексінің 82 бабының 3 пункітіне сәйкес, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын ғимараттардың, құрылғылардың, құрылыстардың құн өсімі, олардың сатып өткізу қүнымен, салық есебінеде анықталған қалдық кұнынын айырмасы ретінде анықталады. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын ғимарттарды, құрылғылар мен құрылыстарды сатып өткізуден алынған зияндар салық кодексінің 124 бабының 1 пункітіне сәйкес үш жылға дейін келесі салық кезеңдерінің салық салынатын табысының есебінен өтелуге көшіріледі. Кәсіпкерлік қызметте қолданылмайтын құрылыстар мен құрылғыларды сатып өткізуден алынған зияндар шегерімдерге жатқызылмайды және тұрақты айырмашылық болып табылады. Мысалы, бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша ғимараттың қалдық құны 1000 000 теңге, сату кұны 1150000 теңге, қалдық құны 800 000 теңге болатын жер төлімі 700 000 теңгеге сатылды.

Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын жаздық алаңның қалдық құны 450 000 теңге, сату бағасы 400 000 теңге.

Салық есебі бойынша ғимараттың құндық балансы 550 000 теңге.

Бухгалтерлік есептегі құн өсімі:

1150 000-1000 000 =150 ОООтеңге- ғимаратты сату бойынша табыс

700 000 - 800 000 =(-100 000) теңге-жер телімін сату бойынша зиян.

400 000 - 450 000=(-50 000) теңге-жаздық алаңды сату бойынша зиян. Салық есебіндегі құн өсімі.

1150 000-550 000=600 000 теңге- ғимараттарды сатудан табыс.

700 000-800 000=(-100 000) теңге жер бойынша зиян үш жылға дейін келесі салық кезеңдерінің салық салынатынын табысының есебінен өтелуге жатқызылады.

Жазғы алаңды сатып-өткізуден алынған зиян, ал кәсіпкерлік қызметке қолданылмайтын құрылыс болғандықтан шегерімге жатқызылмайды.

Уақытша айырмалардың пайда болу себебі - табыстар мен шығыстар баптарының бөлігін салық салу табысына енгізу кезеңі олардың бухгалтерияға енгізілген кезеңімен сәйкес келмейді. Тұрақты шығындарға қарағанда, олар бір есепті кезеңде пайда болып келесі кезеңдерде жойылып отырады.
Уақытша айырмаларға мыналар жатады:

— амортизациялык аударымдарды есептеудің әр түрлі әдістерін қолдану (бухгалтерлік есепте - біркелкі әдіс, салықта — кему калдығы әдісі);

— техника құрал-жабдыкты бухгалтерлік есепте есептен шығару және оны салықты есепте құн балансы тобынан есептен шығаруы арасындағы сәйкес келмеушілік;

— банктің кредиттік қызметін жүзеге асыру барысында пайда болған шығындарды жабуға арналған резервтердің (провизиялардың) қалыптасуы нәтижесінде туындайтын айырмалар;

Бухгалтерлік есептің Халықаралық стандарттарына (ХҚЕС 12) сәйкес есепті кезендегі салықты төлеумен байланысты шығыңдар қаржылық нәтижелер туралы есеп бойынша міндеттемелер әдісін немесе баланс бойынша міндеттемелер әдісін қолдануы арқылы уакыт айырмаларының салық әсерін есепке алу негізіне анықталынуы тиіс.

Демек, салықтар табыс табу барысындағы кәсіпорыннын шығыстары ретінде қарастырылады. Пайда болатын уақыт айырмасының салық әсері каржылық шаруашылық нәтижелері жайындағы есептегі салық төлеумен байланысты шығыстарға енгізіледі, және табыс салығының ставкасына көбейтілген уақытша айырмашылық сомасына тең. Мысалы амортизация бойынша уақытша айырмашылық 3000 теңгені құрайды. Бұл сомадан алынатын салық әсері мынаған тең: 3000х30%/100%=900.



Міндеттемелер әдісіне сәйкес ағымдағы уақыт айырмаларының салық әсері баланста «Мерзімі ұзартылған салықтар» бабы бойынша міндеттеме ретінде немесе өз алдына болашақтағы салықтарды мерзімінен бұрын төлеу болып табылады «Мерзімі ұзартылған шығыстар-салықтар» бабы бойынша активтер ретінде анықталынып көрініс табады. Сальдо табыс салығы мөлшерінің өзгеруіне сәйкес түзетіліп отырады.

Осы әдіске сәйкес есепті кезеңдегі салық төлеумен байланысты шығыстар мыналардан:

— төленуге тиіс есептелінген салықтар;

— ағымдағы кезеңде туындайтын немесе жойылатын уақыт айырмаларына сәйкес төленетін немесе төленген аванс болып есептелінетін салықтар сомасы;

— табыс салығы мөлшерінің өзгерістерін бейнелеу үшін қажетті баланстағы «Мерзімі ұзартылған салықтар» бабы бойынша түзетулер.
Табыс салығын қаржылық есептерде келесі жолмен көрсету қажет:

— осы сәтте төленуге салықтарды міндеттеме ретінде сыныптау;

— болашақта төленуі тиіс нсмесе олар бойынша салық жеңілдіктері қолданылуы мүмкін мерзімі ұзартылған салықтар акционерлік ' капиталға кірмейді және активтер немесе міндеттемелер баптары бойынша баланста активтер немесе міндеттемелер баптары бойынша көрініс табатын мерзімі ұзартылған салықтар .

1998 жылдыц 1 қаңтарынан бастап міндеттемелер әдісінің тағы бір түрі енгізілді, оны кейде баланс бойынша міндеттемелер деп атайды. Бұл жерде барлық назар уақыт айырмаларына активтің немесе міндеттеменің салық базасы мен оның баланстық құн арасындағы айырмаға аударылады.



Активтің салық базасы - осы активке немесе міндеттемеге салық салу мақсатында берілетін шама.

Уақыт айырмалары салық салынатын, яғни болашақ кезеңдердің салық салынатын табысын (салықтық шығынын) анықтау кезінде салық салынатын туындауына алып келетін болса есептелінеді. Немесе, егер болашақ кезеңдерде осы активтің немесе міндеттеменің өтеліп немесе орны жабылған ксзінде салық салынатын табысты (салықтық шығын) есептеу кезінде шегерілетін сома туындаса, онда бұл шегерілетін айырма болып табылады.

Салық салу мақсатында активтің салық базасы компаниямен активтің баланстық құнының орнын жапқаннан кейін алынатын кез келген экономикалық табыстан шегеріледі.

Егер экономикалык табыстарға салық салынбайтын болса, активтің салық базасы оның баланстық құнына тең болады.

Міндеттеменің салық базасы оның баланстык құнынан болашақ кезеңдердегі осы міндеттемелерге қатысты салық салуға арналған кез келген соманы шегергендегі сомаға тең.

Табыс, алынған авансқа катысты туындайтын міндеттеменің салық базасы оның баланстық құнынан болашақ кезеңдерде салык салынбайтын табыстың кез келген сомасын шегергендегі баланстық кұнына тең.



Кейінге қалдырылған салық міндеттемесі - болашақ кезеңдерде төмендегілерге қатысты төленуі тиіс табысқа салынатын салық сомасы.

— болашақ кезеңдерге аударылған шегерілетін уақыт айырмалары;

— болашақ кезеңдерге аударылған қабылданбаған салық шығындары;

— салық несиелерін колданбау.


Берілген міндеттеме барлық айырмалар үшін белгілі шекте мойындалуы тиіс. Яғни ол салынатын табысты алу ықтималдығы, оған қарсы уақыт айырмасы қолдануы мүмкін, егер әрине ол амортизациясы кейінге қалдырылған болын есептелінетін немесе компаниялардың бірігуі болып табылмайтын және орындалу сәтінде есепті және салық салынатыи табыстарға ықпал етпейтін, активті немесе міндеттемені мәмілеге байланысты алғаш мойындау теріс гудвилден туындамаса,

Жиынтық қаржы есептілігінде уақыт айырмалары бос салық декларацияларының юрисдикцияларында анықталатын салық базасына сәйкес активтердің және міндеттемелердің баланстық құнын салыстыру жолымен анықталады.

Шегерілген уақыт айырмасын қалпына келтіру болашақ кезеңдерде салық салынатын табыстың азаюында көрініс табады. Алайда компания салықтық төлемдерді азайту түріндегі экономикалық пайданы тек оған қарсы шегерімдер жүргізілуі мүмкін болатын жеткілікті көлемде салық салынатын табыс тапқан кезде ғана ала алады.

Салық шығындары талаптарын мойындау үшін шегерілетін уақыт айырмалары нәтижелерінде туындайтын кейінге қалдырылған салық талаптарын мойындау үшін қолданылатын критерийлер пайдаланылады. Алайда қабылданбаған салық шығындарының болуы болашақ кезеңде салық салынатын табыс болуына күмән туғызады. Осылайша, егер компания алдындағы кезеңдерге есептелінген шығындары болса, ол қабылданбаған салық шығындарын немесе пайдаланылмаған салық несиелерін тек өзінде бар жеткілікті салық салынатын уақыт айырмаларымен немесе басқа да жеткілікті салық салынатын табысты алатындығына көз жеткізулері болған жағдайда (оған карсы алдында қабылданбаған салық шығынын немесе қолданылмаған салық несиелерін жүзеге асыра алады) кейінге қалдырылған салық талабын мойындайды.



Салық төлемі бойынша үнемдеу

Салық заңы кәсіпкерлік қызметтен түсетін шегетін залалдарды келешекте салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін белгілі мерзімге есептелініп ауыстырылады. Жіберілген шығын салықты есепке алу нәтижесінде салық төлемін азайту есебінен әлуетті (потенциалды) үнемділігін қамтамасыз етеді. Мұндай үнемділікті таза (залалды) есеп айырысуға қосқанда есепті кезең өзгеруі мүмкін. Салық кодексінде «кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдар, сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылған үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды әткізуден шеккен залалдар үш жылға дейінгі мерзімге ауыстырылады... - деп белгіленген. Қор биржасының «А» және «В»

ресми тізімдегі акциялар мен облигацияларды өткізуден шегетін залалдарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар кор биржасының «А» және «В» ресми тізіміндегі акциялар мен облигацияларды өткізуден түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған құн өсімінен түскен табыстар есебінен өтеледі. Егер осы залалдар орын алған кезеңінде алмайтын болса, олар алдағы уақытқа үш жылға дейінгі мерзімге ауыстырылып, қор биржасының «А» және «В» ресми тізіміндсгі акциялар мен облигацияларды өткізуден түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды сату кезінде алынған құн өсімінен түскен табыстар есебінен өтелуге тиіс».

Шығынға байланысты, есептелінген салық сомасының әлуетті азаюы болашақтағы салық салынатын табыс осы шығынды жабу үшін жеткілікті болатынына күмән болмаған жағдайда шығын шеккен есепті кезеңде табыс есебіне енгізіледі.



Бағалау

Салық міндеттемелері (талаптар) есепті күнгі салық мөлшерлемесін қолдану арқылы салық органдарына төленетін сомада бағалануы қажет.

Кейінге қалдырылған салық талаптары (міңдеттемелер) талаптарды өткізетін, ал міндеттемелерді өтейтін кезеңдерде қолданылатын салық мөлшерлемесін пайдаланумен бағалануы қажет.

Талаптар да, міндеттемелер де дисконтталмауы қажет.

Кейінге қалдырылған салық талаптары мен міндеттемелерінің баланстық құны уақыт айырмасына сәйкес өлшеммен жүргізілмесе де өзгеруі мүмкін. Бұл кейінге калдырылған салық активтерін қалпына келтіру қайта бағалау салығының мөлшерлемесінің өзгеруімен немесе оның орнын толтыру үшін болжанатын әдісінің өзгеруінің нәтижесінде болуы мүмкін.

Төлеуге тиісті салық әдісінен міндеттеме әдісіне ауысу кезінде қызмет басынан бастап барлық уақыт айырмаларын қайта есептеу және мерзімі өткен салықтарды көрсету қажет.

Табыс салығы бойынша салық тиімділігін анықтау үшін жыл соңында салық және бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезең бойынша дербес шот негізінде табыстар мен шығыстар туралы тізімдеме жасалады.

Корпоративті табыс салығының мөлшерлемесі

Банктің түзетулері ескеріліп, шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 30 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.

Құрылтайшы-мемлекеттердің аймағында орналасқан банктер және оның филиалдарының табыстарына (пайдаларына) сол елдің заңына сәйкес мөлшерлемемен салық төлейді. Салық ретінде төленуге тиіс сомалар арнайы шотта жинақталып, жыл қорытындылары бойынша банк кеңесінің шешімімен бөлінеді:

- банк капиталын ұлғайтуға;

- қатысушы-мемлекеттер бюджетіне.

Жыл бойы бюджетке төленуі тиіс корпорациялық табыс салығы 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» арнайы шотында жинақталады және жыл соңында банк кеңесінің шешімімен құрылтайшы-мемлекеттердің бюджетіне төлеу кезінде осы шоттан жинақталатын қаражат сомасы шығарылып тасталады. Банк салық қызметі органдарына жылдық жиынтық табыс туралы және ағымдағы жылдағы жүргізілген шегерістер жайында Декларацияны белгіленген тәртіппен банк кеңесінің банк капиталын ұлғайту туралы шешім қабылдаған кезінде ұсынады.

Қызметін жүзеге асыру нәтижелері бойынша жылдық жиынтық табыс туралы және ағымдағы жылдағы жүргізілген шегерістер жайында Декларацияны кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Салық есебі негізінде бухгалтерлік есепте келесі өткізбелер жүргізіледі:

- ағымдағы жылдың бір ай нәтижелері бойынша корпорациялық табыс сомасына (пайда):

Дт 5999 «Табыс салығы»

Кт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»;

- егер банк қызметінің нәтижелері бойынша ұлғаймалы қо-рытындылар бойынша шығын немесе пайда еткен айға қарағанда аз болған жағдайда, есептелінген корпорациялық табыс салығы сомасы түзетіледі:



Салық кезеңі және салық декларациясы

110.00 нысандағы корпорациялық табыс салығы бойынша Дек-ларация заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алған табыстары жайында ақпараттарды ұсынуы үшін арналған. Декларацияда алынған табыстар, жүргізілген шегерімдер, шеккен шығындар және салық салу мақсатында берілген жеңілдіктер бойынша есепке алулар көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының салық заңына сәйкес корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді. Заңды тұлғаның басқарушысы және Бас бухгалтерінің қолы қойылады. 110.00 нысандағы аудиторды құрастыру бойынша жұмысқа шақыру кезінде оның қолы қойылып, салық төлеуші ретінде тіркеу нөмірі, аудитор куәлігінің нөмірі керсетіліп, мөр қойылады.

Декларация салық органына салық төлеуші заңды тұлғаның салықтық тіркеу орны бойынша келу тәртібімен немесе хабарламасы бар, сонымен қатар электронды түрде ұсынылады.

Декларацияда көрініс тапқандар есепке алу құжаттамасында куәләндірілуі қажет.

Салық төлеуші мемлекеттік бюджетпен салық кезенінің қоры-тындысы бойынша түпкілікті есеп айырысуды белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады. Корпорациялық табыс салығын төлеудің соңғы күні болып Декларацияны ұсыну күніне байланыссыз есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 сәуірі болып табылады.

Толтыру кезінде қосымшалардың мәліметтері қолданылады.

Салық төлеуші корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленуге тиіс аванстық төлемдер сомаларының есебін 101.01 нысанында және декларация тапсырылғаннан кейін төленуге тиіс аванстық төлемдер сомаларының есебін 101.02 нысанда декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде табыс етеді.


4. Қосымша қүн салығын аудару және бюджетке төлеу тәртібі.

Қосылған кұн салығы (ҚҚС) тауарларды (жұмыс және қызмет көрсетуді) өндіру және олардың айналысы үдерісінде қосылған, олардың өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіңдегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуі тиіс ҚҚС сатылған тауарлар, жұмысы мен қызмет көрсеткені үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар, жұмысы мен қызмет көрсеткені үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

Бұл салықтың төлеушілері болып ҚҚС бойынша есепке тұрған тұлғалары табылады. Сату бойынша айналымның ең аз мөлшері соңғы айда І2000 есе айлық есептік көрсеткіштік құрайды.

Қосылған құн салығының салық салу обьектілері болып салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын айналым қосылған құн салығынан босатылған және өзінің өндірістік қажеттіліктері үшін жасалатын, қосылған құн салығын төлеуден босатылғандарын есепке алмағандағы, Қазақстан Республикасының шегінде жүзеге асырылатын, тауарларды өткізу, жұмысы мен қызмет көрсетуі бойынша жасаған айналымы, сонымен қатар қатысушысы Қазақстан болып табылатын халықаралық келісімшарттарда қарастырылған жағдайларға сәйкес анықталынған айналым болып табылады. Сонымен катар, бір кәсіпорыннын құрылымдық бөлімшелсрі арасында тауарларды (жұмыс немесе қызмет көрсетуді) тиеп жөнелтуде қосылған құн салығы салынатын айналымға жатады (егер бұл бөлімшелері қосылған құн салығының дербес төлеушілері болса).

Қосылған құн салығының мөлшерлемесі

Қосылған құн салығыныц салық салу мөлшерлемесі салық салынатын айналымның 15 пайызына тең мөлшерде анықталады. Нөлдік мөлшерлеме бойынша төмендегілерге салық салынады:

• түсті және қара металдар сынығының экспортын қоспағанда, экспортқа тауарлар өткізу;

• шетелдік. дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануына арналған тауарлар немесе көрсетілетін қызметтерді өткізу;


• тазартылған бағалы металдарды - алтын мен платинаны алғашқы нарықта өткізу (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жобасы бойынша);

• халықаралық тасымалдарға байланыеты орындалатын жұмыс пен көрсетілген қызметтер тізбесі бойынша босатылады.

Қаржылық қызмет көрсетуді сатып өткізу бойынша келесідей айналымдар ҚҚС босатылады.

- ҚР¥Б лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын банктік шоттарды, корреспонденттік шоттарды ашу және жабу, аударым, қарыздық сенім көрсетушілік, клирингтік, факторингтік операциялар;

- құнды қағаздармен және төлем карточкаларымен жүргізілетін операциялар.

Бюджетке төленуге тиіс қосылған кұн салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есептелінген қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

Салық төлеушімен есептеме әдісін қолданған жағдайда, нолдік молшерлеме бойынша айналымды қоса есептегендегі салық салынатын айналым мақсаттарына қолданып жүрген немесе кейін қолданылатын, есепті кезең аралығындағы нақты түскен тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы болып табылады.

Өтеусіз алынған мүлікке қатысты қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды.

Қосылған құн салығын төлеушіде салық салынатын және қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде косылған құн салығы сомасы салық төлеушінің таңдауы бойынша барабар немесе бөлек есептеу әдісімен анықталынып есепке жатқызылады.

Салық төлеуші болып табылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жабдықтаушыларымен төленген, төленуі тиіс қосылған құн салығы сомасы есепке алынады. Банктер қаржылық қызметтері бойынша салық төлемейді.

Қазақстан Республикасының салық төлеушісі болып табылмайтын жабдықтаушылармсіі төленген (төленуі тиіс) қосылған құн салығы, Кодекс бабында (халықаралық келісімдер) қарастырылған жағдайлардан басқа, салық төлеушіден осы аталған тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) сатып алу бағасында, белгіленген тәртіппен шығынға жаткызып есептен шығару арқылы есеике жатқызылады.

ҚҚС салынатын тауарларды (жұмыстар, қызметтер) тиеп жөнелтуді жүзеге асыратын салық төлеуші осы аталған тауарларды (жұмыстар, қызметтер) алатын тұлғаны, белгіленген нысанда жа-


зылған, барлық ҚҚС төлеушілеріне міндетті құжат болып табылатын фактура-шотты корсетуі қажет.

ҚҚС төлеушісі болып табылмайтын тұлға «қосылған құн са-лығынсыз» деген белгісі бар фактура-шот жазып беруге міндетті. Салықтан босатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша жазылған фактура-шотқа да осындай талап қойылады.

Қосылған құн салығын есептеу және төлеу кезінде келесі бухгалтерлік өткізбелер жүргізіледі:

• ағымдағы төлемдерді есептеген кезде:

Дт 5761 «Қосылған құн салығы»

Кт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»;

• ағымдағы төлемдерді төлеген кезде:

Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты».

Әр салық төлеуші:

а) әр есепті жыл кезеңінде есепті жылдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей 300.00 нысандағы 300.01 және 300.02 нысандағы қосымшалар қосылған құн салығы бойынша Декларация ұсынылу қажет;

ә) декларацияны ұсынылуы бойынша белгіленген мерзімге дейін немесе сол күні бюджетке әр есепті кезең салығын төлеуге;

б) салық салынатын айналымның 150000 теңгеден асқан кезінде декларациямен бірге фактура-шот тізіліміне ұсынуға міндетті.
Бақылау сұрақтары:

1. Салық мәні және салық салудың ережесі.

2. Мүлік салығын есептеу тәртібі.

3.Пайдаға салынатын салықты төлеу үшін салық салынатын базаны аудару
тәртібі.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Закон Республики Казахстан «Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан» (См. о внесении изменений в настоящий Закон: Закон РК от 12 января 2007 года № 222-III)

2.Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Алматы: Экономика, 2007

3. Закон Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года N 234

4. ҚР Салық жүйесі 2009ж өзгертулермен жаңартуралмен қоса.
15 Тақырып. Банктердің қаржылық есеп беру
1. Қаржылық есеп беру маңызы.

2. Банктің есеп беруінің негізгі формалары.



3. Айлық есеп беру қүрамы және оны банктің жоғары мекемесіне жөне ҚР
ҮБ үсыну.
1. Қаржылық есеп беру маңызы.

Қаржылық ссеп беруді ұсыну пайдаланушыларды банктің қаржылық жагдайы, қызмет нәтижесі және есепті кезеңдегі оның жағдайынын өзгеруі туралы манызды, қажетті және апық акпаратпен қамтамасыз етеді.

Екінші деңгейлі банктер үшін жылдык каржылық есеп берудің келесі нысандары белгіленген:

- бухгалтерлік баланс (№1 нысанда);

- пайда және зиян туралы ссеп (№2 нысанда);

- ақша қозғалысы туралы есеп (№3 нысанда);

- капиталдағы өзгеріс туралы есеп (4 нысанда);

- түсіндірме жазбалар.

Сонымен бірге бұлардың құрамына тоқсан сайынғы қаржылық есептің қолданыстағы нысаны кіргізілген. Банктер сонымен қатар, ай сайынғы және әр күндік балансты да ұсынады. Банктер баланстарды, оған косымшаларды және косымша мәліметтерді екінші деңгейлі банктердің есептік-статистикалық ақпараттарын жинақтайтын және өңдейтін «Статистика» жүйесі арқылы Ұлттық банктің есептеу жұмыстары Департаментіне ақпараттарды өздерінің қолдарында бар электрондық байланыс құралдары бойынша жіберу жолымен, сол сияқты банкілік қадағалау Департаментіне қағаз жүзінде ұсынады.

Банктер, есептеу жұмыстары Департаментіне әр күндік балансты 2 жұмыс күні ішінде, ай сайынгы балансты есепті кезеңнен кейінгі айдың ішінде ұсынады. Оннан асатын филиалдары бар банктер әр күндік балансты 3 жұмыс күні ішінде, ай сайынғыны есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 жұмыс күні ішінде ұсынады.

Қорытынды айналымдарды ескере отырып, жылдық ссеп беруді ұсыну мерзімін Ұлттық банк белгілейді.

Екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есептілігі, жылдык бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар туралы есеп түрінде қажетті аудиторлық бекітуден өткеннен кейін міндетті түрде, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін жариялануы керек.

Жарияланғаны жөніндегі мәліметтер банктік қадағалау Департа-ментіне есепті жылдан кейінгі 15 мамырынан кешіктірілмей ұсынылады. Қаржылық есептілікті дайындамас бұрын, банктер жылдық есеп беруді дайындау кезеңінде қорытынды операциялар жүргізуі қажет:

- жіктелген активтер және шартты міндеттемелер бойынша толық көлемде провизия құру;

- шетел валютасына, тазартылған қымбат металдарға және бағалы қағаздар құнына, оныц ішінде баланстан тыс шоттарға қайта бағалау жүргізу;

филиалдармен аралык корреспонденттік шоттарды, Қазақстан ішіндегі банктерде, сол сияқтьі одан тысқары жерлерде ашылған корреспонденттік «Ностро» шоттарын салыстырып тексеру, ал қорытынды айналымдар жүргізілген жағдайда тиісті бухгалтерлік жазуларды құрастыру.

- негізгі құралдарды және материалдарды түгендеу нәтижесіне сәйкес баланстық шоттар бойынша бухгалтерлік жазуларды бейнелеу;

- банк ережесіне сәйкес сыйақы, демалыс еңбекақысы және т.б.жалақы бойынша есептеулер жүргізу және сәйкес бухгалтерлік жазулар жасау;

- жасалған барлық келісімшарттарға (депозиттер, несиелер, банкішілік есеп-айырысулар бойынша) бухгалтерлік есеп принциптерінс сәйкес талдау жасау және сәйкес шоттарда көрсету;

- мерзімі өткен активтерді және 180 күннен асатын шектелген несиелерді және 60 күннен асатын мерзімі өткен сыйақыны құрылған провизия есебінен баланстан шығарып, баланстан тыс шоттар қатарына қосу;

- сыйақыларды төлемеу 30 күннен асқан кезде несиелер бойынша сыйақы есептеуді тоқтату;

- болашақ кезең шығындары шоттарында есепте тұрған сомаларды салыстыру және бухгалтерлік есеп принципіне сәйкес банк шығындарының тиісті шоттарына жатқызу;

- болашақ кезең табыстары шоттарындағы қалдықтарға талдау жасап, бухгалтерлік есеп принципі бойынша тиісті табыстар шотына апару;

- жиналған барлық дербес шоттар бойынша тексеріс тізімдемелерін дайындау және де бұл дербес шоттарда тұрған әрбір соманы есепке алынған күнін көрсете отырып жазу.

- банктің негізгі қызметі және күрделі салымдар бойынша орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін тапсырыс берушілер сатып алушы бойынша дебиторларды салыстырыл тексеру. Осындай салыстырып тексеруді тиісті дербес шоттарда есепте тұрган кредиторлық қарыздар бойынша да жүргізу;

- транзиттік шоттардағы дебиторлық және кредиторлық шоттардағы барлық сомаларға (теңге және шетел валютасыңдағы) талдау жасап, оларды занды және жеке тұлғалардың тиісті дербес шоттарына есепке алу бойынша шаралар қолдану;

- аяқталмаған құрылыс бойынша орындалған жұмыс көлемін салыстырып тексеру және құрылыстың басынан бері кеткен шығындар сомасын дәлелдеу;

- дебиторлардың шоттарында есепте тұрған сомалар бойынша есеп беруге тиісті тұлғалардан аванстық есептерді қабылдап, оларды банк шығындарыныц тиісті дербес шоттарында бейнелеу.

Табыс және шығыс шоттары бойынша барлық жазбаларды жүргізгеннен кейін, қалдықтар оз араларында жабылады және 4999 «Салыққа дейінгі кіріс» баланстық шотына апарылады.

Осы бір мезгілде 4999 баланстық шоттан 5999 «Табыс салығы» баланстық шотында есепке алынатын есептелінген табыс салығының төленуге тиісті сомасы есептен шығарылады. Табыстың қалған бөлігі ағымдағы жылдың бөлінбеген пайдасы бойынша жеке дербес шот аша отырып 3599 «Бөлінбеген таза табыс (жабылмаган зиян)» шотына жіберілсді. Шығындардың табыстан көп болуының нәтижесінде 4999 баланстық шотта пайда болатын дебеттік қалдықтың толық сомасы 3599 баланстық шотқа жеке дербес шот ашу арқылы аударылады.

3581 «Шетел валютасын өткен жылдардағы қайта бағалаудың резервтері» 3599 баланстық шотта есептелінетін бөлінбеген таза табыс көлемі анықталғаннан кейін, есептік қаржылық жылдағы өз активтерін қайта бағалаудан жиналған оң курстық айырма сомасына қайта бағалау резервтері, 3582 «Тазартылған қымбат металдарды қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтері», 3585 «Несиелсрдін валюталық баламасын теңге түрінде белгілей отырып, несиелерді қайта бағалау бойынша өткен жылдардағы рсзсрвтері» және 3586 «Салымдардың валюталық баламасын теңге түрінде белгілей отырып, салымдарды қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтері» құрылады.

Акционерлер жиналысының шешіміне дейін 3599 баланстык шотында есепте түрған бөлінбеген таза табыс сомасы келесі қаржылық жылдың басында 3580 «Өткен жылдардың бөлінбеген таза табысы» (жабылмаған зиян) баланстық шотына аударылады. Банктің жалпы акционерлері жиналысының шешімі бойынша есептік жылдың бөлінбеген таза табысы келесідей мақсаттарға бөлінеді:

— жіктелмеген активтер сомасын 5% кем емес көлемде резервтік капиталға;

— дивидендтер төлеуге;

— төленген жарғылық капитал көлемін ұлғайтуға;

— басқа да мақсаттарға.

Дивидсндтерді есептеу кезінде төленуге тиісті акшалар 3580 шотынан есептен шығарылып, 2853 «Акционерлермен есеп айырысу» шотына жіберіледі. Оның қалдығы шегінде 1853 «Акционерлермен есеп айырысу» шотында есептс түрған, бұрын есептелген және алдыңғы тоқсан үшін төленген дивидендтер жабылады. Қалған сома акционерлердің есеп айырысу шотына аударылады. Егер қаржылық жылдың соңында банктің шығысы табысынан асып кетсе, 3599 баланстық шотында көрсетілген шығын сомасы 3580 шотында есептелінетін өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс және 3510 «Банктің резервтік капиталы» баланстық шотындағы акша есебінен жабылуы мүмкін.

Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің басты нысаны болып табылады: ол есепті күндегі банктің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты ұсынады.

Банктің жылдық бухгалтерлік балансына қойылатын талаптар (2-тарауды қараңыз) Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде қаржылық есептілікті құрастыру жөніндегі ұсыныстарда көрсетілген.

Баланс қорытынды айналымдарды және Қаржылық есептіліктің жиынтық балансын ескере отырып құрылады. Банк мұндай жіктеулерді өзінің активтер мен пассивтері үшін таңдап алуына болады. Алынуға тиісті және төленуге тиісті сомалар «12 ай ішіндегі» және «12 айдан кейінгі» болып бөлінеді. 12 ай ішінде алынбайтын активтер ұзақ мерзімді, ал алынатындары ағымдағы деп аталады. Банк өзінің активтері мен міндеттемелер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп бөлуіне болады. Егер ол жасалынбаса активтер мен міндеттемелер олардың өтімділік тәртібі бойынша ұсынылады. Сол сияқты 12 ай ішінде және одан да көп мерзімде реттелінетін немесе өтелетін сомаларды болу қажет.

Баланста көрсетілетін қысқа мерзімді активтерге мыналар кіреді:

- жай операциялық цикл ішінде өткізуте, сатуға немесе тұтынуга ұсынылатын активтер;

- 12 ай ішінде өткізуге ұсынылатын және негізінен сатуға арналған активтер;

- оларды пайдалану бойынша шектеу болмайтын ақша қаражаттары және олардың баламалары.

Баланста көрсетілген кысқа мерзімді міндеттемелер құрамына кіретіндер:

- қалыпты операциялық цикл ішінде төлеуге тиістілер;

- 12 ай ішінде орындалатын.

Төлемі 12 ай ішінде жүргізілетін ұзақ мерзімді пайыздық міндеттемелер, келесідей жағдайларда баланстар «ұзақ мерзімді» ретінде жіктелуі мүмкін:

- бастапқы мерзімі 12 айдан көп;

- міндеттемелерді қайта қаржыландыру емеуріндері бар;

- емеуріндер шартпеп бекітілген.

Таза активтердегі еншілес компаниялардың аздық үлесі жылдық бухгалтерлік баланста міндеттемелер мен меншікті капиталдан бөлек «Аздық үлес» бабында көрсетіледі және еншілес компанияның бас банкке жатпайтын таза активтерінің көлемін бейнелейді. Жылдық бухгалтерлік балансты құру және тиісті аздық үлестің есептемесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының талабына сәйкес жүргізіледі.



2. Банктің есеп беруінің негізгі формалары.

№2-нысаны кірістер мен шығыстар жөніндегі есеп беру қорытынды айналымдарды және қаржылык есеп кестесін ескере отырып жасалған баланстың негізінде құрастырылады.

Банктің табыстары мен шығыстары жөніндегі есепті ашып көрсету немесе оның қаржылық есептілігіне ескертулер бухгалтерлік есептің басқа да стандарттардың талабына сәйкес ұсынылатын ақпаратқа қосымша оны келесідей шығыс және табыс бабтарын өздеріне қосуы тиіс, бірақ мұнымен шектеямеуі керск:

- сыйақы түріндегі жәнс ұқсас (аналогты) табыс;

- сыйақы түріндегі шығыс және ұқсас (аналогты) шығыс;

- дивидент тұріндегі табыс;

- комиссиондық және алым түріндегі табыс;

- комиссиондық және алым сомасын төлеу шығындары;

- шығындарды шегергендені бағалы кағаздарды сату нәтижесінде алынған табыс;

- шығындарды шегергендегі басқа да бағалы қағаз бойынша табыс;

- басқа да операциялық табыс;

- қарыз алумен байланысты шығындар;

- жалпы әкімшілік шығындар;

- басқа да операциялық шығындар.

Банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде банктің алатын негізгі табыстарының түрлеріне сыйақы, қызмет көрсеткені үшін алым, комиссиондық және бағалы қағаздар операцияларының нәтижесі жатады. Табыстың әрбір түрі банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлек ашып керсетіледі.

Банктің банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде пайда болатын шығындарының негізгі түрлерінде сыйақы, комиссиондық қарыздар бойынша шығындар инвестицияның, баланстық құнының төмендеуімсн байланысты шығындар, сонымен бірге жалпы әкімшілік шығындар жатады. Шығындардың да әрбір түрі банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлек қарастырылады.

Сыйақы түріндегі табыс мынадай жағдайларда танылады:

- мәміле жасаумен байланысты банкке экономикалық табыстың түсу ықтималдығы бар болса;

- табыс сомасы жоғары деңгейлі сенімділікпен бағаланған болса.

Мәмілеге сәйкес, банктерде контрагенттің акшасын пайдаланғаны үшін кезінде шығындар пайда болатын жағдайларда ғана сыйақы түріндегі шығын танылады.

Активтерден (міндеттемелерден) алынған нақты табысты (шығысты) есепке алатын уақыт арақатынасы негізінде сыйақы түріндегі табыс (шығыс) танылады.

Банктің табыстары мен шығыстары Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі» Заңының 5-бабына сәйкес бухгалтерлік есептің негізін қалайтын барлык принциптерін ескереді. Төлемі келесі жылдары жүргізілетін жыл үшін банктің табысы мен шығыстары жылдың аяғында есептелінеді. Төменде көрсетілетін операциялардан туындайтын табыстар мен шығыстар таза негізде анықталады:

- сатып алуға арналған бағалы қағаздардың шығуы және олардың баланстық құнындағы өзгерістер;

- шетел валютасымен және қымбат металдармен жүргізілетін дилингтік операциялар;

- сатуға жарамды, сол сияқты және өтеуге дейін ұсталатын құнды қағаздардыц шығуы және капиталға инвестиция салу.

Қазіргі сәтте табыстардың құрамына қосылып қойылған сомаларды алу мүмкіндігінс қатысты күмәнділік пайда болса, олар табыстың бастапқы танылған сомасына түзету жүргізу арқылы танылады.

Банк өзінің активтеріне және баланстан тыс міндеттемелеріне сыныптама жүргізіп, оларға қарсы Қазақстан Республикасы Ұлттық банк белгілеген шарттар бойынша провизияға және резервтерге қажетті соманы анықтайды. Провизиялар толық сомада қалыптастырылуы керек және табыстың бар жоқтығына тәуелсіз байланыссыз банк шығынына жатқызылуы керек. Қазіргі сәтте шығындардың құрамында тұрған сомаларды банктің төлемеуі немесе қолданбауы жөнінде сенімділік бар болатын болса, олар шығыңдардың бастапқы танылған сомасына түзету ретінде танылады.

Бұрын есептен шығарылып тасталған дебиторлық борыштар қайтарылған жағдайда, келіп түскен сомалар ағымдағы жылы олар қай шоттардың есебінен шығарылса, сол баптардың орнын толтырады. Табыстар мен шығыстар жөніңдегі есепте аздық үлесі 1001 символы бойынша таза табысты азайтатын көрсеткіш ретінде бөлек бапта көрсетіледі. Бас банк пен еншілес компания арасында кредиторлық және дебиторлық қарыздар болатын болса, бас банктің немесе еншілес компанияның борыштарын сол сияқты табыстар, шығыстар және дивидендтер бойынша топішілік операцияларды алып тастаған дұрыс.

Ақша қозғалысының есебінде есептік кезеңдегі банктің қолма-қол ақша санының өзгеруі туралы ақпараттарды және ақша сомасының көбею көзі, сол сияқты оларды пайдалану бағыты жөнінде көрсетілуі керек.

Ақша қозғалысы жөніндегі есепті дайындау кезінде пайданың көбею көздерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан банктін таза табысы - тапқан табысы - егер есепті кезеңде ақша нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар, егерде олар есепті кезеңде ақша нысанында жүргізілсе онда ақшаның азаюымен байланысты болады.

№3 нысанның «Таза табыспеп байланысты ақшалардын қозғалысы» қосымшасында (1-қосымша) таза табыстың сомасын түзетулерді ескере отырып бейнелеу керек.

Ақша қозғалысымен байланыссыз, алынған таза табыстар мен шығыстардың көлеміне келесі баптар бойынша түзету қажет:

— амортизациялық аударымдар;

- провизияны құруға кеткен нақты шығындар сомасы;

— есептелген, бірақ алынбаған табыс сомасы және сыйақы түріндегі жұмсалмаған шығындар;

- сыйақы төлеумен жәнс алумен байланысты емес, алынбаған табыс немесе кетпегсн шығындар сомасы.

Сонымен қатар, таза табыс банктің және оның еншілес ұйымының қаржылық жылды аяқтау нәтижесіне байланысты аздық үлесінің сомасына да түзетілуі қажет. Ақша қаражаттары қозғалысының есебі, оларды операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтері бойынша жіктей отырып,(тікелей және жанама әдістерді пайдаланып) ксзеңдегі ағымын корсетуі керек.

Банктің опсрациялық қызметі

Операциялық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша ағымының көлемі, банктер өз қарыздарын өтеу үшін, дивидендтерді төлеу үшін, операциялық мүмкіндіктерді сақтау және қаржыландырудың ішкі көздерін қолданбай-ақ жаңа инвестицияларды жүзеге асыру үшін жеткілікті ақша ағымын өндіретін операциялардың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ақшаның алғашқы операциялық ағымының нақты баптары туралы ақпараттар басқа ақпарат-

тармен қосылғанда операциялық қызметтен түсетін болашақтағы ақша ағымын болжау үшін өте тиімді.

Бұл ағымдар таза табысты және шығынды анықтау кезінде есепке алынатын операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен түскен ақша ағымына келесілер мысал болады:

- банктік қызметпен байланысты ақша түсімдері және төлемдер;

- лицензиясы бар банктердің ҚР заңдарымен рұқсат етілген операцияларды жүргізумен байланысты ақша түсімдері және төлемдері;

- тауар және қызметтер үшін жабдықтаушыға төлемдер;

- қызметкерлерге олардың атынан төлемдер;

- ақшалай төлемдер немесе табыс салығын қайтару, егер олар қаржылық немесе инвестициялық қызметпен үйлеспейтін болса.

Қарыздарды ұсыну және салымдарды тарту банктің табыс әке-летін негізгі қызметіне жататындықтан операциялық кызмет ретінде жіктеледі.

Операциялық қызметтен түскен ақша ағымын банк, есепті кезеңнің табыстары мен залалдарына ақша ағымын болдырмайтын операциялардың, өткен немесе болашақ кезеңдердің операциялық ақшалай түсімдері мен төлемдерін есептеу немесе кейінге калдыру және инвестициялық немесе қаржылық ақша ағымдарымен байланысты табыстар немесе шығыстар баптарының нәтижелерін ескере отырып, түзетулер енгізілетін әдісті қолдану арқылы ұсыну қажет.

- есепті кезеңде болған қордағы және операциялық дебиторлық және кредиторлық қарыздағы өзгерістер;

- тозу, резерв құруға аударымдар, кейінге қалдырылған салықтар, өткізілмеген табыстар және шетел валютасындағы операциялар бойынша залалдар, тәуелді ұйымдардың бөлінбеген пайдасы аздық үлесі сияқты ақшалай емес баптар;

- ннвестициялық немесе қаржылық ақша ағымының пайда болуына алып келетін басқа баптар.

Жанама әдісті қолдану кезіндегі операциялық қызметтен түскен таза ақша ағымы табыстар мен шығыстар жөніндегі есепте ашып көрсетілген табыстар мен шығыстарды және есепті кезеңдегі қорлардағы операциялық қызметтен пайда болатын алынуға және төленуге тиісті сомалардағы езгерістерді бейнелеу жолымен ұсынылуы мүмкін.

№3 нысанның 2-«Операциялық қызмет» қосымшасында несие алумен және депозит тартумен байланысты түскен нақты ақша сомасы, айналымға шығарылған құнды қағаздар, басқа да міндет-

темелер және оларды орналастырудың ақшалай нәтижесі көрсетілуі керек.




  1. Айлық есеп беру қүрамы және оны банктің жоғары мекемесіне жөне ҚРҮБ үсыну


Банктің инвсстициялык кызметі

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қозғалысын бөлек көрсетудің қажеттілігі мұндай ағымдар жөніндегі ақпараттардың болашақтағы табыс пен ақша ағымын камтамасыз ету үшін жұмсалатын шығындардың бағытын көрсететіндігімен байланысты. Жалпы түсімдердің және банктің инвестициялық қызметінен шығуынан ақшалардың негізгі түрлері болып табылатындар:

- негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алу үшін телемдер;

- негізгі құралдар, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен ақшалай түсімдер;

- басқа да заңды тұлғалардың үлестік және борыштық кұралдарын және біріккен кәсіпорындарға қатысу үлесін сатып алуға арналған төлемдер;

- басқа да заңды тұлғалардыц үлестік және борыштық құралдарын және біріккен кәсіпорындарға қатысу үлесін сатудан түскен ақшалай түсімдер (ақша баламаларына жатпайтын және сатуға арналмаған).

Белгілі бір баптарды хеджерлеумен (сақтандырумен) байланысты ақша ағымын сыныптау, хеджерленетін баптармен байланысты ағымдарды сыныптауға ұқсас.

Инвестициялық қызметпен байланысты ақша ағымы жоғарыда аталған активтерді сату кезінде ғана болуы мүмкін. Еншілес және қауымдасқан ұйымдардың капиталына банктің салған инвестицияға байланысты ақша қайтымының нақты сомасы, бағынышты борыш, негізгі құралдар және материалдық емес активтер №3 нысанның 3-қосымшасында «Инвестициялық қызмет» ашып көрсетіледі.



Қаржылық кызмет

Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша ағымын жеке ашып көрсету, банк үшін ақшаның болашақтағы ағымына капиталын ұсынған заңды және жеке тұлғалардың қарсылықтарын болжауға мүмкіндік берсді. Қаржылық қызметтен түскен жалпы түсімдер мен шыққан ақшалардыц негізгі түрлері бөлек көрсетілуі керек. Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша ағымдарына келесілср жатады:

- акция эмиссиясынан түскен ақшалай түсімдер;

- банк акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін иемденушілерге ақшалай төлемдср;

- қарыздық міңдеттемелерді шығарудан түскен акшалай түсімдер Банктің жарияланған капиталындағы баптардағы өзгерістер сомасы, оның төленбеген бөлігі, банктің сатып алынған меншікті акцияларының қосымша капиталы және айналымға шығарылған бағалы қағаздары №3 нысанның 4-қосымшасында «Қаржылық қызмет» көрсстіледі.

Ақша қозғалысымен байланыссыз операциялар - банк резервтерінің қозғалысындағы құрылған провизиялар айналымындағы, есептелінген амортизациядағы сыйақы алумен және төлеумен байланысты және байланысты емес есептелген табыс және шығыстардағы, банктің бөлінбеген таза табысындағы өзгерістер. Бұл мәліметтер №3 нысанның 5-қосымшасында «Ақша козғалысымен байланыссыз операциялар» көрсетілген.

Келесілердің құрамындағы өзгерістер ашылу қажет:

- банк резервтеріндегі;

- қолда бар қалдықтарды ескере отырып құрылған резервтер және провизияларды құрауға кеткен нақты шығындар;

- есептелінген амортизациялардың;

- сыйақы алумен байланысты есептелген табыстар мен шығыс-тардағы;

- сыйақы алумен байланыссыз есептелген табыс және шығыстар;

- сыйакы алумен байланысты емес, есептелген табыстар мен шығыстардағы;

- банктің бөлінбеген таза табысындағы;

- басқа да есептелген табыстар мен шығыстардағы.

Банктің қолма-қол және қолма-қол емсс ақшаларының және тазартылған қымбат металдардың қозғалысы жөніндегі №3 нысаннын 6-қосымшасында «Ақша» көрсетілген.

Негізгі кұралдарды шетел валютасын қайта бағалау, бөлек жолмен көрсетілетін, алтынның фиксингі өзгерген кезде пайда болатын курстык айырмашылықтар секілді ақша қозғалысымен байланысты емес операциялардың нәтижелері ақша қозғалысы жөніндегі есепте көрсетілмейді.

Ақша қозғалысы есебінің (№3 нысан) барлық баптары толығырақ ақпараттар алу мақсатында ашып керсетіледі.

Есепте келесідей операциялар бөлек ашып керсетілуі қажет:

- өтеу мерзімі белгіленген салымдарды алумен және кайтарумен байланысты ақшалай түсімдер және төлемдер;

- басқа банктердегі салымдарға ақшаларды орналастыру және сол салымдарды өтеу;

- клиенттерге қарыз ретінде ақшаларды ұсыну және осы қарыздарды өтеу;

- ҚР-ның резиденті болып табылмайтын еншілес ұйымдардың ақшалай есептегендегі шетел валютасында жүргізілген операциялардың нәтижесінде пайда болатын ақша ағымдары ақша қозғалысы болып табылмайтын, валюталар бағамының өзгерісінен алынған өткізілмеген табыстар мен шығындар;

- төтенше жағдайлардың нәтижесінде пайда болатын ақша ағымдары;

- банктерде жеке ашып көрсетіліп, операциялық кызмет ретінде жіктелінетін, алынған және төленген сыйақылардан алынатын ақша ағымдары;

- инвестициялық және қаржылық қызметке тікелей жатқызылатын жағдайларды санамағандағы, операциялық қызметтен алынатын ақшалай ағымдар санатына жататын және бөлек көрсетілетін, табыс салығына байланысты пайда болатын ақша ағымдары.

Еншілес немесе тәуелді ұйымдарға салған, құн әдісімен немесе үлестік қатысу әдісімен есептелетін инвестициясы бар банктер, олар жөніндегі ақпараттарды ақша қозғалысы жөніндегі есепте ұсынған кезде, банктер мен еншілес немесе тәуелді ұйымдар арасындағы ақшалай ағымдар жөніндегі мысалы, дивидендтер мен карыздар бойынша ақшалай ағымдар жөніндегі ақпараттармен шектеледі.

Біріккен қызметтегі қатысу үлесі болатын есептілікті үйлесімді шоғырлаңдыру әдісін пайдаланып ұсынатын банктер, ақша қозғалысы жөніндегі шоғырлаңдырылған есепке, бірігіп бақылау жасалатын заңды тұлғаның ақшалай ағымдарының үйлесімді үлесін қосады. Біріккен қызметтегі қатысу үлесін есептілікте ұсыну үшін қолданған кезде, ақша козғалысы жөніндегі есепке, бірігіп басқарылатын занды ұйымдарға инвестиция салумен бөліп таратулармен және банкпен бірігіп басқаратын заңды ұйымдар арасындағы басқа да төлемдермен немесе түсімдермен байланысты ақша ағымдары қосылады.

Еншілес ұйымдарды сатып алумен және сату нәтижесінде пайда болатын ақша ағымының жалпы сомасы бөлек керсетіліп, инвестициялық қызмет ретінде жіктеледі.

Банк есепті кезеңде еншілес ұйымдарды сатып алу бойынша да, өткізу бойынша да келесілерді ашып көрсетуі керек:

- сатып алудың немесе өткізудің жалпы кұны;

- иемденудің немесе өткізудің жалпы құнының ақшамен немесе олардың баламаларымен төленген бөлігі;

- иемденген немесе сатып өткізілген еншілес ұйымдарға тиесілі ақшаның және олардың баламаларының сомасы;

- әрбір негізгі санат бойынша ақшадан немесе оның баламасынан ерекшеленетін еншілес ұйымдардың сатып алған және өткізген активтері мен міндеттемелерінің сомасы Еншілес кәсіпорындарды сатып-алудан немесе сатудан алынған ақша қозғалыстарының нәтижесін сатып алынған немесе сатылған активтер мен міндеттемелердің сомаларын жеке көрсете отырып бөлек ұсыну, бұларды операциондық, инвестициялық, қаржылық қызметтер бойынша басқа ақша ағымдарынан бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Еншілес ұйымдардың сатып алу және өткізу кезінде төленген немесе алынған ақшаларының жалпы сомасы ақша қозғалысының есебінде еншілес ұйымдардың бірге алынған немесе төленген ақшалар мен олардың баламаларын шегере отырып көрсетіледі.

Банктің қаржылық есебінде бөлек нысан ретінде көрсетілетін, меншікті капитал қозғалысының есебінде келесідей ақпараттар болуы және ашылуы керек:

- есепті кезеңдегі таза табыс және шығын;

— басқа да стандарттардың талаптары бойынша тікелей капиталға қосылатын табыстар мен шығындардың әрбір бабы және осындай баптардың жалпы сомасы;

— есеп саясатындағы өзгерістер мен түбегейлі қателердің түзетулерінің жиынтық әсері;

- құрылтайшылармен капитал бойынша операциялар және оларды орналастыру;

— кезең бойынша әрбір өзгерісті жеке аша отырып, есепті кезеңнің басында жинақталған таза табыстың немесе шығынның сомасы;

- есепті қезеңнің басындағы және аяғындағы бабының баланстық құнын капиталдың әрбір акция эмиссиясынан түскен табысты және әрбір резервті өзгерісті жеке аша отырып салыстырып тексеру.

Есепті кезең ішіндегі банк капиталындағы езгерістер таза активтердің көбеюін немесе азаюын және қабылданған және қаржылық есептілікте ашып көрсетілген бағалаудың нақты принципіне тәуелді болатын есепті кезең ішіндегі қаржылық жағдайды көрсетеді. Акционерлермен жүргізілетін капиталға инвестиция салу, дивидендтер сияқты операцияларды қоспағанда, капиталдағы жалпы өзгерістер, есепті кезең ішіндегі банк қызметінің нәтижесінде пайда болатын сомалық табыстар мен зияндарды білдіреді.

Банктер, меншікті капиталдың қозғалысы туралы есептегі (4-нысан) капиталдың әрбір бабы бойынша, алынған табыстарды алу мен қайта бөлу, банктің акцияларын шығару мен кайта сатып алу, қайта бағалау нәтижесінде болатын өзгерістердің және капиталдағы басқа да өзгерістердің мәні мен сомасын ашып керсетулері керек (7-қосымша).



Банктің шартты және мүмкін міндеттемелері жөніндегі есеп

Шартты және мүмкін міндеттемелербұл болашақ кезеңде пайда болуы мүмкін және олар бойынша банк белгілі бір тәуекелділік шегетін банктің міндеттемелері және талаптары.

Банктер, едәуір көлемдегі айыппұлдар немесе шығындар төлеу қаупі пайда болмаса өз қалауы бойынша кері қайтара алмайтын кері шақырылмайтын қарыздар бойынша шартты міндеттемелердің сипаты мен сомасын, сол сияқты баланстан тыс баптардан пайда болатын, келесілерге жататындарды қоса алғандағы шартты міндеттемелер мен талаптардың сомасын ашып керсетуі керек:

- кепілдік алушылар алған, бірақ қандай да бір себептерден өтелмеген қарыздар сомасын өтеуге банк кепілдеме беретін, тікелей несиелендірудің ауыстырғыштарына, оның ішінде борыштар бойынша кәдімгі кепілдіктер, кепілдіктерді қабылдауға (акцепт) басқа банктер берген кепілдіктер, қарыздар мен бағалы қағаздар бойынша қаржылық кепілдік ретінде қолданылатын резервтік аккредитивтер;

- тауарлардың немесе сатушының көрсететін кызметінін бекітілген стандарттарға сәйкестігі жөніндегі сатып алушылар бойынша кепілдіктерді, тендер өткізіліп отырылған келісім-шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындау жөніндегі сатушының тендер өткізген сатып алушыға кепілдігін егерде сатушы тендерді ұтып алса; сатып алынған құрал-жабдықтарға белгілі бір уақыт ішінде сатушының қызмет көрсетуі жөніндегі сатып алушыға берілетін кепілдіктерді қоса алғандағы банктің операцияларымен байланысты белгілі бір шартты міндеттемелер мен талаптарға және банктің жекелеген операцияларына қатысты резервтік аккредитивтер;

- кысқа мерзімді өз-өзінен жойылатын міндеттемелер және осындай қарыздардың негізінде алынған тауарлар қамтамасыз ету ретінде пайдаланылатын құжаттамалық қарыздар сияқты, тауарлардың қозғалысынан пайда болатын саудалық операциялар бойынша талаптар;

- банктің бухгалтерлік балансында танылмаған сату және қайта сатып алу келісімдері;

- туынды құралдарды (своптар, опциондар, фьючерстер) қоса алғандағы сыйақы мөлшерлемелеріне және валюталық бағамға қатысы бар баптарға;
- басқа да шартты міндеттемелерге, борыштық міндеттемелерді шығару бағдарламаларына және борыштық міндеттемелерді кепілді түрде орналастырудың автоматты түрде жаңарып отыратын бағдарламаларына.

Көптеген банктер қазіргі кезде баланстық есепте актив немесе міндеттеме болып табылмайтын мәмілелер жасайды, нәтижесінде күтпеген жағдайлар мен міндеттемелер пайда болады. Бұндай баланстан тыс баптар көбінесе банк қызметінің маңызды бөлігін құрайды және біршама тәуекел деңгейін алып жүреді. Бұл баптар басқа да тәуекелдерді көбейтеді немесе азайтады, мысалы баланстық есепте активтер мен міндеттемелерді хеджерлеу. Баланстан тыс баптар, сатып алушының атынан жүргізілетін операциялардан пайда болуы мүмкін.

Қаржылық есептіліктің пайдаланушылары күтпеген жағдайлар және зор шығындар шегу мүмкіндіктері тән болатын олардың өтімділігі мен төлемқабілеттілігіне ұсынылатын талаптардан туындайтын банктің шақырылмайтын міндеттемелері жөнінде білулері керек.

Сонымен қатар, пайдаланушылар банк жүргізген баланстық есеп беру құрамына кірмейтін операциялардың сомасы және мәні туралы баламалы ақпараттарды талап етеді. Әрбір бап бойынша банк шартты міндеттеменің сипаттамасын қысқа түрде ашып көрсетуі керек.

Өтелуге жұмсалатын ресурстардың кез келген есептен шығу мүмкіндігі алыстау болса, сол сияқты ол мақсатты болса:

- шартты міндеттемелерді қаржылық әсерінің бағалаушылық маңызы;

- сомаға немесе істен шығу уакытына қатысты белгісіздік;

- орнын толтырудыц кез келген мүмкіндігі. Экономикалық пайданың түсу ықтималдығы бар болатын болса

банк, есептік күндегі шартты талаптардың қысқаша сипаттамасын және қажет болған жағдайда, олардың қаржылық әсер етуінің бағалаушылық көлемін ашып көрсету керек.

Шартты талаптарға қатысты мұндай ашып көрсетулерде табыстың пайда болу мүмкіндігі жөнінде шатастыратын ақпараттар болмауы керек. Шартты талаптар мен шартты міндеттемелерді ашып керсету іс жүзінде пайдасыздық себебіне байланысты жүргізілсе, онда олар көрсетілуі керек. Егерде кейбір немесе барлық ақпаратты ашып көрсету банктердің басқа жақпен шартты міндеттемелер немесе шартты активтер бойынша дауласуы кезінде жағдайына біршама кері әсер тигізуі мүмкін болса, банк мұндай ақпаратты ашып көрсетпеуі керек, бірақ фактімен және ақпараттың ашылмау себебімен бірге, даудың жалпы сипатын көрсетуі керек.



Қаржылық активтер мен міндеттемелердің мерзімін өтеу жөніндегі есеп

Банк баланстың есепті құрастырған күні келісімшартта қарас-тырылған өтеу мерзіміне дейін қалған кезеңге негізделген өтелу мерзімі бойынша топтастырылған активтер мен міндеттемелердің талдауын ашып көрсетуі керек. Өтелу мерзімі бойынша жекелеген активтер мен міндеттемелер келесідей топтарға бөлінеді:

- 1 айға дейін;

- 1 айдан 3 айға дейін;

- 3 айдан 1 жылға дейін;

- 1 жылдан 5 жылға дейін;

- 5 жылдан жоғары.

Өтелу мерзімі созылып кеткен, әрбір аралық төлем шартта айтылған және төлемге немесе алынуға ұсынылған кезең ішіне бөліп таратылады. Активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдер және міндеттемелерді олардың өтелу шамасына қарай пайыз әкелетін ыңғайлы құндар бойынша ауыстыру қабілеттілігі банк өтімділігін бағалауда және оның пайыздық мөлшерлеме және айырбас валютасы бағамының өзгерісіне бейімделгіштігін бағалаудағы негізгі фактор болып табылады.

Оның өтімділігін бағалауға келетін ақпараттарды қамтамасыз ету үшін, банк түсіндірмелерде ең аз дегенде, активтер мен міндеттемелердің жіктелуін тиісті топтар мен өтелу мерзімдері бойынша ашып көрсетеді. Бұл жағдайда банктер қабылдаған өтеу мерзімдерінің активтер мсн міндеттемелер үшін бірдей болуы маңызды. Бұл өтелу мерзімдерінің сәйкестігі жеткізілген дәреже жөнінде және өтімділіктің басқа да көздеріне банктің бұдан кейінгі тәуелділігі жөнінде анық түсініктер береді.

Активтер мен міндеттемелерді өтеу күніне дейін қалған кезең бойынша талдау банк өтімділігін бағалау үшін қолайлы базаны қамтамасыз етеді.

Түсіндірмелерде банк келесілерді ашуы керек:

- оның қаржылық және іскерлік стратегиясы жөніндегі ақпараттарын қамтамасыз ету мақсатында қайтару күнінің алғашқы бекітілген мерзіміне негізделген;

- оның пайыздық мөлшерлемелермен байланысты тәуекелділіктерге бейімділігін көрсету мақсатында пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі мүмкін болатын келесі күнге дейінгі одан кейін қалған кезеңге негізделген өтеу мерзімі;

- осындай тәуекелділіктерді басқару және бақылау әдістері. Банкте орналастырылған талап етілгенге дейінгі депозиттер талаптар бойынша айналымнан шығарылуы мүмкін және банк

берген аванстар талап бойынша алынуы мүмкін. Бірақ та, тәжірибеде бұл депозиттер мен аванстар көбінесе өтеусіз ұзақ уақыт айналымынан шығарылмай сақталынады, сондықтан өтелу күні өз күшіне келісілген күннен кеш енеді.

Соған қарамастан келісімшартта бекітілген күндер банктің активтері мен міндеттемелеріне катысты өтімділікпен байланысты тәуекелділіктерді бейнелейтіндіктен, егерде тіпті қайтару күндерінің келісілген мерзімдері көбінесе күшіне ену мерзімі болып табылмаса да, банк өтелудің келісілген мерзімі нысанында бейнеленген талдауды ашып көрсетеді.

Банктің кейбір активтерінде келісілген өтелу мерзімдері болмайды.

Осы активтер бойынша өтелу мерзімі келеді деп күтілетін кезең ретінде күтіліп отырған әдетте, активтерді өткізу мерзімі саналады. Қолданушылар өтелу мерзімінің топтары туралы толық түсінік алу үшін қаржылық есептіліктегі ашып көрсетуді қалған кезең ішіндегі қайтару ықтималдығы туралы ақпараттармен толықтыруға болады. Осыдан келіп, басшылар, қаржылық есептілікке берілген өздерінің түсіндірмелерінде тиімді қызмет ету кезеңдері жөніндегі пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру динамикасы мен әр түрлі өтелу мерзімдеріне байланысты тәуекелдіктерді және осы тәуекелділіктерге бейімділікті басқарып, бақылап отырған әдіс туралы ақпараттарды ұсынуына болады.


Қарыздар меи аванстардан пайда болатын шығындар

Мерзімі өткен, шектемелі және есептен шығарылған қарыздар туралы есеп өз кезегінде бірнеше кестеден тұратын, мерзімі өткен, шектемелі және есептен шығарылған қарыздардың санын және жағдайын көрсететін қаржылық құжатты білдіреді. Мерзімі өткен қарыздың кестесі шартта көрсетілген мерзімдер бойынша пайызды есептеу жүргізіліп отырылған баланстық баптардың жағдайын келесі топтарға бөле Шектемелі қарыздар кестесі шартта көрсетілген мерзімі бойынша өтелу күнінің жеткендігіне байланысты пайызбен есептеу тоқтатылған, баланстық баптардың жағдайын келесі топтарға бөле отырып көрсетеді:

Көлемі белгіленген қарыздар бойынша зияндардың орнын жабу үшін, сонымен қатар пайда болуын алдыңғы тәжірибелердің негізінде білуге болатын несиелік қоржын бойынша әлуетті шығындарды жабу үшін құрылатын резервтің қосымша сомасы бөлінбеген таза табыс есебінен құрылады. Бұрын құрылған қосымша резервтің сомасының азаюы осы қосымша резервтер құрылған бөлінбеген табыс сомасын көбейтеді, осылайша есепті кезең үшін таза табысты немесе зиянды анықтаған кезде есепке алынбайды.

Банктер өз қызметі барысында берілген қарыздармен басқа да талаптар бойынша ішінара немесе толық көлемде қарыздарды қайтармаумен жиі соқтығысады. Көлемі белгіленген шығындар зияндар қатарына жатқызылады да, оның шегінде несиелік қызметтен алынатын шығындардың орнын жабу үшін құрылған резервтер сомасына талаптардың тиісті санатының көлемі шегеріледі.

Банктің несиелік қоржынында оның бар екендігін алдыңғы тәжірибеге қарап білуге болатын расталмаған, бірақ әлуетті залалдардың сомасы да шығын ретінде танылады және оның шегінде несиелік қызметтен болатын шығындардың орнын жабу үшін құрылған резервтер сомасына банктің балансында есепте тұрған қарыздардың жалпы сомасы азайтылады. Бұндай шығындар көлемін анықтау басшылық шешіміне байланысты.

Қосымша резерв сомасын құру өз кезегінде есепті кезеңдегі таза табысты немесе зиянды анықтау кезіндегі шығынды емес, бөлінбеген таза табысты орналастыруды білдіреді. Бұл сомалардың азаюы бөлінбеген таза пайданың көбеюіне алып келеді және таза табыс есебіне немесе есепті кезеңдегі шығын қатарына қосылмайды.

Қаржылық есеп беру қолданушыларға несиелік қызметтен болатын шығындардың банк қызметінің нәтижесіне және қаржылық жағдайына әсер ету деңгейін түсінуге банктер өз ресурстарын қаншалықты тиімді пайдаланып отырғандығын талқылау үшін көмектесуі керек. Осыған байланысты банк қаржылық есептілікті кұрастырған күнгі несиелік кызметтен болатын шығындарды жабуға арналған резервтің жалпы сомасын және есепті кезең ішінде жүргізілген резервтегі өзгерісті ашып көрсетеді. Соңғысы бұрын есептен шығарылған, бірақ есепті кезең ішінде қайтадан орнына келген сомаларды қосқанда бөлек көрсетіледі.

Банктер сыйақы және қарыздың негізгі сомасын төлеу бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар болған жағдайда қарыздар бойынша сыйақы есептемеуге шешім қабылдауларына болады. Есепті кезеңдегі сыйақы есептелмейтін қарыздардың жалпы сомасы, сол сияқты осы қарыздардың сомаларын анықтау үшін қолданылған негіздер ашып көрсетіледі. Сол сияқты банктердің осындай қарыздар бойынша сыйақы түріндегі табыстарды тануын және каржы-шаруашылық қызмет нәтижелері жөніндегі есепке сыйақы есептеу көрсететін әсерлерді ашып көрсетуі ынталандырылады.

Қайтарылуы мүмкін болмайтын қарыздар несиелік қызмет бойынша шығындарды жабу үшін құрылған резервтер есебінен есептен шығарылады. Сонымен қатар банк үмітсіз қарыздарды есептен шығарудың мерзімін ашып көрсетеді, оның келесідей түрлері болады. Кейбір жағдайларда олар барлық қажетті заңдық рәсімдер аяқталғанға және зияндардың ақыры сомасын анықтағанға дейін есептен шығарылмайды, басқа жағдайларда мұндай қарыздар ертерек есептен шығарылуы мұмкін, мысалы қарыз алушы сыйақы сомасын немесе негізгі қарыз сомасы белгіленген мерзімде өтемесе. Бірдей жағдайлардағы несиелік қызметтен түсетін зияндарды жабуға резервтері мен қарыздардың жалпы сомасы бір-біріне ұқсамайтын кездегі, қарыздар бойынша үмітсіз борыштарды есептен шығарудың мерзімдерінде осындай айырмашылықгардың болу мүм-

кіндігін ескере отырып, банк үмітсіз қарыздарды есептен шығаруға қатысты өзінің саясатын ашып көрсетеді.



Активтерді, міндеттемелерді және баланстан тыс баптарды шоғырландыру

Банк өзінің активтер, міндеттемелер және баланстан тыс баптарының кез келген маңызды шоғырлануын ашып көрсетуі керек. Мұндай ашылулар географиялық аймақтар, клиенттер немесе салалық топтар бойынша әйтеуір тәуекелдің басқа да көздерінен жүргізілуі керек. Сонымен қатар банк шетел валютасындағы маңызды сомалар шамасын ашып көрсетуі керек.

Активтердің айтарлықтай шоғырлануы олардың бөлінуі бойынша және міндеттемелердің көздері бойынша банктің ашып көрсетілуіне жатады, себебі олар банктерге қол жеткізуде активтер мен ресурстарды өткізумен байланысты әлуетті тәуекелдің қолайлы индикаторы болып табылады. Ашып көрсетулер мүмкін болатын тәуекелдің географиялық орнына, клиенттерге және салалық топтарга немесе банк қызметкерінің жағдайында басқа да көздері бойынша жүзеге асырылады. Баланстан тыс баптарға да осындай талдау жасап түсіндірудің үлкен маңызы бар. Географиялық аймақтар бөлек елдерден, елдер тобынан және еліміздің ішкі аймақтарынан құралуы мүмкін. Клиенттер бойынша ашып көрсету мемлекеттік органдар, сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындар сияқты секторлар арқылы жүзеге асырылды. Шетел валютасындағы маңызды сомаларды ашып көрсету валюталық бағамның өзгеру нәтижесінде пайда болатын шығындардың тәуекелдік көрсеткіші болып табылады.

Негізгі банктік тәуекелдер

Алдағы уақыттағы шығындарды және ойда жоқта пайда болатын басқа да тәуекелділіктер қосылатын жалпы банктік тәуекелдердің бар болуынан пайда болатын зияндарды немесе шартты міндеттемелер мен талаптарды жабуға арналған резервтер таза бөлінбеген табыс есебінен құрылады және бөлек ашылып көрсетіледі. Мұндай резервтер көлемінің қысқаруы бөлінбеген таза табыстың көбеюі есебінен жүзеге асады, сондықтан ол есепті кезеңдегі таза табыс пен шығынның есебіне әсерін тигізбейді. Аталған резервті банк несиелік қызмет нәтижесінде пайда болып шығындарды жабуға арналған резервке қосымша ретінде құруына болады. Оларды құру міндеттемелерінің жоғарылауына, активтердің төмендеуіне, немесе көзден таса есептеулер мен резервтерге алып келуі мүмкін және банктің таза табысы мен капиталының көлемін бұрмалауға мүмкіндік береді.

Есепті кезеңдегі таза табыстың немесе зиянның құрамында, негізгі банктің тәуекелдерді немесе шартты міндеттемелер мен талаптарды жабуға арналып резервтелген сомалар тұрған жағдайда немесе осындай

резервтердің қысқару нәтижесінде пайда болатын таза табыстың көлемінің ұлғаюы жағдайында қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есеп банк қызметі туралы сенімді және маңызды ақпарат бере алмайды. Сол сияқты бухгалтерлік баланста ұсынылған банктің қаржылық жағдайы жөніндегі ақпарат, егерде міндеттемелер артық көрсетілсе, активтер азайтылса немесе резервтерді құру бойынша жасырын есептеулер болатын болса маңызды да сенімді бола алмайды.



Қамтамсыз ету ретінде кепілдікке салынған активтер

Банк қамтамсыз етілген міндеттемелердің жалпы сомасын, сонымен қатар қамтамасыз ету ретінде салынған активтердің сипаттамасын және баланстық құнын ашып көрсетуі керек. Мұндай қамтамасыз етудің сомаларының көбінесе мәнді болып келетіндігімен және банктің қаржылық жағдайын бағалауға зор әсер ететіндігімен байланысты. Бұл кезде, активтерді кепілдікке салуға негіз болған мәмілелердің сипаты жөніндегі ақпаратты ашып көрсетуге көңіл бөліну керек.



Сенімгерлік (трасталық) операциялары

Егер банк маңызды трасталық қызметке тартылған болса, онда бұл фактіні ашу және осы қызмет ауқымына нұскауы банктің қаржылық есеп беруінде жүргізілуі керек. Банктер, көп жағдайда сенім көрсетілген меншік иесі ретінде әрекет етеді немесе заңды тұлғалардың инвестициялық және зейнетақы корларының немесе басқа да ұйымдардың атынан активтерді сақтауды немесе орналастыруды басқа жолмен қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда сенімді басқаруға алынған активтер банкке тиісті болып табылмайтындықтан банк балансында танылмайды және баланстан тыс баптарда есепке алынады. Осыған байланысты, сенімхат бойынша міндет-терін орындамаған жағдайда, әлуетті міндеттемелердің пайда болу мүмкіндігі бөлек ашып көрсетіледі. Банктің сейфтік операциялары (қабылданған құндылықтарды сақтау) қызмет ретінде қарастырылмауы керек.



Байланысты жақтармен жүргізілген операциялар

Банктің байланысты жақтарымен жүргізілетін операциялары, байланысты емес басқа серіктестерімен жүргізілетін операциялардың шарттарына ұқсамайтын жағдайда жүзеге асырылады. Көбінесе байланысты жақтарға жеңілдік жағдайлар ұсынылады, мысалы, берілген қарыздар үшін төленетін сыйақының төмендетілуі басқа қарыз алушыларға қарағанда берілетін қарыз сомасының көптігі, ресмиліліктің азайтылуы және тағы басқа жағдайлар.

Егер банк тікелей немесе еншілес ұйымдар арқылы жанама түрде басқа заңды тұлғаның дауыс беруші акциясының жартысынан көбін иемденсе, онда байланысты жақтардың арасындағы өзара қарым-қатынас операцияның жүрген жүрмегеніне тәуелсіз ашылып көрсетілуі керек. Мұндай ақпаратты ашып көрсету қолданушыларға

байланысты жақтар арасындагы қарым-қатынастың ықпалы туралы қаржылық есеп беруді ұсынатын банкке тигізетін қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Егер байланысты жақтар арасында операциялар жасалынатын болса, онда банкке байланысты жақтармен өзара қарым-қатынас сипаты, жүргізілетін операциялар типі, сол сияқты қаржылық есептілікті түсіну ушін қажетті, осындай операциялардың құрамдас элементтері туралы ақпараттарды ашуы керек. Банктің байланысты жақтарды несиелеу саясатымен бірге келесілер жатады:

а) сома түріндегі немесе сәйкес үлестік айырмадағы көлем көрсеткіші:

- алынған немесе ұсынылған ақшаның әрбір сомасының, мысалы қарыздың немесе салымның ашып көрсетулердің ішінде кезең басында және аяғында өтелмеген, сол сияқты өтелулері мен өзгерістері осы кезең ішінде болған қарыздар мен салымдардың жиынтық сомалары болуы мүмкін;

- кезең ішінде қарыздар бойынша зиян танылған үшін шығындар сомасы және есепті күндегі резерв сомасы;

- баланстан тыс баптар нәтижесінде пайда болатын шақырылмайтын міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты талаптар.

ә) өтеуге жататын басқа да сомалар немесе баптардың сәйкес үлестік көрінісі;

б) баға белгілеу саясаты.

Қаржылық есепілікке түсіндірме жазбаларда банк келесілерді көрсетеді:

- қаржылық есептілікті дайындау кезінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер туралы және банктің есеп саясатының негізгі жағдайлары туралы мәліметтер;

- қаржылық есеп берудің басқа да құрамдас бөліктерінде көрсетілмеген бухгалтерлік есеп стандарты талап ететін ақпараттарды ашу;

- қаржылық есеп беруде ұсынылмаған оның анық ұсынылуы үшін қажетті қосымша мәліметтер. Түсіндірме жазбаларда бухгалтерлік баланста табыстар мен шығындар жөніндегі есепте және ақша қозғалысының есебінде көрсетілген сомаларға нақты талдау немесе түсіндіріп жазу, сонымен қатар қолданушыларға пайдалы қосымша мәліметтерде келтіріледі.

Бұл жерде, қажеттілігі бухгалтерлік есептің стандарттарымен талап етілген ақпараттар, сол сияқты шыншыл ұсынылымға қол жеткізу үшін қажетті басқа да ашылымдар болады.

Пайдаланушыларға есептілікті түсінуге және оны басқа субъек-тілердің қаржылық есептілігімен салыстыра алуына көмектесетін ақпараттарды түсіндірме жазбада ұсыну тәртібі төмендегідей:

- бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкестігі туралы ақпараттар;

- бағалауға және есеп саясатына негіз болатын қолданылып отырған мәліметтер;

- қаржылық есептіліктің әрбір бабы мен нысаны ұсынылатын тәртіпке сэйкес қаржылық есептіліктің нысандарында ұсынылған ақпараттар бойынша қосымша мәліметтер;

- шартты талаптар мен міндетnемелерді, сол сияқты жасалынған келісімшарттарға сәйкес қабылданған міндеттемелерді қоса есептегендегі басқа да ашып көрсетулер, және қаржылық әрі қаржылық емес сипаттағы басқа да ашылымдар.

Кейбір жағдайларда қажеттілік болғанда немесе ыңғайлы болу үшін түсіндірме жазбадағы ақпараттардың орналасу тәртібі өзгеруі мүмкін. Мысалы, табыстар мен шығындар жөніндегі есеп беруге қатысты сыйақы мөлшерлемесі және әділ құнды түзету жөніндегі түсіндірмелер бухгалтерлік балансқа қатысы бар қаржылық активтер немесе міндеттемелерді өтеу мерзімі туралы түсіндірмелерімен бірігуі мүмкін. Алайда мұндай жүйелі дәйектілікпен түсіндірмені ұсыну қаншама тиімді болса соншама сақталынуы керек.

Сонымен қатар, ол жерде банктің атауы және орналасқан жері, банктің негізгі қызметі және жүргізетін операциялардың сипаттамасы, бас компанияның атауы, есеп беру мерзімінің соңындағы қызметкерлердің орташа саны сияқты маңызды мәліметтер де көрсетіледі.

Бухгалтерлік баланста мойындалған және мойындалмаған каржылық активтердің, қаржылық міндеттемелердің және үлестік құралдардың әрбір сыныбы бойынша банк келесілерді ашу керек:

- қаржылық құралдардың сипаты және құндық параметрлер туралы мәліметтер олардың көлеміне, уакыт бойынша бөлуіне және болашақ ақша ағымдарының анықылығына әсер ететін мәні бар жағдайларды қосқанда.

- есеп саясаты мен қолданған әдістерді, соның ішінде бухгалтерлік баланста өлшем кұралын тану және оларды бағалаудың базасын;

- шартта көрсетілген сыйақы мөлшерлемесін қайта қарастыру немесе алдыңғы күнге байланысты төлем мерзімінің келіп жетуі күндері;

- тиімді сыйақы мөлшерлемесі, егерде олар қолданылатын болса.
Банк қаржылық тәуекелді басқару саясатында қолданылатын, оның ішінде күтіліп отырған әрбір операциялардың маңызды типін хеджерлеу саясатының мақсатын түгел сипаттауы керек.


жүктеу 4,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау